Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Физика және нанотехнология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Физика сабағында ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану әдістемесі
Тексерген: аға оқытушы
Каюмова А.С.
Орындаған: ФОК-400 тобының студентті
Тәжібай Н.М.
2019
Мазмұны:
Кіріспе
Физика пәнін оқытуда компьютерлік технологияларды пайдаланудың қажеттілігі мен маңызы
Мектептің физика курсында компьютерлік модельдерді пайдалану
Оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ)
Оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдары.
Физикадан педагогикалық программалық құралдар (ППҚ).
Физиканы оқытуда жаңартылған оқыту-әдістемелік комплексі (ОӘК).
Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасының бірнеше бөлімі - білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары, білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, педагогикалық кадрлардың құзіреттіліктеріне арналған. Осы бөлімдерде педагог кадрлерге 21 ғасырдың мұғалімі қандай болу керек, келешекте өзіне қандай талап қою керектігі анық көрстілген. Білім берудің қандай түрі болмасын мұғалім - басты, әрі шешуші тұлға. Сонымен, 12 жылдық білім беру жағдайындағы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оқушыға таным - бағыттық білім берудегі ең басты міндеті. Мұғалімнің білім деген теңіздегі кеменің бас капитаны болғандықтан, сол кемедегі матрос - оқушылардың қабілеті мен жеке қасиеттерінің көзін ашуға көмектесетін нағыз маманы болуы тиісті. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Яғни, жаңа ақпараттық технологиялар - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудағы негiзгi құрал компьютeр және интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақта - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал. Қазіргі уақытта білім беруде интерактивті құралдарды кеңінен қолданылып жүргені баршамызға аян. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға, оқушының сабаққа қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барыс. Көрсетілген кестеге назар аударсақ интерактивті тақтаның білім беру процесінде үлкен мүмкіншіліктерге ие екенінін байқауға болады. Интерактивті тақтаның оқытушы мен оқушыға тиімділігі.
Қазіргі кезде Интернетте кез-келген пән бойынша оқу материалдары артығымен жеткілікті. Тіпті youtube, kaztube, educator, iLearning және тағы басқа видеохостингтерде дайын видеосабақтар толып тұр. Оларды сабақтан тыс уақытта интернеттен жүктеп алып пайдалану бір басқа, ал егер мектеп интернетінің жылдамдығы мен сапасы жоғары болса, көптеген сабақтарды тікелей интернетке қосылу арқылы онлайн режімде өтуге болады. Небір өте мазмұнды көрнекіліктерді де интернеттен тікелей онлайн пайдалану мүмкіндігі бар. Онлайн есеп шығару, онлайн тест тапсыру, онлайн оқулықтар оқу және т.б. өте қолайлы жасалған оқу құралдары барын, онлайн конференциялар мен семинарларға, пән олимпиадаларына қатысуға болатынын қазіргі кәсіби мұғалім білуі және пайдалануы міндетті деген сенімдемін. Мұндай сабақтар өте көңілді де қызықты, оқушылардың өте жоғары белсенділігімен өтеді. Сабақтардың мазмұны да барынша терең игеріледі. Бір ғана маңызды шарты - мектеп интернетінің мүмкіндігі, яғни жылдамдығы өте жоғары болуы керек! Бұл мәселеде біздің қазіргі бірінші проблема осы.
Тіпті мұғалім өзінің арнайы жеке оқу сайтын жасап, оны оқушыларды қашықтан оқытуға пайдалануына болады. Оқушы кез-келген уақытта, кез-келген жерде еркін оқи алатын жағдай жасалады.
2. Физика пәнін оқытуда компьютерлік технологияларды пайдаланудың қажеттілігі мен маңызы
Мектептің қазіргі даму кезеңінде бұрынғы үйреншікті оқу жүйесін жаңа сападағы оқу жүйесіне ауыстыру мақсаты тұр - өте білімді, өздігінен тиімді ойлай алатын, қазіргі қоғамда өмір сүруге бейімді адамды тәрбиелеу. Бұл жағдайда оқушылардың өздігінен білім алуы, өздігінен оқуы және өзін-өзі тануы туралы мәселе қою оқу-тәрбие процесінің өзегі болуы табиғи. Осыған байланысты қазір балаларды оқытуда жекедара оқытуға (тұлғаны қалыптастыруға бағытталған), олардың өздігінен ізденіп, білім алудың сан түрлі жолдары мен әдістерін игеруіне, өз шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуына айрықша жағдайлар жасалуда. Бұл мәселені шешудің ең тиімді бағыттарының бірі оқу процесіне ақпараттық құралдар мен технологияларды енгізу болып саналады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары
Мұғалім үшін:
Оқу уақытын тиімді пайдалану, сабақтың мазмұнын байыта түсу;
Аудио-видео арқылы ақпаратты визуалды беру және қабылдау мүмкіндігі;
Оқушыларды белсенді іс-әрекетке қосу;
Сабақта оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
Оқушылармен жекедара және іріктей жұмыс істеу мүмкіндігі;
Оқушылармен жұмыстың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану;
Жалықтырар қағаз жұмысынан босату;
· Сабақтардың қызықты да іскерлік көңіл-күйін жасау.
Оқушы үшін:
Ақпараттың қолжетімділігі;
Сабақ оқушының заманауи технологиялық дүниетанымына сай әдістермен өтеді;
Әр оқушы өз қабілеті мен екпінінде оқи алады;
Өзінше ойлауды дамытады;
Дербестікке, өзінше шешім қабылдай білуге тәрбиелейді;
Өз қабілет-қарымына сенімді бекітеді.
Компьютерлік сабақтардың түрлері
1. Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ
2. Компьютерде өтілетін сабақ
3. Интернетпен өтілетін сабақ
Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ
Мұндай сабақта мультимедиалық техникалық құралдар түрлі ұсынымдағы ақпараттарды аралас пайдалануға мүмкіндік береді: дыбыстық, графикалық, видео және аудио ақпараттарды. Мұғалім оқу процесінің басты тұлғасы да, басты ақпарат көзі де болып қала береді, ал мультимедиалық құралдар ақпараттың барынша көрнекі және жан-жақты, тартымды да қолжетімді болуына қызмет етеді, сол арқылы оқу мазмұнының жеңіл де сапалы қабылдануын қамтамасыз етеді.
Мультимедиалық сабақ мына бағыттарда өтілуі мүмкін:
Бұл сабақта мынадай мультимедиалық оқу құрал-жабдықтары қолданылуы мүмкін:
Мұғалім сабақтарда түрлі электрондық оқу материалдарын - мәтіндік құжаттарды, электрондық оқулықтар, суреттер, графиктер, плакаттар, флипчарттар мен презентациялар-ды, клиптер мен фильмдерді кеңінен пайдалана алады. Мысалы, физикадағы фундаментал-ды тәжірибелердің компьютерлік сызбалары мен модельдерін (Резерфорд тәжірибесін, Франка және Герц тәжірибелері және т.б.). Сондай-ақ, мысалы, атомдық реактордың, электростанцияның, элементар бөлшектерді үдеткіштің құрылысын сипаттайтын сызбалар мен модельдерді көрнекі түрде көрсету өте тиімді. Интернетте физиканың түрлі оқу фильмдері кең таралған - Фотоэффект, Молекулалық физика, Электромагнетизм. Трансформатор, Радиоактивтілік және атом ядросы, Атом мен оның ядросының құрылысыжәне т.с.с. .
Компьютерде өтілетін сабақ
Сабақты не оның бір бөлігін оқушылардың тікелей компьютерлерде жұмыс істеуі арқылы өткізуге болады. Әрине, бұл сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай қажеттіліктен туындауы тиіс. Сабақтардың мынадай түрлері болуы мүмкін:
Бұл сабақтарда ең басты кейіпкер - оқушы. Компьютерде тікелей сабақ оқитын, жұмыс істейтін басты тұлға оқушылар болғандықтан, олардың компьютерлік сауаттылығы мен мәдениетіне жоғары талап қойылады. Компьютерде жылдам істеп, тиісті ақпарат пен программаларды тиімді іздеп тауып, іріктеп, өзіне керегін жедел пайдалану жолдарын білуі тиіс. Сондықтан алдымен мұғалімнің өзі осы жоғары талаптарға сай болуы қажет.
Мұндай сабақтарда мұғалімнің компьютерлік техника мен программаларды, локал желіні немесе интернетті дұрыс басқарып, сабақты техникалық жағынан дұрыс ұйымдасты-ру ролі өте маңызды. Оқушылардың ешбір техникалық кедергісіз үздіксіз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасап, мұғалім негізінен бақылаушы, көмекші ретінде іс-әрекет жасауы тиіс. Оқушылар еркін оқып, еркін қимылдауға мүмкіндік алып, дербестікке, өздігінен ойлау мен іс-әрекет жасауға дағдыланады. Компьютерлік сабақтарды осы айрықша пайдалы мүмкіндігі үшін өте ұнатамын. Өйткені біздің оқушыларда осы айтылған дербестік - өзінше ойлау, өздігінен шешім қабылдап, өзінше іс-қимыл жасау әсіресе төмен дәрежеде. Ал бұл қасиет жеке тұлға болып қалыптасудың ең алғы шарты және қазіргі заманға сай білім парадигмасының өзі дербес тұлға тәрбиелеуге бағытталған.
Интернетпен өткізілетін сабақ
3. Мектептің физика курсында компьютерлік модельдерді пайдалану
Компьютерлік технологияларды физика пәнін оқытуда пайдаланудың ең болашағы бар бағыттарының бірі физикалық құбылыстар мен процесстерді компьютерлік модельдеу болып табылады. Компьютерлік модельдер дәстүрлі сабақтарға енгізуге де ыңғайлы және жаңаша түрдегі сабақтарды ұйымдастыруға да жол ашады.
Компьютерлік модельдер басқа да көрнекілік құралдарымен бірге оқу процесінің тиімділігін әлдеқайда көтереді.
Компьютерлік модельдердің негізгі көрсеткіші ретінде оқушылардың интеллектуалды қабілеттерінің дамуын атауға болады. Компьютерлік модельдерді пайдалану физикалық құбылыстар мен процесстерді сенімді де дәл көрсетіп, оларды экспериментте түрлі жағдайда қайталап, мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушының компьютерлік эксперименттер жасауы кезінде компьютермен диалог арқылы жұмыс істеуі оның танымдық әрекеттерін арттырып, өздігінен ғылыми зерттеу жүргізу және ойлау қабілет-дағдыларын анағұрлым дамытады.
Қазіргі кезде физиканы оқуға арналған компьютерлік программалар өте көп. Оларды интернеттен еш қиындықсыз жүктеп алып, мектеп компьютерлеріне орнатып, физика сабақтарында пайдалануға болады. Бұл программаларды сабақтарда пайдалану мақсатына сай былай топтауға да болады:
оқыту программалары;
демонстрациялық программалар;
компьютерлік модельдер;
компьютерлік лабораториялар;
лабораториялық жұмыстар;
есеп топтамалары;
бақылау программалары;
компьютерлік дидактикалық материалдар.
Әрине, көптеген программалар осының бәрін қатар пайдалануға арналған әмбебап түрде жасалады. Бұл мұғалімге де, оқушыларға да өте ыңғайлы. Мысалы, мынадай сабақтар өтуге болады:
Зерттеу-сабақ. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар компьютерде кіші-гірім зерттеу жүргізіп, керекті нәтижелер алуға жұмылдырылады. Бұл компьютерлік модельде өте жылдам орындалады. Оқушылар өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге, теориялық білімді тәжірибеде жаратуға мүмкіндік алады. Физикалық құбылыстың моделін тікелей көзбен көре отырып, мәнісіне тереңірек үңіледі. Мұғалім тек көмекші ретінде қолдауы керек.
Физика есептері модель түрінде беріледі. Есептерді шығарып, артынша нәтижелерін компьютерде бірден тексеру сабағы. Нәтижелер компьютерлік модельде тәжірибе түрінде тексеріледі. Оны әрбір оқушы өздігінен жасап, шығармашылық-танымдық қызығу тудырады. Бұл бір ғылыми зерттеу секілді өтуі мүмкін. Есептерді оқушылардың өзіне құрастыруға беруге де болады.
Қазіргі кезде практикалық сабақтарды интернеттегі виртуал лабораторияларда онлайн режімде өтуге де болады. Мысалы, http:virtulab.net , http:www.fxyz.ru , http:www.liveexpert.ru т.б. сайттарында. Тек олар орыс тілінде, қазақ тілінде әлі мұндай мүмкіндік жоқ.
Менің физика сабақтарында компьютерлік технологияларды пайдалану тәжірибемнен
Пайдаланатын компьютерлік электрондық оқу құралдары:
1. Тақырыптық электронды көрнекі құралдар - суреттер, плакаттар, мәтіндік тапсырмалар;
2. Электрондық оқулықтар - физика оқулықтары, мәтіндік құжаттар, презентациялар, видеофильмдер;
3. Лабораториялық жұмыстар;
4. Есеп жинақтары мен бақылау тесттері.
Қолданатын компьютерлік технологиялар - мультимедиа сыныбы:
1. Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері;
2. Мұғалімнің жеке ноутбугы;
3. Проектор;
4. Локал желі;
5. Компьютерге орнатылған офистік және оқу программалары;
6. Интернеттің оқу-білімдік ресурстары;
7. E-learning оқу жүйесінің ресурстары;
Физика сабақтарын өту технологиялары:
1. Мультимедиалық сабақ - жаңа тақырыпты түсіндіру, проектор мен локал желіні пайдаланып электрондық материалдарды көрнекі түрде ұсыну;
2. Компьютерлік сабақ - оқушылардың компьютерде өздігінен оқуы, қайталау, есеп практикумы, лабораториялық жұмыстар, тест тапсыру сабақтары;
3. Шығармашылық сабақтар - оқушылардың өздігінен еркін тақырыптарда компьютерде шұғылдануы. Компьютердегі немесе интернеттен физика тақырыптарына арнайы фильмдер көріп, талдау.
Сондықтан, компьютерлік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып оқудың негіздері мектепте қалануы міндетті. Мұның мынадай артықшылықтары бар:
Мұғалім үшін:
1. Оқу уақытын тиімді пайдалану, сабақтың мазмұнын байыта түсу;
2. Аудио-видео арқылы ақпаратты визуалды беру және қабылдау мүмкіндігі;
3. Оқушыларды белсенді іс-әрекетке қосу;
4. Сабақта оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
5. Оқушылармен жекедара және іріктей жұмыс істеу мүмкіндігі;
6. Оқушылармен жұмыстың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану;
7. Жалықтырар қағаз жұмысынан босату;
8. Сабақтардың қызықты да іскерлік көңіл-күйін жасау.
Оқушы үшін:
1. Ақпараттың қолжетімділігі;
2. Сабақ оқушының заманауи технологиялық дүниетанымына сай әдістермен өтеді;
3. Әр оқушы өз қабілеті мен екпінінде оқи алады;
4. Өзінше ойлауды дамытады;
5. Дербестікке, өзінше шешім қабылдай білуге тәрбиелейді;
6. Өз қабілет-қарымына сенімді бекітеді.
Бұл менің көп жылдық тәжірибемде физика және информатика сабақтарын оқыту барысында іс-жүзінде дәлелденген тұжырымдар.
4.Оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ)
Оқытудың дәстүрлі техникалық құралдары. Көп жағдайда оқытудың техникалық құралдары деп техникалық қондырғылар және оларға қосымша арнайы дидактикалық материалдар жиынтығын айтады.
Соңғы 15-20 жыл ішінде орта мектепте физика кабинетін техникалық құралдармен жабдықтауда және оларды қолдану әдістемесінде елеулі өзгерістер болды. Қазіргі заманғы ОТҚ комплектісі және мектепте физика кабинеті толық жабдықталған дәстүрлі техникалық құралдарды арнайы атауға болады. Бірақ заман талабына сай дәстүрлі ОТҚ орнын қазіргі заманғы ОТҚ басады. ОТҚ-ның әртүрлі классификациясы бар. 1-сұлбада солардың біреуі көрсетілген.
Дыбыстық құралдар (аудио құралдар) - дыбыстық арна бойынша ақпарат тасымалданатын ОТҚ. Оларға радио және магнитофон жатады. Бұл жағдайда дидактикалық құралдар болып оқулық радиотасымалдаушы және магнитофонды жазбалар, мысалы, физикалық диктанттар, тексттер.
Көрермендік арнаға ақпарат тасымалдайтын экранды құралдарға, яғни ОТҚ, кодоскоп немесе пленкадағы кескінді проекциялайтын приборға графопроектор жатады; Эпидиаскоп - диапозитив пен қағаз бетіндегі кескінді проекциялайтын прибор (эпипроекция); диапроектор - диапозитивпен диафильмдерді проекциялайтын прибор (Свет, Кругозор, Протон, Горизонт, УП-3 фильмоскоп, Этюд, ЛЭТИ және т.б.).
Аудиовизуалды(экранды-дыбыстық) құралдар деп ақпартты бір мезгілде көрермендік және дыбыстық арна бойынша тасымалдайтын ОТҚ-н айтамыз. Оларға кинопроектор және кинофильмдердің демонстрациясы (Украина, Русь, Радуга және басқа), теледидар, бейнемагнитофон жатады. Соларды қарастырайық.
Диапозитив -статистикалық проекцияның басқа да құралдары секілді, экранда айқын кескін алуға мумкіндік береді. Өзінің мүмкіндігіне байланысты диапозитивтер қабырғалық кестелермен ұқсас. Алайда диапозитивтен алатын кескін кестеге қарағанда ірі бола алады, бұл оның артықшылығы.
Диафилъмдер кескін сипаттайтын және текстпен байланысқан қатаң түрде кезектесіп отыратын кадрлардан тұрады. Кадрлардың кезектесіп отыруы диафильмдерге қондырылған әртүрлі сұрақтардың түсіндірілу логикасына байланысты. Диапозитивтер мен диафильмдерді информацияның өздік көзі ретінде, мұғалім әңгімесінің көрнекілігі ретінде және оқытудың басқа құралдармен сәйкесінше қолдануға болады.
Кодоскоп көмегімен демонстрацияланатын транспаранттар, суреттер, сызбалар, тексттер мөлдір пленкада орындалады. Бұл транспаранттар арнайы немесе таза полиэтиленді пленкада жасалады. Оның үстіне суретті фломастермен немесе маркермен салады, ал тексті басады. Мөлдір пленкада терілген тексттің немесе суреттің көшірмесін жасауға болады.
Кинофильмді сабақ үстінде тұтастай немесе фрагменттермен көрсетуге болады. Ол мұғалім түсіндірмесінің көрнекілік құралы ретінде және жаңа материалды оқу барысында негіз ретінде қолдануға болады. Фильмнің демонстрациясы алдында оқушыларға фильм көру барысында жауап алатын сұрақтар қойған орынды және солардың негізінде талқылау ұйымдастыруға болады. Бұл оқушылардың көңілін фильмнің негізін түсінуге бұрады.
Кинофильмдерді диафильмдермен қатар қолданған ыңғайлы. Мысалы Жарықтың толқындық қасиеттері кинофильмін демонстрациялауда үзіліс жасап, құбылыстың толық түсіндіруіне қажет уақытта диафильмнен үзінділер көрсетуге болады.
Соңғы уақытта кинофильмдерді тираждалуы арзан болатын бейнефильмдермен алмастыруда. Бейне кассеталарға ескі оқулық фильмдерді көшіреді.
Сонымен қатар мұғалім сабаққа дайындалуда диафильм кадрлары, диапозитивтер, кестелер, оқулық тәжірибе және т.б. топтайтын бейне фильм түсіре алады.
Радиотасымалдаушылар оқушылар үшін қосымша ақпарат көзі болып табылады. Алайда олар оқылатын материалмен уақыт бойынша байланыспаған, сондықтан мұғалім ғылыми-танымал радиотасымалдаушыларды магнитофонға жазып алып, қажет ететін сабақтарға қолдана алады.
Магнитофонды жазба физикалық диктанттар өткізуде, статистикалық экранды оқулықтарды дыбыстандыру және оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруды қолданылады.
Сонымен дәстүрлі ОТҚ оқу процесінде үлкен мағынаға ие болды, ол оқушылардың оқыту-танытушылық қызметін ұйымдастыруда, көрнекілік құралы мен білім көзі ретінде қолданылады.
5. Оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдары (ОТҚ).
Қазіргі заманғы ОТҚ-на мыналар кіреді:
- бейнепроекторлер;
- қараңғылықта және кішкене жарықтандырылған бөлмеде жұмыс істейтін үлкен өлшемді экрандар;
- персоналды компьютер;
- бейне камерасы, бейне магнитофон және т.б.
Бұл ОТҚ-н белгілі жүйеде қолданған тиімді.
Көптеген Мәскеу мектептері мен Ресейдің басқа қалаларына енгізілген Школа будущего фирмасында жасалған А.В. Смирновтың нақты жүйені қарастырайық. Бұл жүйе басында АЖО - Мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс орны, ал кейіннен жаңа модификацияда ОАК (оқытушының автоматтандырылған комплексі) деп аталды.
Бұл комплекс тек техникалық шешім болып табылмайды. Бұны жасау барысында автор білім беру жүйесі алдында тұрған жалпы сұрақтардан және білім беру жүйесінің жүйелі ұйымдағы жаңа принциптерінен шығады, және принципиалды жаңа педагогикалық және әдіскерлік шешімдерге тоқталған.
Сонымен қатар ОАЖ бір мектеп түріне емес, оны физикалық оқыту технологиясының әр түрлі орта оқу ғимараттарында қолданылуға болады.
А.В. Смирновтың ОАЖ келесідей: комплекстің орталығы болып персоналды компьютер саналады. Ол бейне магнитофонмен қатар, түрлі түсті және қара-ақ ақпаратты ішкі проекциондық экранда көрсететін бейне проекторға шыға алады. Бейнеопроектор үлкен жарық ағынынын беретін (900 лм) болғандықтан, экранда кескін өте жақсы көрінеді.
Бейнеопроектор, диапроектор, проекциондық экран, терезе жапқыштарын және сынып-аудиториясын жарықтандыру дистанционды басқышпен (пультпен) басқарылады. Комплекс датчиктер, берілген тәжірибеде өлшенетін физикалық шамалардың мәнін экранда көрсету мүмкіндігі болатын аналогты цифрлық түрлендіргіштен тұрады.
Комплексте бейнекамерасы және фреймграбердің болуы мұғалімге визуалды ақпаратты магнитті лентаға жазып алуға мүмкіндік береді. Бұл оқыту процесінде мұғалімнің мүмкіндіктерін кеңейтеді, мысалы Вильсон камерасында элементар бөлшектердің тректерін экранда көрсетіп жазып алуға болады, электрлік және магниттік өрістегі плазманың көмегімен тәжірибе алуға болады. Магнитті лентадағы жазба сақталады, сөйтіп физика кабинеттерінде осындай тәжірибелердің бейне архиві пайда болады.
ОАЖ акустикалық аппарат және күшейткішпен байланысқан портативті магнитофонмен жабдықталған. Бұл мынандай мүмкіндіктер береді:
- магнитті лентаға жазылған текстерді дыбыстандыру;
- физика кабинеттерінде жағымды музыкалық ілестірілу жасауға болады.
Оқушылардың жеке жұмыстарын ұйымдастыру үшін басты телефондарды қолдануға болады.
ОАЖ көп пультті өлшеуіш-сұраулы жүйемен жабдықталған. Ол оқушылар үстелі үстінде орналастырылған, арнайы өңделген пульт желісімен қосымша-модульдер байланысқан ПЭЕМ базасында құрылады. Пульттердің әрқайсысы мынадай қасиеттерге ие:
- әр оқушының карточкасын арнайы оқитын кодтық қабылдағыш;
- зертханалық қондырғы пультіне қосылатын, физикалық шамалар нәтижесін ЭЕМ-на енгізу үшін айырғыш;
- қабылдағыштың растауы және жұмыс режимнің жарықтық индикаторлары.
Зертханалық жұмыстарда алынған ПЭЕМ нәтижелері көмегімен өңделген нәтижелер өңдеуден кейін әр оқушының сандық және графикалық формасына түседі.
ОАЖ-да бір ғана ПЭЕМ, бірақ мұғалім мұндай мүмкіндіктерге ие:
- олардың жауаптарының дұрыстығын автоматты түрде тексере отырып, барлық сынып оқушыларын тез сұрап шығу; қарапайым қателіктерді лезде айқындау және бүкіл сыныптың, әр оқушының материалды игеруін бақылау;
- зертханалық жұмыс мазмұнын жаңарту және өзгерту; сабақты конференциялар, іскер ойындар, сынақтар, сайыстар қолданып, жаңа түрде ұйымдастыру.
Комплектіге мұғалімнің тапсырма карточкалар - тапсырмалар, бақылау жұмыс текстері және т.б. үшін қолданылатын баспа қондырғысыда кіреді.
Оқыту процесінде компьютер функциялары.
Әдістемелік ғылым мынадай үш сұраққа жауап береді: не үшін оқыту, неге оқыту, қалай оқыту. Бұл сұрақтарға жауаптар ақпараттанған қоғам ғасырының жаңадан алып келген ақпаратты технологиялар - өңдеу, тасымалдау технологиясы, ЭЕМ көмегімен ақпараттың таралуы және тасымалдануы арқылы өзгеріп отырады. Осы технологиялардың жетілдіруіне қажет аппаратты және программалық құралдарды, жаңа ақпаратты технологиялар құралдары деп атайды (ЖАТҚ). Орта мектепке жаңа ақпаратты технологиялар құралдарын енгізу сұрақтарын өңдеумен әртүрлі жылдарда көптеген ғалымдар айналысты. Алайда ғалымдар программалау тілі мен жалпы оқыту процесін бақылауға көп көңіл аударған, тек соңғы жылдары ғана әдіскерлер жеке пәндерді оқытуда ЖАТҚ-н қолдану сұрақтарын қарастыруда, соның ішінде физиканы да.
Оқыту процесіне ЖАТҚ-н енгізу физиканы оқыту процесінде қолданылатын оқыту құралдарының ролін өзгертеді, ал жаңа ақпаратты технология құралдарын қолдану оқыту процесі жүретін оқыту ортасын өзгертеді. Жаңа ақпараттарды технологияның аппаратты құралдарына персоналдық компьютер, программалық құралдарға программалы-педагогикалық құралдар (ППҚ) деп аталатын арнайы өңделген дидактикалық материалдар жатады.
Соңғы жылдарда физиканы оқыту процесіне белсенді түрде персоналдық компьютер енгізілуде. Бұл келесі үш жағдайға байланысты. Біріншіден, барлық мамандықтар сферасын жалпылай компьютерлендіру процесі оқыту процесін де және мұғалім мен оқушының кез-келген пән сабағында компьютер көмекшіге айналды. Екіншіден, компьютер физик-зерттеушінің көп таралған құралына айналып, теориялық және эксперименталды физика тарауларымен қатар жаңа тарау - компьютерлік физиканы бөліп көрсетеді. Үшіншіден, информатиканың мектептік курсы, компьютер құрылымы, оның жеке элементтерін функционалдау принциптері сияқты сұрақтарына кездескенде физика курсының демеп отыруына мұқтаж болады. Бұл физика курсын оқушылардың үлкен қызушылығын туғызатын материалдармен қамтамасыз етеді.
Нәтижесінде компьютер физика курсында оқыту құралы және оқу пәні болып отыр. Оқыту құралы ретінде компьютер мұғалімнің және оқушының көмекшісі бола алады. Мұғалім үшін ол автоматтандырылған сыныптық журналында қойылатын сұрақтарына жауап алу және нәтижелерді өңдеу құралы, сабаққа дайындалу және демонстрацияларды өткізу құралы. Оқушы үшін тапсырмаларды орындау құралы. Сонымен екеуі үшін шынайы ғаламның моделдеу құралы.
Оқыту пәні ретінде компьютер екі бағытта қолданылады: қазіргі заманғы жаратылыстануда зерттеу әдісін оқыту; физикалық заңдар мен құбылыстарды оқыту.
6. Физикадан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz