Ұңғы оқпанының профилі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007ж. ақпандағы «Жаңа әлемде жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында «Газ өндіру саласының жаңа стратегиясын тұжырымдауы және оны іске асырудың заңнамалық негізін жасауы тиіс.

Өзіміздің табиғи ресурстарымызды ұқыптылықпен пайдалану және қоршаған ортаның ластануы, ескірген әрі «лас» технологияларды бақылаусыз әкелу, қалпына келетін ресурстарды тиімсіз пайдаланудың сенімді және басқа да проблемаларды шешу үшін ықпалды заңнамалық негіз қалыптастыру қажет.

Каспий қайраңындағы мұнай өндіретін кен орындарын игеру барысында табиғатты қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуына, бақылауды күшейту қажет. Үкімет көмірсутегін өндіру кезінде «жасыл мұнай» қағидаты бойынша экологиялық стандартты қатаң сақтауға міндеттейтін халықаралық сертификаттар енгізу мәселесін қаперге алуы тиіс.

Біздің энергетика мен мұнай салаларын дамытудың басты мәселесі энергия өнімдеріне қосылған құнды ұлғайту арқылы осы секторлардың табыстылығын арттыру, әсіресе, мұнай-химия, газ ресурстары, экспорттың энергия маршруттары сияқты басым секторларды басқару пәрменді болуы тиіс.

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай химия өндірістерін құру жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыруы қажет. Біз мұнай мен газ секторларында қосылған құнды жоғары және ілеспе әрі аралас өндірістерді дамытуға тиіспіз» деп атап көрсетті.

1999 жылы Үкімет шешім жасап Амангелді газконденсатты кенорнында бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлініп жұмыс басталды.

Кезінде Американдық компаниясы бастаған бұрғылау жұмыстарын, қазіргі кезде «КазБургаз» кәсіпорындары жалғастыруда. Кен орнының бас мердігері болып саналатын ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта 5 ұңғы толығымен қазылып бітіп, пайдалануға берілген. Кен орнымен Тараз қаласы арасында ұзындығы 195 шақырымдық құбыр желісін тарту жұмыстары толығымен бітірілгенн кен орнына газды жинау, тасымалдауға дайындау қондырғылары орнатылған. Нәтижесінде газ қазіргі уақытта тазаланып қала мен облыстың кейбір аудандарына тұтынуға беріле бастады.

Амангелді газконденсаты кен орны өзіне тиесілі жұмыстарды атқарып тұр. Бізге белгілісі газды өндіру процесі бір қалыпты жүріп отырады да, ал онымен тұтыну процесі жыл мерзіміне байланысты өте үлкен шекте азайып немесе көбейіп отырады. Сондықтан жазғы мезгілде, яғни газды тұтыну мөлшері азайған кезде қысқы маусымға арнап газ өнімінің қажетті қорын жинап алу мәселесі туындайды. Бұл мәселенің тиімді шешімі - табиғи газды сұйықтатып арнайы қоймаларда сақтау.

І. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1. Кен орны жайлы жалпы мағлұмат

«Амангелді» кенішінің сынақ-өндірістік пайдалану жобасы «КазТрансГаз»- дың техникалық тапсырмасы негізінде орындалған. «Амангелді» кенішінің өңдеуге бepілyi, дәл қазір энергиямен қамтамасыздандырудан тапшылық көріп отырған Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағын газбен қамтамасыз ету мәселесін біршама шешуде. Жоба Қазақстан Республикасының мұнай және газ кен орындарын игерудің бірыңғай заңы, Қазақстан Республикасының Президентінің жер қойнауы және жер қойнауын қолдану туралы үкіміне қоршаған ортаны қорғау туралы заңы талаптарына сәйкес орындалған.

«Амангелді» кен орны Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы Мойынкұм ауданына қарасты, Тараз қаласынан солтүстікке 170 км-де орналасқан.

Ол 1975 жылы ашылған. Алғашқы ашылған болып, өндірістік газ ағыны төменгі визей горизонтынан алынған, 1 ұңғыма саналады, ол құрылымның жоғарғы бөлігінде бұрғыланған.

«Амангелді» кенішінде 17 ұңғы бұрғыланған, оның 11 іздеу, 6 барлау ұңғылары, өзінің геологиялық тағайындалуын opындаған 6 ұңғы (7, 10, 13, 14, 15, 17) жойылған, қалған ұңғылар тоқтатылып қойылған.

«Амангелді» құрылымының шектерінде жоғарғы девон, карбон, перм шөгінділері ашылған, олар бұрыштық келісусіз мезокайнозойлық жыныстармен жабылған, қалыңдықтары 400 м дейін.

«Амангелді» кен орны Шу-Сарысу депрессиясының Мойынкұм ойпатының Миштин ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан тас құрылымға тураланған.

«Амангелді» құрылымы солтүстік-шығыс жазылымында жатқан сынақ брахиантиклинальды көрсетеді.

Оңтүстік - шығыс құрылымды шектейтін сынық тірек горизонттардан шөгінділердің корреляциясын жоғалту зонасы ретінде сейсмобарлаумен жазылып алынған, ол бұрғылаумен дәлелденген.

«Амангелді» кенішінде турней, төмегі визей, серпухтік және теменгі пермдік шөгінділердің газ бергіштігі анықталган, сонымен қоса мемлекеттік қор балансында тек теменгі визей жэне теменгі перм шөгінділері ғана барланған және есепке алынған, кейінгісінің құрамында 80 % азот және 19 % төмен көмірқышқыл газы болатындықтан осы жобада тек төменгі визей өнімді горизонтында ғана құрылымы газ конденсат шоғыры қарастырылған.

Төменгі визей горизонтының шектерінде үш қорап А, Б және В орналасқан. А қорабының төрт қабат коллекторы ауданы бойынша төзімделмеген, жиі құмды жыныстармен ауыстырылады. Қабат араларында, 3 және 4 қабаттарды ескермегенде, байланыс байқалмайды. Тиімді газ беру қалыңдығы 0, 8-ден (1 ұңғы) 7, 8 м -ге дейін (5 ұңғы) өзгереді және орташа 4, 3 м - ге тең.

Б қорабында 2 қабат коллектор бөлінеді, олар өзара бipiгіп ортақ резервуар жасайды. Тиімді газ беру қалыңдығы 0, 8 м - ден (8 ұңғы) 4, 0 м - ге дейін (1 ұңғы) түрленеді.

Ең төзімделген болып В қорабы саналады, оның көлемінде 4 қабат байқалады, оларды жоғарғы бipiгy коэффициенттінде орта резервуар ретінде қарастыруға болады. Тиімді газ беру қалыңдығы 1, 8 - ден 19, 0 м (5 ұңғы) дейін түрленеді және орташа 11, 1 м құрайды.

Төменгі визей горизонтында коллекторлар болып нашар цементтелген орта және мавйда түйіршікті құмтас, алевритистілер және алевролиттер, минералогиялық, құрамы бойынша негізінде кварц-дала шпаты табылады. Сынған материалдар жақсы сортталған. Цемент (5-20 %) карбонатты - сазды, сазды, жиі регенерациялы кварцті. Яғни шоғыр қуысты коллектормен байланысқан, қуыстылықтың, орташа мәні 14, 8 %, орташа өткізгіштік мәні -2, 7*10 -3 мкм 2 құрайды.

Қабаттық газ құрамында 75 % метан, 11 % жоғары этан, 6 % азот және 86 г/м 3 конденсат бар.

Төменгі визей газ конденсатты шоғыры коллекторды даму контуры шегінде бүкіл құрылымы ауданын алып жатыр.

Шоғыр үстінен газ тipeгi болып, орта визейдің ярус астының сазды әктастары табылады.

Газ сулы шекара шоғыр бойынша минус 1972, 0 м - 1987 жылы қалыптасқан - 1938 м. қарсы абсолюттік бағада қабылданған.

Төменгі визей өнімді горизонты бойынша геологиялық газ және конденсат қоры іздеу-барлау жумыстарының нәтижесі бойынша есептеліп, 1981 жылы қараша айында газ 8765 млн. м 3 және 754 мың тонна конденсат көлемінде ГКЗ СССР-re қарастырлуға тапсырылған. Сонымен қатар минималды рентабельді газ дебиті 10 мың м 3 /тәулікке тең болып қабылданған.

ГКЗ-ны бекіту кезінде минималды ендірістік газ шығыны 15 мың м 3 /тэулікті құрайды деп негізделген және қабылданған.

Осыған байлансты газ өнімі төмен ұңғылар орналасқан шоғыр қорының бөлігі бекітілмеді газ беру ауданы 3, 2 есеге қысқартылды. Себебі газ қоры шектелген сызық №16 ұңғы және 5, 2, 1, 6 ұңғыларынан солтүстік-шығысқа 1 км орналасқан, ауданында қабылданған. Тиімді газ беру қалыңдығы есептеуде тек рентабельді газ дебиті интервалы ғана қабылданғандықтан азайып кетті.

Кен орын ауданында жергілікті рельефтің абсолюттік белгіленуі + 350 м - + 360м . Жамбыл қаласына қарай + 600 м-ге дейін жоғарылайды. Жердің барлық созылуы бойынша жазық. Сумен қамтамасыз ету көзі құдықтар мен артизанды шыңыраулар болып табылады. Су деңнейін оның сағасынан 10-20 м тереңдікте жатыр. Палеогеннің сулы қабаты -160-220 м тереңдікте жатыр, судың минералдығы -3-5 г/л, судың дебиті жоғары (80-120 м/тәу) .

Ауданның климаты құрғақ, жазда ыстық (+40С) және қыста суық (-30С) аз. Қарлы қысымен бірден континентальды жылыту сезонының ұзақтығы 178 тәулік, 15 қазан - 15 сәуірге дейін. Желдің бағыты солтүтік - батыс.

1. 2. Кен орнының геологиялық құрылымына сипаттама

Кен орнын Шу-Сарысу депрессиясының ірі құрылымдық элементін көрсететін Мойынқұм ойпатының батыс бөлігінде орналасқан.

Стратиграфия

Мойынқұм ойпатының құрылымы орта-жоғарғы палеозойдың эпигео-кайназойдың жатқынын аз қуатты чехолымен жабылған (350 м дейін) (жоғары бор, палеоген, неоген-төрттік) қатысуымен көрсетеді. Фундаментіне жататын ерте жыныс эффузивті-түзілген ірі сынған төменгі орта девон болып табылады. Осыда Аманкельді кен орынның 1- ші шыңырауы ашылды.

Жоғары девон

Фаменді ярус тұнба жинауда үзіліспен төмен орта девонды молассада орналасқан 210 м қуатты қызыл түсті құмшық пен гравилеттерді көрсетеді.

Карбон

Туреней ярусы төменгі бөлігінде пестротүсті құмшық алевролиттер орналасқан. Татпа алу кезінде базальды құмнан шыңырау 1- де қабат суының ағыны алынды. Ортаңғы бөлігінде миндал тасты спессафиттерді көрсететін 14-18 м қуатты эффузивті жыныс қабатында жатады. Жоғарғы бөлігі құм қабатымен қою-сұр және пестротүсті аргилиттерді көрсетеді. 16 шыңыраулардың жоғарғы қабаты газды болып табылады ( горизонт ІІІ)

Төменгі карбонның визей жатқыны төменгі, орта визей және жоғарғы визенамюр бөлінуімен мүшеленеді.

Төменгі визейдің ярус асты жалпы қуаты 50-55 м сұр көмір қабаты-мен алевролиттер мен қара-сұр аргилметтерді көрсетеді. Осы жыныстардың қорабы ярус астының жоғарғы бөлігіне үйлескен газды жатқындық төменгі газды тығынын көрсетеді және орналасқан. Төменгі бөлігі аргиллит қабатымен құм, ал жоғарғы бөлігі құмды қабатпен аргиллиттер. 9 газды горизонт ІІ-де мергель мен әктас аз кездеседі. Ярус астының жалпы қуаты 83-92 м.

Орта визейді ярус асты мергель қабатымен әктастың 90% -ті көрсетілген. Қабат жатқыны негізінде ангидрит қүаты 5-12 м. Ортаңғы бөлігінде псамитті текстуралы оометті және сынған әктас қабаттары дамыған. Олар 1, 2, 3 шыңырауларды сынаған кезде қабат суының ағынын береді. Ярус астының қуаты 270-297 м. Жоғары визе-намюр төменгі бөлігі әктас және долмиттерді, ал жоғарғы бөлігі 1, 6, 11 шыңырауларда газ қаныққан коллекторлар горизонтты орнатылған қабат қуаты 167-196 м

Орта - жоғарғы карбон

Карбон бөлігі қызыл түсті орта-жоғарғы бөлімдер қалындығын көрсетеді. Олар құм, алевромиттер және аргилметтердің қабаттануын көрсетеді. Кейбір құм горизонттары су қаныққан коллекторларды көрсетеді. Қабат қуаты 309-385 м

Пермь

Төменгі бөлімнің тұз асты қабаты құм және алевромиттер қабатымен қызыл түсті аргиллиттермен күрделенген. Соңғысы азот-көмірсутекті газ жатқынын құрайтын коллекторларды көрсетеді. Жоғары жатқан тұз қабатының өтуі тұздалған аргиллиттер арқылы жайлап өтеді. Тұз асты қабаттың қуаты құрылым қанатында 180-413м дейін тұздардың фациальды орналасу есебімен өзгереді.

Тұзды қабат құмы аз, алевриттер, аргилиттердің қызыл түсті теригенді жыныстарымен ластанған тас тұзының қабатталған қабаттарымен тұрады. Қуаты 305-543 м-ге дейін өзгереді.

Тұз үсті қабаты негізінде базальт майда түйіршікті құмды алевролиттермен, қызыл түсті аргиллиттерді көрсетеді. Қуаты 207-304 м.

Мезозой-кайнозой

Төменгі бөліктің мезо - кайназой плат формасы чехолы құм, құмшық, жоғарғы бор гравелиттері мен эоцен, ал жоғарғы бөлігі су-құм үсті жатқында жоғарғы су тығыздығын көрсететін алигоцен саздары қалыптасқан. Жалпы қуаты 264-381м. Төменгі карбон және девон жатқыны үшін солтүстікке солтүс-тік батыстан қуаты жоғарылайды. Ойпаттың солтүстік бөлігінің қуаты 2000 м.

Өндірістік газдың төменгі визелск горизонтынан ең жоғарғы жағынан бұрғыланған №1 ұңғы ең бірінші газ бар екенін анықтаған. Одан кейінгі уақыт аралығында Амангелді газ кен орнында 17 ұңғы бұрғыланды, оның ішінде 11 іздену, 6 барлау ұңғылары. 6 ұңғы өзінің геологиялық алға қойған мақсатын орындағаннан кейін жойылған, қалған ұңғылар консервацияда тұр.

Ортаңғы іргетастың жоғарғы жағындағы стратиграфикалық келісімде жоқ және жойылатын болып орналасқан пермь, карбон және девон құрылымдағы карбонаттар, галогендер, терригендер түрінде берілген.

Жоғарғы - көпшілігінде теңіздік және континенталды терригендік жыныстардың кене - борлық, полеогендік, неогендік және ширектік жастарынан жасалған.

1. 3. Газдылығы

Шу - Сарысу ойпатының өндірістік газдылығы 1961 жылы Үшарал - Кемпіртөбе азотты-гелилі газды кен орны ашылуымен дәлелденген. Одан кейін 1967 жылы «Құмырлы» ыстық газды кен орны ашылған. 1970 жылдан 1975 жыл аралығында Солтүстік Үшарал, Айрақты, Придорожная және Амангелді кен орындары, 1976 жылы - Орталық және де соңынан 1980 жылы - Анабай кен орындары ашылған. Придорожная және Орталық кен орындары ойпаттың батыс бөлігінде орналасқан, ол қалғандары орталық - шығыс бөлігінде.

Газ кеніштері негізінен төменгі тас көмірлі (визейлік және турнейлік ярустары) және төменгі пермі шөгінділерінде анықталған. Бірақта сонымен қатар, «Орталық» кен орнында кеніштердің біреуі іргетас эрозиондық бөлінуде және «Придорожная» кен орнында каменск және серновуск шөгінділерінде газ кеніштері анықталған. Кен орындарының атауы да 20 - 30 жылдан бері консервацияда тұр. Оның біреуі де пайдаланылмаған.

Кен орны 1975 жылы ашылған. Құрылымдағы орналасқан кен орны сыну алдындағы брахнантисыналы бүрмеленген солтүстік - шығысқа қарай созылып жатыр. Сыну құрылымды шығыстан және оңтүстік - шығыстан шектейді. Төменгі виза өлшемдері күмбез бойынша 15х7 км, ал ампилтудасы - 280 м. төменгі пермі өнімді қалыңдық күмбезінде амплитуда бүрмесі 400 метрге дейін ұлғаяды. 1975-1976 жылдардағы тереңдеп ізденіс бұрғылаулары. МОБТ сейсмобарлау мағлұматтары негізінде жүргізілуде. Бұл көрсетілген уақыт аралығында барлығы 11 іздену ұңғылары (№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14) және 6 барлау ұңғылары бұрғыланды (6-р, 11-р, 16-р, 15-р, 17-р, 18-р) . Осындай түрмен кен орындарында 17 ұңғы бұрғыланған, оның ішінде төменгі визей шөгінділерінен газ алынған 10 ұңғы және су алынған 1 ұңғы консервацияға кіргізілген.

Сораптық - компрессорлық құбыр тек қана 16 - р ұңғысына түсірілген. 4 ұңғы (7, 13, 15, 17) жойылған. Екі ұңғы (10 және 14) кен орынның аумағының сырт жағында бұрғыланған болып шықты.

1998 жылғы қорларды есептеген есеп берулерде келтірілген мағлұматтар бойынша пайдалану ұңғысы есебінде 5 барлау ұңғысын (1, 2, 4, 5, 6) қолдануға болады. Кен орынның газдылығы жоғары турнелік, төменгі визейлік, төменгі серпуховалық және төменгі пермдік шөгінділермен тығыз байланысты. Сонымен қатар қор бойынша есептеулерде тек қана төменгі визейлік және төменгі пермдік шөгінділердегі газ кеніштері қоры есепке алынған, ал басқа кеніштер әлі толық барланбаған. Төменгі пермдегі сульфатты галогенді терригенді шөгінділердегі кеніштер метологиялық қоршалған қабатқа жатады.

Кеніш тереңдігі күмбезден 850 метрді құрайды. Газ - су қатынасы - 782 м деңгейде қабылданған. Өнімді горизонттың жалпы қалыңдығы - 270 метр орташа тиімді қалыңдық - 28, 5 метр. Газ қаныққан құмшауыт және алевролиттер кеуекті, сызатты - кеуекті және кеуекті-сызатты түр коллектор-лары түрінде болып, оның ашық кеуектілігі 15% және өткізгіштігі 0, 14 мкм 2 .

Газға қанығу коэффициентті - 0, 75. бастапқы қабат қысымы - 13, 2 МПа. Ең жоғарғы мәндегі шығым 15, 9 мм шамба арқылы тәулігіне 182, 9 мың. м 3 . Кеніштің жабуы есебінде кунгур жасындағы терригенді - гологенді шөгінділер қызмет етеді. Оның қалыңдығы 500 метрге дейін.

Төменгі визейліктегі газ кеніші 2053-2385 тереңдік аралығында орналасқан. Оның биіктігі қабылданған газ - су қатынасының деңгейіндегі - (1972м) қалыңдығы - 252 метр. Бұл кезде ГВК (ГСҚ) жағдайындағы кеніш ауданы 49915 мың м 2 (4991га) . Кеніш түрі - қабатты, күмбезді. Өнімді горизонт құмшауыт, алевролит және аргилит қабаттамалары ауысып келетін түрде көрсетілген, жалпы қалыңдығы 46 - 57 метр.

Горизонт төменгі визейлік қимасының орталық бөлігінде орналасқан және құмшауыттан, - известняктан тұратын (6 - 7м) жыныс қабатымен жабылған. Қимадан жоғары жақта газ кенішінің сенімді жабуы болып табылатын қалыңдығы 5 - 8 м қалыңдықтағы ангидрит қабаты жатыр. Горизонт тұтасымен қара аргилит қабатымен жабылған. Кеуекті және кеуекті - сызатты түрдегі өнімді коллекторлар қалыңдығы 0, 8 - ден 6, 8 метрге дейін жететін құмшауыт және алевролит түрінде көрсетілген. Газға қаныққан қалыңдықтардың жалпы өзгеруі ұңғыларда 10 метрден (15 ұңғы) 31 метрге (8 ұңғы) дейін өзгереді. коллекторлардың кеуектілігі 12-27 %. Өткізгіштігі сызатталмаған кеуекті жыныстар үшін 0, 05 - тен 5, 56-10 -2 мкм-ге дейін және сызатты жыныстар үшін 1854, 23*10 мкм 2 , саздылығы - 0, 12-ден кем, карбонаттылығы - 0, 07-0, 09-дан аз.

1. 4. Төменгі визалық горизонттың өнімділігі

Горизонт 13 ұңғыда барланған 12 ұңғыдан (37 объект) газ, ал біреуінен - су алынған (2 объект) . Барлану нәтижесінде көрінгендей шығым көлемінің күрт өзгеруіне байланысты объектілер екі топ объектілерге бөлінеді: аз - шығымды және жоғарғы - шығымды.

Сонымен бірге объектілердің 80%-ті төменгі шығымды объектілерге жатады (оның ішінде объектілердің 65%-тінің шығымы көпшілік жағдайда тәулігіне 3 мың м 3 - тан аспайды. Қорларды есептеулерде есеп берудің көрсеткеніндей ұңғы бойынша төменгі кен орнының пореклиналда орналасуына байланысты, онда коллекторлардың көлемді сүзушілік сипаттамалары өте төмендігімен және ашу әдістерінің . Бұнда көрсетілген екінші себеп зерттеулерде үлкен орын алуы мүмкін.

Төменгі шығымды объектілердің құрылымдық жағдайын қарастырсақ, олар тек шеткі ұңғыларда ғана емес, сонымен қатар күмбез көтерілімі бөліктерінде де орын алады. Сонымен қатар төменгі шығым жоғары шығымды қабаттар орналасқан скважиналар жанында да байқалады. Алдын - ала байқап көру талдаулары көрсеткендей жоғарғы және салыстырмалы жоғары шығымы алынатын қабат - коллекторлар төменгі визейлік өнімді горизонттарының қимасының әртүрлі бөліктерінде орналасқан.

1, 18 және 6 ұңғыларда олар оның ортаңғы бөлігінде орналасқан, ал 2, 5 және 16 ұңғыларда жоғарғы жағына жақын бөлігінде орналасқан. №4, 7, 15 ұңғыларында төменгі визейлік өнімді қабатының төменгі бөлігінде өнімді қабат орналасса №11 ұңғыда күмбез айналасында орналасса, ол 8 және 17 ұңғыда солтүстік бөлігінде орналасқан. Өнімді горизонттың қимасының барлық бөлімдерін зерттегенде өте әлсіз газ ағып келуі анықталған. Көпшілік объектілерде тәулігіне 1-ден 3, 0 мың м 3 -ке дейін, тек қана екі объектіде тәулігіне 5-8 мың м 3 болды.

Температураға берілген түзету - 0, 86.

Қабат газының құрамы, конденсаттың қабат газындағы потенциалды қосындысы. Конденсат тығыздығы 2, 5 және 6 ұңғылардан зерттелген газды конденсатор мағлұматтарынан және зертханалық жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алынған. Потенциалды конденсат құрамы бар қабат газының және оның тығыздығы өзіне сәйкес 86 г/м 3 және 0, 896 г/см 3 -ке тең. СредАЗ НИН газ институтының мағлұматтарында конденсатты алу коэффициенті - 0, 77. пайдалы қазбалардың қорының мемлекеттік коммиссиясы конденсатты алу коэффициентін 0, 75 - ке тең деп бекітті.

1. 5. Газдың және конденсаттың қоры

Төменгі перм кенішінің газ қоры СССР-дің ГКЗ-сіне бірінші рет 1981 жылы берілген. Төменгі визейлік кенішіндегі газ қоры С 1 категориясы бойынша 8740 млн м 3 , ал төменгі пермі кенішіндегі газ қоры С 1 категориясымен 6169 млн м 2 , С 2 категориясымен 4761 млн м 3 болып бекітілген. Төменгі визейлік бойыеша 153 мың тонна, ал алынатыны 114 мың тонна болып бекітілген.

1996 жылы газ және конденсат қоры. Төменгі визейлік кенішінде Қазақстан республикасының Мемлекеттік қор комитетінде қайтадан бекітілді. Геологиялық зерттеулер бойынша С 1 категориясында 17058 млн м 3 және С 2 категориясында 8020 млн м 3 (алу коэффициентті 0, 9) болғанда өздеріне сәйкес 15352 және 7218 млн м 3 .

Осындай түрмен ұңғы түбі аумағындағы сүзілу сипаттамасындағы техникалық-технологиялық факторларының әсерінен керісінше болуын есепке ала отырып коллектордың табиғаттың фильтрленуінің сипаттамасын өнімді қабаттың нақты бір аралығында анықтауда кен орнын әрі қарай игеруде коллекторлардың зоналық орналасуларын және олардың сыйымдылық - фильтрациялық сипаттамаларын жете зерттеу қажет.

1. 6. Газ және газдыконденсаттың сипаттамалары

Төменгі пермдік кеніштің газдары мынандай келесі құрамымен сипатталынады: метан 9, 47 - 26, 05%; этан - 0, 21 - 1, 97%; пропан 0, 02 - 0, 49%; изобутан - 0, 03 - 0, 05%; н-бутан - 0, 07 - 0, 09%; пентан+жоғары - 0, 06%; азот + сирек - 70, 92 - 87, 02%; гелий - 0, 04 - 0, 24%; көмір қышқыл газ - 0, 15 - 1, 3%. Төменгі визейлік кеніштерінің газы құрамында өте жоғары ауыр әртүрлі қоспалардың болуымен ерекшеленеді. Құрамындағы метан 80% -тен жоғары емес, негізінен 67 - 79% шамасында.

Кеніш бойынша метанның орташа құрамы 74%. Азоттың құрамы 2-ден 20%-ке дейін, орташа - 9%. Аз пайыздығы компонентердің орташа мағынасы этан - 11, 37%, пропан - 5, 08%, бутан - 1, 58%. Гелий құрамы 0, 03-тен 0, 09-ға дейін өзгереді, аргон - 0, 008 - 0, 09%. Орташа құрамы өздеріне сәйкес 0, 059 және 0, 052%. Абсолюттік газ тығыздығы - 0, 869 г/см 3 . Ауамен салыстырмалығы - 0, 721 г/см3. Жоғарғы қысылу коэффициентті - 0, 05. Боиль Мариотта заңынан шетке шыққандағы түзетілуі - 1, 18. Сонымен бірге бекітілген геологиялық және алынатын С 1 категориясындағы конденсат қоры. Сәйкестікте 1466, 0 және 1320 мың тоннаны, ал С 2 категориясында сәйкестікте 690, 0 және 621 мың тоннаны құрады. Қорларды қайта есептеу негізінен 1981 жылдан кейін бұрғыланған 17 және 18 ұңғылардан алынған мәліметтер қызмет етті.

Төменгі визейлік кеніштеріндегі 1996 жылғы есептелген геологиялық қорлар. 1981 жылмен салыстырғанда газ бойынша (С 1 2 категорияларының қосындысы) 12, 7 есе, ал конденсат бойынша 14 есе өсті. Төменгі пермдік кеніштің газ қоры 1981 жылдан кейін есептелген жоқ. Осындай турмен кен орны бойынша тұтасымен пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансында алынатын жалпы мынандай көлемдері есепке алынған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кен орындарының геологиялық-физикалық сипаттамасы
Төменгі визейлік кенішінде
Оңтүстік ақшабұлақ аймағындағы барлау ұңғысын орналастыру
Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау
Амангелді газ кен орны
Ұңғыманы бұрғылау
Бұрғылау құбырларын аралық бұрғылауға қолдану
Газ және газды конденсаттың сипаттамалары
Өзен кен орнында 1400м тереңдікке бұрғыланатын пайдалану ұңғымасын жобалау
Жетібай кен орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz