МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ АСПЕКІЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУ ТАНЫМДЫҚ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СФЕРАСЫ . . . 5

1. 1 Мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының психологиялық- педагогикалық негізін теориялық зерттеу . . . 5

1. 2 Оқу мотивтерінің түрлері және оқу мотивтары және оқу мотивтері және оның негізгі компоненттері . . . 11

1. 3 Балалардың ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы . . . 15

2 МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ АСПЕКІЛЕРІ . . . 18

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үдірістерінің даму

деңгейі . …… . . . 18

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері . . . . . . 20

2. 3 Мектепке баратын балалардың мотивациялық даярындығын бағалау технологиясы . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігінен орын алуға және де ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар, тәуелсіздік алып, егеменді ел болуымыздың арқасында қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру, отбасының, бала бақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың ауқымды міндеті екені айдай анық.

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары мен бәсекелестіктің
өсуіне байланысты болып жатқан әртүрлі өзгерістер білім беру жүйесіне
қойылатын талаптарды өзгертеді. Біздің мемлекетіміздің дамуының негізгі
бағыттары Қазақстан-2030 стратегиясында сипатталған. Ол стратегияның
жүзеге асуы үшін білімді, шыншыл, ақылды, дені сау, адами қасиеттері жоғары мамандар керек. Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан артықшылығы - халық сапасы, адам ресурстары . . . Біз өзіміздегі баға жетпес капиталды дамытып және сол дамуға жаңа да, өркениеттік жағдайлар туғызуымыз қажет, - деп тұжырымдайды.

Қазіргі таңда Білім беру мәселелері жалпы әлемдік қоғамдастықтың өзекті мәселелерінің бірі болуы өркениет дамуының білім беру сапасымен байланысында. Білім беру мемлекеттік бағдарламасында білім беруді жетілдіру мен оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларын енгізу арқылы сапалы кәсіби мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған.

Баланың мектепке баруын қай кезде болмасын педагогтар және психологтар қауымы бала өмірінің жаңа бастауы ретінде, оның әлеуметтік ортада жаңа орын алуы деп қараған. Баланың оқу әрекетіне дайындығын Л. И. Божович, оның әлеуметті маңызы және әлеуметті бағаланатын қажеттілігінің өсуімен байланыстырады.

Зерттеудің өзектілігі . Мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық
мотивациялық сферасын енгізгендегі оқу мотивациясының қалыптасуы мен осыоқу мотивациясын қалыптастырудағы ғылыми негіз арасында қарама-қайшылықтар көрінген. Осыған орай инновациялық оқу жүйесіндегі педагогикалық мамандық кіші мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясын анықтау өте өзекті болып табылады.

Біздің қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық реформалануы адам өмірінің барлық сферасында саналылық деңгейін, сонымен қатар адам мәңгілігінің қалыптасуының негізгі бағыты ретінде кәсіби іс-әрекетті де жоғарылатуды көздейді.

Осыған ора й қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру мен компьютерлеу, оқу
процесінде техникалық құралдардың дами түсуі және жаңа білім беру
технологияларының енгізілуі оқу процесіне, соның ішінде оқу мотивациясына әсері қаншалықты екені бүгінгі күнде өте маңызды болып отыр. Қазіргі психологиялық әдебиеттер көрсеткендей ең өзекті мәселелердің
бірі мектеп жасындағы балардың оқу танымдық мотивацияның қалыптасу мәселесі болып отыр.

Балаларды мектеп өміріне ойдағыдай бейімдеу үшін қажетті оқу компоненттерін (оқу тапсырмаларын қабылдауы және оқуға ынтасы) қалыптастыру қажет. Балада оқу тапсырмасын орындау ынтасы оқу әрекетінде ғана қалыптасуға мүмкіндігі бар деген тезисті негіз ретінде қолдана отырып оқу әрекетінің қалыптасуы барысында баланың оқуға, үйренуге, жаттығуға ынтасы көтеріліп, мектеп өміріне мейлінше тез бейімделуге қажетті сапа - оқу, үйрену, жаттығу мүмкіндігін барынша қолдану қажеттілігі артады.

Мектепке баратын балалардың оқу процесі жүйелі болуы үшін, баланың оқуға бейімділігі, қабылдайтын білімі, оқу міндетін орындауы, түзету жұмыстары, психологиялық тиімді жолға қойылса, онда білім өзінің мәні мен маңыздылығында көріне алады. Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.

Мотивация үнемі өзгеріп тұратын латентті-психикалық феномен. Олардың көп түрлі компоненттері оқуға және өлшеуге қиындық келтіреді.
Оқыту процессі екі жақты процесс болғандықтан, тек мұғалім өзінің іс-
әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың танымдық әрекеті мен белсендігін дамытуға ерекше көңіл аударуы тиіс.

Зерттеу объектісі. Мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық
мотивациялық сферасы.

Зерттеу пәні: мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекеті мотивациясы.

Зерттеу мақсаты: мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық
мотивациясын зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • мектеп жасындағы балалардың оқу мотвациясының психологиялық-педагогикалық негізін теориялық зерттеу.
  • шет ел психологиясындағы оқу мотивациясының теориялық негізі.
  • мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясын жәнеерекшеліктерін зерттеу.
  • мектеп жасындағы балалардың оқу зерттеу.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУ ТАНЫМДЫҚ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СФЕРАСЫ

1. 1 Мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының психологиялық- педагогикалық негізін теориялық зерттеу

Оқу мотивациясы оқу іс - әрекетіне, оқудағы іс-әрекетке енетін моти-вациялардың жеке түрі ретінде анықталады. Кез келген басқа үрдіс сияқты оқу мотивациясы да осы әрекетке тән өзгеше факторлар қатарымен анықталады.

Біріншіден, ол білім беру жүйесімен, оқу іс - әрекеті жүзеге асатын білім беру мекемесімен; екіншіден, білім беру үрдісін ұйымдастырумен; үшіншіден, кіші мектеп жасындағы балалардың даму ерекшеліктерімен; төртіншіден, педагогтың субьектілік ерекшеліктерімен, ең алдымен оның балаларға деген ісіне деген қатынастар жүйесімен; бесіншіден, оқу пәнінің өзгешелігімен анықталады.

Баланың алғашқы мектепке бару кезеңінде олардың әлеуметтік жағдайының дамуында үлкен өзгерістер болады. Бала оқушы бола бастаған соң, ол жаңа міндеттер, құқықтар ала бастап, алғаш рет қоғамдық мәнді іс-әрекеттермен айналысады, яғни іс-әрекетті орындау деңгейінен олардың қоршаған орта арасындағы орны мен өзара қатынастары байланысты болады.

Бұл жаңа әлеуметтік жағдай - мектеп жасындағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып - адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және
ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттанылуы керек, ал бұл
оларды қанағаттандыратын амалдарды іздеуге және табуға бағытталған әдістер мен құралдардың пайда болуын және оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың танымдық қабілеттерінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, әдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады.

Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынайы қоршаған ортаға
бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай білуі керек Осындай бейімделудің құралы болып - адамның уайымдары саналады. Олар адам
қажеттілігінің қанағаттанылуының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді.
Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапкы құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қанықпайтындай көрінетін қажеттіліктер пайда болады.

Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет. Бұл жаңа қажеттіліктер баланың мотивациялық сферасын толықтырады және қиындатады, Осы жерде екі негізгі жолды атап көрсетуге болады.

Біріншіден, баланың өмірдегі және оның қоршаған ортамен өзара қатынастарындағы орнын өзгерту жолы. Бұл әрбір жас кезеңіне сай келетін қажеттіліктерді тудырады. Осылайша, мектеп жасындағы балаларда оқушының жаңа жағдайда болуына байланысты жеткіншектерде - құрдастар ұжымындағы орындарына байланысты: жоғары сынып оқушыларында - олардың келешектегі қоғам мүшелері ретіндегі орындарына қажеттіліктерін тұтас жүйесі пайда болады. Қажеттіліктердің пайда болуының мұндай жолы тек балаға ғана тән емес.

Ересек адамның қажеттіліктері де оның өмірінде және өзіндегі өзгерістерден туындайтын өзгерістерге ұшырап отырады, екіншіден, ажеттіліктердің қалыптасуы мінез-құлық пен іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеруімен байланысты болады. Мұнын нақты мысалы ретінде әр түрлі әдеттерді, соның ішінде, мәдени әдеттерді де айтуға болады. Осылайша меңгерілген мінез-құлықтың әдістері адамды оларды жүзеге асыруға итермелейді. Бірақ адамның мотивациялық сферасында жағдайдың тікелей ықпалынан босататын, құрылысы бойынша жаңа, психологиялық кұрылымдардың пайда болуы - тұлға ретіндегі адам үшін аса маңызды.

Оларға адамды қажетті бағытта іс-әрекет жасауға итермелейтін мақсаттар, шешімдер, рухани сезімдер және сенімдер жатады. Тұлғаны қалыптастыру үрдісінде адамның тек қажеттіліктері ғана емес, олардың ара- қатынасы да өзгеріп, дамып отырады. Басқаша айтқанда, мотивациялық аймағының бәрі дамиды. Біртіндеп, мінез-құлықтың не іс-әрекеттің тұрақты басым болып отыратын белгілі мотивтер пайда болады, олар басқаларды бағындырып, тұлғаның бағытын көрсетеді. Қандай мотивтер басым болғанына байланысты тұлғаның бағыты әр түрлі сипатта болады.

Өзінің аман- саулығын қамтитын себептердің басым болуы- өзімшілдік бағытты, ал басқа адамдардың көзқарастарымен байланыста болатын себептердің басым болуы -имандылық бағытты сипаттайды. Тұрақты басым әдістер тұлға сипаттамасында жетекші мағынаға ие болады. Мотивациялық аймақтың көбірек жетілген иерархиалық құрылымы белгілі бір рухани ұндылықтарды мінез-құлықтың басым себептері ретінде меңгереді. Осы құндылықтар үшін адам өзінің тікелей сенімдерін жеңеді, бұл оның тұлғасының ерікті мінезін анықтайды. Дұрыс тәрбие үрдісінде меңгерілген құндылықтар адамның басқа қажеттіліктері мен ұмтылыстарын бағындыратын тікелей сенімдердің күшіне ие болады. Мұндай адам өзіне төніп тұрған қауіп туралы ойламай, өзін тәуекелге ұшыратады. Нақ осы жағдайда адамның жоғары дамыған үйлесімді мотивациялық аймағы туралы және оның тұлғасының үйлесімді құрылымы мен жоғары деңгейі туралы айтуға болады.

Л. С. Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала
санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар. Біртұтас қайшылықсыз тұлғаны қалыптастыру тек оның саналы түрде өзін-өзі басқару қабілетімен ғана сипатталмайды. Бұл дамудың аса маңызды қисыны, бірақ жалғыз ғана емес. Сонымен қатар жоғарыда айтылған адамның себептік
жүйелерінің де маңызы зор. Оларда адамның өзімен-өзі күресуінсіз қажетті
мінез-құлықты қамтамасыз ететін мәжбүрлеуші күш болады. Ал бұл үшін тұлғаны қалыптастыру былайша болуы шарт: танымдық және жанға аффективті үрдістер өзара қандай да бір үйлесімді қарым-катынаста болуы қажет. Сонымен, тұлғаның қалыптасуы оның қандай да бір жағының - рационалдық, еріктік немесе эмоционалды - тәуелсіз дамуымен сипатталмайды, - деп есептеуге негіз бар.

Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды. Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды. Белгілі орыс психологтары А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, А. А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін, әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады. Е. Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л. И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.

Психологтар бастауыш мектеп жасындағы оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы оқу іс-әрекетінің мәніне ерекше көңіл бөліп, оқушының ішкі позициясын қабыл алу, (Л. И. Божович), оның танымдық және адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, мінез - құлық мотивтерінің өзгерісі (В. В. Давыдов), баланың мектепке оқу міндетін сезінуде қамтылған қоғамдық орнының өзгерісі (Н. Ф. Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді. Кеңес психологиясында мотивациялық сфера өзінше қарастырылады ол адамның ақиқатқа, өз-өзіне, басқа адамға белсенді түрде бағытталған қатынасының күрделі жүйесін құрайды, әрі түрткілердің әртүрін қамтиды (Л. И. Божович) .

Баланың қай мотиві өзіне жетекші мотиві ретінде таңдап
алуына қатысты оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды (Л. И. Божович, А. Н. Леонтьев) . Оқушының мотивациялық сферасы оның эмоционалды - еріктік сферасына, оның ақыл- ой әрекетіне әсер ететін түрлі қатынастардың қайта құрылуына әсер ететін өте мәнді фактор ретінде көрінетін педагогикалық бағамен анықталады.

Осы жастағы оқушылардың қарым-қатынастарының ерекшеліктерін
сипаттай келе, Л. И. Божович, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин балалардың
құрдастарымен жақындығына қарамастан ересек адам, әсіресе мұғалім олар үшін бедел иесі болып табылатындығын көрсетеді. Д. Б. Эльконин, баланың
ересектермен қатынастарының барлық жүйесі жеке қарым-қатынасқа дейін оқу іс- әрекеті арқылы жанамаланады деген қортындыға келеді. Баланың оқу іс - әрекетіне енуі ересектің оқушылардың өзіндік сана сезіміне әсер ету
мүмкіншілігін ұлғайтады. Осындай көзқарастың негізінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектермен өзара қатынастары бір - біріне қайшы екі тенденциямен сипатталады.

Бір жағынан ересектердің талаптарына мойынсыну, бағыну міндеті айқын көрінсе, екінші жағынан өзінің жеке басының дербестілігін, ынтасын, құқығын қорғау мақсатында дербестік пен тәуелсіздік сезімі пайда болады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектерге
қатысты тәртіп сезімі әлі қалыптаса қоймайды. Дамудың осы сатысындағы балалардың сана сезімі жаңадан қалыптаса бастайды. Жеке басының жеткілікті дәрежеде жетілмеу себебінен, балалардың ересектермен қатынас қажеттілігі пайда болады.

Психологтардың ойынша бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзара қатынастарының негізгі бет бейнесі, олардың достық қатынастарының сыртқы өмірлік жағдайлары мен кездейсоқ қызығушылықтарының бірігіп кетуінде. Құрдастарының берген бағасы өзіндік бағалаудың қалыптасуына негіз болмайды.

Осы жас шамасындағы балалардың жетекші іс - әрекеті болып табылады. Қарым -қатынас көбінде өз - өзін және басқа адамдарды тану қажеттілігін қанағаттандыратын іс - әрекет ретінде қарастырылады(М. И. Лысина) . Баланың ересектермен қарым- қатынастарының жүйесі жеке қарым - қатынасының өзі оқу іс - әрекеті арқылы жанамалданады. (Д. Б. Эльконин) Баланың мектептегі өзгерістерден кейін өмірлік тәжірибесі пайда болады, құрбыларының арасында өзіне тән нақты орынды иелену ұмтылысы пайда болады (А. Н. Леонтьев, Л. И. Божович, И. В. Дубровина, Б. Г. Ананьев) .

Бастауыш мектеп жасында балалардың ересектермен, әсіресе мұғаліммен қарым - қатынастары ерекше мәнге ие болады, өйткені осы жас шамасындағы баланы мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс-әрекетіне, ересектермен және құрбылармен жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайындығын қамтитын, оқушының әлеуметтік позициясы қалыптасады (Л. И. Божович) . Балада мектепке келісімен оқығысы келу тілегімен қатар осы міндеттерді жүзеге асыра алмауымен байланысты қиыншылықтар мен қарама - қайшылықтары пайда болады.

Ересек адам баланы жаңа іс - әрекеттерді орындауға неғұрлым дұрыс үйрететін болса, оқушының оқуға деген қызығушылығы соғұрлым нығая түседі, оқудың қандай да бір жағымды мотивациясы қалыптасады. Соңғысы аса мәнді, өйткені бастауыш сыныптағы оқушының жеке тұлғасының дамуы көбіне оқу іс - әрекетінің мотивтерінің бағыттылығымен қарым -қатынасында қалыптасатындығы белгілі.

Ересек адам балаларға адамзат мәдениетінің жетістіктерін табыс етеді, адамның психикалық дамуын қамтамасыз етеді (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, М. И. Лысина) . Балада қарым - қатынас қажеттілігінің пайда болуы оның онтогенезіндегі дамуының анықтауышы мезеті болып табылады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ересектермен қарым - қатынасы олардың жеке тұлғасының қалыптасуының жетекші факторларының бірі болып табылады.

Л. С. Славина мен Э. Л. Фрухтың пікірінше балалардың ересектермен қарым - қатынасының жетіспеуі, олардың бір - бірімен қарым -қатынастарының мәнін ұлғайтады. 30 - шы жылдардың өзінде кейбір балалардың теріс мінез-құлықтарының астарында психикалық витаминдердің - әсіресе ересектер тарапынан қарым - қатынастың, мейрімінің, көңілдің жетіспеуі жатыр деген болатын. Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыда қалай қойылмасын, махаббаттан мейірімнен, көңілден айырылған баланың жаны да, тәні де қалжырайды. Осындай жағдайдағы баланың жеке тұлғасы толыққанды дами алмайды, өткені әлеуметтік дағды тәжірбиесі бірден жүдеп кетеді, бала өзінің жеке басын дұрыс бағалай алмайды (М. И. Лисина, В. С. Мухина, С. Г. Якобсон) .

Бастауыш сынып оқушыларының денесінің барлық организмдері мен
тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Олардың психологиясының
нығаюна байланысты 10 - 11 жасқа толғанша жазуға қиналады. Сондықтан
жазба жұмысымен көп айналыстыруға, әсіресе көшіріп жазуға көп
уақыт жіберуге болмайды. 7 - 8 жас арасында бала жылына 2, 5 кг
дейін салмақ қосады. Баланың өсуі жылына 5 см өседі, жүрегінің соғуы
84 - 90 дейін болады. Осының өзі баланы едәуір қиналдырады. Бас
миының салмағы 100 - 150 гр өседі. Әсіресе оның маңдай бөлігі едәуір
қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан
осының қалыптасуы бала ақыл - ойының кеңінен өріс алуына мүмкіндік
береді.

Оқуды өзінше іс- әрекеттің бір түрі сөз немесе нақты бейне
арқылы белсенділік пен ұғынуды айтады. Оқу әрекеті білім алумен
шектелмейді, сонымен қатар ептілік пен дағдылану да керек. Бастауыш
сыныптағы оқушылар тапсырманы қалай орындауды тәсілін білмейді. Олар
берілген тапсырманы жаттап алады. Тапсырма балаларға мынадай екі
жолмен беріледі:

- берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен
іздестіреді

- тапсырманы жауап іздестіру ретінде балаға берілмейді. Оны орындау үшін үлгі мен мәтіні беріледі. Ал оқу әрекетінің ендігі бөлшегіне келсек, осының өзі тиісті мәліметтердіпайдалана отырып, сол тапсырманы орындаудан тұрады. Бұл оқу іс -әрекеті деп аталады.

Тапсырманы қалай орындауды және пәндер сабағына тәуелділігі әртүрлі болады. Оқу әрекетін тексеру кезеңі осыған мән берудің үлкен маңызы бар. Күнделікті кейбір балалардың, нашар оқушылардың тапсырманы орындап біттім деген соң соның нәтижесін тексермей сабаққа бірден келуінен оқушының сәтсіздігі кішкентай кезден бастап мән бермеуінен кездеседі. Ал мұнымен күресіп, бала тапсырманы орындаған соң, қаншалықты дұрыс екенін оны тексерсе, соны балаға үйретсе, балалардың бәрі қатесіз оқиды. Себебі балалар тапсырманы қате орындағанын үйінде отырып білсе, уақытын бос өткізбей, сол қатені жоюға әрекет жасаған болар еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігі
Артпедагогика
Мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш мектеп оқушылары
Мектепке дейінгі кезеңдегі балаларға онлайн-тренинг жүргізу
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ
Психолог-педагог ғалымдардың балаларды мектепке дайындау туралы көзқарастары
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz