Азаматтық құқықтың мүліктік және мүліктік емес қатынастары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні, қағидалары және қайнар көздері ... ... ... ...5
Азаматтық құқықтың мүліктік және мүліктік емес қатынастары ... ... ... ... ... 12
2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Азаматтық құқықтың пайда болуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 14
2.2 Азаматтық құқық ғылымының мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Азаматтық құқық - Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік - аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Жұмыстың өзектілігі. Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарға араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында осындай қатынас туындайды. Азаматтық кодексте көрсетілген сату - сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе сол затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру - осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Құқық қытынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік - аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады. Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - азаматтық құқықты мазмұнын, оның негізгі түсінігін және құқық жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Азаматтық құқықтың түсінігін, мазмұнын, оның актілерін және құқық жұйесіндегі мақсатын, міндеттерін қарастыру;
Азаматтық құқықтың құрылымын, ресми және бейресми түсіндіру негізін зерттеу;
Азаматтық құқықтың құқық жұйесіндегі ерекшеліктерін анықтау, жалпы сипаттама беру болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - азаматтық құқық негіздері мен оның объектісі болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының азаматтық құқық жүйесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ
Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні, қағидалары және қайнар көздері

Азаматтық құқық атауы ежелші уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивильді (jus civile) құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды.
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттін өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік әмес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.
Мүліктік емес жеке қатынастар Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Конституцияның II тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді.
Азаматтық құқық -- азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -- мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз -- мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар -- материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату -- сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді -- мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын -- мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі және бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында көрініс тапқан.
Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық қатынастарды заңдылық қарастырмаған жағдайларда, құқық аналогияны негізінде қолдануданылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мынандай қағидалары бар:
Азаматтық құқықтар құқық қатынасқа түсуші тараптардың теңдігілігін;
Меншікке қол сұқпаушылық;
Жеке істерге рұқсатсыз кіріспеушілік;
Келісімнің, шарттың еріктілік қағидасы және т.б.
Тараптардың заңдық теңдігі негізінде мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалары ретсіз есем, олар нақты жүйеде орналасқан. Азаматтық құқық жүйесі объективті тұрғыда құрылған және азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшелігіне негізделген.
Көптеген азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жалпы қасиеттері оларды құқықтық реттелуінің бірегейлігін, ал осы қатынастардың нақты түрлерінің кейбір сипаттамалары олардың құқықтық реттелуінің дифференциациясын қайта анықтайды. Азаматтық құқық жүйесі бойынша екі бөлімге бөлінеді, олар жалпы және ерекше бөлім [5].
Азаматтық құқық бөлімінің пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың бір сипаттылығы кез келген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу кезінде қолданылатын азаматтық құқық нормаларын бөліп алуға мүмкіндік береді.
Бұл құқықтық нормалардың жиынтығы азаматтық құқықтың жалпы бөлігін құрайды. Ол салалық реттеу пәнінің бір түрін көрсетіп, барлық салалық нормалар үшін біріктіруші бастау ретінде қызмет етеді, олардың заңды мазмұнының жалпылығын анықтайды.
Жалпы бөлік табиғаты бірдей қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қарама-қайшылықтарды болдырмауға және азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерінің жеке салаларында пайда болатын қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің қажетті бірегейлігін қамтамасыз етеді.
Жалпы бөлім азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, меншік және өзгеде заттық құқытарды, міндеттемелік құқытарды, шарт жөніндегі жалпы ережелерді қарастырса, ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлерін, интелектуалдық меншік құқығын, мұралық құқық және халқаралық жеке құқық қатынастарын зерделейді.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық заңдылық бірегейлігі мен дифференциациясын ескере отырып орналасқан азаматтық құқық нормалары түрлі құқықтық нормативті актілердің баптар түрінде (әрі қарай - нормативті актілер немесе құқықтық актілер) көрініс табады, оларды азаматтық құқықтың қайнар көздері деп аталады. Аталған нормативтік актілердің жиынтығы азаматтық заңдылықты құрайды.
АК 3 бабында азаматтық заңдылық түсінігіне тек АК және оған сәйкес қабылданған өзге заңдар кіреді көрсетілген. Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің негізгі үш түрін жіктеуге болады, олар мыналар: нормативтік құқықтық актілер, салт - дәстүрлер, шарт [6].
Азаматтық құқық нормалары заңдарда және нормативті актілерде бекітілуі мүмкін. Барлық осы нормативті актілер заңды күшіне байланысты қатаң иерархиялық жүйеде орналасқан, нормативті актінің мәні оның заңды күшімен анықталады. Нормативті актінің заңды күші неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның азаматтық заңдылық жүйесіндегі алатын орны басым болады. Азаматтық заңдылықтың нормативті актілерін осылайша құрылуының тек қана теориялық емес, тәжірибелік маңызы да бар.
Азаматтық заңдылық, нормативті актілерінің көптігі және заң шығарушы техниканың әлсіздігінен, түрлі нормативті актілердің бір мәселені әртүрлі шешетін жағдайлары жиі кездесіп отырады. Бұндай жағдайда басым заңды күші бар нормативті акт қолданылады.
Барлық заңдар заңды күшіне қарай заңдар және заңға бағынышты нормативті актілер болып бөлінеді. Заңдар мемлекеттік өкілетті жоғарғы органдарының шығарған нормативті актілері, олар заңға бағынышты нормативті актілерге қарағанда басым заңды күшке ие.
Конституциялық заңдар ішінен ең үлкен заңды күшке Қазақстан Республикасының Конституциясы ие. Өйткені ол елдің ең негізгі Заңы болып табылады. ҚР Конституциясында құқықтың түрлі салаларының нормалары бар.
Олардың ішінде азаматтық құқық нормалары да бар.
Азаматтық заңдылықта Азаматтық кодекс түріндегі салалық кодификацияланған нормативті актілер ерекше орын алады. Салалық кодификацияланған нормативті актілер азаматтық құқық пәніне кіретін барлық қоғамық қатынастарды реттеуге арналған және Қазақстан Республикасы территориясында азаматтық заңдылықтың дамуына негіз болып табылады.
АК салалық кодифицикацияланған нормативті акті ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге арналған. Осыған сәйкес АК азаматтық құқық пәніне кіретін барлық дерлік қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған азаматтық заңдылықтың ең маңызды қалыптарын бекітеді.
Кодифицикацияланған нормативті актілермен қатар азаматтық заңдылық жүйесін азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жеке түрлерін реттейтін арнайы заңдар құрайды [7].
Мысалы, Қазақстан Республикасының Сақтандыру туралы Заңы, сақтандыру ұйымдары мен азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер арасындағы, сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының өз арасындағы сақтандыру саласындағы қатынастарды реттейді; "Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы" мүліктік және құрастырмаларды, пайдалы модельдерді және өндірістік үлгілерді құру, құқықтық қорғау және қолдануға байланысты туындаған олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді; ҚазССР Тұтынушылар құқықтарын қорғау Заңы тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасында туындайтын қатынастарды реттейді
Заңға бағынышты актілер нормативті актілер ішінен азаматтық заңдылық жүйесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметі шығаратын құқықтық актілер түрінде белсенді роль атқарады.
Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары. Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестіктің бөлігі болып табылады, сондықтан Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылығы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормалары, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдермен есептесуі керек. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормаларына қосыла отырып Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде Конституциялық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз, азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері қолданылуына мүмкіндік береді деген мағынаны береді.
Азаматтық заңдылық, іскерлік ғұрыптар, іскер айналым дәстүрлері, мораль және адамгершілік ережелері. Іскер ғұрыптар деп азаматтық айналымда орнатылған тәртіп ережелерін айтады. Өздігінен іскер ғұрыптар азаматтық құқық қайнар көздері болып табылмайды. Бірақ та мемлекет құқықтық акт арқылы іскер ғұрыпты санкцияған кезде ол заңды күшке ие болып азаматтық заңдылық жүйесіне кіреді.
Қазіргі кезде барлық іскер ғұрыптар арасынан тек қана кәсіпкерлік салада қолданылатын іскер айналым дәстүрлерін бөледі. АК күшімен кәсіпкерлік әрекет нәтижесінде туындаған дауды шешу кезінде сот қолдана алатын іскер айналым дәстүрлері деп заңдылықпен немесе келісіммен қарастырылмаған, бірақ өз мазмұнында жетерліктей анықталған, кәсіпкерлік әрекеттің қандай да бір саласында кеңінен қолданылатын тәртіп ережелері, мысалы қандай да бір міндеттемелерді орындау дәстүрі және т.б. Іскер айналым дәстүрі қанай да бір құжатта тіркелгендігіне не тіркелмегендігіне қарамастан қолданыла алады) [8].
Азаматтық заңдылық, сот пленумдарының шешімдері, шешімдер, соттық практика және сот прецеденті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумы жалпыланған материалдарды қарастырып, заңдылықты қолдану жөнінде бастаушы талқылаулар береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының талқылаулары Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциясындағы барлық соттар үшін міндетті. Аталған талқылаулар нормативті актілер болып табылмайды, олар құқықты қолдану актілері болып табылады.
Сот пленумдарының қаулылары азаматтық заңдылықтың мәнін талқылап, түсіндіруі ғана тиіс, азаматтық құқықтың жаңа нормаларын құрмайды. Сондықтан сот пленумдарының қаулылары азаматтық құқықтың қайнаркөзі болып табылмайды.
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сот практикасы да жатпайды. Сот тәжірибесі деп бір категориялы істерді соттардың бірнеше рет бір түрлі шешімдер шығару жағдайын айтады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сонымен қатар сот прецеденті де жатпайды. Сот прецеденті деп соттың нақты іс бойынша шығарған шешімін келесі бір ұқсас жағдайға қолдауын айтады.
Азаматтық заңдылық әрекеті. Азаматтық заңдылық уақыта, кеңістікте және қатынасқа түсуші тұлғалар арасында әрекет етеді. Азаматтық құқық нормалары азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. АК заңдарының құқықтық актілерінің кері күштері болмайды. Азаматтық құқықтың уақыт аралығындағы әрекетін деп заңның әрекет ету мерзімін қарастырамыз. Жалпы заңның әрекет ету мерзімі мынандай түрлерде сипатталады, заңды күшіне ену мерзімі, заңды күшін жою мерзімі және әрекет ету мерзіміне байланысты.
Заңды күшіне енуі бойынша мерзімдер ресми басылымға шыққан кезден бастап 10 күн өтісімен немесе нақты сол басылымда көрсетілген мерзім. Ал заңды күшін жою мерзімдері мынадай жағдайлармен сәйкестенуі мүмкін, тура сондай жаңа заңның қабылдануы немесе заңның әрекет ету мерзімінің аяқталуы. Кеңістіктегі әрекеті деп нормативтік құқық актінің барлық Қазақстан Республикасы аумағына толығыменен даруын айтамыз, сонымен қатар кейбір актілер тек белгілі органдардың немесе ұйымдардың шегінде ғана әрекет ете алады оларды локальді нормалар деп атаймыз. Ал азаматтық заңның тұлғалар арасындағы әрекеті деп азаматтық қатынасқа түсуші кез-келген тараптарға даруын айтамыз, мысалы жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен заңды тұлғалары.
Азаматтық қатынастарды қарастыру барысында олардың қолданудағы императивтік және диспозетивтік жағдайларға зейін салу керек [9].
Азаматтық құқықтың қағидаларына:
тараптардың теңдігі;
шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
еркіндік;
тәуелсіздік;
меншікке қолсұқпаушылық;
біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.
Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.
Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,
Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін деп жария етілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер.[өңдеу]
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктердің, атқарушы органдардың, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқықтық актілері жатады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін деп көрсетілген.
Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз -- тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады.[1]

1.2 Азаматтық құқықтың мүліктік және мүліктік емес қатынастары

Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:
а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар - ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі теңдігімен сипатталады;
ә) азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті (АК-тің 2-бабы, 2-тармағы). Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайларды тандауына мол мүмкіндік жасалады;
б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігінтаңдауға ерікті (теңдік және тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі). Азаматтық құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері қолданылады;
в) азаматтық-құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда, мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты болады.
Азаматтық құқық-құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
Азаматтық құқық объектілері (ағыл. objects of civil rights (civil law) (property); нем. Objekte der Biirgerreclite pi (materielle)) - мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.
Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi 1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. 2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады. 3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.

2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Азаматтық құқықтың пайда болуы мен дамуы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:
1) Малшылық
2) Жер игеру
3) Өндірістік
4) Саудагерлер тобы
Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың - қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.
Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол -- әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет - ғұрып, салт - дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте - бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ
Азаматтық құқық ғылымының мәселелері
Азаматтық құқықтың ұғымы
Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары
Азаматтық құқық қатынастары туралы
Азаматтық құқық қатынастардың субъектілері
Азаматтық заңнаманың түсінігі мен жүйес
Азаматтық құқық - құқық саласы ретінде
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
Азаматтық құқық қағидалары түсінігі
Пәндер