Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ 6
1.1 Шағын кәсіпкерлік қызметінің теориялық тұжырымдамасы 6
1.2 Шағын кәсіпкерлік қызметінің мазмұны және қажеттілігі. 14
1.3 Шағын кәсіпкерліктің қызметін стратегиялық қалыптастыруының құқықтық аспектісі 21

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ 31
2.1 Шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайын өтпелі кезеңдегісін талдау 31
2.2 Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау 41

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 55
3.1 Шағын кәсіпкерлік қызметін дамуына құқықтық жағдаймен қамтамасыз етілу проблемалары 55
3.2 Шағын кәсіпкерліктің теориялық және практикалық тұжырымдамаларын мектеп курсындағы сабақ беру әдістемесі 57

ҚОРЫТЫНДЫ 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

КІРІСПЕ

Экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік - шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі - кәсіпкерлік экономика.
Шағын кәсіпкерліктің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді.
Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық нәтижесі келесілерде көрсетіледі:
1) бәсекелестік ортаны қалыптастырады;
2) нарықты тауар мен және әр түрлі қызметтермен толықтырады;
3) ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын қөректену ортасы болып табылады.
Саяси нәтижелерге келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір қалыптылығының негізі ретінде орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.
Әлеуметтік - тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмектеседі.
Экономикалық теорияда кәсіпкерлік түсінігін өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі кәсіпкерлік теориясының классигі Р.Контильон есімімен байланысты. Ол бірінші рет кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады. Кәсіпкер - белгілі бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам. Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі ретінде тәуекел үшін табыс алу ретінде қарастырылды. Тәуекелді төмендету үшін кәсіпкерге негізгі өндіріс факторларын: жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестіруіне тура келеді.
А.Маршалл өз кезегінде кәсіпкерлік қызметтегі технологияны үйлестірудің жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарына тиімді деп есептеген. Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуында Й.Шумпетердің тиімді монополия концепциясының ролі ерекше. Оның айтуынша, кәсіпкерліктің мәнін жаңашылдық механизмі құрайды. Кәсіпкер- экономикадағы барлық динамикалық өзгерістерге негізгі жаңалық енгізуші. Сондай-ақ, Й.Шумпетер классиктерге қарағанда кәсіпкерліктің жаңашылдық қызметін капиталистің қызметінен бөліп көрсетеді. Капиталистің қызметі: кәсіпкер барлық уақытта таза күйінде қандай да бір мүлікке меншік құқығына ие бола бермейді. Сондықтан да ол қарсы тәуекелге бармайды. Кәсіпкер ол менеджер емес,оның міндеті - жасаған жаңалығын жүзеге асыру және оның экономикалық дамуына септігін тигізу. Кәсіпкер - бұл меншік иесі, әрі ол шаруашылықпен тікелей айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге баратын адам. Ортағасырлық араб ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406жж) кәсіпкерлікті меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттілігімен сәйкестендіре отырып зерттеген. Батыс Европада кәсіпкерлікті оқып білу физиократтар иелігінде болған. Ф.Кенэ Экономикалық кестеде басты орынды жер иелері - кәсіпкерлеріне берген, яғни егер де кім жерді жалға алса, ол ауыл шаруашылығын жоғары өндірістік дәрежеде көрсетеді,-дейді. Кәсіпкерлік түсінігінің дамуы одан кейін физиократтар түсінігінде А.Тюргоның еңбегінде көрсетілді. Оның схемасында қоғамның өндірістік тобының міндеттілігі қарапайым жұмысшыларға еңбекақы төлейтін, аванс беретін капиталистерге немесе кәсіпкерлерге түсті. Ж.Б.Сэй Саяси экономия трактатында кәсіпкерді қандай да бір өнімді өзінің меншігіне және өзінің есебіне әкелуге іс-әрекет жасайтын тұлға ретінде сипаттады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті тәуекел факторына, ал кәсіпкерді өзіне пайда келтіру үшін тәуекелге баратын адам деп көрсетті. Кәсіпкерлікті дамытудағы қажетті шарттардың бірі деп ол өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін (табиғат, еңбек, капитыл) адамның білімі деп есептеді1-8б.
Кәсіпкер және кәсіпкерлік терминдерінің экономикалық мазмұнының тарихи қалыптасуын зерттеуге ТМД елдерінің В.Автономов, В.М.Воробьев, Л.Колесникова, С.К.Никитина және т.б. еңбектері үлес қосты. Аталған ғалымдардың зерттеулерінде ресейлік кәсіпкерліктің даму тәжірибесінің негізіндегі тұжырымдары ұсынылған.
Қазақстан зерттеушілері кәсіпкерліктің экономикалық ой тұрғысынан отандық нұсқасын жасауға ұмтылыс білдірді. Олардың ішінде О.Ж.Әлиев, Р.Т.Дуламбаева, Б.А.Жакупова және т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Кәсіпкер термині туралы ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі теориялар мен тұжырымдамалардың генезисіне О.Ж.Әлиев зерттеу жүргізіп, кәсіпкерліктің адамзат тарихында орын алған жеті кезеңін бөліп көрсетті. Кәсіпкерлік - кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұдттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады. Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі улкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке келеді.
2019 жылда республикада 741 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік тіркелді. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны - 1.8 млн. адамды құрады2.
Қазакстан Республикасы Президенінің 2001 жылғы 7-мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бекітілуі еліміздегі шағын кәсіпкерліктің дамуында маңызды қадам болды. Оның басты мақсаты - Шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк саласының серпiндi дамуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қолдау саясатын жетiлдiру.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқандалған және олар мыналар:
- Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
- Қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелерінің рөлін күшейту;
- Шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
- Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріннің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Бүгінгі күні бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр деуге болады, әйтсе де бұл процесс баяу қозғалуда, себебі оған кері әсерін тигізіп, аяқ асты шалыс қылып отырған кедергілер баршылық. Олардың қатарында кәсіпкерлік қызметтің жеткілікті дәрежеде құқықтық реттелмеуі, қабылданған заңнамалардың іс жүзінде жүзеге аспауы, кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік қорғалмауы, қаржылық жағдайдың сын көтермеуі тәріздес факторлар да кездеседі, айта берсем мұндай кедергілердің әлі елу шақтысын санамалап шығуымыз болады. Әйтсе де, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасайтын болсақ, сайып келгенде аталмыш кедергілер туындауына себеп болып отырған күрделі фактор - ол кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тұрғыда қолдаудың жеткіліксіздігі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстандық шағын кәсіпкерлік қызметін талдау, оны бағалау және соның негізінде шағын кәсіпкерлік қызметінің даму мәселелерін қарастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қазақстан еспубликасындағы шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайын өтпелі кезеңдегісін талдау;
- Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау;
- Шағын кәсіпкерлік қызметін дамуына құқықтық жағдаймен қамтамасыз етілу проблемалары;
Зерттеу жұмысының әдістемелік негіздері: Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, мерзімдік басылымдардың материалдары, Елбасы бағдарламалары 4.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Қазіргі заманға сай шағын кәсіпкерлік қызметінің теориялық және әдістемелік негізі. Бұл бөлімде кәсіпкерлік терминінің эволюциясының калыптасуына, шетелдік, ТМД және қазақстандық ғалымдардың пікірлеріне, шағын кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны мен қажеттілігіне, еліміздегі шағын кәсіпкерліктін стратегиялық қалыптасуының құқықтық аспектісіне жеке тоқталдым.
Екінші бөлімнің аты Қазақтандық шағын кәсіпкерлік қызметін талдау және бағалау. Бұл бөлімде Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайын өтпелі кезеңдегісін талдау туралы, қазіргі замандағы құқықтық жағдайының бағалануы туралы жазылған.
Үшінші бөлім Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік қызметінің даму проблемалары деп аталады. Бұл бөлімде шағын кәсіпкерлік қызметін дамуына құқықтық жағдаймен қамтамасыз етілу проблемаларын, сонымен қатар шағын кәсіпкерліктің теориялық және практикалық тұжырымдамаларын мектеп курсындағы сабақ беру әдістемесін қарастырдым
1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1 Шағын кәсіпкерлік қызметінің теориялық тұжырымдамасы

Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда кәсіпкер деген термин одан да бұрынғы антрепренер, яғни француз сөзі делдалдық екі мағынада қолданылды: 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал кәсіпкерлік ұғымын ең алғаш ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Бұл ұғымға ол нарықты тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған. Кәсіпкерлік-бұл адамның зерттеу және сегменттеу қызметі, жаңа ізденіске бағытталады және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Егер кәсіпкерлік терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын қарастыратын болсақ:
- 1723ж.: Парижде басылып шыққан коммерцияның жалпылай сөздігінде ең алғаш кәсіпкер ұғымы, яғни обьектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам пайда болған;
- 1725ж.: Р. Контильон : кәсіпкер - ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;
- 1776ж.: Адам Смит, кәсіпкерлік - кәсіпорынның меншік иесі;
- 1797ж.: К. Бодо, кәсіпкер - ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам;
- 1803ж.: Ж.Б.Сей, кәсіпкерлік - екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;
- 1876ж.: Ф. Уокер, кәсіпкер - ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен пайда табатын адам;
- 1934ж.: И. Шумпетер, кәсіпкер - ол инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар;
- 1964ж.: П. Друкер, кәсіпкер - белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп пайда түсіретін адам;
- 1975ж.: А. Шапиро, кәсіпкер - ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы.
Жоғары монополияландырылған бұрынғы одақтас республикалардың экономикасында бірінші дәрежеге ие болатын бәсекелестік ортаны қалыптастыруда шағын кәсіпорын елеулі үлес қосады. В.Афанасьевтің пікірі бойынша "шағын кәсіпорын" өзінің табиғатынан монополияға қарсы, бұл оның әрекет етуінің әртүрлі аспектілерінен көрінеді, ол өзінің элементерінің көптігінен және олардың жоғары динамикалылығынан монополияға өте аз дәрежеде ырық береді. Екінші жағынан, тар шеңберде мамандану мен жаңа техниканы қолдануда шағын кәсіпкерлік бәсекеге ірі корпорациялардың монополиялық позициясын бұзатын байсалды сапада түседі. Нақ осы аталған сапа өнеркәсібі дамыған елдерде монополияның әлсіреуіне және тоқтап қалған техникалық прогрестің жылжуында елеулі роль атқарады. Батыс экономистерінің есебі бойынша "...белсенді бәсекелестік бөлу үшін, біртекті өнім шығарушылардың саны 8-15, ал кем дегенде 4-5" болу керек..
Кәсіпкерлік ұғымы жоғарыдағы сипаттамалардың өзінен көрініп тұрғандай өте күрделі ұғым болып табылады. Сондықтан да, әлемдік экономист ғалымдар да, заңгерлер де, саясаттанушылар да және т.б. мұның негізгі анықтамасын беруге ұмтылған болатын. Отандық заңгер ғалым Қ. Битеміров өзінің "Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері" атты зерттеуінде кәсіпкерлік қызметінің түсінігін беруге байланысты мынандай қорытындыға келеді: "Кәсіпкерлік қызметтің түсінігін әзірлеу бірнеше кезеңнен өтіп, соңында жаңадан қабылданған ҚР азаматтық кодексінен көрініс тауып отыр. Осы жұмыста кәсіпкерліктің (оның ішінде шағын және орта) түсінігі шаруашылық қызметтің түсінігі арқылы ашылып көрсетілген, сонымен бірге мынандай келесідей кәсіпкерліккке тән ерекшеліктер: өз еркімен талаптану, пайда табуға тырысу, соны мақсат ете отырып қызмет атқару, дербестілік және тәуелділік арқылы сипатталу және т.б. айқындалған. Бұл жерде баса назар аударатын бір жәйт, кәсіпкерлердің тікелей-шаруашылық дербестігі. Ал дербестілік мүліктік ерекшеленуге байланысты болады, яғни жеке меншіктің арқасында немесе дербес мүліктік жауапкершіліктің болуы, өз атынан қызмет атқарып өзін-өзі реттеуі негізінде. Тәуелділіктің кәсіпкерлік қызмет аясынан орын алуы субъективтік және объективтік факторларға байланысты болады. Осыған орай кәсіпкерлік тәуелділіктің құрамдас элементтері мүліктік (кәдімгі) тәуелділік және коммерциялық тәуелділік болып саналады"[5, 122 б.]. Кәсіпкерлік қызметтің ұғымын беруге байланысты Ресейлік ғалымдардың да көптеген ізденістері баршылық. В.С. Белых кәсіпкерлік қызметін былай айқындайды: "Предпринимательская деятельность - вид хозяйственной активности индивидов, их объединений по производству, распределению, перераспределению и потреблению материальных благ в рамках товарно-денежного обмена, предпосылкой которой является владение, пользование и распоряжение данными благами для удовлетворения собственных и чужих материальных (финансовых) и духовных потребностей.
Однако предпринимательскую деятельность отличают от иных видов экономической деятельности специфические только для нее признаки. Их выделение предполагает раскрытие семантики разбираемого термина, анализ существующих теоретических воззрений на предпринимательскую активность, нормативной ее модели. При этом надо иметь в виду, что категория предпринимательской деятельности (предпринимательство) рассматривается в разных аспектах: организационном, экономическом, юридическом, психологическом и др" [6, 129-132 б.]. Бұл анықтаманың өзі кәсіпкерлік қызметті әр түрлі аспектіде қарауға болатындығын көрсетіп тұр. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметін белгілі, белсенді қызмет тұрғысында да бағалау бар. Оны былай береді: "предпринимательская деятельность не сводится к простой совокупности действий, а состоит из связанных и последовательных предпринимательских мероприятий (действий), поступков направленных к единой цели. Основная цель предпринимательской деятельности (активности) - производство и предложение рынку такого товара, на который имеется спрос и который приносит прибыль" [7, 18 б.]. Американдық ғалым, профессор Роберт Хизрич кәсіпкерлікті былай түсінеді: "предпринимательство как процесс создания чего-то нового, что обладает стоимостью, а предпринимателя как человека, который затрачивает на это все необходимое время и силы, берет на себя весь финансовый, психологический и социальный риск, получая в награду деньги и удовлетворение достигнутым" [8, 20 б.]. Тағы да бір ғалым Алан Хоскинг жеке кәсіпкердің түсінігіне негізінен көңіл бөле отыра, оны былай айқындауға ұмтылады: "Индивидуальным предпринимателем является лицо, которое ведет дело за свой счет, лично занимается управлением бизнесом и несет личную ответственность за обеспечение необходимыми средствами, самостоятельно принимает решения. Его вознаграждением является полученная в результате предпринимательской деятельности прибыль и чувство удовлетворения, которое он испытывает от занятия свободным предпринимательством. Но наряду с этим он должен принять на себя весь риск потерь в случае банкротства его предприятия" [9, 28 б.]. Ресейлік осы мәселемен айналысушы Т.В. Кашанина: "Кәсіпкерлікті шаурашылық субъектілерінің дербестігіне жеке ынталылығына, жауапкершілігіне, тәуекеліне және жаңашылдығыныа сүйенетін белсенді қызмет деп айқындайды" [10, 9 б.]. Экономист ғалым А.В. Бусыгин: "кәсіпкерлікті - экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде түсінеді, яғни кәсіпкерлік жаңашылдық идеяға, жауапкершілікке, жеке белсенділікке сүйенетін мақсатты қызмет" [7, 15 б.] - деп түсіндіреді. Экономист ғалымдардың ортасында да әр түрлі көзқарастар орнығып жатқандай. Бірінен-бірі өте отыра, кәсіпкерліктің толыққанды анықтамасын беруге ұмтылады. Осы жерде тағы да бір ғылыми әдебиеттерде берілген кәсіпкерлікке байланысты анықтамаларға тоқталып өтсек дейміз. М.Г. Лапусты "предпринимательство представляет собой свободное экономическое хозяйствование в различных сферах деятельности (кроме запрещенных законодательными актами), осуществляемое субъектами рыночных отношений в целях удовлетворения потребностей конкретных потребителей и общества в товарах (работах, услугах) и получения прибыли (дохода), необходимых для саморазвития собственного дела (предприятия) и обеспечения финансовых обязанностей перед бюджетами и другими хозяйствующими субъектами" [11, 26 б.], - деп кәсіпкерліктің тәжірибеде жүзеге асу қырларын да негізге алады. Ал, В.Я. Горфинкель, Г.Б. Поляк және В.А. Швандар "кәсіпкерлікті жеке тұлғалар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызмет көрсету, сату-сатып алуға байланысты өзара пайдаға негізделген қызметі" [12, 11 б.], - деп түсінеді. Кәсіпкерліктің азаматтық құқықтық табиғатымен айналысушы В.В. Ровный: "кәсіпкерліктің заңдық тұрғыда берілген анақтамасын жеткілікті деп тани отыра, оның негізгі белгілерін айқындау керек" [13, 215 б.], - деп санайды. Кәсіпкерліктің жоғарыда экономикалық, құқықтық және психологиялық сипаттағы анықтамасына байланысты көзқарастарды саралап қарайтын болсақ, жалпы берілген анықтамалардың көбісі бір бағытты қамтитындығын аңғару қиын емес.
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәнін, оның белгілері айқындайды. Енді сөз кезегін кәсіпкерлік қызметінің белгілеріне байланысты көзқарастарға бұрып көрейік. Әрине, бұл мәселеде де әр түрлі пікірлердің барын көруге болады. Т.В. Кашанина: "кәсіпкерліктің негізгі белгілерін нақтылай түсуді жақтай оотыра, оған жаңашылдық сипаттағы белгі тән екендігін бөле айтып өтеді"[14, 226 б.]. Сонымен қатар, кәсіпкердің кәсіпқойлығын негізгі белгі ретінде айқындайтындар да бар [15, 310 б.]. Құқықтық әдебиеттерде кәсіпкерліктің негізгі белгілерін тағы да басқа тұрғыда жіктеу де орын алады. В.В. Ровный "кәсіпкерліктің негізгі белгілерін міндетті және қосымша белгілер деп ажыратып көрсетіп, міндетті белгілерге пайда табуға бағытталған тәуекелді, ал қосымша белгілерге - жүйелілік, субъектінің дербестігін және мемлекеттік тіркеуді жатқызады" [16, 223 б.]. Бұл оймен В.А. Семеусов, А.А. Тюкавкин, А.А. Пахаруков, бұл оймен келіспейтіндіктерін білдіре отыра, кәсіпкерліктің негзгі белгілері туралы былай дейді: "нельзя делить признаки предпринимательской деятельности на обязательные и необязательные, хотя бы по той причине, что это может привнести значительный элемент субъективизма в анализ правового регулирования предпринимательской деятельности, что снизит в целом его научную и практическую значимость и создаст возможность злоупотребления в правоприменительной практике" [17, 242 б.]. В.Ф. Попондопуло кәсіпкерліктің белгілерін жалпы және жеке белгілер деп бөле келе, мына мәселені ерекше астын сызып атап өтеді: "что признак государственной регистрации не является внутренне присущим самому понятию предпринимательской деятельности, это юридический (формальный, внешний) признак, требование, предъявляемое к предпринимательству со стороны законодателя" [18, 158 б.]. И.В. Ершова, Т.М. Иванова кәсіпкерлік қызметінің белгілерін мәнін көрсететін және формальдық сипатын білдіретін белгілер деп ажыратады [19, 179 б.]. Жоғарыдағы кәсіпкерлік қызметінің белгілеріне байланысты көзқарастарды жүйелей келе, біз негізінен кәсіпкерліктің төмендегідей ерекше белгілеріне мән береміз.
Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда дербестікте жеке жүзеге асырылатын қызмет болып табылады. Бұл кәсіпкердің шартты түрде басқа субъектілерден мемлекеттік органдардан тәуелсіз қызмет атқаратындығын білдіреді. Өйткені, кәсіпкер кәсіпкерлік қызметінің бағытын айқындауда және оны қандай әдіс-тәсілдермен жүзеге асыруда ешкімге тәуелді болмайды. Өз атынан дербес шешім қабылдайды.
Кәсіпкерліктің тағы бір айшықты белгісі жеке тәуекелге негізделетіндігінде В.А. Ойгензихт тәуекелдің психологиялық аспектісіне көңіл бөле отыра, оны былай түсіндіреді: "психическое отношение субъектов к результатам собственных действий или к поведению других лиц, а также к возможному результату объективного случая и случайно невозможных действий, выражающееся в осознанном допущении отрицательных, в том числе невозместимых, имущественных последствий и как детерминированный выбор деятельности, не исключающей достижения не желаемого результата и осуществляемой при сознательном допущении случайного результата и возможности связанного с этим возникновения отрицательных последствий" [20, 67б.]. Бұл жерде тәуекелді былай түсіну кінә мен тәуекелдің арасындағы ажыратым белгілеріне теңдік қоюмен пара-пар болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір тұрақты ерекшелігі - табыс табу. Табыс мәселесі көптеген жылдар бойы экономистер үшін өте қиын болды. Ричард Хикс Құндылық және капитал кітабында сәттіліктің бірнеше тұжырымдамаларын сипаттайды. Ол: Осылайша, егер біз кіріс туралы алғашқы анықтаманы берсек, онда болашақ табыстың (ақшалай түрде) жалпы құны өзгеріссіз қалатын жағдайда, белгілі бір уақыт аралығында жұмсауға болатын ақшаның максималды сомасы [21, б. . 257). ]. Екіншіден, кіріс - бұл адам осы апта ішінде жұмсай алатын және оны келесі аптада өткізуге болатын ақшаның ең көп мөлшері [18, б. 258]. Кәсіптік кірістер де бар: Кәсіпкерлік кірістер - бұл барлық шығындарды өтегеннен кейін қалған қаражаттың бөлігі. Бұрынғы саясаттанушылардың пікірінше, бизнес кірісі - бұл бизнес кірісі мен шығыстың арасындағы айырмашылық. Бұл анықтама, әрине, үстірт, бірақ сіз одан бастауға болады. Мұндағы шығындар кәсіпкердің өнімдеріне байланысты барлық тікелей немесе жанама шығындар. Оларға кәсіпкердің сыйақысы, оның жерін жалға беру және тәуекел үшін сыйлықақы кіреді. Мен бұл шығындар бойынша пайыздарды талап етпеймін. Шындығында, пайыздар шығындар болып табылады, немесе егер капитал кәсіпкерге тиесілі болса, ол жалақы немесе жалдау ретінде есептеледі. Бұл біздің түсінігімізге сәйкес келеді. Көптеген теоретиктер жалақы мен жалгерлікке қызығушылықты теңейді [22, б. 369]. Бизнестен пайда табудың мәні - IV елдің белгілі заңгері. Амирханова сондай-ақ: Кәсіпкерлік қызметтен таза кіріс алу, ең алдымен тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандыру қажеттілігімен (міндеттемелерді, сұраныстарды, өтемақы туралы өтініштерді орындау арқылы) және фискалдық тәсілдерді (кәсіпкерге міндетті төлемдерді төлеу арқылы) байланысты. Өндірістің әртүрлі құқықтық режимдерін енгізу қажеттілігі және кәсіпкердің тауар-ақша қатынастарына қатысуы негізделген. Бұл жағдайда кәсіпкерлер мен тұтынушылардың мүдделерін құқықтық қорғаудағы айырмашылықтарды сақтау қажет [23, б. 331].
Кәсіпкерліктің белгілерін саралай келгенде, мынандай қорытындыға еріксіз тоқталатындаймыз:
Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет дербес жүзеге асырылатын қызметтің түрі.
Екіншіден, кәсіпкерлік қызмет мақсатты, жүйелі тұрғыда жүзеге асырылады.
Үшіншіден, кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің жеке тәуекеліне негізделеді.
Төртіншіден, кәсіпкерлік жүйелі табыс табуды мақсат етеді.
Бесіншіден, кәсіпкерлік қызметтің әрқашанда қоғам алдында әлеуметтік жауапкершілігі болады. Осы жағдайда ғана кәсіпкерлік қоғамның қалыпты, тұрақты жұмыс істеуіне негіз болатын факторға айналады.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік берілген. Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауды мемлекет, мемлекет атынан өкілетті органдар қамтамасыз етеді.
Дәл осы жерде кәсіпкерліктің құқықтық режимі жөнінде айта кетуіміз қажет. Негізі қай салада болмасын, құқықтық режимнің екі түрі: жалпыға бірдей рұқсат етілген, яғни диспозитивтік түрі, сондай-ақ рұқсат беру арқылы көрініс табатын императивтік түрі белгіленеді. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық режимі тек рұқсат етілген құқықтық реттеу сипатында болады, сондықтан қатысушы екі жақ тарап заң жүзінде құқықты.
Кәсіпкерлік қызметте әрбір жасалатын әрекет (іс-қимыл) жөнінде арнайы нормативтік-құқықтық акті қабылдау арқылы оны реттеу сияқты қызметтер қажет емес [5, 34 б.].
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай-ақ, осы қызметпен айналысуға патент алған кезден бастап құқылы. Патент бір мезгілде азаматың кәсіпкер ретінде тіркелгені жөніндегі куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып табылады [24, 59 б.].
Кәсіпкерлік мәселесін айтқанда, біз меншіктен айналып кете алмаймыз. Өйткені, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудың басты себепшісі немесе факторы меншік болып табылады. Осы жерде меншік мәселесіне тоқталатын болсақ, меншік өте күрделі ұғымнан тұрады. Оның элементтері және жүктеу мәселесі де проблемалы. Біз бұл жерде, белгілі ғалым М.К. Сулейменовтың айтуы бойынша: "Ешқандай меншік нысаны болмайды, тек меншіктің түсінігі және меншік құқығы ғана бар. Біздің құқықтық теория бойынша меншік құқығы мүлікті өз ұйғарымы бойынша пайдалану" [25, 74 б.], - деген ойына толығымен қосыламыз.
Сонда дәстүрді қалыптасқан түсінік бойынша меншік нысаны үшке бөлінеді: мемлекеттік (республикалық және коммуналдық); ұжымдық (кооперативтік, арендалық, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және т.б.); азаматтардың (өзіндік және жеке меншік). Қазіргі кезде меншіктің екі түрі көрсетілген: мемлекеттік және жеке меншік (мемлекеттік емес меншік). Жеке меншік азаматтардың, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі болып табылады. Ал қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктерінің меншіктерін қайда қосуға болады деген сауалға, жеке меншікке деп айта аламыз [5, 66 б.].
Сонымен, кәсіпкерлік қызметтің басты көрінісі оның жеке меншікке негізделе отырып, ерікті және еркін сипатта жүзеге асырылуы. Бірақ кәсіпкер ретінде мемлекет аумағында жұмыс атқаруына байланысты өз азаматымыз, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға болсын, сондай-ақ қандай да заңды тұлға болмасын өздерінің жүріс-тұрыстарын реттейтін заңдарға мойын ұсынулары қажет және олар сол заңмен белгіленген шеңберден шықпауға тиісті.
Қазіргі кездегі кәсіпкер деп - пайда табуға бағытталған және тауарларға (қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.
Бұл тұрасында ҚР-дың Азаматтық Кодексінің 10-ші бабында: меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға ( ұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттындыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы қызмет және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.
Кәсіпкерліктің бірнеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
- жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
- жоспарлау, ұйымдастыру,бақылау;
- құралдарды іске асыру еркіндігі;
- жаңа шешімдерді,идеалдарды іздеу.
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент фукнкцияларымен байланысты еркіндігін көтеруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып табылады.
Жалпы іскерлік қатынастарды қарастырудың алғашқы сипаттамасы олардың пәні мен объектісі болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектіге экономикалық қызметке қатысатын әртүрлі қатысушылар, ең алдымен жеке тұлғалар, содан кейін адамдар тобымен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, яғни акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер кіреді.
Кәсіпкерліктің обьектісі нақты жағдайдағы адамның іс-әрекеті: инновация, инновация, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбастау, бөлу факторларының жиынтығы. Кәсіпкерліктің түпкі нәтижесі - өндірілген өнімдер мен қызметтер.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол төрт сатыдан тұрады:
- жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;
- бизнес-жоспарды құру;
- қажетті ресурстарды іздеу;
- құрылған кәсіпорынды басқару.
Бұл аталған сатылар бір - бірімен тығыз байланысты. Бірінші кезеңде, барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты - пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады.
Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе - бизнес-жоспарды құру методологиясы жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету.
Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптады бағалу жұмыстары жүзеге асырылады.
Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.
Кәсіпкерліктің тағы бір сипаттамасы - бизнесті жүргізу қаупі. Тәуекел - бұл жоспарда немесе болжамда қарастырылған опциялармен салыстырғанда кірістің жоғалуы немесе жоғалуы. Экономикалық тәуекелдің негізі - потенциал мен шығындардың арақатынасы.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі ерекшелігі - толық экономикалық жауапкершілік және ол меншік болып табылады және кәсіпкер атынан жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер барлық мүліктері үшін жауап береді. Сонымен қатар, өз өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластамау; өндірістік қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерлердің басты белгісі ретінде инновация; шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлік этикет шаралары; жеке қабілеттері мен қасиеттері. Дәл осы қабілет - ерекше шешімдер қабылдау және жағдайға шығармашылық көзқарас - бұл іскерлік әлемде жоғары бағаланатын және нәтижелі.
Кәсіпкер - қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:
- нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;
- тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;
- төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
- бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;
- маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;
- табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т.б. бөлу.
Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар - есеп беру жылы жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын,өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілген заңды тұлғалар.
Шағын бизнес кәсіпорындары - мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар):
- жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адмға дейін;
- активтердің жылдық орташа жалпы құны 60000 есе есептік көрсеткіштен аспайтын;
- мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар:
- толық серіктестік;
- сенім серіктестігі;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
- қосымша жауапкершілікті серіктестік;
- өндірістік кооператив.
Шағын бизнестің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субьектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:
- белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;
- жаңа, яғнитаяудағанатіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған;
- уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар 3.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтық тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, шағын кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Бұл туралы келесі тарауда нактылай түсемін.

1.2 Шағын кәсіпкерлік қызметінің мазмұны және қажеттілігі.

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.
АҚШ-тың сатып алу федералды басқармасының ақпараты бойынша, 50-ші жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар (жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100 адамдық фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания Apple жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін олар негізгі өндірушілердің біріне айналды.
Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде айтарлықтай ролі бар. АҚШ-та соңғы он жылда жаңа жұмыс орындарының 60%-ы 20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.
Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әртүрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндер мен келіісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орта фирмалар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалрдың кейбір ірі монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен келісім арақатынастары арқасында жұмыс істейді. Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы монополиялармен байланысты. Ақш-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5млн адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай кездеседі.
80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз жанұяларындағы адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен қамтылғандардың 32%, Италияда - 29%, Францияда - 21% құрады.
Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе, ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтты. ҒТП негізінде іскер қызметтер (электронды есептеуіш машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және т.б.) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын қажет тепейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.
Демек, шағын бизнестің ролі мына көрсетілген алты қызметтерден көрінеді.
Шағын өндіріс нарық конъюнктурасының өзгерісін икемді сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарына мүмкін емес;
Шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді;
Шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады. Бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды;
Шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді;
Атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың тең жартысы келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, Палароид типті фотоаппараттар);
Шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын таптырмас бөлігі бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.
Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігі көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы қызметті тиімсіз қалдырды.
Өтпелі экономика үшін нарықтың инфрақұрылымының дамымағандығы тән, бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді.
Қазақстан Республикасындағы 1998жылға дейін тоқтамаған өндірістің құлдырауы, инфляциялық процесстердің кезіндегі бағалардың өсуі, тұрғындардың номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын айтарлықтай тежеді.
Соңында шағын кәсіпкерліктің дамуының тежеуші факторына өндірістік саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға болады.
70-80ж дамыған елдердегі болған кәсіпкерлік бум ғалымдар мен практиктердің шағын бизнеске қатысты бұрынғы көзқарастарынан - шағын кәсіпорындар өмір сүруге жарамсыз, сондықтан олар не жоюылуы керек не ең ірі компаниялардың маңынан құрылуы тиіс.
Нақты индикаторлар соңғы онжылдықта (1990-2000 ж.ж.) олардың саны екі есеге артқанын және олардың саны сауда мен қызмет көрсетуді дамытумен бірге шағын бизнестің экономикалық прогрессивті секторларында - электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер маңызды рөл атқаратындығын көрсетеді.
Шетелдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстандағы шағын бизнес ұғымының анықтамасын ескере отырып, біз шағын кәсіпкерлікке келесі сипаттама бере аламыз. Шағын бизнес - бұл бір немесе бірнеше инвесторлар құрған, географиялық тұрғыдан шектеулі аудандарда жұмыс істейтін және нарықтық үлесі шектеулі кәсіпорын. Бұл кәсіпорындарда басқаруды барлық негізгі стратегиялық шешімдер қабылдайтын құрылтайшылар жүзеге асырады; менеджмент - формальдылықтың және шешім қабылдаудың ұтымды болмауымен сипатталады; Жұмысшылардың менеджмент саласында да, өндіріс саласында да өзара алмастырушылық бар. Шағын бизнес қазіргі уақытта жұмыссыздықпен, қажетті жаңа жұмыс орындарымен сипатталатын Қазақстан экономикасын қамтамасыз етеді. American Express хабарлағандай, барлық жаңа жұмыс орындарын ірі беделді компаниялар емес, жаңа фирмалар жасайды.
Кәсіпорындар мен фирмалар әдетте шығынсыз болған жерлерде кішігірім кәсіпорындар ірі кәсіпорындар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасайды, қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға және қолдау жұмыстарын жүргізуге кең мүмкіндік береді. Шағын кәсіпорындардың жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 64,5%, шаруа қожалықтары - 25,6%, шағын кәсіпкерлік саласындағы заңды тұлғалар - 9,5% құрады.
Дамушы экономикалар үшін шағын бизнесті жандандыру басты рөл атқарады. Бұл елдер үшін кәсіпкерлік - дағдарыстан шығудың жалғыз жолы.
Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi.

104,3
102,1
101,5
101,2
92,4
94,2
100,9
89,1
90,4
90,2
91,7
89,0
92,3
92,3
98,9
99,9
102,4
102,7
103,5
103,0
103,6
95,0
93,6
93,6
95,4
95,8
97,1
97,4
98,1
102,2
102,6
102,9
102,5
103,0
105,7
105,3
95,2
98,1
98,2
96,8
96,1
103,2
104,4
104,4
104,8
105,0
105,2
105,3
80,0
90,0
100,0
110,0
I
I-II
I-III
I-IV
I-V
I-VI
I-VII
I-VIII
I-IX
I-X
I-XI
I-XII
I
I-II
I-III
I-IV
өнім шығарылымы
жұмыспен қамтылғандар саны
белсенді субъектілер саны

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
2010
2009
104,3
102,1
101,5
101,2
92,4
94,2
100,9
89,1
90,4
90,2
91,7
89,0
92,3
92,3
98,9
99,9
102,4
102,7
103,5
103,0
103,6
95,0
93,6
93,6
95,4
95,8
97,1
97,4
98,1
102,2
102,6
102,9
102,5
103,0
105,7
105,3
95,2
98,1
98,2
96,8
96,1
103,2
104,4
104,4
104,8
105,0
105,2
105,3
80,0
90,0
100,0
110,0
I
I-II
I-III
I-IV
I-V
I-VI
I-VII
I-VIII
I-IX
I-X
I-XI
I-XII
I
I-II
I-III
I-IV
өнім шығарылымы
жұмыспен қамтылғандар саны
белсенді субъектілер саны

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
2010
2009

Сурет 1. ШОК субъектілер қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өзгеруі 3

Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады.
Қазақстан Үкіметі де бизнеске ғана емес, барша қоғамға ауыртпалық түсіп отырған кезеңде шағын кәсіпкерлікті қолдады. Салықтық жеңілдіктер қамтылды, тексерістерге мораторийлар сценарийі жүзеге асты. Екінші деңгейлі банктердің бұрынғы екпіні қайтып, олар бизнеске кредит ұсыну қауқарынан айырылғанда, билік қаржы құралдарының ғана емес, солар арқылы кәсіпкерліктің де жағдайын ойлады. Қолжетімді несие жолдарын ашты.
2019 жылғы қаңтарда шағын және орта кәсіпкерліктердің (ШОК) дамуын сипаттайтын негізгі индикаторлардың төмендеу үрдісі сақталуда. Өнім шығарылымының индексі (тұрақты бағаларда) 89,1%-ға дейін төмендеді. Келесі қосымшадан ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштерін байқауға болады. (Қосымша А)
Шағын кәсіпкерліктің келесі артықшылықтары - шағын кәсіпкерліктің экономикадағы динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында, сондай-ақ, басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілетілігі. Соңында шағын кәсіпорындардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.

Сурет 2 - 2019 жылғы 1 сәуірге ШОК белсенді субъектілерінің саны 3.

2019 жылғы қаңтардағы әр тұрғынға шаққандағы ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 2008 жылғы қаңтармен салыстырғанда 12,1 %-ға төмендеді. ШОК белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің халықтың жалпы санындағы 1000 адамға шаққандағы саны 6,1%-ға кеміді. ШОК жұмыспен қамтылғандардың халық-тың жалпы санындағы үлесі 6,3%-ға, экономи-калық белсенді халықтан үлесі 6,5%-ға азайды. 2019 жылғы қаңтар-сәуірде шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім шығарылы-мы 782,4 млрд. теңгені құрады.

Сурет 3 - 2019 жылғы қаңтар-сәуірде ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 3

Сурет 4 - Шағын кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны 3

2008-2019 жылдары Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде мемлекет тарапынан 127 млрд. теңге бөлінді. Былтырғы қазан айындағы жағдайға сәйкес, екінші деңгейлі банктер 2 мың 565 тапсырыс беруші арқылы 123 млрд. теңгеге қаржыландыру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде он мыңға жуық жұмыс орындары ашылыпты. Бизнес жүргізу үшін орын алып жүрген кедергілерді, әкімшілік, тексеруге қатысты тосқауылдарды жоюды қолға алды. Қазақстан Үкіметі жақын арада рұқсатнамалық рәсімдердің 35 пайызға жуық көлемін жоюды көздеп отыр. Бұл 340-тан астам әртүрлі рұқсатнама және 100-ден астам лицензия. Лицензиялық-рұқсатнамалық құжат айналымы жылына шамасы 880 бірлікке азаяды деп күтілуде. Аталмыш рәсімдерді қысқарту мен оңайлатуға бағытталған заң жобасы Үкіметке 2019 жылдың ақпан айында енгізілетін болады.
Осындай жүйелі шаралар нәтижесінде кәсіпкерлік секторында дағдарыс кезеңінде тиімді нәтижелерге қол жеткізілді, шағын бизнес саласында қан жүгірді. Жұртшылықтың жұмыспен қамтылуынан бастап, отандық тауар өндірушілер арасында өзара бәсекелестік те жандана бастады. Шағын және орта бизнес саласында жайлы жағдай қалыптастыру, іскерлік ортаны жақсартау шаралары Қазақстанның түрлі халықаралық рейтингтегі позициясының да нығаюына септігін тигізіпті. Мәселен, Дүниежүзілік банктің жүргізген жыл сайынғы Doing Business - 2019 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
КХП АҚҚАЙНАР АҚ - НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
ФИРМАНЫҢ АЛЬТЕРНАТИВТІ ТЕОРИЯЛАРЫ
Жеке тұлғаларға салынатың салық. Кәсіпкерлерден алынатың салық. Салықтың түрлері және жіктелуі
Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелеу
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Шағын бизнесті ұйымдастыру
Шағын кәсіпорынның экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі
Кәсіпорын экономикасының ішкі жағдайлары
Пәндер