Ақпараттық технологиялардың пайдалану ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Негізгі бөлім
2.1. Білім берудегі ақпараттық технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .6
2.2. Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..11
2.3. Ақпараттандырудың алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.4. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...15
2.5. Ақпаратты технологиялар білім беру ортасында ... ... ... ... ... ... .. ... ...17
2.6.Ақпараттық коммуникациялық технология және білім беру ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.7. Ақпараттық технологиялардың пайдалану ерекшеліктері ... ... ... ... ..24
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
4. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
ХХІ ғасыр - ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру - ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпаратттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Осы ретте ақпаратттық технологияны пайдаланудың тиімділігін ашып айтуға болады. Қазіргі таңда жаңа технологияның жетістіктері интерактивті тақта мен электрондық оқулық.
Активті экран кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады. Бағдарламалық-техникалық кешенді дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі - жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Өркениетті қоғамның дамуы - ақпараттандыру үрдісімен тығыз байланысты болып келеді. Бұл үрдістің басты ерекшелігі - қоғамдық қызметтің барлық саласында ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының негізінде жүзеге асырылатын ақпаратты жинау, өңдеу, олардың қорын жасау, сақтау және тарату болып табылады.
Біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі: білім беру саласын ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиалық технологияларды оқу үрдісіне қолданумен, олардың әдістемелік негіздерін жасап ұсынумен және тиімді пайдалана білуді жүзеге асырумен анықталады.
Мұндағы басты мақсатымыз - ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиалық технологияларды білім беру саласына заман талабына сай тиімді түрде қолдануды игеру.
Көздеген мақсатымызды жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегіше міндеттер қойылды:
білім беру жүйесін басқару механизмдерін мәліметтердің автоматтандырылған банкілерін қолдану негізінде жетілдіру;
қоғамның ақпараттандырылуының қазіргі жағдайында - білім берудің жеке адамды жан-жақты қалыптастыру мақсаттарына сай келетін әдістемелер мен тәсілдерді, ұйымдастырушылық формаларды және т.б. жетілдіріп отыру;
білім алушылардың интеллектуалдық дамуларына, өз беттерімен білім ала білу қабілеттерін қалыптастыруға және олардың оқу-ақпараттық, тәжірибелік-ғылыми қызметтерін жүзеге асыра білулеріне бағытталған білім берудің жаңаша бағыттағы әдістемелік жүйесін жасау;
білім алушылардың білім дәрежесін аз уақыттың ішінде жүйелі түрде бақылап, бағалауға мүмкіндік беретін компьютерлік жүйе бойынша есептелетін және болжайтын әдістемелер жасау.
2.1. Білім берудегі ақпараттық технологиялар
Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:
- дидактикалық бағыт;
- бағдарламалық ұсыныс;
- техникалық ұсыныс;
- пәндік аумақта қолданылуы.
Дидактикалық бағыт бойынша классификация
Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады. Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.
Білімнің артикулденетін бөлімі - бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.
Білімнің артикулденбейтін бөлімі - интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі үйренушілерге берілмейтін, практикалық есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде қол жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:
- компьютерлік оқулықтар;
- оқытылатын мәліметтер қоры;
- үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар.
Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және білімнің артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:
- қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);
- компьютерлік тренажерлер (КТ);
- зертханалық практикумдер;
- ойындардың бағдарламалы;
- үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.
Оқу үрдісіндегі ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиалық технологиялар құралдарының мүмкіншіліктерін пайдалану барған сайын арта түсуде, бұл әрине заман талабы. Бұд құралдарға қысқаша анықтама берелік.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары - дегеніміз микропроцессорлық және жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан-жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық-аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. Ақпараттық және коммуникациялық технологияларға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпараттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары [1, 45 б.].
Білім беруді ақпараттандыру үрдісіне тән нәрсе - ол педагогика ғылымы дамуының бүкіл тарихында тұңғыш рет ақпараттық және коммуникациялық технологияның негізінде қолданыс табатын оқу құралдарының мүлде жаңа түрлерінің пайда болуы болып табылады. Ал, бұл технологиялар педагогика тарихында бұрын-соңды болып көрмеген білім беру үрдісінің қарқындауына даңғыл жол ашып берді: жедел түрде жүзеге асырылатын кері байланыстар; оқу ақпаратын компьютерлер арқылы беру; көлемі үлкен болып келетін ақпараттарды мұрағатқа сақтау; есептеу, ақпараттық-ізденіс қызметі, сонымен қатар оқу тәжірибесінің нәтижелерін автоматтандыру; оқу қызметін басқару мен басқару нәтижелерін бақылауды автоматтандыру.
Ақпараттық қарым-қатынастар құралдарын қолданудың тиімді бағыттарының бірі - мультимедиа.
Мультимедиа технологиясы дегеніміз - компакт-диск негізінде аудиовизуалды ақпараттарды қабылдаудың әдістерінің, тарату тәсілдерінің, өңдеудің, сақтаудың және т.б. жиынтығы болып табылады. Компакт-диск технологиясын пайдалануға негізделген мультимедиалық-операциялық орта интерактивті сұхбаттың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, компьютер экранында кез-келген аудиовизуалдық ақпаратты түрлі формаларда (видеофильм, мәтін, графика, анимация, слайдтар, музыка) бере алады. Мультимедиа технологиясының негізінде орындалатын білім беру жүйесінің көмегі арқылы компьютер экранында кез-келген қажетті ақпаратпен жете таныса аламыз. Мұндай кезде бұл жүйе пайдаланушы адамның белгілі бір сюжеттің немесе жағдайдың өзіне керекті бөлігін таңдап алып көрінуіне де мүмкіншілітер тудырады. Мультимедиа технологиясын қолданудың педагогикалық мақсаты ақпаратты эмоционалдық тұрғыдан қабылдаумен байланысты болып келген білім берудің мотивациясының артуымен және ақпаратты өңдеуге байланысты атқарылатын өзіндік жұмыстардың түрлі формаларын қолдана білу қабілетін қалыптастырумен айқындалады.
Білім беру үрдісінде мультимедиа технологиясының жүзеге асырылуы компьютерлік жүйе мен телефон, теледидар, спутниктік байланыс құралдарын синтездеу деңгейінде телекоммуникация құралдарын пайдаланумен тығыз байланысты болып келеді.
Жоғарыда атап өтілген құралдарды қолданатын кешендер еліміздің кез-келген жерін қажетті ақпараттармен жан-жақты қамтамасыз ету үшін ақпараттарды қабылдау-тарату жүйесіне бірігулеріне әбден болады. Мұндай жағдайда компьютерлік жүйе арқылы байланыстар жасау (жергілікті және әлемдік деңгейіндегі) мәтіндік, графикалық ақпараттарды пайдаланушы адамның сұраныстарын да қанағаттандырады және мәліметтердің орталық ақпараттық банкіден оның өзіне қажетті жауаптарды алуына да мүмкіндік туғызып отырады. Телекоммуникациялық байланыстар нақты уақыт ішінде жүзеге асып отырады, ал бұларды синхронды телекоммуникациялық байланыстар деп атайды. Телекоммуникациялық байланыстар шектеулі уақыт ішінде электронды пошта арқылы жүзеге асырыла береді, ал бұлар асинхронды телекоммуникациялық байланыстар. Электронды пошталар қажет болған жағдайларда ЭЕМ-ның жергілікті жүйесін де, телефонның ортақ жүйесін де пайдалана алады. Олардың мүшелері еліміздің қай түпкірінде болса да оқу, ізденіс немесе зерттеу сипатындағы жұмыстарды бірлесе отырып орындай алатындай мүмкіндікке ие болады [1, 56 б.].
Жоғарыда атап өтілгендерден басқа телекоммуникациялық жүйелер ресурстарын пайдаланудың тағы да бірнеше түрлері бар.
алыс қашықтықта орналасқандарына қарамастан кез-келген адамға қажетті мәтінді, графикалық бейнелерді, компьютерлік программаларды, дыбыстық ақпараттарды тез арада жеткізе алатын қазіргі заманның электрондық поштасы;
пайдаланушы адамның өзіне қажетті хабарларды өзінің электрондық жәшігінен алуға мүмкіндік тудыратын тарату тізімдері;
белгіленген сөздер және суреттер бойынша қажетті ақпараттар мен көріністерді (дыбыс, видео, виртуалдық шындықтың элементтері және т.б.) іздестіріп табуға мүмкіндік берумен қатар әлемдік жүйелермен де байланыс орнатуды қамтамасыз етіп отыратын дүние жүзілік мультимедиалық орта;
өзін қызықтырған проблемаларды талқылауға араласуға мүмкіндік беретін электрондық конференциялар (электрондық хабарламалар тақтасы). Мұндай кезде әрбір адам өзінің компьютерінен алыстамай-ақ бір уақыттың ішінде бірнеше конференцияның жұмыстарына қатыса алады;
әлемдік Интернет жүйесіндегі компьютерлердің көмегіне сүйене отырып, мәліметтердің түрлі қорларындағы іздестіру жұмыстарын жүргізуге жағдайлар туғызып отыратын жүйе;
абонентке өзіне қажетті файлды алумен қатар өзінің файлдарын жіберуге мүмкіндік беретін файлдарды жіберудің хаттамалары.
Мультимедиа (multimedia) - бұл компьютерлік жүйеде мәтін, дыбыс, видеобейнелерді, графикалық бейнелерді және анимацияларды (мультипликация) біріктіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы компьютерлік ақпараттық технология. Мультимедиа - бұл мәтін, графика, анимация, сандық бейнелерді, видео, дыбыс сияқты мәліметтер типін енгізуге, өңдеуге, сақтауға, беруге және бейнелеуге мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы. Мультимедиалық технологиялар (МТ) - визуалдау, аудиоэффектілерді және интербелсенді бағдарламалық қамтамасыздандырудың жалпы басқаруымен әртүрлі жағдайларды мультипрограммалауды қамтитын электрондық құжаттарды дайындау әдісі.
Мультимедиа технологияның бұл екі анықтамасы мультимедиалық технология түсінігінің мәнін толық ашады, яғни МТ - бұл бірінші кезекте, компьютер экранында ақпаратты дайындау және ұсыну технологиясы. Мультимедиалық технологиялар толығымен компьютерлік оқыту технологиясының даму концепциясына сәйкес келеді. Оқытудың мультимедиалық технологиялары да компьютерлік технологиялар сияқты теориялық негізге ие. Оқытудың мультимедиалық компьютерлік технологияларын қазіргі заманғы компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін, программалау технологияларын және оқытудың компьютерлік құралдарын құрудың құрал-жабдықтар орталарын қолданатын компьютерлік оқыту технологиясы дамуының қазіргі заманғы кезеңі деп қарастыруға болады.
Мультимедиа технологиясының идеялық алғышарты ретінде 1945 жылы американ ғалымы Ваннивер Бушпен ұсынылған "MEMEX" жадысын ұйымдастыру концепциясы саналады. Ол ақпаратты оның формальды белгілері (нөмір, адрес реті немесе алфавит бойынша т.с.с) бойынша емес мағыналық мазмұнына қарай іздеуді қарастыратын. Бұл идея гипермәтін (мәтіндік құжаттар жиынтығының жұмыс жүйесі) түрінде компьютерлік жүзеге асырылады, одан кейін гипермедиа (графика, дыбыс, видео және анимациялар жиынтығымен жұмыс жүйесі) және осы жүйелерді байланыстырған мультимедиа. Яғни мультимедиа мәтін, графика, дыбыс және видеобейнелерді біріктіретін диалогтік ақпараттық технология болып табылады. Мультимедиа - кешенді түсінік. Бір жағынан, ол құжаттардың ерекше типі болса, екінші жағынан - программалық және аппараттық қамсыздандырудың ерекше классы.
Мультимедиалық құжаттардың қарапайымдардан айырмашылығы, дәстүрлі мәтіндік және графикалық деректерден басқа дыбыстық және музыкалық объектілерді, анимацияланған графиканы, видеоүзінділерді қамтиды.
Мультимедиалық программалық қамсыздандыру - бұл мультимедиалық құжаттарды және үзінділерді құру және ойнату үшін арналған программалық құралдар. Мультимедиалық аппараттық қамсыздандыру - мультимедиалық программалық қамсыздандыруды құру, сақтау және ойнату үшін қажет құрал-жабдық. Оларға дыбыстық карта, CD-ROM дисковод және дыбыстық колонкалар жатады. Сонымен қатар құрал-жабдықтардың бұл тобын базалық мультимедиалық кешен деп атайды. Мультимедиа құралдарының дәстүрлі ақпарат тасушылардан айырмашылығы - интербелсенділік, еркін талғап-талдап түсіндіру және үйірімділік
Мультимедиа құралдарының негізгі стандарттарына келесі программалар жатады:
Лазерлік ойнатқыш (CD Player)
Әмбебап ойнатқыш (media Player);
дыбыстың естілуін реттеуші (Volume Control);
Фонограф дыбысты жазу программасы (Sound Recoder).
Мультимедиа технологиялар жарнама бизнесінде, компьютерлік ойындарды құруда қолданылады. Мультимедиа технологиялардың кең дидактакалық мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын құруда және оқытушы сипаттағы материалдарды құруда қолданылады.
Мультимедиа құралдары ретінде: графика, гипермәтін, дыбыс, анимация, видеоны қолдана отырып қолданушыға компьютермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін аппараттық және программалық құралдар кешенін түсінуге болады.
Біздің елімізде мультимедиа жүйелерінің мүмкіндіктері қоғамымыздың барлық салаларына, оның ішінде білім беру саласы бойынша ұлттық тұрғыдағы әдістемелік жүйе жасаудың жаңаша моделін жасау барысында кеңінен пайдалануда.
2.2. Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар
Қазіргі уақытта Қоғамды ақпараттандыру деген сөз тіркесі біздің сөздік қорымызда жиі кездеседі. Олай болса қоғамды ақпараттандыру дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттік интелектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті прогресс.
Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстарының қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез-келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Республикамыздағы білім беру саласына және әр түрлі қолдану салаларына байланысты жаңа ақпараттық технологиялар бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы мен оларды даярлаудағы кәсіптік, әрі ақпараттық білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсібіи даярлығын білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру проблемалары көкейтесті мәселе болып отыр.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютерлердің көмегімен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану - оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. Бұл кезде оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелерін сәйкес талдаулармен және ұсыныстармен бірге көреді. Компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен ықыласын көтереді. Жалпы техникалық оқу құралдарын қолдану дидактикалық көрнекілік, оқу материалын саналы меңгерту, жүйелілік пен жалғастық, оқу мен тәрбие ісінің бірлігі, т.б. принциптерге негізделеді. Компьютерлік технологияның оқушының танымдық белсенділігін артырудағы педагогикалық мүмкіндіктеріне ғалымдар төмендегілерді жатқызады:
- компьютерлік технология хабарды шексіз көлемде игеруге және аналитикалық өңдеуге мумкіндік береді;
- компьютерлік технология танымдық белсенділікті арттыратын компьютерлік ойындар түріндегі танымдық үрдісті ұйымдастыруға жағдай жасайды;
- қазіргі көздері - компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын жаңа сапалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді;
- электрондық оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді,оқыту үрдісін саралауға, жан - жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі;
- компьютерлер оқушылардың бойында іс-әрекет рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді, Алдымен компьютер оқушыларға өз іс -әрекетінің нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге, өзін -- өзі бақылау мен түзетуді іске асыруға мүмкіндік береді;
- арнайы бағдарламалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызады;
- компьютерлік технология - адамның танымдық зерттеу қызметінің жан жақты тәсілі, көпфункционалдық құралы (тексеру, есептеу, музыкалық, графикалық, кең көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу, т.б.).
Адамның компьютердің көмегімен атқаратын оқу іс -- әрекеттері өте көп, күрделі, әртүрлі. Компьютерлік технологияны қолдану арқылы өмірге келген оқыту тәжірибесі ғылыми -- практикалық мәнге ие. Оқытудың компьютерлік технологиясын құру стратегиясы - бүгінгі таңда ең тиімді әдіс. Бұл әдіс - қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін оқытудың формалары, әдіс - тәсілдері мен құралдарының жүйесі.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.
Дүние жүзінен келетін байланыс нәрімен, түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электрондық пошта құралдарын пайдалануға болатыны белгілі. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашады. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен интерактивті тақтаны, компьютерлік желіні қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісіне электронды оқулықтарды енгізу. Өйткені, бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану студенттердің танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай ауыстыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі - оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз дүниежүзілік бәсекеге төтеп бере алатын, өндіріс өнімдерін өндіре алатыналдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы айтқандай білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне жоғары оқу орындарын көтерудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесіне ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іскер азаматтарды тарту қажеттілігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті, электронды поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттігін қанағаттандыру үшін білім саласында төмендегідей міндеттерді шеші көзделіп отыр.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен жұмыс істей білу емес, кез-келген ақпарат көзін - анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды, теледидар бағдарламаларын, т.б. дұрыс пайдалана білу деген сөз.
Еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында біздің колледжіміздің оқытушылары осы бағытта курстарға қатысып біліктіліктерін арттыруда. Колледжіміз мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған және материалдық-техникалық базасы үнемі жаңа технологиялармен толықтырылып, оқу-әдістемелік жұмыстары, оқу бағдарламалары жаңаша сипатта өзгертіліп отырады.
Соңында, қорыта айтатын болсақ, үшінші мыңжылдық адамын қалыптастыру - дүниежүзілік, соның ішінде қазақстандық білім беру жүйесі алдындағы жауапты міндет. Оқытудың жаңа технологиясын, ең алдымен, білім сапасын жақсартатын, жалпы бұқараға білім беруді қамтитын жаңа бағыттарды дұрыс анықтасақ және оны жүзеге асыру барысында көргендік танытсақ отандық білім беру жүйесі өз алдына қойылған тарихи тапсырысты абыроймен орындап шығады деп сенеміз.
2.3. Ақпараттандырудың алғы шарттары
Білім беруді электрондандыру үш негізгі аспектіні қамтыды:
oo электрониканы кеңінен оқыту мен микропроцессорлық техника құралдарын қолдану;
oo оқу процесінде техникалық оқыту құралдарын, оның ішінде, оқыту машиналарын, видео жүйелерді, қарапайым электрондық ойындар мен жаттықтырушыларды интенсивті түрде пайдалану;
oo оқу процесіне микрокалькуляторлар, арнайы оқу ЭЕМ-дерін және т.б.енгізу.
Электрондандыру студенттерді дайындау процесіне, алдымен техникалық мамандық иелеріне электрондық құралдар мен есептеуіш техникаларды кеңінен енгізіу мен сипатталады. Дидактикалық программалаудың негізгі міндеттерінің бірі оқу әрекеттерін оңтайлы басқару жүйелерін белгілі бір мақсатты көздейтін жүйелерімен синтездеу, оны орындау барысында оқушылардың білімі мен іскерлігі талап етілген деңгейге жақындайды.
А.П.Ершовтың Мектеп информатикасы атты еңбегінде жазылғанындай, программалап оқыту дегеніміз оқыту мен тәрбиелеу психологиясының бірқатар идеяларын, басқару мен ақпараттық байланыстар туралы қағидаларды және ЭЕМ-нің икемділігі, программаланатындығы мен пайдаланушымен диалогтық байланысы тәрізді жаңа мүмкіндіктерінің мәнін синтездеу негізінде дүниеге келген.
Ақпараттандыруға байланысты мемлекеттік саясат төмендегідей негізгі бағыттарды қамтыды:
oo бірыңғай ақпараттық кеңістікте ақпараттандыру жүйелері мен желілерін құру және дамыту, олардың үйлесімділігі мен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
oo ұлттық тағылым ретінде мемлекеттік ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және қорғау;
oo ақпараттандыру және басқа бағыттарды ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ету.
2.4. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары кеңінен қолданылады. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комплексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыруға;
:: Әр түрлі ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
:: Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;
:: Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік деңгейлерін, сабаққа дайындық деңгейін бақылауға;
:: Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға, интеллектуалдық деңгейіне қарай тапсырмалар беруге;
:: Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
:: Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы оқыту процесінің толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен әрекеттеріне байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды қарастырады.
Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану, оның келесi педагогикалық іс-әрекетін жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
- студенттердің дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
- проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz