Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін - өзі бағалау, тану ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ, ТАНУ - ӨМІР ТАЛАБЫ
1. 1 Өзін-өзі бағалау мәселесіне жалпы түсінік . . . 5
1. 2 Өзін-өзі тану ұғымының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . . 6
1. 3 Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін-өзі бағалау, тану ерекшеліктері . . . 12
2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ, ТАНУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2. 1 Балалардың өзін-өзі тануын қалыптастыруда өзіндік бағаның маңыздылығы . . . 15
2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін-өзі тануын анықтау іс-шаралары . . . 23
2. 3 Балалардың өзін-өзі бағалауына, тануына ықпал ететін жаттығулар . . . 29
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 38
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде балалардың өзіндік дамуын, тұлғалық қалыптасуына ерекше мән беріп, білім беру жүйесін дамытуда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту талаптарын қойып отыр. Білім беруді ақпараттық технология жаңалықтарымен толықтырып отыру, елімізде білім беру сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі.
Қазіргі кезде балабақшаларда баланың жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Тәрбиесіз толыққанды тұлға тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан мұнда бала бейнесі, яғни адам бейнесі маңызды. Біз көбіне баланың шынайы бейнесін емес, өзіміз қалаған бейнені, бала идеалын көреміз. Баланы субъекті ретінде емес, объект ретінде көріп келдік. Тек соңғы жылдары ғана оған субъект ретінде мән берілуде және оның өзегі болып табылатын басты қасиеттері мен сапаларды айқындуға ұмтылыстар жасалып келеді.
Өсер елдің әуелгі ойлайтыны - өз ұрпағының жай-күйі болмақ. Ендеше, ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың бүгінгі тәрбиесіне байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Жан-жақты білім алған, парасатты, саналы азаматты тәрбиелеп шығару, олардың жан дүниесін әлемдік өркениетке сай рухани қазыналармен байыту, халықтық педагогика дәстүрлерінің озық өнегелерін ой-санасына орнықтыру - бүкіл ел жұрт, ауыл-аймақ, отбасы, қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндет екені де айқын. Ал, баланы дамыту - ұзақ жылдарға созылатын, инемен құдық қазғандай, бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек, осы орайда, баланың өзін-өзі бағалауын, тануын қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналып отыр.
Мектепке дейінгі баланың психикалық дамуына, танымдық әрекетін дамыту жолдарын негіздеуге дұрыс көңіл аудара білу, оны ұйымдастыру зор мәнге ие болады. Балалардың танымдық дамуының оқыту жүйесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың танымдық әрекетінің дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді. Мұнда ұйымдастырылатын іс-әрекеттерді дұрыс жоспарлау, әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру ерекше мәнге ие.
Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, А. И. Липкина, И. И. Чеснакова т. б. ) .
Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар (Коссов Б. Б, Сафин З. В, Спичак С. Ф. т. б. ) .
Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж. Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен Р. Ш. Сабырова, С. Ж. Өмірбекова және Л. С. Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді.
Көптеген зерттеулерде (А. Н. Леонтьев, Л. А. Венгер, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Н. Н. Авдеева) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды енгізу танымдық әрекет дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелген сатыларында принципті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды.
Ғалымдар қазіргі ақпараттың қарқынды көтерілуі жағдайында өзіндік танымды қалыптастырудың ерекше мәнге ие екендігін көрсетеді. Бұл білімнің белгілі бір бөлігін меңгеру ғана емес, солардың ішінен ең маңыздысын таңдау, оларды әртүрлі мәселелерді шешуде қолдана және материалды логикалық өңдей білу, белгілі бір мәндік байланыстар мен қатынастарды орнатудың маңызды екендігін аңғартады. Өзіндік танымды қалыптастыру жайында көптеген психологтар: А. И. Божович, В. С. Мухина, А. А. Люблинская, Н. Н. Поддъяков, Ж. Пиаже, С. Л. Рубинштейн, Л. С. Выготский, М. И. Буянов дәлелдеді.
Бірқатар Қазақстан ғалымдарының еңбектерінде (Х. Т. Шерезданова, Ғ. Н. Нығметова, Г. К. Қасымова, К. Е. Метербаева, М. П. Оспанбаева) мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы, оларды мектепалды даярлауда тұлғаның өзін қалыптастыруына мән берілген.
Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі балалардың өзін өзі бағалау, тану ерекшеліктерімен танысу.
Зерттеу міндеттері: Балалардың өзін өзі тану ерекшеліктері мен бағалау ерекшеліктері туралы түсінік беру және өзін өзі бағалау әдістерімен таныстыру, психологиялық тренингтер пайдаланудың ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі балалар.
Зерттеу пәні: оқу іс-әрекетіндегі өзін өзі тану, бағалау диагностикасы.
Зерттеу міндеттері:
- өзін-өзі бағалау, тану мәселелерінің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін саралау;
- балалардың өзін-өзі бағалауын, тануын қалыптастыруда ойын әрекетінің алатын орнын анықтау;
- өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіндік баға маңыздылығының қалыптасу мүмкіндіктерін негіздеу;
- психологиялық зерттеу нәтижелерін өңдеу және қорытынды жасау.
Зерттеу әдістері- ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, әңгімелесу, бақылау, эксперимент, ойын-жаттығулар, «Өзін-өзі тану оқу іс-әрекеті», танымдық тапсырмалар.
- ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ, ТАНУ - ӨМІР ТАЛАБЫӨзін-өзі бағалау мәселесіне жалпы түсінік
Адамдардың өзін - өзі тәрбиелеу, бағалау дегеніміз - жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам - жеке тұлға. Мектепке дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулері керек.
Адам өзін-өзі тәрбиелейді, алдына мақсат қоя біледі, сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, өз өмірім өзіме құнды деген қағиданы басты назарда ұстау қажет. Адам ен бастысы жоғары адамгершілікте болса ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады.
Жеке тұлға қалыптасуының маңызды факторы өзін - өзі бағалау болып табылады. Балалар өзін - өзі бағалауды қалыптастыру мәселесі - оның тұлғасының дамуын анықтайтын маңызды мәселе. Міне, сондықтан да балалардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері мәселесі психологтардың назарына алынып, бүгінгі күн талабына сай мәселелердің бірі болып отырады.
Өзін - өзі бағалаумен байланысты мәселелер кеңестік кезең зерттеушілері - Л. С. Выготскийдің, С. Л. Рубинштейннің, В. В. Давыдовтың, Л. И. Божович, Э. Эриксонның, М. С. Тайчиновтың т. б., сондай - ақ шетел зерттеушілері - Р. Бернс, Куперслиздің, Скоттың зерттеген еңбектерінде жан - жақты қарастырылған.
Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік бағдарламасын нақты орындауға көмектескен өзін-өзі түзету мысалдары өте көп кездеседі. Өзін-өзі түзету өзін-өзі жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі. Л. Н. Толстой Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды- деп бекер айтпаған.
Тәрбиенің демократиялық жүйесі баланың, басқа адамдар ықпалына бағынышты болмай, керісінше өзінің қабілеттері мен күштерін бағалап, өз дамуын өздігінше анықтауға үйрететін бірден-бір жүйе болып саналады. Тәрбиенің осындай нәтижесі тек қана педагог пен өсіп келе жатқан баланың тығыз ынтымақтастығы негізінде ғана мүмкін болады.
Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.
Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - деген мұғалімнің сұрағына бала өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, балаларды өзін-өзі сендіруге үйрету, балалардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.
Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
- балалардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру;
- тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру;
- педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы;
- тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады.
Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады. Адамдар арасындағы өзара қатынастар белгілі дәрежеде бағалау сипатына ие болады, мұның педагогикалық қызметтегі орны зор.
Бағалау мен өзін-өзі бағалауды педагогикалық үрдісті зерттеу балаларға тиімді ықпал жасауда, өзара қатынас орнатуда жұмыс туралы болуы қажет. Өзін-өзі бағалау әдісі, егер адам өз әрекеттерін бағаласа, оның нақты тәртібі жөнінде объективті деректер береді. Ол адам бойында сенімділік, өз-өзін бағалау дәрежесін анықтауға мүмкіндік ашады. Бағалауды өз-өзін бағалаумен салыстыру адамдар арасындағы өзара қатынастарды, жанжалдарды айқындауға жол беретін ерекше әдіс ретінде көрініс алады.
- Өзін-өзі тану ұғымының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында елімізде білім беру жүйесін дамыту, оңың алғашқы сатысы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге ерекше мән береді.
«Өзін-өзі тану» - білім беру жүйесіндегі жаңа жоба болғанымен, күнделікті тіршіліктегі Сіз бен біздің қарым-қатынасымыз, рухани адамгершіліктің қайнар көзін іздеу, мінез-құлықты тәрбиелеу, қайырымдылықты, әділдікті, махаббатты, бақытты бағалау секілді құндылықтарды игеру.
«Мен кіммін, менің жақсы қасиеттерім, жаман мінездерім қандай? Талабым, талғамым қандай? Адам өзін танып білуге бола ма? Танып білсе, ендігі жерде өзіндегі кемшіліктерді жоюға күші жете ме?» - деген өмірлік сабақтардың жауабын іздейтін, қызыққан адамға күрделі көрінетін, қызықпаған жанға өте қарапайым сезілетін қағидаларды танып - білудің баспалдағы.
Алғаш кездері өзін-өзі тану мәселесі Ежелгі Шығыстағы діни концепцияларда пайда болды, онда тек өзін-өзі тану мағынасы мен мазмұны ашып қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі танудың бірден-бір технологиясын өңдеді, оның элементтері қазіргі күнде де психологияда қолданылуда.
Л. И. Божовичөз еңбегінде адамның өзін-өзі тану нәтижесі өзі туралы түсінік жүйесі немесе «Мен бейнесін» өндіру болып табылады. Өзін-өзі тану негізінде өзі туралы түсінігі пайда болады. Бұл түсінік жақындық принципі бойынша топталады. Мысалы: ақыл-ой құбылыстары, мінез-құлық белгілері, эмоционалды қасиет, қабілет; Аталған құрылым өзінің жиынтығымен Мен бейнесін құрастырады. «Мен бейнесі» индивидтің өзіне деген қатынасын анықтайды. Психологиялық зерттеулерде «Мен бейнесіне» бірнеше формальды сипаттамалар беріледі.
Біріншіден, бұл деңгей когнитивті қиындықтар және адамның саналы түрде түсінетін сапаларын сандық және сипаттық өлшенуі; субьект қаншалықты сапалы саналы түрде түсінсе және қаншалықты сапалардың өзі қиынырақ жалпыланса, соншалықты оның өзіндік сана деңгейі жоғарырақ болады.
Екіншіден, нақты құрылым дәрежесі, оның индивид үшін «Мен бейнесінің» маңыздылығы адамдардың күшімен ажырата алмайды, өзінің Меніне бағытталып және саналы түрде ұғынылады.
Үшіншіден, бұл ішкі тұтастық дәрежесі, «Мен бейнесінің» бірізділігі. Ол ішкі келісімділікпен ерекшелене алады.
Психологияда өзін-өзі тану мәні толық қарастырылған. Мұндай өзін-өзі тану мағынасының шектері әр алуан.
- тұлғаның психологиялық денсаулығы және психикалық жағдайында өзін-өзі табу.
-өзін-өзі тану ішкі үйлесім және психологиялық кемелденуді табу ретінде.
-өзін-өзі тану - тұлғаның өздігінен даму үшін және өздігінен реттелудің бір ғана жолы. Әдетте, бұлар бір-бірлерімен тығыз байланысты, жекеленіп шығып кетпейді.
А. Н. Леонтьев өзін-өзі тану мәнін адам өзінің өміріндегі мақсатын танудан көреді - деді. Ол өзіндегі тұлға қасиеттерін тануға көңілін аударады, яғни адам өзінің қасиетін қабылдамайтын сфераға ығысады.
Мұндағы міндет: осы жақтарды тану және оларды қабылдау, осыдан барып өздерінің бүтіндік және тұтастық Менін игереді.
Психосинтездің негізін салушы итальян психологы Р. Ассаджоли, өзін-өзі танудың негізгі идеясы ішкі үйлесімге жету, жоғарғы Мені мен бірігуге алып келеді. Ол үшін адам өзінің қандай тұлғалық ерекшеліктерімен өзін теңестіретіндігін түсіну қажет, нәтижесінде дисгармонияны айқындай отыра, олар жалпы жеке тұлғада «билік» алады. Мысалы: адам өзін «Әкесімен» теңестіруі мүмкін немесе «Бостандықпен», «Бақытсыз адаммен», «жылпоспен» теңестіреді және өзін сол таңдаған рольге сәйкес әрекеттер жасайды.
Гештальт терапияны құрастырушы неміс психологы Ф. Перлздің айтуы бойынша, өзін-өзі тану - адамның тұлғалық кемелденуге жету ретінде көрінеді.
Гуманистік психологияда өзіндік таным мәселесінің ерекше мағынасы көрсетілген. Мұндай өзін-өзі тану тұлғаның өзінше дамуында, өзінше актуализациялануында керекті жағдай ретінде қарастырылады: Гуманистік психологиядағы авторитеттің бірі американ ғалымы К. Роджерстің концепциясы бойынша адамда Нақты Мен және Идеалды Мен бар және әлеуметтік Мен адамға тән емес құрылым.
Тұрмыстық психологияның көзқарасы бойынша өзіндік танымды анықтау ештеңе емес. Егер кез келген адамнан сұраса, тіпті психологияға еш қатысы жоқ адамнан өзін-өзі танудың мәні неде? десек, былай жауап береді: «Өзін-өзі тану - өзінің мүмкіншіліктерін толық қолдануға, басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді». Кейбіреулері, тіпті былай жауап береді: «Басқа адамдарды басқару үшін, өзімнің мақсатыма жету үшін Мен өзімді танимын».
Қазіргі психологияда көптеген схемалар адамның өзін-өзі тануын құрастыруға және өзін-өзі мінездеп беруі үшін қолданылады.
Тұлғалық мінездемелік ерекшеліктер: өзге адамдарға деген қатынасын көрсетеді (мейірімділік, қарым-қатынасшылдылық, сыпайылық және т. б. ) ; әрекетке, еңбекке (еңбекқорлық, орындаушылық және т. б. ) ; өзіне-өзі (өзін-өзі сыйлау, сенімділік - сенімсіздік ) .
Тұлға сферасында мотивациялық-құндылық - өзін-өзі тануда өздігінен талаптануын, мотивін, қызығушылығын, құндылығын таниды, ол қылығын және әрекетін анықтайды.
Тұлға сферасындағы эмоционалды - еріктік өзінің эмоционалды жағдайын, басым сезімдерін, мақсатқа ұмтылысын, тұрақтылығын тану жатады.
Тұлға сферасындағы танымдық - психикалық процестердің іске асуын түсіну және ұғыну: қабылдау, ойлау, қиял, есте сақтау.
Сыртқы бейне сферасы және темперамент ерекшеліктері - өзінің бейнесі, сыртқы түрі, жүріс-тұрысы, өзін ұстай алуы, сөйлей алуы, темпераментті анықтаитын жиынтықтары өзш-өзі талдауға тап болады.
Өзін-өзі тану - өзінің потенциалын және тұлғалық өзекті қасиеттерін, ақыл-ой ерекшеліктерін, мінез-құлық сапаларын, өзінің өзге адамдарға деген қатынасын тануды білдіреді. Екінші бір жағынан, өзін-өзі тану механизмі, құрылымы, мағынасы туралы көп сұрақтар туындайды.
Өзін-өзі тану процесінде біз танығымыз келген және зерттегіміз келген тану сферасын және саласын анықтауымыз керек. Психологияда алғаш өзін-өзі тану сферасын қарастырған Г. Блюм (прогматизмнің негізін қалаушы) Адамның санасында танылатын элементтеріне: тұлғаның денесі, тұлғаның әлеуметтігі және тұлғаның руханилығы. Тұлғаның денесі - бұл адамның денелік құрылысы және оған адамға қатысты және қоршаған ортасын құрайтындар жатады.
Тұлғаның әлеуметтілігі - өзге адамдардың бізді тұлға ретінде қабылдауы. Тұлғаның руханилығы - сананың жеке құбылыстарының толық бірігуі. Барлық осы үш тұлғалық тип иерархиялы түрде құрылған. Жоғарғы деңгей - тұлғаның руханилығы, төменгі деңгейі - денелік. Ал, тұлғаның әлеуметтілігі - ортаңғы деңгейі болып келеді. Сонымен У. Джеймстің айтуынша өзін-өзі тану үш деңгейде өтеді деген.
Өзін-өзі танудағы кең мақсаттарға өзінің тұтас тұлғасын тану және өмір мақсаттарын тану жатады. Өзін-өзі тануда Мен концепциясын тек қана саналы деңгейде ғана емес, сонымен қатар санасыз және сана үсті деңгейлерінде өзін тұлға ретінде тануды мақсат етеді. Келесі бір мақсат - өмір мақсаты. Әрқайсысымыз өзімізге мынадай сұрақтар қоямыз: Мен өмірде неге жеткім келеді? Мамандықтың қандай түрін таңдауым керек? т. б. Өмір мақсатын танудың өзі өмірдің өзіне тұрақтылықты, мәнділікті береді.
Өзіндік танымның тар мақсатына Мен бейнесінің нақты сипаты кіреді, қазіргі уақытта ол біз үшін өзекті болып келеді. Олар әртүрлі координата жүйелерінде қарастырылады. Мысалы: біз ақыл-ой мүмкіншіліктерін немесе мінез-құлық ерекшеліктерін, зейіннің қасиеттерін танимыз. Егер де біз адаммен танысып жақындасқымыз келсе, онда өзіміздің коммуникативті қасиетімізді, ұнай білу, жақсы дос болу қабілетімізді тану маңызды.
Өзін-өзі тану - үнемі адамның өзін-өзі тексеру және өзін-өзі реттеудің дамуының негізі болып келеді. Өзін-өзі тексеру танымда және қарым-қатынаста әрекет субъекті ретінде адамның ерекше психологиялық механизмі болып табылады. Өзін-өзі тану өзіне деген қатынасты бағалаудың жүзеге асуы, өзін-өзі бағалау ретінде жүреді. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі бағалаудың айырмашылығы, когнитивті - танымдық және бағалау - құндылық және өзіндік сана компоненттерімен сәйкес келмеуімен түсіндіріледі. Өзін-өзі тану өзін-өзі бағалауды жүйелей алады, бірақ та ол таза бағаланбайтын белгілеу болып табылады.
Сонымен, өзін-өзі тану - өзінде қандайда бір тұлғалық және қылықтық мінездемелерді анықтап, оларды белгілеу, әр жақты талдау, бағалау және қабылдау процесі. Өзін-өзі танудың жалпы заңдылығы қандай? Өзін-өзі танудың жалпы заңдылықтарына келесілер кіреді: саналы түрдегі, санасыз түрдегі деңгейлері. Көп жағдайларда өзін-өзі тану процесі үздіксіз сипатқа ие және біршама уақытқа дейін санасыз түрде жүреді. Адам жай өмір сүреді, оқиды, еңбек етеді, қарым-қатынасқа түседі, ылғи өзімен-өзі сөйлейді. Өмір сүру кезінде өзге біреулер және өзіміз туралы мағлұматтар жиналады. Сапаға айналу заңы күшіне енген де бір сәтте ұғынылады және санаға бекітіледі, бірақ та ұғынылмауы да әбден мүмкін.
Өзіндік таным саналы түрде мақсатқа бағытталған процесс ретінде сипатталады, яғни адам нақты бір мақсатты алдына қояды. Өзінде қандай да бір қабілетті, икемділікті арнайы әдісті қолдану арқылы өзін бағалайды. Міне, осы жерде саналы әрекетке айналады және оның заңдылықтарына бағынады. Егер адам өзін-өзі тануын әрекетке жиі айналдырып отырса, онда өзін-өзі терең және тез танитын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz