Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ойын арқылы оқыту технологиясы

Жоспар:

  • Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаттары, міндеттері және теориялық негіздері.
  • Ойын арқылы оқыту технологиясының мәні.
  • Ойын іс-әрекетінің негізгі принциптері.
  • Ойын технологиясын ұйымдастыру.
  • Химия пәнінде ойын арқылы оқыту технологиясын қолдану.

Окушыларды тәрбиелеудің, оқытудың және дамытудың көне тәсілдерінің бірі-ойын болып есептеледі. Жинақталған тәжірибені аға ұрпаққа берудің бір тәсілі-ойын арқылы беру. Оның көмегімен оқу, өмірлік проблемалар жағдаяттарын модульдеу және ойындар іс-әрекетінің нақты проблемалар мен қатынастар (экологиялық, саясаттық, әлеуметтік, экономикалық) төңірегінде жинақталуына мүмкіндік бар.

Ойын, оқу, еңбек адамның негізгі іс-әрекетінің түрі. Оқу процесіне ойынның енгізілуі химия пәніне оқушылардың қызығушылығын едәуір арттырады, эмоциялық сезімдерге тола жағдаят туғызады және оларды іс-әрекетке ынталандырады. Ойын мезеттері кез-келген сабақта әр қилы, қызық сәттерді туғызып, эмоциялық бояу береді. Ойын барысында оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасады. Сондықтан да В. В. Сериков ойын арқылы оқытуды жеке тұлғаға бағытталған оқу технологиясына қосады.

Ойын кезінде оқушылардың арасында ортақ байланыс түзіледі, бір-бірімен жарысу белгілері оқу процесін белсенді жүргізуге және химия пәніне танымдық туғызушылыққа баулиды.

Ойын іс-әрекетінің негізгі принциптері:

  • Мақсаты мен мазмұны оқытуға сәйкес келуі;
  • Технологиясы көрнекі және құрылысы қарапайым болуы;
  • Түсінікті болуы:
  • Жүйелі түрде қолдану және түрлі кезеңдерде қиындату;
  • Ойын іс-әрекетінің әр қилылығы;
  • Ойынды әдістемелік қамтамасыз ету, құралдар мен әдістемелерді тиімді үйлестіре білу;
  • Қатынасты, ынтымақтастықты дамыту және эмоциялық климатты қамтамасыз ету;
  • Ойынды ұйымдастыру мен жүргізуде оның сценарийін алдын-ала дайындау және оқушыларды белсенділікке тарту.

Ойын арқылы оқыту технологиясының концептуалды негіздері.

Химияны оқыту әдістемесінде оқу материалын меңгеру барысында ойын әрекетіне үлкен көңіл бөлінеді. Ойын іс- әрекеті оқушылардың өздігінен білім алуында кеңінен қолданылады.

Ойын іс- әрекеті оқытудың әртүлі функцияларын іске асырады. Олар - тәрбиелік, дидактикалық, дамытушылық, әдістемелік, психологиялық.

В. В. Николинаның жүргізген зерттеулері ойын арқылы оқыту технологиясының келесі компоненттерін анықтайды:

  • мотивациялық;
  • бағдарлық;
  • мақсаттық;
  • мазмұнды-операциялық;
  • құндылықты-жігерлі;
  • бағалау;

Жоғарыда қарастырылған ойын компонттері бірнеше құрылымдық элементтерден тұрады. Зерттеушілердің көпшілігі элементтердің мынадай құрылымын белгілейді: ойын мақсаты, ережелері, ойын жағдаяттары, көріністер, ойын іс- әрекеті, нәтиже (l2- кесте) .

l2- кесте. Ойын арқылы оқыту технологиясының компоненттері

Ойын технологиясының компоненті
Ойынның құрылымдық элменттері
Ойын технологиясының компоненті: Мотивациялық
Ойынның құрылымдық элменттері: Бағыт сілтейтін элемент, оқу жағдаяты
Ойын технологиясының компоненті: Бағдарлы-мақсатты
Ойынның құрылымдық элменттері: Ойын мақсаты
Ойын технологиясының компоненті: Мазмұнды-операциялық
Ойынның құрылымдық элменттері: Ойын ережесі, ойын әрекеті
Ойын технологиясының компоненті: Құндылықты-жігерлі
Ойынның құрылымдық элменттері:
Ойын технологиясының компоненті: Бағалау
Ойынның құрылымдық элменттері: Ойын нәтижесі

Ойын технологиясын жіктеу. Жіктеудің бірнеше түрі бар. Біз дидактикалық ойындарды жіктеуді қарастырайық (14- сурет) :

l4-сурет. Дидактикалық ойындардың жіктелуі

Дидактикалық ойындардың жүргізуге қойылатын талаптар:

  1. Ойын тақырыбының сабақтың мақсаты мен тақырыбына сәйкес келуі.
  2. Ойынның мақсаты мен бағыттылығының нақтылығы мен анықталғандығы.
  3. Ойын нәтижесінің қатысушылар мен ұйымдастырушылар үшін маңыздылығы.
  4. Ойын мазмұнының шешілетін мәселенің сипатымен сәйкес келуі
  5. Ойында қолданылатын әрекеттердің түрлері, күрделілік сипаты бойынша күшті болуы.
  6. Ойынға қатысушының ойы мен пікірінің қол жетімділігі және түсініктілігі.
  7. Ойынның стиумдық сипаты.
  8. Ойын ережелерін шектеулерінің нақтылығы мен біртектілігі.
  9. Оқушының ойын іс-әрекетінің нәтижесін реттеу мен бағалаудың ортақ тәсілдері.
  10. Ойын барысы мен нәтижесін реттеу мен бағалаудың ортақ тәсілдері.
  11. Қарым-қатынастың жағымды психологиялық климаты.
  12. Жекелік белсенділік пен шығармашылық үшін кеңістік.
  13. Ойын қатысушыларының арасындағы жарысқа деген белсенділік элементінің міндетті болуы.

Жаттығу сабақтары сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Бұл түрлі сұрақтар, сөз жұмбақтар, ребус, чайнворд, бас қатырғыштар, жұмбақтар және тағы басқа.

Саяхат ойындары. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізуге болады. Ойында оқушылардың белсенді болуы-ауызша әңгімелеуден, сұрақ - жауаптардан, олардың жеке пікірлері мен ойлары арқылы көрініс береді.

Сюжеттік (рөлдік) ойын. Ойын жаттығулары мен ойын - саяхаттан белгілі -бір жағдайды сипаттап, баяндап беруімен, қатысушылардың белгілі -бір рөлге енуімен ерекшеленеді.

Ойын технологиясын ұйымдастыру

Ойын арқылы оқыту технологиясы бір-бірімен байланысқан үш кезеңнен тұрады: дайындық, ойынды жүргізу, қорытынды кезеңдер.

Бірінші кезең. Ойынға дайындық. Оқушылардың ойынға дайындығы 3-4 апта бұрынбасталады. Осы кезеңде мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырады: тақырыбын, жоспарын, қажетті әдебиеттерді, ойын шартын, қарастыратын проблемалар шеңберін айтады, рөлдерді бөледі, кеңес беруді ұйымдастырады.

Екінші кезең. Ойынды өткізу. Ойынды жүргізудің қажетті элементі эмоционалдық екпін және ойынға қызығушылықтың болуы. Осыған орай ойын өтетін бөлмені мұқият безендіру (және әр түрлі оқытудың техникалық құралдырын пайдалану) ерекше жағдай тудырады.

Ойын барысында проблемалық жағдаят шешімін табу керек. Мұнда пікірталас және диалог сияқты тәсілдерді жиі пайдаланған абзал.

Үшінші кезең. Ойын қорытындысын шығару. Мұнда оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейіне, өзіндік шығармашылық ойлауына, сенімнің

Қалыптасуына басты назар аудару керек. Мұғалім ойынның нәтижесінде жеткен жетістіктері мен қатар байқалған кемшіліктерді де атап өткен жөн. Сонымен қатар, ойынға баға беріп, марапаттау да оқушыларды іс-әрекетке жұмылдыруға дем береді.

Әдебиеттер

  1. Сериков В. В. образование и личность. Теория и практика интегрирования образовательных систем. М., 1999.
  2. Кулинич Г. С., Николина В. В. Географические игры в обучении и воспитание учащихся. Горький, 1990
  3. Обучающие игры по химии и методика их проведения. М., 1980
  4. Кавтарадзе Д. Н. Обучение и игра . Введение в активные методы обучения. М., 1998
  5. Шакирова С. М. дидактические игры в процессе обучения. // Химия в школе. -2010, №8

13 лек. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

  • Сын тұрғысынан ойлауға түсінік
  • Сын тұрғысынан және шығармашылық ойлаудағы өзара байланыс
  • Технология алгоритмдегі үш кезең ( фаза)
  • Технологияның тәсілдері және оларды химияны оқытуда қолдану
  • Рефлексия- технологияның негізгі көзі.

Жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стиль, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез- келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыружолдарын және нәтижесін білу, оларды өз мүмкіндігіңе, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатыңа пайдалана білу.

Технологияның мақсаты- барлық жастағы оқушыларды кез- келген мазмұнғасын тұрғысынан қарауды сабақта және сабақтан тыс уақытта уйрету.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- ой қозғай отырып, оқушылардың өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жасау. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет.

Ол ортада оқушы:

  • Ойлауға үйренуге.
  • Өзара пікірлерімен санас біледі.
  • Әр оқушыға сын тұрғысынан ойлауды қабілеті бар екендігіне сенеді.
  • Еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жұмыс жүйесі

Практикалық іс-әрекетке Қажет болса көзқарас

бөлу өзгерту

Білім іскерлік дағдыны Ой айтуға үйрету

қалыптастыру

Басқаларды тыңдау Әдістері

Белсенділік Қарым-қатынас жасауға

үйрету

Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқан оқушы:

  • Нақты мақсат қоюға дағдыланады.
  • Өзіне деген сенім артады.
  • Оқу процесіне белсенді қатысады.
  • Жолдастарының пікірін сыйлайды.
  • Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.
  • Айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болады және алуан түрлі жауап бере алады.
  • Сараптауға, бағалауға дағдыланады.
  • Пәнге деген қызығушылығы артады.

Сыни ойлау бұл:

  • қызығушылықты көрсету
  • зерттеу әдістерін қолдану
  • өз алдыңа сұрақ қою
  • сол сұрақтың жауабын іздеуді жоспарлау
  • деректердің себебі мен салдарын ашу
  • көпшілік қабылдаған ақиқатқа күмәнмен қарау
  • өзіндік көзқарасыңды логикалық пікірлерімен дәлелдеу арқылы сақтап қалу
  • қарсыластың дәлелдері мен логикалық мәніне көңіл аудару.

Сыни ойлау туралы Ресейде П. Ф. Каптерев (1849-1922) « . . . бала мұндай ойды тудыру арқылы, өздігінен жаңа білімді қабылдап, игере алады. Ойлаудың реттілігі мен мақсаттылығы, өзге және өзіндік ойларға, теориялық болжамдарға, бақылаушылық, өзіндік жұмысқа дайын болуға сыни қарым - қатынас қалыптастыру» деген.

СТО мен дамыта оқытудың 1) мақсаттары 2) міндеттері, 3) әдістері, 4) алынатын нәтижелері бойынша жақын екендігін байқауға болады.

Сын тұрғысынан оқыту- жеке тұлғаға әсер етеді:

  • танымдық үрдістеріне
  • еріктік үрдістеріне
  • сезімдеріне.

Екінші кезеңде оларды талдап, топтастыру қажет. Маңыздылығы бойынша топтастыпу нәтижесі;

І Әдістердің түрлілігі

ІІ Белсенді практикалық іс - әрекетте болу

ІІІ Басқалармен қарым- қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу.

ІҮ Қажет болса өз көзқарасыңды өзгерту

Ү Топтық тұжырымға келе білу.

ҮІ Топ алдында шығып, өз тұжырымыңды айта білу.

Сын тұрғысынан ойлау 4 бөліктен тұрады:

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалаулаларын басқалардан тәуелсіз құратын болады.

Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Саналы дәлелдер арқылы жаңалық ашуға бейім келеді.

Ойлау түрлері, оны химия пәнін оқып- үйренуде қалыптастыру және дамыту

Ойлау дегеніміз- әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі.

Ойлауды дамыту- оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлау түрлерін жіктеудің бірнеше бағыты шешімін табуда:

  • практикалық іс- әрекеттілік
  • көрнекілікті- бейнелі
  • сөзді- логикалы

Ойлау әрекеті барысында химия пәнін оқып уйрену үшін оқушы ерекше ойлау қызметтерін орындайды. Бұлардың негізгілері: анализ, синтез, салыстыру, абстракциялау, нақтылау, жалпылау.

1. Анализ- ой арқылы түрлі заттарды, құбылыстарды жеке белгілері мен қасиеттері арқылы бөліктерге бөлу.

Анализ жүргізу үшін:

  • ойменбүтінді жіктеу
  • нысанның мәнді жақтарын анықтау
  • әр бөлікті зерттеу
  • нысан бөліктерін біртұтас етіп біріктіру керек.

2. Синтез - ой арқылы заттың немесе құбылыстың құраушы бөліктерін біріктіру. Синтез операциясы анализ тәсілдеріне қарама- қарсы. Синтезге мынадай іс- әрекет қажет:

  • белгілі білімдер мен ортаның арасындағы сәйкес жаңа проблеманы табу
  • негізгі заңдарды жаңа проблемаға көшіру
  • жаға проблема бойынша қорытындыны қалыптастыру.

3. Абстракциялау - оқып үйренетін заттар мен құбылыстарды қосымша, мәні аз белгісінен ойша ажырытамыз.

Абстракциялау үшін:

  • заттармен олардың арасындағы қатынастардың белгілерінің бірнеше қасиеттерін ойша ажырату
  • олардың қандай да бір елеулі қасиеттері мен қатынастарын белгілеу
  • танылуға қажет нәрсенің басқа қасиеттерін бөліп тастау
  • нысанның бөліп алынған негізгі бөлігін оқшау қарастырып, ойлаудың дербес элементіне айналдыру қажет.

4. Салыстыру - бұл әр түрлі заттар мен құбылыстардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағытталған ой операциясы.

5. Нақтылау - абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, жеке заттар мен нәрселер туралы операциясы. Нақтылау кезеңдері;

  • қарастыратын заттардың қасиеттерін және белгілерін бөлу
  • бөліп алған заттарды жаңа қасиеттерімен толықтыру
  • бөліп алған заттарды бұрынғы және жаңа қасиеттерімен қарастыру.

6. Жалпылау - заттар мен құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау кезеңдері:

  • жалпылауға қатысатын нысандардың бір- бірінен айырмашылықтарын табу
  • нысандардың ұқса белгілерін жинақтау
  • елеулі белгілерін табу
  • нысандардың маңызды жалпы белгілерін табу
  • қорытынды жасау.

Сын тұрғысынан және шығармашылық (креативті) ойлаудағы өзара байланыс

« Шығармашылық қызығушылық » ұғымының мазмұнын психологтар мен педагогтар былай сипаттайды:

  • жаңалықты сезінуге деген тұлғаның сезімдері, жаңалыққа ұмтылу, жаңа жағдайға қарай әрекет түрлерін тез арада өзгерте алу қабілеті (Ю. Н. Кулюткин)
  • тұлғаның шығармашылыққа бағытталған позициясы, бағыттылықтары (А. М. Матюшкин)
  • индивидтің шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін көрсететін қасиет (Л. В. Занков)

Көптеген зерттеушілер креативтіліктің анықтамасында тұлғаның ерекшелігіне немесе қасиетіне басты назар аударады. Дж. Гильфорд креативтілікпен шығармашылық -табыстышығармашылық, ойлауға ықпал ететін қабілеттер мен басқа ерекшеліктерінің жиынтығы тәрізді анықталуы мүмкін деп есептейді.

Креативтілік деген не?

К. Тейлор мен В. Тереховтың пікірінше, креативтілік - ойлау әрекетінің қарқынды болуына ықпал етумен қатар, жаңа өнім немесе шығармашылық ойлауды - ойлау әрекетінің қарқынды болуына ықпал етумен қатар, жаңа өнім немесе шығармашылық ойлаудың нәтижесі.

Педагогика мен психология ғылымында «креативтілік» ұғымы (лат. creatio-ойлап шығару) индивид бойынан табылатын шығырмашылыққа қабілеттілік ретінде түсіндіріледі.

Креативтіліктің негізгі шартының бірі- адамның өзін -өзі ұстауы мен өзіне деген сенімділігі, өзін- өзі жетілдіруі, тәрбиелеуі.

8. Технология алгоритміндегі үш кезең (фаза)

Технология бойынша әр сабақ үш фазадан тұрады (16- сурет)

  • қызығушылықты ояту
  • мағынаны ашу
  • ой толғаныс

Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»

Кезеңнін мақсаттары

  • оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру
  • оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту
  • оқушының белсенділігін ояту.

14-кесте. Қызығушылықты ояту кезеңі

Оқушының іс- әрекеті
Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
Оқушының іс- әрекетіҚолдануға болатын әдістер мен тәсілдерОқушы оқылатын мәселелер бойынша «Белгілі ақпараттар» тізімін түйінне білетінін еске түсіреді, жауап алуға сөздер бойынша- әңгіме, дұрысқажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын және дұрыс емесін мақұлдау.тұжырымдайды.Бірінші кезеңде алынған ақпарттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жұмыс дара, жұп және топ бойынша жүргізіледі.:

Оқушы оқылатын мәселелер бойынша «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін

не білетінін еске түсіреді, жауап алуға сөздер бойынша- әңгіме, дұрыс

қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын және дұрыс емесін мақұлдау.

тұжырымдайды.

Бірінші кезеңде алынған ақпарттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жұмыс дара, жұп және топ бойынша жүргізіледі.

Оқушының іс- әрекеті:
Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер:
Оқушының іс- әрекетіҚолдануға болатын әдістер мен тәсілдерОқушы оқылатын мәселелер бойынша «Белгілі ақпараттар» тізімін түйінне білетінін еске түсіреді, жауап алуға сөздер бойынша- әңгіме, дұрысқажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын және дұрыс емесін мақұлдау.тұжырымдайды.Бірінші кезеңде алынған ақпарттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жұмыс дара, жұп және топ бойынша жүргізіледі.:
Оқушының іс- әрекеті:

Екінші кезең «Мағынаны ашу»

Кезеңнін мақсаты

  • жаңа ақпаратпен танысу
  • жаңа ақпараттармен өз білімімен ара- қатынас белгілеу.

15-кесте. Мағынаны ашу кезеңі

Оқушының іс-әрекеті Қолдануға болатын әдістермен тәсілдермұғалім ұсынған белсенді оқыту Белсенді оқу әдістерінәдістерін қолданып оқушылар жаңа қолдану:тақырып материалдарын тыңдайды. -инсерт, қосымша журнал,жаңа ақпараттардың мәнінсабақтың бірінші кезеңіндетүсіну барысында мәтін шетіне белгі қойылған сұрақтарға белсендіқояды. түрде жауап іздеу.жұмыс істеу барысында өзтүсінгенін қадағалайды, белсендіәрекет етеді.:

Оқушының іс-әрекеті Қолдануға болатын әдістер

мен тәсілдер

мұғалім ұсынған белсенді оқыту Белсенді оқу әдістерін

әдістерін қолданып оқушылар жаңа қолдану:

тақырып материалдарын тыңдайды. -инсерт, қосымша журнал,

  • жаңа ақпараттардың мәнінсабақтың бірінші кезеңінде

түсіну барысында мәтін шетіне белгі қойылған сұрақтарға белсенді

қояды. түрде жауап іздеу.

  • жұмыс істеу барысында өз

түсінгенін қадағалайды, белсенді

әрекет етеді.

Үшінші кезең «Ой толғау»

Кезеңнін мақсаты:

  • қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу
  • оқылған материалды талдау және қорытындылау.
  • тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.

16-кесте. Ой толғау кезеңі

Оқушының іс- әрекеті Қолдануға болатын әдістер-Мағынаны тану кезеңінде білімге -кластер құрусүйеніп, оқушылар бұрын және -түйін сөздерге қайта оралусабақ барысында не үйренгенін -рефлексивті сұрақтарсалыстырады. - пікір алмасу-өзіне қойған сұрақтарға мағыналы -шығармашылық жұмыстар жазужауап алғандарын бағалайды. -синквейн, эссе.-білімдерінің нәтижесін шығарады,жаңа идеяларды ойластырады.:

Оқушының іс- әрекеті Қолдануға болатын әдістер

-Мағынаны тану кезеңінде білімге -кластер құру

сүйеніп, оқушылар бұрын және -түйін сөздерге қайта оралу

сабақ барысында не үйренгенін -рефлексивті сұрақтар

салыстырады. - пікір алмасу

-өзіне қойған сұрақтарға мағыналы -шығармашылық жұмыстар жазу

жауап алғандарын бағалайды. -синквейн, эссе.

-білімдерінің нәтижесін шығарады,

жаңа идеяларды ойластырады.

9. Технологияның тәсілдері және оларды химияны оқытуда қолдану

Оқытудың тиімділігін сапасын арттыруда «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқытудың шығармашылық сипатын күшейтуге маңызы ерекше.

ЖИГСО Галерея

Топтау Елестету

Сұхбат INSERT

Түртіп алуСТО Сурет арқылы

Кубик-рубик Ұқсастық

Қос шеңбер Бес жол өлең

Иә, жоқ

Жигсо. Ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты- жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Екі түрлі түсініктеме күнделігі. Бөліктің оң жағына Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол жағына Әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады.

Кластер(топтастыру) бұл тәсілдің авторы Гудлат.

Инсерт(түртіп алу) жүйесі. Оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады.

Венн диаграммасы- бір -бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін обьектілердің сипаттамалары жазылады.

«Синквейн» тәсілі. Жазу ережесі:

1) Бір сөзбен тақырып жазылады

2) Тақырыпты екі сөзбен келтіруі

3) Үш сөзбен осы тақырып бойыншаіс- әрекет жазылады.

4) Төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем

5) Тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним жазылады.

Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптың ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады.

Кубизм стратегиясы - кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Бір затты сан қырынан тануға мүмкіндік алады.

Болжам стратегиясы. Оқиға сюжеті арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.

Әңгіме стратегиясы. Өзіне- өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.

Рефлексия- технологияның негізгі фазасы.

Рефлексия сөзі ағылшын тілінен енген ( reflection- an idea or opinion or statement resulting from deep and careful thought) «кері байланыс», «қайтарым», «өзін-өзі бағалау және өзін-өзі талдау», «өзара түсіністік және өзара әрекет». Рефлексия- өзіндңк іс-әрекеттер мен заңдарды түсінуге бағытталған адамның теориялық қарекетінің нысаны, ойлауы, өзін -өзі бақылау, өзін-өзі тану.

Әдебиеттер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Сыни ойлау туралы түсінік
Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымына жалпы түсінік
Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқыту
Педагогикалық инновацияларды лақап новаторлардан қорғау
Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz