Банкте депозитте шотта ақшасының болуы


Кіріспе
Тәжірибе банктің қаржылық қызметі туралы теориялық білімді қалыптастыруға көмек береді. Тәжірибенің мақсаты - институтта алынған білімді нығайту мен практикада дұрыс қолдану және осы мамандығы бойынша ғылыми зерттеудің дағдырларды алу болып табылады. Теория мен тәжірибені ұштастырып, маман дайындауда өндірістік тәжірибенің алатын орны ерекше, тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік береді.
Өндірістік тәжірибеден өтудің негізгі мақсаты, студенттердің тәжірибе материалдары негізінде банк қызметінің негізгі бағыттарын тереңірек меңгеру болып табылады. Өндірістік тәжірибеден өтудің негізгі мақсаты - студенттердің университетте алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, білімін ары қарай дамыту, мамандықтары бойынша тәжірибе алу.
Өндірістік-дипломалдындағы практиканың мақсаты теориялық білімді бекіту үшін практикалық дағдылар алу болып табылады. Практиканың маңызды мақсаты болып «Еуразиялық банк» АҚ -нда нақты өндірістік жағдайда дербес жұмыс істеу, сондай-ақ дипломдық жұмыс жазуға тәжірибелік материалдар мен мәліметтер жинау. Осы мақсатты орындау үшін өндірістік практикадан өту кезінде мынадай міндеттер қойылды:
- «Еуразиялық банк» АҚ -ның қызметімен танысу;
- практика бағдарламасының тапсырмасын орындау;
- әр бөлімнің қызметімн танысу;
- диплом жұмысының тақырыбы шегінде дербес зерттеу болып табылатын жеке тапсырманы орындау;
- заңдылық және инструктивті материалдармен жұмыс істеу;
- болашақ мамандығына практикалық үйрену.
1. «Еуразиялық Банк» АҚ--ның тарихы және миссиясы
1994 жылдың Желтоқсанда Акционерлік банк нысанында Еуразиялық банк құрылды. 1995 жылы банктің 95, 6 млн. теңге сомасындағы акцияларының бірінші эмиссиясы тіркелді. Банктік операцияларды жүргізуге бас лицензия алынды. Номиналды ұстаушы ретіндегі клиенттер шоттарын жүргізу құқығымен мемлекеттік БҚ брокерлік және дилерлік қызметпен айналысу туралы № 20030124 мемлекеттік лицензия алынды.
2000 жылы «VISA International» халықаралық төлем жүйесінің қатысушысы, SWIFT (Дүниежүзілік Банкаралық Қаржылық Телекоммуникациялар Қоғамы) мүшесі-қатысушысы болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен векселдерді қайта есепке алу туралы бас келісім жасалды. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы болды.
2003 жылы Мoody`s Investors Service агенттігі шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер үшін «В1» кредиттік рейтингін және «NP» қысқа мерзімді кредиттік рейтингін, «Е» (FSR) кредиттік рейтингін берді. Рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты». Қазақстан ипотекалық қарыздарды кепілдік беру қорының мүшесі болды. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінен банктік заңнамада қарастырылған ұлттық және шетел валютасында операциялар жүргізу туралы 01. 03. 2004 жылғы №237 алынды. Еуразиялық банктің VISA Infinite Eurasian Diamond Card картасының дизайны ОЕТША (CEMEA) өңірінде ең үздік деп танылды.
Еуразиялық банк және Visa әлемдегі бірінші эксклюзивтік бриллиант және алтын өрнегі бар картаны - VISA Infinite Eurasian Diamond Card ұсынды. Еуразиялық банк өзінің сыртқы міндеттемелері бойынша соңғы ірі төлемді іске асырды. Еуразиялық банк KASE-гі фьючерс пен тазартылған алтынның сауда-саттығына қатысушы болды. Қазақстанда бірінші рет Еуразиялық банк балаларға арналған Visa төлем карточкасын шығарады. Қаржылық қадағалау агенттігі Еуразиялық банк 100 млрд. теңге көлеміндегі облигациялық бағдарламасын тіркеді. Евразийский банк погасил синдицированный заем на сумму 51, 5 млн. долларов США.
Еуразиялық банк еншілес зейнетақы қорының жарғы капиталын 3-тен аса рет ұлғайтады. Астанада 2 жаңа есеп айырысу-кассалық бөлімше ашылды. Банк Қазақстан Қағазы компаниясының $100 млн. сома облигациялар шығарылымының қаржылық кеңесшісі және андеррайтеры болып, бірінші рет инвестициялық банк рөлінде көрінді. Visa International халықаралық төлем жүйесі Банк мәртебесін Принципиалды мүшеге дейін көтерді. Банктің акционерлік капиталы KZT 4 млрд. сомасына ұлғайтылды және KZT 12 млрд. (US$ 99 млн. ) жетті. Еуразиялық банк және оның еншілес ұйымдары рестайлинг жүргізеді.
Банктің менеджерлік командасының ауысуы. Қаржы институтының басшылығында негізгі позицияны Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Латвияның банктерінде бай жұмыс тәжірибесін алған тәжірибелі менеджерлер орын алды. 2013 жылғы 17 қаңтарда «Еуразиялық банк» АҚ Private Banking жаңа офисінде және «Столичный» ТК клиенттердің бірінші операциялары жүргізілді. Қазақстандықтар алғашқы рет Швейцарияның Julius Baer, Lombard Odier и Societe Generale Switzerland ең ірі банктік мекемелерінің барлық өнімдер мен қызмет түрлеріне қолжетімділікке ие болды.
2013 жылғы 17 қаңтарда КУРСИВъ республикалық апталығы «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы Майкл Эгглтонмен болған сұхбатты жариялады. Онда Эгглтон мырза неліктен қазақстандық инвестбанкинг үлгісі батыстықтан сенімдірек екені жөнінде, қандай кредит беру секторлары Банк үшін тиімдірек екені жөнінде, банктік салада жетістіктердің болмау себебі мен өзінің жеке инвестициялары туралы әңгімеледі. 2013 жылғы 18 қаңтарда Еуразиялық банк MasterCard WorldWide халықаралық төлем жүйесінің Принципиалды мүшесі болды және MasterCard және Maestro сауда белгілері бойынша карточкаларды шығаруға және қызмет көрсетуге лицензия алды. Сондай-ақ Банк MasterCard PayPass контактісіз карталарына қызмет көрсетуге лицензия алды. Принципиалды мүше мәртебесі тұрақты көрсеткіштері бар, жоғары іскерлік беделді және карточкалық бизнесте айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар серпінді дамушы қаржы мекемелеріне ғана беріледі.
2013 жылғы 6 ақпанда Future 25 жобасын іске асыру, ЖОО-мен және «Еуразиялық банк» АҚ жастар саясатымен ынтымақтастық шеңберінде Батыс Қазақстанда « Сарапшы 2013 - Аналитик 2013» студенттік жоба басталды. Бұл жобаның мақсаты - соңғы курстардың дарынды және шығармашыл студенттерін анықтау және Банктің сапалы кадрлық резервін қалыптастыру, сондай-ақ бірегей идеялар мен бизнес-тұжырымдамаларды іздестіру және дамыту. 2013 жылғы 13 ақпанда «Болашақ филиалы» ірі ауқымды жоба шеңберінде «Еуразиялық банк» АҚ электрондық кассир-рециркуляторларды (ЭКР) сынама түрде іске қосты. Алғашқы ЭКР Банктің екі бөлімшесінде қолданысқа енгізілді - Алматы қ. № 609 және Атырау қ. № 803. Бұл маңызды және көптен күткен оқиға Банктің түрлі құрылымдық бөлімшелерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі болды, оның мақсаты - көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жылдамдығын жетілдіру.
«Еуразиялық банк» АҚ пен ритейл мамандары осы жылы тұтынушылық нарықта экономиканы қалпына келтіруге және жаңа банктік өнімдер пайда болуына байланысты серпіліс болады деп болжауда. Баспасөз конференциясында «Еуразиялық банк» АҚ басқарушы директоры Бертран Госсар мәлімдегендей, 2013 жылдың 1 қаңтарында қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің тұтынушылық кредиттер портфелінің көлемі 1 526 574 млн теңгеге жетті. Жылдық өсім 41, 2% құрады.
2013 жылғы 11 сәуірде «Еуразиялық банк» АҚ 2013 жылғы 09 сәуірде Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда жүйесінде Банктің табыстылығы жылдық 11, 15% құрайтын номиналды құны 5, 5 млрд теңге 10 жылғы (өтеу мерзіміне дейін) субординацияланған облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілгені туралы хабарлайды. 2013 жылғы 24 мамырда Көкшетау қаласында Еуразиялық банктің жаңа филиалы ашылды.
Standard & Poor’s (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі «Еуразиялық банк» АҚ-тың рейтингтер бойынша болжамын «тұрақтыдан» «оңға» дейін жоғарылатты. Агенттік сонымен қатар контрагенттің ұзақ мерзімді «B+» рейтингі мен қысқа мерзімді «В» рейтингін растады. Ұлттық шкала бойынша «kzBBB» рейтингін «kzBBB+» рейтингіне дейін жоғарылатты. Еуразиялық Банк екінші жыл қатарынан Asian Banking & Financeжурналының «Қазақстанның үздік банкі» номинациясында марапатқа ие болып отыр. Орталық Азия өңірінің жетекші қаржы басылымы жыл сайын Азияның ең ірі банктері мен қаржы институттары арасындағы көшбасшыларды марапаттайды.
2013 жылғы 21 тамызда «Еуразиялық банк» АҚ 2013 жылғы I жартыжылдықтағы қызметінің қорытындыларын ұсынды. ХҚЕС сәйкес әзірленген аудиттелмеген шоғырландырылған аралық қысқартылған қаржылық есептілікке сәйкес Банк басты қаржылық көрсеткіштердің оң серпінділігін көрсетуді жалғастыруда: айтарлықтай пайда, активтер мен клиенттік базаның өсімі жағдайында тәуекелдер деңгейі төмендеуде.
Еуразиялық банктің ХҚЕС бойынша таза пайдасы 2013 жылдың 9 айы үшін өткен жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артты. 2016, 2013 жылдың қорытындылары бойынша Еуразиялық банк негізгі көрсеткіштердің сенімді өсімін көрсетті. ҚРҰБ стандарттары бойынша шоғырландырылмаған қаржылық есептілікке сәйкес Банктің таза табысы салық шегерімімен 12. 9 млрд теңгені құрады, ол 2012 ж. соған ұқсас көрсеткішінен 34, 3%-ға асады. Банктің таза табысы ҚҚК сәйкес 14, 6 млрд теңгені құрады немесе 2012 ж. салыстырғанда 48, 2%-ға артық.
Еуразиялық банк қазақстандық банк секторындағы сенімді қаржылық институт мәртебесін сақтап қалды.
Еуразиялық банктің жаңа Smartbank жүйесінің рекорды - күніне 400-ден аса жаңа пайдаланушы. 2013 жылғы ақпанда жаңа жүйені іске қосқан сәттен бастап 70 мыңнан аса адам Smartbank клиенттерінің қатарына қосылды. Ағымдағы жылдың алғашқы екі айында ғана жүйе пайдаланушыларының қоры 25 905 адамға ұлғайды.
2016 жылғы 21 мамыр, Еуразиялық банк қаржылық есептіліктің қазақстандық стандарттары бойынша 2016ж. І-тоқсандағы жұмыстың қорытындысын шығарды. Банктің 2016ж. I-тоқсанда таза пайдасы салықтарды төлегеннен кейін 1, 2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен 62, 5%-ға (3, 2 млрд теңгеге) төмен. Пайданың көрсеткіштерінің төмендеу себептері девальвациядан кейін өтімді активтердің мөлшерін жоғарылатуға (ақпан мен наурыз айларындағы орташа мәні 23%, жоспарлы көрсеткіш 15% кезінде) және бөлшек кредит берудің айтарлықтай консервативтік саясатына Банктің шешімі болып табылады. 2016 жылғы 22 мамырда Еуразиялық банк EMEA Finance халықаралық экономикалық басылымының марапатын иеленді. Құрамында әлемдегі жетекші талдаушылар мен кеңес берушілер бар кәсіби біліктілігі жоғары төрешілер Еуразиялық банкке «Қазақстандағы үздік банк» атағын берді.
Қолданыстағы лицензияға сәйкес Еуразиялық банк іске асырады:
Ұлттық және шетелдік валютадағы банктік операциялар:
- депозиттер қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- депозиттер қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, онда тазартылған қымбат бағалы металдардың және осы тұлғаға тиесілі қымбат бағалы металдардың нақты саны көрсетіледі;
- кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, оларды майдалауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды және сақтауды;
- аудару операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аудару бойынша тапсырмаларын орындау;
- есептік операциялар: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және басқа борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;
- банктік қарыз операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
- шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау;
- төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау
- аккредитив ашу (қою) және растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
- ақшалай нысанда орындалуы қарастырылатын банктік кепілдіктер беру;
- банктік кепілгерлік және ақшалай нысанда орындалуы қарастырылатын басқа міндетемелер беру.
Ұлттық және шетелдік валютадағы басқа операциялар:
- тазартылған қымбат бағалы құйма металдарды (алтын, күміс, платина тобының металдары), қымбат бағалы металдардан жаслаған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
- құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағаоы тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
- вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлеушінің вексельді төлеуі бойынша қызмет көрсету, сондай-ақ домицилирленген вексельдер ақысын төлеу, делдалдық тәртіппен вексельдерді акцептілеу;
- лизингтік қызметті іске асыру;
- өз бағалы қағаздарын шығару (акцияларды қоспағанда) ;
- факторингтік операциялар: төлемеу тәуекелін қабылдаумен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді ) сатып алушылардан төлемді талап ету құқығын сатып алу.
2. «Еуразиялық банк» АҚ несиелік бөлімі
«Еуразиялық банк» АҚ заңды тұлғаларға келесі несие түрлерін ұсынады:
- «Ипотека ROMUL» бағдарламасы;
- «Бизнес Авто» бағдарламасы;
- «Еуразиялық тұрақты» бағдарламасы;
- «Ақша кепілі» бағдарламасы.
Кесте 1 - «Еуразиялық банк» АҚ «Ипотека ROMUL» бағдарламасының талаптары
2. «Табысты жанама растаумен» санатындағы клиенттер үшін сатып алынатын жылжымайтын мүліктің нарықтық құнынан 70%-дан артық емес (басқарушылық есепті растау, бастапқы құжаттар, қызметтік жазбалар мен мәлімделген табысты растайтын басқа да құжаттар)
1. «Табысты растаумен» санатындағы клиенттер үшін - жылдық 12, 5%
2. «Табысты жанама растаумен» санатындағы клиенттер үшін - жылдық - 14%
ЖТСМ 13, 5%-дан бастап
2. «Табысты жанама растаумен» санатындағы клиенттер үшін 7 жылға дейін
«Ипотека ROMUL» бағдарламасының артықшылықтарына мораторийсіз және айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын өтеу (ішінара/толық) жатады.
«Еуразиялық банк» АҚ «Бизнес Авто» бағдарламасының талаптары 2-кестеде келтірілген.
Кесте 2 - «Еуразиялық банк» АҚ «Бизнес Авто» бағдарламасының талаптары
Банктің уәкілетті органының шешімі бойынша белгіленеді*
Белгіленген сыйақы мөлшерлемесі белгіленген сыйақы мөлшерлемесін белгілеу әдістемесіне сәйкес
Құбылмалы мөлшерлеме тек заңды тұлғалар үшін ғана құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін қолдану әдістемесіне сәйкес
Коммерциялық авто несиелеу және коммерциялық ипотека бойынша қамсыздандыруға сатып алынатын мүлік және/немесе жылжымайтын мүлік қабылданады. Қажет болған кезде қосымша өтімді қамсыздандыру талап етілуі мүмкін. Бұл ретте айналым қаражатын толықтыру үшін қаржыландыру 36 айдан аспайтын мерзімге рұқсат етіледі.
Кесте 3 - «Еуразиялық тұрақты» бағдарламасы
- Тіркелген сыйақы мөлшерлемесі Тіркелген сыйақы мөлшерлемесін бекіту әдістемесіне сәйкес; *
- Банктің Уәкілетті органының шешімі бойынша бекітіледі;
- Заңды тұлғаларға арналған құбылмалы мөлшерлеме тек құбылмалы мөлшерлемені қолдану әдістемесіне сәйкес.
Жағымсыз кредиттік тарихының болмауы
Өтінімді қарастыру және несие беру қысқа мерзім ішінде: микро несие, шағын несие, медиум несие, коммерциялық авто және ипотека несиелері бойынша 5 жұмыс күні ішінде, экпресс-микро несиелер бойынша 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қаржыландыру құралы - қарыз (несие), несиелеу лимиті, несие желісі.
«Еуразиялық банк» АҚ «Ақша кепілі» бағдарламасының негізгі талаптары келесі кестеде келтірілген.
Кесте 4 - «Ақша кепілі» бағдарламасының талаптары
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz