Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау


Мазмұны
Кіріспе
Мектепалды балалардың шығармашылық әрекетін этнопедагогика материалдары негізінде қалыптастырудың маңызы ерекше. Қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш, өзінің ұлттық салт-дәстүрін құрмет ететін ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім.
Ұрпақ тәрбиесінде этнопедагогика материалдары баланы шығармашылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. Этнопедагогика материалдарын мектепалды дайындығының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану және этнопедагогика материалдары негізінде балаларды тәрбиелеу мәселесі бірнеше ғылыми-педагогикалық еңбектерде зерттелген.
Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбиедегі ең басты бағыт: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек».
Этнопедагогикалық білім беру - этнопедагогика материалдарын мектепке дейінгі балалардың меңгеруі, қазіргі жағдайда халықтың аса бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен дағдыларына ие болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарас жүйсі мен нәтижесі болып табылады.
Мектепке дейінгі балаларды шығармашылыққа тәрбиелелуде этнопедагогикалық білім берудің мақсаты ұлттық сана-сезімді, өз халқының тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне біртұтас көзқарас қалыптастыруға тиіс [3, 1б] .
Көптеген ғылыми-зерттеу әдебиеттерін қарастыра келе, біз мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық педагогикасы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытудың кейбір қырлары тамырын терең жібіріп көне заманнан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігімен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткенді.
Оқу үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады: В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдары, Р. Штейнердің еркін таңдау идеясы, С. Н. Лысенкованың оза оқыту, П. Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, Л. В. Занковтың дамыта оқыту, Л. С. Выготскийдің жарқын даму аймағы [5] .
Ойлау механизмдерінде білім екі түрлі қызмет атқарады: жаңа білім алу мақсатымен ойша өңделетін «материал» және ойлау әрекеттерін «реттеуші».
Білімнің реттеушілік қызметі заттардың, құбылыстардың, идеялардың немесе олардың қасиеттерінің арасындағы қарым-қатынастарды, себеп-салдар, уақыт-кеңістік қатынастарын, тағы басқа зерттеуде байқалады. Оқу үрдісінде білімнің реттеуші қызметі қалыптаспаған, өйткені қазіргі біріңғай жауаптар алуға бағытталған. Бұдан шығатын қорытынды қоғамда жобалық педагогика - тұлғаның бойында шығармашылық пен ақыл-ой стилін қалыптастыратын тұрақты құрылымдар жүйесі қажет. Мұндай ақыл-ой стилінің негізгі ерекшелігі кез-келген мәселені талдай білу, жүйелі байланыстарды, қайшылықтарды анықтау, олардың дұрыс шешімін табу, осындай шешімдерді дамытудың мүмкін болатын жолдарын болжау. Ойлау стилі осылай қалыптасқан тұлға технологиялардың үздіксіз өзгерістеріне әрқашан дайын болумен қоса, өмірде кездесетін проблемалық мәселелерді парасаттылықпен шешуге моральдық қанағат алады [36] .
Қазіргі білім беру жүйесі оқыту үрдісінің екі аспектісін қарастырады. Оқытудың мазмұнды аспектісі - балаларды терең жан-жақты, ғылым мен практика талаптарына сай келетін біліммен қаруландыру мақсатын көздейді. Оқытудың формальды аспектісі - мектеп жасына дейінгі балалардың бойында білімді игеру дағдыларын қалыптастыру, соның негізінде өздігінен жаңа білімді алуға ашу және оқу материалын түсіну жолдарын жаңарту мәселелерін қарастырады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту, олардың бойында ақыл-ой операцияларын қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру мәселесі қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Әлемдік педагогикалық практикада бұл мәселені шешудің кейбір тенденциялары пайда болуда. Олардың бірі - оқыту үрдісінде формальды аспектіге назар аудару. Білім беру жүйесі осы бағытта дамып келе жатқан елдер «Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур т. б. » өздерінің дамуында елеулі жетістіктерге жетіп, соңғы 10 жыл ішінде әлемдік прогрестің алғылар қатарына қосылды.
Әлемдік психолого-педагогикалық әдебиеттерде адамның ақыл-ойын дамыту мәселесін А. Н. Леонтьев, С. П. Рубинштейн, М. Л. Гуров, Е. Н. Кабанова-Миллер, Г. С. Костюк, Е. О. Зейленгер-Рубинштейн, М. В. Занков т. б. атақты ғалымдар теориялық тұрғыда қарастырған. Нәтижесінде «ойлау», «ақыл-ой» ұғымы бір-бірінің орнына қолдана беретінін ұқтық. Кейбір авторлар атап айтқанда Н. Н. Поспелов, Ю. А. Петров, А. Н. Леонтьев, И. А. Гибиш «ақыл-ой» ұғымына нақты анықтама берген.
«Ақыл-ой» дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ұғымдарды, ой-пікірлерді, тұжырымдамаларды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі [37] . Философия ғылымының докторы, профессор В. Е. Кемеров «Қазіргі заманғы философиялық сөздік» еңбегінде: «Ақыл-ой - адамның ойлау қабілетінің байланысымен сабақтастығы туралы оқу. Ақыл-ой - өмірдегі қарым-қатынас, ойлау, сөйлеу. қорытындылау, шешімге келу туралы сұрақтарды қарастырады.
Кеңінен алып қарағанда логика тек ойлау емес өмірмен байланысты қарау деген түсініктеме берілген [44]
Қазіргі білім деңгейі балалардан өзіндік таланты мен табиғи қабілетін жетілдіріп қана қоймай, оларды жаңашыл болуын, ізденістерін ұштауын талап етеді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту, олардың бойында ақыл-ой операцияларын қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру мәселесі қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған негізгі міндет.
Ол жалпы білім беретін мектептің мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыру қажетті болып қаралғандықтан жұмысымызға мақсат қойылды.
Зерттеу мақсаты: Қазақ халық педагогикасы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту үрдісінің педагогикалық шарттарын теориялық әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету.
Зерттеу объектісі: Қазақ халық педагогикасы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын оқу-тәрбие үрдісінде дамыту.
Зерттеу пәні: Қазақ халық педагогикасы элементтерін пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту үрдісі.
Зерттеу болжамы: халық педагогикасы элементтерін пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой қабілетін дамытып, жетілдіруге болады егер, жетекші пәндерді ақыл-ой қабілетін дамыту саласындағы білім мен іскерліктің мазмұнын толықтырса топтың бүкіл оқу үрдісін мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой қабілетін дамытуға бағыттаса және оларды терең де жүйелі меңгерту мақсатында арнайы ойындар ұйымдастырса: тәрбиешілерге арнап мектеп жасына дейінгі балалардың дамыта оқыту элементтерін пайдалан отырып, ақыл-ой қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға болады.
Зерттеу міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой қабілетінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде теориялық зерттелуін анықтау;
- халық педагогикасы элементтерін пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту ұғымының мәнін ашу, оны қалыптастырудың критерийлерін, көрсеткіштері мен деңгейін анықтау.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді сұрыптап, талдап-жинақтау.
Зерттеудің жетекші идеясы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту үрдісінде қазақ халық педагогикасының тәжірибесін және прогрессивті идеяларын мақсатты және жүйелі түрде бағыттап енгізу окушылардың дүниетанымын кеңейтіп, интеллектуалдық іскерліктерін дамытумен қатар, олардың жеке құрылымдық компоненттерін (қажеттіліктен, қызығушылықтан туындайтын жеке тұлғаның бағыттылығы, қабілеті, дарындылығы, жігері, адамгершілік қасиеттері) жетілдіруге мүмкіндік береді.
Зерттеудің негізгі кезендері:
Бірінші кезеңде зертгеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасалынып, материалдар жинақталып, жүйеге келтірілді; ғылыми аппараты айқындалды, проблеманың қазіргі жағдайы талданып, қорытындыланды; оларды қазақ халық педагогикасын мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту мақсатында пайдалану жолдары қарастырылды. Эксперимент жұмысының бағдарламасы дайындалды.
Екінші кезеңде қазақ халық педагогикасы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған «Математика» пәнінің типтік бағдарламасына қосымша дайындалып, «Зерек бала» және «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы негізінде пайдалануға қажетті қазақ халық педагогикасының үлгілері сұрыпталды. Қазақ халық педагогикасы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытудың әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеруден өткізілді.
Үішінші кезеңде тәжірибелік-экспериментгік жұмысқа талдау жасалып, теориялық және эксперименттік зерттеуде алынған нәтижелер қорытындыланды; теориялық қағидапар мен онан туындайтын әдістемелік нұсқаулар өндеуден өткізілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және тіркемелерден тұрады.
1. Қазақ халық педагогикасы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытудың педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми-теориялық тұрғыда зерттелінуі
1. 1 Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру жолдары
Балаларды тәрбиелу мектеп жасына дейіні оқыту мен ойын еңбек тену іс-әрекеттері барысындағы істе көрінеді. Баланың іс-әрекеті неғұрлым сан алуан болған сайын, қоршаған ортаны танып, танымдық қабілетінің дамуы жан-жақты болып арта түседі. Іс- әрееттің барлық түрінде де бала ісерліті үйренеді, қарым-қатынасқа түсіп, тіл үйренеді. Дұрыс бағытта жасалған басшылық баланың тіл дамыту міндеттерін шешуге үшін бағытталған педагогиалық ықпалдың тиімділіін арттыра түседі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесі ретінде ең алғашқы деңгейі болып, қазіргі күн сайын тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілеті жететін бала тұлғасы қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жасты зияткерлік, тұлғалық әлеуметтік және эмоционалдық дамуын стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту дамыту ісіне ерекше көңіл бөлді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жеке басын дамыту, білім беру мазмұнының жаңарту, болашақ ұрпақ тәрбиесін жаңа сапалық деңгейге көтеру, балаларды шамадан тыс жүктемеден сақтайтын және білім мазмұнына міндетті миниумы мен бала дайындығына қойылатын талаптар деңгейін белгілейтін мелекеттік құжат - жаңа стандарт дүниеге келді. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясына байланысты және мемлекет саясатының бір бөлшегі.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемелекеттік жалпыға міндетті стандартының жаңа нұсқасы 2009 жылы қолданысқа берілді. Осы жаңа стандартта педагогикалық процестерді ұйымдастыру негізгі үш принципті: кіріктіру, жіктеу және жекешелендіруді іске асыруды болжайды.
ҚР МДТО МЖМБС-ына сүйеніп жасалған жаңа бағдарламалар («Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз») кешенінің мазмұнын іске асыру әрқайсысының жеке бөлімдері мен мақсатты бағыттары бар негізгі білім беру салаларымен тығыз байланысты жұмыстарды қарастырады.
Білім беру салаларының арасындағы байланыстарға негізделген және
олардың нақты саласы білім жүйесінің біртұтастығын көрсетіп беретіндей етіп материалдың кіріктірілуі бағдарламалардың өзгеше белгісі болып табылады. Кіріктіру педагогқа балалардың жеке дара ерекшеліктерін, олардың жақын даму аймағын ескере отырып, бір және бірнеше білім саласы шеңберінде мазмұнды үйлестіруге және материалды түрліше түйдектеуге құқық және мүмкіндік береді.
Егер базалық білім мазмұны тұлғалық-бағдарлылық және жеке-даралық тұрғыдан түзілсе, оқытудың белсенді құралы ретінде ойын пайдаланылса, ал ата-аналар бала бақшадағы білім беру процесіне «араласып, ат салысса», онда баланың құзыреттілік дамуының жоғары деңгейіне жетуге болады. Сонымен бірге білім беретін материалды кіріктіру жастық кезеңің бірінен екіншісіне өткенде базалық мазмұнның шоғырлану және бірізділік ұстанымдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Жаңа стандарт бойынша мектепке дейінгі білім беру мазмұны және мектепке дейінгі салада педагогикалық процесті ұйымдастыру мына бағыттар негізінде өзгертілді.
- мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыру;
- бес білім беру саласынан («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекеттердің кіріктірілуі;
- құзыреттіліктің даму индикаторларына, яғни мектепке дейінгі жастағы баланың біртұтас даму деңгейін зерттеу және қадағалаудың қолданыс құралына сүйеніп, әр баланың жетістігін диагностикалауды іске асыру.
Жаңа стандарттың және бағдарламалар кешенінің құрамына орай қазіргі технологиялық тұрғыдан педагогикалық процестер ұйымдастырылады. Сонда:
- мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалауды іске асырғанда, мектепке дейінгі балалардың құзыреттілік дамуының ҚР МДТО МЖМБС-ында көрсетіп берілген деңгейіне сәйкестігін анықтау қажет;
- күтілетін нәтиже ретіндегі мектепке дейінгінің - баланың түйінді құзыреттіліктері баланың жеке-дара ерекшеліктеріне және қоршаған әлеуметтік ортасына тәуелді де, негізінен оның қабілетін, бастамасын, қарым-қатынастағы және іс-әрекеттегі белсенділігін, өмір тіршілігіндегі және оқудағы түсінерлік әр алуан мәселелерді шешудің оңтайлы нұсқасын таба алуын сипаттайды;
- мектепке дейінгі баланың біртұтас дамуын қадағалаудың аспабы (инструментарий) қызметін баланың құзыреттілік дамуының Индикаторы атқарады да, мектепкФе дейінгі ұйымдардың педагогтарына және ата-аналарға «қатаң емес» диагностика жүргізуге мүмкіндік береді және баланың білім алу траекториясын түзудің негізіне алынады;
- баланың жас және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, оның құзыреттілік даму деңгейін қамтамасыз ету, балаларға білім беру қызметін көрсететін әр түрлі типті мектепке дейінгі ұйымдар іс-әрекетінің сапалы диагностикасын және мониторингін жүргізу арқылы тиімді бағалау үшін жағдай туғызу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қажетті деңгейіне және мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру саласындағы дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес келуіне қол жеткізу сияқты индикатордың қызметін айшықтап көрсетуге болады;
- баланың әр құзыреттілігінің дамуын үш деңгей (бірінші деңгей - бала қандай да бір әрекетті қайта жаңғырықтырады, екінші деңгей - бала не істегенін түсінеді, үшінші деңгей - бала нені білсе, соны қолданады) бойынша қадағалауға арналған білім беру салалары мазмұнынан туындайтын индикатордың жасалған жүйесін пайдалануға болады;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған бағдарламалар кешенінде келтірілген әр түрлі жастық топтағы балалардың мүмкіндіктері мен тұлғалық сапаларының сипаттамаларын ескеру керек болады.
Әр білім саласы бойынша мектепке дейінгілерді тәрбиелеу және оқыту бағдарламалары мазмұнды ғана емес, сонымен бірге құралдарды, түрлері, әдістерді, тәсілдерді, балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру және басқару технологиясын, яғни педагогикалық процесті анықтайды, сонда:
- педагогикалық процесс білім беру салалары мазмұны арқылы іске асырылады;
- педагогикалық процесс ұйымдастырудың жеке-дара, кіші топтық және топтық формаларының үйлесімді байланыстарына сүйеніп құрылады;
- педагогикалық процесс қарым-қатынасқа, ойынға, ізденуші-эксперименттік іс-әрекетке, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтасуға негізделіп ұйымдастырылады;
- педагогикалық процесс пәнаралық, іс-әрекет аралық өзара әрекеттестік сипатта болады, өздігінен іске асыру және өзін таныту үшін оған қатысушылардың әрқайсысына оңтайлы мүмкіндік туғызады;
- педагогикалық процесс тәрбиешінің жетекшілік рөлін ескереді және ғылым мен практиканың өзара байланысын, педагогикалық процесті болжауды, жобалауды және түзуді, педагогикалық іс-әрекет нәтижесінің объективті диагностикасын көздейді;
- педагогикалық процесс диагностиканың нәтижесіне сүйеніп құрылады;
- бала дамуының жеке-дара траекториясын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Жаңа ҚР МДТО МЖМБС-ын және бағдарламаларды мектепке дейінгі ұйымдарда іске асыру:
- базитік тақырыптық-перспективтік жоспарға сұйеніп жасаған, білім беру салаларын кіріктіретін жұмыс оқу жоспарын пайдаланып күн тәртібін, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бөлінуін (оқу іс-әрекетінің кестесін), күні бойғы педагог пен балалардың іс-әрекетін айқындайтын педагогикалық процестің циклограммасын жасауды;
- жұмыс және перспективтік жоспарға, циклограммаға негізделіп әзіренетін оқу конспектісін жасауды қажет етеді.
Жасалған жоспарға сәйкес тәрбиеші балаларды оқыту мен тәрбиелеуді күнделікті өмірде жүзеге асырып отырады: күні бойы олардың білімін толықтырады, әр түрлі: мәдени-гигиеналық, мінез-құлық мәдениеті, сөйлеу тілі, есептеу, қимыл және т. б. іскерлік пен дағдысын қалыптастырады. Оқытудағы басты роль оқу әрекетіне беріледі.
Ф. Н. Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика» оқу құралында оқытудың негізгі формасы - сабақ деп бере отырып, сабақ барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, білік, дағдыны игерумен қатар балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйрететініне тоқталған. Сабақ сөзі қазіргі таңда яғни жаңа стандарт бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті деп қолданылып жүр. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ол ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, балалардың білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы. Себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану тәңертеңгі тамақтан кейін, шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - бұл балалар бақшасында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Ол барлық мектепке дейінгі балалар үшін міндетті, олар үшін ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің бағдарламалық мазмұны белгіленген, күн тәртібінде оны өткізуге тұрақты уақыт бөлінген, белгілі бір ұзақтығы көрсетілген. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тәрбиешінің басшылығымен өтеді, ол балаларға жаңа білім береді, білетіндерін дәлдеп, бір жүйеге салады, практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастырады, оның барысында балалар алған жаңа білімді нығайтып алуан түрлі іскерлікке, дағдыға үйретіледі. Оқу материалдары бірте-бірте күрделене түседі.
Балалар бақшасындағы оқудың балаларды мектепке дайындауда үлкен маңызы бар. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үстінде балалар оқу іс-әрекеті дағдыларына, жинақы, ұйымшыл болуға үйренеді. Оларда тұрақты зейін, назарын бір нәрсеге аудару, ерік-күш қабілеті өсіп жетіледі. Жүйелі оқыту үстінде таным құштарлығы қалыптасады.
Балаларды ұжымда оқытудың белгілі артықшылықтары бар: бірігіп жұмыс жүргізуде олар біріне-бірі үлкен әсер етеді, белсенділік, өткірлік көрсетеді. Балалардың алдына бірігіп шешетін міндеттер қойылғанда, бірлесіп қам жеу пайда болады, ұжымдық сезімі қалыптасады.
Экскурсиялар, сурет салу, мүсін жасау, құрастыру жөніндегі жұмыстарды бірігіп орындау, қимыл дамыту және музыка оқуларында жалпы ойындар мен би билеуге біріктіру, көркем әдебиетті оқудан алған әсері бойынша бірлесіп қайғыру - осының бәрі тату балалар ұжымын құруға көмектеседі және ол ұжымда өмір сүріп, жұмыс істеуге қалыптастыру.
Тұтас алғанда мектепке дейінгі мекеменің және әрбір жас топтарының жұмысын жоспарлаудың тікелей негізі «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» болып табылады. Оның мазмұны қайсыбір белгілі уақытқа арналған білім-тәрбие жұмысының жоспарларында одан әрі нақтылана түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz