Аңыз әңгімелерді оқыту әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Педогогика факультеті
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақ филологиясы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пән:Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Аңыз әңгімелерді оқыту

Орындаған: КЯЛ 17-1 тобының студенті Қайролла К

Тексерген:доцент. Қабылов Ә.

Ақтау 2019ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Аңыз әңгімелер -- халық ауыз әдебиетінің жанры
1.1 Қазақ халқының көркем шығармаларының бір саласы - аңыз әңгімелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61.2 Қазақ аңыздарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2. Қазақ әдебиетінде аңыз-әңгімелерді оқыту ерекшеліктері
2.1 Аңыз-әңгімелердің танымдық және тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 5 сыныпта аңыз әңгімелер тақырыбына арналған
сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Аңыз әңгімелер -- халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді.
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. - бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.
Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы - қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз [["Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай - сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сараңдық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады. "Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші - әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйтуге әзірлеп отырған қазды жасыра қояды. Бұл әрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын", - деп аяқ астында оларды масқара етеді. Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен оқиға аяқталады. Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтынды алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді. Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - орта буынға қазақ әдебиеті пәнін оқытуда аңыз-әңгімелердің алатын орны және оқыту әдістерін көрсету.
Зерттеу міндеттері:
Қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелердің түрлері.
Аңыз әңгімелердің түрлері, ерекшеліктері туралы түсінік беру;
Аңыз әңгімелерді оқыту әдістері.
Орта буын оқушыларын аңыз әңгімелермен таныстыру.
Зерттеу пәні: қазақ әдебиетіндегі аңыз-әңгімелер.
Зерттеу объектісі: аңыз-әңгімелер.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Аңыз әңгімелер -- халық ауыз әдебиетінің жанры
1.1 Қазақ халқының көркем шығармаларының бір саласы - аңыз әңгімелер
Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.
Кейіпкерлері. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. - бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.
Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады. Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді.
Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған.
Көсе образы - қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді.
Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай - сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сарандық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады.
"Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші - әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйітуге әзірлеп отырған қазды жасыра қояды.
Бұл әрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын", - деп аяқ астында оларды масқара етеді.
Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен уақиға аяқталады.
Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтында алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді.
Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады.
Шешендік - қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік - сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз "Сөз қадірін білмесең, өз қадірінді білмейсің", "Сөз сүйектен өтеді", "Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік" деп, сөз өнерін ерекше тани білген.
Шешендік сөздер - ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.
1.2 Қазақ аңыздарының түрлері
Топономикалық аңыздар. Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі осы оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен баланыстырылады. Мұндай аңыздар жер-су аттарына байланысты немесе топонимикалық деп аталады. Себебі олар белгілі бір жағрафиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз,т.с.с. жер аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады.
Аңыздар - халықтың ауызекі шығамашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жадығаттарды еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды.
Махаббат хикаялар.Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың қайғысымен, өлімі немесе айрылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары құрайды. Бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткерген уақиғалары жатады.
Батырлар туралы аңыздар. Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін батырлар жайындағы аңыздар да ауыз әдебиетінде айрықша орын алады. Бұлардың қатарына сақ патшайымы Томирис Отанын қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз. Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі сол уақыттан бері талай ықылым заман өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ па, ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы.
Тарихи аңыздар. Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың өзі а уақыт өте келе аңыздық сипат алған қазақ аңыздарының бір тобы бар. Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқалар хақындағы кейбір аңыздар бұған дәлел болып табылады.
Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-шынын тексеріп жатудың өзі ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ойдан шығарылған уақиғалар болғандықтан да-аңыз. Бір қызығы, әдеби немесе ғылыми шығармаларда мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше болатын тарихи тұлғаларға ,оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Қазақ әдебиетінде Қорқыт, Алаша хан бейнелері осындай. Олардың өмірінде шын болғандығына кейбір зерттеушілер күмәнмен қарайды. Себебі олардың есімдері тарихи шежірелерден табылмай отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта мұны дерек-құжатпен дәлелдеу қиын.
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Бұл жағынан алғанда аңыз бен ертегі екеуінің арасы жақын. Негізгі айырмасы - аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құралады. Әуелде тарихта шын болған, кейін сондай адам болыпты-мыс деп, ел аузында лақапқа айналған адам туралы әңгіме етіледі.
Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегінде тууының, негізгі себебі сол адамның өз басына істеген, ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр, не ел басшысы, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып, сол істепті-міс, айтыпты-мыс деген әр түрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден жаттап алып, кейінгі ұрпаққа қалдырады.
Аңыз әңгімелерге қиял элементі қаншама көп араласса да , әлгі аңызға айналған адамның өзі кәдімгі қарапайым адамның қатарында қала берді. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Қорқыт т.б. - бәрі де шындықтағыдай, жай адамдар ретінде суреттеледі.
Аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бір сюжет, бір идеялық мазмұныда бола бермейді. Тақырыбы бір болғанымен, идеялық мазмұны әр басқа болуы да мүмкін. Аңызда әр топтың өкілі өзінше баяндап, өзінше түсініп, оны өз тобының көзқарасына лайықтап, өз мүддесіне пайдалануға әкеп тірейді.
Қазақта Асан қайғы туралы аңыз әңгіменің бірнеше нұсқасы бар. Кейбіреулерінде ол өз халқына бақыт іздеп, Жерұйық тапса, жақсылықты алдан күтсе, кейбіреуінде ол хандардың қамқоршысы кейпінде көрінеді, сары уайымға салынады.
Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді.
Жиренше мен Қарашаш
Жиренше шешен мен Қарашаш тарихта болған адамдар ма, жоқ па, ол жөнінде мәлімет жоқ. Жалғыз-ақ ел аузындағы әңгіме оны тарихта болған Әз-Жәнібек ханның тұсында болыпты-мыс дейді. Жиренше шешен жөніндегі аңыз халыққа өте көп тараған. Көбіне ол шешендігі жағынан әңгіме етіледі. Жиренше - халық ауыз әдебиетінен сүйікті орын алған ұнамды қаһарман. Хан мен Жиренше кездескен жерде, ханның ақымақтығы, Жиреншенің ақылдылығы айқындалып отырады. Сөйтіп Жиренше жөніндегі аңыз халықтың ішінен шыққан дана адам үстем тап өкілдері әр дайым жеңіп отырса олардан анағұрлым мойны озық жатса деген тілек мақсатты қамтиды. Мысалы: Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па? - дейді Жиренше Жәнібек ханға.
Жиренше мен Қарашаш қатар аталады. Халық Қарашаш бойына даналықты ды, шешендікті де дарытқан. Талай тұйыққа тіреліп , не қыларын білмей қалған жағдайларда , Жиренше ақыл тауып беретін де аузына сөз салатын да Қарашаш. Еркек қайда қоздат, - деп хан әмір бергенде, Жиренше шын сасады, келіп Қарашашқа айтқанда Сасатын түрі жоқ, қойды алып кел, - деп мерзімді кезіне дейін қойды соып жей береді де, ханды сөзден жығып, Жиреншені өлімнен құтқарады. Жалғыз бұл емес, көп тұста халық Қарашашты ең дана, ақылды әйелдердің өкілі етіп суреттейді. Бұның ерекше мәні бар. Әйел - көп халық. Олардың әлеуметтік өмірде орны үлкен, маңызы зор. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады, әйелдердің ішінде де асқан дана адамдар бар деген пікірді бұл аңызда да қолдайды. Аңыз әйел мәселесі жөніндегі феодалдық - кертартпалық көзқарастан аулақ.
Алдар Көсе
Өмірдің ұнамсыз жақтарын шенеп-мінеуде ең күшті құралдың бірі-түлкі. Халық ауыз әдебиетінде күлкіні молынан пайдаланған. Солардың ішінде ерекше орын алатын аңыз әңгіменің бірі - Алдар Көсе. Алдар Көсе оқушыларын сөз тапқыштығымен, кейде іс-әрекетімен, кейде айла - амалымен еріксіз күлдіреді. Ал Алдар Көсе туралы аңыз жұртшылыққа кең тараған, әртүрлі қулық істері баяндайтын нұсқалары көп.
Көсе образы - қарапайым халықтың езуші байлар тобына, оның өкілдеріне қарсы жұмсау соларды масқаралау, келеке ету тілегінен туған ұнамды, күлдіргі образ. Оның басқа аңыздарда кездесетін образдардың ерекшелігі де, осы күлдіргілігінде.
Осы аңыздың қай нұсқасында болсын Алдар Көсе - халық сүйетін ұнамды образ. Оның іс-әрекеттерінің көпшілігі халықтың тілек-мүддесімен ұштасады. өзін езіп, қанап отырған үстем таптың өкілдеріне халық Алдар Көсені қарсы жұмсап, аңызда оған қалайда жендіріп шығарады.
Халық аузындағы мәтелге айналған Жұмыртқадан жүн қырыққан, Өзі тойса да, көзі тоймайтын, Кесіп алса қан шықпайтын дегендердің қайсысы болсын байларда өшпенділікті көрсетеді.
Осы мәтелдерде айтылған опасыздық, сараңдық - байлардың көбіне тән қасиет. Алдар Көсе әңгімесінде шық бермес Шығайбай - сұрқия сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісін мейлінше жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амал мол Алдар Көсені жіберіп, Шығайбайды ондырмай күлкі етеді.
Шығайбайдың түнде өз асын өзі ұрлап ішпек болуы, ертемен қойға барарда, ыстық таба нанды Көседен жасырып қойнына тығуы тәрізді әрекеттерді адамдық арын дүниеге сатқан мол құмар, кісілік қасиетінен айырылған хан екенін көрсетеді.
Ұрының әйелі өзіне лайық дегендей, оның тәрбиесіндегі үй іші - әйелі, қызы тап өзі тәрізді. Көсе үйге кіріп келгенде, әйелі илеп отырған нанды, қызы үйтейін деп әзірлеп жатқан қазды жасыра қояды. Бұл, Шағайбыдың мінезін толықтыра түседі, соған жаңаша мінездеу есебінде қолданылады. Шығайбай Көсеге еш нәрсе бермеуге қаншама тырысқанымен, Көсе бермесіне қоймайды. Айла-амалымен сараң байды қолына түсіреді, әбден масқаралайды.

2. Қазақ әдебиетінде аңыз-әңгімелерді оқыту ерекшеліктері
2.1 Аңыз-әңгімелердің танымдық және тәрбиелік мәні
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, түп төркіндері - сонау есте жоқ, ескі замандарда жатыр. Ол мұраны қазақтың бай ауыз әдебиетінен, сонау Орхон-Енисейден басталатын көне түркі ескерткіштерінен, тарихи жазба мұралар мен осы күнге дейін тұрмыс-тіршілігімізде орын алып келген салт-дәстүрлерімізден табамыз.
Ерте замандағы көшпелі қоғамының көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Халық өзін қоршаған табиғат құбылыстарын, тұрмыс-тіршілігіне байланысты көңіл-күйін, мұң-мұқтажын, өлең, қара сөз арқылы көрсеткен. Ондай шығармаларды ауызша шығарып, халық арасына кеңінен таралып, біздің заманымызға жеткені бәрімізге мәлім. Сол кездегі халықтың есте сақтау қабілеті күшті болғаны соншалықты ықылым заманнан бері сол шығармалар әр түрлі өзгерістерге ұшырап, сан алуан нұсқалары, түрлері пайда болып, халқымыздың ақыл-ойының інжу-маржаны, алтын бай қазынасы толықтырып, жасақталды.
Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер - демекші, ата-бабамыз ұл-қыздарына жақсы тәлім-тәрбие беруге тырысқан. Ұл баланы тәрбиелеуде мынандай талаптар қойылатын: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбексүйгіштік, ата-тегін жадында сақтау, отбасы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғай білу, сөз асылын қастерлеу, ата салтын бұзбау, жаудан беті қайтпау. Қыз баланы жақсы жар, әдепті келін, ұқыпты әйел, аяулы ана болуға тәрбиелеген. Отбасында әкелер мен аталар өзінің өнерін балаларына үйретіп, жан-жақты тәрбиелеуге көңіл бөлген. Өз өнерін баласына мирас етуі ата дәстүрі болған. Осындай әке мұрасын жалғастыруда жастарды дәріптеу халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алған.
Аталары балалары мен немерелерiне ертегi, аңыз-әңгiме, мақал-мәтелдер айтып берiп, шешендiкке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Мысалы, Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылардың немесе Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеушi шешендердiң жастайынан елдiң салт-дәстүрлерi мен заңдарын, аңыз-әңгiме мен өлең-жыр, мақал-мәтелдерiн жаттап, жадында сақтап, көп бiлуi әкелерi мен аталарының әсерi екенi сөзсiз. Көптi көрген қариялар отбасының, ауыл-аймақтың үлгi тұтар тұлғасы, тәлiм-тәрбие мектебi сияқты.
Сахара тұрғындарының қиындығы мол өмір-тіршілігі оларға қойылатын талаптардың қатаң болуын керек етті. Көшпелі халық қара күшке мығым, төзімді, құбылмалы табиғатқа икемделгіш, кемелденген адамдарды қажет етті. Қыр адамы ес білгеннен із кесіп, жол қарап, жұлдыз бағдарлап өсетін болған. Қайда жүрсе де олар ақынның сөзін, жыраудың жырын,әншінің әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы мақал-мәтелді, ертегі мен аңызды,терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық еткен. Халықтың тарихын,тағдырын түп негіздерін тану үшін ауыздан-ауызға таралып келген уақыт шаңына көміліп қалмай, саф алтындай сараланып жеткен аңыздың мәні зор. Әрине аңыздар тарих оқулығының орнына жүре алмайды, олардан болып өткен оқиғалардың дәл жылы мен айын анықтап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ АҢЫЗ - ӘҢГІМЕЛЕРІ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ КОГНИТИВТІ АСПЕКТІЛЕРІ МАЗМҰНЫ
Әңгімені талдау
Қоғамтану пәнін оқыту әдістері
Аңыз-әңгімелердің танымдық және тәрбиелік мәні
Қазақстан Республикасы аумағындағы ішкі туризмді дамыту
Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің түрлері
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар
Бастауыш сыныптарда аңыз-әңгімелерді оқыту әдістемесі
Мифологиялық ертегілер
Пәндер