Химияны ағылшын тілінде оқыту артықшылықтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы: Химия пәнін оқытудағы пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту әдістемесін (CLIL) қолдану ерекшеліктері

Түркістан 2019
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. CLIL дегеніміз не?
2. Зияткерлік мектептердегі үш тілде білім беру
3. Химияны ағылшын тілінде оқыту артықшылықтары
4. Химияны ағылшын тілінде оқыту проблемалары
5. Үш тілде білім беруге қажетті шарттар
III. Қорытынды

Кіріспе

Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Үш тілде оқыту - заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу - біздің байлығымыз десе, 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Жолдауында: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі ‒ мемлекеттік тіл, орыс тілі ‒ ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі ‒ жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі деген болатын. Қоғамның бүгінгі әлеуметтік тапсырысы - жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндер бойынша ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету; сонымен қатар білім беруде осы бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру. Ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі. Қазіргі таңда келешек ұрпақты интеллектуалды тұлға етіп дамыту, көптілді меңгерту - білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып отыр. Ағылшын тілінде химия пәнін оқытудың себебі шетел тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан алынатын мағлұматтарға сүйенеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың білімдік әрекеттік нәтижесі оқушылардың универсалды сипаттағы білімдерін кеңейтуде, шет тілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруін дамытуда көрінеді.
Білім беру саласында пәндерді кіріктіре оқыту тәсілі Қазақстан мектептерінде қолданысқа енгізіп жатыр. Бұл оқушының тек бір пәнді ғана меңгеріп қоймай, барлық пәндерді бірдей меңгеруіне көмегін тигізбек. Нақтырақ айтсақ кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді.
Қазіргі оқыту үрдісі пәндердің мазмұнын кіріктіру өзектілігін одан әрі арттырып, осы үрдісті ақпараттық оқыту құралдарымен пән мазмұнына сай жасақталу мәселесін шешумен ұштастыруды керек етіп отыр. Өйткені, ақпараттандыру - бүгінде қоғамдық өмірдің өзге салаларындағыдай білім берудегі стратегиялық мақсат-міндеттерді орындауды интенсивтендіруге мүмкіндік беріп отырған бірден-бір үрдіс.

I. Негізгі бөлім
Нақты пәндерді шетел тілінде қалай оқыту әдістемелік мәселелері бойынша шетелдік зерттеушілер CLIL әдісін ұсынып, қазіргі уақытта пән мұғалімдері талқылап, сабақтарында үйлестіріп жатыр. Алайда, аталмыш әдіс жаңа деп атауға келмес, себебі, пәндік байланыс, бір сабақтың көлемінде әралуан пәндік мазмұндағы білім, өмірмен байланыс шетел тілі сабақтарында қолданады. Алайда, бұл әдіс шетелдік ғалымдар толығымен жан-жақты тәсілдерін, қағидаларын, бағалау өлшемдері мен білік топтамаларын әзірледі. Сондықтан болар, CLIL тиімділігі пәндерді шетел тілінде қалай оқытудың жүйесін ұсынады.
90-жылдары Еуропада көптілді дамыту саясатының аясында CLIL әдісі әзірленген. Айта кетсек, Венгрияда әр түрлі пәндерді шетел тілінде үйрететін билингвиалық мектептер бар. Ал Болгарияда CLIL әдісін 50 жылға жуық оқу жүйесінде тиімді қолданып келеді. Билингвиалық мектептерде осы әдіс арқылы математика, география, биология, тарих, философия, химия сияқты пәндерді ағылшын, неміс, француз тілінде оқытады. Сонымен қатар бұл әдісті тек қана мектептерде емес, сондай-ақ жоғары оқу орындарында да кеңінен жүргізіледі. Себебі, белгілі бір кәсіби мамандар мен қатар жан-жақты шетел тілдерді меңгерген мамандарды дайындап шығаруға пәнді кіріктіріп оқыту әдісі көп мүмкіндік береді. Аталмыш әдіс үздіксіз өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында оқушыларды және студенттерді бәсекеге қабілеттерінің бір белгісі болып табылатын тілдерді және басқа тілдерде пәндерді игеруді жүзеге асыру үшін әзерленген.
Шетел тілін оқытуда пәндік мазмұндағы ақпарат беру, оқушылардың қызығушылығын қанағаттандырып, шынайы өмірмен байланыстырып оқыту мәселелері жаңа бағдар CLIL әдісінің мән-мағынасын анықтады. CLIL ағылшын тілінде Content and Language Integrated Learning немесе пән мен тілді кіріктіріп оқыту деп қарастыруға болады. Кейінгі зерттеулерде мынандай анықтама береді: CLIL-оқушылардың шетел тілінде лингвистикалық және коммуникативтік дағдылардын қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық әдіс. 1994 жылдан бастап Дэвид Марш және басқа да көптілді білім беруді дамыту бойынша ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдар CLIL әдісін жоба ретінде әзірлеп, келесідей графикалық суретпен ұсынған.

Сонымен, CLIL әдісі басқа пәндерді оқу үшін шетел тілін құрал ретінде қарастырылып, тіл мен пән біріккен немесе қосарланған рөл атқарады деп түпнұсқасында Дэвид Марш атап өтеді. Демек, шетел тілінің негізгі міндеті ретінде таным қызметін атқарып, шетел тілі сабақтарында қоршаған орта, басқа пәндердің мазмұндық элементтерін үйлестіру оқыту. Сонымен қатар, тілдік емес пәндерді шетел тілінде оқыту мақсатқа айналмайды, оның орнына шетел тілінің көмегімен үйрену және шетел тілін үйрену арқылы оқу деп жаңа ой, серпіліс шетел тілін оқыту әдістемесін жаңартпақ.
Химия пәнін үш тілді үндестіре отырып оқыту - өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым-қатынаста өзін емін-еркін ұстап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіріктірілген оқыту принциптері
Компьютерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары
Пәнаралық байланыстар
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Интерактивтік оқыту технологиясы
Химияны оқытудағы интерактивті технологиялар
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Топтап оқыту технологиясы
Пәндер