Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер
Диплом жұмысының көлемі: 57 бет.
Диплом жұмысында пайдаланылған әдебиеттер саны: 52.
Тірек сөздер: лингвомәдениеттану, концепт, жан - жануарларға негізделген метафоралар, когнитивті лингвистика, фразеологиялық тіркестер, салғастырмалы талдау, идеомалар және т.б.
Диплом жұмысының мақсаты: Мәдениет пен тілді өзара біртұтас бірлікте қарастыра және ұлттық мәдени деректерге сүйене отырып, туыс емес ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктерді әр түрлі мәдениет негізінде салыстыра - салғастыра лингвомәдени және лингвокогнитивтік сараптама жасау арқылы олардың мағына қалыптасуы мен концептілік құрылымындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыста алға қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты сипаттамалық - синхрондық, салыстырмалы - диахрондық, лингвомәдени және когнитивтік мағыналық талдау, әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің дереккөздері: Зерттеу жұмысымызға 8 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (1974 - 1986), Қазақ тілінің сөздігі (1999), Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі (І. Кеңесбаев, 1977), Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі (1966), Бір мың әсерлі де бейнелі орам (Ә. Қайдар, 2003), Англо - русский фразеологический словарь (А. Кунин, 1984), Oxford Compact English Dictionary over 145000 words, phrases and definitions edited by Catherine Jeans. - Oxford University press 2000, A Dictionary of English Idioms (B. Herderson, 1954), т.б. сөздіктер мен жинақтардан қазақ және ағылшын тілдерінен 750 (400 - қазақ тілінде, 350 - ағылшын тілінде) фразеологиялық теңеулер жинақталып, талдауға түсті.
Алынған нәтижелер: Ағылшын және қазақ жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердің уәжі, этимологиясы, ішкі формасына сүйене отырып кешенді түрде зерттелді.
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлімнің зерттеу қорытындысы ретінде берілген тұжырымнан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

РЕФЕРАТ

Тема дипломной работы: Фразеологические единицы с наименованиями животных в английском и казахском языках
Объем дипломной работы: 57.
Количество используемых источников: 52.
Ключевые слова: фразеологические единицы, фразеологические сочетания, фразеологические сращения, идеомы, когнитивная лингвистика, контрастивная лингвистика, компаративная лингвистика, зоонимы, этнолингвистика, устойчивые выражения.
Объектом данной работы являются фразеологические единицы двух языков: английского и казахского, что представляет смешанный ряд сопоставляемых языков. Причем исследуется не весь фразеологический фонд этих языков, а только обороты лексико - семантического поля зоонимов.
Целью данной работы: Неисследованность основных вопросов, связанных с семантической структурой данных фразеологизмов и механизмом ее формирования, а также с ролью компонента - зоонима в формировании фразеологического значения обусловили выбор данных фразеологизмов в качестве объекта исследования и определили основную цель работы - изучить семантическую структуру фразеологизмов с компонентом - зоонимом, определить роль компонента - зоонима, а также других компонентов в формировании фразеологического значения, изучить взаимовлияние семантических и грамматических свойств фразеологизмов.
Методы исследования: описательный метод, метод сопоставительного анализа.
Материалом исследования является картотека фразеологизмов с компонентом - зоонимом, насчитывающая 750 единиц (400 на казахском языке, 350 на английском языке). Источниками материала послужили толковые и фразеологические словари казахского и английского языков, работы отечест - венных и зарубежных лингвистов справочники по фразеологии.
Работа состоит из введения, двух глав и заключения. После каждой главы на основе анализа материала делаются выводы.

REFERAT

The theme of the diploma project: The comparative analysis of the animalistic phraseological units in the English and Kazakh languages
The size of work: 57.
The number of used literature in references: 52.
The list of the key words: phraseolgical units, comparative methods, descriptive methods, animalistic phraseology, contrastive methods, concept.
The object is the phraseological units with zoonimical component.
The aim of the research: the comparative analysis of animalistic phraseological units and their semantic structure in the English and Kazakh languages.
The tasks of the work:
1. To consider and generalize the main requirements to the phraselogy.
2. To explicate a concept of the animalistic phraseological units and to reveal the regularities of their usage.
3. To analyze their semantic and structural peculiarities.
The methods of the research: Comparative and descriptive methods, method of the system analysis.
The source consists of scientific materials, teaching aids, articles, Oxford Compact English Dictionary over 145000 words, phrases and definitions edited by Catherine Jeans. - Oxford University press 2000, A Dictionary of English Idioms (B. Herderson, 1954). This diploma work is based on works of foreign researches and our Kazakh researches.
The structure of the work: diploma work consists of the introduction, two chapters, conclusion and list of used literature.

МАЗМҰНЫ

РЕФЕРАТ
2

КІРІСПЕ
6

1
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗГІДЕРІ
10
1.1
Фразеологиялық бірліктер туралы түсінік және оның қасиеттері
10
1.2
1.3
Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы
Фразеологиялық бірліктерді салыстырмалы, салғастырмалы талдаудың қалыптасуы мен зерттелуі
13

21
1.4

Қазақ және ағылшын фразеологиялық бірліктерінқұрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру

26
2
ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ЖАНУАР АТАУЛАРЫ БАР ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРГЕ САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

35
2.1
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық бірліктердің семантикалық құрылымы

36
2.2
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық теңеулерге салғастырмалы талдау
39
2.3
Қазақ, ағылшын тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологизмдердегі концептілік сипаты

60
2.4

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі жан - жануарларға негізделген метафоралар негізінде қалыптасқан фразеологизмдік бірліктердің ұлттық - мәдени және танымдық сипаты

60

ҚОРЫТЫНДЫ

66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
68

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам дүниетанымы кеңістікті танып білуден жинақталады. Әр ұлттың әлем бейнесі олардың дүниені танудағы көзқарастарына байланысты. Адам баласының білімі, көрген - білгені, ақылы, ойы мен оның рухани дүниесін, өмірлік тәжірибесін сөйлейтін тілінен бөлмей, тілдік әлемімен қоса қоса қарастыру, нақтырақ айтсақ, кез келген халықтың тілінде ұлттық - мәдени сипатта бекитін дүние бейнесін антропоцентристік тұрғыда зерттеу - қазіргі заманғы лингвистиканың ең негізгі мәселелерінің бірі.
Жан - жануарлар атаулары биология, зоология оқулықтарында, сөздіктерде кездескенімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін салғастыра танымдық тұрғыдан талдап, зерттеген арнайы ғылыми еңбектер жетерлік деп айта алмаймыз. Діні, мәдениеті, тарихы, әлеуметтік және саяси даму жолдары бөлек ағылшын және қазақ халықтары тілдеріндегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктерді салыстыра - салғастыра зерттеу арқылы олардың бойындағы ұлттық - мәдени ерекшеліктерін айқындау, ортақ айшықтарын табу, теңеулердің жасалуына негіз болған уәждерді ашып көрсету, мағына қалыптасу жолдарындағы ерекшеліктерін анықтау осы жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Екі тілдегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктерді салыстырмалы - салғастырмалы талдау қандай да бір мәдениеттану зерттеулер сияқты тарихпен, дәстүрмен, салғастырылып отырған лингвомәдени қауымдастықтардың өмір салтының ерекшелігімен танысуды тереңдету, сонымен қатар мәдениетаралық қарым - қатынас барысында әр ұлттың ерекшелігін, менталитетін, олардың бір - бірін түсінушілік, ізгіниеттілік пен толеранттылыққа болжау мүмкіндігі де зерттеудің өзектілігін айқындай түседі. Зерттеуде қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктерді лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан алғаш рет қарастырылуы да осы жұмыстың өзектілігіне жатады.
Зерттеу нысаны. Ағылшын және қазақ тілдік қорындағы ішкі формаларында жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер.
Зерттеу пәні. Туыстығы жоқ ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктерді лингвомәдениеттану және лингвокогнитивтік тұрғыларынан салыстыра - салғастыра талдап зерттеп қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Мәдениет пен тілді өзара біртұтас бірлікте қарастыра және ұлттық мәдени деректерге сүйене отырып, туыс емес ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктерді әр түрлі мәдениет негізінде салыстыра - салғастыра лингвомәдени және лингвокогнитивтік сараптама жасау арқылы олардың мағына қалыптасуы мен концептілік құрылымындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
- тіл мен ұлт мәдениетінің сабақтастығы негізінде қалыптасқан лингвомәдениеттанудың теориялық негіздері мен әдіснамалық ұстанымдарын сипаттау;
- ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердің уәждемелік жігін ашу арқылы екі халық мәдениетінің, ұлттық сананың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсету;
- ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердегі когнитивті лингвистиканың ұстанымдарына сүйене отырып талдап, екі халықтың дүниетанымында маңызды орын алатын микроконцептілерге салыстырмалы - салғастырмалы лингвомәдени сараптама негізінде олардың ішкі ұлттық мәдени маңызын ашу.
- когнитивті лингвистиканың, лингвомәдениеттанудың жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктерді салыстыра - салғастыра талдап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау;
- екі тілдің фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктердегі теңеу бейнесі негізін құрайтын компоненттерді тауып, оларға лингвомәдени тұрғыдан сараптама жасау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеудің нәтижесінде мынадай мәселелер ғылыми жаңалық ретінде шешімін тапты:
- Құрылымы әр түрлі ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктердегі алғаш рет когнитивтік және лингвомәдениеттану тұрғысынан салыстыра - салғастыра зерттелді;
- Ағылшын және қазақ жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердің уәжі, этимологиясы, ішкі формасына сүйене отырып кешенді түрде топтастырылды;
- Ағылшын және қазақ халықтарының ұлттық дүниетанымының фразеологиялық жануар атаулары бар бірліктердегі көрініс тапқан басты танымдық концептілер аймағы, олардың жануар атаулары бар фразеологиялық теңеулердегі көрініс - мазмұны анықталып, лингвомәдени қырлары сарапталды.
:: Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердің пайда болуының көздері әр халықтың тарихымен, заттық және рухани мәдениетімен, тұрмыс - тіршілігімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың мағынасының лингвомәдени және когнитивтік тұрғыдан талдау арқылы тарихи - этимологиялық көздерін ашуға болады.
- Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Әр тілдегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердегі мағына қалыптасу ерекшеліктері оларды концептілік жағынан жіктеуге мүмкіндік береді.
- Жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктердегі жеке көріністер тек сол тілге ғана тән ерекшеліктермен сипатталып, ұлттық нaқышпен айқындалады. Олардың лингвомәдени сипатын ашу ұлттық дүниетанымның сыры мен ерекшеліктерiн танып білуге септігін тигізеді.
Зерттеудің теориялық маңызы. Салыстырмалы - салғастырмалы лингвомәдени сараптама өзгенікін біліп, өзіңдікін дұрыс бағалап, тереңіне бойлауға жол ашaды. Кейінгі кезде тіл білімінің шектес теориялық ғылымдар тоғысуындағы пайда болған бағыттарына орай, жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер лингвомәдениеттану және когнитивтік тұрғыдан сипаттау оны ұлттық дүниетанымның ажырамас бөлігі мен көрінісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары тіл теориясындағы салыстырмалы - салғастырмалы лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистика теорияларын нақтылай түсуге, мәселелерін айқындауға өз деңгейіне сәйкес үлесін қосады.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеудің барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды ұлт тарихын, этникалық дүниетанымды тіл арқылы тануға арналған лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвоелтану, этнолингвистика, мәдениетаралық қарым - қатынас теориясы, салыстырмалы фразеология бойынша арнайы курстарда, семинарларда теориялық және практикалық материал ретінде пайдалануға болады. Зерттеуде талдау жасалған тілдік деректерді әр түрлі түсіндірме және тақырыптық екі тілді сөздіктер құрастыруда, ағылшын тілін практикалық тұрғыдан оқытуда қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Жұмыстың ғылыми теориялық негізі ретінде жалпы тіл біліміндегі, салыстырмалы - салғастырмалы тіл ғылымындағы, лингвомәдениеттану мен когнитивтік лингвистика мәселелеріне арналған, сондай - ақ қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер зерттелген ғылыми еңбектерге жүгіндік. Тіл мен мәдениет арақатынасы мәселелерін зерттеу барысында В. фон Гумбольдт, Ф. де Соссюр, Л. Вайсгербер, А.А. Потебня, И.Н. Телия, В.А. Маслова, Ю.С. Степанов, А. Толстой т.б. және қазақстандық ғалымдар Ә.Т. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанұзақов, Ж. Манкеева, Г.Н. Смагулова, А.И. Ислам, К.К. Дүйсекова, Г.И. Исина т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынып, тілдің ұлттық мәдениет көрсеткіші екендігі теориялық тұрғыдан негізделеді.
Тіл білімінің салыстырмалы - салғастырмалы фразеология саласы бойынша ғылыми тұжырымдар жасап, дәлелдеп, негізін қалаған А.Д. Райхштейн, М.М. Копыленко, Э.М. Солодухо, З.Қ. Ахметжанова, С.Е. Исабеков, Д. Добровольский, М.Т. Сабитова т.б. зерттеулеріндегі негізгі тұжырымдарды бағдар етіп, екі тілдің фразеологиялық теңеулерінің жасалуында, мағына қалыптасуында және концептілік құралымындағы ұқсастықтары мен айырмашылық дәрежелері анықталады. Фразеологиялық теңеулерді әр тілде арнайы зерттеген Т. Қоңыров, Г. Исина, Г. Қарбозова, В. Огольцев, Е. Ройзензн, Э. Бабаев, Р. Глазырин, М. Черемисина, З. Божеева т.б. ғалымдардың еңбектері жұмыстың теориялық негіздерінің бірі етіп алынды.
Зерттеудің әдістері. Дипломдық жұмыста алға қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты сипаттамалық - синхрондық, салыстырмалы - диахрондық, лингвомәдени және когнитивтік мағыналық талдау, әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеу материалы мен зерттеудің дереккөздері ретінде жалпы іріктеу негізінде жинақталған қазақ және ағылшын тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер пайдаланылды. Зерттеу жұмысымызға 8 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (1974 - 1986), Қазақ тілінің сөздігі (1999), Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі (І. Кеңесбаев, 1977), Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі (1966), Бір мың әсерлі де бейнелі орам (Ә. Қайдар, 2003), Англо - русский фразеологический словарь (А. Кунин, 1984), Oxford Compact English Dictionary over 145000 words, phrases and definitions edited by Catherine Jeans. - Oxford University press 2000, A Dictionary of English Idioms (B. Herderson, 1954), т.б. сөздіктер мен жинақтардан қазақ және ағылшын тілдерінен 750 (400 - қазақ тілінде, 350 - ағылшын тілінде) фразеологиялық теңеулер жинақталып, талдауға түсті.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлімнің зерттеу қорытындысы ретінде берілген тұжырымнан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Фразеологиялық бірліктер туралы түсінік және оның қасиеттері

Әлемдегі тіршіліктің бар саласын қамтитын әр ұлттың өзіне ғана тән көркем сөз орамдары - фразеологизмдерді молынан кездестіруге болады. Фразеологизм тілдің айшықты да, мәнерлі, бай салaсының бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік, экспрессивті - эмоциялық, суреттеме қасиеттерімен ерекшеленіп көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі фразеологизмдерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп келедi. Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған тұрақты тіркестерi - фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі екeні даусыз.
Фразеология - phrasis - орам, сөйлемше logia - ұғым, ілім деген грек сөздерінен жасалған тeрмин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылaды. Бірiншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімнің бір саласы дегенді, екіншіден - белгілі бір тілдегі фразеологимдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сол себепті, болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұтымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Алғаш рет бұл терминді 1905 жылы Шарль Балли Тіркесті зерттейтін стилистика бөлімінде қарастырған. Бұл термин Батыс елдерімен қатар америкалық лингвистерінің еңбектерінен де көрініс тапты [1, 61]. Айшықты сөз өнерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс тіршілігінде, салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына, діни, наным - сеніміне байланысты туындаған. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін тұрақталу негіздерін зерттеу, сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай, сонымен қатар ұлт өмірімен тұтастығымен ерекшеленеді. А.В. Куниннің айтқандай, фразеологиялық бірліктер халықтың тіл байлығы. Осы арқылы сол елдің тарихы, мәдениеті мен әдебиетіне көз жүгірте аламыз [2, 5].
Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық қатынастың дамуына байланысты құрылымы жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салыстыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе жатыр. Салыстыра зерттеу барысында екі тілдің өзіндік құрылымдық және жүйелік ерекшеліктері мен ұқсастықтары айқындалады. Сондай - ақ, тіл табиғатында осы уақытқа дейін зерттеушілер назарынан шет қалған кейбір құбылыстардың сыры ашылып, осы кезеңге дейін қалыптасқан тұжырымдар басқа қырынан зерделенуі, тілдің өзіндік сипаты айқындатуда. Әр типтес тілдердегі фразеологизмдерді салыстыра зерттеу де өзіндік тұңғиық сыры бар қиындығы да мол күрделі жұмыс.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуге деген құлшыныс академик І. Кеңесбаевтың Қазақ тілі фразеологиялық сөздігі атты көлемді еңбегінен етек бастаған. Бұл құнды еңбек тек қана қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тануға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің Қазақ тілінің фразеологизмдері бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологиялық теорияның мәселесін жан - жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологизмдерін зерттеушілердің қай - қайсысы да бұл еңбекті қолданатыны айдан анық [3].
Фразеологиятану ғылымында фразеологизмдердің басты белгілері, релеванттық қасиеттері ретінде үш ерекшелігі аталады:
а) даяр қалпында жұмсалу белгісі;
ә) мағына тұтастығы;
б) тіркес тиянақтылығы.
Фразеологизмдердің дайын қалпында жұмсалу белгісі - тұрақты тіркестер қарым - қатынас үрдісінде, сөйлеу кезінде жасалынбайды, даяр қалпында біртұтас (бүтін, бірлік) единица ретінде жұмсалады. Фразеологиялық етістіктің бұл қасиеттері оны еркін сөз тіркесімен салыстырғанда анық көрінеді.
Ал, ағылшын тілінде тілдік құбылыстарды, олардың жүйелік байланысы тұрғысынан зерттеу кең қолданыс табуда. тауып отыр. Филология ғылымында тілдердің лексика-фразеологиялық жүйесін тақырып бойынша жіктеп зерттеу әдісі кең ауқымда жүргізіліп, өз нәтижелерін беруде. Фразеология саласында мұндай бағыт фразеологизмдерді фразео-тақырыптық өріс мүшесі ретінде қарастырады.
Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктердің басым бөлігі жануарлардың атауларының негізінде қалыптасады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде фразеологиялық бірліктердің, яғни сөздерінің алуан түрлі тіркес, тізбектерге негіз болуы ағылшын халқына тән салт дәстүр мен тұрмыс тіршіліктері, дүниетанымына байланысты. Кезінде еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері негізінде жасалған бұл бірліктердің тілде қалыптасып, тұрақтануының негізгі тетіктерін анықтап, фразеологиялық сөзжасамдық тұрғыдан болсын, ішкі мәнін ашу - ағылшын фразеологиясының өзекті мәселелерінің бірі.
Жан - жануарлардың атауларына қатысты фразеологиялық бірліктердің белгілі бір тілдің бейнелеу мен көркемдеу жүйесін, оның ұлттық нақышын бүкіл бедерлерімен, бейнелік бояуымен айқын көрсетеді. Осы бағыттағы соңғы ізденістер фразеологиялық сөзжасамдардың пайда болу заңдылықтарын, даму сипатын, көркемдік мәні мен стильдік қолданыстарын негіздеуге және тіл білімін теориялық сипатын дамытудың өзегі болады. Фразеология тілдік құбылыстарды тереңінен, түбегейлі де жан - жақты зерттеуді қамтитын тіл білімінің болашағы зор салаларының біріне жатады. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы ерекше.
Ағылшын тіліндегі фонетикалық, грамматикалық, лексикалық т.б. жүйелерін зерттеулердің негізінде, ХІХ ғасырдың 2 жартысынан басталғанымен, қазіргі таңда бұл бағытта салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі, яғни жеке лингвистикалық сала ретінде қалыптасты. Алайда, ағылшын тілінде шешімін таппаған түйткілдер баршылық. Осы сынды қиын түйткілдердің бірі - ағылшын тіліндегі жан - жануарлар дүниесімен байланысты фразеологизмдік бірліктердің жүйелі түрде зерттелуі.
Жан - жануарлардың атаулары ағылшын және қазақ тілдерінің басым көпшілігінің лексикасының ең көнелік қабатын құрайды, алайда, фразеологиялық бірліктердің басым бөлігі фразеологиялық орамның тілде қалыптасуына негіз болған бірліктердің санатына жатады. Сол себепті, тілдегі жануарлар атауларының фразеологиялық тіркестердің құрамында қолданылу деңгейі мен кездесу жиілігі сан қилы [4].
Мысалы: тамақ ішу, қолды жуу, үй тазалау және to love music, clever man, to build houses деген еркін сөз тіркестері қарым - қатынас үрдісінде, сөйлесу кезінде бір - бірімен емін - еркін тіркесіп айтылуынан жасалса, ас адамның арқауы, түймедейді түйедей ету, қой аузынан шөп алмас және mare's nest, small hours, husband's tea, т.б. тәріздес сөз тіркестер тіркескен күйінде, бүтін күйінде жадымызда айна қатесіз сақталады да, сөйлеу кезінде олардың сыңарлары (сөздер) сөйлеушінің қалауы бойынша тіркеспейді, бүтіннің бөлшектері тәрізді бұрыннан тіркесіп қойған қалпында, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай бір тұтас күйінде қолданылады. Мұндай қасиет тұрақты тіркестерге ғана емес, сонымен қатар лексикалық бірлік сөзге де тән. Мысалы: әдемі, жылдам, үндемеу, to talk, to laugh,to smile деген сөзде және бұларға белгілі дәрежеде синонимдес болып келетін үріп ауызға салғандай, көзді ашып жұмғанша, жұмған аузын ашпау, to get a talk with, to give a laugh, give a look, force a smile тәрізді фразеологизмдер дайын қалпында жұмсалу қасиеттерімен сипатталады.
Мысалы, қазақ - ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестерді салыстырсақ:
to kill two birds with one stone - екі қоянды бір оқпен өлтіру;
cat and dog life - ит пен мысықтай өмір;
to pick up one's ear - құлақ түру;
to abound іn courage - жүрек жұтқан болу;
to meet adversіtіes wіth - бәлеге шалдығу, қырсыққа іліну;
to take advantage of somethіng - бірдеңенің пайдасын көру;
to justіfy somebody's confіdence - біреудің сенімін ақтау;
to talk nonsense, talk rubbіsh, talk rot - аузына түскенін оқтай;
to take revenge, to cook one's goose - алдына келтіру;
to judge by appearances - сыртына қарап тон пішу;
aggress agaіnst a country - баса көктеп кіру;
to go ape (over, for) - торығу (күйзелу).
Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі бір жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздерінің жігі ажырамай тұрады.
Т. Қоңыровтың пікірінше, тұрақты сөз тіркестері бір - бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді [4, 283].
Мысалы, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мән - мағынасын мүлде өзгертіп жібереді, тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді. Ал көк сөзін оның синонимі аспан деген сөзбен алмастырсақ (мұрнын аспанға көтерді), мағына тұтастағы онша бұзылмағанмен стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Көтерген деген етістікті көтермеді, көтеріп тұр, көтермекші деп өзгерте беруге көнбейді. Тек өзінің сіресіп қалыптасқан қалпында қолдануды талап етеді. Сондай - ақ red tape, kick the bucket деген тұрақты тіркес құрамындағы red, kick деген сөздерінің орнына blue, give немесе tape, the buckеt дегеннің орнына radio, the ball деген сөздер қолданылмайды: егер бұлай етіп өзгертсек, олар тұрақты тіркес болудан қалады, немесе тіптен мағынасыз, түсініксіз, кей жағдайда сөз тіркесі болып мағына тұтастығынан айырылып қалады.
Н.М. Шанскийдің зерттеулерінде, сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипаты қалай болса, фразеологизмнің құрамынан және сыңарынан (компоненттерінің) орын тәртібінің тұрақтылық сипаты да сондай деп есептейді. Кейде тұрақты тіркес құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан әлденеше фразеологизмдер жасала берілуі де мүмкін [5, 72]. Мысалы: жамбасы жерге тигенше (өле өлгенше), жамбасы жерге тиді (өлді, жер тастады), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жығылып көрмеген күшті). Кей ретте жалғыз дыбыстың бір өзі - ақ тұрақты тіркестің мән - мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді.
Фразеологизмдердің бейнелілігіне диахрониялық тұрғыдан сипаттама жасап өткен Ф.А. Оспанова мынадай факторлар әсер етеді деп атап өтті:
1) экстралингвистикалық факторлар: фразеологизм бейнесіның уақытқа, қоғамға, әлеуметтік жағдайға, ұлттың тұрмысына, таным түсінігіне қатыстылығы;
2) лингвистикалық факторлар: бейнелілікті жасау тәсілдері, троп түрлері, теңеу, эпитет, метафора, гипербола, литота. Фразеологизмдердің бейнелілігі экстралингвистикалық және лингвистикалық факторлар араласа қатар жүруімен жасалады [6, 95].
Бұл жағынан қарағанда фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрақтылығы сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипатымен бірдей деп есептеуге болады. Жоғарыда аталған үш түрлі белгі (тұрақтылылық, тұтастық, тиянақтылық) арқылы фразеологизмдер тілдің өзге категориясынан оқшауланып, өзіндік бітім бейнесімен өмір сүрді.
Фразеологиялық бірліктер тілдің лексикалық жүйесінде қарастырылады. Жалпы бұл тілдің қажеттілігін өтеу үшін қолданылады. Фразеологизмдер лексикалық мағынаға ие синонимдер қатарын құра отырып, стилистикалық байланысқа түседі.

1.2 Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы

Фразеологизмдердің түрлері - фразеологизмге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір - бірімен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен ап - айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншісінен өте солғындау болып кездеседі. Сол себепті, фразеологизмдерді түр - түрге бөліп жүйелеу тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады.
Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестердің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара қатынасына қарай жіктеп бөлсе, екіншілері құрылым - құрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады.
Әртүрлі тілдердегі фразеологизмдерді зерттеуге өз үлесін қосқан академик ғалым В.В. Виноградов өз еңбектерінде баян етті. Оның зерттеулерінде, фразеологизмдерді үш топқа бөліп қарастырды [7, 113]:
а) фразеологиялық тіркес;
ә) фразеологиялық бірлік;
б) фразеологиялық тізбек.
Фразеологиялық тіркес - құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздерінің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір - бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқалады. Сол себепті, фразеологизмді түр - түрге бөліп жүйелеу тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады.
Фразеологиялық бірлік - фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болады. Алайда, құрамындағы сөздерінің бірі екіншісімен қалайда бір мағыналық байланыста болатындығын аңғартады. Себебі мұндай тіркестер сол бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынасында метафораланып фразеологиялық бірлікке айналған. Мысалы: қазақ тілінде мол олжаға кенелу ит қырғын болды, бұл тіркес ағылшын тілінде every dog has his day; жауапкершіліктен, қиындықтан қашуды ағылшын тілінде to bury one's head in the sand, қазақ тілінде басын құм ішіне жасыру.
Аталған тіркестердің фразеологиялық мағына жасауына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағына негіз болған. Кейде фразалық тұтастық пен фразеологиялық бірлік арасындағы айырмашылықтары байқала бермейтін фразеологизмдер де бар. Ғалымдар мұны тұрақты тіркес мағыналарының көнеленуіне байланысты деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де момындық пен жуастықты қой ретінде сипаттайды, қой - sheep сөзі қойдан жуас, қойдан қоңыр; қой аузынан шөп алмас; қойша жусап тыңдау т.б., ағыл. to follow smb. like a sheep; a sheep among wolves; lost sheep т.б дейтін жануар атауы бар фразеологизмдер мысал болса; топастық, жағымсыздық символы ретінде ass - есек қаз. есекке үкі таққандай, итке жалпош жатқандай; зәңгі есектей аңқылдау т.б., ағыл. to act [play] the ass - ерсі қылықтар жасау; never bray at an ass - ақылсыз адаммен байланыспаған жөн т.б. мысал бола алады. Жануар атауы бар фразеологизмдерге, ал chicken - балапан - жастық тәжірибесіздік ұғымын білдіріп, қаз. сары ауыз балапан, ағыл. to be (no) spring chicken тәрізді жануар атауы бар фразеологизмдердің тілде қалыптасуына ұйытқы болып отыр [16].
Фразеологиялық тізбектер - мағынасы жағынан құрамындағы сөздерінің мағынасымен байланысып, тіркесу тұрғысынан орнығып тұйықталған сөз тіркестері болып табылады. Тілде сөздерінің тіркесу қабілеті бірдей десем, қайсы бірі кез келген сөзбен тіркесіп, белгілі бір ұғымды білдіруге бейім болса, енді бірі аз ғана сөздермен одақтасып, сонымен ғана тіркеседі. Тұрақты сөз тіркестерін сөздер тобы ғана жасайды. Кез келген сөз тұрақты сөз тіркестерін жасай алмайды. Мысалы: absent-minded - ұмытшақ адам; the apple of someone's eyes - жақсы көретін адамға айтылатын көздің қарашығындай болу тіркесі; to keep a straight face - күлген кезде айтылатынбет аузын жиырып алу; on the dot - уақытқа байланысты: дәл уақытында; have a sweet tooth - тәттіқұмар; a white lie - ешкімге зияны тимейтін өтірік; an early bird - таңертең ерте тұратын адам; to be fighting fit - денсаулықтың мықты болуы; to be broke - ақшаның болмауы; to be scared to death - қатты қорқу; it is not my cup of tea - ұнатпайтын зат; to take coals to Newcastle - онсыз да өздері шығаратын затты ол жаққа апарудың қажеті жоқ; launder money - заңды емес жолмен келген ақшаға банктен есепшот ашу; thumb a lift - жолдағы кез келген көлікті тоқтатып, ақысыз жүру; it serves him right - өзінің тілегені сол; fell head over heels in love - ғашық болып қалу.
Фразеологизмдерді зерттеушілер В.В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым - құрылысы жағынан, атқаратын синтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады [7, 110]. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі.
Фразеологиялық тұтастықта (идиома) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір - бірінің лексика - семантикалық мән - мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, live like fighting cocks - ұрыстыру үшін арнайы басталып, бағылатын әтешше өмір сүру; follow [make, take] a bee-line [beeline, in a beeline] - араның жолымен; араның жолын жасау: тұп-тура, ең қысқа жолмен; swoop like an eagle - бүркіттей шүлігу нағыз фразеологиялық тұтас мағынадағы тіркестер. Бұларды өзге тілге сөзбе - сөз аударуға келмейді, бөліп жаруға болмайды. Идиома термині қазақ тілінде I. Кеңесбаевтың еңбектерінде фразеологиялық тізбек [1] деп, ал К. Аханов, Ә. Болғанбаевтың еңбектерінде фразалық тұтастықтар [2] деп атаған. Бұл зерттеулерде фразеологизмдердің негізгі сипаттамалары анықталып, оларды семантикалық және грамматикалық тұрғыдан талдап жүйелеу қаралады [16].
Идиома ағылшындықтардан келген бірлік.Әрбір идиоманың өзіне тән тарихы бар. Белгілі бір идиоманы дүниеге әкелеу үшін көп уақытты талап етеді. Мысалы: Let your hair down- деген идиома - демалу, тынышталу деген мағынаны білдіреді. VII ғасырларды әйел адамдар шаштарына түйреуіш таққанда ұйықтар алдында олар шаш қыстырғыштарын шешіп қоятын еді. Сол кезде осы сөз тіркесін айтатын болған.Қазір бұл сөз тіркесі идиомаға айналып кеткен: a clean bill of health - дені сау болу. Бұл идиома IX ғасырда кемеге теңізшілер шықпас бұрын санитарлық тазарту жүргізіледі екен сонда осы сөз тіркесін қолданылған. Кейбір фразеологиялық бірліктер ақын-жазушылардан келген ал кейбіреулері Библии кітабынан ал басқа фразеологиялық бірліктер француз , латын тілдерінен келген. 15000 ағылшын идиомасы бар қазіргі таңда және де Шекспирдің еңбектерінде көп кездеседі. The green-eyed monster - көзі жасыл құбыжық. XX ғасырда жаңа фразеологиялық бірліктер орын тапты: smoke and mirrors-ашылмаған шындық.
Мысалы, қандай да бір түйткілді мысалыің шешімін таппай қиналып, тозып кеткен адамды сипаттау барысында және қазақ тілдеріндегі мәні - мағынасы бір тіркестерді балама ретінде қабылдауға болады, яғни, қазақ тілінде жүнін жұлған тауықтай тіркесі де қолданылады, ал бұл тіркес ағылшын тілінде like a dying duck in a thunderstorm - найзағай жарқылынан, яғни найзағай түсіп өлгелі жатқан үйректей тұрақты тіркесі салының суға кетуі ұғымын білдіреді. Аударма саласында бұл тіркес Blenkinsop... I've never been able to take my eyes off the ground without finding... yours fixed on me with the languishing expression of a dying duck in a thunderstorm", қазақ тіліндегі аудармасы Blenkinsop ... Мен сіздің салыңыз суға кеткен бейнеңізге қарай алмағандықтан жерден көзімді алмай отырдым да қойдым.
К. Ахановтың жүйелеуі бойынша қазақ тілі фразеологизмдерін В.В. Виноградов классификациясына сүйене отырып, семантикалық тұрғыдан:
1. Фразеологиялық тұтастық.
2. Фразеологиялық бірлік.
3. Фразеологиялық тізбек.
4. Фразеологиялық сөйлемше деп топтастырады [9, 60].
К. Ахановтың пікірінше: Фразеологиялық тұтастық деп бөлініп ажыратылмайтын, беретін мағынасы жағынан құрамындағы сыңарлардың мағынасымен мүлдем байланыспайтын, әбден бітісіп, тұтасып кеткен томаға тұйық тіркестерді айтамыз - дейді. Мысалы, қазақ тіліндегі екі қоянды бір оқпен атып алу тұрақты сөз тіркесі ағылшын тілінде to kill two birds with one stone - екі құсты бір таспен атып алу деп берілген, яғни қоян сөзінің орнына құстар сөзі берілген. Ешкінің құйрығы көкке жеткенде, түйенің құйрығы жерге жетеді деген тұрақты сөз тіркесін ағылшындар when pigs fly, when cow comes тіркесінде ешкі, түйе сөздерінің орнына доңыз және сиыр сөздерін де қолданады. Мұннан шығатын түйін қазақ және ағылшын фразеологиялық бірліктерінде жан-жануарларды қолдануы сол ұлттардың санасына қалыптасқан бейнесіне байланысты. Бұл өз кезегегінде бұл өзгерістер аударма мәселелерін туғызады. Мұндай мәселелерді шешуде кәсіби аудармашы тілдің ұлттық ерекшеліктерімен қоса тарихымен жете таныс болуы қажет [9, 45].
Бұл мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекелеген талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуға көнбейді. Фразеологиялық тұтастық жеке сөздерінің тұтас жиынтығынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс - әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.
Кейде фразеологиялық тұтастық пен арасында айырмашылық байқалмай тұратын фразеологизмдер бар. Мұндағы ескертетін нәрсе тұрақты тіркес мағынаның тек көнеленуіне байланысты түсіну керек. Мысалы, Don`t worry about this silly row with the boss it is just storm in a teacup, бұл сөйлемнің мағынасы бастықпен болған ұрыс-керіс үшін уайымға салынба, бұл майда - шуйда жағдай деп аударылады.
Сырт тұлға жағынан фразеологиялық бірлікке ұқсас, мағынасының тым көмескіленуінен фразеологиялық тұтастыққа да ұқсас. Жалпы алғанда фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер сөздерге жанамалық қатыста жұмсалуына орай, көбіне бір топқа біріге береді. Орыс тілінің тіл білімінде мұндай құбылысты Н.М. Шанский фразеологиялық бірліктер немесе орамдар деп атайды. Қазақ тілінде де фразеологияның бұл екі тобы бір - біріне өте жуық тұрақты сөз тіркесі деп қарастырады. Фразеологиялық тұтастық пен фразеологиялық бірліктер фразеологиялық тізбектерден семантикалық табиғаты мен құрылымы жағынан өзгелешеленеді [11, 85].
Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туында мағынадағы сөз бірді екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады. Мысалы: beef tea - қою майлы сорпа, knit one`s brows - жақтырмай қарағанды меңзейтін кеудесін қақты тіркесі. Фразеологиялық бірліктер құрамындағы сөз мағынасымен сәйкес келмейтіндігін айтады. Мысалы: play with fire - отпен ойнау.
Мысалы ағылшын тіліндегі, Storm in a teacup болмашы жайт, ұсақ - түйек деген мағынаны білдіреді. Егер бұл тіркесті сөзбе-сөз аударсақ кеседегі ызғарлы жел деп шығар еді.
Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болғанымен, солғын тартып сезіліп тұрады. Мысалы: көз ұшында, көз жеткісіз, көзін тырнап ашқалы, көзі тірісінде, т.б.
Фразеологиялық тізбек - еркін мағынадағы сөздер тіркесінің фразеологиялық қалпында екі сөздің тіркесуінен жасалып, өзгеріссіз тізбек күйінде қолданылады.

1 кесте - Мағынадағы сөздер тіркесінің фразеологиялық қалпында екі сөздің тіркесуінен жасалуына мысалдар

Фразеологиялық бірліктер
Аудармасы
Мысал
after all - despite, nevertheless
Үмітсіз шайтан
I knew it! After all, I was right!
all of a sudden - suddenly
Кірпік қаққанша
All of a sudden, he refused to pay.
be back on one's feet - healthy again or better financially
Аяғынан тік тұрып кету
He's back on his feet after a long period of debt and unemployment.
beat around the bush - avoid giving a cleardefinite answer
Айналшықтамай, өз шешімін айту
Stop beating around the bush! Get to the point!
be hard on something someone - treat roughly
Көздің қарашығындай
My son is hard on shoes, they don't last long with him. Life was pretty hard on Tom.
Фразеологиялық тізбектерде бағалауыштық, образдылық сипаты туралы Б. Хасановтың зерттеулеріне сүйенсек болады. Олардың фразеологиялық мағыналары метафора, теңеу, салыстыру сияқты көркемдік тәсілдер арқылы ауыспалы мағынасында айтылуына байланысты. Алайда, ауыспалы мағынасында айтылып тұрған сөз тіркестерінің бәрін бірдей фразеологиялық тізбектерге жатқызуға болмайды. Мысалы, Көңілсіз құлақ -- ойға олақ (Абай). Жүргемін жоқ қайғының жүгін артып (Мұқағали) метафоралы тіркестер. Метафора, сирек те болса метонимия - көркемдік тәсілдер әдеби шығармаларда өзіндік ерекше сөз қолданысы. Сөйлеу тілінде қалыптасқан фразеологизмдер, фразеологиялық бірліктер және образды сөздер - жасалуы жағынан метафоралы қолданыстан туған тіркестер [17, 116].
Н.Н. Амосовтың айтуынша, ең бастысы фразеологиялық бірліктердің тұрақты анықтамаға ие болғандығы дейді. В. Виноградовтың топтастыруынан басқа Н.М. Шанский тағы қосымша топты атап көрсетті. Ол фразеологиялық сөйлемдер. Яғни сөйлем ішінде кездесетін құрамы жағынан тұрақты және әр сөз жеке мағынаға ие бола алады. Мысалы, (feel) at home - өз үйім-өлең төсегім (get or become) mixed up - ойы жан-жаққа шашырау [11, 201 - 202].
Ал А.И. Смирницкий фразеологизмдерді фразеологиялық бірліктер мен фразеологиялық бірліктер деп екі топқа жіктеді. Фразеологиялық бірліктер дегеніміз стилистік бейтараптанған және метафорадан айырылған сөйлемшелер. Мысалы, to get up, to fall in love т.б. Ал фразеологиялық бірліктер керісінше метафоралық қасиетке ие. Мысалы, to take the bull by the horns - ойланып әрекет ету [13, 39].
Сонымен, қазақ тілі фразеологизмдеріне терең, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологизмдердің семантикалық категориялары. Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері
Тіл білімі және оның зерттеу нысаны
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Жалпы түркі тілдеріндегі сан атаулары
Фразеологизмдер ұғымы, фразеологиялық бірліктер түсінігі фразеологизмдердің топтастырылуы
«Фразеологизмдердің антонимдік қолданысы»
Гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы оқыту әдістемесі
СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы
Ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі идиомаларды аударудың ерекшеліктері
Пәндер