Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабылдауын дамытудағы дидактикалық ойындардың рөлі

МАЗМҰНЫ
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1-тарау БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚАБЫЛДАУЫН ДАМЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Ойын технологиясының ғылыми теориясына шолу
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабылдауын дамыту барысында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімділігі мен маңызы
2- тарау БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚАБЫЛДАУЫН ДАМЫТУДЫҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 1-4 сынып оқушыларының математикалық қабылдауын дамыту үшін қолданылатын ойын түрлері
2.2 2-сынып оқушыларының математикалық қабылдауын дамыту барысында жүргізілген тәжірибелікжұмыс нәтижесі
III ҚОРЫТЫНДЫ
IY Пайдаланылған әдебиеттер
І КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
"Математика" оқу курсының негізгі мақсаты - білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және білім алушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді делінген. [1] Жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға дайындауды инновациялық технологиялырдың алатын орны зор. Инновациялық оқыту технологияларының бірі- ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз- педагогикалық процесті ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Педагогикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның бірі дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге белсенді таным іс-әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады, соның барысында олар оқытушының басшылығымен жаңа білім меңгереді. Және дидатикалық ойындар оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырып, қабылдауын дамытады Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын "Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабылдауын дамытудағы дидактикалық ойындардың рөлі" деп таңдадым.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалана отырып, оқушылардың математикалық қабылдауын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныпта математиканыоқыту барысында оқушылардың қабылдауын дамытудағы ойын технологиясының әдістемесі.
Зерттеудің ғылымилық болжамы: егер бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың қабылдауын ойын технологиясы негізінде дамыту мәселесі теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген әдістемемен қамтамасыз етілсе және ол бағытты жүзеге асырылса, онда оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтары, танымдық белсенділіктері артады, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, бастауыш білім беру сатысында алған білімдерінің сапасы көтеріледі және білімнің тәрбиелік маңыздылығы жоғарылайды.
Міндеттері:
-математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерімен танысу;
-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;
-өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;
-оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;
-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың қабылдауын дамыту арқылы, әсіресе, ойын технологиясы негізінде оқушылардың білім, білік және дағдыларының деңгейін, шығармашылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістемелік жүйе қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбиелеу, дамыту жайлы философиялық, педагогикалық-психологиялық және әдістемелік тұжырымдамалар, нормативтік құжаттар, озық педагогикалық тәжірибелер.
Күтілетін нәтиже:
Егер математика сабағында
- ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
- уақытты тиімді пайдаланса;
- тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,
1.сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады.
2.оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.
3.ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.
4.оқушылардың матматикалық қабілеттері айқындалады.
0.1 Ойын технологиясының теориялық негізіне шолу
Ойын - оқытудың белсенді әдісі. Ойын оқытушылық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында оған қатысушылардың өз тәжірибесі арқылы білім, дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің жүйелі түрі. Яғни ережелермен анықталған жарысушылардың
жеңіске жету немесе жеңілуін айқындайтын оқытушылық іс-әрекет.
Ойын - көп қырлы түсінік, осыған орай қолданыста әр түрлі ойындар кездеседі. Бірі балалардың дүниетанымын және ойлау қабілетін дамытса, екіншісі - күш, ептілік, үшіншісі кұрастарушылық дағдыны дамытады.
Кейбір ойындар әр түрлі құралдарды және атрибуттарды талап етеді. Олардың пайдалану мерзімін қадағалаған жөн.Ойында қолданылатын заттар мен кұралдар қауіпсіз, балаларға қолайлы және таза болуы тиіс. Балалар ойынның мәні мен мазмұнын, оның ережелерін, терминдер мен түсініктердің нақты аудармасын жақсы түсінуі және әрбір ойындық рөлдің идеясын
игеруі қажет.
Ойын ынталандыру әдісі ретінде де қолданылады. Ынталандыру түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: атақ беру, алғыс жариялау, жетекшілік, ойын капитаны, балл негізінде бағалау, орындарды анықтау құқын беру және т. б.
Ойын - тиянақты іс, ол балаларға ықпал етудің басқа да тәсілдері сияқты өзіне мұқият қатынасты талап етеді мысалы, еңбек. Оны үлкеннің кішіге, күштінің әлсізге бағыну түріне айналдырмау керек. Ойын даму мен тәрбиелеудің маңызды тәсілі болып табылады. Ойындардың барлық тәрбиелік мәні оның ережелерінде орын алған.[2]
Ойын - баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын, өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс іс-әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір - біріне деген сыйластыққа жеттіліктері мен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімін арттырады.
Ойын кезінде барлық оқушы бірдей, өйткені барлығы да не істесем, қалай айтсам жеңемін, қалай нәтижеге жетемін деген мақсатта жұмыс істейді. Тақырыпты білмей отырған оқушының ойын кезінде қорқынышы, ұялшақтығы жойылып, басқа балалармен бірге бір деңгейде жұмыс істей алады. Тез тілдік материал жатталады, ол оқушы өзінің басқалармен бірге сабаққа қатысқанына көңілі толып отырады.
Сонымен қатар ойын кезінде белгілі- бір нәтижеге жету үшін оқушылар тек қана сөзді ғана қолданып қана қоймай, мимика, тест түрлерінде қолданылады. Ал, ақыл - ой ойын дарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыру мен қатар ерік, сезім түрлерін де дамытады. Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Р. Оуэн, Ф. Фребель, К. Д. Ушинский, П. Ф. Лесгафт, Л. Н. Толстой, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен практикасын жасанекті психологтар
Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, П. П. Блонский және т. б.үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары
Ф. Шиллер, К. Гросс, В. Вундт және ағылшын әлеументтанушысы
Г. Спенсер ерекше ден қойды. Ойын мәселесіне Т. Тәжібаев, Ә. Диваев , Ж. Аймауыт, Т. Төтенаев , Е. Сағындықов, т.б .ғалымдарымыз өз еңбектерін арнады. [3] Ерте кезде қазақ халқы өз ойындарына ерекше назар аударып,зейін қоя ойнағандары соншалық, қойы басқа ауылдың қойына қосылып,қозысы жамырап кеткенін де байқамай қалған. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты-дейді. Шынынды да бала үшін ойын - өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін , қарым - қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.Ойын - әлеуметтік қызмет, ол баланың жасына қарай өзін қорщаған оттаны танып білуге , оны өзгертуге құштарлығын артыратын құрал. Онда танымдық және бағдарлық қызмет бар. Ойынның танымдық қызметі тануға деген мүдделілікті қалыптастыру болып табылады.Сонымен қатар ойын оқушылардың сөйлеу тілілінің дамуына өте үлкен әсер етеді, әрі ақыл-ой дамуына ықпал жасайды. Бала ойын үстінде заттар мен іс - әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағанасын қолдануды т.б. үйренеді.Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарының шарты болып табылады.Балалар ойнап жүріп бір - біріменынтымақтасады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Ойынның негізгі элементтері:
-оқытудың мақсаты;
-ереже (нақты анықталған);
-жарысушылық;
-ойынға қатысушылардың қарым-қатынасы;
аяқталу кезі (уақыт көлемі, ұпай, жинақтаған балл көлемі т.б.);
-нәтиже (жеңілгендер мен жеңгендер).
С. А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
-- тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
-- елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты (шығармашылық аясы);
-- әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс (эмоционалдық қуат);
-- ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.
Ойынның емдік қызметі - баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д. Б. Эльконин аса жоғары бағалайды.
Ойынның түзеу қызметі деп баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
Сонымен бірге, ойын - баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі.
Ең бастысы, ойынның қарым-қатынас, оқыту және өмір тәжірибесін жинақтаудың құралы ретінде аса күрделі әлеуметтік-мәдени құбылыс екендігін ұмытпаған жөн.
Ойын баласын оқытудың басты жолы - ойын әдісі. Баланы оқытудың барысында оның берілген ақпаратты қабылдауда ыждағаты, төзімі 20 минуттан аспайды. Сондықтан ойын баласына еркіндік берілуі тиіс. Баланың ойын әрекетін белгілі бір жүйемен оқу әрекетіне айналдырудың сан қилы жолдары қарастырылуы жөн. Оған балаларда белгілі бір жағдайда қалыптасқан ойын жүйесін, таңдалынып алынған ұлттық ойындарды, тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген дидактикалық ойындарды қай жерде, қалай таңдап, қалай пайдалану мұғалімдерден үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Сабақты ойын баласы тез шаршап жалықпайтындай, оның денсаулығына, жүйке жүйесіне нұқсан келмейтіндей етіп ұйымдастыру да мұғалімнің білім деңгейіне, тәсіліне, шеберлігіне байланысты. Ойын әдісін сабақтың кез келген кезеңінде тиімді пайдалануға болады.
Ойын оқытудың әдісі, тәсілі, құралы әрі сабақты ұйымдастырудың формасына айналғанда ғана 6 жасар бала үшін мектеп қуаныш мектебіне айналмақ.
Ойынның негізгі ерекшелігі -- ол балалардың қоршаған өмірді: адамдардың қимылын, іс - әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойын технологиясын қолданғанда бөлме, теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын іс - әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі сондай - ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс - әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық -- ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т. б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.
Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі айырмашылығы - дәл айқын қойылған оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.
Педагогикалық ойындар:
-- мақсатына қарай;
-- ұйымдастырылу құрылымына қарай;
-- олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сай пайдалануына қарай;
-- мазмұнының өзіндік ерекшелігіне қарай жеткілікті дәрежеде алуан түрлі болып келеді. Әсіресе, ойынды қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған. Соңғы жылдарға дейін оқыту үрдісінде ойынды қолдану аса кең таралмады. Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын элементтерін кіріктірудің оңтайлығы мен тиімділігі оқытушының педагогикалық ойындар қызметі мен сыныпификациясын түсінумен, қолдану шеберлігімен тығыз байланысты.
Белгілі педагог ғалым Г. К. Селевко педагогикалық ойындарды төмендегідей топтарға жіктейді:
-- әрекет саласына қарай;
-- дене;
-- интеллектуалдық;
-- еңбек;
-- әлеуметтік;
-- психологиялық.
Педагогикалық үрдіс сипатына қарай:
-- білімділік, тренингтік, бақылаушылық, қорытындылау;
-- танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
-- қатысымдық, диагностикалық, кәсіптік-бағдарлық, психотехникалық.
Ойын әдістемесіне қарай:
-- пәндік;
-- сюжеттік;
-- рөлдік;
-- іскерлік;
-- иммитациялық;
-- драмалық.
Ойын технологиясында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.
Ойын әдісінде құрылымдық ерекшелігі мен түйіні -- бала атқаратын рөл. Ойын үдерісінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді - сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс - әрекеттерге, қарым - қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын үдерісінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда - ересектер) ойнаушылардың мінез - құлқы мен өзара қарым - қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым - қатынастың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Сабақтың үстінде ойын технологиясын қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
-- ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
-- оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
-- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
-- оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;
-- ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады;
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру қажет:
-- тәрбиелік мақсаты;
-- қолданылатын көрнекіліктер;
-- уақытты үнемдеу;
-- ойын қызықты бола ма?;
-- оқушылардың белсенділігін бақылау.
Сабақ барысында оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Ойынға қойылатын талаптар қандай болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады.
Ойынның күрделілігі оның формаларының көптүрлілігімен, өткізу ережесімен және оған қатысу жолдарымен анықталмақ. Ойынның әлеуметтік- мәдени табиғатының өзі-ақ оны білім берудің басқа ешнәрсе ауыстыра алмайтын элементі етіп көрсетеді. Ойын барысында:
-- мінез-құлық ережелері және келешек өмірге қажет әлеуметтік топтардың (қоғамдық формация түрі) рөлдері меңгеріледі;
-- олардың мүмкіндіктері қарастырылады;
-- біріккен ұжымдық іс-әрекет дағдылары жинақталады, ойын мақсатына жетуге қажетті балалардың жеке ерекшеліктері қалыптасады;
-- мәдени дәстүрлер жинақталады.
Я. А. Коменский Ұлы дидактика деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балалардың нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді.
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz