Сазы сұр, қара сұр



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Геологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Кен орны туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Кен орнының физикалық-геологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Тектоника ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.4 Мұнайгаздылық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.5 Өнімді деңгей жиектердің коллекторлық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... .21
1.6 Гидрогеологиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
1.7 Мұнай қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
1.8 Өнімді деңгей жиектердің мұнай беруінің проектілік коэфициентін негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2. Техника-технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.1 Қазіргі өндіру жағдайын анализдеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2 Қабатты сұйықпен жару тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.3 Қабатты сұйықпен жару технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.4 Қоршаған орта мен еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 37
2.5 Қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42

Кіріспе
Көкжиде мұнай кен орны 1959 жылы ашылған және Ақтөбе облысының Темір ауданында Кеңқияқ кен орнына жақын орналасқан.
Көкжиде кен орнында жүргізілген карталау, құрылымдық - іздеу, барлау жұмыстарының нәтижесінде 6 өнімдік горизонттар анықталды: 5 мұнайлы және бір газды.
1981-1982 ж.ж ҚР Минло және Он Гурьевнефтегазгеология ПГО-ң орталық геологиялық - іздеу экспедициясы мұнай қорын бағалады, С1 категориясы бойынша мұнай қоры келесідей болды: геологиялық-2732,176 мың т.; өндірілетін - 546,4 мың т. ; С2 категориясы бойынша геологиялық 44768,5 мың т; өндірілетін 8953,7 мың т. Газ қоры аз болғандықтан саналмады.
1991 жылы 23 сәуірде 126 номермен бақылау-тәжірибелік меңгеру үшін Қаз ССР Ақтөбе облысының Көкжиде кен орнының жоғарғы тұтқырлы мұнайын қабылдау - тасымалдау бойынша комиссиясының мекеме аралық актісіне сәйкес Қазнефтебитум балансына берілді.
1992-1995 жыл периодта Мұнай АҚ 1081, 1082,1095,605,606 ұңғылар қатарын бұрғылады, олар триас және юра горизонттарының мұнайлылығын, Көкжиде кен орнының геологиялық құрылымын және мұнай қорының бар екенін дәлелдеді.
С1 категориялы мұнайдың өндірілетін қорының өзгеруіне байланысты осы жұмыс орындалды. Жұмыста эксплуатациялық объектілердің бөлінуі, өңдеу варианттарын таңдау негізделді, өндіру варианттарының технологиялық және экономикалық көрсеткіштері есептелді, технико-экономикалық көрсеткіштердің анализі жүргізілді, олардың негізінде Көкжиде кен орнын өндірудің тиімді варианты ұсынылды.
Кен орнын өнеркәсіптік өндіру триастық өнімдік горизонттар үшін батырылатын тереңдік сораптарының көмегімен және Юра өнімдік горизонттары үшін түптік электрлі қыздырғышы бар винтті сораптардың көмегімен контур ішілік суландыруды пайдалана отырып өндірудің механикалық тәсілімен байланысты.
Ұсынылатын әдістерді жүзеге асыру өнеркәсіптік бақылау жұмыстарының алдында 3 жыл бойы жүргізілуі керек, оның нәтижелері бойынша барлық кен орнын өндіру кезіндегі қолданылатын әдістердің тиімділігі және оларды енгізу мүмкіндігі туралы қорытынды жасалады.
Бұл жұмыс Мұнай НПЦ АҚ-да НТС-ң 26.08.96 ж. Шешімі негізінде орындалды, көктемде кен орында тәжірибелік - өнеркәсіптік жұмыстарды ұйымдастыруды қарастырды.
Мұнай НПЦ АҚ-ы 2001 жылы ЖШС Көкжиде Мұнай деп аталды. Қазір өндіріс орны үлкейіп, жаңадан кен орындарын ашып ККМ Operating Company АҚ болып құрылды.

1 Геологиялық бөлім
1.1 Кен орны туралы жалпы мәлімет
Көкжиде кен орны Ақтөбе облысының Темір ауданында орналасқан.
Ауданының жер бедері жатық жазықтық болып келеді. Су айырық кеңістіктеріндегі беткей жатық, өзен аңғарларының формасы тік беткейлі, жәшік тәрізді. Ұсақ сайлар мен су ағындарының аңғарларының формасы У тәрізді. Су айырықтарының белгілері 250м-ден аспайды. Су айырықтарының аңғар түбінен биіктігі 50-60м-ді құрайды. Ауданның Оңтүстік бөлігінде Көкжиде массиві құмдары аудан ашылмалығы төмен. Тек сайлар мен өзен аңғарлары жиектерінде бор түзілімдері шығымы кездеседі.
Аудан климаты континентті, қысы салқын жазы құрғақ, ыстық. Ең салқын кездегі минимальды. температура - 330с, жазғы максимальды температура +35,70с. Аймақ жауын- шашын көлемі 180-200 мм. Қар жамылғысының сақталу ұзақтығы 130-150 күн.
Өсімдіктерден дала, шөл, шөлейт жердің шөптері кездеседі. Орман өсімдіктері жоқ. Тек өзен жағалауларында жиде бұталары кездеседі. Аймақтың негізгі бөлігі шөл ландышафты түрінде, жер беті әлсіз жынысты өсімдікті қабатпен жабылған. Сіңіруі жақсы.
Аудан гидротізбегі Темір өзенінің Ембі өзені бассейініне қарасты бүйірлін су ағымдарымен көрсетілген. Темір өзенінде үнемі су ағымы болып тұрады. Жылдық ыстық және құрғақ мезгілінде аңғарлардың кей бөліктерінде су ағымы тоқтайды және тек арналы аллювиде кездеседі. Ұсақ сайлар мен арналардың аңғарлары құрғақ, олардағы су ағымы тек қар ерігенде немесе жаңбырда байқауға болады. Өзендер атмосфералық жауын- шашын арқылы толығады. Темір өзені суы әлсіз минералданған.
Құрғақ қалдық көлемі 500ден 600гл дейін. Су техникалық сумен жабдықтауға қолданылады. Ауыз сумен жабдықтау көзіне Темір өзені аңғарындағы жоғары альб түзіліміндегі қабат суын пайдалануға болады.
Аудандағы ірі елді мекендерге мыналар жатады: Ақтөбе , Алға, Қандыағаш, Ембі. Жұмыс орны мен облыс орталығы арасы - 250км. Алғаға дейін 200 км, Қандыағашқа дейін- 140км, Ембі-70 км. Аудан орталығы Шұбарқұдыққа дейін - 140км.
Көкжиде кен орнына жақын Кеңқияқ, Жаңажол поселкелері орналасқан.
Аудан тұрғындары ауыл шаруашылығы және мұнай өндірумен айналысады.

1.2 Кен орнының физикалық-геологиялық сипаттамасы
Жұмыс орнында бұрғыланған ескі түзімдердің шегіндегі ең терең Г- 41 ұңғысымен жоғары пермь түзілімдерінің палезойдың төменгі түзілімдерінің және төменгі карбон түзілімдерінің қуатты келгені (инт 650-3000м) ашылды және Кенқияқ дөңісінде бұрғыланған терең ұңғылар арқылы зерттеледі. Олардың ішінде зерттеліп отырған аймақта орналасқан ұңғылар NNГ-96, Г-99, Г-100, Г-106, Г-107, Г-110, П-89 (Бұлақсай).
Зерттеу ұңғылары арқылы тек жоғарғы палезонды ашқандықтан жоғарғы перьмнен бастап төменгі карбонға дейінгі түзілімдердің сипаттамасы кең түрде алынбайды.
Мезозой түзілімдері көптеген құрылымдық зерттеу, барлау ұңғыларымен зерттелген, сондықтан бұрғыланған ұңғылардың каротажды диаграммаларының нақты корреляциясы бойынша, керннің литологиялық сипаттамасы жайындағы мәліметтерді пайдалана отырып микрофауналық полинологиялық және т.б. талдау жүргізу ұңғылармен ашылған түзілімдерді сенімді стратификациялауға мүмкіндік береді.
Палеозойлық эротема
Аймақтағы палеозой эротемасының ашық тілігі пермь және таскөмір түзілімдерінің жүйесімен көрсетілген.
Таскөмір жүйесі (С)
Таскөмір жүйесі төменгі және ортаңғы бөліктерімен көрсетіледі.
Төменгі бөлім (С)
Сұр, қара сұр, дистритті, солитті, кей жерлерде доломиттенген әктасымен аргиллиттің жарық қуаты аз қатпаршалармен белгілі. Түзілімдердің қуаты 270м.
Ортаңғы бөлім (С)
Ұсақ кристалды қара сұр, эктасымен құмтас, алеврит аргилит қатпаршаларымен белгілі Башқұрт және Москва Ярустарымен көрсетілген.
Түзілімдердің қуаты-140 м (П- 89).
Пермь жүйесі (Р)
Жоғарғы және төменгі бөліктері мен көрсетіледі.
Төменгі бөлім (Р1)
Төменгі пермь түзілімдері Ассель, Сакмара, Артин және Кугур ярустарына бөлінеді.
Ассель ярусы (Р1а)
Көптеген терең ұңғылар арқылы ашылған түзілімдер орта карбон жыныстарында жатыр және кезектескен аргиллит, алевролит, тастүйнек және эктастармен көрсетіледі. Тілектің жоғарғы бөлігінде терригендік және карбонаттық қатпаршалармен сазды жыныстар. Ассель ярусындағы П-89 скважинасы 4340-4290 интервалында белгіленіп, қара сұр, қатты тастектенген және деломиттенген эктастардан құралған. П-89 ұңғысындағы ассельдің қуаты- 50метр.
Сакмар ярусы (Р1S)
П-89 ұңғысында 4290-3920 интервалында белгіленеді. Керн бойынша ашық сұр, қара сұр алеврит қара аргиллит қабаттамаларының бір түрлі қалыңдамасы түрінде көрсетіледі. Жоғары бөлігінде мерген қабатшалары байқалады. Қуаты - 370метр
Кунгур ярусы (Р,К)
Ярус түзілімдері күмбез арасындағы аймақтарда және көршілес тұзды күмбезді дөңестегі көптеген ұңғыларда зерттелген. Түзілім құрамында 3 қалыңдама көрсетіледі: төменгі- сульфат терригенді галогенді және жоғарғы- сульфат терригенді төменгі сульфат- терригенді қалыңдама сұр, қара сұр аргименттен ангидрид қабатшалы алевролиттен құралған.
Галогенді қалыңдамаға сәл кальций және магний қоспасы бар тұз тастар тән. Тұзы ақ, кристалды.
Жоғары сульфат терригенді қалыңдама қара сұр ангидрит ақ гипс қабаттары мен көрсетіледі. Кенгур қуаты - 123м (Г-110), күмбездерде-3211мге дейін (П-89).
Жоғарғы бөлік (Р2)
Аумақта Уфа, Қазан, татар ярустарымен көрсетілген.
Уфа ярусы (Р2 U)
2900-3000 м интервалындағы Г-41 ұңғысы тіліндегі ярус түзілімдері яитологоиялық сипаттамасы бойынша белгіленген. Бұл аргиллит, алевролит және құмтас будаларының қабаттары. Аргиленттер қоңыр, кейде сұр. Алевролиттер - қара қоңыр, сазды, эктасты тығыз. Құмтастар- қара қоңыр, кварцты. Қуаты-100м (Г -41).
Қазан ярусы (Р2KZ)
Қара сұр аргиллиттер, кварцты құмтастар қабаттарымен көрсетілген терригенді тәсілдерден құралған. Қазан ярусы Г-41 ұңғысында ашылған және 1750-2900м интервалында белгіленеді. Қуаты - 1150метр.
Татар ярусы. (Р2t)
Қазан ярусы түзілімдері татар ярусының қызыл түсті түзілімдерімен жабылады. Г-41 ұңғысы бойынша татар ярусының төменгі шекарасы шартты түрде 1750 м тереңдікке өткізіледі. Төменгі шекара төменгі триас конгломеративті қабатының табаны бойынша жүргізіледі. Төменгі бөліктегі татар ярусы түзілімдері құмтастан, алевролиттен, саздан және аргиллиттен құралған. Саз бен аргиленттер - қоңыр, қызғылт- қоңыр, кей
Жерлерде алевролитті, эктасты, ангидрит қосылған. Тіліктің жарғысына қызғылт қоңыр түс және жоғары карбонаттылық тән.
Алевролиттер жасыл- сұр, кірпіш қызыл, тығуз, әкті. Құмтастар - қоңыр және сұр, қатты, эктасты.
Татар ярусының жоғары бөлігі жоғары пермь тілігінің анағұлым көп зерттелген бөлігін құрайды.
Мезозой тобы (МZ)
Жұмыс алаңындағы мезозой тілігі триас, юра, және бір жүйесі жыныстарынан құралған.
Триас жүйесі (Т)
Триастың контиентельды түзілімдері төменгі бөлімге жатады. Жоғары және ортаңғы бөлімдер жоқ.
Төменгі бөлім (Т1)
Минералогиялық ерекшеліктері, кәсіптік- геофизикалық мәліметтер, сонымен қатар көршілес мартук, Шеңгелши, тасши, Кенқияқ аудандарындағы ұқсастықтары бойынша төменгі трас ветлужский, бускунчак серияларына сәйкес өленек және инд ярустарына бөлінеді. Ауданда өленек ярусының түзілімдері жоқ.
Инд ярусы (Т11)
Инд ярусы ветлуж сериясымен көрсетіледі.
Ветлуж сериясы (Т1V)
Кезекпен бір- бірін алмастыратын Саркөл, Көкжиде ақжар тастопшаларымен белгілі.
Сакөл тастопшасы (Т1VSvC)
Татар түзілімдерінде стратиграфиялық келісімсіздікпен бұрыштай жатады. Литологиясы жағынан тастопша аргиллит секілді жасыл, кірпіш қызыл, алевриттес сазбен, ашық жасыл, кірпіш қызыл, сазды құмымен, кірпіш-қызыл, қатта құмтастарымен белгілі. Тастопша негізінде конгломерат жатыр.Қуаты 78 мге дейін.
Көкжиде тастопшасы (Т1V kgd)
Саркөл тастопшасында жатыр. Литологиясы тұрғысынан сазбен керпіш қызыл, сұр құмтас қабаттарынан тұрады. Максималды қуаты -80мге дейін.
Ақжар тастопшасы (Т1 VAKg)
Көкжиде тастопшасы жыныстарында жатыр, көкшіл сұр, шие қызыл құмымен белгілі. Қуаты 0 ден 80мге дейін.
Юра жүйесі (j)
Юра түзілімдері Триас түзілімдерін кемірілу және бұрышты сәйкессіздігімен жабады. Континенталды қалыңдамады төменгі және ортаңғы бөлім түзілімдерін бөліп көрсетеді.
Төменгі бөлім (J1)
Төменгі бөлім түзілімдері құнымен, сазымен құмтасымен белгілі. Сазы сұр, қара сұр. Құмы сұр жасыл сұр. Құмтастары сазды, сұр. Қуаты ден 59м.д.
Ортаңғы бөлім (J2)
Ортаңғы Юра жұмыс орнының барлық аумағын жайлаған. Литологиясы тұрғысынан құмтас қатпаршалары қосылған құмды- сазды қалыңдамамен көрсетіледі. Құмы жасыл сұр, полиликті. Сазы сұр, кейде қара құмды, ақшыл сұр құм және алеврит қабаттарыгнан тұрады. Құмтастары сұр, жасыл сұр, полимикті, сазды эктасты. Қуаты 50 ден 130м.д.
Бор жүйесі. (К)
Бор жүйесі төменгі және жоғарғы бөлімдерге бөлінеді.
Төменгі бөлім (К1)
Готерив, Барреви, Апт және Альб ярустарымен көрсетіледі.
Готерив ярусы (К,д)
Юра түзілімдерінде жатыр және құмтас, жасыл сұр, перемикті құм және ашық жасыл, әкті саз қабаттарынан тұрады. Қуатты сз, жасыл сұр сазды әктас сирек қосылады. Сазды тығыз ойынды сынығы өзіне тән. Қуаты 0 ден 80м.д.
Баррем ярусы (К1вч)
Континентальды ала жыныстар: жасыл, қызыл, қоңыр, теңбіл, майлы құмды және карбонатты сазымен, кальций және эктасты түзілім қабаттарымен белгілі. Қуаты 25 тен 270мге д.
Апт ярусы (К1а)
Алеврит және сұр, полимикті құм қабатшалы қара сұр және қара теңіз сазымен көрсетіледі. Сазды майлы, тұтқыр, тіліктің төменгі бөлігінде және табанында кварцты, ұсақ құрамды құмның деңгейжиегі белгіленген. Қуаты 30дан 75мге д.
Төменгі альб жікқабаты (К1а1)
Төменгі альб жікқабатының төменгі шекарасы дәл көрсетілмеген. Жұмыстарында саз қабаттарының қуаты азайып, құм қабаттарының қуаты көбейеді. Жікқабат негізін апттың қара сұр сазым жабатын глауконитті құм құрайды. Жоғары қарай кварцты малтасты; алевритті, қара сұр, әксіз, жұқа қабатты саз жатыр. Саз полимикті , қара сұр, сазды құммен қабатталады. Жікқабат тілігі сұр түсті полимикті құмтастармен аяқталады.Қуаты - 28-38м.
Жоғарғы бөлім (К2)
Сантон және кампон ярустарына бөлінеді.
Сантон ярусы (К2St)
0.2 - 0.3 м қуаты бар фосфорит қабаты негізін құрайтын ярус түзілімдері жоғары альб құмында жатыр. Фосфорит қабатынан жоғары қарай сұр құмды саз қабатымен алмасып келетін әкті, сазды, сарғылт сұр құм жатыр. Тіліктің ортаңғы бөлігінде ақ - сарғыш әкті құмнан тұратын екінші фосфорит қабаты бөлінеді. Қабат қуаты 0,15 - 0,30 м. Фосфоритті деңгей жиектен жоғары қарай әкті, сазды құм , алевритпен, мергелмен алмасып келетін қоңыр карбонатты құм жатыр. Сипатталған түзілімдердің қуаты 3 - 4 м.
Кампан ярусы (К2км)
Жасыл сұр, сұр түсті, карбонатты, жұқа қабатты, саз қалыңдамасымен белгілі. Қуаты 60 - 80 м.
Палеогон жүйесі (Р)
Жүйе тізімдері кең таралмаған және жоғарғы эоценнің ортаңғы және төменгі бөліктерімен көрсетіледі.
Неоген жүйесі (N)
Неоген түзілімдері кең таралмаған, ауданның оңтүстік батыс бөлігінің кішкене аумағын жабады.
Төрттік жүйесі (Q)
Түзілімдері 4 бөліммен көрсетіледі.

1.3 Тектоника
Көкжиде кен орны өзі аттас күмбезаралық құрылымға жатады. Тектонкасы тұрғысынан Көкжиде күмбезаралық құрылымы Кенқияқ, Мортық, Бәшенкөл, Саркрамабас тұзды күзбездері мен Құмсай және Луговской күмбезаралық дөңесінің арасында орналасқан. Жұмыс орны аймағында П1 деңгей жиегі түзілімдерінің тереңдігі шығыста 3560 м-ден бастап, батыста 4200 м-ге дейін жетеді.
Түзілімдердің тұз түсті кешенінде күнгур - жоғары пермь, және триас - палеоген құрылымдық қабаттары бөлінеді. Жоғарғы қабат триас, юра - бор және палеоген құрылымдық қабаттарына бөлінеді.
Жоғарғы пермь түзілімдері бойынша теңгермелі мулда және тұз күмбезаралық дөңестер түзілуіне жағдай жасайтын гидрохимиялық шөгіндінің активтілігі кунгур - жоғарғы пермь құрылымдық қабатының ерекшелігі болып табылады.
Кунгур - жоғарғы пермь қабатының құрылуы Д, У1, УІІ сейсмикалық деңгей жиектерінде талас туғызады.
Тұзды қалыңдаманың төменгі бөлігінде кейде кунгур түзілімдерінің төменгі сульфат - терригенді қалыңдамасымен байланысқан УІІ деңгей жиегі байқалады. Сульфат - терригенді қалыңдама түзілімдері қуатының күмбезаралық аймаққа қарай өсуін көрсететін П1 және УІІ деңгей жиектері арасындағы бұрыштық сәйкессіздік байқалады.
Деңгей жиекті көрсететін тұз төбесі көршілес тұзды күмбездерде де байқалады. Зерттеліп отырған аумақта кунгурдың тұз түзілімдері жатқан тереңдік (скв. Г-106) - 3634м, (скв. Г - 110) - 3681 м. және қуаты - 123 м.
Кенгур - жоғары пермь қабатының неғұрлым көп зерттелген бөлігі Д деңгей жиегіне сәйкес жоғары пермь төбесі болып табылады. Жоғары пермь төбесінде күмбез аралық Көкжиде дөңесі созылымның брахиантиклинальды қатпары түрінде көрінеді және оның күмбезі аумақтың шығыс бөлігінде орналасып, 300 м тұйық изогипспен жиектелген. Күмбез өлшемі 30 м амплитудада 315 м изогипс бойынша 6,3х4,4 м.
Жоғары құрылымдық қабат түзілімдері жоғары пермь түзілімдерінің төбесінде жатыр, жалпы төменгі түзілімдердің құрылымдық жобасын қайталайды.
Жоғарыда айтылғандай, қабаттың өзі бірнеше қабаттардан тұрады.
Триас қабаты Саркөл, Көкжиде, Ақжар тастопшалары жынысынан тұрады. Ара атты Көкжиде тастопшасы түзілімдері жақсы электрокаротажды белгі болып табылады. Ара белгісі күмбезінің құрылымдық жобасы, негізінен, төменгі жоғары пермь түзілімдерінің құрылымына сәйкес Батыс переклинальды күрделендіретін құрылымдық кеңдеу, ал оның анағұрлым биік бөлігі 2 км ұзындықпен көлденең жатыр.
Юраға дейінгі уақытта Мартук күмбезінің шығыс қанатында және Көкжиде дөңесінің шығыс переклиналы интенсивті шайылу жағдайында болған, осының нәтижесінде күмбез төбесі түзілімдері шайылып кеткен.
Қанаттағы жыныстардың құлау бұрышы өте жатық және 1 градусқа жетеді.
Юра - бо жоғары қабатының құрылымы төменгімен салыстырғанда жыныстардың жатық жатыстарымен сипатталады. Құрылымдық картада, готерив ярусы табаны бойынша дөңесті жатық қанатты 80 м. изогипспен жиектелген солтүстік - батысқа қарай сәл созылған қатпар түрінде көрсетеді.
Анағұрлым көтеріңкі бөлікте түзілімдердің жатық жерінде көтеріңкі бөлімдер байқалады. Аймақтың батыс бөлігінде өлшем 5 м. амплитудада, 100 м. тұйық изогипс бойынша 5х1,5 км болатын кішкене көтеріңкі бөлім байқалады. Дөңес қанатындағы жыныстар 1 градус бұрышқа түседі.
Алдыңғы зерттеулерге қарағанда Көкжиде күмбезінің төбесі, жоғары пермь төбесі бойынша Көкжиде тұз күмбезаралық дөңесінің батыс переклиналы мен Кенқияқ тұзды күмбезі тұзды күмбезі доға түріндегі лықсыма арқылы бөлінеді.

1.4 Мұнайгаздылық
Іздеу - бақылау жұмыстары Көкжиде күмбезаралық құрылымындағы триас және юра түзілімдерінде мұнайлы деңгей жиектер тапты.
Құрылымның батыс бөлігіндегі төменгі триаста 4 мұнайлы деңгейжиек табылды : Т - ІІІ, Т - 1, Т - 1а; юрада 3 деңгей жиек : мұнайлы (төменгі юра Ю - ІІІ, Ю - ІІ) және 1 газды.
Т - ІІІ жеңгей жиегі Соркөл тастопшасы табанына бекітіліп, мына ұңғылар арқылы ашылған : 300, 310, 311, 318, 319, 320 Г - 43, Г - 44, Г-46, Г - 50, Г - 52, Г - 57, Г- 58, Г - 74, Г - 75, Г - 75, Г - 79, Г - 81, Г - 83, Г - 96, Г - 107, К - 106, К - 143, К - 204, 606, 605. Деңгейжиекке бақылау 13 ұңғы бойынша жүргізілген : 310, 311, 318, 319, 320, 322, Г - 46, Г-49, Г - 51, Г - 52, Г - 57, Г - 58, 605. 318 ұңғыда 592 - 588, және 570-574 интервалдарына сынақ жүргізіліп орта есеппен 269,5 және 303,5 м-де мұнай ағыны алынған. 605 ұңғыда деңгейжиеке 1995 жылы 576 - 579 интервалында сынақ жүргізілген. 15 тс шығыммен мұнай ағыны алынған. Мұнайдың меншікті салмағы : 0,8436 - 0,8470 гсм[3]. Басқа скважиналарда деңгей жиекке сынақ жүргізу барысында 7,5 масут. Қабат суы алынған.
Жоғарыдан триас деңгейжиегі газды цементтегі тығыз құмтас қабатшасы қосылған саз бумасы түрінде көрінеді.
Т - ІІ триас деңгейжиегі соркөл тастопшасы күмбезіне бекітілген. Қалыңдығы - 6 м. шоғыр аумағы үлкен емес мұнайлық контур ішіндегі ұңғылар : 312, Г - 5, Г - 59, 606, 1082, 1095. Деңгей жиекке 12 ұңғыда сынақ жүргізілген : 312, 319, 322, Г - 46, Г - 51, Г - 52, Г - 57, Г - 59, Г - 115, 606 1081 1095. 312 ұңғының 536 - 542 интервалында мұнай табылған. Г - 51 ұңғының 535 - 542 интервалында 1,62 м[3]сут мұнай ағыны табылған, Г - 59 ұңғының 518 - 524 м. 5,36 м[3]сут мұнай ағыны табылған. 606 ұңғының 539 - 543,5 интервалында 14,4 тс шығыммен мұнай ағыны табылған. 1081 ұңғысында - 16 тс. Басқа 6 ұңғыда 3,5 м[3]сут-ден 80 м[3]сут. Дейін шығыммен қабат суы табылған. Мұнай тығыздығы 0,8520 гсм[3] шамасында, мұнайлық ауданы - 268,4 га, қуаты - 4 м.
Т - 1 жоғары триас деңгей жиегі Ақжар тастопшасы деңгейжиегі негізіне бекітілген. 310, Г - 56, Г - 46 ұңғыда Т - 1 деңгей жиегінен жоғары орналасқан тағы бір мұнайлы қабат зерттелуде.
Деңгейжиек жыныстарының жамылғысы болып 83 - м-ге дейін Көкжиде қыртысы табылады.
Т - 1 деңгейжиегі 2 мұнай бөлімімен белгілі. Батыс бөлігінің контурындағы 12 ұңғыда жүргізілген : 312, Г - 51, Г - 59. 312 ұңғыда тығыздығы 0,910 гсм3 болатын мұнай ағыны табылған. Г - 51 ұңғының 430 - 439 м интервалында мұнай және қабат суы ағыны табылған.
Шығыс бөлігінің конурындағы ұңғылар : 320, Г - 1, Г - 23, Г - 46, Г-52, Г - 53, Г - 58, Г - 1, Г - 46 скважиналарында мұнай жамылғысы бар су ағыны, Г - 58 ұңғысының 412 - 417 м интервалында 6,5 м3 сут. мұнай ағыны табылған. басқа ұңғыда су ағыны табылған несесе құрғақ болған. Мұнайдың меншікті салмағы - 0,8705 - 0,9166 гсм3 . Негізгі Батыс бөліміндегі мұнай ауданы - 140 га, шығыс - 51 га. Қуаты-3м
Деңгейжиек сазды құмтастар және 100 м. қалыңдықтағы құм қабаты қосылған саз қабатшасымен белгілі.
Т - 1а деңгейжиегі 31, 31, 320, Г - 46 ұңғыларыда зерттелді. 310 ұңғысының 406 - 409 м интервалында 5,93 м[3]сут мұнай ағыны алынды.
Г - 46 ұңғысының 414 - 416 м және 419 - 421 м интервалында қабат суы алынды, 312, 320 ұңғысында құрғақ. Т - 1а деңгейжиегіндегі мұнайдың тығыздығы - 0,8796 гсм[3], ауданы - 48,8 га, қуаты - 3 м.
Т - 1а деңгейжиегінің жамылғы қабаты 30 м қуаты бар құмды - сазды түзілімдерден тұрады.
Ю - ІІІ орта юра деңгейжиегі ортаңғы юра ниваларына бекітілген. Деңгейжиек 380 - 375 м тереңдікте, құрылымның ортаңғы бөлігінде орналасып, 23 ұңғыларда зерттелген : 321, 322, 323, 329, 330, 331, 335, 335, 368, 386, 340, 345, 351, 353, 360, 368, 373, 377, 379, 386, К - 206, К-23,
Г - 52, Г - 53, Г - 54, Г - 115. 7 ұңғыдай (329, 373, 376, К - 206, Г - 23, Г - 52, Г - 53) тығыздығы 0,8842 - 0,9501 гсм[3] болатын мұнай ағыны алынды. Қалған ұңғылардан қабат суы алынған немесе құрғақ болып табылған. Мұнай аудан - 62,5 га, қуаты - 7 м.
Деңгейжиек саз бумасымен жабылған.
Ю - ІІ орта юра деңгейжиегі байос - батский түзілімдерінің ортаңғы бөлігіне бекітілген, құрылымның батыс бөлігінде 300 - 356 м тереңдікте жатыр, 26 ұңғыда зерттелген : 300, 301, 302, 305, 309, 310, 314, 315, 317, 318, 319, 320, 322, 323, 326, 333, 338, 366, 376, Г - 46, Г - 49, Г - 51, Г - 53, Г - 52, Г - 57, Г - 59, 1082. Зерттеу кезінде 6 ұңғыдан мұнай алынған : 300, 310, 320, 323, Г - 46, Г - 52. 300 ұңғының 332 - 336 м интервалында 2,4 м[3]сут. мұнай ағыны алынған. 310 ұңғының 300 - 314 м интервалында 2,4 м[3]сут. мұнай ағыны, 320 ұңғының 310 - 317 м интервалында 1,4 м[3]сут. мұнай мен су ағыны алынған. Мұнай ағымы - 1,2 - 1,6 м[3]сут. су - 0,04 - 0,06 м[3]сут. 326 скважиналарында 304 - 311 м интервалында 0,04 м[3]сут. мұнай ағыны, Г - 52 ұңғының 331 - 340 интервалында 1,2 м[3]сут. мұнай ағыны, 1082 ұңғының 318 - 328 м. интервалында 4,6 тсут мұнай, 6 м[3]сут. су ағыны алынған. Қалған ұңғыдан қабат суы табылған, немесе құрғақ болған. Мұнай тығыздығы - 0,8971 - 0,9485 гсм[3], ауданы - 219 га. қуаты - 5 м.
Деңгейжиек 30 - 35 м-ге дейін аргиллий және саз бумалымен жабылған.
Ю - І орта юра газды деңгейжиегі ортаңғы юра қалыңдама төбесіне бекітіліп, 270 - 310 м тереңдікте жатыр. Деңгейжиектегі мұнай және газ белгілері келесі ұңғыларда белгіленген : 317, 318, 321, 326, 340. Деңгейжиек 2 бөлімде : құрылымдардың орта және батыс бөлігінде қадағаланған. 13 ұңғыда зерттелген : 300, 309, 310, 317, 318, 335, 338, 333, 367, 368, 379, Г - 52, Г - 57. Батыс бөлігіндегі 4 ұңғы (309, 310, 318, Г - 57)
11,71 мың м[3]сут. дейін газ ағыны алынған. Шығыс бөлігінде 335, 368 ұңғыда қабат суы ағыны алынған, 333, 338, 367 ұңғыларында обьекті құрғақ болып табылған.
Кейда қабат суы ағынның алынуы сынақ тәсілі мен пайдалану құбырын цементтеу сапасының төмен болуымен байланысты екенін атап көрсету керек. Ауа қысу процесі кезінде табан суы бұзылуына немесе тығындар пайда болуына әкеп соғатын жоғары қысым пайда болады.
Бұл түйінді былай бекітуге болады : зерттеу жұмысында тереңдік сорап қолданылған жағдайда мұнай шығымы бірден өседі. (605, 606, 1081, 1095)
Әктастың аз қуатты қабатшаларымен, тығыз сазбен көрсетілген готерив түзілімдері Ю - І деңгейжиегінің жамылғысы болып табылады. Жамылғының жоғарғы бөлігінде сазды алевриттер мен, жарықшақтары кальцитпен толтырылған тығыздалған сазды құмтастар пайда болады.

1.5 Өнімді деңгей жиектердің коллекторлық қасиеттері
Триас мұнайы тығыздығы Т - ІІІ деңгейжиегінде 0,8438 гсм3-ден бастап, Т - І деңгейжиегінде 0,9166 гсм3-ге дейін.
Юра мұнайы тығыздығы сәл жоғары : 0,8842 ден 0,9501 гсм3-ге дейін.
Триас мұнайында сонымен қатар жоғары мұнай құрамы 13,4 тен 28,5 %-ке дейін.
Қазіргі кезде Көкжиде мұнайының зерттелуі : терең химия - технологиялық талдау жасауға жеткіліксіз.
Ю - І деңгейжиегіндегі газ жиынының зерттелуі мұнайдан төмен екені белгілі болды. 310 ұңғы газына талдау жүргізу барысында оның құрамы оттегі - 0,17, азот - 7,94, метан - 80,14, этан - 5,45, пропан - 5,02, изо - бутан - 0,51, бутан - 0,44 тұратыны анықталды. Ауаға қатысты газдың меншікті салмағы 0,6840 гсм3. Құрамындағы гелий- 0,0085 %.
Т - ІІІ деңгейжиегі құммен, әлсіз цементтелген құмтастармен көрсетіледі. Газ өткізгіштігі - 3,26-дан 51,61-ге дейін.
Т - ІІ деңгейжиегі литологиялық тұрғыдан саз қабатшаларымен кезектескен құм және құмтастармен көрсетіледі. Деңгейдиек қуаты 0,5-тен 3 м-ге дейін жететін 3 - 4 қабаттан тұрады. Масимальды қуаты - 4,5 м. (ұңғы 1082, 1081, 1095, 6061). Орташа қуаты - 4 м. коллекторлар жынысының кезектілігі - 6,19 - 26,51 % шамасында, толық кезектілік - 6,90 - 35,4 %.
Т - І және Т - Іа деңгейжиектері саз қабаттарымен кезектесіп құм және құмтастармен көрсетіледі. Олардың толық кеуектілігі : 4,96 - 32,40 %, ашық кеуектілігі : 4,32 - 30,84 %, газ өткізгіштік : 0,41 - 33,4104.
Ю - ІІІ орта юра деңгейжиегі ортаңғы юра түзілімдері түбіне бекітілген құммен көрсетіледі. Ашық кеуектілік : 1,71 - 41,4 %, толық кеуектілік : 41,75 - 2,66 %, газ өткізгіштік : 0,28 - 2642,62 милидарси.
Ю - ІІ деңгейжиегі бат - байос түзілімдерінің ортаңғы бөлімдеріне бекітіліп, сазбен, құммен, алевритті материалдармен көрсетіледі. Ашық кеуектілігі : 7,16 - 38,12 %, газ өткізгіштік : 0,77 - 686,3 милидарси.

1.6 Гидрогеологиялық сипаттама
Көкжиде кен орнының гидрогеологиялық ерекшелігі мұнайға жүргізілген зерттеу жұмыстарымен зерттеу қатар жүргізілді. Арнайы гидрогеологиялық жұмыстар тек оңтүстік бөлігінде жүргізілді.
Көкжиде кен орны аймағында қабат суы мен грунт суы таралған.
Грунт суы жоғары бор және альб түзілімдеріне төрттік жүйесі түзілімдеріне бекітіледі. Көбінесе олар 10 - 15 м құдықтарда ашылады. Судың дәмдік сапасы жақсы, минералдылығы төмен.
Деңгейжиек бойынша қабат суы сипаттамасы зерттеу барлау ұңғыларындағы зерттеу мәліметтері бойынша жүргізіледі.
Төменгі триас түзілімдері тілігінде 3 сулы деңгейжиек бөлінеді : үшінші төменгі триас деңгейлері, ІІ т. т. д. Және І т. т. д.
Үшінші төменгі триас деңгейжиегі Соркөл тастопшасында жатыр және құмды конгломератты түзілімдерге негізделген. Тереңдікке қарай берілген сулы деңгейжиек минералдануы шығыстан оңтүстік - батысқа қарай өседі. Сонымен қатар осы бағытта су түрі мен тұз құрамы да өзгереді. Деңгейжиектің жату тереңдігі 550 м (ұңғы Г - 58) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демал алаңынан оңтүстік шығысы
Сейсмикалық юра шөгінділерінің жату сипаттамасы
Топырақ ерекшелігі
Сазы сұр, күнгір сұр аргилитке ұқсас әртүрлі дәрежелі құм тасты және құмайты тас
Қазіргі кездегі қоршаған ортаның химиялық заттармен ластану дәрежесі
Сәкен Сейфуллин шығармашылығы
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Топырақ құрамындағы органикалық заттарды анықтау
Оңтүстік Торғай ойпаты, Арысқұм иінді ойысында орналасқан Приозерный құрлымының мұнайгаздылы қорын есептеу
Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдық
Пәндер