Сабақ басында сабақ соңында
Ағылшын тілі сабағында кері байланысты қолданудың тиімділігі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ТАРАУ.
0.1 Кері байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
0.2 Сабақта тиімді кері байланысты ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12
ІІ ТАРАУ ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Ағылшын тілі сабағында қолданатын кері байланыс түрлері ... ... ... ...
1.2.Абылай
19
2.2 Ағылшын тілі сабағында кері байланыс түрлерін қолдану ... ... ... ... ...
21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
31
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
32
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзекті мәселесі. Ағылшын тілі пәнінің басты міндеті - білімгерлердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді.
Ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси,шаруашылық және тағы да басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Белгілі ғалым Н. Д.Гальскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай жасайды.
Кері байланыс - жаңа форматтағы сабақтың маңызды бөлігі. Мақсатым: оқушылардың рефлексивті іс-әрекеттерін меңгеруде әріптестердің мотивациясын жоғарылату.
Кері байланыс - адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі. Сырт көз сыншы дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер, әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылады.
Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
oo Оқушы еңбегінің көрсеткішін анықтау;
oo Оқушылардың білім нәтижесін бақылау;
oo Оқушылардың білім сапасын бағалаудың жаңа формаларын қолданысқа енгізу.
Зерттеу жұмысының пәні: ағылшын тілі сабағында оқушылардың рефлексивті іс-әрекеттерін меңгеруде әріптестердің мотивациясын жоғарылату.
Күтілетін нәтиже:
oo тиімді кері байланыс оқушыларға өз күші мен осал жерлерін біліп, өз оқуын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінеді;
oo кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыруды жоспарлайды;
oo мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландыру арқылы ойлауын дамытады;
oo Әрбір мұғалім өзіне есеп беруге дағдыланады.
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кері байланыс
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екенін ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтуы да сондықтан. Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. (1,37-б) Ал жаңа формация мұғалімі-оқыту технологиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға. Жаңа формация мұғалімі болып білімімізді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өттік. Осы курс бағдарламасы негізінде жеті модулді сабақта қалай ықпалдастырып пайдалану жолдарын және оқушылармен кері байланыс жүргізе отырып, сабақтың өтілу барысына талдау жасауды үйрендік.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. (1,37-б) Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда reflexio- кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. Рефлексия- адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.
Иә, бұл қасиет бойымызда бұрыннан бар деуге болады. Күнде кешкілік бүгінгі ісімізді, айтқан сөзімізді ойша шолып, есеп беріп, ертеңімізге жоспар құрып аламыз.
Демек, "рефлексия" деп ат қойып, айдар тақпағанымыз болмаса, бұл әрекет қанымызда бар нәрсе. Бірақ соны қағазға түсіру немесе жүйелі күнделікті түрлендіріп, осы атпен сабақта қолдану болмағаны ақиқат. Осы бағдарлама бойынша білімді дайын күйінде беруден гөрі оқушыны өзі қорытынды жасауға ықпал ету және кері байланыс есебінде түрлі әдістермен рефлексия жасату тиімді екеніне көзіміз жетті. Кері байланыс жүргізу бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің дұрыс не бұрыс болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс- әрекетін зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. Оқушылардың ой- өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан кері байланыс жүргізілуі тиіс.Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасу сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне әсер етеді. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған жеткенін түсінуге мүмкіндіктер бар.(1,36 б)
Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ бөлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.
Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.
1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: Ауа райы, Бағдаршам, Алма ағашы. Мысалы Алма ағашы әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма - мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. Бір сөзбен әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,ал аңдау)
2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: Табыс сатысы әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен ... ... ... . БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы Мен ... ... ... ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы Мен ... ... ... ... ЖАСАЙ АЛАМЫН.
3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін деген сияқты ой-пікірлерін білдіру боп табылады. Мысалы: Плюс, Минус, Қызықты. Плюс-оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. Минус-қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
Қызықты - деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады.
Аяқталмаған сөйлемдер әдісінде:
Мен бүгін білдім ...
Мен бүгін сезіндім..
Мен келесі сабақта білгім келеді ... ... ... ..-деген сөйлемдерді аяқтап жазады.
Жоғарыда келтірілген кері байланыс түрлері жеке оқушының жұмысына бағытталған.Сонымен қатар оқушылардан топтық кері байланысты алуға болады.Бұнда жеке өзінің пікірі емес,жалпы топтың пікірі,топтағы жұмыстардың нәтижесі алынады.
Топтық кері байланыс сұрақтары:
1.Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
* Жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті;
* Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;
* Біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді;
2.Топтағы қарым-қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?
* ақпарат алмасуда;
* Өзара қарым- қатынаста;
* Осы дәрежелердің бәрінде іске асты;
3.Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
* Бір адамға бағытталған стиль
* Тапсырманы орындауға бағытталған стиль.
4. Топтағы орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?
* Топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым-қатынас сақталды;
* Топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды;
Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл -ХХІ ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын оқушының себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері байланыс оқушы үшін-өз жетістіктері мен қателіктері туралы ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат (2,22 -б)
Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келгенде, рефлексия- көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс- нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға айналдырып келеміз. Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады.
Сонымен, кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ:
Оқушылар үшін:
1-ден, рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды;
2-ден, рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;
3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады;
4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.
Мұғалімдер үшін тиімді жағы:
1-ден,оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды;
2-ден, келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді;
3-ден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.(3.15-б)
Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:
-мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;
-оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;
-оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады;
-мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады;
Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймыз.
Рефлексия дегеніміз не? Кері байланыстан айырмашылығы бар ма?
Рефлексия - өз жұмысыңа талдау жасау. Жалпы айтқанда - өзіңмен өзің сөйлесу.
oo Не істедім?
oo Қандай мақсатпен?
oo Неге солай жасадым?
oo Қандай нәтиже алдым?
oo Қалай істесем дұрыс болады?
Кері байланыс түрлері: жазбаша және ауызша. Жазбаша кері байланыс - бұл мұғалімнің оқушыға берген пікірлердің жазбаша түрде ұсынылуы. Жазбаша кері байланыс сабақта оқушылардың жазбаша жұмыстарын, үй жұмыстарын, өздік, бақылау жұмыстарын, портфолиосын тексеруде қолданылады. Кері байланысты қолданғанда мынандай жәйттерді есте ұстаған дұрыс: Кері байланыстың үйренудің ең тиімді әдісі екендігін ұмытпаңыз, өзіңізге қажетті екендігін де естен шығармаңыз. Бұған қоса кері байланысты жұмысымызды жақсартудың, өз олқылықтарымызды түзетудің ең тиімді нысаны деп қабылдау керек. Сол себепті кері байланысты сабырлықпен және іштей болса да ризашылықпен қабылдау керек.
Кері байланыс әрқашан да субъективті болады, өйткені ол біреудің өзіндік пікірі. Осы тұрғыдан алғанда кері байланысты ақиқат деңгейіне шығарудың қисыны жоқ шығар. Оны басқа адамның бағасы деп қабылдап, оның еш міндетті емес екендігін естен шығармаған абзал. Бізге қандай да кері байланыс берілсе де оның тиімдітиімсіздігін, пайдалыпайдасыздығын өзіміз өлшейміз және бағалаймыз, оны қабылдау не қабылдамауды өзіміз шешеміз.
Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:
oo Позитивті болу
oo Бағалаушы болмау
oo Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау
oo Сыпайы болу
oo Тең ұстау
oo Сәттілікке бағыттау
oo Тыңдай білу
oo Мадақтай білу.
Оқушылармен байланыс барысында жүргізілетін рефлексия түрлері:
oo Физикалық рефлексия (үлгердім-үлгермедім)
oo Сенсорлық рефлексия (өзін сезінуі: жайлы-жайсыз)
oo Интеллектуалдық рефлексия (не түсіндім, не ұқтым - не түсінбедім, қандай қиындықтарға тап болдым)
Рефлексияны міндеттеріне қарай келесідей етіп классификациялауға болады:
oo Көңіл-күй және эмоциялық жағдайдың рефлексиясы
oo Іс-әрекет рефлексиясы
oo Оқу материалы мазмұнының рефлексиясы .
Рефлексия тәсілдері
Көңіл-күй және эмоциялық жағдайдың рефлексиясы
Бет әлпеті бейнеленген карточкалар (көңілді-көңілсіз)
Көңіл күйіміздің суретін салайық
Сабақ басында сабақ соңында
Іс-әрекет рефлексиясы
Бұл рефлексия түрі үй тапсырмасын тексеруде, топтық , жұптық немесе жеке жұмыстарды қорғауда қолданылады, себебі оқу материалымен жұмыс жасау тәсілдерін түсінуге, басқа да әдістерді ізденуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ соңында да қолдануға болады, өйткені әр оқушының белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Пантомима
Оқушылар пантомима арқылы өз жұмыстарының нәтижесін көрсетуі тиіс.
Қолын жоғары көтерсе - өз жұмысына риза болғаны.
Басын төмен қаратса- өз жұмысына қанағаттанбады.
Бетін қолымен жапса- жұмысқа немқұрайлы қарады.
Оқу материалы мазмұнының рефлексиясы
Оқушылардың өтілген материалды қай деңгейде түсінгенін анықтауға бағытталған. Әдетте бұл рефлексия түрі сабақ соңында қорытынды жасау мақсатында қолданылады. Әр оқушы сабақ басында қойылған мақсаттарға жетуде не жасағанын, өз белсенділігін, сынып жұмысының тиімділігін, таңдалған жұмыс түрлерінің пайдалылығын бағалауға бағытталған.
Рефлексивті экрандағы сөздер тізбегі
Оқушылар экраннан сөздер тізбегін таңдай отырып, тізбектей, өз ойын бір сөйлеммен айтады.
... .қызық болды.
... ...қиын болды.
Мен ... .. тапсырмасын орындадым
Мен ... ... . түсіндім
Енді мен ... ... істей аламын
Мен ... ... сезіндім
Мен өзіме ... ... алдым
Мен ... ... үйрендім
Мен ... ... жасауды үйрендім
Мені ... ... таң қалдырды
Сабақ маған өмір үшін ... ... ... берді
Мен ... ... қалап кеттім
1.2 Сабақта тиімді кері байланысты ұйымдастыру
Рефлексия сөзі латын тіліндегі reflexio - артқа қарау деген ұғымынан туындайды. Джон Дьюи рефлексиялық ойлауды былай сипаттайды: Қандай да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін ескере отырып белсенді түрде, толассыз және мұқият қарастыру, осының салдарынан туындаған қорытындаларды талдау (1,208 бет).
Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне сырт көзбен қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. Жалпылама алғанда, рефлексияның қадамдары мынандай болуы ықтимал:
1)Аялдама жасау (тоқтау);
2)Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау;
3) Өзгерістер енгізу;
4)Болашақты жоспарлау.
Рефлексияның оқу процесінде алатын орны ерекше. Өйткені үйрену деңгейі адамның өз әрекеттерін ұйымдастыру мен өзгертулерді қалайша ойластыра білетіндігіне байланысты. Басқаша сөздермен айтқанда, рефлексия - адам миындағы метанымдық (метакогнитивтік, танымды тану) процестермен байланысты. Рефлексияда адам өзінің ойлау, зерделеу процестерінің қалай өтетіндігі туралы ойланады, танымдық әрекеттерін түсінеді және түсіндіреді, оларға мақсат қояды, жоспарлайды, шешім қабылдайды, әрі қарай не болатындығын болжайды. Бұл әрекеттер арқылы адам өз білгенін сынайды, білімін сыни тұрғыдан талдайды.
Кері байланыс
Рефлексия адамның өз білімі мен әрекеттерін талдау, сол туралы өзіне есеп беру болғандықтан мұнда басқа адамдардың пікірлері мен бағалауының алатын орны ерекше, өйткені өзіне сырт көзбен қараған адам басқа адамдардың өзі туралы пікірлері арқасында рефлексиясын тереңдете түседі. Өзі туралы сырт пікірлерді адам қарым-қатынаста біледі. Осындай қарым-қатынаста өзі туралы пікірді есту мен білуді кері байланыс деп атайды. Сырт пікірлер адамға өзінің қайда және қандай екендігін білуге көмектесіп, болашақ әрекеттеріне түзету енгізіп, оларды жоспарлау мүмкіндігін береді. Сол себепті кері байланыс - келесі әрекеттерді ынталандыруға бағытталған рефлексияның ақпараттық негізі (2,21 бет).
Адамның бір ерекше қасиеті бар: біз өзіміз туралы өзгелердің пікірін естігіміз келіп тұрады. Сондықтан да кез келген әрекеттен кейін басқалардан Қалай болды? Мен сырт көзге қалай болып көріндім? Қалай сөйледім (жасадым, отырдым, тұрдым, жаздым, т.б. әрекеттерді келтіруге болады)? деп өзіміз туралы пікірін сұраймыз. Сол әрекетті бақылаған адам өз пікірін айтады, бағасын береді. Оның пікірі өзіміздің оймен сәйкес келуі немесе келмеуі де мүмкін. Алайда сырт пікір бізге білім мен әрекеттерімізді түзету, өзгерту, жақсарту мүмкіндігін береді. Олардың мұндай пікірі біз үшін кері байланыс болады. Осылайша өзгелердің өзіміз туралы пікірлері бізге өзімізді тануға, ішкі
Мен -- нің қалыптасуына көмектеседі.
Кері байланыс (ағылш. feedback) - адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. Сырт көз сыншы дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылады.Сондықтан да кемшіліктерді тіке бетке баспай, оларды жанамалай жеткізген жөн болар? Мысалы, мынандай сұрақтар арқылы: Неліктен Сіз бұлай жасадыңыз (айттыңыз, жаздыңыз, ұйғардыңыз, т.б.)? Мүмкін олай емес, былай болар? немесе Егер мына жерге мынандай өзгертулер енгізсе, не болар еді?
Негізінен кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады: әрекеттерді түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу, өзін өзі тану құралы. Сондықтан оның мазмұны жағымды, позитивті болу керек. Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не жасалуы керектігін көрсету.
Сонымен, кері байланыс оқуоқыту мен үйренудіңүйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады (4,98 бет).
Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанамын:
Позитивті болу.
Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруді ұмтылу қажет. Тіпті адамның мақтайтындай қасиеті болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек. Ұсыныс жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Әңгімені өзгені жақтыру және сыйлау тұрғысынан жүргізу керек.
Бағалаушы болмау.
Адамның басқа адамдардан айырмашылығы - оларға ұқсамайтындығында деген қағиданы ұстанған орынды, яғни біз басқалардан артық та, кем де емеспіз, тек өзгешеміз. Кері байланыста сол себепті өзімізді жоғары да, төмен де қоймау керек, тек өз ойымыз бен түсінігімізді келтіру қажет.
Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау.
Адам біреуге кеңес бергенді ұнатады да, алайда өзіне ақыл айтқанды ұнатпайтындығын ұмытпау керек. Осыны есте сақтай отырып, ақылгөйсінбей, Мынаны жасау керек!, Олай ету қажет! немесе Мен Сіздің орныңызда былай жасар едім! деген сөздерді айтпай, өзіміздің пікірімізді келтірейік, ал оны қабылдау не қабылдамау - кері байланысты алушы адамның құзыры. Мұнда кері байланыс берушінің сөйлеу интонациясы сұраулы, ал ең жиі қайталайтын сөзі мүмкін болуы керек болар, яғни ол ылғи да кері байланыс алушының пікірін сұрап, онымен ақылдасып тұрғандай болады: Мүмкін былай жасау керек шығар?
Ынталандыруға ұмтылу.
Кері байланыстың бір мақсаты - адамды шығармашылық жұмысқа ынталандыру. Жағымды пікір айтумен қатар адамды болашақта өз жұмысына игі өзгертулер енгізетіндей қызықтырып, шабыттандырған дұрыс.
Сыпайы болу.
Адамды жекімей, ұрыспай, дөрекі сөйлемей, ренжітпеуге тырысу керек, өйтпеген жағдайда оның кері байланысты ризашылықпен қабылдап, өз әрекеттеріне соны өзгерістер енгізетіндігі екі талай. Көмектесу жәрдем беру.
Адамға шынайы түрде жақсылық тілеп отырғандығымызды дәлелдеп бағу керек. Кері байланыста Мен Сізге қалайша көмектесе аламын деп ойлайсыз? деген секілді сұрақтар арқылы өзіміздің қол ұшын беруге дайын екендігімізді білдірген жөн.
Теңұстау.
Кері байланысты жүргізудің негізгі нысаны ақылдасу, кеңесу болғандықтан мұндай әңгімеде екі жақ та бір-біріне пара-пар болуы керек. Біреудің екіншіден жоғары тұруы кері байланыстың нәтижелі болатындығына нұқсан болады.
Сәттілікке бағыттау.
Тыңдаушының көкейіне Кері байланыс - игі әрекет деген оймен қатар оның нәтижелерінің тұлғаның дамуы мен өсуі үшін маңызды екендігін ұялату керек. Ал игі нәрсенің қорытындысы тек жағымды болатындығын да ұмытпаған жөн. Кері байланыс тиімді әрі сәтті болған сайын мұғалім оқуоқытудың қалай жүріп жатқандығы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы қажетті мәлеметтер алып отырады.
Кері байланысты алғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:
Ризашылық білдіру.
Кері байланыстың бір адамның екіншіге шын көңілмен көмек көрсету екендігін ескере отырып, айтқан ескертпелер мен ұсыныстарға ризашылықпен қарау керек: кері байланыс берушіге жиі рахмет және алғыс айтып, ол Сізді ынталандырғандай, оны да жігерлендіріп отыру қажет.
Тыңдай білу
Кері байланыс берушінің сөзін бөлмей, оны ылғи да мақұлдап отырған дұрыс (бас изеп, ишаратпен). Қажет болған жағдайда оған ойын нақтылайтын сұрақтар қою арқылы бұл мәселе бойынша өзіңіздің келісетіндігіңізді және хабардар екендігіңізді білдіріңіз, әңгімені өзіңізге қажетті бағытқа бұрып отырыңыз.
Мадақтай білу.
Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтауды да ұмытпаған жөн. Осы арқылы біз тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген ұсыныстардың сапасын да арттырамыз. Сіз бұл мәселеге тіпті де мен ойламаған жақтан қарадыңыз! Шындығында да бұл өте тиімді ұсыныс (идея, ой, әдіс, тәсіл, т.б.) екен! Менің ойымша, Сіздің сөздеріңізде терең мағына бар! Бұл ұсынысыңыз менің тәжірибемде маңызды орын алады деп ойлаймын! секілді сыпайы мақтаулардың әңгімені мәнді жасайтындығы анық.
Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс - тәсілдер: Кері байланыстың мәнін Екі жұлдыз, бір ұсыныс атты тәсіл жақсы келтіреді. Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз (5,11 бет).
Көңіл - күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі -- түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл -- күйді бояу түстерімен анықтау. (Ауа райы, Бағдаршамт. с. с (3,122 бет).
Мысалы: Алма ағашы әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті "алма" беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма - мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл - күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл - күйім жоқ.
Немесе Бір сөзбен әдісі -- Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, *Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,*Алаңдау, *Тыныштық, *Сенімділік, *Сенімсіздік, *Рахаттану.
Сабақтағы іс -- әрекетке кері байланыс.
(Мысалы: Табыс сатысы әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
*1 -- ші баспалдағы Мен ... ... ... .. БІЛЕМІН
*, 2 -- ші баспалдағы *мен ... ... ... ... .. ТҮСІНЕМІН
*, 3 -- ші баспалдағы *Мен ... ... ... . ЖАСАЙ АЛАМЫН
Таңдау әдісі.
1. Мен сабақ
қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім
көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият ______________ зейінсіз
тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға
жиі ______________ сирек
қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына
+ белгісін қою тапсырылады.
Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері байланысы)
-- Аяқталмаған сөйлем әдісі; тезистер беру; афоризм таңдау
-- "Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін" деген сияқты ой -- пікірлеріңді білдіру.
-- "Синквейн" әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс -- әрекетін
анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мысалы:
"Аяқталмаған сөйлемдер"
* Бүгін мен ... ... ... ... ... .. білдім
* ... ... ... ... . қызықты болды.
* ... ... ... ... ... ... .. қиын болды.
* ... ... ... ... ... . тапсырманы мен орындадым.
* ... ... ... ... ... ... . екенін түсіндім.
* Мен енді ... ... ... ... ... ... білемін.
* Мен ... ... ... ... ... ... ... ... сезіндім
*Мен ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. білім алдым.
* Мен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. үйрендім.
* ... ... ... ... ... ... ... ... . менің қолымнан келді.
* Мен ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. жасай алдым
* Мен ... ... ... ... ... ... ... ... ... жасап көруге талпынамын.
* ... ... ... ... .. мені таң қалдырды.
* Сабақ менің өміріме ... . берді.
* Менің ... ... ... . жасағым келді
Плюс, минус, қызықты
Плюс -- оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
Минус -- " қолымнан келмей жатыр" немесе " түсініксіз болып тұр " деген ойларын жазады.
Қызықты- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.
Сабақ соңындағы кері -- байланыс. Тазалық ойыны түрінде алу.
Оқушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан (суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (суреті)
-- Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)Осылайша оқушылардың не білім алғандарын көрсетеді.
Топтық кері байланыс сұрақтары:
1. Жұмыс барысында топтағы қарым -- қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
-- жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті;
-- жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;
-- біздің қарым -- қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарым -- қатынасымыз тапсырма орындаған сайын нашарлап кетті.
2. Топтағы қарым -- қатынас әсіресе қай дәрежеде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz