Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Алматы облысының білім басқармасы
Бизнес,құқық және жаңа технологиялар колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Қазіргі қазақ тілі оқыту әдістемесі және каллиграфия
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін арттыруға арналған тапсырмалар

Орындаған: Бастауыш білім беру мамандығының курс,
403 топ білімгері Қайрылғазынова Ж.А

Тексерген:

Талдықорған қаласы 2020 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ
І. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің ерекшеліктері
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау процесінің даму деңгейін анықтау
2.1. Оқыту барысында балалардың ойлау процесін дамыту
2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой өрісін дамытуға қолдану
III. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары ХҮІІІ ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген:Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау - жанның өте бір қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде ,сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласы, құштарлығы болуы керек. Мен бұл ойлармен толықтай келісемін. Себебі, әр бала өз алдына жеке тұлға. Өз сабақтарымда оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі дамыта оқыту технологиясының элементін қолданамын. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Ал қызығушылық туғызудың тәсілдері өте көп. Дұрыс құрастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді, өзіне деген сенімін күшейтеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау және олардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Мақсатқа жету үшін алға қойған міндеттер:
1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мақсат - оқушыларға білім бере отырып ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс- әрекетінде қолда
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сынып.

Зерттеу жұмысының ғылыми гипотезасы:
Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері: Әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта отырып, олардың белсенді ойлау қабілеттерін дамыта білуі міндет.Ойлау қабілеттерін дамытатын тапсырмалар арқылы оқушының білімге қызығушылығын арыттыруы тиіс, сонда ғана оқу үрдісі жетілдіріле түседі.


І. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің ерекшеліктері
Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.
Бастауыш сыныпта оқыту барысында баланық білім мен қабілеттілігін қалыптастырады. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту баланың таным процестерін дамытып, барлық іс-әрекет түріне қабілеттілігін қалыптастыруға үлкен ықпал жасайды. Оқу барысында баланың танымдық қабілетін дамыту жолдарын зерттеген И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Д.Б.Занков, М.И.Махмутов, Б.Тұрғынбаева, К.Бозжанова т.б. ғалымдар осы проблеманы жан-жақты зерттеген. Б.М.Теплов қабілет табиғаты және оны қалыптастыру жолдарын анықтаған.
Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі
Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді - дейді В. Кириллова.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген:Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау - жанның өте бір қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде ,сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласы, құштарлығы болуы керек. Мен бұл ойлармен толықтай келісемін. Себебі, әр бала өз алдына жеке тұлға. Өз сабақтарымда оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі дамыта оқыту технологиясының элементін қолданамын. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Ал қызығушылық туғызудың тәсілдері өте көп.Олар:
тіпті жақсы дайындықпен өткізген күнделікті сабақтар. Дұрыс құрастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді, өзіне деген сенімін күшейтеді.

Ойлауды өркендету жолы оңай шаруа емес. Ойлау - жанның өте бір қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан, тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласын, құштарлығын оятуы керек.
М.Жұмабаев
Логикалық ойлауын дамыту үшін мұғалім оқушылармен тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс.
Логикалық ойлау тәрбиесіне қатысты шаралар мыналар:
1. Оқушыларды белгілі (грамматикалық, математикалық) ережелер жөнінде өз беттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін эвристикалық әдісті пайдаланып отыруы қажет. Оқу материалдарын оқушылардың ойлау қабілеті жетерліктей етіп ұйымдастыру.Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді.
2. Оқушының сабақты мүмкіндігінше жақсы кабылдай алуына, елестердің тиянақты қалыптасуына мұғалімнің шеберлігі қажет.
3. Мұғалім оқу процесін жүйелі ұйымдастыруы, сабақта бала логикасын дамытатын мүмкіндіктерді көбірек пайдалануы керек.
5. Оқушылардың жасаған нәтижелерінің өз беттерінше дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, олардың есепті түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру оқушының логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолдары.
6. Логикалық ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жап-жақты дамуымен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, тану кызығуларын, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Мысалы, оғаш сөз, солғын сезім ойдың айқын болуына бөгет жасайды, ал ақылға қонымды жақсы сөз жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге жетелейді. Логикалық ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады деген пікірді жақсы дәлелдейді.
Кіші жастағы оқушылар үшін басты мәселе - олардың интеллектісін дамыту. Белгілі психолог Л.С.Выготский жеті жасар оқушыда есте сақтау мен түйсіктің орасан зор мүмкіндіктері туралы ергежейлі интеллект болатындығын айтқан.Егер бұрын балалар назары тек өздеріне қызық, айқын, нәрселерге аударса,енді мектеп жағдайының алғашқы күндерінен-ақ, дәл сол сәтте, өзін қызықтырмайтын пәндерге зейін қоюы және айтылған әңгімелерді зердесінде ұстап қалуы талап етіледі.
Мектеп оқушыларды оқуға үйретіп, олардың танымдық мұқтаждығын сақтап және дамытып, ғылым негіздерін игеруі үшін кажетті танымдық құралдармен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалім танымдық іс-әрекеттің, табиғаттың шығу тегін, неден тұратындығын, оны оқушыларда қалыптастыру кандай ретпен жүзеге асатындығын білуі керек.
Мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттің бір түрі - логикалық ойлау тәсілдерін қалыптастыру.
Логикалық ойлауды дамыту дегеніміз:
- барлық логикалық ойлау операцияларын арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
- ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;
- объектіні өзгерте білу қабілеттерін жетілдіру.
Осы анықтамалар негізінде логикалық ойлауды дамыту жүйесі төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
1. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру.
2. Ойлау белсенділігін өзбеттілігін дамыту:
- әртүрлі болжам, пікір айта білу;
- мәселені шешудің бірнеше әдістерін ұсыну;
3. Трансформация әрекетін жетілдіру:
- заттарды бөліктері арқылы құрастыру;
- объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.
Ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың жетілген
бейнелі формалары ретінде игерілмейінше, толық кұнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.
Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіс. Бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда математика сабағының алатын орны ерекше, өйткені математика сабағының әрбір жұмысы ой-белсенділігін кажет етеді. Сабақ барысында жас ерекшеліктерін, қабілетін, ой-өрісін ескере отырьш, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Әртүрлі ойын есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, схемалар, математикалық диктант, т.б. Кейде мұғалімдер оқушылардың ой-өрісін дамытамын, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырамын деп қиын, әзірліксіз сұрақты бірінен соң бірін қойып, қабылдау, ойлау үрдісін күрделендіріп алады. Сондықтан сұрақтардың сыныпта орташа оқитын оқушылардың білім деңгейіне сәйкестендіріліп койылуы тиіс.
Мектепте мазмұнды есептер практикалық, графиктік, арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығарылады. Кеңінен қолданылатын - арифметикалық және алгебралық тәсілдерге көп назар аударылады.
Шығару кезіндеоқушылардың есептерді талдай білу іскерліктерін қалыптастыру олардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал етеді.Мұнда оқыту ісі оқушының ақыл-ойын дамыту процесімен қатар жүргізіледі.
Оны көрсететін факторлардың бірі ойлау жүйесінің талдағыштық (анализдік) және біріктіргіштік (синтездік) сипаты академик И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімінде ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Талдау дегеніміз -- білуге тиісті заттар мен құбылыстардың елеулі мәні мен басты қасиеттерін айырып көрсету. Біріктіру дегеніміз -- нәрсе мен құбылыстардың жіктеліп көрсетілген елеулі белгілері мен тұрақты қасиеттерін өзара ұштастырып, ой арқылы біріктіру. Талдау мен біріктіру өзара байланысты ой-әрекеті болып табылады. Ойлаудың бұл тәсілі есептерді шешу логикалық негізіне алынады. Адам ойының бұл әрекеттері салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау, жіктеп-саралау, жүйелеу және жалпылау сияқты тәсілдермен тығыз байланысты. Оқыту процесіне салыстыру тәсілінің алатың орны ерекше. Мысалы, оқушылар математика сабағында нәрселердің суреттерін көріп, олардың сан мөлшерін салыстырады. Көптік, аздық, тепе-теңдік ұғымдарын меңгереді. Салыстыру арқылы есіне түсініксіз нәрсені, кұбылысты танып, біледі. Сондықтан бала ақыл-ойын дамытуда осы салыстыру тәсілін қолданудың маңызы зор.
Ойлауды эмпирикалық және теориялық деп екіге бөлу қабылданған. Ойлаудың эмпирикалық(тәжірибелік) түрі заттардың сыртқы ұксастығы мен айырмашылығына сүйенеді. Мұнда жекеден жалпыға көшу негізі бар. Мысалы, сабақты белгілі бір ереже түсіндірілгеннен соң, осы ережені пайдаланып есеп шығару тапсырылады. Есептердің мазмұны өзгергенімен, мәні бірдей болып қала береді. Осындай есепетің оншақтысын шығарғанда ғана балаларда Осы есептерде ұқсастық бар-ау деген ой тууы мүмкін. Бұдан баланың эмпирикалық түрде, сырқы және мазмұн ұқсастықтары бойынша жұмыс жасайтындықтарын байқаймыз. Теориялық ойлау барлық варианттар мен айырмашылықтар қандай байланыска саятынына, оның ішкі байланысы мен шығу тегін анықтауга негізделеді.
Қорытынды
Оқушылардың ізденпаздық дағдыларын мен шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру, нақты әрі жүйелі қорытынды жасай білу, жалпылай алу, ойлау, салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру - математика пәнін оқытуда жүзеге асыруга болатын әрекеттер екені белгілі.Сондықтан, болашақ ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруде оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытудың маңызы зор.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін ойлау ерекшеліктері

Бастауыш сынып оқушыларының таным процестеріне талдау беруге көшелік.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Осының ішінен біз дипломдың зерттеуімізде ойлау процесінің ерекшеліктеріне және оны дамыту жолдарына тоқтап өттік.
Бастауыш сынып оқушысының ойлау процесіне келсек, осының қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді.
Ой операцияларының түрлері бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. 1 кластағылар нақты затқа, не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 кластағылар бірте-бірте заттың жеке қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Ал аталған операциялар - өзінше динамикалық болып тұратын процессуалдық құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті бейнелерге елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.
Бастауыш сынып оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге (логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай алуға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды рефлексиянық қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға не болу ойланудың шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса бастайды деу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына дәлел бола алады.
Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау әрекетінің бірінші кезеңі.
Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға:
түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.
Ойлау процесіні пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған жаңа, белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.
Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде адам алдына міндет қоя білуі керек. Ойы жоғары дәрежеде дамыған, жеткілікті мөлшерде мол өмір тәжірибесі бар ересек адамдар әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу керектігі, яғни ой нысанасы мен ой процесінің бағыты айқын болады. Ой әрекетінің міндетті атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады.
Ойлау процесінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу.
Анализ-синтез формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ адам қандай ой міндетін атқарса да ол ылғи анализ-синтезді қолдайды.
Анализ - бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез - бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау.
Анализ бен синтез ешуақытта бір-бірінен оқшау тұрмайды, біртұтас ой процесінің екі жағын құрайды. Атап айтқанда, анализ бен синтездің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі ой процесінің мәнін, ядросын құрайды.
Анализ бен синтездің өзара қатынасы мынандай тәуелділіктерден көрінеді:
1.Анализ бүтіннің бөлшектерін, жақтарын, белгілерін ажыратуға ғана емес, сонымен бірге бүтіннің осы бөлшектері арасында болатын байланыстарды, тәуелділіктерді қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі әрі синтездеу болады.
2. Анализдік - синтездік процестің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт беретіндігінен және жасалынған жұмыс нәтижесінде тереңірек және толығырақ танылатын сол негізді танудың құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді.
3. Ой процесінің сәтті болуы яғни қойылған мәселені шешуге әкелуі оның осы үш буыны бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады.
4. Ойлау процесі, яғни талдау-синтездеу әр дәрежеде өтеді - ол не заттарды қолға ұстап әрекет ету, оларды практика жүзінде мүшелеу және біріктіру түріне жүзеге асады, немесе міндет көрнекі түрде қойылады.
Талдау - синтездеу ой процесінің негізі бола отырып, жеке сипатқа не әр түрлі операцияларында көрініс береді. Ол операциялар мыналар:
Салыстыру - бұл қаншада салыстырылатын заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Салыстыру жолымен оқушылар әр түрліліктің жалпылығы және ұқсастықтың әр түрлілігін оңай табады.
Салыстыру - зат, құбылыс, оқиғаларды ойша топтаудың негізі.
Топтау - бұл салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға бөлінеді.
Жүйелеу - заттар мен құбылыстарды топтастыру, осы топтың ішінен одан кіші топтар мен бөліктерді саралайды. Бұл - кішкене топтар да ортақ белгілер негізінде құрылады, бірақ ол белгілер бұл түр, класс өкілдерінің бәрінде кездесе бермейтін жеке белгілер болып келеді.
Жалпылау жалпылардың ең қарапайым түрі ұқсас заттарды олардың кездейсоқ ортақ белгісіне қарай біріктіру болып табылады.
Нақтылау дегеніміз - жалпыланған білімді нақтылы жеке жағдайда қолдану, бұл үшін осы жеке жағдайды тағыда талап, оның белгілі ереже, ұғым, заңға сай келетін белгілерін айрықшалау керек.

Оқыту барысында ойлау процесін дамыту.

Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқарларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады. Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-оқыту барысында оқушылардық ойлау процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы болады.
Халық педагогикасында қалыптасқан балаларға арналған ойындар олардың білімін қалыптастырып, он пысықтауға, үй тапсырмасын орындау жолдарын түсіндіруге, білімдерді бір-бірімен ұштастырып, ұғымдық қорын қалыптастыруға жәрдем береді. Қазіргі мектеп бағдарламасы ұлттық ойындарды кеңінен қолдануға өте ыңғайлы. Көптеген ойындар баланың тапқырлығын, табиғат құбылыстарын, қоршаған табиғат ерекшеліктерін түсініп меңгеруге арналған. Осндай мән-мағынасы өте терең және жан-жақты дамуға, баланың байқағыштығын тәрбиелеуге үлкен үлесін қосып, ойлау қабілетін дамытатын ойындардың бірі Аңдардың айтысы деп аталды. Бұл ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай белгілі бір тақырыпқа сай келетін әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді талап етеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымдарды қалыптастырып, сонымен қатар музыкалық және артистік қабілетін дамытады. Топтасып ән айту, бірін-бірі тыңдап әрекет жасау дағдысын жетілдіреді.
Ойлау процесі жақсы дамыған адам көптеген заттар мен құбылыстарды талдап, бір-бірімен салыстырып, ортақ қасиеттерін тауып, оларды жүйеге келтіруге шапшаң болады. Осы ойлаудың ерекшелігін қалыптастыруға арналған көптеген шығармашылық тапсырмаларды пәндердің ерекшеліктерін байланысты жинақтап оны тиімді қолдануға болады. Олар геометриялық фигураларды қолданып заттардың формасын, түрі мен түсін, кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдап, ұқсастығын табу арқылы баланың қоршаған ортадағы нәрселерді біртектестігін түсінуге, ұқсастығын және айырмашылығын табуға негізделген күнде олардың ойлау қабілетін дамытады.

Қорытынды

Бастауыш сынып оқушыларының барлық қабілетінің нышандары оянып, қалыптыстыруға ыңғайлы уақыт. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту бағдарламасы танымдық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Баланың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары мен әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде зерттеген ғалымдар Д.Б.Занков, Б.Тұрғынбаева, Қ.Бозжанова, Е.И.Рогов, М.Р.Битянова т.б. жаңа бағдарлама қабілет табиғатына сүйене отырып оны дамыту жолдарын көрсеткен.
Ойлау процесін, басқа таным процестеріндей, арнайы жаттығулар көмегімен дамытуға болады. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті олардың тіл байлығымен, сөйлеу ерекшеліктерімен, ұғымдық қорының қалыптасқаны мен бағаланды. Оқушының ойлау қабілеті мектепке келгенде нақты пайымдау, сөздік-бейнелі деңгейде болса. Төрт жылдық ішінде сөздік - логикалық деқгейде қалыптасып, одан әрі ұғымдық-логикалық ойлауға аяқ алуы қажет.
Шығармашылық тапсырмалардың түрлері өте көп. Оларды жүйелі түрде қолданып, тақырыптан тақырыпқа түрлері мен мазмұнын тереңдету және орындау әдістемесін қиындату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытып нақты-бейнелі ойлаудан біртіндеп сөздік-логикалық түріне қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру (математика пәні 3-сынып)
Оқыту мен білім беру процесіндегіақпараттық технологияларды қолднудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта етістікті оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Еңбекке үйретудің әдістері
Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Пәндер