Мыңбасы Қосжан батыр



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мыңбасы Қосжан батыр

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Мыңбасы Қосжан
батыр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .6-11
1.Қазақ даласын дүр сілкіңдірген ұлт- азаттық көтеріліс ... ... ... ... .
2. Тура би
Қосжан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..

3. Өмір мен өлім арпалысқан
күндерінде ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
4. Қосжан батырдың ұрпақтары
жәйлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе бөлім
Тарихта, әдебиетте жазылмаған, айтылмаған Торғай даласында болған ұлт-
азаттық көтерілісте мыңбасы болған Қосжан Маңыбайұлының батырлығын зерттеу.
Тақырыптың құндылығы мен маңыздылығын ашу.
Зерттеу нысанасы ретінде алынып отырған тақырып Торғай жерінде
ұлт-азаттық қозғалыс болғанын көрсету және ол көтерілісте туған елінің
азаттығы үшін күрескен батырдың ерлігін болашақ ұрпаққа таныстыра отырып,
туған жерінің тарихын білуге тәрбиелеу.
Жұмыстың өзектілігі көтеріліп отырған мәселенің үнемі жаңа
деректермен, құжаттармен толығып отыратындығымен, жаңа тарихи
көзқарастардың пайда болуымен де байланысты. Бұл мәселе ғылыми-тарихи
көзқарастар тұрғысында әлі де терең зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе
болып есептеледі.
Зерттеудің мақсаты: Торғай ұлт-азаттық көтеріліс тарихын көрсету,
туған елінің азаттығы үшін күрескен батырдың ерлігін болашақ ұрпаққа
таныстыру.
Зерттеудің жаңашылдығы мен тарихи құндылығы: Зерттеу жұмысы соңғы
жылдары жарияланған ғылыми мақалалар, еңбектерді пайдалана отырып
жазылғандықтан, ашылған және айналысқа түскен мұрағат құжаттарын
қолданғандықтан жаңа көзқарас тұрғысында жазылды. Өткен тарихты жаңғырту,
ақиқатты тұғырға қондыру ғылыми зерттеу жұмысына жаңашыл сипат береді оның
тарихи құндылығын арттыра түседі.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеудің нәтижесін мектеп ішіндегі
арнайы курстарда, үйірме жұмысында, дәріс оқығанда, семинар сабағында,
тақырыптық тарих кешінде қолдануға болады. Жұмысты студенттер мен мектеп
оқушыларының ғылыми-практикалық конференциясында арнайы баяндама ретінде
пайдалану да жұмыстың практикалық маңызын арттырады.
Зерттеудің негізі: Ғылыми жұмыс негізіне Торғай даласында болған ұлт-
азаттық көтерілісте мыңбасы Қосжан Маңыбайұлының көтерілістегі басшылық
рөлін анықтап, ерлік істеріне баға беру алынды. Сонымен қатар Торғай
жеріндегі көтерілістің сипаты қамтылды. Жұмыс құрылымы жағынан кіріспеден,
бір тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
тақырыпқа қатысты қосымшалардан тұрады. Тарау талапқа сай бөлімдерге
бөлінген.
Зерттеудің шешу әдісі: Ғылыми жұмыста нақты нәтижеге жету үшін қажетті
бірнеше тәсілдерді қолданамыз. Ең бастысы тарихилық тәсілі. Әрбір
деректермен, материалдардың белгілі бір тарихи оқиғаны ашатындай тарихи
мәні болуы қажет. Танымдық және салыстырмалы тәсіл негізінде деректерді,
оқиғаларды немесе әр бір аймақтар мен аудандардағы жағдайларға қатысты
деректерді қатар қойып салыстыруға мүмкіндік туады. Нақтылық, хронологиялық
дәлдік те маңызды екендігі талас тудырмайды. Оқиғаларды өзара байланыста
өрбітіп, жүйелілік принципін сақтау, зерттеп отырған тақырыптан ауытқымау
да маңызды.
1916 жылғы патшаның июнь жарлығынан кейін жер-жерде басталған
толқулар Қазақстанның көп өңірлерін қамтыды, ең ірі қозғалыстар Жетісу,
Торғай – Ырғыз өлкелерінде болды. Мыңдаған қазақ сарбаздары патша
әскерлерімен шайқасты, жүздеп оққа ұшты. Көп қазақтар елін, жерін тастап
Қытайға, Ауғанстанға қашты.
Жоңғар шапқыншылығынан кейін қазақ халқының басына түскен ірі зобалаң
осы болды.
Бұл көтерілістің басталған себептері:
Ұлт- азаттық көтерілістің өрбуіне бірнеше себептер болды. Ең
негізгісі жер мәселесі еді. Ресей патшалығы қазақтың шұрайлы жерлерін
күшпен тартып алып, мұжықтарына, казактарына таратып беретін.
Шілде айының аяғында қазақтардан 19 бен 43 жастың арасындағы
еркектері қара жұмыс армиясына алынсын деген патшаның жарлығы елге
таратылды. Бұрыннан орыс патшалығы қазақтарды армияға алмайтын. Енді патша
уәдесін бұзып, соғыс жұмысына орыстан басқа ұлттардың ер азаматтарын алу
керек деген шешімге келіп, оны тездетіп орындауға кірісті. Патша соғыс
күшінің қорына деп ел мойнына қосымша салық салып, жәрдем ақша жинады.
Осындай жағдайда 1916 жылғы қара жұмысқа адам алу жөніндегі шыққан патша
жарлығы халық наразылығын бұрқ еткізді.
Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең
табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп ұйымдасқан көтеріліс болды.
Бұл Торғай даласындағы көтерілістің ерекшілігі еді.
Мақсаты: Ресей патшалығы қазақтың шұрайлы жерлерін күшпен тартып
алып, мұжықтарына, казактарына таратып беру, патша өкіметінің Торғай
үйезінен қара жұмысқа адам алу жоспары.
Қозғаушы күші: Торғай өлкесіндегі көтеріліс июнь жарлығы елге
жетісімен халық дүрлігіп көтеріле бастады. Көтерілісті барша халық жақтады,
көп жерде бай-болыстар да көтерілісшілер жағында болды. Қазан айының аяқ
кезінде болыстарда ірі сарбаздар тобы құрылды. Әр топтың басшысы да
айқындалды. Бәрі жиылып орталарынан хан сайлады. Торғай жерінің шығысы мен
батысы Әбдіғапар Жанбосынұлы мен Оспан Шолақұлын хан сайлады. Әбдіғапар ел
арасында аты әйгілі Нияз хан ұрпағынан болатын. Көрші Ырғыз өлкесінде
сайланған хандардың ішінде іс-қимылымен аты шыққан Айжарқын Қанайұлы болды.
Көтерілістің ұйымшылдық, бұқаралық деңгейін көтеру үшін көтеріліс
басшыларын сайлады. Көтеріліске халық сенімін арттыру мақсатында ел
сеніміне кірген, қамқоршылары бола білген, өжет алғыр, ел арасында билікке
араласып, халыққа таныс болған 8 болыс арғын тайпасының белдісі Шолақұлы
Оспанды және 6 болыс қыпшақтың бетке ұстары Әбдіғапар Жанбосынұлын хан
көтерді және бас сардарлыққа Алтынсары Қасымхан Арыстанұлы мен атақты Иман
батырдың немересі бегімбет Амангелді Үдербайұлы сайланды. Көтерілістің бас
мергені болып құлан Кейкі Көкембайұлы сайланды. 50 мыңнан астам адамнан
тұратын көтерілісшілерден ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген
әскер жасақ құрылды. Әрбір қолды басқаруға онбасы, жүзбасы, мыңбасы
тағайындалды. Кейкі Қөкембайұлы бастаған арнаулы мергендер құрылды.
Көтерілісшілер штабы Торғай қаласынан 150 км жердегі Батпаққараға жақын
Үрпек ауылына орналасты.
Әскери кеңес көтерілісшілерді азық-түлікпен, атпен қамтамасыз етуді,
ұстаханаларда қолдан мылтық, қылыш, қанжар, семсер, жасауды ұйымдастырды.
22 қазанда 15 мың адамнан тұратын көтерілісшілер жасағы Торғай
жасағын қоршады. Бұған Ә. Жангелдин де қатысты. Қоршаудағыларға көмекке
генерал А. Лаврентьевтің жазалаушылар отряды қалаға қарай үш бағытта келе
жатты. Жазалаушылардың жақындап қалғаны туралы мәлімет алған көтерілісшілер
патша әскеріне қарсы қозғалды.
16 қарашада 12 мың көтерлісшіден тұратын жасақ Тоңқойма пошта
станциясы маңында подполковник Катоминнің жазалау отрядына шабуыл жасады.
Жазалаушы отряд тосыннан жасалған шабуылдан қорғанысқа көшті.
Көтерілісшілер адам шығынына ұшырамау мақсатында Батпаққара өңіріне өтіп
кетті.
Патша өкіметі Торғай көтерілісін басу үшін жаңадан 17 атқыштар
ротасын, 18 казак жүздігін, 4 атты эскадронын, 18 зеңбірек, 18 пулемет
әкеліп төкті.
Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанқта,
Күйікте шайқастар болды. Доғал-Үрпекте 1917 жылғы ақпан айының соңында
өткен шешуші айқаста көтерлісшілер жазалаушы отрядқа айтарлықтай қарсы
тұрып, оларды Торғай қаласына шегінуге мәжбүр етті.
Көтеріліс нәтижесінде патша өкіметінің Торғай үйезінен қара
жұмысқа адам алу жоспары орындалмай қалды.
Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыра алмады.
Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты.
Торғай даласында болған Торғай, Үрпек, Татыр, Ақшығанақ, Құмкешу,
Доғал, Күйік соғыстарының алатын орны ерекше. Өйткені, жазалаушы
отрядтармен болған қақтығыстарда көтерілісшілер Торғай қазақтары ерен
ерліктің үлгісін көрсете білді.

Ғылыми жоба – осы Торғай көтерілісі басшылырының бірі, мыңбасы
Қосжан Маңыбайұлы жәйлі болмақ.

Қосжан Маңыбайұлы
Еліміз тәуелсіздік алып, жаңа заман туды. Ұлттық сана - сезім оянып,
ата - баба жолына жаңаша үңіле бастадық. Салт - дәстүрлеріміз бен әдет-
ғұрыптарымызға тәуелсіздік биігінен қайта қарауды үйрендік.
Тәуелсіздігіміз – ғасырларға созылған ата-баба күресінің заңды
жалғасы.
Қасірет шеккен халықпен бірге қалың бұқараны жауға қарсы бастаған
батырлар тәуелсіздік үшін қан төгіп, жанын пида етті.
Қасиетті Торғай топырағында туып өсіп халқының азаттығы үшін
күрескен ата-бабаларымыз еліміздің, ұлтымыздың мақтанышы
1. Қазақ даласын дүр сілкіңдірген ұлт- азаттық көтерілісі
Оның қай-қайсында да ашынған халық—өзіндік басқару жүйесі, әскери
тәртібі мен соғыс және қорғаныс жүргізу тактикасы бар қарулы күш құрамында
іс –қимыл жасады. Торғай жерінде хан сайланған Кенесары Қасымов 20 мың
жігіттен тұратын армия құрды. Ал, оның ұйытқысы батырлар бастаған
жасақтар мен төлеңгіттер болды.
Белгілі тарихшы, профессор Ермұхан Бекмаханов:
Кенесары әскері жүздікке және мыңдыққа бөлінді. Көтеріліске қатысқан
қазақтардың бірі - Әбілғазы патша түрмесінде отырып, Кенесарыға хат жазған
екен, онда ол кейбір жолдастарын қызметтегі атағымен жүзбасы мыңбасы -
деп атаған. Солармен қатарласқан мергендерден құрылған ерекше отряд бастығы
мерген басы қызметі болды. Бұл отрядқа өз қаруын меңгерген құралайды
көзге атқан мерген жігітте кірді. Айта кететін нәрсе, әскердің осындай
басқару тәртібі Орта азиялық мемлекеттерде ІІІыңғыс хан заманынан бе,
қалмай келген. Мұндай жүйенің өміршендігі далалық жерлердегі соғыстың
сипатына және әскери қимылдарды жүргіз ерекшеліктеріне байланысты болуы
мүмкін — дейді.
Расында да қазақ даласы қаншалықті кең байтак болғанымен, онда қалың
қолмен жүріп, шайқасқаннан гөрі, шағын-шағын топтармен шабуыл жасау,
қажет болған кезде майдан шебінен сытылып шығып, жасырына қалу—анағұрлым
тиімді еді. Және қарулы жасақтың әуелі мыңдықа, сонан соң жүздікке бөлінуі
әскери тәртіпті нығайтуға, оған басшылық жасауға өте қолайлы болатын. Әрбір
мыңбасынын қарамағында бір мың сарбаз болса, ол жүз-жүзден онға бөлініп,
оны он жүзбасы басқарды. Ұрыс кезіңде сарбаздар жапатармағай қимыл жасамай,
белгілі бір адамның басшылығымен атысып-шабысты. Мұндай жағдайда кімнің
қалай шайқасқанын, кімнің бұғып, бас сауғалағаны әскер басыларының көз
алдында болды. Мінеки, сондықтан да Әбдіғапар хан Торғай көтерілісшілерінен
әскер жасақтағанында Шынғыс хан заманынан бері Орта Азия мемлекеттерінде
қалмай келе жатқан әскери басқару жүйесін қалады. Академик Манаш Қозыбаев
1994 жылы Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған Әмір Әбдіғапар деген
тарихи мақаласында: Хан кеңесі әскери жасақ мәселесіне ден қойды. Шыңғыс
хан дәуірінен келе жатқан территориялық жасақ құру принципімен әскери
құрамалар-ондыққа, жүздікке, мыңдыққа бөлінді. Он басы, жүз басы, мың
басылары сайланды. Олардың ішінде Өмен Мұсабайұлы, Қосжан Маныбайұлы,
Шортанбай Ақасұлы, Әлжан Қарабайұлы, Кейкі Көкембайұлы сияқты ер жүрек,
батыл да өжет жандар барды - дейді. Ал, көтеріліс Ақмолда Нұрқамысов өз
естелігінде: Аманкелді сарбаздарын мың, жүз он адамға бөлді де, оларды
мыңбасы, жүзбасы арқылы басқарды. Әдеттегідей, отряд бастықтары болып
батыр, беделді, өз ісіне берілген адамдар сайланды. – деп жазады. Иә,
Әбдіғапар хан басқарған ұлт-азаттық көтерілісінде жиналған халық стихиялы
түрде бет-бетімен әрекет жасаған жоқ. Оның төменнен жоғарыға қарай бірнеше
басқару буындары болды. Сол әскери тәртіптің үлкен бір тармағын басқарған
адам- мыңбасы, Хан кеңесінің мүшесі деп аталды.
1916-1917 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісіне торғай уезінің он
үш болысының адамдар келіп қатысса, олардың әрқайсысын сол елдің белгілі
бір адамдары бастап келді. Көтеріліс көсемі оларды осы беделі мен атақ-
абыройын ортақ дүлдеге шебер пайдаланды. Қай болыстың сарбазы әу басты кім
бастап алып келсе, оны солардан құрылған жасаққа мың-басы етіп тағайындады.
Сөйтіп, Әбдіғапар ханның әскерінде он үш мыңбасы болды. Осы он үш
мыңбасының қай-қайсысы да, оқ пен от қарша борап тұрған қандай шабуылға,
қауіп-қатерге толы қандай жорыққа шықса да, өз жасағын сонынан еріте білді.
Мыңбасылардың айтқан бұйрығы бұлжытпай орындалып қарулы жасақ өз
қолбасышысына сенді, ал қолбасшы өз сарбаздарына арқа сүйеді. Әсіресе,
солардың ішінде мыңбасы: Өмен Мұсабайұлы мен Қосжан Маңыбайұлының қалың
көтерілісшілер арасындағы атақ-абыройы тым жоғары болды.
Қосжан Маңыбайұлының да шыққан тегі көне қыпшақ тайпасы. Қыпшақ
негізінен ұлтым, Торы, Ұзын, Көлденең, Қарабалық болып, бес таңбалы атанса,
ол Ұзын қыпшақтың алтысынан туған алты баласының үшіншісі-Бөкейден тарайды.
Бөкей – Қосжан батырдың тоғызыншы атасы. Яғни, Бөкейден –Көдел, Қаз,
Кенжебай дейтін бабаларымыз өмірге келсе, Кенжебайдан-Абдол, одан-Бекбауыл,
одан-Берді туады. Мұнан әрі Берді қаздың шежіресі-Қосжан батырға дейін бір-
бірімен былайша жалғасады: Берді-Ақмырза-Қарынбай-Жиенбай-Маңы бай-Қосжан.

2. Тура би Қосжан
Қосжан Маңыбайұлы 1878 жылы Торғай уезінің Қараторғай болысында
дүниеге келді. Қосжанның әкесі – Маңыбай кезінде дәулетті адам ғана емес,
исламның бес парызын бұлжытпай орындап, Мекке – Мәдинаға барып, қажы
атанып қайтқан, өте діндар кісі. Бекбауыл, Қарынбай, Жиенбай тәрізді
Маңыбайдан да бес бала тарайды. Олар: Ысқақ, Дос, Ес, Қосжан, Рахмет.
Торғай өзенінің оңтүстік жағасында Құлақсай мен Мұқан түбегінің арасында
Маңыбай қажы салдырған көп бөлмелі қызыл үй өз замаңында берді қаз
ұрпағының ата қоңыстары ғана емес, Батпаққара өңіріндегі сәулетті
құрылыстардың да бірі саналады. Тек әттен, бұл құрылыс бертінге дейін тәп-
тәуір сақталып келгенімен, ол көненің көзі, тарихи оқиғалардың куәгері,
батыр бабамыздың кіндік қаны тамған қасиетті орын ретінде күтімге
алынбағандықтан қирап, құлап қалды.
Қараторғай болысының орталығы Батпаққарамен іргелес болғандықтан, әрі
бұл өңірді Нияз бидің ұрпақтары мекендегендіктен, мұнда мұсылманша сауат
ашатын мектеп те, жердегі имандылық үйі –мешіт те ашылғанды. Әрі дәулетті,
әрі көкірегінде көзі бар зиялы адам-Маңыбайдың баласы – Қосжан ауыл
молдасынан сауатын ашып, хат танысымен – ақ, атқа мінгіп, ел ісіне араласа
бастады. Оның қара қылды қақ жаратын әділдігі, қандай қиын сауалға да
парасатты жауап қайтара білетін ақылдығы еліне тым ерте тарады. Содан, 1911
жылы Қараторғай болысының халқы оны өздеріне би етіп сайлады.
Қазақ даласында билердің ел бірлігін, ағайын татулығын сақтауда
қаншалықты еңбек сіңіргені тарихтан белгілі. Алайда, XIX ғасырдың 40
жылдарында Орынбор шекара Комиссиясының тапсырмасы бойынша қазақтардың
жекелеген әлеуметтік топтары –сұлтандар мен билердің және тархандардың
жағдайы зерттеліп, оған біртіндеп өзгерістер енгізілді. Жаңа ереже бойынша
сот ісін жүргізудің бұрынғы жүйесі қатаң өзгеріске ұшырап, сатқындық, кісі
өлтіру, қарақшылық, барымта, орыстарды тұтқынға алу, үкіметке қарсы бас
көтеру ісі патшаның әскери сотына қарады. Бұл туралы қазақ халқының ғұлама
ғалымы Ахмет Байтұрсынов өзінің Қазақ халқын билеу туралы 1868-ші жылы
шыққан уақытша положение деген мақаласында былай деп жазды.
1822-ші жыл уставы шықпастан бұрын қазақ билігі соты өзінде еді,
қазақ өз тентегін өзі тыюшы еді. Ол кезде сайланған би жоқ, қазақтың
қадірлі, халық қалаған билері билік айтушы еді.
... Қазақтың бұрынғы тұрмыс – рәсімі өзгере бастаған соң, халық ру-
руға бөлініп, көбейе бастап, бытыраңқы тәртіп әр ел шаруасының ыңғайымен әр
жерді мекен етіп, бұрынғы жұрт тегіс сыйлайтын тура билер азая бастады.
Міне, сонан бері би сайлаумен қойылатын заң басталады. Ал, енді осы қазақ
билері қанша жылға сайланатын еді. Оған Ахмет Байтұрсынов өзінің 1891-ші
жылы 25-ші мартта шыққан Степной положение, яғни, осы күнгі положение.
Сайлау һәм партия пәлесі - деген мақаласында былай деп жауап қайтарады:
Сөйтіп, қазақ билері 3 жылға сайланатын болды. Оларды бекітуші губернатор
болды. Билікке сайлануға басы сотпен кірленбеген, следствияда тұрмаған 25-
ке жасы толған адам жарайтын болды.Сот дәреже дәрежеге бөлінді. Бірінші
дәрежелі сот 300 сомдық 15 жылқы, 150 қойлық істерден артық қарай алмайтын
болды.
Осы Далалық ереже талаптары бойынша ой түйіндесек, Қосжан
Маңыбайұлы үстінен арыз шағым түспеген, ешқандай қылмыс жасамаған-адал
адам. Ол 1911 жылдан 1914 жылға дейін Қараторғай болысының биі болғанында
ағайын арасындағы араздық, жер дауы, жесір дауы, әлімжеттік, кісі ақысын
жеу тәрізді толып жатқан айтыс-тартысты шешуге қатысты. Қосжан би елдің
ерлігін сақтайтын қандай мәселеде де өзінің бірге туған бауырларына да
бүйрегі бұрмай әділ шешім шығарғандықтан,ел арасында Тура би атанып үлкен
сый құрметке бөленді. Содан 1911 жылы Қосжан бидің әйелі босанып, ұл
туғанында ағайын туыстары әкесінің ақ адал жолын,беделін берсін,әкесіндей
би болсын деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торғай көтерілісі
Кейкі батыр
“Адамзаттың ардақты да, қадірлі дүниесі оның анасы”
Файзолла ақын және алаш қайраткерлері
Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының әулиелері
Жылқы және әскери іс
Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар
Патша үкіметі
Есіркеп сұлтан
АЗАТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ТОРҒАЙ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Пәндер