Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
Акамедик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Дене мәдениеті және спорт факультеті.
Дене мәдениеті ілімі мен әдістемесі және спорттық дайындық кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Тексерген оқытушы: Сабанбаев. Н
Абугалиев. Б
Орындаған студент: Иманхан Е
Топ: ДМжС - 31

Қарағанды,2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Дене тәрбиесін оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар ... ... ... ... ... 6
1.1 Мектептегі сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...,.6
1.2 Мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2 Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1 Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Сыныптан тыс спорттық секциялардың жұмыс жоспары ... ... ... ... ... ... ...2 2
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Жеткілікті құрал болмай тұрған жағдайда дене шынықтырумен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салтымен дұрыс тамақтануымызды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс- шаралар жүргізілуі қажет,-деп атап көрсетілген.
Расында да қоғамдық сана мен мораль, есірткіге, ішімдікке барынша қарсы болуға тиіс. Кешегі кеңес заманында ішімдік пен қанша күрескені мен біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімізге, тереңдеп еніп алған болатын. Бүгінгі таңда да көпшілік нарықтық жағдайдың қиыншылығына кезігіп, күйзеліске түскен шақта да ішікілік мәселесі тиылар емес.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз "тәні саудың - жаны сау" - деп бекер айтпаған.
Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Қазақстан -2050 мемлекеттік бағдарламасында дене тәрбиесі туралы: Салауатты өмір салтын ынталандыру әр қайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған.
Жеткілікті құрал болмай тұрған жағдайда күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салтымен дұрыс тамақтануымызды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс- шаралар жүргізілуі қажет,-деп атап көрсетілген. Бұл турасында Президент жолдауында: Көптеген елдер бұл кеселге тиым салғанымен, табысқа жете алмады. Осыған қарамастан кейбір елдер ұтымды ақпараттық және түсіну саясатын жүргізу, мәдениет пен білім арқылы едәуір табыстарға қол жеткізді.
Балалар дене тәрбиесiнiң түрлерi сан салалы. Мектептегi сабақ кестесiне енгiзiлетiн дене тәрбиесiнiң мiндеттi сабақтарынан бастап, сыныптан және мектептен тыс секциялық сабақтар, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiндегi жаттығу сабақтары, дене шынықтыру үзiлiстерi, үзiлiс кезiндегi қимылды ойындар, таңертеңгi гимнастика, өздерiнiң арнайы машықтануы - осының бәрi осы жасөспiрiмдердiң денсаулықтарын жетiлдiрiп қана қоймай, оларды адамгершiлiк рухқа, көпшiл болуға тәрбиелейдi.
Мектептегі оқу тәрбие жұмыс тарының басты міндеті - жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру.
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, дене тәрбиесі - барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы - қозғалыс, қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Атам қазақ бірінші байлық - денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі - спорт. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болмақ. Бұл өз кезегінде жақсы оқуға жемісті еңбек етуге деген ынта - жігерді арттырады.
Өскелең ұрпақ пен жалпы халықтың дене шынықтыру даярлық деңгейі еліміздегі дене тәрбиесі жүйесінің тиімді көрсеткіші болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстарда жоғары сынып оқушыларына тәрбие берудің жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу нысаны: Мектепте сыныптан тыс жұмыстарда жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеу пәні: Дене мәдениеті және спорттағы ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері
Зерттеу міндеттері:
oo Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми теориялық мәнін негіздеу.
oo Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау;
oo Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің әдіс тәсілдерін анықтау және оны эксперимент - тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеудің әдістері: Жұмыста жоғары сынып оқушыларының президенттік сынамаларды тапсыруды теориялық тұрғыдан зерделеу барысында педагогика ғылымдары және салыстырмалы-методикалық тұрғысынан талдау, ғылыми жүйелеу, сипаттамалық және аналитикалық әдістер кеңінен қолданылды. Олардың қатарына жүйелік-талдамалық және мәденитану тәсілдері, салыстырмалы анализ жатады. Ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық тәжірибелер, тест,бақылау, баспасөз материалдары.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Зерттеудің теориялық негізіне дене тәрбиесі және спорт, педагогика ғылымдарын зерттеушілердің еңбектері мен мақалалары пайдаланылды. Сонымен бірге дене тәрбиесінің теориялық-методологиялық мәселелерін зерттеуші шетелдік және отандық жетекші ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып отырған тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ой-пікірлері басшылыққа алынды.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу жұмысының нәтижесін дене тәрбиесі сабағында жоғарғы сынып оқушыларының жалпы физикалық жағдайын бағалауда қажет. Жұмыста келтірілген жаңа деректерді дене тәрбиесі мұғалімдері өз ізденістерінде кәдеге жарата алады.
Зерттеу жұмысының материалдарын орта және жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі және спорт пәнін оқып үйрену барысында пайдалануға болады.
oo Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жоғарғы сынып оқушыларының президенттік сынамаларды тапсыруын әдістемелік тұрғыдан жан-жақты талдап көрсету. Курстық жұмыстың жаңалығы төмендегідей болды:
oo Жоғарғы сынып оқушыларының физиологиялық дамуында президенттік сынамалардың алатын орны анықталды.
oo Президенттік сынамалар жоғарғы сыныптағы баланың дамуына үлкен роль атқаратындығы белгілі болды.
oo Дене тәрбиесі оқытушыларына әдістемелік материал ретінде ұсынуға болады.
oo Зерттеу барысында жоғары сынып оқушыларының президенттік сынамаларды тапсыруға дайындығы анықталды;
oo Жоғары сынып оқушыларын президенттік сынаманы тапсыруға қалай дайындау барысы жөнінен талдау жасалды;
oo Дене тәрбиесінің тарихи маңыздылыңымен ережелері қарастырылып талданды;
Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Дене тәрбиесін оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар

1.1 Мектептегі сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру

Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны мен формасы таңдауға ықпал етеді.
Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым қатынаста, моралдық бейнесінде бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.
oo Біріншіден, сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді ( сезімі арқылы ақыл ойына әсер етуді көздейді);
oo Екіншіден, баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіруді) көздейді;
oo Үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру;
oo Төртіншіден, коммуникативтік біліктілігі мен дағдысын тәрбиелеу (ұжымда өмір сүре білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару т.с.с.);-
oo Бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлттық тәрбие беруде мынадай принциптер басшылыққа алынады.
- балалардың қызығушылығына қарай ерікті бірлесуі негізінде айналысудың жаппайлығы және көпшілікке қажеттілігі, олардың ынтасы мен әрекеттілігінің дамуы;
- әрекеттің қоғамдық пайдалы бағыттылығы: мектептен тыс жұмыстардың әр түрлі формасы; балалардың жас және дара ерекшеліктерінің есебі. Бұл принциптер сыныптан тыс жұмыстар қызметінде іске асыра отырып, сыныптан тыс жұмыстардың мынадай ерекше белгілерін сипаттайды: сыныптан тыс жұмыстарға балалардың жаппай және ерікті қатысуы; әрекеттің белгілі түріне қызығушылығы мен бағыттылығына қарай оқушылардың дифференциялануы; практикалық міндеттер мен әрекеттің жақын нәтижесін қою; қатынас пен қатысу саласының әр түрлілігі; уақытша сыныптан тыс ұжымның құрылымы, өзін -өзі тану, өзін -өзі іске асыру және өзін -өзі жетілдіру негізінде ересектер мен балалардың субъективті -объективті қарым -қатынасы, біздің қоғамымыздың әр түрлі мамандығы мен саласының өкілдерін, педагог мамандарын байланыстыратын ерекше педагогикалық ұжым, сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік бағыттылығы, дара және ұжымдық шығармашылықтың бірлігі.
Сыныптан тыс жұмыстарда педагогтар белгілі бір әлеуметтік мәдениетте балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту ісін жасаса, әрі тәрбиеші ролінде өздерінің дүниетанымы, өз тәжірибесі және іскерлігі арқылы жасөспірімдерді әлеуметтік шығармашылық істерге араластырады, белгілі әлеуметтік жағдайда өмір сүруге және еңбек етуге үйретеді, қоғамдық тәрбие мақсатын тұлғаның өзін өзі дамыту мақсаттарымен тығыз байланыстырады. Осылайша, тұлғаны тәрбиелеудегі мақсат бір жағынан өзін дамыту жолында алдына қоғамды қоятын, екінші жағынан, қоғам өзінің әрбір мүшесінен күтетін міндет пен мақсаттан келіседі.
Мұндай жағдайда, өз қоғамының мәдени құндылықтарымен қаныққан және оның идеяларын қабылдаған азаматты тәрбиелеу нәтижесінде жеке тұлға мен қоғам арасындағы үйлесімділікті туғызады.
Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі дене тәрбиесі сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі - сыныптан тыс өткізілетін спорт-көпшілік, спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті, сондықтан да қазіргі кезде осы көпшілік спорт жұмыстары түрлерін ары қарай жетілдіру мектеп дене тәрбиесі ұжымының алдындағы ең негізгі бір міндет болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар). Дене тәрбиесі мұғалімдері арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында оқыған кездерінде жаттыққан, теориясы мен әдістемесін оқыған, разрядтары бар спорт түрлерінен, мектепке жұмысқа орналасқан кездерінен бастап секция жұмыстарын ұйымдастырады, жаттығулар жүргізеді.
2. Мектептегі жаттығулар ұйымдастырылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар.Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар және т.б. жарыстар.
3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. Президенттік сынама жұмысына жеке жоспар құрылып, комиссия құрамы бекітілуі керек.
4. Жазғы және қысқы президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыстан спорт түрінің жарыстарына дайындық жасап және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек. Жас ерекшелік топтарына байланыстымектепішілік жарыстарды ұтқан оқушылар ары қарай аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға қатысады, спорттық разрядтар нормаларын орындайды.
5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары.
6.Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әр түрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру және т.б. жорық дағдыларын меңгереді.
7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтарын нығайту, дене дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар
8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі жұмыстарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуте тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуте ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар "бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін" деген қағиданың маңызын жете түсінеді т.с.с. Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбис жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын тандауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуте мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қосымша, оған шығармашылық белсенділікті талап етеді.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайды болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді - білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.
Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рол атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыратын ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т.б. үйретеді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.
Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау кажет. Мысалы мұғалім "қонаққа барған жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау" қажеттігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік Ол үшін оның мақсатына баланың "мінез-құлық ережесі" туралы білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін аткарады. Яғни балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез-құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормалары сақтауға үйрету; "мінез-кұлық нормалары" деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп қалатын "мінез-құлық нормаларына" қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндетердің түрі белгілейді.

1.2 Мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бір-бірімен тығыз байланысқан екі бағытта: көпшілік спортты дамыту және спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. Осы екі бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі.
Спорт түрлерінен спорт секцияларын ұйымдастыру жұмыстары.
- спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды шақыру, іріктеу, секцияда жаттығушылар құрамын, жаттықтыру кестесін бекіту;
- спорт секцияларында спорт түрлерінен спортшыларды даярлау жоспарын жасау;
- секцияларда, командаларда, топтарда жиналыстар өткізу, жалпы жоспармен, жаттығу кестесімен таныстыру, староста, команда капитанын сайлау.
Спорттық жарыстарға дайындалу, өткізу.
- сыныптарда, сыныптардың құрама командаларын спорт түрлерінен өтетін жарыстарға дайындау,
- спорттық жарыстарға алдын ала дайындалу: мәлімдеме - өтініш құрастыру, бекіту, тарту, спорт төрешілерін тағайындау, сұраныстар дайындау;
- спорттық жарыс алдындағы дайындық: спорт залды дайындау, әнұран, ту, дыбыс-жабдықтарын, жеңімпаздар шығатын баспалдақ, марапаттау қағаздарын т.б. дайындау;
- мектеп басшыларын, қонақтарды қатыстырып, жарысты жоғары деңгейде өткізу;
- аудандық, қалалық жарыстарға, мектеп құрама командасының мүшелерін іріктеу, дайындау, қатысу.
Президенттік сынама сынақтарына дайындық және тапсыру:
- оқу сыныптарын Президенттік сынама нормаларымен таныстыру, дайындау;
- Президенттік сынама жарыстарына дайындау, дәрігерлік қамтамасыз ету, өткізу;
- жарыс құжаттарын толықтыру, есеп беру.
Ұйымдастыру және есепке алу жұмыстары:
Спорт түрлерінен жаттықтыру құжаттарын толтыру;
- спортшылар орындаған разряд пен атақтарының құжаттарын толтыру, жоғары тұрған мекемелерге ұсыну, бұйрық шығару;
- оқу-жаттықтыру жұмыстарының барлық бақылау және есепке алу құжаттарын, жұмыстарын жүргізу;
- жоғарғы көрсеткіштер мен разрядтар, Президенттік сынама тапсырушылар кітабын жүргізу.
Мұғалімдер арасында денсаулық топтарын ұйымдастыру:
- спорт ойындарымен айналысатын топтар: волейбол, баскетбол, футбол т.с.с. Спорт ойындарымен айналысатын топтардағы жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе мұғалімдер арасынан разряды бар адамдар жүргізеді;
- жүгіруді жақсы көрушілер тобы. Бұл топ жаттықтыру уақытында мектеп спорт залында жиналып, мектеп стадионында немесе мектеп маңындағы орман, тау, жазық жерлердің соқпақтарымен жүгіреді. Жүгіру әдістемесін, жүктеме мөлшерін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері белгілеп береді;
- жалпы дене қуатын дамыту топтары. Бұл топ дене қыздыру жаттығуларынан кейін мектеп спортзалдарындағы стандартты емес снарядтарда, штанга, гир, батпандармен жаттығады. Дене жаттығулары кешенін мектептің дене тәрбиесі мұғалімі құрастырады;
- әйелдердің жаттығуына арналған: аэробика, шейпинг, у-шу, әр түрлі гимнастикалық топтар. Жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе осы спорт түрлерінде тәжірибесі бар басқа пәннің мұғалімдері жүргізеді;
- мұғалімдер арасындағы аудан, қала, облыстық жарыстарға команда дайындау, қатысу.
Көп адам қатысатын көпшілік спортты насихаттау түрлері:
* туристік жорықтарға дайындалу, бару;
* спорт мерекелерін өткізу;
* көп адамдар қатысатын кростық жарыстарды, шаңғы жарыстарын өткізу.
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Дені саудың - тәні сау деп көне Рим ойшылы Юневал айтпақшы, әр адам өз денсаулығының кепілі. Сондықтан өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының қағидаларын құлаққа сіңіре берсе, оларды сол жолға тәрбиелейтін іс-әрекеттерді басты назарда ұстаса, берер нәтижесі де оңды болары анық.
Өйткені қай қоғамға болсын дені сау, жігерлі де ширақ, білімді де салауатты ұрпақ, жан-жақты шыныққан азамат қажет. Ал дені сау, ширақ та шыныққан ұрпақ тәрбиелеудің бір ұшығы әрбір мектептегі дене тәрбиесі пәні мұғалімінің қолында екені сөзсіз. Ұрпақ денінің саулығы - ұлан асыр байлық, тек оны сақтау үшін жүйелі де жоспарлы жұмыс жүргізе білу қажет. Себебі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымдарының деректеріне сүйенер болсақ, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 пайызы адамның өмір тіршілігіне, 20 пайызы тұқым қуалаушылыққа, 20 пайызы сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 пайызы дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты екен. Бұдан шығатын қорытынды, адам денсаулығын сақтаудың негізгі бағыты салауатты өмір салтын ұстауда, соның ішінде дене шынықтырумен жүйелі айналысуда жатқандығын анық байқауға болатындығы.Сол себепті мектептегі оқушының денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты тұлғаның психологиялық және дене қимыл әрекетінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға дағдыландыру болып табылады.
Ал спортпен шұғылдануды тек сабақ процесінде ғана жүзеге асырып қана қоймай, сыныптан тыс мезгілде де іске асыру дене тәрбиесі пәні мұғалімінің міндеті деп білемін.
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты - баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу болып табылады. Дене шынықтыру пәні бойынша сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруды төмендегі бағыттар бойынша жүргізуге болады:
1. Спорттық секциялар.
2. Аула клубтары жұмыстары.
3. Туризм.
4. Көпшілік мәдени шаралар
5. Тәрбие сағаттары
6. Отбасылық жағдайында
7. Тренингтер
8. Жазғы сауықтыру лагерлері.
Бұл бағыттардың барлығы да оқушының спортқа деген қызығушылығын оятатын шаралар ғана емес, олардың сана-сезіміне әсер етумен қатар, денсаулығына ықпалы зор дүниелер болуға тиіс.
Сондықтан дене тәрбиесі пәні мұғалімі осы ұстанымды өзіне басты мақсат етіп алуы тиіс деп есептеймін.
Ал осы жоғарыда айтылған бағыттардың қамтитын шараларына тоқталар болсам, оларды былайша саралап көрсетуге болады:
СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАР: Волейбол, баскетбол, футбол, дойбы,шахмат, тоғызқұмалақ т.б.
Аула клубтары жұмысы: Спартакиадалар, турнирлер, спорттық түрлі сайыстар т.б.
Туризм: түрлі саяхаттар,
Көпшілік мәдени шаралар: Ұлттық ойындар сайысы, отбасылық спорттық сайыстар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары
Тәрбие сағаттары: Мәдени іс-шаралар, кездесулер.
Отбасылық жағдайында: Үй жағдайындағы жаттығулар,
Тренингтер: Спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір қалыптастыруға бағыттау, денсаулыққа зиянды әрекеттерден аулақтату, дене тәрбиесіне қатысты білімдерін жетілдіру бағытындағы шаралар.
Жазғы сауықтыру лагерлері: Балалардың денсаулықтарына қарай түрлі жаттығулар, спорттық ойындар, сайыстар.
Міне осындай шаралар мектептегі дене тәрбиесі сабағындағы сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ал дене тәрбиесі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу арнайы жоспар, бағдарлама бойынша іске асырылуы тиіс, яғни бұл шара мектеп директоры бекіткен, заңды құжаттар болуы қажет.Сондай-ақ оқушының жас ерекшелігі, денсаулығына қарай мүмкіндігі ескерілу міндетті болып табылады.
Мектептегі дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу, дене тәрбиесі ұжым кеңсесінің жоспарына және мектептің дене тәрбиесі жөніндегі жылдық және жоспарларының орындалуына бақылау жүргізуді жеңілдетеді. Ол арнайы есеп жүргізу құжатында жұмыс істелінген саны мен сапасын көрсету арқылы жүзеге асырылады. Есеп жүргізу жауапкершілігін дене тәрбиесі мұғалімі өз мойнына алады.
Әрбір мектепте бұқаралық дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарын тіркеп отыратын "сыныптан тыс жұмыстар есебінің журналы" жүргізілуі қажет.Сыныптан тыс жұмыстардың барлығы негізінен дене тәрбиесі кеңесінің мүшелері, белсенділері тіркеп отырды.
Дене тәрбиесі мұғалімінің міндеті - белсенділерге есеп жүргізуді үйрету және оның жүргізілуін бақылап отыру. Дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылы аяғыда директордың қатысуымен өтетін педагогикалық кеңесте немесе мәжілісте сыныптан тыс өткен жұмыстар туралы есеп беріп отырады. Оқу жылы соңында дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылы ішінде атқарған жұмыстары жөнінде және он талдап, жетістіктер мен кемшіліктерді көрсетіп келесі оқу жылында істі жақсарту ұсынысын айтып, жоба есеп береді. Дене тәрбиесінің сыныптан тыс жұмыстарын жоспарлау мына құжаттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Дене тәрбиесінің сыныптан тыс жұмыс жоспарында ;
2. Бұқаралық спорт жұмыстарының күнтізбелік жоспарында;
3. Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жұмыс жоспарында;
4. Секция жұмысының оқу жоспарында;
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстың есебін жүргізу құжаттары:
1. Сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу журналы.
2. Үйірме және секция жұмыстарын жоспарлау және есеп журналы
3. Дене тәрбиесі жетекшісінің күнделігі.
4. Дене тәрбиесі ұжымы жұмысының есебін жүргізу журналы.
Ал енді осы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда басты басшылыққа алатын кейбір мәселелерге тоқталар болсам, адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі баланың жастық шағында, әсіресе мектеп жасында (6-14 жаста) жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Сыныптан тыс ұйымдастырылар шаралардың қай-қайсысы да балалардың қалыптасып жетілуіне, санасына, жан-жақты дамуына ықпал ете алатындай болуы шарт.
Мысалы, серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай, тамаша адамдардың әңгімелерін ести алатындай, денсаулығына пайдалы болатындай жерде белгіленген жөн.
Ал сыныптан тыс денені шынықтырудың жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жаттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Сондай-ақ, Тән қуаты болса,
жан қуаты да ажарлы болады - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай,ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі - табиғат факторлары. Күннің көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады.Сыныптан тыс шаралар кезінде осы мәселерге де баса назар аударып, жоспарлы түрде сауатты жұмыс жүргізіп отыру қажет.
Қорыта келе айтпағым,дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру - сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Адамның салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Табиғат өскелең ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі байқалады. Үйде, бала бақша мен мектептерде балалардың қозғалыс мұқтаждығы өте төмен.Бала денсаулығын сақтаудың алғы шарттарының бірі - қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ қандай қажет болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша. Сондықтан оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептеу керек. Табиғаттың өзі адамның қолына физиологиялық теңдесі жоқ денсаулық тәсілін беріп отыр, ол- қимыл-қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, жігеріне, әркімнің өз басының тікелей жауапкершілігіне байланысты. Ал қимыл-қозғалыстың аздығы (гипокенезия) - денсаулықты бұзатын себептердің бірі.
Сол себепті де балалар мен жасөспірімдердің ағзаларының (жүрек, кан тамыр, тыныс жүйелерінің және т.б.) функционалдық мүмкіншіліктерін арттыратын, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратына дамыту әсерін беретін және гиподинамиялық өтімділікті алдын алу үшін дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жеткілікті шұғылдану қажет болып саналады.
Мектепте де оқушылардың дене тәрбиесі сабағынан білімін жетілдіру керек, өйткені дене жүктемелерін дұрыс қолдану, оны ары қарай жетілдіру жолдарымен оқушы жастар таныс емес. Дене жүктемелерінің адам ағзасына пайдасы мен қаншалықты әсер ететінін осы дене тәрбиесі білімі арқылы көпшілікке жеткізу дене тәрбиесі мен спорт мамандарының міндеті болып табылады. Бұл тек күнделікті сабақ үстінде ғана емес, сыныптан тыс шараларды да жүйелі жүргізу арқылы да іске асуы тиіс.

2 Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар

2.1 Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері

Секцияны ұйымдастыру жолдары.Мектеп ұжымында секциялар ұйымдастыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Дайындық жұмыстарының мазмұнына енетін мәселелер: секцияны ұйымдастыру туралы мәселені ұжым кеңесінде қарау; дайындық жұмыстарын жүргізу үшін уақытша бюро немесе жауапты оқушыларды, кеңес мүшелерін және мектеп белсенділерінің өкілдерін белгілеп, бөлу; жаттығатын орынмен гимнастикалық залмен, алаңдармен, шаңғы базасымен, жүзу станцияларымен және т. б. қамтамасыз ету; бірінші кезекте белсенділердің күшімен осы базаларды жөндеуден өткізу, егер қажет болса қайта жабдықтау; қажетті спорт жабдықтары (доптар, коньки, шаңғы және т. б.) мен киімдерін алу; оқушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу (мұғалімнің әңгімесі, сыныптардағы ауызша хабарлау және хабарландырулар ілу, мектептің қабырға газетін пайдалану, спорттың сол түрі бойынша спорт шеберлерімен кездесу, спорттық кинофильмдерді көрсету); мектеп сыныптарында секция мүшелерін бейнетаспаға жазу; мұғалімнің нұсқауымен жаттығудың өткізу кестесін жасау; секцияны ұйымдастыру жиналысын өткізу және секция төрағасын сайлау; секцияға жазылғандарды дәрігерлік бақылаудан өткізуді ұйымдастыру, секция жұмыстарының қажетті құжаттарын дайындау (қатысушылар тізімі, сабақ журналы).
Секция мүшелері топтар мен командаларға бөлінеді. Топтарда жетекшілер, ал командаларда капитандар сайланады. Бұлар өздерінің топтары мен командаларындағы тәртіп, ұйымдастыру жұмыстарына, тәртіп пен реттілікке жауап береді. Топ жетекшілігі мен капитандық орындарға неғұрлым беделді және тәртіпті оқушыларды ұсыну керек.
Дене тәрбиесі мұғалімінің сыныптан тыс жұмыстардағы рөлі өте зор. Жұмыстың табысты болуы оның кәсіби біліктілігіне, жұмысқа берілгендігіне тікелей тәуелді. Өз пәнін теориялық және практикалық жағынан жақсы білу мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар
Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік
Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Дене шынықтыру жөнінен мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Орындалған жаттығуларды талдау әдіс
Пәндер