Лазер сәулесін беретін аспап



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан
Денсаулық Сақтау Медицина
министрлігі Академия АҚ

Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Лазерлер және олардың қолданылуы.

Дайындаған: Амангелді А.
Тобы : В-ФҚБ-03 19
Қабылдаған:_____________

Шымкент қ.
2019-2020 оқу жылы
Жоспар
Кіріспе
Негізі бөлім

Лазер оптикалық кванттық генератор

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Лазер (ағылш. laser, ағылш. light amplification by stimulated emission of radiation - жарықты мәжбүрлі сәулелену арқылы күшейту қысқашасы) -- лазер, оптикалық кванттық генератор -- толтыру (жарық, электр, жылу, химиялық және т.б.) энергиясын когерентті, монохроматты, поляризацияланған және тар бағытталған сәулелену ағынының энергиясына түрлендіруші аспап.
1. Лазер сәулесін беретін аспап. Оның түрлері: газ лазері, жартылай өткізгіш лазері, қатты дене лазері және сұйық зат лазері. Стоматология тәжірибесінде баяу ағынды гелий-неондық лазер қолданылады. Қанжел (пародонт) ауруларын, зақымданған тканьдерді емдеуде, организмнің әр түрлі ауруларға бейімділігін (сенсебилизаңия) кеміту, иммундық қасиеттерін күшейту т. б. клиникалық жұмыстарда жақсы нәтиже беріи келеді. Ауыз қуысында болатын стоматиттерді (ауыздың уылуы) ерін мен тіл жараларын, глоссалгияны (тоқтаусыз ауыратын тіл кеселі), глосситті (тіл кабынуы) лазер сәулесімен емдеудің нәтижесі жақсы. Бұл сәулені сондай-ақ жақ сүйектері сынғанда, бетке пластикалық операциялар жасағанда қолданады.
Лазерлік көрсеткіші бар Револьвер
2. кванттық генераторлар мен оптикалық диапазондағы күшейткіштер. Лазер атауы ағылшынның "Light Amplification by Stimulated Emission of Radiation" сөзін қысқартқандағы LASER атауынан шыққан ("индуктивті сәулеленудің комегімен жарықты күшейту"). Лазердің негізгі бөлшектері: белсенді зат, резонатор, козғаушы көз бен жабдықтаушы көз. Лазер жарық толкындары диапозоныңда жұмыс істейді әрі кванттық-механикалық қондырғының бір түрі болып табылады. Оның жұмысы белсенді заттың козғаушы микробөлшектерін квант жарығына индуцивті жіберуге негізделген. Лазер өте жұқа шашырамайтын (шоғырланған), энергиясының тығыздығы жоғары жарық сәулесін алуға мүмкіндік береді. Бұл сәуле байланыс құралы (оның ішінде аса алыс ғарыштық), локация, навигация және талқандайтын қару ретінде де қолданылуы мүмкін. Шетелдік мамандар Лазердің көмегімен әр түрлі соғыс міндеттерін орындауға: мысалы, жер үсті, әуе, су асты, су үсті нысаналарының координаттарын анықтауға, бірнеше корреспондент арасылда көп каналды байланыс орнатуға, қарсыластың тірі күштерінің көзін шағылыстырып, құртуға, басқарылатын ракеталарды жер үсті және әуе нысаналарына бағыттауға болады деп есептейді. Соңғы уақытта АҚШ-та көптеген зерттеулер радиациялық карулар (ракетаға қарсы "өлім сәулесі") ойлап табуға, оптикалық кванттық генераторлар жасауға бағытталған. Инфрақызыл диапазондағы Л. жасалуда: ол 1 млн. градус температураға сәйкес келетін сөулелену туғызуы керек. Мұндай құрал қарсыластың 60-320 KM қашықтықтағы ғарыштық снарядын балқытып (буға айналдырып) жіберуге тиіс. Сондай-ақ жеке кару ретінде қолдану әрекеті де АҚШ-та бақылаушыны соқыр етуге арналған оптикалық кванттық генераторы бар винтовка жасалуда
Негізі бөлім
Лазер атомдар мен молекулалардың еріксіз сәуле шығаруына негізделген ЭМ электромагниттік сәуле. Ол ағылшынның Жарықты еріксіз сәуле шығару арқылы көрсету деген сөздердің басқа әріптерінен құралған.
Лазерді - (ОКГ) - оптикалық кванттық генератор деп те атайды.
Физика курсынан белгілі - атомдағы электрондардың әртүрлі деңгейде қозғалып жүретіні белгілі. Электрон бір деңгейден екінші деңгейге өткенде жарық жарық толқынын шығарады.
Егер энергия төменгі деңгейда орналасқан болса, онда оны жоғары деңгейге өткізу үшін оған жарық толқынымен әсер етеміз. Электрон осы жарық энергиясының бір бөлігін жұтады да, жоғары деңгейге өтеді, ал электрон жоғары деңгейде орналасатын болса, оған әсер еткен жарық нәтижесінде электрон төменгі деңгейге өтеді де өзінен фотон бөліп шығарады. Бұл процесті еріксіз шығару деп атайды. Міне осы процесс лазердің негізі болып саналады.
- Сонымен төменгі деңгейдегі электрондар өзіне түскен жарықтың бір бөлігін жұтып, жоғары деңгейде көтерілсе, жоғары деңгейдегі электрондар өзіне түскен жарық энергиясының бір бөлігін фотон ретінде бөліп шығарып төменгі деңгейге түседі.
- Ал төменгі деңгейдегі электрондар саны жоғары деңгейдегі электрондар санына қарағанда көбірек болғандықтан - жарық жұтылуы көбірек болады.
- Ал атомдарда пайдалы жарық энергиясын бөліп алу үшін жоғары деңгейдегі атомдар саны төменгі деңгейдегі электрондар санынан көбірек болғаны жөн. Ол үшін белсенді активті орта керек. Активті ортаның энергиясының арқасында электрондарды төменгі деңгейден жоғары деңгейге шығарып жіберуге болады.
- Осы айтылғандарды молекула ішінде орналасқан атомдарға да таратуға болады.
Сонымен лазер немесе кез - келген квант генераторы негізгі екі элементтен тұрады:
1. Активті күйге түскен жұмысшы заты.
2. Резонатор
Активті орта ЭМ - толқындарды бөліп берсе, резонатор оны күшейтіп шығарады. Активті заттарды қолдануына байланысты лазерлерді - қатты денелік - жартылай өткізгіштік - газдық және сұйықтық деп бөлсе, жұмыс істеуіне қарап, үздіксіз немесе импульстық делінеді.
Қатты денелік лазерлердің кең тараған түрі - Рубинді лазер - неодим, шынылы лазер. Рубинді лазер толқын ұзындығы λ=6,2 нм ашық қызыл жарық сәулесін шығарып бере алады. Рубин кристалы лазердің жұмысшы элементі болып саналады, ол қолдан, жасанды түрде өсіріледі, Рубин кристалының бір кемшілігі - оның лазер ретінде жұмыс істеуі үшін оған алғашқы кезде өте күшті жарық беру керек, бұл кемшілікті жөндеу үшін Европий, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лазер жайлы
Лазерлер және олардың қолданылуы
Жарықталған оптика
Қабылдау оптикалық модулінің қызметі
Дәнекерлеу
Голограмма жайлы түсінік
Әскери лазерлік технологиялар
Оптикалық желілер
Жарық шоғы және жарық сәулелері
Геодезиялық аспаптардың метрологиялық сипаттамасы, стандарттары
Пәндер