Абайсызда жасалатын қылмыстар мен қасақана жасалатын қылмыстардын өзгешілігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 АБАЙСЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Абайсыздық ұғымының негізгі түсінігі мен сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5
Абайсыздықтың түрлері және криминологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ..10
2 АБАЙСЫЗДЫҚТЫҢ КІНӘ НЫСАНЫ РЕТІНДЕГІ МАҢЫЗЫ МЕН ШЕШУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Абайсызда жасалатын қылмыстар мен қасақана жасалатын қылмыстардын өзгешілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Абайсызда жасалатын қылмыстар үшін қолданылатын жаза түрлері ... ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Соңғы уақытта абайсызда жасалған қылмыстарға көп көңіл бөлініп жүр. Біріншіден, осы қылмыстардың көптігімен сипатталады, екіншіден ғылыми-техникалық дамуына байланысты осы мәселені шешудің жаңа шешімін табуды талап етеді.
Негізінен алғанда абайсызда жасалған қылмыстар қылмыстың обьективті түрде жалпы бөлімін құрайды. Сонымен қоса, ғылыми-техникалық дамуға байланысты осы қылмыстар көбеюде. Қазіргі таңда абайсызда жасалған қылмыстармен күресу мәселесін жандандыру, бұл осы қылмыс түріне қолданылатын жазалардың сапасына байланысты. Алайда, казіргі кезде осы қылмыстар үшін қолданылатын жазалар жүйесі әлі толық жетілдірілмеген, сондықтан осы мәселеге көп көңіл бөлу қажет деп ойлаймын.
Қазіргі таңда ғылыми - техниканың дамуына байланысты ғалымдарды осы абайсызда жасалған қылмыстар ғана емес, сонымен қоса оның құрылымы мен даму үрдісі алаңдатады. Сонымен қатар абайсызда жасалған қылмыстар басқа да қылмыстармен тікелей байланысты. Осыған орай көптеген ғалымдар абайсызда жасалған қылмыстар туралы өздерінің ой-пікірлерін айтқан болатын. Мысалғы, В.В.Лунеев Құқыққа қайшы әр түрлі кейіптегі жүріс-тұрыс нысандарының арасында құқықбұзушылықпен қылмыстылықтың байланыс жағдайын бейнелейтін статистикалық тәуелділік бар- дейді [1]. Және абайсызда жасалған қылмыстармен күресудегі тиімділікті зерттеген уақытта , ең алдымен оның әлеуметтік ортаға қалай әсер ететінін және қауіптілік дәрежесін ескеру қажет. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында технологиялық процесс ережесін сақтамау, заңдылықты бұзу үлкен зардапқа әкеліп соғуы мүмкін.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны - заңға қайшы келетін абайсыз мінез-құлықтарға қарсы күресті күшейтуді талап етеді, себебі техникаларды пайдалану саласындағы заңсыздықтардың көбісі абайсыз қимыл-әрекеттердің салдарынан болып жатады.
Жұмыстың өзектілігі. Әлеуметтік процесс өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуын ғана емес, қондырманың да қаншалықты жетілдіргендігін көрсетеді. Сондықтан да қоғам дамуында болып жатқан өзгерістер құқық қорғау институттарында әсер етпей қоймайды. Олай болса, абайсызда болатын қылмыс проблемаларын шешу үшін, алдымен адамдардың аңдаусыз мінез-құлқын қылмыстық құқылық тұрғыдан ретке келтіру саласына өзгеріс ендіру керек, өйткені абайсызда болатын қылмысты тудыратын қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік байланыстардың ауқымы тым кең.
Бұл проблеманың түйіндісі мен іс жүзіндегі маңыздылығы сонда, қылмысқа бастайтын абайсыздық-негізінен адамдардың қауіпсіздігін, денсаулығын, тиімді еңбегі мен түрлі маңызды салалардағы әлеуметтік пайдалы қызметін қамтамасыз ететін негізгі шарттарды қылмысты түрде бұзу сияқты әрекеттерді қамтиды.
Абайсызда жасалатын қылмыстардың ішіндегі ең қауіптісі және ауыр зардаптарға әкелетіні адамның техникамен қарым-қатынасы болып танылады. Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Абайсыздық үшін жауапқа тарту - қылмыстық істегі күрделі проблемалардың бірінен саналады. Ол ежелден - ақ ғалым -заңгерлердің назарын аударып келеді. Абайсызда жасалған қылмысқа байланысты заңсыздықтарда дамытуға С.В. Бородин, Т.С. Дагель, Н.И.Загородников, И.И.Карпец, В.Ф.Кириченко, В.В.Клочков, Г.А.Кригер, В.Н.Кудрявцев , Н.Ф. Кунецова, И.П. Лановенко, Н.СЛейкино, В.Г. Скворцов, Т.В.Церетели, Е.Қайыржанов, А.Агыбаев, В.Нерисян, Б.Здравомыслов, В. Квашис тағы баска ғалымдар көп үлес қосты, осыған орай абайсыздықтың азмұнын, оның негізгі түсінігін және құқық жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау.
Соған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Абайсыздық ұғымының негізгі түсінігі мен сипатына тоқталу;
Абайсыздықтың түрлері мен оның криминологиялық сипаттамасын ашу;
Абайсызда жасалатын қылмыстар мен қасақана жасалатын қылмыстардын өзгешілігіне талдама жұмыстарын жасау;
Абайсызда жасалатын қылмыстар үшін қолданылатын жаза түрлерін сипаттау болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - абайсыздықты кінә нысаны ретінде қарастыру болып саналады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

АБАЙСЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Абайсыздық ұғымының негізгі түсінігі мен сипаты

Абайсыздық қылмыскерлігі де жаппай әлеуметтік құқықтық құбылыс сияқты қоғамның белгілі бір даму кезеңінде өмір сүретін қылмыс туралы жаппай түсініктің құрамды бір бөлігі болып табылады.
Абайсыздық қылмыскерлігі жөніндегі түсініктің негізіне
Казақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 21 бабына сәйкес абайсыздық салдарынан жасаған қоғам үшін қауіпті әрекеттер немесе әрекетсіздік жатады. Сондықтан да абайсыздық салдарынан болатын қылмыскерлік жөніндегі түсініктің мазмүны қылмыс туралы
зандылыққа онда көрсетілген абайсыздықган болатын қылмыстардың тізіміне және олардың сипатына сәйкес болады.
Абайсыздық қылмыскерлігі дегеніміз белгілі бір мерзім ішінде қоғамда абайсыздық салдарынан жасалған заңсыздықтың жиынтығы. Сондай-ақ ол түрлі қылмыстардың жай ғана қосындысы емес белгілі бір әлеуметтік зандылықтарға сәйкес өзінше дамып отыратын құрылымы бар қылмыстардың бірегей жиынтыгы болып табылады.
Абайсыздықтан жасалған қылмыс, абайсыздықтан болатын қылмыскерлік, қылмыскерлік түсініктердің өзара қатынасы жеке, ерекше және жалпы деп аталатын категориялар қатынасын диалектикасын көрсетеді бұл жерде жеке деген ұғым абайсыздық салдарынан болған нақгы бір қылмысты, ал жалпы үғымы- бүкіл қылмыскерлікті білдіреді. Бірақ, бұл жеке және жалпы деген екі категорияның арасын абайсыздық қылмыскерлігі байланыстырып отырады.
Сонымен, абайсыздықтан болатын қылмыскерлік, жалпы қылмыскерліктің бір бөлігі ретінде каралуы тиіс. Жалпы қылмыскерлікке тән таптық касиет, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде өмір сүру заңдылығы, оның пайда болу себебі, жағдайы және жою жолдары туралы жалпы кдщда сияқты белгілер абайсыздық қылмыскерлігіне де тән.
Кылмысты криминалогиялық жүйелеу ісінде абайсыздық қылмыскерлігі ерекше топқа жатқызылады, баскаша айтканда, ол -жалпы қылмыскерлік кұрылымында дербес элементке ие. Бүл дербестік абайсыздық салдарынан болатын қылмыскерліктің ерекшеліктері мен айқындалады:
аайыптың түрі бойынша, яғни, қылмыс жасаудың
психалогиялық механизмі бойынша;
әқылмыс жасаудың әлеуметтік - психологиялық себептерімен қылмыскердің мінез - құлқы бойынша;
бсол қылмыстар жасалынатын қызмет салалары бойынша;
в келтірген зардабы бойынша;
Абайсыздықтан болатын қылмыс қасакана қылмыстан ең алдымен жасаган бабының түріне қарай ерекшеленеді. Соған орай қасақана жасалатын қылмыстың психологиялық механизімінен оның айырмасы сол адамның өзі істеген ісінің қоғам үшін каншалықты қауіпті екенін және оның қоғамға қандай зардап әкелетінін қалай түсіретіндігіне байланысты. Абайсыздық қылмысын жасауны адам өз ісінің қоғамға қаншалықты кауіпті екенін білмейді: ол қоғамға зиян келтіргісі тіпті оған жол бергісі келмейді. Ойткені ондай зардаптың мүмкін болатынын ол алдын ала көріп біле алмайды немесе оны болдырмауға , алдын алуга болады деп сенеді.1
Бүл жерден абайсыздықтан қылмыс жасайтындарға сипаттама берудің мынадай ерекшіліктері туындайды: қасақана қылмыс жасаушылар ерікті немесе еріксіз түрде өзін қогамдық мүддеге қарсы қояды, ал абайсыздық қылмысының әлеуметтік - психологиялық себебі абайсыздық, қоғамдық тәртіп ережелеріне жауапсыз караудан болады. Сондықтан да абайсыздықтан қылмыс жасаушылардың қасақана қылмыс жасаушыларға қараганда өнегелілік сапасы көбіне жоғары болуы мүмкін.
Абайсыздық қылмыстары өндірісте, транспортта, басқару жүйесінде, медицина практикасында, түрмыста, т.б. салаларда үшырасуы мүмкін. Оның кауіптілігі қылмыстың қай салада болатындығына, қылмыскердің кандай құрал-жабдықты пайдаланғандығына байланысты. Келтірілген зардаптың қаншалықты ауырлыгы да осыған карап өлшенеді. Әсіресе, техникаларды пайдалану мен баскару жүйесіндегі кәсіби абайсыздық салдарынан туындаутын қауіп аса зор болмақ.
Осы жерден абайсыздық қылмысының тағы да бір ерекшелігі туындайды: қасақана қылмыс жасаушының мінез - құлқы азындық деңгейі істеген қылмысының деңгейіне сай келеді, ал абайсыздық қылмысы кезінде ондай сәйкестік болмайды. Қылмыска әкеп соққан абайсыздықтан келген зиян айыпкердің өнегелілік бұзылу деңгейімен емес, оның қызмет саласымен, пайданылатын қүрал-жабдықтарының ерекшеліктерімен, қылмысты істің себебімен, айыпкер үшін кездейсоқ болып табылатын тағы да басқа көптеген жағдайлармен айқындалады. Сондықган да абайсыздық қылмысы кезінде адамның жеке басы әлеуметтік-өнегелі мінездемесі мен келген зардаптың арасында ал тен түйедей айырмашылық болуы мүмкін.
Қылмыскерлік түрлі белгілер мен көрсеткіштер арқылы сипатталатын аса күрделі әлеуметтік - қуқықтық қүбылыстан басталады. Сондықган да оған қылмыстық ауырлығына, қылмыс обьектісіне, қылмыс санына, оны жасау әдісіне түрлі белгілері бойынша тлдау жасалады. Қылмысты криминалогиялық талдап, қорытудық маңызы зор. Бүл тұрғыдан алынғанда оны үш топка бөліп қарайды: пайдакүнемдік қылмыстар, зорлық - зомбылық қылмыстары , лауазым иелерінің немесе мамандардың кәсіби міндетерін қасакана бүзуы арқылы жасайтын қылмыстары. Бүл, әрине, қылмыстардың негізгі түрлерін топтау ғана, ал олардың арасында қылмыстық неше түрлері жатыр. Профессор П.С.Дагель осы жіктеудің қатарына дербес топ ретінде абайсыздық қылмыскерлі ең қосуды үсынады.
Сонымен, абайсыздық қылмыскерлігі дегеніміз - қылмыскерлік жөніндегі ауқымды түсініктің бір бөлігі, оның қүрылымының дербес элементі ғана.
Қылмыстық абайсыздыққа жасалған жоғарыдағы талдаудан байкадынымыз, негізгі заңның 21 бабымен Казақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 21 бабында берілген анықтамага талас жоқ деп айта аламыз. Г.А Злобин мен Б.С.Никифорв бүл анықтама қоғамдық қауіпті күбылыспен күресің өмірлік мүқтажына жауап бермейді. Сәйкестіктен шығар жалпы абайсыздықтың жалпы анықтамасын қайта қүрудан іс іздеген жөн дегенді айтады.
Қазіргі қолда бар, абайсыздық анықтамасының кемістіктері ретінде мыналарды атап айтады: айып жөніндегі жалпы түсінік пен ішкі ниетті айқындаудағы сәйкессіздік, абайсыздық жалпы белгілерін айқындауда субьектінің ізі істеген ісіне қалай кдрайтындығының ескерілмеуі , бүл анықгаманың Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі кейбір абайсыздық қылмыскерлігі күрамының тіркесімен сай келмеуі, заң шеберіне сыйыспайтын баскд да абайсыздық қылмыс түрлерінің нақты өмірде ұштасуы.
Абайсыздық қылмыскерлігін - тәртіптің абайсыз айтуы сияқты тең түсініктің бір бөлігі ретіңде қарау керек. Тәртіптің абайсыз айытуы дегеніміз - қоғамға немесе белгілі бір әлеуметтік топқа зардап келтіретін немесе кауіп тудыратын мінез-құлық құбылысы. Мұндайда қылмыс бүл қауіпті түсінбеуден, одан келер зардапты елемеуден немесе ол зардапты болдырмауға деген сенімінің күштілігімен жасалады. Бұл жерде, айта кету керек, субьектінің қауіпті сезінуге, оның алдын - ала толық мүмкіндігі бола тұра, ол мүмкіндікті іс жүзінде асыра алмаған жағдайы мысал ретінде алынып отыр.
Абайсыздық салдарынан болатын айыптың қасақана жасалатын қылмыска карағанда психологиялық механизмінде, қоғамға келер зардап пен субьектінің ерік-түйсігі арасындағы байланысы да баскаша болады. Субьект ол зардаптың болатын алдын-ала болжамайды ұқыпсыздык немесе олай болмайтынына сенеді өзімшілдік. Бұл екі жағдайда да ол қоғамдық мүддеге үқыпсыздық көрсетеді, баскаша айтканда, тиісті сақтық шараларын жасамайды, осылайша үқыпсыздық пен өзімшілдіктің аяғы абайсыздыққа апарып согады.1
Өзімшілдік тұсында сақгықтың жеткіліксіздігі субьектінің қоғамға қауіп төндіретін зардапты болдырмаудың алдын-алуға байланысты жағдайларға беретін бағасынан байқалады субьект бұлжағдайлардың
жеткіліксіз екенін алдын ала көре білмейді; үқыпсыздық тұсында
бүл абайсыздық болған істің өзіне кдтыстылығынан көрінеді субьект,одан қоғамға келер ауыр зардапты алдын-ала көре білмейді.
Сондықтан, абайсыз іс әрекетің салдары субьектінің еркінен тыс
болады, оның мәні мен мақсатына кірмейді, керісінше, көбінесе қарама-кайшы келеді.
Бірақ абайсыздық әрекеттерінің бәрін бірдей ырықсыз импульстік іс-әрекет жүйесіне жатқызуға кдрсылар да жоқ емес. Әдетте, ерікті іс-әрекет пен ырықсыз іс-әрекетті бір-бірінен айыра білу үшім, оның келтірген зардабына емес, субъектінің мінез-құлқына, яғни, ол бұл әрекетті саналы түрде жасады ма , жоқ ырықсыз акті ме, міне осы жағына қарайды. Олай болмаған жағдайда кез-келген іс-әрекетті ырықсыз деп тануға болады, өйткені, алдын-ала болжап, біліп, кдлап жасаған іс-әрекетке карағанда мүның зардабы ылғи да кісі ойламағандай орасан зор және үнамсыз болып шығады. Абайсыздық айыптарының тагы да бір ерекшелігі сол - онан келген зардап субьектінің әрекеті үшін кездейсоқ болып табылады. Бұл, әсіресе, қауіпсішк ережелерін бұзу салдарынан болатын техникалық абайсыздыққа катысы. И.П. Лановенконың техника кауіпсіздігі ережесін бұзуға жасаған талдауы көрсеткендей, ауыр немссе адам өліміне әкеп соққан әрбір жағдайға жеңіл жарақатпен аяқталған ондағы ұсақ тәртіп бүзушылықтан келеді екен. Ал жеңіл жарақатпен сәтті аяқгалған жағдайлардың өзара қатынасы бірге оннан, немесе бірге жиырмадан келеді. Автор былай дейді: "Практикада техника кдуіпсіздігі ережесінің бүзылуы деңгейі бірдей бола тұра, айыпты адамның онан әрі коңіл-күйіне, тәртібіне қарамастан, ол жағдайдың кейде өлімге, ауыр жарақатқа немесе жеңіл жарақатқа әкеп соғатыны белгілі. Көбіне ешқандай қауіп тудырмайтын кезі де болады". Әрине бұл айтқанымда абайсыздық қылмысының бәріне бірдей тура келе бермейді, бірақ тәртіп бүзушылық пен оның зардабы арасындағы сәйкессіздік үнемі байқалып отырады. Абайсыздық қылмысы көбнесе белгілі бір жағдайға байланысты болады, оның табиғатында сол нақты жағдайдың өзі аса маңызды криминогеңдік роль атқарады. Қасақана және абайсыздық қылмыстары кезіндегі жағдай және жеке адамның өзара ықпалын зерттеген В.А.Номоконовтың мәліметтері көңіл ау іарарлықіай. Қасақана қылмыс жасағаңдардың көбісі жағдайды "билеген" 73%, ал абайсыздық қылмысы түсында көбісі жағдайға керісінше "тәуелді" 51% болған.
Ғылым мен техниканың дамуы төтенше жағдайдың өсуіне себеп болуда, ал бұл жағдайға көбінесе техниканы пайдалану саласыңдағы қызметкерлер мен оның әрекет аумағындағы азаматтар тап болады. Н.А.Игнатов ең тәжірбиелі деген жүргізушілердің өзі, 3-тен 15 ретке дейін қиын жағдайға қалады дейді.
Абайсыздық қылмысының ерекшелігі сол, яғни мүнда қоғамға қарсы ішғыл мен мақсаттың үлес салмағы мейлінше аз болады, сондай-ақ ондағы пиғыл мақсат пен жағдайга орай пайда болған зардап арасында ешкандай байланыс жоқ. Яғни, сондай бір зардап келтірейін деген пиғыл болмайды, ал мақсат орындалмайды, не "асытымен орындалады".
Қылмыстық әрекетінің соңына байланысты әр адамның абайсыздыққа деген психикалық қатынасы ерекше болады. Негізінен абайсыздық қылмыстар қылмыс нәтижелі болғанда, нәтижеге жетуге қолданылған тәсілдер бойынша сараланады.
Бәрімізге белгілі абайсызда жасалған қылмыстарда дайындалу, оқталу және қылмысқа қатысу сияқты түрлері (формалары) жоқ, бұл қылмыстық жауапкершілікті де азайтады.
Абайсыздық менмендіктен және немқұрайдылықпен жасалады.
Қылмыс менмендікпен мынадай жағдайда, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілдікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе.
Мысалы: автокөлік жүргізушісі өте жоғары және тез жүргенді сезе отырып, жоғары жылдамдықта тез тоқтаймын немесе қауіпті жағдай туғызбаймын деп сенеді. Бірақ ол тез тоқтата алмай көшеде келе жатқан адамды соғып, оған дене зақымын келтіреді.
Жүргізуші алдында болатын жағдайларды ескере отырып, бірақ оны болдырмаймын деп ойлайды. Ол менмендікті жүзеге асырғысы келді. Менмендікті бір жағынан қылмысты сезіне отырып оның болдыруына жол бермеуі, ал екінші жағынан қылмыс жүзеге асқаннан кейін сезіну.
Сонымен қатар менмендік былай мінезделеді: а) қоғамға қауіпті жағдайларды біліп тұру б) бұл жағдайларды менмендікпен болдыртпау.
Қоғамға қауіпті іс-әрекетті біле отырып және оның жүзеге асуының нәтижесін ескеріп, осылар менмендіктің интеллектуалды эелементін құрайды, ал оны жеңілдікпен болдырмау адамның еркіне байланысты, осы екі бөлігінің жиынтығы қылмыстың менмендікпен жасауына тура әкеледі.
Немқұрайлық қоғамға қауіпті әрекеттерді көрмей немесе оның жүзеге асуын білмей отырып мінездеуге болады, бірақ кейбір жағдайда оны білу керек және алдын-ала шара қолдануы мүмкін еді.
Бұны мына мысалмен келтіруге болады: Е аң аулап болған соң Б екеуі ат шанамен келе жатады. Шанада қарулы (оқталған) мылтық жатады. Жолдың қтылысында Е мылтықты басып қалады, мылтық атылып Б-ны жарақаттандырады. Осы мәселені сот абайсызда жасалған деп зақымы деп саралайды. Бірақ Е өзінің әрекетін, нәтижесін білмей отыра оны тиісті түрде ескеріп қарулы мылтықты оқсыздандырып ету керек еді. Келген зардабы бойынша қылмысқа психикалық қатынасы немқұрайлық түрінде жүзеге асады.
Немқұрайлық екі жағдайда мінезделеді: теріс - яғни қоғамға қауіпті іс-әрекетінің зардаптарының көруінің болмауы, дұрыс - қауіпті жағдайлардың болуы және өз әрекетінің нәтижесін субъект білу керек немесе алдын ала көруі керек еді. Бірінші жағдайда немқұйлық қасақана жасаудан (тікелей және жанама) және менмендіктен ерекше айырмашылығы бар. Екінші жағдайда ол барлық кінәсіз келтірілген зиянды зардаптардан, яғни сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын тұлғаларды айтуға болады.
Мына жағдайларды анықтауға бағытталған яғни қоғамға қауіпті зардаптарды білуі керек және алдын-ала көруі туралы қылмыстық құқық теориясы мен соттық тәжірибе екі тұрғыда анықтайды: объективті және субъективті.
Объективті тұрғысы: немқұрайлық заңда былай көрсетілген: "алдын-ала білу керек еді" (96 б); яғни адамды қоғамға қауіпті әрекеттерді білуді міндеттейді және оны болғызбайтын шаралар қолдандырады.
Ал немқұрайдылықтың субъективтік тұрғысы (заңда "көруге болушы еді") адамды нақты жағдайда персоналды тәсілдермен және жеке қабілеттігін (өмірдегі тәжірибі, білімі, денсаулық жағдайы, психикалық көзғарасы және т.б.) қолданып қоғамға қауіпті зардаптарды көруге алдын ала білуі керек екеніне әкеледі.
Қылмыстық құқық әдебиетінде казус түсінігі кездеседі. Казус (жағдай) - яғни қоғамға қауіпті зардаптар келтірілген кезде адамның әрекетімен себептік байланыста болады, бірақ адам оны көрген жоқ, көруге болушы жағдайдың болмауы және осы әрекеттердің нәтижесіне жетудің білмеуі. Осы жағдайлардың болғызбауына міндетінің болмауы ерекше мән-жай болады, яғни адамның кінәлігін жояды. Сондықтан болған зардаптары қандай да объективті тұрғыда болмасын жауапкершілікті жояды.
Заңда қылмыстың құрамдары бір қатарда еоекше белгіленген және құрамның объективті жағының белгілері әрекеттің ерекше қасиетіне юерілген, келген нәтижеге бір түрлі көрсетіледі. Осыған байланысты субъективті тұрғысынан қарағанда адамның жасаған әрекетіне байланысты психикалық қатынасы және келген зардаптарды психикалық көзғараста ерекшеленеді. Бұл жағдайларда біз кінәнің ерекше (қиын) түріне кездесеміз: әрекетіне байланысты қасақана ойы және келтірілген қоғамға зардаптарды абайсыз қатынасы.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру барысында абайсыз жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырса (ҚК 103 б 3 п) келген зардаптарға тікелей қатынасы қасақана деген орынға ие болады(тікелей және жанама) және жасалып жатқан қылмыстың қоғамға қатысты ерекше мінезделеді, сондықтан бұл мән-жайлар кінәлінің әрекеті тек қана денсаулыққа ауыр зиян келтіруге бағытталған. Осыған сүйене отырып субъект келетін зардаптарды алдын ала біледі және олардың нәтижесіне жетуін тілейді. Бірыңғай адам дене зақымын келтіру барысында, бұл әрекеттер адамның өліміне әкелетінін сезбейді, келетін зардаптарды ескермейді, бірақ оны білуі және алдын ала көруі, жәбірленушінің өліміне әкелетінін ескеруі керек еді. Бірақ ерекше түрде оны жеңілдікпен болдырмаймын деп сенеді.Кінәнің қиын түрі объективті жағынан барлық жерде болуы мүмкін егер де бір қылмыста объективті мен субъективті белгілерінің қиындалған түрлері болады және бұл қасақана қатынасына сәйкес болады.
Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс үшін жауаптылықтың сұрақтары ҚР ҚК-ң 22 б көзделген.

Абайсыздықтың түрлері және криминологиялық сипаттамасы

Абайсыздық - кінәлінің өзі жасаған әрекеттерінің не әрекетсіздігінің зиянды салдарына психикалақ қатынасының ерекше түрі. Объективті жағына қылмысты заңмен қарастырылған белгілі бір қоғамдық қауіпті салдар кіретін, яғни материалдық құрамы бар қылмыстар ғана абайсыздықтан жасалуы мүмкін. ҚР ҚК абайзыздықтың екі түрі қарастырылған: а. менмендік, б.немқұрайдылық. ҚР ҚК 21- бабының 2-ші бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс- әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенің алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптары жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасаған қылмыс деп танылады. Менмнедікпен, яғни жеңілтектікпен қылмыс жасаған тұлғаның істегенінің салдарына психиқалық қатынасы абайсыз және қасақана кінәнің басқа түрі сияқты, интелектуалдық және еркіне қарай сәттерден тұрады. Интеллектуалдық сәт тұлғаның өз әрекетінің не әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдары орын алу мүмкіндігін алдын ала көре білуімен сипатталады. Еркіне қарац сәт, бұл салдарының алдын алуға негізсіс арттық сенумен сипатталады. Мысалы, машынаны басқарып келе жатқан жүргізуші жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден асырып жібереді де, осыған орай ол белгілі бір сәтте машынаны тежеп үлгере алмайды. Ақырында, ол жаяу жүргіншілердің біреуін басып кетіп өлімге ұшыратады.1
Менмендіктіқ заңды тұжырымдамасында оның интелектуалдық сәті тікелей және әсіресе, жанама қасақаналықтың интелектуалдық сәтімен жақын. Екі жағдайда да тұлға өз іс- әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алатындығын алдын ала көріп біледі. Алайда , заң шығарушының қасақаналықты суреттеген кезде қолданатын алдын ала көре білу түсініктің , шынайы мазмунының дәл осы түсінікті кінәнің абайсыз түрінің тағы бір түрі болып келетін менмендікті сүреттеуде қолдануынаң түбірлі айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық алдын ала көре білудің сипатында. Қасақаналық кезінде алдың ала көре білу нақты сипатқа ие болса, менмендіқ кезінде ол- абстрактілі түрінде. Мұның мағынасын бұлайша түсіндіруге болады; қасақаналық кезінде кінәлі тұлға тап осы кезде, белгілі жағдайларда жасалған өзінің нақты әрекеттерінің сөзсіз немесе болуы ықтимал нәтиже орын алатынын алдын ала көре біледі. Жәбірленушінің кеудесіне пышақпен ұра отыра, түлға дәлосы соққы, осы пышақпен соғу жәбірленушіні өлімге ұшырататының алдын ала көре білген.
Ал қылмыстық менмендік кезіндегі интелектуалдық сәттің мазмұны тіпті басқа. Тұлға өзінің әрекетінің қылмысты салдарының әйтауір бір орын алатынын жалпылама түрде алдын ала көріп біледі. Мысалы, жүргізуші машынаны рұқсат етрілген жылдамдықты асыра пайдалана отырып, бұл ісінің жаяу жүргіншіні соғына апаратының жалпы көріп біле алады және бұл көріп білу нақты емес, жалпы, яғни абстрактілі сипатқа ие. Тұлға көрсетілген қауіпті салдарды жалпы алдын ала көріп біле тұра, оның өзінің де басында осындай жағдай болуы мүмкіндігін мүлдем есіне алмайды. Ол мұндай салдар басқа жүргізушілер тап келген жағдайларда орын алады деп ойлап, өзі үшін олардың алатындығын тіпті қаперінде де болмайтындай көреді, себебі ол өзі сияқты тәжірибелі жүргізушілер мұндай жағдайда ұшырамайды, яғни ол жаяу жүргіншімен қақтығысса оған залал келтірудің алдын ала алады деп үміттенеді.Алайда, менмендіктің қасақаналықтан негізгі айырмашылығы еркіне қарай болатын сәтінде . Бұл сәт абайсыз кінәнің бір түрі болып табылатын менмендік кезінде, тұлға өз іс- әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының алдың алатындығына жеткіліксіз негізде сенетінімен сипатталады. Жанама қасақаналыққа қарағанда, қылмыстық менмендік кезінде, тұлғаның еркі өз іс- әрекетінің қылмысты салдарының алдың алуға бағытталған. Тұлға оның пікірінше, қылмысты нәтиженің орын алуына жол бермейтіндей нақты бір жағдайларға сенім артады. Мысалы, жоғарыда көрсетілген оқиғаны өзінің мамандық біліктілігіне, машынаны ұзақ уақыт бойы апатсыз жүргізіп келе жатқан тәжіребесіне, оның техникалық жағдайының сенімділігіңе, жол бетінің жақсы күйіне және т.б. көптнген жағдайларда сенім артады. Өкінішке орай, нақты бір кезенде мұндай сенім ақталмай, жансақ болып шығады да, машынаны жүргізуші жаяу жүргізушіні бәрі бір басып кетіп, оны қайғылы қазаға ұшыратады. Сенімнің қателегі, негізсіздігі- жасалған іс- әрекеттің салдарына асихиқалық қатынасты қылмысты менмендікке айналдырып, істің өзін қылмысқа жеткізеді. [3]
Абайсыз кінәнің екінші түрі- қылмысты немқұрайдылық болып табылады. ҚР ҚК 21- бабының 3- бөлігіне сәйкес, егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс- әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенің болжап білмесе , қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады. Қылмыстық немқұрайдылықтың интелектуалдық сәтінің қасақаналықтың сол сияқты, қылмыстық менмендіктің де, интелектуалдық сәтінен үлкен айырмашылығы бар. Қылмысты немқұрайдылық кезінде тұлға өз іс- әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуының мүмкіндігің алдын ала көріп білмейді. Сонымен, абайсыздықтан болған кінәнің бұл түрінің интелектуалдық сәті өз қылығының қоғамдық қауіптілігін бағалау білу- кінәлінің санасына жетпегендігімен сипатталады. Бұл - интелектуалдық сәттің теріс бағаға ие болатындай бір кезі. Сондықтан, бұл жағдайда кінәнәң мәні интелектуалдық емес, еркіне қарай сәтінде, себебі тап осы сәтке байланысты алады.
Қылмыстық немқұрайдылықтың еркіне қарай сәтінің заңды анықтамасы объективті және субъектівті екі шартқа байланысты теория мен сот тәжірибесінде объективті шарт, тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуын алдын ала көре білетіндей, заңға, тұлғаның мамандығы бойынша мәртебесіне және жалпыға бірдей қоғамдық ережелерге негізделген міндеттерімен байланысты.
Абайсыздық қылмыскерлігінің қурылымын айқындау үшін абайсыздық қылмыстарын қылмыстық-күқылық және криминалогиялық белгілері бойынша жіктеу керек. Осыган орай негізгі жіктеу белгілерін таңдау мәселесі туыңдайды. Ондай белгі ретіңде абайсыздық қылмысы кезінде бұзылған қоғамдық қатынастарды яғни, қылмыс объектісі алу ретсіз. Өйткені түрлі обьектілерге әсер ететін абайсыздық қылмыстары криминалогиялық тұрғыдан алғанда өзара ұқсас болып келуі мүмкін. Абайсыздық қылмысы нәтижесінде болған зардаптарды да заттай, рухани немесе дене жаракдты жіктеу негізіне алуға болмайды, өйткені нақгы болған зардап көп ретте кездейсоқ жағдайға байланысты болады, мүнан өзге көп жағдайда түрлі зардаптардың табуы байқалады. Абайсыздық қылмыстарының құрамын қылмысты нәтижесінің болуына нсмесе болмауына қарай бөлудің біршама маңызы бар . Бірақ бұл бөлу таза қылмыстық - құқылық мәнге ие, көрсетілген абайсыздық қылмыстар тобының криминалогиялық ерекшеліктерін ашпайды . Ол осы ерекшеліктерден туындайды.
Абайсыздық қылмыстарын оқиға болган қызмет саласына карай жіктеудің криминалогиялық және қылмыстық - құқылық маңызы зор. Бұлайша жіктеу абайсыздық қылмыстарын қоғамдық қауіптілігіне және қылмысты жасау механизыміне қарай топтарға бөлуге, осыған орай оған карсы күрес шараларының ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
Абайсыздық қылмыскерлігі мынадай екі топқа бөлінуі тиіс: тұрмыстық және кәсіптік. Өз кезегінде тұрмыстық абайсыздық екі түрге бөлінеді:
а техникалық жабдықтар әрекеті саласынан тыс жерде және техника жабдықтарын, баска да қауіптілігі жоғары кездерді пайдаланусыз болған тұрмыстық абайсыздық қылмысы;
ә техникалық жабдықгар әрекеті саласында және техника жабдықтары мен басқа қауіптілігі жоғары кездерді пайдалану аркдсында болған абайсыздық қылмысы. Кәсіби абайсыздық үш түрге бөлінеді:
а техникалық жабдықгар әрекеті саласында және техника жабдықтары мен басқа да кауіптілігі жоғары кездерді пайдалу арқасында болған кәсіби абайсыздық қылмысы;
ә таза кәсіби қызмет саласында болған және лауазымдық басқару міндетін пайдалану барысында абайсыздық қылмысы.
Бүл жіктеуді мынадай схема арқылы көрсетуге болады:
Техникалық техникалық таза лауазымдық жабдықтар
жабдықтар кәсіби басқару әрекетінен әрекеті қызмет міндетін тыс салада саласында пайдалану барысында.
Осылайша абайсыздық қылмысын негізінен төрт түрге бөлуге болады:
1. Техникалық жабдықтар әрекетінен, сондай-ақ қауіптілігі жоғары басқа да көздерден тыс салада болатын тұрмыстық абайсыздық қылмыстарды ежелден келе жаткан, ал бүгінгі күні абайсыздық қылмысының ең аз кездесетін түрінен саналады. Оған абайсыз әрекет абайсыздықтан болған ауыр немесе жеңіл дене жаракаттары, мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке азаматтардың мүліктерін абайсыздықтан жою немесе зиян келтіру жатады. Айта кету керек, бүл баптар бойынша өзге топтарға жататын қылмыстарды да жіктеуге болады, мысалы, егер кісі өлімі немесе мүліктің жойылуы салдарынан болса, т.б.
Осылайша, абайсыздық қылмыстарын ұсынылып отырған, тәртіп бойынша жіктеу ҚР Қылмыстық кодексіндегі құралдарды жіктеумен сәйкес келмейді .
Бүл топтың жалпы абайсыздық қылмысындағы үлес салмагы он шалықты үлкен емес , бірақ оның динамикасы өсіп келеді.
Техникалық жабдықтар мен баска кауіптілігі жогары көздердің әрекет саласыңда болған абайсыздық қылмыстары - абайсыздық қылмыскерлігінің көптеген топтарын қүрайды, олар көбіне кәсіби қызмет барысында жүз береді. Бірақ бүл қылмыстар түрмыс ауқымында да болып жатады.
Мұнан өзге, техника жабдықтарын пайдалануға катысы жоқ азаматтар да оның әрекет саласына жиі тап болады, осыдан келіп, кейбір абайсыздық салдарынан ол жабдықтардың қауіпсіздік қызметі бүзылады да, соңы ауыр зардапқа соғады.
Сондықтан да бүл топтағы қылмыстарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайсызда жасалатын қылмыстар
Қылмыстық ниет ұғымы
Абайсызда жасалатын қылмыстар туралы түсінік
Қылмыстың ұғымы мен белгілері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы
Кінә дәрежесі
Кінә
Абайсызда кісі өлтіру
Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау
Пәндер