Қазақстанның Қызыл кітабына енген қызғалдақтар
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ
ӘОЖ:
Бектұрған Аяжан Ұланқызы
Биология сабақтарында Қазақстан қызғалдақтарын оқытуда өлкетану бағытын пайдалану.
6М011300-Биология
Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін орындалған диссертация
Ғылыми жетекші:
Айдарбаева Д.Қ., б.ғ.д., профессор
Қорғауға жіберілді: Институт директоры
_______ Каймулдинова К.Д., г.ғ.д., профессор
___ ___________ 2020ж.
Кафедра меңгерушісі ________ Жақсыбаев М.Б., г.ғ.к., доцент
Ғылыми семинар төрайымы _______ Карбаева Ш.Ш., п.ғ.к., доцент
Алматы, 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1 ҚАЗАҚСТАН ҚЫЗҒАЛДАҚТАРЫНЫҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ
1.1 Қызғалдақтың зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.2 Қызғалдақтарға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
1.3 Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
2 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ӨЛКЕТАНУ БАҒЫТЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА БИОЛОГИЯ САБАҒЫ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Кіші әріп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
39
2.2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
45
2.3 ... ... ... ... ... ... ... ...
66
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
77
82
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалды:
-
-
-
-
-
-
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Диссертациялық жұмыста сәйкесінше анықтамалығымен келесі терминдер қолданылды:
???? - ... ... ... ... ... ... ... ...
???? - ... ... ... ... ... ... ... ...
???? - ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
... .
... .
... .
... .
... .
... .
КІРІСПЕ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалық еңбегінде ұлы даланың жеті қырының бірі болып Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны деп бөлінген. Ұлы даланың ғажайып әсем қызғалдағы шын мәнінде біздің мақтанышымыз, себебі біз ұлы дала мұрагерлеріміз. Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі - көктем шыға көздің жауын алып, қырларда жайнайтын қызғалдақ гүлі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жер көлемі жағынан Қазақстан әлемде тоғызыншы орын алады. Осындай кең байтақ аймақта өсімдіктер әлемі бай және алуантүрлі. Оның табиғи флорасының құрамындағы түтікті өсімдіктер түрлерінің саны 6000-ға дейін жетеді. Олардың ішінде 1300 түрінен астамы дәрілік, 500-дей эфирмайлы, 500-дей әсемдік т.б. пайдалы өсімдіктер болып табылады[1-4].
Қазақстанда қызғалдақтың 34 түрі кездеседі, оның 18 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрі ретінде енгізілген[5]. Диссертацияда ұсынылып отырған қызғалдақтың түрлері - әсемдік, тағамдық, дәрілік, дәрумендік қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұлардың кейбіреулері көгалдандыруға кеңінен пайдаланылады, оларды табиғи өсіп - өнген жерінде, көбіне ысырапсыз қазып алынады, мұның өзі табиғаттағы осы түрлер санының мейілінше кемуіне алып келеді. Сәндік өсімдіктер арасында түрлі түсті бояуымен, нәзік пішінімен қызғалдаққа ешқайсысы тең келмейді.. Қызғалдақ - көктемнің келгенінен хабар беретін, табиғаттағы алғашқы әсем өсімдіктің бірі. Көк - жасыл өсімдіктердің арасынан қызғалдақтың ашық түсті қызыл гүлдері айрықша көзге түседі, сондықтан олар көктемгі гүлзардың ең әдемі әшекейі болып есептеледі. Олардың саны әртүрлі жағдайларға байланысты, соның ішінде адамның бақылаусыз әрекеттері ( сату үшін тамырымен қоса жұлу, емдік қасиеттері үшін пиязшығын жинау т.б) әсерінен азайып барады. Сондықтан бұл әсем өсімдікті қорғау қазіргі таңда кезек күттірмейтін аса өзекті мәселелерінің бірі. Ғылыми зерттеу жұмысы Ботаника және фитоинтродукция институтының өсімдік қорлары, өсімдіктер флорасы лабораториясында жүргізіледі. Биология сабағында оқушыларға өлкетану бағытында тәрбиелік маңызы бар және ақпараттық мағлұмат беру арқылы қызғалдақты қорғау мәселесін жүзеге асыруға болады. Мектеп оқушыларының өлкеміздің түрлі эндемик өсімдіктерге бай екендігіне көздерін жеткізе отырып, оларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейміз.
Қазіргі таңда қызғалдақтың саны әртүрлі жағдайларға байланысты (жердің ретсіз жыртылуы, өрт, шөп шабу т.б.), соның ішінде адамның бақылаусыз әрекеттері (сату үшін тамырымен қоса жұлу, емдік қасиеттері үшін пиязшығын жинау т.б.) әсерінен азайып барады. Сондықтан бұл әсем өсімдікті қорғау қазіргі таңда кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
Зерттеудің жұмысының мақсаты - Биология сабақтарында Қазақстан қызғалдақтарын оқытуда өлкетану бағытын пайдалану арқылы, оларды қорғау шараларын анықтау
Зерттеудің жұмысының міндеттері:
-Қызғалдақтардың таралуын және алуантүрлілігін анықтау;
-Қызыл кітапқа енгізілген түрлеріне сипаттама беру;
-Этноботаникалық зерттеулер нәтижесінде қызғалдақтарды жергілікті тұрғындардың пайдалануын анықтау;
-Қызғалдақтарды қорғау шаралары туралы ұсыныстар;
- Зерттеу нәтижесін биология сабағында заманауи оқыту технологияларын қолданып,оқушылардың ізденімпаздығын, қызығушылықтарын арттыру;
Зерттеудің нысаны - Болашақ биолог мұғалімдердің жобалық іс-әрекетін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері.
Болашақ биолог мұғалімдерді даярлаудағы оқу үдерісі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
* теориялық (талдау, синтездеу, қорытындылау және салыстыру,абстракциялау және нақтылау, зерттеу болжамын модельдеу және нәтижелерді жобалау) ;
* эмпирикалық (сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, оқу-әдістемелік құжаттарынталдау, консультациялар беру);
* тәжірбиелік эксперименттік жұмыс статистикалық (зерттеу нәтижелерін математикалық және статистикалық өңдеу);
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алғаш рет этноботаникалық зерттеулер нәтижесінде халық медицинасында емдік қасиеттеріне байланысты қолданыста болатын қызғалдақ түрлері анықталады; Қызғалдақтар тізімі және сызба картасы жасалады; Қызғалдақтарды тиімді пайдалану жолдары анықталады. Қазақстан қызғалдақтары атты үйірме сабағы дайындалады;
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Мектеп оқушыларына бұрын өздері мән бермеген, табиғаттың байлығын және оны қорғаудың маңыздылығын түсіндіреміз; өсімдіктер қатаң бақылауда жиналып, олардың құрып кетпеуіне жол берілмеуі керек, сондықтан олардың таралуының сызба - картасы жасалады. Мектеп алдын әсем өсімдіктермен көгалдандыру мақсатында мектеп алды алаңқайында кейбір жергілікті қызғалдақ түрлерін егу. Сонымен қатар оқушыларды топсеруенге алып шығып, өлкеміздің өсімдіктерімен, таралу аймақтарымен таныстыру.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- ... ;
- ... ;
- ... .
Зерттеу нәтижелері:
- Қызғалдақтардың таралуы және алуантүрлілігі, Қызыл кітапқа кірген түрлері анықталады;
- Қызғалдақтарды қорғау шаралары туралы ұсыныстар жасалады;
- Этноботаникалық зерттеулер жүргізіліп, қызғалдақтарды жергілікті тұрғындардың пайдалануы анықталады;
- Оқушыларға арналған Қазақстан қызғалдақтары атты үйірмесінің бағдарламасы ұсынылады
Диссертациялық жұмыстың құрылымы:
1 бөлім Қазақстан қызғалдақтарының алуантүрлілігі
1.1Қызғалдақтың зерттелу тарихы.
Қызғалдақтар атауы қайдан, қалай шыққан? Ол жөнінде болжам көп. Оның кеңінен тараған атауы - тюльпан. Бұл парсы сөзі: толибан немесе долбент. Оның мағынасы басқа тартатын орамал. Тюльпан осы сөзден шыққан, қызғалдақ қауызы шығыстың бас киіміне ұқсас болғандықтан, осылай атаған.
Қызғалдақ әлемдегі ең сүйікті және көп таралған тамыры пиязшық болатын әсем өсімдік. Бұл гүлді Шығыста, Кіші Азияда, әсіресе Еуропада гүл патшасы деп есептеген. Қызғалдаққа табыну барлық уақыттағы құдыретті сән үлгілеріне де әсерін тигізген қызғалдақтың тамаша бейнесі маталарға түсіп, пішіні шілтерілерге тоқылды.
Еуропаға қызғалдақ тұңғыш рет ХVI ғасырда әкелінді де, бірден Германия, Англия әсіресе Голландияны баурап алды. Мұнда бұл гүлмен ұлттық деңгейде айналысып, Қызғалдақ безгегі деген атпен тарихта қалды. Бүкіл әлем қызғалдақтың қазіргі кездегі сансыз көп түрлерін шығарған Голландия сұрыптаушыларына мәңгілік борыштар. Шығыс пен орта Азияда, Солтүстік Африка мен Еуропада өсетін қызғалдақ түрі белгілі. Гүл өсіру шаруашылығында негізінен будан түрлер таралған.
Жабайы өсетін қызғалдаққа тек ғалымдар ғана емес, табиғат сұлулығын сүйетін барша халықтар құмар. Біздің еліміздегі жабайы өсетін шөптесін өсімдіктердің ішіндегі ең әдемісі қызғалдақ деп сеніммен айтуға болады. Ешқандай гүл құмарлықтың аңыз бен тарих тақырыбына айналуда қызғалдаққа теңесе алмайды. Өкінішке орай, қызғалдаққа деген осындай сүйіспеншілік оны құрып кетуден сақтай алмай отыр. Олардың саны әртүрлі жағдайларға байланысты, соның ішінде адамның бақылаусыз әрекеті әсерінен азайып барады.
Қазақстан аумағы - қызғалдақтың отаны, өсетін ең маңызды жердің бірі, оған археологиялық зерттеулер нәтижелері, әртүрлі тарихи мерзімде тіршілік еткен халық мәдениетінің ежелгі үлгілерінің табылуы куә. Бүгінгі күнде Қазақстанда өсімдіктің мөлшері, пішіні, бояуы және басқа да морфологиялық ерекшеленетін қызғалдақтың 34 түрі кездеседі. Қызғалдақтың 18 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрі ретінде енгізілген [5].
Шығу тегі мен таралуы. Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігін шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр. Ортасында - Копетдаг, Ауғанстан шекарасына дейін, Памир Алтай таулары; оңтүстік- шығысында - Тянь-Шань, Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан шекарасында, Қара, Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері өсетін оқшау ошақтары белгілі [3-4].
Қызғалдақтың экологиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайы мен теңіз деңгейінен 3000м биіктікке дейін көрсетіледі. Қызғалдақтардың жақсы өсуіне құрғату кәріздерінің әсері мол. Басқа сөзбен айтқанда бұл өсімдік ылғалды сүймейді.
Қызғалдақтың басым көпшілігі жеке өседі, бірақ топ болып өсетіндері де бар. Әр түрдің белгілі тарихи таралу аймағы болады. Дегенмен таралу аймағының шекарасында бір түрдің басқа түрдің таралу аймағына өткені жиі байқалады, сондықтан мұндай жерлерде табиғи пайда болған будан түрлері өседі. Қызғалдақ табиғи жағдайда көбіне тұқым арқылы, сирек вегетативті жолмен көбейеді.
Орта Азия мемлекеттерінде жабайы өсетін қызғалдақтың 64 түрі белгілі. Соның ішінде Қазақстанда 34 түрі, Тәжікстан мен Өзбекстанда 26-27, Түркістан мен Қырғыстанда 7-12 түрі белгілі. Қазақстандағы жабайы өсетін қызғалдақтарға ғылыми зерттеу XVIII ғасырдың соңында басталды. 1771 жылы Солтүстік Қазақстан, Қазақстан - Алтай және Сібір аудандарында академик Питер Симона Палластың жүргізген экспедициясының нәтижесінде ең алғашқы қызғалдақтардың гербарийлік жинағы жасалды [6].
Мұсылмандарда қызғалдақ - жұмақ гүлі болып есептеледі. Қызғалдақ - Қазақстанда ежелден сүйікті гүл. Оған көптеген археологиялық қазба жаңалықтары куә. Қазақстандағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Теңдік (Жетісу) қорғанынан біздің заманымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлардығы сақ патшалары мен көсемдердің киімдерінен қызғалдақ тәрізді оюмен әшекейленген жалпақ алтын тіліктер табылды.
Орта Азия аймағынан табылған Х-ХІІІ ғасырлық қыш бұйымдарда қызғалдақ суреттері кездеседі.
Орта ғасырларда мемориялдық архитектура мен пластикалық өнер түрінде өсімдік тектес оюларды пайдалану басым болды. Қожа Ахмет Йасауи (Түркістан, ХІV ғ.) кесенесін жапқан. Жұқа кірпіштер, сонымен қатар Отырар жазирасындағы ортағасырлық қыштар гүл пішіндерімен әшекейленген.
Қызғалдақ Қазақстанның оңтүстік жағындағы тау етектерінде небары бірнеше күн ғана гүлдейді. Ал ұлттық кілем әшекейлерінде, сырмақтарда, ашық түсті кілемдерде ол мәңгілік гүлдейді.
Біз қызғалдақ туралы алғаш рет ежелгі парсы ақындарының өлеңдерінен кездестіреміз. Алғашқы мәдени қызғалдақтың ататегі қай түр екенін айту қиын, мүмкін, бұл Кіші және Орта Азияда жабайы өсетін шренк қызғалдағы (Tulipa schrenkii) болар. Қызғалдақ Персиядан Түркияға келген, онды оны Лале (түрікше Lale) деп атаған. Осы өсімдіктерді сұрыптау алғаш рет Түркияда басталды. XIV ғасырда қызғалдақтың 300-ге жуық сорты белгілі болды [1-3].
Еуропалықтар алғаш рет қызғалдақпен Византияда танысты. Византия империясының мирасқоры - Түркияда қызғалдақ күні бүгінге дейін мемлекеттік нышандарының бірі болып саналады.
Қызғалдақ біртіндеп Еуропаның әр жеріне таралды. Венеция көпестері Еуропаға Түркия гүлзарларынан қызғалдақ пиязшықтарын әкелді, ал белгілі ғалым Клюзиус достарына қызғалдақ тұқымы мен пиязшықтарын салып жіберу арқылы қызғалдақтың таралуына себепші болды. Ол қызғалдақтарды Венадан Англияға жіберіп, кейінірек оларды Нидерландыға әкелді. Клюзиус қызғалдақпен айналысуға біржола ден қойып, сол кездегі белгілі сорттарын түгел жинай бастады. Оның ісін көптеген бай веналық бағбандар қолдап, Түркиядан қызғалдақ пиязшығын көп ақшаға сатып ала бастады. Бұл әуестік өте қымбатқа түсті, сондықтан оны тек бай адамдар ғана ала алатын еді.
Қызғалдақтың екінші отаны - Голландия, бұл жерге 400 жыл бұрын тараған. Голландияда жабайы өсетін қызғалдақтардың түрлері жоқ, олар Вена қаласындағы ботаникалық бақтың негізін қалаушы Карлос Клузиустың бастауымен өсіріліп әкелінді.
Голландиядағыдай қызғалдаққа елігушілік ешқайда болмады. Өз бағын ең таңдаулы гүлдермен, әсіресе қызғалдақпен әшекейлеу сәнге айналды. Голландтық кескіндемеде қызғалдақ маңызды орын алды. Ол сол кездегі атақты суретшілердің назарын өзіне аударды және гүл суретін салушы мектептердің қалыптасуына бірден-бір себеп болды. Одан әрі қызғалдақ Франция ақындары мен жазушыларының таңдану, тамсану затына айналды.
Ал Германияда қызғалдақты қадірлемеді. Немістер әрқашан қызғалдаққа салқын қарады және сиқысыз сыра ыдысын келемеждеп Тульпе деп атады деп жазады Н.Ф.Золотинский.
Англия болса қызғалдаққа ақындық көзбен қарап, ертегілерінде бұл гүл кішкентай эльфтер мен басқа да ұсақ кейіпкерлері үшін қиял-ғажайып бесік қызметін атқарған. Девонширде кең таралған періштелер жайлы ертегіде, балаларына бесік болмай, оларды түнде қызғалдақ гүліне жатқызғаны, онда оларды жел тербетіп ұйықтатқаны жайлы айтылады.
1.2 Қызғалдақтарға жалпы сипаттама
Алматы қаласындағы Ботаника және фитоинтродукция институтында Қазақстан аймағынан А.Шреж, Г.Карелин, И.Кирилов 1840-1842 жылдары жинаған қызғалдақтардың ең ескі гербарийлік жапырақтары сақталған. Бір қызығы, дала қызғалдақтары республиканың барлық облыстары мен аудандарында кең таралған.
Республиканың батыс және солтүстік облыстарында гүлдің үш-төрт, Шығыс Қазақстанда - алты түрі болса, ал Оңтүстік Қазақстанда оның отызға жуық түрі таралған [1-13].
Қазақстандық қызғалдақтардың 34 түрлерінің әрқайсысы түпнұсқа, әсем және қайталанбайтын түрлер. Ең маңыздысы - ол түрлердің 10-ы Қазақстанның жергілікті түрлері - эндемиктер, тағы 8 түрі - субэндемиктер, яғни олардың таралу аймағы шекаралас мемлекеттердің аумағына енеді. Қазақстанда сәндік өсімдік ретінде өсіреді, қазіргі кезде қызғалдақтың 800-ден астам сорттары бар[14].
Шындығында, аталмыш гүлдің қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне тарағандығына бүгінде көзқарасты ғалымдар нақты дәлелдер келтіруде. Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, Қазақстанның бренді ретінде мақтаныш етуге біздің қақымыз бар. Оны тек мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алуымыз керек. Оған себеп, жерімізде өсетін қызғалдықтардың 18 түрінің Қызыл кітапқа енгізілген. Қызғалдақты қорғау, насихаттау жұмыстары тек сөз жүзінде емес, нақты іс, түрлі шаралар арқылы жүзеге асса игі.
Ботаникалық сипаттама. Қызғалдақтар Лалагүлдер ( Liliaceae Juss.) тұқымдасына, қызғалдақ ( Tulipa L.) туысына жатады. Ол жазы құрғақ, әрі
ыстық болып келетін, ал көктемде және күзде аздап ылғал түсетін шөлді, жартылай шөлді және шөлейт аймақтарда кең таралған. Олар тегістікте де және таулардың барлық белдеулерінде өседі, бірақ мәңгі мұздықтар басқан биіктіктерде өте сирек кездеседі.Қызғалдақтың баданасы (пиязшығы) 45 см тереңдікте, кейде одан да тереңдеу жатады. Баданасының сыртында жылтыр пленка тәрізді қабықшасы болады. Гүлдері үлкен, қанық боялған, әр өсімдікте біреуден болады. Өте сәнді, бірақ аңқыған иісі болмайды. Өсімдіктің биіктігі 10-нан 65 см-ге дейін. Маусымдық дамуы жағынан эфемероидтарға жатады.
Эфемероид - бұл жер беті мүшелері қысқа уақытта дамитын, ал жылдың көп уақытында жерасты мүшелері ретінде сақталатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Бұл термин эфемерлі деген сөзден шыққан, яғни тез өсетін, қысқа мерзімді дегенді білдіреді.
Сабағы.Үш түрлі болады: түбіртек, тамырсабақ және гүл мен жапырақ өсетін жынысты сабақ. Сабағы тік, цилиндр тәрізді, биіктігі 5 - 20-дан 85 - 100 см-ге дейін.
Жапырағы.Ұзынша таспа, жасыл немесе көкшіл сұр, тегіс немесе иректеліп жиектелген және жұқа балауыз қабатты, кейде түкті. Жүйкеленуі доға тәрізді. Кезектесіп орналасқан және сабақты қоршап тұрады. Төменгі жапырығы - ең үлкені, жоғарғы жапырағы - ең кішісі. Кейбір үлкен азиялық қызғалдақтар ( T. greigii, T. micheliana, T. mogoltavica)мен олардың сабақтағы түрлерінің жапырықтарының жоғарғы жағы көбіне күлгін - қоңыр, қара қошқыл дақтар
немесе сызықтармен, жолақтармен әшекейленген, бұл өсімдікке ерекше сән береді. Ересек гүлдеп тұрған өсімдікте көбіне сабақтың төменгі жағында өсетін 2-4 жапырақ болады. Жас өсімдіктерде (бірінші гүлдегенге дейін) тіршілік кезеңінің соңына қарай жалғыз жапырақ өседі. Тіршілік кезеңінде ересек өсімдіктің орнын басатын пиязшығында жапырақ бастамасы қалыптасады да, сөйтіп келесі маусымда қайта өсуін жалғастырады.
Гүлі. Әдетте біреу, бірақ көп гүлді түрлері де бар, мысалы, түркістан қызғалдағы. Осылардан шығатын кейбір бақ түрлерінде 3 - 5 гүл немесе одан да көп болады. Гүлі дұрыс, қос жынысты, гүлсерігі алты бос жапырақшадан, алты аталық ұзарған тозаңдықтармен, аналығы жоғары үш ұялы түйінмен, қысқы бағанды және үш қалақты ауызды. Қызғалдақ бояуы сан алуан түсті: ақ түстен бастап, сары, қызыл және екі, үш жіне одан да көп түстердің үйлесуінен тұрады. Көбіне күлте түбі негізгі түстен бөлек, гүл түбі деп аталатын басқа бір түсті болады. Қызғалдақ гүлі күн көзіне кең ашылады, түнде немесе бұлтты
күні жабылады.
Жемісі. Түйін тозаңданғаннан кейін көптұқымды үшқырлы жеміс қорапшасы дамиды. Тұқымы жалпақ, үшбұрышты, қоңыр сары, қораптың әр ұяшығында екі қатар болып көлденеңінен орналасқан. Тозаңданғаннан кейін екі ай шамасында қорап жарылып, тұқымдары жерге шашылады.
Тамыр жүйесі. Қызғалдақ пиязшығы дөңгелек немесе жұмыртқа тәрізді тек ұсақ еншілестері ғана жалпақтау болады. Пиязшық вегетациялық дамуына, көбеюіне қызмет етеді, сонымен қатар тыныштық кезеңінен кейінгі дамуымен өсуіне қажетті қоректік заттарды сақтайды. Ол - түрі өзгерген етті жапырақтары бар қысқарған жер асты түбіртек. Бұл қабыршақтар шеңбер бойымен бір - біріне тығыз орналасқан. Олардың саны қызғалдақ түріне және пиязшық жасына байланысты, әдетте 3-4-еу. Қоректік заттар осында сақталады. Сыртқы жауап тұратын қабыршақ пиязшықты сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан (механикалық әсерлер, қолайсыз ауа райы) қорғайды. Гүлдеп болғаннан кейін пиязшық қоры түгесіліп, тіршілігін тоқтатады, ал оның орнына еншілес жаңа пиязшық қалыптасады. Пиязшықтың тыныштық кезеңі - салыстырмалы түсінік, бұл уақытты өсімдіктің бар мүшесінің келер жылға бастамалыры қалыптасады. Бұл бастама қор жинайтын қабыршақтардың қуысында өтеді. Пиязшықтың ортасында келешек пиязшықтың бүршігі мен жапырақ бастамасы және гүл бүршігі қалыптасады. Келер жылдың өсімдік бастамалары алмасатын пиязшықта вегетация кезеңінде қалыптаса бастайды. Олардың өсуі күзде, тамырдың пайда болуымен бірмезгілде басталады да, келер жылдың көктемінде аяқталады.
1.3 Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар
Биолог ғалымдарды қазіргі таңда қазақ даласына көрік беріп тұрған гүлдердің келешектегі тағдыры қатты алаңдатуда. "Қызыл кітапқа " қызғалдақтың 13 түрі енгізілген. Ал қазіргі кезде 18 түрі енгізілген (кесте 1). Негізінде жабайы өсетін қызғалдақтар ерекше қорғауды қажет етеді, өйткені олар сұрыптауға, жаңа мәдени іріктемелер алуға және ескі іріктемелерді жаңалауға қажетті құнды материал болып табылады.
\
Қазақстанның Қызыл кітабына енген қызғалдақтар
Кесте 1
№
Қызғалдақ атауы
Латынша атауы
Қазақстанда таралуы
1
Альберт қызғалдағы
Tulipa alberti
Аласа таудың шығыс тасты баурайы, Шығыста - Балқаш - Алакөл флористикалық аумағында, Шу - Іле тауларында, оңтүстікте - Бетпақдала,Қаратау тауы мен шоқылары.
2
Биберштейн қызғалдағы
Tulipa biebersteiniana
Сырт сілемінде, Тобыл - Есіл, Ақтөбе, Торғай, Мұғалжар, Батыс шоқырларында өседі.
3
Қосгүлді қызғалдақ
Tulipa borszczowii
Тобыл- Есіл, Ертіс, Каспий маңында, Торғай флористикалық аймағында
4
Борщов қызғалдағы
Tulipa borszczowii
Торғай, Арал маңында, Қызылорда мен Қызылқұм флортистикалық аймағында
5
Қысқа аталық қызғалдақ
Tulipa brachystemon
Жоңғар Алатауы мен оның сілемдерінде
6
Грейг қызғалдағы
Tulipa greigii
Қызылорда, Түркістан флористикалық ауданында, Іледе, Күнгей Алатауының батыс сілемдерінде, Қырғыз Алатауында, Шу - Іле тауларында, Қаратауда
7
Алакүлте қызғалдағы
Tulipa heteropetala
Алтай мен Тарбағатай флористикалық аудандарында
8
Кауфман қызғалдағы
Tulipa kaufmanniana
Қаратауда, Батыс Тянь-Шань мен Қырғыз Алатауының батыс бөлігінде
9
Колпаковский қызғалдағы
Tulipa kolpakowskiana
Жоңғар Алатауында, Іледе, Күнгей Алатауында, Шу-Іле тауларында, Қаратаудың шығыс тау етегінде, Қордай асуында
10
Корольков қызғалдағы
Tulipa korolkowia
Аласа тауларда, олардың етегіндегі құмды, сазды беткейде, Түркістан флористикалық ауданында
11
Леман қызғалдағы
Tulipa lehmanniana
Құмда, түрлі-түсті тау жыныстарының жиынтығы бар жерде, Қызылқұм мен Түркістанда
12
Островский қызғалдағы
Tulipa ostrowskiana Regel
Сазды шағыл тау беткейлерінде, сары топырақты тау етегінде, Іле, Күнгей Алатауы мен Меркі сайында, Шу - Ілетауларында (Қордай асуы)
13
Жатаған қызғалдақ
Tulipa
Тобыл - Ертіс, Көкшетау, Торғай, Қарқаралы, Зайсан, Арал маңында, Қызылорда, Батыс, Шығыс шоқыларында, Алтайда
14
Регель қызғалдағы
Tulipa regeli
Қызыл түсті сазда, шағыл тасты беткейде, Шу - Іле тауларында
15
Шренк қызғалдағы
Tulipa Schrenkii
Сырт сілемінде, Тобыл - Есіл, Каспий маңында, Ақтөбе, Жем, Торғай флористикалық аймағында, Мұғалжар, Батыс Сарыарқада, Шығыс Сарыарқада, Ұлытауда
16
Кеш қызғалдақ
Tulipa tarda Stapf
Таудың шағыл тасты беткейінде, Іледе, Күнгей Алатауында
17
Дарагүл қызғалдақ
Tulipa uniflora
Ашық жерлерде, тасты беткейлерде, Зайсан, Алтай мен Тарбағатайда
18
Зинайда қызғалдағы
Tulipa zenaidae
Таудың төменгі белдеуіндегі ұсақ топырақты, шағыл тасты беткейлерінде, шөптесінді - бетегелі далада, бұталар арасында, Қырғыз жотасында
Грейг қызғалдағы (Tulipa greigii) - лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Грейгтік қызғалдақ 1873 ж. сипаттап жазылып, 1877ж. Ол Голландияда бірінші класты сұрып ретінде дипломмен марапатталды.
Грейгтік қызғалдақтың шынымен де қызғалдақтар корольі деп есептелуге құқығы бар. Оның мықты биік сабағы, диаметрі 10-12 см, ірі бокал тәрізді гүлі және ерекше қоюқызыл шұбар жапырақтары басқа түрлерден ерекшеленіп тұрады. Гүлі әртүрлі пішінде, таза, түсі қанық алқызыл мен қызылдан сарықызылға, ашықсары, ашық қоңыр және ақтүсті болып келеді. Бір ғана шатқалдан оннан астам пішінін кездестіруге болады (сурет 1). Этноботаникалық
зерттеулер нәтижесінде бұл түрдің пиязшығы жеуге жарайды жіне гүл күлтелері бас ауырғанда, жемісі өкпеауруларына жергілікті халық пайдаланады. Биіктігі 20 - 50 см, пиязшығы жұмырқа тәрізді, жуандығы 2,5-4 см, әсіресе түбі мен ұшы қалың түкті қабықты.
Сабағының жоғарғы жағы түкті, жапырақ саны - 3-4, шамалы жақын орналасқан, қайырылған, бұйра, көкшіл сұр, жоғары жағында көптеген күлгін дақтары бар, жоғарғы едәуір түкті, кірпікшелі, әдетте гүлге жетеді, ең төменгісі сопақшадан жалпақ эллипске дейін тәрізді, ені 5,3-8 см. Аталықтары гүл серігінен 3 есе қысқа, олардың жіпшелері жалаңаш, сары немесе қаралау, тозаңдықтары сары, сирек күлгін, жіпшелерінен екі есе ұзын, түйіні орнықты ауызды; қорапшасының ені 2-3см, ұзындығы 4-6 см.
Қазақстанда таралуы. Эндемик. Шағыл тасты және сазды топырақты далаларда, аласа тау мен тау етегінде өседі. Қызылорда, Түркістан флористикалық аудандарында, Іле, Күнгей Алатауының батыс сілемдерінде (Шу-Іле тауларының тоғысқан жеріндегі Қордай асуы маңында), Қырғыз Алатауы, Шу - Іле таулары, Қаратауда кездеседі (сурет 1, б). Қазір Ақсу - Жабағылы қорығында сақталған. Алматы, Қарағанды, Жезқазған ботаникалық бақтарында қолдан өсіріледі (сурет 1, б).
Фенологиясы. Сәуір айының басынан маусым айының басына дейін гүлдейді. Маусым, шілде айларында жеміс береді.
Қазақстанда қорғалуы. Грейг қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Ақсу - Жабағылы қорығында қорғалады.
Грейк қызғалдақтың тауқыметі бар, ол көптеген басқа ірі гүлді түрлер сияқты тек қана тұқымнан көбейеді. Тұқымдық өнімділігі тұқымның шығыны жоғары болғанмен, алғашқы әлсіз гүлдейтін өскін шығару үшін - 10-12, кейде 15 жыл қажет, содан соң гүлі жұлынбаған болса, бұл дарақ бірнеше ондаған жылдар бойы гүлдейді. Сөйтіп қызғалдақтың тіршілік ету ұзақтығын тіпті адамның өмірімен де салыстыруға келеді.
1981 жылы Орта Азияның белгілі коллекторы Янис Руксанс Қаратау тауының Билікөл шұңқырына қараған шығыс беткейінен Кауфман қызғалдағының ерекше екені бірден байқалды, сөйтіп оған Руксанс Берікқара қызғалдағы саудалық атын берді. Дегенмен ол бұл таксонды ботаника номенклатурасы бойынша рәсімдемеді. Соңғы жылдары Берікқара сайы Грейг қызғалдағының түрлілігін көретін жер ретінде тез арада көпшілікке танымал болуына байланысты, еуропалық әуесқойлар мен мамандар арасында Берікқара қызғалдағы атауы бекіп қалды, бірақ Грейг қызғалдағының жергілікті популяциясы ретінде ғана. Бұл популяцияның басты ерекшелігі - бірегей түстің алуан түрлілігі, сары түстің әртүрлі реңктері, сонымен қатар қызыл, тіпті ақ түсті дерлік гүлдер де кездеседі.
1-сурет. Грейг қызғалдағы.
Кауфман қызғалдағы.( Tulipa kaufmanniana) - лалагүлдер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Кауфмандық қызғалдақтың тартымдылығы ерекше. Ол Батыс Тәңіртаудың эндемигі, өсімді жолмен көбейеді. Бір пиязшығы аналық өсімдікте 1-3 еншілес, ұзын жерөркен - столондар түзеді. Сондықтан кауфмандық қызғалдақ кейде жиі, өсімдік түсі біркелкі, кішкене телімшеде орналасады. Кейде жасыл алаңқайларда арша ормандарының арасында сондай бірнеше телімшелер кездесіп қалады (сурет 2). Жергілікті халық ерте гүлдеуіне және вегетативті көбеюіне байланысты оны бақшаларда әсемдік үшін өсіреді.
Олар үлкен шұбар кілемге ұқсаған түрі түстерден - лимон сары, ақ, қоюсары, қызылсары, қызыл және ашық қызыл дақтардан тұрады. Кауфман мен Грейг қызғалдағының табиғатта будандас дарақтары да жиі кездеседі.
Биіктігі 10-40 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 1,5-4 см, қара қоңыр терілі, ішкі жағы едәуір жатаған түкті қабықты.
Сабағының жоғарғы жағы түкті, жапырақ саны 2 - 3-еу, қайырылған немесе шамалы бүктелген, жалаңаш, кірпікшелелі, әдетте гүлден аспайды. Төменгі жапырағы сопақша немесе ұзынша эллипс тәрәздә, ені 2 - 6 см.
Гүлі біреу, гүлсерігі ақ, түбі сары дақты немесе сары, сүйір немесе доғал, сыртқыларының жаны жалпақ күлгін немесе қызғылт күлгін (сирек қызыл немесе қызғылт түсті даралары да кездеседі), ішкілерінен едәіһуір ұзын, ұзындығы 2,5-8 см, таспа тәрізді, немесе сопақшы таспа, ішкілері ұзынша эллипс тәрізді; аталықтары гүлсерігінен 2 есе қысқа олардың жіпшелері жалаңаш, сары, тозаңдықтары сарғыш, сызықты, жіпшелерінен 3-4 есе ұзын, ширатылған; шел түйіні аталықтан қысқа, аналық аузы орнықты дерлік; қорапшасының ені 1,5-2 см, ұзындығы 3-6 см (сурет 2).
Қазақстанда таралуы. Таудың тасты беткейлерімен альпілік белдеулеріне дейін өседі. Қаратау, Батыс Тянь - Шань мен Қырғыз алатауының батыс бөлігінде кездеседі. Ол - сәндік өсімдік, әсіресе селекцияда көп пайдаланылады, 200-ден астам сорты бар.
Фенологиясы. Наурыз айының соңынан шілде айының басына дейін гүлдейді.
Қазақстанда қорғалуы. Қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады.
2-сурет. Кауфман қызғалдағы.
Кауфман қызғалдағының биологиясын табиғатта, сонымен қатар жерсіндірілген жағдайда соңғы жылдары зерттеу нәтижесінде және олардың ядролық ДНҚ салмағын анықтағанда, бұл өсімдіктің нағыз түрі Өзбекстанда өсетіні белгілі болды, 1877 жылы Э.Л. Регель бұл туралы сипаттап жазған. Қазіргі Қазақстан жерінде осы түрге жақын туысы өсетін болса керек. Әзірге атауы жоқ, голланд жүйелеушілерінің ойынша - Қазақстан қызғалдағы деген атау лайықты деп есептейді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz