Педагогтың құзырлылығының компоненттері жалпы педагогикалық дағдылар


Әуезханова Аружан
Тобы: Мб-21
№9 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Мұғалімдердің өздігінен білім алу жұмыстары-олардың педагогикалық құзіреттілігін жетілдірудің негізі-1 сағат
Оқу нәтижелері
Студент:Өтілген материалдар бойынша берілген жаттығуларды жүргізудің жолдарын тәжірибе жүзінде қолданады;
Дәріс мәтінінен алған рухани, мәдени, тәрбиелік құндылықтарды: адамгершілікті, діни, моральдық, тарихи, адамзаттық мәселелерді бағалайды;
Тақырыпқа сәйкес, мәселелерді, сұрақтарды теория және тәжірибе жүзінде шешуді игереді
Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:
1. Педагогикалық кадрлар біліктілігін көтерудің қазіргі заманғы формалары
2. Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық
1. Еліміздегі саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындары үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды даярлауды көздеп отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны» атап көрсетілген .
Елбасының Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы «Қазақстан - 2050 стратегиясы» -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру «Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарларын» атап өтті [3] .
Аталған міндеттерді жүзеге асыруда Қазақстанда болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың қазіргі кезеңдегі жай-күйіне талдау жасауда жоғары оқу орындарының алдына әлеуметтікэтикалық, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық, кәсіби құзіретті, сауатты мамандарды даярлау міндеті қойылып отырғандығы анықталды. Педагог мамандардың кәсіби іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі оларды жаңа ғылыми-педагогикалық идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқыту теориясы мен әдістемесін игерген кәсіби-педагогикалық құзіреттіліктің жоғары деңгейін меңгерген маман ретінде даярлау мәселесін шешу көзделуде.
Бүгінгі таңда білім беруді жаңғырту - заманның талабы. Болашақ мамандарды даярлауда олардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Ол үшін студенттердің кәсіби құзіреттілігін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жетілдіру қажет және білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру, білім беруді жаңғырту сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басым бағыттар бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру ұйымдарын оңтайландыру және оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту және педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арнаулы педагогикалық білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншісі, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру және біліктілікті жетілдірудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Мамандар даярлауда оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту білім саласына ене бастады. Мәселен, бүгінгі таңда академиялық еркіндікті дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті деп айтуға болады. Білім алушының таңдаған пәні бойынша, мамандығына қатысты сабақтарды меңгеруі - академиялық еркіндіктің басты қағидаты болып саналады. Элективті курстар еңбек нарығы сұраныстары негізінде оқытылады. Оқыту үдерісін жаңғырту бағыты бойынша сұранысқа ие, болашағы бар бағыттарды күшейтудің маңызы зор. Сонымен қатар, тілдерді меңгеруге, электронды оқытуға, инклюзивті білім беруге, шағын кешенді мектеп мәселелері, 12 жылдық мектепке арналған маман даярлауға баса мән беріле бастады. Жоғары интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан, инновациялық технологияларды еркін меңгерген, ғылыми-зерттеушілік қызметке бағытталған болашақ педагогтарды даярлау, қайта даярлауды да айта кету керек. Мектеп мұғалімдері, ғалым-оқытушыларды елдегі және шетелдегі біліктілікті арттыру орталықтарында жүйелі түрде оқыту қолға алынуда.
Білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруда инновациялық технологияларды, компьютер мүмкіндіктерін пайдалану, интерактивті білім беру, қашықтықтан оқыту, виртуальды педагогика тағы басқаларды тәжірибеге ендіруге баса назар аудару қажет. Ғалым-оқытушылар, зерттеушілер жалпы орта білім беретін мектептің жаңашыл мұғалімдерімен бірлесе отырып мектеп базасында инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың, студенттердің интеллектуалдық қабілеттерін арттыруды көздейді. Еліміздегі жоғары білім беру ордалары әлемдік білім беру жүйесіне көше бастады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетін білікті мамандарды дайындау үшін ЖОО-ры да түрлі инновациялық әдістемелерді пайдалана бастады. «Академиялық мобильділік» бағдарламасы еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарында жүзеге асуда. Жоғары білім саласына көп сатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу, қос диплом алу, қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, оқыту әдістемелерін жаңғырту, оқытудың онлайн жүйелерін дамыту сынды жоғарыдағы бағыттың негізгі тетігі ретінде қарастырылуда .
Білім беру реформасын жүзеге асырудағы негізгі тұлға педагог болып табылады. Мемлекеттің педагог мамандарға бағдарланған әлеуметтік тапсырысы ең алдымен, жоғары оқу орнын, балабақша, мектеп таңдау жағдайында өз бетімен жауапты шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа икемді, ел тағдырына жанашырлықпен қарайтын жоғары құзіретті мамандарды қалыптастыруды көздейді. Кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың негізгі бағыттары білім беру мазмұнын жаңартудың және қазақстандық білім беру жүйесін өзгертудің негізгі бөлігі болып табылады. Алайда білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыруды жүзеге асыруда қазіргі педагог мамандардың қолынан келер мүмкіндіктерінің арасындағы қарама-қайшылықтың сақталып отырғанын атап айту керек.
2. Педагогикалық шығармашылық, педагогикалық шеберлік және педагогикалық құзыреттілік ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Өз кәсібінің шыңына шығуды мақсат етпейтін, білім мен дағдының ең жоғары деңгейіне көтерілуді көздемейтін, бір сөзбен айтқанда педагогика саласында құзырлы маман болуға ұмтылмайтын ұстаз кемде-кем. Сондықтан педагогикалық іс-әрекетті жетілдіруде «педагогикалық шеберлік» және «педагогикалық құзыреттілік » ұғымдарының маңызы зор екендігін айтып өткен абзал.
Қазіргі қоғам педагогтарға оқушылардың бүкіл өмірін ұйымдастыру процесіне күрделі өзгерістер енгізе алатын, олардың тұлғалық дамуына кепілдік бере алатын, шебер әрі кәсіби құзырлы мамандар ретінде қарайды. Сондықтан педагогтың іс-әрекет шеберлігін жеке әдіс-тәсілдердің жүйесі деп санаумен шектелуге болмайды. Шебер мұғалім педагогикалық тұрғыдан құзырлы болу керек. Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің жеке тұлғасының байлығы және оның кәсіби білімінің мөлшерімен анықталады. Мұғалімнің кәсіби білімі арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері жаңа сипатқа ие болады, қайта жанданады және шығармашылық сипаты арқылы білім беру жүйесіне жаңа мазмұн береді.
Педагогикалық шеберлікті зерттеудегі өзектілік студенттің жеке тұлғасын дамытудың оңтайлы жағдайларын анықтаумен қатар, практика барысында туындайтын қиыншылықтарға да байланысты.
Кейбір зерттеулерде құзыреттілік ұғымы біліктілік ұғымымен теңестіріледі. Себебі құзыреттілік іс-әрекетті жүзеге асыруға деген қабілеттілікті білдіріп, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар тұлғаларға байланысты қолданылады. Маманның алдында тұрған мәселелер мен міндеттерді шешу деңгейіне білім мен біліктің сәйкестігін айтады. Бұндай түсініктеме біліктілікке де балама бола алады.
Дегенмен бұл екі ұғымның айырмашылығы жайлы тоқтала келіп, кейбір зерттеулерде біліктілік ұғымына қарағанда құзыреттілік ұғымының мағынасы ауқымдылау екендігі айтылады. Біліктілікке кәсіби білім мен білік тән болса, құзырлы педагог бойында сол қасиеттермен қоса өз кәсібіне деген ынталылықтың болуы, білімденушілермен атқаратын іс-әрекеттің ынтымақтастық сипатта болуы, коммуникативтік қабілеттердің т. б. болуы шарт.
Мұғалімнің іс-әрекеті әр түрлі теориялық білімдерге (психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, философиялық т. б. ) негізделіп, теория мен практиканы байланыстырушы қызмет атқарады. Білім мен тәжірибені терең жинақтау арқылы мұғалім кәсіби құзыреттілік қа ие болады. Педагогикалық құзырлы мұғалім теориялық білімдердің қоры мен өмір қойған талаптар арасындағы қарама-қайшылықты шеше алады.
Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениетке жету мақсатында білім беру жүйесін оңтайландыру қажет. Әсіресе азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге көтеру, бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу міндеті тұр. Сол құндылықтарды жүзеге асыратын мұғалімді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, ал мұның бәрі педагог кадрларын мамандық даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауды көздейді.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі жоғарғы оқу орындарында ойшыл, зерттеуші, өз ісінде жаттандылықтан аулақ, психолог-педагогтық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде жүздеген жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен. Ол көптеген адамдармен қарым-қатынас жасайды, көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарды білім, білік дағдысы және біліктілігіне қарай шешеді.
Педагогикалық кәсіпке басқарушылық сипат басым. Жеке тұлғаның даму процесін басқару үшін педагог құзырлы болу керек. Кез-келген мамандық бойынша педагог құзырлылығы біліктілік сипаттамасымен анықталады. Біліктілік сипаттамасына кәсіби білім, білік, дағдылардың ғылыми негізделген құрамын бейнелейтін педагог құзырлылығының моделі жатады.
Кәсіптік құзыреттілік қа қол жеткізу үшін педагогикалық-психологиялық және арнайы біліммен (пән бойынша) шектелуге болмайды. Ол білімдер жинағы әрине қажетті, дегенмен кәсіптік құзырлы маман болу үшін әлі жеткіліксіз. Теориялық-практикалық және әдістемелік білімдер педагогикалық біліктер мен дағдылардың алғы шарттары.
Педагогикалық дағдылар - «алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттығу нәтижесінде автоматты түрде қалыптасуы. Дағдыға айналған қимылдар санадан тыс болмайды. Ол - мидың қызметі. Дағдының қимыл, сенсорлық және ой әрекетіне байланысты түрлері бар, дағды әрекет өнімділігін арттырады».
Бүгінгі таңда педагогикалық дағдылардың бірнеше жіктемесі бар. Оны шартты түрде:
· педагогикалық функцияларға қарай (Н. В. Кузьмина) ;
· әр түрлі педагогикалық тапсырмаларды қоя білу және шешуіне қарай (И. Т. Огородников, Л. Ф. Спирин) ;
· педагогикалық процесті басқару кезеңіне қарай (В. А. Сластенин, Л. И. Мищенко) 3 топқа бөлуге болады.
Көптеген зерттеушілер педагогикалық біліктерді төрт топқа біріктірген.
1. Жалпылама міндеттерді оқыту мен тәрбиенің нақты тапсырмаларына айналдыра білуге байланысты педагогикалық міндеттерді айқындау, тұлға мен ұжымды олардың жаңа білімді белсенді түрде меңгеруге дайындық деңгейін анықтау мақсатында зерттеу; білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттер кешенін айқындау, оларды нақтылау және басым міндеттерді анықтау білігі;
2. Педагогикалық өзара әрекет жасау тәсілдерін бағдарлау білігі логикалық тұрғыда аяқталған педагогикалық жүйені құру және жүзеге асыруға ықпал жасайды: білім берушілік-тәрбиелік және дамытушылық міндеттерді кешенді түрде жоспарлау, білім беру процесінің мазмұнын негізделген түрде сұрыптауға, оны ұйымдастырудың формаларын, әдіс, тәсілдерін оңтайлы ұйымдастыруға.
3. Педагогикалық әрекет етуді орындау білігі оқыту мен тәрбиенің компоненттері мен факторлары арасындағы өзара байланысты анықтауға мүмкіндік береді: білім беру процесін жүзеге асыруға қажетті жағдайларды (материалдық, рухани-психологиялық, ұйымдастырушылық) жасау; оқушыны педагогикалық процестің объектісінен субъектісіне айналдыратын іс-әрекетін дамыту; бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру және дамыту;
4. Педагогикалық міндеттерді шешу процесі мен олардың нәтижесі педагогикалық іс-әрекеттің қорытындысын есепке алу және бағалауды талап етеді: педагогтың әрекеті мен педагогикалық процес барысын талдау және өзіндік талдау; педагогикалық міндеттердің жаңа сипаттағы басым кешенін анықтау.
Құзыреттілік деп маманда белгілі бір сала бойынша білім мен тәжірибенің болуын айтады, ол адам іс-әрекетін бағалайтын ұғым, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статусы бар адамдарға байланысты олардың шешілетін мәселелер мен міндеттердің күрделілік деңгейін ұғынуын, оған білім мен білігінің сәйкес келуін сипаттау үшін қолданылады.
Соңғы зерттеулерде педагогикалық құзыреттілік деп маманның өз іс-әрекетінде білімін, білігін және әрекетті орындаудың жалпылама тәсілін жұмылдыра білу қабілетін айтады. Педагогикалық-психологиялық зерттеулерде құзыреттілік тың төмендегі түрлері анықталған:
· коммуникативті құзыреттілік - әр тілде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасау технологиясын меңгеру (бұған компьютерлік бағдарламалар, интернет арқылы қарым-қатынас жасау кіреді) ;
· ақпараттық құзыреттілік - қажетті ақпаратты өздігінше іздеу, талдау, зерттеу білігі - педагогикалық іс-әрекетті нормативті - құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету, ақпараттық технологияларды меңгеру;
· жалпы мәдени құзыреттілік - ұлттық, жалпыадами мәдениет саласындағы білімнің болуы; тұлғалық аксиологиялық жүйені меңгеруі; түрлі этномәдениетке толеранттылық таныту;
· танымдық-шығармашылық құзыреттілік - оқу-танымдық іс-әрекетке мақсат қою, жоспарлау; дамыған шығармашылық қабілеттің болуы; жаңа білімді өздігінше меңгеру қабілеті;
· әлеуметтік-еңбектік құзыреттілік - өзіне жауапкершілік алу білу қабілеті; жеке мүддесінің қоғам талаптарымен сәйкес келуі; кәсіби әрекетті өздігінше орындауға дайын болу қабілеті;
· кәсіби құзыреттілік - белсенді өмірлік ұстаным; кәсіби білім мен білік; жеке кәсіби сипат; шығармашылық білік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz