Элджернонға арналған гүл романындағы кейіпкер бейнесінің ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және Білім министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Шетел филологиясы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Дэниел Киздің Элджернонға арналған гүл
романындағы ерекше адамның бейнесі

Орындаған: Мухатаева С.А.

2019 - 2020 жылы
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
ӘДЕБИЕТТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕ ТҮСІНІГІ.
Бейне дегеніміз не?
Бейненің түрлері.
Лингвистика саласындағы ерекше адам бейнесі.

ЭЛДЖЕРНОНҒА АРНАЛҒАН ГҮЛ РОМАНЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМЫН, БАСТЫ КЕЙІПКЕРДІҢ БЕЙНЕСІН АШУ.
Элджернонға арналған гүл романындағы басты кейіпкердің бейнесі.
Элджернонға арналған гүл романындағы кейіпкер бейнесінің ерекшелігі.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Әрбір көркем шығарма күрделі және көп қырлы тұтас болып табылады. Кез келген шығарма тек қана автордың баяндауынан ғана емес, кейіпкер тілінен де тұрады. Сондықтан әр шығарманы жандандыратын, өмір беретін, әрине шығарма барысында танысатын кейіпкерлер. Ал кейіпкерлер сан-алуан түрлі болады. Мәселен, біреуі жас, біреуінің жасы үлкен, мінезі жуас не мінезі ауыр, келбеті сұлу не керісінше ұсқынсыз болуы мүмкін. Кез келген оқырман шығарманы оқу барысында болып жатқан жайттарды, қай жерде болып жатқанын, оның айналасын, ең бастысы кейіпкерлердің түрлерін көз алдына елестетуге тырысады. Бұның барлығы жазушының айналаны суреттеуінен, кейіпкерлерге белгілі бір бейне беруінен пайда болады. Сондықтан әдебиеттегі бейненің немесе образдың маңызы өте зор.
Өзіміз білетіндей, бейне немесе образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады.
Кейіпкерді бейнелеу оңай жұмыстардың бірі емес. Себебі, кейіпкерді суреттеу тек оның сыртқы келбетінен ғана тұрмайды. Белгілі бір оқиға кейіпкерінің оқырманға жағымды немесе жағымсыз болып көрінуі үшін оның өзіне ғана тән ерекшеліктеріне, жасына, өмірге деген көзқарасына, жеке өміріне, қоғамдағы алатын орнына, ішкі және сыртқы келбетіне міндетті түрде тоқталу керек. Ең бастысы әр кейіпкердің көркем бейнесі оның сөздері арқылы ашылатынын ұмытпауымыз керек.
Алдында айтып кеткендей, кейіпкерді бейнелеу оңай жұмыстардың бірі емес. Ал ерекше адамдардың бейнесін жеткізу одан да қиынырақ болуы мүмкін. Ерекше деп, өзі айтып тұрғандай, бұл өзімізге үйреншікті кейіпкер емес. Бұндай адамдарға сөйлеу қиынға түседі, сондықтан олардың мінез-құлқын, басқа кейіпкерлерге немесе өзіне қарым-қатынасын суреттеу үшін үлкен шеберлік қажет болады.
Қазіргі заманда күннен күнге әр түрлі психикалық аурулардың саны өсуде. Соның ішінде емі табылмаған ауру түрлері көп, оның бірі Альцгеймер ауруы. Менің зерттеуімнің негізгі тақырыбы Альцгеймер ауруына шалдыққан кейіпкер жайлы. Бұл ауру бізге тікелей миға байланысты екені мәлім. Мінездің өзгеруі, ұмытшақтық, интеллектінің төмен болуы тағы да басқа Альцгеймер ауруына тән белгілер Элджернонға арналған гүл романының басты кейіпкері Чарли Гордонда да болды.
Танымал америкалық жазушы, әрі филолог Дэниел Киздің Элджернонға арналған гүл романы Америка мектептерінде міндетті оқу бағдарламасының бөлігі болып табылады. Бұл ғылыми фантастика жанрындағы жалғыз оқиға, оның авторы алдымен оқиға үшін, кейін сюжеті бар роман үшін екі рет марапатталған. Шығарманың басты кейіпкері отыз үш жастағы Чарли Гордонның ақыл-есі кем болып табылады. Оған қарамастан, оның жұмысы, достары және білім алуға деген ұмтылысы болады. Ақылды боламын деген үмітпен қауіпті ғылыми тәжірибеге қатысуға келіседі. Жалпы роман Чарли Гордон есімді ақыл-есі кем адам және Элджернон атты тышқан жайлы әңгіме. Адам мен жануар интеллектті жасанды түрде арттыру үшін эксперимент объектісіне айналады. Тәжірибе сәтті өткендей болады, соңғы уақытқа дейін ақыл-есі кем болған Чарли ақылды бола бастады. Алайда, бұл әлем үшін тым ақылдыға айналады.
Жалпы осы зерттеудің нысаны Дэниэл Киз Элджернонға арналған гүл романының мәтіні болып табылады.
Бұл зерттеудің пәні - бейне, бейненің ерекшеліктері және ерекше адам бейнесі.
Дипломдық жұмыстың мақсат-міндеттері: жұмыстың негізгі мақсаты әдебиеттану саласындағы бейне тақырыбын ашу, оның түрлерін, әдебиеттегі алатын орнын анықтау, шығармадағы ерекше адам болып табылатын басты кейіпкер Чарли Гордонның бейнесін анықтап, оған айналасындағы басқа адамдардың қарым-қатынасын жан-жақты талқылау. Шығарманың басты кейіпкері өзімізге үйреншікті кейіпкерлердің бірі емес болғандықтан, оның бейнесінің ерекшеліктерін талдау. Жалпы әдебиеттегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың бейнесі арқылы қоғамдағы рөлін анықтау.
Зерттеу мақсатына сәйкес келесідей міндеттер шешіледі:
Әдебиеттану саласындағы бейне тақырыбын ашу;
Бейненің түрлеріне тоқталу;
ерекше адам бейнесін талдау;
4) Дэниел Киздің шығармасымен танысып, оның басқа да енбектерін саралау;
5) Элджернонға арналған гүл романының мәтініндегі басты кейіпкердің бейнесін қарастыру;
6) Элджернонға арналған гүл романындағы ерекше адамға берілген бейненің ерекшеліктеріне тұжырым жасау.
Жоғарыда айтылған міндеттерді шешу кезінде ғылыми зерттеудің келесі әдістері мен тәсілдері жұмыста пайдаланылды: жалпы ғылыми (деректерді салыстыру, қорыту, талдау) және жалпы лингвистикалық (талдау, салыстырмалы әдіс, суреттеу).
Тақырыптың өзектілігі: менің бұл тақырыпты таңдап алған себептерімнің бірі, ерекше адамдар жайлы тақырыптар мені өте қатты қызықтырады. Ағылшын әдебиетінен болсын, қазақ әдебиетінен болсын, жазушылардың осындай мәселелерге байланысты жазған әдеби жұмыстары өзіме ерекше әсер береді. Басты кейіпкердің оқиғаның басынан қиыншылықтарға тап болып, оқиға бойы қалай күрескені жайлы немесе қандай кедергілермен арпалысуы мүмкін екенін білгім келеді. Екіншіден, дәл Элджернонға арналған гүл романын алуымның себебі, ақыл-парасатынан айырылған басты кейіпкер Чарли Гордонның бейнесінің ұнағаны, оның ешқандай қиындықтарға қарамастан, жан-тәнімен ақылды болғысы келетіні маған ықпалын тигізді.
Осы дипломдық жұмысты зерттеудің өзектілігі. Оқиғаның идеясы романның авторы Дэниел Киздің бастан кешкен жағдайларынан алынған. Элджернонға арналған гүл жұмысына әлі күнге дейін әр түрлі елдерде фильмдер түсіріліп, театрларда қойылымдар көрсетіледі. Дэниел Киз екі бірдей ең танымал екі ғылыми еңбегі үшін ағылшын ғылыми фантастикасына ие болды. 1960 жылы Элджернонға арналған гүл әңгімесі үшін Хьюго сыйлығына, ал 1966 жылы Небьюла сыйлығына ие болды. 1968 жылы режиссер Ральф Нельсон Элджернонға арналған гүл романына негізделген Чарли атты сәтті фильм түсірді. Чарли Гордон рөлін сомдаған актер Клифф Робертсон Оскар-ға ие болды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы роман мәтініндегі бейне түсінігін және оның түрлерін тереңірек білуге, әрі ерекше адам бейнесін жақсырақ түсінуге көмектеседі.
Теориялық маңыздылығы болып бұл зерттеу материалдары әдебиеттану және лингвистика саласында қолданылуы мүмкін.
Зерттеудің жаңалығы - зерттеу автордың ең үздік романдарының бірі Элджернонға арналған гүл шығармасының материалында жасалынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері баяндалады.
I тарауда әдебиеттану саласындағы бейне түсінігі және оның түрлері жайлы баяндалады. Сонымен қоса, лингвистика саласындағы ерекше адам бейнесі жайлы сипатталады.
II тарауда тікелей талдау жүргізіледі. Дэниел Киздің "Элджернонға арналған гүл" шығармасының сюжеті, басты кейіпкерінің бейнесі, басты кейіпкер бейнесінің ерекшеліктері талданады.
Қорытынды бөлімінде осы тақырып бойынша баяндалатын қорытынды және жұмыстар үшін алдағы перспективалар белгіленеді.
Зерттеу жұмысының соңында қолданылған әдебиеттер тізімі беріледі.

ӘДЕБИЕТТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕ ТҮСІНІГІ.

Бейне дегеніміз не?
Көркем әдебиеттегі жинақталған адам образы - типтік бейне болып аталады. Шығарма барысындағы адам өмірі, оның басқа адамдармен қарым-қатынасы, ойы мен сезімдері, мінез-құлықтары суреттеледі. Жазушы шығармасында тек бір кейіпкерді ғана сипаттамай, сол адамның өмір сүрген ортасына да, оны қоршаған адамдарға тән сипаттама береді.
Бейне - көркем әдебиетте немесе көркем шығармада суреттелген адам өмірінің бейнесі; жазушы, өмірді бейнелеп, ол туралы өз ойларын білдіреді, бейненің көмегімен әртүрлі жағдайларда адамдардың мінез-құлқына, табиғат құбылыстарына деген көзқарасын ашады және оларды шығармада көрсете отырып, оқырмандарға да сондай қарым-қатынас туғызуға ұмтылады.
Бейне, өмірдің бейнелі көрінісі - өнердің негізгі ерекшелігі, атап айтқанда, көркем әдебиеттің өмірді бейнелеудің ерекше түрі ретінде, өмірді тану және оған әсер ету болып табылады.
Ғалымдар бұндай ұғымдардағы шыңдықты тікелей жалпылайтын болса, жазушылар кейіпкердің өмірін және оған деген қарым-қатынасын көрсетеді, адам өмірінің бейнесін, оның іс-әрекеті мен уайым-қайғысын бейнелейді. Ал оқырман болса, жазушыға қажетті тұжырымдарға келіп, өзі айтқан өмірдің қыр-сырын жалпылап түсінеді.
"Ақын образдармен ойлайды, ол шыңдықты дәлелдемейді, оны көрсетеді", - деп көркем шығармашылықтың негізгі ерекшелігін осылайша ұлы орыс сыншысы В. Г. Белинский сипаттаған болатын.
Адам өмірінің бейнесін салу арқылы, жазушы өмірлік жағдайдың жеке ерекшеліктерін, адамның сыртқы келбетін, табиғатты және тағы басқаларын сақтайды. Сондықтан көркем шығармадағы өмірдің жеке бейнесі жалпылама мағынаға ие: жазушымен бейнеленген құбылыс өмірде осындай құбылыстардың барлық шеңберін түсіндіреді, бұл құбылыстардың неден туындайтынын, неге олар шын мәнінде бар екенін тануға және түсінуге мүмкіндік береді. Бұл өмір суреттерін жазушы өмірге деген көзқарасын білдіру, оған баға беру, оқырманға оған әрекет етуге көмектесу үшін бейнелейді. Сондықтан көркем шығармадағы бейнелердің жеке және жалпылама-танымдық мәні ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәні бар: көркем бейнеде өзінің идеалдарын іске асыра отырып, жазушы оқырманды өмірде керемет деп санайды.
Бейнені құру барысында жазушының идеясы, оның өмірлік идеалдары, өмірлік құбылыстарын түсінуі, сұрақтарының тереңдігі, оның өмірлік тәжірибесі шешуші рөл атқарады, сонымен қатар көркем-қиял, жазушыға өмірдің бейнесін шынайы әрі дұрыс бейнелеуге мүмкіндік береді.
Көркем шығармада көбінесе бір-бірімен байланысты өмірдің жеке картиналары бейнеленген, дәлірек айтқанда, жазушы өмірді жеке образдарда емес, оны толық бейнелейді. Ол өмірлік құбылыстардың жеке ерекшеліктерін сақтайды, оларды адамның қабылдауымен байланыстырады, оларды қорытады және оларда өзінің идеалдарын білдіреді.
Образ, көркем бейне - шыңдықты танып-білуде өнер мен әдебиетке тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты образ деп атайды. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-шығармашылық бастау өзара бірлікте көрініс табады. Образ нақты шыңдыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шыңдықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған бейне шыңдыкты өзгеше, жаңа бір қырынан шығармашылық тұрғыдан түсіндіруді мақсат етеді.
Көркем әдебиет ретінде бейне оқырманға әдебиет әлемін жақсырақ елестетуге, сонымен қатар туындыға символизм қосуға мүмкіндік беретін сипаттамалық тілден тұрады. Бейне бес сезімге, атап айтқанда, дәм, жанасу, көру, иіс және дыбыстық бөлшектерге сүйенеді. Сондай-ақ, бейне дененің қозғалыс сезімі, адамның эмоциясы немесе сезімдері, мысалы, қорқыныш немесе үрей жайлы егжей-тегжейлерді қамтуы да мүмкін. Бейне арқылы оқырман автор жасаған қиял әлемін толыққанды түсініп, көз алдына елестете алады.
Біз бір-бірімізге ойымызды жеткізу үшін күнделікті сөйлеу бейнелерін пайдаланамыз. Міне, әрбір бес сезімнің бірнеше үлгісі:
Дәмі: Таныс мүкжидек тұздығының дәмі оған оның жастық шағын еске салды.
Дыбыс: Концерттің қатты болғаны соншалық, оның құлағы бірнеше күн бойы шулады.
Көрініс: Күннің батуы өмірде көрген ең әдемі көріністердің бірі; бұлттар болса, қызғылт және алтын түстермен көмкерілген.
Иісі: Ол карри жеп болғаннан кейін, оның тынысынан сарымсақ иісі шығатын болды.
Жанасу: Ағаш қабығы оның терісіне жаман батты.
Әдебиет саласындағы бейненің маңызына тоқталатын болсақ, бейне мысалдары әлемнің әр түрлі мәдениеттерінің барлық әдебиеттерінде кеңінен таралғаны анық. Ақындар, романистер және драматургтер көптеген себептер бойынша бейнені пайдаланады. Қолданыста қолданылатын негізгі тәсілдердің бірі - егжей-тегжейлі бейне, ол сәл көңіл-күй көтеруге көмектесе алады, мысалы, "бұл қараңғы және боранды түн болды" клишесі. Бұл жол көбінесе жалған әлемді елестету үшін қолданылады. Бұл кез-келген автор үшін ең қолайлы амал, оқырман бұндай бейне арқылы оқиғада не болып жатқанын бірден түсінетін болады. Бұл бейне, сондай-ақ жаман көңіл-күй де тудырады. Айта кетсек, Шекспир өзінің атақты "Макбет" пьесасы үшін осы түрін қолданды: үш сиқыршы күн күркіреп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады және тұман мен лас ауа сияқты сөздер қолданады. Бұл бейнелеу оқиғаны көз алдына жақсырақ елестету үшін қажет. Осылайша, әдебиетті талдау кезінде көңіл-күй мен туындының символикасын түсіну үшін қолданылатын бейнелерді ескеру маңызды.
Образдың мақсаты кез келген қарапайым құбылысқа немесе затқа жан бітіріп сөйлеу. Кез келген бейне заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және құрылымдық деп үш түрге жіктеледі.
Образдың заттылығы бір сөзбен ғана берілген сипаттамадан бастап, оқиғаны жіліктеп, оның жай-жапсарын тереңдете суреттеуге (пейзаж, портрет, көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің, әңгіменің, т.б.) негіз болып тартылуы да мүмкін. Жалпылама мағыналық образ іштей дербес ұқсас, типті және мотив-образ, топос, архитип болып бөлінеді. Мысалы, мәңгі типтік образ: Дон Кихот, Гамлет, Фауст, бұларға қазақ әдебиетіндегі: Шығайбай, Қарабай, Судырахмет, т.б. жатқызуға болады. Құрылымдық образ: автологиялық, металогиялық түрлерге жіктеледі. Тарихи даму барысында көркем образдылық ұғымы мен оның компоненттері үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Мысалы, Ертедегі Шығыста түспалдау, астарлау жиі қолданылса, антикалық әдебиетте - классикалық, қайта өрлеу дәуірінде - барокко, жаңа еуропалық әдебиетте романтикалық, реалистік образ қалыптасты.
Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге:
эпикалық;
лирикалық;
драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық тағы басқа болып бөлінеді. Көркемдегіш сөздер (эпитет, теңеу, метафора, т.б.) ауыз әдебиеті шығармаларында мол кездеседі. Образ - әр дәуірге, әр әдебиетке сай үнемі дамып, жаңарып отыратын категория.
Әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі - бейне және бейнелілік. Бұны дұрыс талдау үшін, ең алдымен, әдебиеттің объектісі - өмір болса, ал субъектісі - адам екенін есте сақтау қажет. Кітап не туралы жазылған, симфония не туралы жазылған, сурет не туралы салынған, қандай сұрақ болмасын, барлығына ортақ жауап - адам туралы, адамның сұлулығы жайлы, адам рухының керемет күші туралы, оның қасиеттері жайлы. Өнер туындысының жалпы мазмұны - бұл ой, арман, құмарлық, адамның идеалы. Адам тағдыры бұл суретші туындысының өзегі ғана емес, сонымен қатар өмірді танудың басқа да тәсілі. Мұнда әңгіме дайын шығарма кейіпкері туралы емес, жазушының барлық шығармашылық қабілеті, ойы, қыры жайлы болып табылады. Әдебиеттегі бейне екі түрлі мағынада қолданылады: 1) көркем бейне, кейіпкер, тип. 2) сурет сөзі. Сурет бейнесі, яғни сөздегі сурет. Әдебиетте адам бейнесін құру әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Ол сөздегі бейнемен ғана емес, көркем бейнені жасау үшін қажетті өмірлік материалдың жинақталуынан әдеби тұлғаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет саласындағы бейне
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК БАҒЫТ
Қазақ прозасы және ондағы табиғат жанрының заңдылықтары
Қазақ романдары және қ.жұмаділов романы
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Қазақ тарихы романдарындағы әйел бейнесі
М.Мағауин шығармаларындағы «автор бейнесі» мен кейіпкер бейнесінің берілу жолдарын анықта
Ғ. Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдаулар жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны мен ролін анықтау
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Көркем прозадағы деректілік және психологизм
Пәндер