Қаламқас кенорнын игеру және геологиялық - географиялық зерттеулерінің тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫ- ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Гуманитарлық ПӘНДЕР кафедрасы

ҚOPҒAУҒA ЖIБEPIЛДI
Кaфeдpa мeңгepушici
Қабылова А.Р.
______________________
(қoлтaңбacы, қoл қoйғaн күнi)

Д и п л о м д ы қ ж ұ м ы с

Тақырыбы: Қаламқас кенорнында сорап жұмысына қауіп тудыратын бос газ жағдайында жабдықталған ШТС ұңғыларының жұмысын талдау

6В07201 - Мұнай және газ ісі мамандығы бойынша

Орындаған Қожамбетов Бауыржан Тілегенұлы

Ғылыми жетекшісі

Ақтау 2020

КІРІСПЕ

Қазақстан-ірі мұнай державасы. Осы геологиялық қоры бойынша ТМД-да екінші орын алады, және әлем бойынша 10-шы орында. Бірақ ашылған 164 көмірсутекті кенорындарының тек қана 58-і игерілуде. Егер кенорындарды тиімді пайдаланатын болсақ, Қазақстан өзінің мұнай қоры бойынша, мұнайды экспортқа шығаратын елдер-Иракқа, Кувейтке, Ливанға жетеді.
Мұнайдың көп қорына қарамастан Қазақстан мұнайын өндіру деңгейіне кері әсер ететін, кенорындарын барлау және игеру қарқынына байланысты кейбір күрделі қиындықтар туындайды. 1991 жылы Қазақстанда мұнай және газ конденсатын игеру деңгейі 26,4 млн. тоннаға жетті. Ал 1995 жылы 16,4 млн. тоннаға дейін азайды.
Қазақстан үкіметі 1997 жылдан 2000 жылға дейін мұнай өндіру көлемін 50 млн. тоннаға жеткізу шараларын қабылдады. Ал 2010 жылға дейін жылына 70 млн. тоннаға жеткізуді көздеген. Осы шараны іске асыру үшін теңіздегі және теңіз жағасындағы кеніштерді игеруді алға қойып отыр.
Осы қаралған шаралар негізінде, 1980 жылы ашылған Қаламқас кенорнын игерудің үлкен жоспары жасалды. Қаламқас кенорны жас кенорын болғандықтан, оның болашағы, мұнай-газ көлемі әлі де игеру мерзімінің ұзақтығын арттыру үшін инженерлік шешімдерді талап етеді. Жалпы мұнайды игеру кезіндегі кең тараған тәсілдердің бірі - штангілі тереңдік сорапты қондырғы болып табылады. Мұнай ұңғыларын штангілі сораппен пайдалану - мұнай өндірудің механикаландырылған негізгі әдістерінің бірі.
Жұмыстың маңыздылығы. Ұңғыны пайдалану әдісін дұрыс таңдау мұнай кенорнын жобалауда маңызды мақсаттардың негізі, ол кешенді игеру жобасының барлық элементтерімен тығыз байланысты және мұнай өнімінен бастап барлық технологиялық көрсеткіштерге әсер етеді. Бұл принціп технологиялық схеманы барлық жоспарлау әдістерінің негізіне енгізілген, алайда ол әр дайым өз деігейінде қарастырыла бермейді.
Қаламқас кен орнындағы механикаландырылған тәсілдің ең көп таралған түрі штангалық тереңдік сораптық тәсілі. Жалпы мұнай ұңғыларының қолданыстағы қорының 70% осы сораптардың көмегімен пайдаланылады.
Механикаландырылған ұңғыны зерттеудің басты мақсаты - мұнай және газ қорын анықтауға қажет мәлімет алып, ұңғыны пайдалану және кенішті игеруді реттеу, талдау, жобалау.
Ұңғы механикаландырылған өндіру тәсіліне ауыстыру жағдайы өнімнің сулануының күрт жоғарлауына байланысты, сондықтан ұңғыны механикалық пайдалануды оқу міндеті фонтанды тәсілдің механикалыққа ауысуына барлық технологиялық көрсеткіштердің әсерін сараптау болып табылады.
Дипломдық зерттеу нысаны. Құрылысы өте күрделі көп қабатты Қаламқас кенорны жалпы сараптамалар мен Ю-ІІІ горизонты бойынша игеру көрсеткіштері талданған.
Теориялық негіздері (тәжірибелік базаның) сипаттамасы - тақырып бойынша авторлық және өндірістік басылымдар, игеру жобалары, жылдық есептер, мұнайгаз кенорындарын игеру мен пайдалануға арналған оқулықтар мен оқу құралдары, техникалық аударма сөздігі, сонымен қатар күрделі құрылымдығымен ерекшелген Қаламқас кен орны. Қаламқас кен орнында юра қабатының тектоникалық тарихы күрделі көп кезеңді сипатқа ие. Көптеген конседименциалды және постседиментациалдық тектоникалық процестер мұнай және газ коллекторларының қалыптасуына әсер етті. Негізгі тектоникалық қалыптасулар юраның стратиграфиялық горизонттарының қалыптасуы кезінде жүрді.

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Қаламқас кенорынның физико-географиялық және экономика географиялық сипаттамасы

Қаламқас кенорны әкімшілік жағынан Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында орналасқан. Жақын тұрғылықты мекендер Қаламқас поселкесі (2 км), Тұщықұдық (102 км) және Шебір (80 км), аудан орталығы және темір жол станциясы Шетпе (190 км), облыс орталығы Ақтау қаласы (280 км).
Қаламқастан Оңтүстік-Батысқа қарай 25 км қашықтықта Қаражанбас және Солтүстік Бозащы кенорындары, ал Солтүстік-Шығысқа қарай 125 км қашықтықта Прорва кенорны орналасқан. Өзен-Атырау-Самара мұнай айдау магистралінен алыстығы-165 км .
Орография жағынан кенорын ауданы тегіс жазықтықта тұрады. Теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 20-25 метр. Бұнда автотранспорт өте алшайтын, суы жоқ сайлы болып келетін көптеген сорлардан тұрады. Кенорынның солтүстік бөлігі құмды желдердің әсерінен, кенорынды бұрғылауға және игеруге қиындықтар туғызады.
Аудан климаты континенталды, ауа температурасының мезгілдік өзгерулері плюс 30-45 градус жазда, ал қыста минус 30 градус салқындық интервалында. Жауын-шашын аз жауады. Тек күзде және көктемде жауын-шашын байқалады. Жел тұрақты соғып тұрады, көбінесе солтүстік-батыстан. Құмды дауыл өте көп мөлшерде байқалады.
Жұмыс ауданында су артезиандары жоқ. Ауыз су құдықтан және тұщыландырған түрінде қолданылады. Техникалық сулармен қамтамассыз ету үшін алб-сеноман қабатының сулы қабаттарына қазылған ұңғылардан алады.Оны Каспий теңізінің суымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарақсыз газ бен мұнай қалдықтарын тазалайн фильтр
«ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясы
Аджип ҚКО компаниясы туралы
Қабатты сұйықпен жару тиімділігі»
Қазақстанда геологиялық ғылым мен өндіріс салалары дамуының басты - басты сатылары
Қазақстан мұнай-газ кешенінің қазіргі жағдайы және перспективасы
Өзенде бұрғылау шебері
Мұнай саласындағы жобаларды басқару
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Компания туралы
Пәндер