Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Нокатов Жанболат ЮП 17-5

Сот өндірісінің әр түрлі сатысында соттық қорғау конституциялық жүзеге асыру мәлелері. Соттық қорғау пәні

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесі . . .

1. 1 Қазақстан Республикасының Сот жүйесінің түсінігі пәні мақсаты . . . 1. 2. Қазақстан Республикасының сот жүйесінің және оның құрылымы . . .

2 Қазақстан Республикасында сот төрелегін жүзеге асырудың конституциялық қағидалары

2. 1 Сот төрелігінің конституциялық негіздері . . .

2. 2 Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды».

Тәуелсіз сот билігі - демократиялық қоғамның ажырамас бөлігі. Заң үстемдік ететін құқықтық мемлекетті орнықтыруға жәрдемдесу - сот төрелігі органдарының негізгі міндетін қысқаша осылай тұжырымдауға болады. Сот жүйесі түбірлі өзгерістер жүзеге асып жатқан жауапты кезеңді бастан кешіріп жатқан қазіргі кезде мұның өзі ерекше және өзекті мәселе болып табылады.

Соттардың мемлекеттік биліктің өз алдына бөлек тармағы ретінде қалыптасуын біз реформаның басты нәтижелерінің бірі деп есептейміз. Соттардың басты мақсаты - азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, Конституцияның сақталуын және республика заңдарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Және де бүгінгі таңда азаматтардың құқықтары сот арқылы әділ қорғалатындығы жөніндегі сенімді өз бойында қалыптастыруы өте маңызды. Сондықтан да біз сот-құқық саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа өзгерістердің түпкі нәтижесі қоғамның реформаға негіз етіп алған идеяларды қалай қабылдайтындығына және оларды қолдайтындығына байланысты екенін айқын түсінеміз. Осы мән-жайдың өзі біздің интернетте өз бетімізді ашу туралы шешім қабылдауымызға түрткі болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Егер Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге де бір ескерту айтылмаған болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтарына белгіленген міндеттерді атқарады.

Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады. Оның алдына қойылған мақсат - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету

тасыз ету. Осы курстық жұмыстың басты мақсаты сот билігінің биліктің бөлек тармағы ретінде қоғамда атқаратын қызметін жан-жақты қарастру.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ ЖҮЙЕСІ

1. 1 Қазақстан Республикасының Сот жүйесінің түсінігі пәні мақсаты

Қазақстан Республикасы сот жүйесінің түсінігі және оның ерекшеліктері

Қазіргі азамат өркениетінің алдыңғы қатарлы құндылықтарының және әлемдік саяси ойдың даму сатылары мен бүгінгі бағыттарын білу қазақ жұртшылығына аса қажет. Қазіргі таңда мемлекеттің өзі түбірлі, күрделі өзгерістерге ұшырағанын көреміз. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына сот жүйесінің тигізер әсері де, мәні де жоғары. Демек, Қазақстан Республикасындағы сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасының сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады, » - деп Ата заңымызда бекітілген. Мемлекет Басшысы Н. Ә. Назарбаев Судьялардың IV сезінде сөйлеген сөзінде сот - құқықтық реформа «сот жүйесінің тиімділігіне байланысты түбегейлі проблемаларды шешуді көздейді, бұл мемлекеттің әрі қоғамның басты назарында болуы керек деп атап көрсеткен». Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жылдары биліктің басқа тармақтары тәріздес сот жүйесінде де біршама реформалар жүргізіліп, демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекеттің қажеттілігі негізінде, сонымен қатар жаңа заман талабына сәйкес жетілдіріліп, даму үстінде.

Әрине, ең алды, сот жүйесіне қатысты, оның ұйымдастырылып, қызмет етуінде, қолданылатын: сот билігі, сот төрелігі, юстиция, сот, сот жүйесі, мамандандырылған соттар сияқты терминдерге назар аударып, соларға тоқталайық. Ол үшін ең алды анықтамалық сөздіктерге тоқталсақ.

Юстиция (лат. justitia - әділет, әділеттілік) - сот мекемелерінің, олардың әділсотты жүзеге асыру жөніндегі іс - әрекетінің бүкіл жиынтығын білдіреді. Юрисдикция (құқықтық құзыр, іс қарау уәкілеті) - тиісті мемлекеттік органдардың құқықтық дау-дамайлардың шешімін тауып, құқық бұзушылық субъектісінің әрекеттерін заңдылық тұрғысынан бағалап, тәртіп бұзушыларға заңи шаралар қолдануға қатысты уәкілеттіктерінің жиынтығы. [Юстиция- (лат. justitia - әділеттілік, заңдылық) -сот мекемелерінің жүйесі. Юрисдикция - (лат. jurisdiction - сот өнідірісін жүргізу) - соттың құқықтық мәселе бойынша шешім қабылдау құқықтылығы .

Міне, жалпы юстиция терминін көрдік. Осыған мысал ретінде, қарастырар болсақ, әскери әділет - әскери - сот мекемелерінің жиынтығы. Әкімшілік юстиция - әкімшілік - сот мекемелерінің жиынтығы, сол сияқты басқа да юстицияны қарастыруға болады. Енді осы сот билігін қарастырайық.

Баршамызға аян жәйт, осы «сот билігі» терминінің өзін ғылыми тұрғыдан зерттеудің өзі, ҚазКСР тұрмақ, бүкіл КСРО - ң өзінде тек ХХ ғ. 80 - жылдары ғана мүмкін болды, міне осы уақыттан бері ғана зерделеніп келе жатқан бұл билік түріне әрине қайта үңіліп, зерттеп өту қажеттілігі туындайды.

Осыған орай заңгер - алымдардың еңбегіне жүгінейік. Әрине, тарихқа үңілетін болсақ, билікті тармақтарға бөлу теориясының негізін қалаушы бұл Ш. Л. Монтескье болып табылады. Ол өз заманында осы сот билігінің мемлекет билігі ортасынан, ерекше мәртебесін бөліп көрсете білген.

Осы билікті бөлу қағидасына қазіргі таңда қазақстандық ғалымдардың мысалы, Ө. Қ. Қопабаев, К. К. Айтхожин, Қ. А. Жиренчин, Қ. Ә. Мами, Ғ. С. Сапарғалиев және т. б. еңбектері жетерлік, бұл мәселе жанжақты зерттелді деуге болады. Ал, бұл зерттеуде сот билігінің билік тармақтарымен қарым - қатынасы емес, тек өзінің жекелей алатын орны соған анықтама беру болып табылады, өйткені билік тармақтарын зерттеудің өзі бөлек мәселе.

Қазақстан мемлекеттігінің қазіргі қалыптасуы, дамуы және жетілуі жағдайында ең алдымен, мемлекеттік биліктің барлық тетіктерінің жан - жақты жұмыс істеуіне қол жеткізетін аса маңызды құрал ретінде сот билігі тармағының рөлі мен маңызын жаңа сапада зерттеу қажеттігі туып отыр, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының Негізгі заңының 1 - бабында жарияланған конституциялық негіздеменің «лайықты жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті фактор да болуға тиіс» - деп көрсетеді өз еңбегінде қазақстандық ғұлама заңгер ғалым Ө. Қ. Қопабаев. Осынау мәселе бойынша Қазақстанның ұлы ғалым заңгері, құқықтық ғылымның, әсіресе сот билігі, сот жүйесінің дамуына көп үлесін қосқан з. ғ. д. К. Х. Халықовтың пікірін келтірген жөн.

Ол қазіргі Қазақстандық заң ғылымы тұрғысынан сот төрелігіне де, сот билігіне де төмендегідей түсінік береді. Сот төрелігі - бұл қоғамдық қатынастарды қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің құқықты нақты қоғамдық қақтығыстарға қажет болған жағдайларда мәжбүр ету шараларын пайдалана отырып қолдану жолымен жүзеге асырылатын ерекше түрі. Сонымен қатар, сот билігі - мемлекеттің азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, барлық органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі, сондай - ақ демократия, әлеуметтік әділеттілік, ізгілік, патриотизм мен заңдылық принципі негізінде Конституцияны, заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі ерекше қызметі болып табылады. Міне, бұл ғалымның берген анықтамалары осындай.

Қ. Мәми өз еңбегінде, осы мәселеге келесідей анықтама береді: «сот билігі - біріңғай мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы, ол Конституциямен бекітілген және мемлекет атынан тек соттармен жүзеге асырылады. Соттар арнаулы мемлекеттік орган ретінде заңмен көзделген негізде құқықтық дауларды, істерді және өзге де жүктелген міндеттерді, адам құқығын, бостандығын, мемлекеттің, мекеменің мүддесін қорғау мақсатында жүзеге асыруға өкілетті. Ол мемлекет тарапынан мәжбүрлі түрде іске асырылатын, бүкіл аумаққа таралатын, орындалуға міндетті шешімдер қабылдауға құқылы» - міне осынау толық түрдегі анықтаманы көруге болады.

Сонымен, «сот билігі» түсінігін қарастыру мақсатында Ш. М. Шарипов Судьяның тәуелсіздігі» атты еңбегінде көптеген ғұлама заңгер ойшыл - ғалымдардың: Ш. Л. Монтескье, К. Ф. Гуценко, В. М. Ковалев, Н. А. Бекбергенов, К. Х. Халиков тағы да басқаларының берген анықтамалары мен көзқарастарымен келісе отырып бір нақты тұжырым жасайды. Демек, сот билігі деп мемлекет атынан, оның өкілетті органы сот арқылы азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, республика Конституциясы мен заңдарының, өзге де нормативтік - құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының атқарылуын қамтамасыз ету үшін заңның негізінде және ол орнықтырған тәртіптер мен процессуалдық нысандарда, қажетті жағдайларда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын, өз алдында дербес әрі тәуелсіз мемлекеттік биліктің тармағы ретінде түсіну дұрыс болар еді деп көрсетеді.

Б. Д. Мақұлбековтың ойынша - Сот - іс жүргізу тәртібіне сәйкес өзінің құзырына жатқызылған қылмыстар мен іс - әркеттер туралы, мемлекеттік биліктің өзге де органдары мен институттарының және лауазымды адамдардың азаматтарға қатысты әрекеттерінің заңдылығы туралы істерді қарайтын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай - ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдардың және шаруашылық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, қажет болған жағдайда, заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүр ету шараларын пайдалана отырып, құқық қолданатын, Конституцияның, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ететін ерекше, тәуелсіз және тек заңға бағынатын орган - деген көзқарас бар.

«Сот» және «сот билігі» ұғымдары бір емес - деп жазған Ж. Р. Аланов Атырау обл. сотының төрағасы өз мақаласында. Оның пайымдауынша олар мәні бойынша да, тарихи түбірі бойынша да ажыратылады. Жалпы ұғым негізінде «сот» - дау мәселелерін шешу мекемесі. Тарихи әлеуметтік құбылыс жағынан сот мемлекетпен бірге пайда болды деуге болады.

«Сот билігі» терминінің сот немесе сот жүйесінің тұрғысынан алғандағы түсінігінде соттың атқаратын қызметі мен оның құрылымының ерекшелігін баса көрсете отырып, басқа мемлекеттік органдармен салыстырғандағы атқаратын рөлін айқындап көрсету үшін қолданылады. «Сот билігі» түсінігіне анықтама беру күрделі процесс. Оның қазіргі заманғы жағдайдағы түсінігі тәуелсіз де, сонымен бірге билік бөлу жүйесінен бірден - бір ерекше орын алатын халықтық билік жүйесі мен құқықтық мемлекеттік өкіметтің құрамдас бөлігі деп қарауға жатады - деп өз көз - қарасын білдіреді.

Енді осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының немесе өзге басылымдағы сөздіктерге назар аударып көрсек. Ал, ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігінде, мынандай көрініс бар. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Республикадағы сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік - құқықтық актілерінің, Республиканың халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.

ҚР Конституциясынан қарастырар болсақ, мұнда арнайы «Сот және сот төрелігі» деп аталатын - VII бөлім бар. Осы бөлімнің 75 - бабының 1 - тармағында, - Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады, ал 2-тармағында, - Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады делінген.

Келесі 76-баптың 1 - тармағында, - Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды. 2 - тармағында, - Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады деп бекітілген.

Осы сот билігі жөнінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 ж. 25 желтоқсандағы Конституциялық заңынан көрейік. Бұл заңның «Жалпы ережелер» деген 1- бөлiмінің 1- бабында «Сот билiгi» деп аталады. Мұнда Ата заңның аталмыш бабын тереңірек қарастырған. Осы 1- бапта, - Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқабилер арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кезкелген заңсыз шешiмдерi мен iс - қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады, - делінген .

Демек, осы қарастырған мұндай анықтамалардың өзінде сот билігінің бүкіл қызметі (функциясы), мақсаты, белгілері, өкілеттігі, бағыты және де қандай жолмен, кімнің орындайтыны толықтай дерлік қамтылған. Бұлардың барлығын жеке - жеке қарастырып та анықтама беруге болады. Өйткені, негізгі анықтамадан қалғандары таралатыны анық. Әрине, мұндай анықтаманы тек күрделі, кең мағынадағы анықтама деуге болады. Әдетте, оның қысқаша түрін, яғни тар мағынада түсіндіруге де болары анық, тек қана «сот билігі - дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру мақсатында.

Сонымен, сот билігі - мемлекеттің билік тармағының бірі ретінде қоғамда құқықтың бұзылуына байланысты туындайтын дауларды Конституцияны (заңдарды) негізге ала отырып шешуді мақсат ететін ерекше қызметі болып табылады деп қысқаша негізде ғана анықтама көрсеттік.

Осы сот билігін жүзеге асыруда сот органдарының рөлі аса зор, өйткені мықты, жан - жақты толық қамтылған «сот жүйесі» өз еліне тек қажетті тірек болатыны анық. Қазақстан Республикасының «сот жүйесі» - Қазақстан Республикасындағы барлық соттардың жиынтығы, олардың жалпы міндеттері, ұйымдастырылған және бірыңғай демократиялық принциптері сот төрелігін жүзеге асыруда бір - біріне өзара байланысты деген анықтаманы салалық ғылыми түсіндірмеден көреміз.

Ал, ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігінде, келесідей айтылған: Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі - Қазақстан Республикасындағы барлық соттардың жиынтығы, олардың жалпы міндеттері, ұйымдастырылған және бірыңғай демократиялық принциптері сот төрелігін жүзеге асыруда бір - біріне өзара байланысты болады.

«Мемлекеттік органдардың құқық қолдану қызметінің қоғамдық қатынастарға тиімді құқықтық әсер етуде өте маңызды рөл сот жүйесіне беріледі. Өйткені, ол сот билігін жүзеге асырушы ретінде танылады, ал соттар (судьялар) сот жүйесін құрайтын элементтер болып табылады. Ол, әсіресе қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр, себебі демократиялық жедел қарқынмен қалыптасып, дамып келе жатқан құқықтық мемлекет, қоғамның демократиялық институттары, және де адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктердің артуынан көрінеді», - деп өз пікірін білдіреді.

Осыған орай бір айта кетер жәйт, белгілі заңгер - ғалым Б. Тұрғараев өз еңбегінде осы мәселе бойынша өз пікірін білдірген: «Сот жүйесін соттардың жиынтығы ретінде қараудың қалыптасқан түсінігі оның көп қырлылығын көрсетпейді. Сот жүйесінің құрамына кіретін сот жүйесі мен соттар жүйесін ажыратып қарауды ұсынды. Сот жүйесі өзара байланысқан элементтердің: сот әділдігін ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін соттар жүйесі мен басқа да органдардың жиынтығы ретінде зерттеді. Өзінің заңдық бекітуін алған сот жүйесінің элементтері сот жүйесі де, соттармен тікелей байланысты басқа да мемлекеттік құқықтық институттар: Жоғары Сот Кеңесі, Әділет біліктілік алқасы, судьялар қоғамдастығы, Сот әкімшілігі жөніндегі Комитет болып табылады», - деп көрсетеді .

Әрине, бұл жердегі Әділет біліктілік алқасы қазіргі уақытта таратылған. Мәселе мұнда емес, «сот жүйесі» ұғымында болып отыр. Осы айтылғандарға байланысты өз көзқарасымды білдірген жөн болар. Демек «сот жүйесі» және «соттар жүйесі» деп бөлек қарастырудан, яғни бұл сөз тіркестерін бөлек атаудан гөрі «сот жүйесі» анықтамасына тереңдете түсінік берсе болғаны, өйткені бұл үшін Ата заң нормасы және Конституциялық заңның да нормасы бар.

Әрине «сот жүйесі» деп білетін жоғарыдағы анықтамаға қоса, оны тереңірек түсіндіретіндей етіп, яғни кең мағынада баяндау қажет болар, мысалы, «сот жүйесі» - бұл барлық соттардың жиынтығы, олардың жалпы міндеттері, ұйымдастырылған және бірыңғай демократиялық принциптері сот төрелігін жүзеге асыруда бір - біріне өзара байланысты және де сот әділдігін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге атсалысатын басқа да элементтердің (органдардың) жиынтығы - деп түсінік беруге болар деген тұжырым жасамақпыз. Ал, сот жүйесінің жүзеге асырылуындағы қажетті элементтерді -«сот жүйесінің элементтері» деп жекелей қарастыруға болады, яғни аталмыш органдарды (институттарды) . Сонымен, заң әдебиеттерінде «сот жүйесі» терминін тар және кең мағынада қарастырған дұрыс шығар. Міне, «сот билігі», «сот жүйесі» сөздерін тереңірек қарастырдық.

Ендігі кезекте сот - құқықтық реформалаудың елеулі нәтижесі осы сот жүйесіне енгізілген мамандандырылған соттар түсінігіне тоқталсақ. Осыған орай «арнайы», «арнаулы», «мамандандырылған» деген сөздердің мағынасын ашып қарастыру қажет. Ол үшін әрине, сөздіктерге назар аударған жөн.

ҚР Конституциясының 75-бабының 4-тармағында арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді деп бекітілген. Егерде осы бапты орыс тіліндегі мәтініне тоқталсақ, онда « . . . учреждение специальных и чрезвычайных судов под каким-либо названием не допускается», -деп көрсетілген. Міне, осыған орай бірқатар анықтамалық, түсіндірмелі сөздіктерді қарастыру жөн болар. Сонымен, кейбір терминдердің қазақ тіліне аударылуын қарастырсақ. Мысалы: «специализированные суды» -мамандандырылған соттар; «специальный - арнаулы»; « специализация мамандандыру», деп аударған арнайы сөздікте. Тағы бір сөздікте арнайы - белгілі бір мақсатпен әдейілеп, ерекшелеп, өз алдына, жеке-дара; арнаулы - жеке бір нәрсеге әдейілеп жолдаған, арналған; мамандандырылған - белгілі бір өндірістік бағыттқа арналған, - деп аударылғанын көреміз. Арнаулы соттар (специальные суды) - бірқатар мемлекеттерде ортақ сот жүйесіне кірмейтін ерекше түрдегі сот органдары, олар жекеленген категориялы істерді қарайды (мысалы, патенттік, кеден ісі соттары) .

Мамандандырылу (специализация) - (лат. specialis - ерекше) - белгілі бір салада арнайы білім және дағды жинау (алу) . Арнаулы (специальный) - (лат. specialis- ерекше) -

1) белгілі бір мақсатқа арналған;

2) қоғамдық өмірдің белгілі бір саласына жатқызылған (мысалы, өндіріс, ғылым, техника саласы) . Мамандандырылған (специализированный) - белгілі бір арнайы салада қызмет атқаруға негізделген, ерекше арнайы бағыты бар. Арнаулы (специальный) - ерекше, шектелген түрде бір нәрсеге арналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот жүйесінің даму мәселелері
Қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы сот билігі жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Әлеуметтік құқықтық саясатының түсінігі
Сот билігінің ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz