Лизинг операциясы техникасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелестік елдерінің қатарына кіруі Стратегиясы туралы ҚР Президентінің жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі - Қазақстан экономикасын әрі қарай жаңарту және диверсификациялаудың тұрақты экономикалық өсудің негізгі ірге тасы ретінде көзделуі де жай емес.

Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын[1] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын.

Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығы 2000 жылдан бастап қана белсенді дами бастады. Бұл жерде лизингтік мәмілелердің басым бөлігі Қазақстандағы ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған агроазық-түлік бағдарламасы төңірегінде үкіметтің бастамасымен 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған лизингтік компанияларға тиесілі. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық лизинг сияқты қаржы нарығының бір секторы қалыптасып дамып отыр десе болады.

Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.

Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып саналады.

Лизинг - шетелден елімізге жоғарғы технологияларға ие құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың балама көзі.

Отандық банктердің лизингтік компаниялары арқылы лизингті қаржыландырумен қатар банктер өздерінің де лизингтік операцияларын дамытуға көңіл аудару қажет.

Мұндай мәселелерді шешуде қазақстандық коммерциялық банктердің лизингтік қызметін дамыту және жетілдірудің маңыздылығы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан арта түседі.

Курстық жұмыстың мақсаты - лизингтік қызмет көрсету нарығында нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытудың қажеттігі мен маңыздылығын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы тәжірибелеріне талдау жасау, сондай-ақ коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.

Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:

  • «банктердің лизингтік операциялары» ұғымын нақтылау;
  • банктердің лизингтік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерін көрсету;
  • шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын зерделеу;
  • ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығындағы коммерциялық банктер қызметтерінің жағдайына талдау жасау және проблемаларды айқындау;
  • коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытуы арқылы экономиканың шағын және орта бизнестің дамуын қаржыландыру әдістерін жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • коммерциялық банктер қызметіндегі лизингтік тәуекелді басқару әдістерін қарастыру.

Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі жатады.

Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің және ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Т. Кларк, В. Хойер, М. Гордон, В. Д. Газман, В. М. Джуха, Е. Кабатов, Е. Н. Чекмарев, В. А Перов, П. А. Анреев, О. И. Лаврушин, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробовой, В. И. Колесников, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, Е. Б. Ширинская және өзгелер. Отандық ғалымдардан С. Б. Мақыш, А. С. Сабитов, А. Сайденов, Б. Т. Исабеков, Л. Айманова, Ж. Оралбаева, К. Сагадиев, Р. Абраимов, С. Туменбаев, Алтынғазин [2, 5б] .

1 БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОПЕРАТИВТІ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Лизингтің экономикалық мәні

Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы - жалға беруде екі жақ қатысса, яғни жалға беруші және жалға алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: яғни лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларын өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығы келісім-шартта келісілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады[3, 348б] .

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б. э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғаны белгілі болғанымен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін айта кетеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корпорация» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМбХ» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфа (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді[4, 6б] .

Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарылату үшін несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажет. Лизинг несиенің бір түрі ретінде кәсіпорындарға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығынмен өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді.

Лизингтің көмегімен қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді сатып алуға, күрделі қаржы жұмсамай пайдалануға болады. Яғни ғимарат және құрылысты, машина мен қондырғыны, көлік құралдарын және т. б. сатып алуға болады. Бұл шаруашылық етуші субъектілерге өндіріс шығындарын қысқартуға және олардың кәсіпорындарының тұрақты дамуына қажет ететін едәуір ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан лизинг өзінің беретін мүмкіндіктері мен әкелетін пайдасы болғандықтан, кәсіпкерлік үшін бұл қызмет саласында кәсіпкерлік қызмет пен бизнестің маңызды түрі болып табылады. Лизингті белсенді енгізуде ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның құрылымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуының және дүниежүзілік нарықта отандық кәсіпорын өнімдерінің бәсекелес қабілеттілігін арттырудың басты факторының бірі бола алады.

Нарықтық экономика дамыған елдерде лизинг шарттарына өндірістік құралдардың барлық түрлері, әсіресе, машиналар мен қондырғылар, олардың саны мен құны шектеулі сатып алынады. Сонымен бірге лизингілік қызметтер бұл елдерде кең тарауда және басқа елдердің территориясында лизингілік қызметтің дамуына және қалыптасуына әсерлерін тигізіп, ұлттық шекарадан шығуда[5, 130б] .

Лизинг біздің елде 1989 жылы банкілер лизингілік операцияларды іске асыра бастағанда пайда болған. 1990 жылы бұрынғы Қазақ ССР Госснаб кезінде жасалынған «Прокат (ежіре) және лизинг 95» жүйесінде прокатты және лизннгті дамытудың мақсатты бес жылдық бағдарламасын іске асыратын алғашкы лизингілік құрылымдар пайда болды. Бұлар лизингілік операцияларды іске асыратын коммерциялық банктік мекемелерді және машинаны, жабдықты, көліктік құралдарды алдын ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъек-тілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын лизингілік фирмалар болды.

Лизингілік бизнесті қалыптастыру және дамыту, ең алдымен, өндірісті және оның реконструкциясын кеңейтумен айналысатын қызмет етуші кәсіпорын үшін маңызды орынға ие. Әсіресе, моральды және физикалық жағынан ескірген негізгі қорларды пайдаланатын, сонымен ресурс сыйымдылықты технологияны қолданатын кәсіпорындар үшін маңызды. Оларды лизингтің осы мақсатта пайдалану іс-әрекетін қондырғыны модернизациялауды іске асыруға, өндірістің техникалық деңгейін көтеруге, машиналар паркін және басқа да өнімді тасымалдау үшін жылжитын құралдарды лизингілік мәміленің негізінде қолдану кезінде лизингілік операциялардың элементтері мен мазмұны ашылады.

Лизинг түрлерінің классификациясында және лизингілік үрдісті ұйымдастыру схемасында лизингілік келісімшарттың мазмұны және лизингілік мәмілені рәсімдеу тәртібі қарастырылады. Лизинг субъектілерінің құқықтық жағдайына және оның келісімшарттарында көрсетілу жағдайына сипаттама беріледі. Негізгі қорлардың және ұзақ мерзімді салымдардың, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік жазулар беріледі[6] .

Шаруашылықтың инновациялық түрлерінің бірі саналатын лизинг жүйесі шетелдік техникалық потенциалды қолдану және оны жергілікті өндіріске енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдай елімізде қалыптасып келе жатқан инновациялық потенциалды қалыптастыру мен дамытуға жаңа мүмкіншіліктер ашады. Қазіргі таңда ел экономикасын иниовациялық даму жолына өткізу мәселесі технология мен еңбек қатынастарын үйлестіру және басқару саласына жаңалықтар енгізу арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Сол себептен, отандық өндірісті дамытудағы инновациялық фактордың рөлін күшейту үшін кәсіпорындарды түбегейлі жаңартуға және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін лизингті қайта құру тетігі қолданылу қажет[7, 61б] .

Лизинг операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.

Лизингілік мәміленің мәні. Әлемдік іс-тәжірибеде «лизинг» термині ұзақ пайдалануға жарайтын тауарларды жалдауға негізделген әр түрлі мәмлелерді белгілеуде пайдаланылады. Жалдау келісім-шартты бекітілген мерзімге қарай жалгерлік операцияның үш түрі бөліп көрсетіледі:

  1. Қысқа мерзімді жалдау (рейтинг) - 1 күннен 1 жылға дейін;
  2. Орта мерзімді жалдау (хайринг) - 1 жылдан 3 жылға дейін;
  3. Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) - 3 жылдан 20 жылға дейін және одан да ұзақ уақытқа.

Өзінің заңды формасында лизингілік мәміле инвестициялық құндылықтарды ұзақ мерзімді жалға алудың өзінше өзгешелігі бар түріне жатады.

Лизингілік операцияны дәл анықтаудың іс-тәжірибеде маңызы жоғары, өйткені оны рәсімдеудің заңмен белгіленген ережесі сақталмайтын болса, ол лизингілік мәміле ретінде танылмайды. Бұл операция қатысушылары үшін бірқатар жағымсыз қаржылық салдарды тудырады[5, 132б] .

1. 2 Лизингтің түрлері: қаржылық және оперативті

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1. Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

2. Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады[3, 349б] .

Лизинг түрлері және лизингтік операцияларды жіктеу шетелдік және отандық теория мен іс-тәжірибеде маңызды мәнге ие. Лизинг түрлері оның белгілеріне қарай бөлініп көрсетіледі. Жіктелуіне қарай:

  1. Жалға берілетін мүлікке қатынасы бойынша;
  2. Лизингтік операцияларды қаржыландыру түрі бойынша;
  3. Лизингтік келісім-шартқа қатысушылардың құрамы бойынша;
  4. Лизингке берілген мүліктің түрі бойынша;
  5. Лизингтік мүліктің өтелу деңгейі бойынша;
  6. Лизингтік мүліктің өтелу көрсеткіштеріне сәйкес;
  7. Лизингтік операция өтетін рынок секторы бойынша;
  8. Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы бойынша.

1. Жалға берілетін мүлікке қатынасы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

  • Таза, яғни мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың барлығын лизинг алушы өзіне алады;
  • Толық, мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың барлығын лизинг беруші өзіне алады;
  • Бөлшектеп(частичный), мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың бір бөлігі ғана лизинг берушіге тиеді.

2. Лизингтік операцияларды қаржыландыру түрі бойынша лизинг келесідей түрге бөлінеді:

  • Жедел, яғни мұнда мүлікті жалға бір-ақ рет беру орын алады;
  • Қайта бастау, яғни мұнда лизингтік келісім-шарттың бірінші мерзімі аяқталған соң келесі кезеңге ұзартылатын жағдай орын алады. Ол үшін белгілі-бір уақыттан соң лизинг объектілері лизинг алушының талабы бойынша жаңа түрлерге өзгереді. Құрал-жабдықтарды өзгертуге жұмсалған барлық шығындарды лизинг алушы өз мойнына алады. Қайта бастау лизингі бойынша лизинг объектілерінің саны және оларды пайдалану мерзімдері екі жақпен алдын-ала келісілмейді.

3. Лизингтік келісім-шартқа қатысушылардың құрамы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

  • Тікелей лизинг, мұнда мүліктің меншік иесі (жеткізуші) лизингке объектіні дербес береді (екі жақты келісім-шарт) . Негізінен бұл келісім-шартқа лизингтік компания қатыспайтындықтан классикалық лизингтік келісім-шарт деп атауға болмайды;
  • Жанама лизинг, яғни мұнда мүлік делдал арқылы беріледі. Бұл жағдайда келісім-шартқа жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы қатысатындықтан классикалық лизингтік операция деп атауға болады;
  • Бөлінген лизинг, бұл лизинг күрделі, ірі масштабтағы обьектілерді қаржыландыру тәсілі ретінде болады. Мұндай лизинг жабдықтаушылардың, лизинг берушілердің және банктерден несиелік қаражаттарды тартатын, сонымен қатар лизингтік мүшелерді сақтандыратын бірнеше компаниялардың қатысуымен топтық немесе акционерлік деп аталынады. Бұл лизинг түріне көп арналық қаржыландырулар қатысатындықтан күрделі болып саналынады[7, 62б] .

4. Лизингке берілген мүліктің түрі бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

  • Жылжымалы лизинг(құрал-жабдық, техника, автомобильдер, самолеттер және тағы басқа) ;
  • Жылжымайтын лизинг(ғимараттар, сооружения) .

5. Лизингтік мүліктің өтелу деңгейі бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

  • Толық өтелетін лизинг, мұнда бір келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде лизинг берушіге жалға алынған мүліктің құны толық төленеді;
  • Толық өтелмейтін лизинг, мұнда бір келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде жалға алынған мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі.

6. Лизингтік мүліктің өтелу көрсеткіштеріне сәйкес лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

  • Қаржылық лизинг(капиталдық, тікелей) - бұл өзінің әрекет ету мерзімі ішінде құрал-жабдық амортизациясының толық құнын немесе оның бір бөлігін, лизинг берушінің қосымша шығынын немесе пайдасын өтеуді қарастыратын келісім;
  • Оперативті лизинг- бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

7. Лизингтік операция өтетін рынок секторы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

  • Ішкі лизинг- бұл келісім-шарттың барлық қатысушыларының бір елден келуімен байланысты сипатталады;
  • Сыртқы лизинг(Халықаралық лизинг) - бұл бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды. Сыртқы лизинг өз кезегінде экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып танылады.

8. Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

  • Мүлікке, табысқа, ҚҚС, әр түрлі ағымдарға, жеделдетілген амортизация және тағы басқаларға салық салу бойынша жеңілдіктерді қолдану;
  • Жеңілдіктерді пайдаланусыз.

Лизинг операцияларының техникасы 1, 2- суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалған жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды[3, 350б] .

Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады. [3, 350б]

2

1

4 3

Сурет 1- Лизинг операциясы техникасы

Ескерту- С. Макыш «Банк ісі» негізінде

1) құрал-жабдыққа тапсырыс беру;

2) құрал-жабдық үшін төлем;

3) құрал-жабдықты жеткізу;

4) лизингтік төлемдер.

Лизингілік келісімшартты ұйымдастыру және оны іске асыру әр елдің заңдылық ерекшеліктеріне байланысты.

Лизингілік келісімнің жанама және тікелей қатысушыларына байланысты лизингілік үрдістің 3 жақты немесе көп жақты сипаты болады. Лизингілік үрдістің схемасының жалпы түрі төмендегідей:

  • сақтандырушы - қайтарым негізінде өзіне лизингіліккелісіммен байланысты болатын тәуекелді өзіне алатын жақ;
  • кредитор лизингберушінің келесіде лизингке беретін мүлікті сатып алуды қаржыландыратын тұлға-банк;
  • делдал - осы мәміленің тараптары болып саналатынтұлғаларға лизингілік келісіммен байланысты қызмет көрсетуші тұлға[7, 63б] .

Лизингілік үрдісте шартты түрде 3 этапты айыруға болады. Бірінші этапта (1-4) заңды келісімшарт қатарларын жасау үшін барлық дайындалған жұмыстар жүзеге асырылады және мынадай құжаттарды рәсімдейді:

  1. Лизинг объектісін алу үшін лизингалушының лизингберушіге тапсырысы;
  2. Лизинг алушының төлем қабілеттілігі және лизингілікжобаның тиімділігі жөнінде қорытындысы;
  3. Лизинг объектісін жеткізіп беру жөніндегі жіберетін заказ-нарядты алғанын растау;
  1. 2 данадағы шот;
  2. лизингалушының қол қойған жабдықты қабылдау хаттамасы;
  3. техникалық құжаттама;
  4. кепілдеме талоны.

Лизингалушы мен жабдықтаушы арасындағы келісімнің жалпы шарттары:

а) лизингберушінің жабдықтаушыға лизингілік объектінің құнын төлеу шарты;

б) жеткізіп берудегі жабдықтаушының жауапкершілігі[8, 126б] .

  1. Лизингілік компания мен банктың лизингілік келісімдержүргізу үшін несие алу жөнінде жасасқан несиелік келісім-шарт. Екінші кезеңде (3-9) лизингілік келісім бекітіледі жәнеол бойынша келесі кұжаттар рәсімделеді:
  2. Лизингке берілетін мүлікті сату-сатып алу келісімшарты.
  3. Лизингілік келісімшарт. Мұнда мыналаркөрсетілуі қажет:
  • лизинг объектісін қажетті орнына жеткізіп беру мерзімі, қаржыландыру сомасы және лизингілік келісімнің заты;
  • келісімшарттың іс-әрекет ету мерзімі;
  • лизингберушінің меншікке деген құқығы;
  • тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілдеме;
  • жабдықты пайдалану;
  • жөндеу, модификация және күтіп ұстау;
  • кездейсоқ жағдайлар, шығындар;
  • таңдау құқы;
  • төлемдерді төлеу әдістері (ай сайын, квартал сайын немесе лизингілік төлемдердің алдын алатындар) ;
  • ставкалар (жабдықтың нақты немесе шартталған құны-мен) және шарттар (клиент есебінен ұсыныстарды дайындау бойынша шығындар) ;
  • салық салу және баждар;
  • мәміле объектісін сақтандыру;
  • лизингалушы мен лизингберушінің құқықтары және міндеттері;
  • лизингілік келісімшартты бұзу тәртібі;
  • арбитраж және дауларды шешу;
  • кешіктірілген жағдайлар (келісімшарт тек кепілдеме ал-ғаннан кейін күшіне енеді;
  • қосымша мәліметтерді алу міндеттері (баланс) ;
  • жақтардың және қабылдау құқығын алатындардың қол-дары мен реквизиттері;
  • қосымшалар (материалдарды сипаттау) ;
  • қалдық құнының кепілдемесі;
  • банктың кепілдемесі.

7. Эксплуатациялауға лизинг объектісін қабылдау актісі. Ол мынадан тұрады:

  • лизингілік келісімнің объектісін нақты жеткізіп беру, оны құру және мүлтіксіз жұмыс істеу жөніндегі куәлік (жабдықтаушыға талап қойылатын куәлік) ;
  • мәміле объектісінің жұмыс істеуіне зиян келтірмейтін және лизингалушының лизингілік төлемдерді төлеудегі міндеттеріне әсер етпейтін белгілі кемшіліктер туралы мәліметтер болуы мүмкін. Бұл жағдайда жабдықтаушы қабылдау хаттамасында көрсетілген кемшіліктерді жоюға міндеттенетін мерзімді көрсетеді;
  • алғашқы лизингілік жарнаны төлеу күні көрсетіледі. Осылай қабылдау хаттамасының датасы лизингілік мәміленің іс-әрекет етуінің алғашқы мерзімімен сәйкес келеді;
  • лизингалушы рәсімдейді, лизингберуші, лизингалушы және жабдықтаушы қол қояды.

8. Лизингке берілетін мүліктің техникалық қызмет көрсетуінің келісімшарты.

  1. Лизинг объектісін сақтандыру келісімшарты. Үшіншікезеңде (10-12) лизинг объектісін өзіндік пайдаланубасталғаннан кейін, келесі процедуралар орындалады.
  2. Лизингілік төлемдерді төлеу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің қаржылық операциялары
Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні
Лизингтің мәні және экономикадағы ролі
ҚР-ның экономикасындағы аграрлық сектордың орны мен мазмұны
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Банк өтімдігі лизинг операциясы
Банктік операциялардың мәліметтер қорын құруды теориялық негіздеу
Лизинг операциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz