Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Нұр-Сұлтан қаласы

Гуманитарлық колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Мектепке дейінгі жастағы баланың өзін-өзі бағалауы»

Тексерген: Дюсекеиева А. А.

Орындаған : Хуандаг М. Ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 тарау. Өзін-өзі тәрбиелеу, бағалау - өмір талабы

1. 1. Өзін-өзі бағалау мәселесіне жалпы түсінік . . . 6

1. 2. Өзіңді өзің тану - адамгершілік құндылықтардың негізі . . . 9

2 тарау. Мектепке дейінгі балалардың өзін-өзі бағалауына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері

2. 1. Өзін-өзі бағалау . . . 11

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде балабақшаларда баланың жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Тәрбиесіз толыққанды тұлға тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан мұнда бала бейнесі, яғни адам бейнесі маңызды. Біз көбіне баланың шынайы бейнесін емес, өзіміз қалаған бейнені, бала идеалын көреміз. Баланы субъекті ретінде емес, объект ретінде көріп келдік. Тек соңғы жылдары ғана оған субъект ретінде мән берілуде және оның өзегі болып табылатын басты қасиеттері мен сапаларды айқындуға ұмтылыстар жасалып келеді. Ал біз В. С. Кукушкин қасиеттерді емес тұлғада жүретін үрдісті көрсетудің, маңызды деген пікірге қосылсақ, тұлғада жүретін: өзін-өзі тану; өзін-өзі көрсету; өзіне-өзі сену; өзін-өзі анықтау; өзін-өзі іске асыру; өзін-өзі реттеу және т. с. с. үрдістердің мәні мен маңызы зор.

Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н. Назарбаев: « . . . жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық жэне дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік - адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» - деп атап көрсетті.

Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, А. И. Липкина, И. И. Чеснакова т. б. ) .

Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (Коссов Б. Б, Сафин З. В, Спичак С. Ф. т. б. ) .

Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж. Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен Р. Ш. Сабырова, С. Ж. Өмірбекова және Л. С. Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді.

Қазіргі қоғамда балалардың өзін-өзі бағалауын психологиялық тұрғыда зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі әрқашан да зор. Сондықтан да, біздің зерттеуіміз өзін-өзі бағалау оқытудың табыстылығына әсер ететінін негіздей отырып, балалардың өзін-өзі бағалауына арналады. Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау Отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар (А. Е. Берікханова, Б. Г. Ананьев, Ю. К. Бабанский, П. П. Блонский, Дж. Брунер, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, Э. Ф. Голубева, А. Н. Леонтьев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, Д. Б. Эльконин, А. И. Липкина) еңбектерінен көрініс тапты.

Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолында негізінен Е. С. Кузьминнің, А. А. Свинецскийдің, К. Роджерстің, А. Маслоудың тағы басқа ғалымдардың тұжырымдаулары бойынша тұлғаның өзін - өзі бағалауы, өзіндік «Менін» бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті қабылдауы, әлеуметтік - психологиялық қасиеттерін қарастырудықң маңызы зор! Тұлғаның қоршаған ортамен қарым - қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның әлеуметтік есею ұғымымен түсіндіріледі. Шетел психологиясында тұлғаның әлеуметтік есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Адамдар өз жағдайларын өздері құрайды. Сонда әлеуметтік жағдайды қатысушылардың әрекеттері құрайды. Әлеуметтік орта өздігінеен өгеретін ауа - райынан өзгеше болып келеді. Ол үйі сияқты, біз оны өзіміз құраймыз.

Тәрбиеші мен балалар мақсатына жетуге бағдарланған арнайы ұйымдастырылған басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті. Сондықтан оның өзіндік ерекшеліктері, жүйесі болуы заңды. Балабақшаның кешенді тәрбие жүйесіне сүйене отырып, бағыт бағдарды айқындап жүйелі нақты тәрбие жоспарын жасалды.

Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі балалардың өзін өзі бағалау ерекшеліктерімен танысу.

Зерттеу міндеттері: Балалардың өзін өзі тану ерекшеліктері мен бағалау ерекшеліктері туралы түсінік беру және өзін өзі бағалау әдістерімен таныстыру, психологиялық тренингтер пайдаланудың ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі балалар.

Зерттеу пәні: оқу іс-әрекетіндегі өзін өзі тану, бағлау диагностикасы.

Зерттеудің теориялық мәні: Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж. Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен Р. Ш. Сабырова, С. Ж. Өмірбекова және Л. С. Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді.

Зерттеу әдістері және процедуралары. Ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау; ата-аналар және мұғалімдермен әңгіме, сұхбат жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 тарау. Өзін-өзі тәрбиелеу, бағалау - өмір талабы

1. 1. Өзін-өзі бағалау мәселесіне жалпы түсінік

Адамдардың өзін-өзі тәрбиелеу, бағалау дегеніміз - жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам - жеке тұлға. Мектепке дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулері керек.

Адам өзін-өзі тәрбиелейді, алдына мақсат қоя біледі, сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстау қажет. Адам ен бастысы жоғары адамгершілікте болса ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады.

Жеке тұлға қалыптасуының маңызды факторы өзін - өзі бағалау болып табылады. Балалар өзін - өзі бағалауды қалыптастыру мәселесі - оның тұлғасының дамуын анықтайтын маңызды мәселе. Міне, сондықтан да балалардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері мәселесі психологтардың назарына алынып, бүгінгі күн талабына сай мәселелердің бірі болып отырады.

Өзін - өзі бағалаумен байланысты мәселелер кеңестік кезең зерттеушілері - Л. С. Выготскийдің, С. Л. Рубинштейннің, В. В. Давыдовтың, Л. И. Божович, Э. Эриксонның, М. С. Тайчиновтың т. б., сондай - ақ шетел зерттеушілері - Р. Бернс, Куперслиздің, Скоттың зерттеген еңбектерінде жан - жақты қарастырылған.

Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік бағдарламасын нақты орындауға көмектескен өзін-өзі түзету мысалдары өте көп кездеседі. Өзін-өзі түзету өзін-өзі жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі. Л. Н. Толстой «Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды»- деп бекер айтпаған.

Тәрбиенің демократиялық жүйесі баланың, басқа адамдар ықпалына бағынышты болмай, керісінше өзінің қабілеттері мен күштерін бағалап, өз дамуын өздігінше анықтауға үйрететін бірден-бір жүйе болып саналады. Тәрбиенің осындай нәтижесі тек қана педагог пен өсіп келе жатқан баланың тығыз ынтымақтастығы негізінде ғана мүмкін болады.

Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.

Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.

Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - деген мұғалімнің сұрағына бала өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді.

Тәрбие жұмысының нәтижелерін балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, балаларды өзін-өзі сендіруге үйрету, балалардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.

Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану

Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.

Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:

• балалардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.

• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.

• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.

Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.

Адамдар арасындағы өзара қатынастар белгілі дәрежеде бағалау сипатына ие болады, мұның педагогикалық қызметтегі орны зор.

Бағалау мен өзін-өзі бағалауды педагогикалық үрдісті зерттеу балаларға тиімді ықпал жасауда, өзара қатынас орнатуда жұмыс туралы болуы қажет. Өзін-өзі бағалау әдісі, егер адам өз әрекеттерін бағаласа, оның нақты тәртібі жөнінде объективті деректер береді. Ол адам бойында сенімділік, өз-өзін бағалау дәрежесін анықтауға мүмкіндік ашады. Бағалауды өз-өзін бағалаумен салыстыру адамдар арасындағы өзара қатынастарды, жанжалдарды айқындауға жол беретін ерекше әдіс ретінде көрініс алады.

1. 2. Өзіңді өзің тану - адамгершілік құндылықтардың негізі

Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Тәрбие әдістері, құралдары, формалары
Тәрбиенің жалпы әдістері
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Ойын- тәрбие әдісі
Қазіргі бастауыш мектеп педагогикасындағы тәрбие әдістері мен формалары
Шығармашылық қабілетті дамыту
Тәрбие әдістерін таңдау
Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі пәні. Лекция тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz