Мәліметтер қорының классификациясы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе - 5 -
1-БӨЛІМ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ - 7 -
1. 1. Мәлімпеттер қоры туралы түсінік - 7 -
1. 2. Мәліметтер қорының классификациясы - 9 -
1. 3. МҚ Архитектурасы - 11 -
1. 5. Мәлiметтер қорының басқару жүйесi - 13 -
2-БӨЛІМ. ИНСТРУМЕНТАЛЬДЫ ҚҰРАЛ - 17 -
2. 1. Delphi-де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері - 17 -
2. 2. Delphi-де МҚ байланысты ұйымдастыру - 21 -
2. 3. TQuery компонентімен жұмыс - 26 -
2. 4. TDBGrid компонентін қолдану - 33 -
2. 5. SQL тілі туралы түсінік - 41 -
3-ТАРАУ. «еңбек биржасы» МҚ-н СИПАТТАУ - 48 -
3. 1. Бағдарламаның негізгі сипаты - 48 -
3. 2. Адамдарды іздеу - 50 -
3. 3. Мәліметтерді қосу, өзгерту және өшіру - 52 -
3. 4. Жұмысқа орналастыру - 55 -
3. 5. Жұмысқа орналасқандар кестесі - 55 -
3. 6. Сұрау бойынша есеп - 56 -
ҚОРЫТЫНДЫ - 58 -
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР - 59 -
ҚОСЫМША - 60 -
Кіріспе
Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам дамып келеді. Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда, қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен түрлендіру процесстері.
Ақпаратты басқару компюьтерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады.
Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында ақпаратты-іздестіру жүйесі негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және ақпаратты-іздестіру жүйесі мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.
Дипломдық жұмыс Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Paradox қосымшасы қолданылады. Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып есептелінеді. Delphi-де МҚ қосымшаларын өңдеуші бизнес-логика және программа интерфейсі реализациясы әдістерін таңдай алу мүмкіндігі ғана емес, МҚ-мен өзара іс-әрекет архитектурасы және мәліметтерге ену мүмкіндігі да бар. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және қолайлы болып табылады.
Сонымен дипломдық жұмысқа қысқаша тоқталып өтер болсақ:
Тақырыбы: «Еңбек биржасы». Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты, еңбек биржасында жұмыс жасайтын қызметкерлердің жұмысын жеңілдету.
1-БӨЛІМ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ 1. 1. Мәлімпеттер қоры туралы түсінік
Күнбе-күн ақпарат көлемі көбейіп отыр. Ал, оларды өңдеу адамның қолынан келмейді. Сол себепті мәліметтерді тез өңдеу үшін дербес компьютерлер пайдаланылады. Компьютердегі ақпарат негізінен кесте түрінде сақталады. Осы кестелер (бірігіп) МҚ-на бірігеді.
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер (АЖ) - мәліметтер банкі болып табылады. Олардың құрамына мыналар енеді:
1) Есептеуіш жүйе;
2) Бір немесе бірнеше МҚ;
3) Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) ;
4) Қолданбалы программалар жиыны.
МҚ - бұл үлкен көлемді өзара байланысқан ақпаратты сақтауға, өзгертуге және өңдеуге арналған бір немесе бірнеше мәліметтер файлы.
МҚБЖ - бұл МҚ құруға, жүргізуге және қолдануға арналған тілдік және программалық құралдар жиынтығы. Қолдану сипатына қарай МҚБЖ дербес ( персональді) және көпқолданушы болып бөлінеді:
Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс жасайтын локальді МҚ-н құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Parafox, dBase, FoxPro, Access және т. б. жатады.
Көпқолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс жасайтын ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Оларға Oracle, Inter Base, SyBase, Microsoft SQL Server, Informix және т. б. жатады.
Қолданбалы программалар, немесе қосымшалар МҚ-нда орналасқан мәліметтерді өңдеуге арналады. Қолданушы МҚ осы қосымшалар ар басқарады.
МҚ-ң негізгі нақты бір объект тобы туралы мәлімет болып табылады. Жалпы МҚ қандай да бір мекеме (ұйым) үшін арналады; Ақпаратты мекеменің әртүрлі бөлімдері пайдаланылады. Осы мекеме бөлімдері МҚ-н құру негізінде концептуальді талаптар қояды. Концептуалды модельді бейнелеу нәтижесінде мәліметтердің логикалық моделі алынады.
Логикалық модель - бұл мәліметтерді ұйымдастыру түрі. Негізгі логикалық модельдерге мыналар жатады:
1. Иерархиялық модель - ағаш құрылымды болады. Модель ішіндегі объектілер өзара қатаң түрде байланысқан. Мұнда бір басты объект болады. Екінші деңгейдегілер соған бағынады. Ал екінші деңгейге өз негізінде 3-ші деңгей бағынады. 1-ші деңгей 3-ші деңгейді тікелей басқара алмайды. Сондықтан бір деңгейде байланыс жасауға болмайды.
2 . Желілік МҚ граф түрінде ұйымдастырылады. Мұнда басты және бағынқы объект деген болмайды. Бұл модельдің кемшілігі - ұйымдастыру қйындығында.
1. 2. Мәліметтер қорының классификациясы3. Реляциялық МҚ өз атын ағылшын тіліндегі relation (қатынас) терминінен алған. Бұл терминді 70 жж. IBМ фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған. Реляциялық МҚ - бұл қатынас арқылы байланысқан кестелер жиынтығы. Реляциялық модель құрылымы қарапайым, қолдануға ыңғайлы. Дербес компьютерге арналған МҚ- ның көбісі реляциялық болып табылады.
4. Объектілі - бағытталған МҚ желілік және реляциялық моделдердің бірігуі. Оларды күрделі құрылымды МҚ-н құруға қолданады.
Мәлiметтер қорын басқару жүйесi ( МҚБЖ ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ , желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.
МҚБЖ - бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi ( АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз - мәлiметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар.
Кез-келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.
Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады.
Реляционды мәліметтер қоры - бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.
Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға:
· Жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық көбейту, бөлу, біріктіру;
· Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция, шектеулер) жатады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлылығымен өлшенеді. Қатынастарда, реляционды мәліметтер қорында бұл амалдарды орындауда қолданатын тілдерді екі класқа бөлуге болады:
· Реляционды алгебра тілдері;
· Реляционды есептеулер тілдері.
Реляционды алгебра тілдері реляционды алгебраға негізделген. Қатынастарға қолданылатын амалдарды тізбектей белгілі ретпен жазып, қажетті нәтиже аламыз. Сондықтан реляционды алгебра тілдері процедуралық тіл болып, ал мәліметтер қорын басқару жүйелері тілдерінің көбі процедуралық программалау тілдері болып табылады.
Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай құрылым үшін төменгі деңгейдегі объекті жоғарғы деңгейдегі объектіге бағынышты.
Мәліметтер құрылымының үшінші түрі - желілік МҚБЖ.
Керектi ақпараттарды жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез-келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты алу үшiн құрылады. Сондықтан да ол мәлiметтердiң құрылымын жасау мына әдiстерге сүйену арқылы жасалады:
1) объектiнiң сипаттамаларын анықтау;
2) осы объектiлердiң атрибуттарын (атрибут - қатынас бағандары) анықтау;
3) объектiлердiң арасындағы байланысты көрсететiн құрылым типтерiн таңдау (кесте, иерархиялық, желiлiк) .
ақпараттық құрылымның дәл экземплярын құру.
1. 3. МҚ АрхитектурасыМҚ-ның орналасуы мәліметтерді өңдейтін қосымшаны құруға әсер етеді. Орналасуына қарай МҚ:
- локальді;
- қашықтағы
болып екіге бөлінеді:
Delphi қосымшасы МҚ-на BDE (Borland Datеbase Engine - Borland фирмасының МҚ процессоры) арқылы қатынайды.
Локальді МҚ қосымша орналасқан компьютерде МҚ-мен жұмыс бір қолданушы режимінде жүзеге асырылады.
Қосымша
BDE
МҚ
МҚ көпқолданушы режимінде де жұмыс жасауы мүмкін. Ол үшін МҚ-ң файлы мен қосымша желі серверінде орналасады. Әрбір қолданушы сервердегі қосымшаны жүктей алады, бұл кезде қолданушы компьютерінде қосымша көшірмесі ғана жүктеледі. Локальді МҚ-н осылайша қолдану файл - сервер архитектурасына сәйкес келеді:
Қашықтықтағы МҚ желінің компьютер - серверінде орналасады, ол осы МҚ - мен жұмыс жасайтын қосымша қолданушы компьютерінде орналасады. Бұл жағдайда клиент - сервер архитектурасы туралы айтылады.
Ақпараттық жүйе - МҚ сервері мен клиенттен тұрады. Компьютер сервер - қашықтағы сервер деп те аталады.
Клиент - бұл қосымша - клиент деп аталады.
Мәліметтер алу үшін МҚ орналасқан қашықтықтағы серверге сұраным жіберіледі: Сұраным SQL тілінде қалыптастырылады. Сұранымды алған соң қашықтықтағы сервер оны SQL - серверге жібереді: SQL - сервер - бұл қашықтықтағы МҚ басқаратын және сұранымды орындап клиентке оның нәтижесін қайтаратын программа. Сұранымды өңдеу қашықтағы серверде орындалады.
МҚ сервер
МҚ
SQL-Link
BDE
Қосымша
Реляциялық МҚ өзара байланысқан кестелерден тұрады. Кестелер файлдарда сақталады. Олар жеке құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Оларды кәдімгідей көшіруге, жылжытуға болады. Құжаттардан өзгешелігі МҚ кестелері көпқолданушы режимін қолдайды, яғни олармен бір уақытта бірнеше қосымша жұмыс жасай алады.
1. 5. Мәлiметтер қорының басқару жүйесiБір кесте үшін мәліметтерден, индекстер мен кілттерден тұратын бірнеше файл құрылады. Кестені басты файл аты - кесте аты болып табылады. Ол кесте құру кезінде беріледі. МҚ кестесі жолдар мен бағандардан тұрады.
Кесте жолдары - жазба, бағаны- өріс деп аталады. Кестеде жүйеленген бір типті объектілер туралы ақпарат сақталады.
Әрбір өрістің уникалды аты болады. Өрісте тек бір типті мәліметтер орналасады. Мыс: Бүтін сан немесе дата. Қолданушы кесте өрісіне мән енгізгенде автоматты түрде типке сәйкестігі тексеріледі. Кестелерде кілттер мен индекстер анықталуы мүмкін.
Кілт - бұл кестедегі әрбір жазбаны бір мәнді анықталатын мәліметтерден тұратын өрістер комбинациясы. Қарапайым кілт - бір өрістен, құрама - бірнеше өрістен құралады.
Индекс - бұл да кілт сияқты кесте өрістері бойынша құрылады, бірақ өрістегі мәндер қайталануы мүмкін. Индекстер кестелерді индекстік өрістер бойынша сұрыптау үшін қажет. Сондықтан индекстеуді пайдалану мәліметтерді іздеу жылдамдығын арттырады. Сонымен кілттер мен индекстерді пайдалану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
1) Жазбаларды бірмәнді идентификациялауға;
2) Кілттік өрістерде мәндерді қайталануын болдырмауға;
3) Кестелерді сұрыптауға;
4) Кестеде мәліметтер іздеу жылдамдығын жоғарылатуға;
5) МҚ -ң жеке кестелері арасында байланыс ұйымдастыруға.
МҚБЖ - мәліметтер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты МҚБЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т. б. жатады. Көпшiлiк қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы МҚБЖ -не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т. б жатады. МҚБЖ- ң негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады.
· Мәліметтерді анықтау (Data definition) - сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;
· Мәліметтерді өңдеу - мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;
Мәліметтерді басқаруда - сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.
Мәлiметтердiң әр түрлi типтерi болады. Ендi информациялық жүйелердегi мәлiметтердiң, яғни өрiс мәндерiнiң типтерiне тоқталайық.
Негiзгi типтер:
· Текстiк мәлiметтер (TEXT) . Текстiк мәлiметтердiң мәндерi алфавиттi- цифрлi символдардан тұрады және ұзындығы 255-тен аспауы керек;
· Сандық мәлiметтер (NUMBER) . Бұл типтегi атрибуттардың мәндерiмен арифметикалық амалдар орындауға болады. Сандық мәлiметтер ұзындығы бүтiн сан болса 2 байт, бөлшек сан болса жылжымалы нүктелi сан форматында 4 байт орын алады. Бүтiн және бөлшек бөлiктерi санда нүктемен ажыратылады.
· Дата немесе уақыт типi (DATE/TIME) . Дата типi белгiлi бiр форматта берiледi, мысалы: кк. аа. жж (күн, ай, жыл) . Алғашқыда бұл текстiк мәлiметтiң бiр жағдайы сияқты көрiнедi. Алайда, информациялық жүйеде дата типтi қолданудың ерекшелiктерi бар.
· Жүйе қатты бақылау жүргiзу мүмкiндiгiн алады;
· Автоматты түрде датаны әр елдiң дәстүрiне байланысты бейнелеу мүмкiндiгi туады;
· Программалау барысында даталарға арифметикалық амалдарды орындау жеңiлдейдi.
· Логикалық мәлiметтер (YES/NO) . Бұл типтiң мәлiметтерiн булевтiк деп атайды және мәндерi TRUE немесе FALSE (шартты түрде 1 немесе 0) болады және мұндай мәлiметтер “иә”, “жоқ” болып интерпретацияланады.
· OLE обьектiсiнiң алаңы. Бұл ең бiр қызықты типтердiң бiрi болып табылады. Бұл типтiң мәнi ретiнде OLE объектiсiнiң кез-келгенi болуы мүмкiн (егер компьютерде болса) - графика, дыбыс, видео.
· Қолданушының типi. Көптеген жүйелер қолданушыларға өздерiнiң типiн жасауға мүмкiндiк бередi. Мысалы: “апта күнi” (дүйсенбi, сейсенбi және т. б), “адрес” (почта индексi-қала-және т. б) .
Сұрау (запрос) - белгiлi бiр ақпараттарды алуға талап болып табылады. Сұрау бiр немесе бiрнеше кестелерден құрылады. Сұраудың нәтижесi таңдау (выборка) деп аталады. Мәлiметтер қорында таңдау сақталмайды; ол әрбiр рет сұрауды орындағанда жаңадан құрылады да оны жапқанда жоғалады. Сонымен, ақпараттарды таңдау үшiн бiрiншiден, қандай ақпарат керек болып тұрғандығын; одан кейiн ол ақпарат қай кестеде сақталғандығын бiлу керек.
Сұраныстың негiзгi типтерi:
· Стандартты таңдаулар;
· Орындау үшін әрекеттер;
· Қосу үшін сұраныс. Кестедегі іріктелген жазбаларды немесе ағымдағы мәліметтер қорындағы сұранысты басқа кесте соңына қосуға болады;
· Жою үшін сұраныс;
· Жаңарту үшін сұраныс. Берілген жазбаларды шартты қанағаттандыратын ыңғайлы жағдайға өзгертуге болады;
· Жаңа кесте құру үшін сұраныс;
· Параметрлік сұраныс. Көбіне пайдаланушыға құрылған сұраныс бойынша іс жүргізуге (жұмыс жасауға) тура келеді бірақ кей жағдайларда таңдау кезінде біршама өзгешеліктер болады. Ондай жағдайда, қайта-қайта жаңадан сұранысты баса бермес үшін, сұранысты параметрімен құру керек.
· Сұраныстың тоғысуы берілгендерді көрнекті, кросс - кестені компактілі пішінде көрсетеді. Берілгендерді өңдеуде түрлі топтағы жазбалар мен топтық есептеулерді жүзеге асырады.
2-БӨЛІМ. ИНСТРУМЕНТАЛЬДЫ ҚҰРАЛ 2. 1. Delphi-де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері
Локалдік вариантта мәліметтермен жұмыс істеу бір пайдаланушы режимінде болады. Бұл вариант корпоративтік жұмыста іс жүзінде кездеспейді, себебі бір мезгілде мәліметтермен жұмыс істеп отырған пайдаланушы саны мен мәліметтер қоры қөшірмесінің саны тең болатындай бірнеше мәліметтер қор қөшірмесінің құрамын синхрондау қиын.
Файл-Сервер
Локальдік машина МҚ
МҚ
Желі
BDE
Бағдарлама BDE BDE
… ……. .
Бағдарлама Бағдарлама
Клиент
Файл - сервер мәліметтер қорында мәліметтер желілік файл - серверде орналасады, ол бір мезгілде бірнеше пайдаланушы жұмыс істей алады, сондықтан мұндай мәліметтер қорында қөп пайдаланушы режимінде пайдалануы мүмкін. Мәліметтер қорында ғы мәліметтердің жалғыз ғана сақталады, әрбір клиент әр уақыт мезетінде осы мәліметтердің локалдік қөшірмесімен жұмыс істейді, мәліметтерді басқару түгелімен клиент бағдарламасына жүктеледі. Олар әрбір клиент орнындағы мәліметтердің локалдік қөшірмесін негізгі мәліметтер қоры құрамымен синхрондауды жүргізуі тиіс.
Екеуінде де BDE клиент машинасында болады, және бағдарламамен бірігіп локалдік мәліметтер қорын басқару жүйесін құрады, мұнда қөшірме саны мен пайдаланушы саны тең болады. Бұл жүйеде қашықтағы орналасқан компьютерлермен INTERNET желісіне шығуға болады. BDE локалдік және клиент - серверлік мәліметтер қорын төмендегідей пайдалануды қамтамасыз ететін PLL- библиотека жиынын білдіреді. Ол Delphi - де жазылған мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін қолданылатын қосымшаларды пайдаланатын әрбір компьютерге қондырылады.
Клиент - серверлік мәліметтер қоры.
Клиент - сервер архитектурасында BDE мен мәліметтер қоры арасында мәліметтер қор сервері (арнайы бағдарлама, мәліметтер қоры басқарады) - деген маңызды аралық звено пайда болады.
Клиент - серверге реляциялық мәліметтер қоры (бір - бірімен байланысы бар кестелерден тұратын мәліметтер қоры) үшін өндірістін стандарт болатын SQL(Structured Query Language - құрылымдық сұраныс тілі) сұраныс тілінде сұраныс құрады. SQL сервер сұраныс интерпретациясын қамтамасыз етеді, оны орындайды, нәтижесін құрады және оны клиентке жібереді. Мұнда клиент компьютері сұранысты физикалық орындауға қатыспайды, ол тек қана сұранысты мәліметтер қоры серверіне жібереді және нәтижені алады, содан кейін оны керекті түрге келтіреді және пайдаланушыға береді. Клиенттің қосымшасына тек қана сұранысты орындау нәтижесі жіберіледі, ал желімен тек қана клиентке қажет мәліметтер беріледі. Қорытындысында желіге жүктеме азаяды. Сондай- ақ SQL-сервер алынған сұранысты тез арада орындау үшін тиімді жағдайларды қарастырады. Мұның бәрі жүйенің орындалу әрекетін күшейтеді және сұраныс нәтижесін күту уақытын азайтады.
SQL сервердің қолдануымен транзакцияның қуатты аппараты бір мезгілде бірнеше пайдаланушының бір мәліметті өзгертуіне мүмкіндік бермейді және өзгеріс енгізудұрыс аяқталмаса бастапқы мәніне қайтып келуге мүмкіндік жасайды.
Машина сервері
МҚ
МҚ сервері
Желі
BDE BDE BDE
. .
Бағдарлама Бағдарлама Бағдарлама
Клиент Клиент Клиент
Мәліметтер қоры серверінде мәліметтер физикалық тұрғыдан бір үлкен файл түрінде дискіде сақталады, жұмыс істеу үшін әрбір пайдаланушыға пароль беріледі, бұл әдейі бұзу мен ұрлаудан қорғауды күшейтеді.
Сервер қосымшасымен біріккен архитектура.
Клиент - сервер архитектурасын дамыту идеясы (ойы) мәліметтер қорын ашық пайдаланудың үш звенолы архитектурасының пайда болуына әкелді. (N-tier немесе multi-tier архитектурасы)
Клиент - сервер архитектурасы екі звенолы: бірінші звено клиент бағдараламасы, ал мәліметтер қор сервері мен мәліметтер қоры екінші звено болады.
Үш звенолы архитектурада қосымша бағдарлама құрылады, онда бұрын клиент қосымшасының меншігі болып есептелетін барлық мәліметті теру компонеттері, сондай - ақ қосымша компонеттер TDatabase және TSession кіреді. Содан кейін бағдарлама COM немесе CORBA сервері ретінде тіркеледі, ары қарай сервер қосымшасы болады. Клиент машинасында BDE болмауы мүмкін. Серверлік мәліметті пайдалану үшін олар сервер қосымшасына жүгінеді, ол қажетті мәлімет алмасуды өткізеді.
Сервер машинасы Файл-Сервер машинасы
МҚ МҚ
МҚ сервері BDE
BDE
Сервер машинасы
Сервер қосымшасы
Желі
Бағдарлама
Клиент қосымшасы BDE - мен жабдықталған кез келген желілік машинада болуы мүмкін. Бұл кезде ол орналасқан каталогке басқа желілік машиналар онымен ашық пайдалануға мүмкімдік жасалуы тиіс, ал машина сервер қосымшасы тұрған мәлімет серверімен жұмыс істеу периоды кезінде қосылуы тиіс.
Сондай - ақ мұнда мәліметті орналастырудың файл - сервер вариантын қолдануға болады (суретте оң жағында) Мұнда дұрыс емес мәліметтерді сервер қосымшасы кері қайтарады, мәліметтер қоры серверіне жіберілмейді.
Клиент бағдараламасында мәліметтер қорының мәліметтер бөлігінің көшірмесін білдіретін клиенттік мәліметтер теру орналасады. Барлық өзгерістер осы көшірмені өзгертеді, қажет уақытқа дейін мәліметтер қорына жіберілмейді. Сондай - ақ үлкен кестелермен жұмыс істегенде сервер қосымшасынан бір мезгілде клиент экранында орналаса алатындай порциямен локалді теруді алуға талап қоюға болады. Бұның бәрі желі жүктемесін азайтады, сұраныс нәтижесін күту уақытын азайтады.
2. 2. Delphi-де МҚ байланысты ұйымдастыру ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz