Қазақстан Республикасында қаржы нарығы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Банктік менеджмент және қаржы нарығы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Банк ісі» пәні бойынша

Тақырыбы: «Әлемдік қаржы дағдарыс жағдайындағы ҚР-ның банкаралық несие нарығы»

Орындаған

Сырттай оқу бөлімінің Ф-18-1 с/к тобының студенті Калдыбекова Д. Т.

Ғылыми жетекші

Қарағанды 2020

ЖОСПАР

Кіріспе.

1. Әлемдік қаржы дағдарыс жағдайындағы ҚР-ның банкаралық несие нарығы 1. 1. Дағдарыс жағдайындағы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері 1. 2. ҚР сақтандыру нарығының қазіргі кездегі жағдайы және даму перспективалары

1. 3. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен және қазақстан республикасының ұлттық банкімен өзара іс-әрекет ету

2. Әлемдік қаржы дағдарысы және оның Қазақстанның қаржы нарығына ықпалы

2. 1. Қазақстан Республикасында қаржы нарығы

2. 2. Қаржылық дағдарыстың банк жүйесіне əсері

2. 3. Дағдарыстан кейін әлемдік жүйенің жағдайы

3. Қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметін қадағалау

3. 1. Қаржы ұйымдарының қызметін қадағалау нәтижелері

3. 2. Қадағалау арқылы ықпал ету

3. 3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4-5

1. Әлемдік қаржы дағдарыс жағдайындағы ҚР-ның банкаралық несие нарығы. 1. 1. Дағдарыс жағдайындағы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері . . . 6-7 1. 2. ҚР сақтандыру нарығының қазіргі кездегі жағдайы және даму перспективалары . . . 8-10

1. 3. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен және қазақстан республикасының ұлттық банкімен өзара іс-әрекет ету . . . 11-13

2. Әлемдік қаржы дағдарысы және оның Қазақстанның қаржы нарығына ықпалы

2. 1. Қазақстан Республикасында қаржы нарығы . . . 14-23

2. 2. Қаржылық дағдарыстың банк жүйесіне əсері . . . 24-28

2. 3. Дағдарыстан кейін әлемдік жүйенің жағдайы . . . 29-33

3. Қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметін қадағалау

3. 1. Қаржы ұйымдарының қызметін қадағалау нәтижелері . . . 34-37

3. 2. Қадағалау арқылы ықпал ету . . . 38-41

3. 3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау. . 42-46

Қорытынды . . . 47-48

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 49-50

Кіріспе

Курстық жұмысымның тақырыбы «Әлемдік қаржы дағдарыс жағдайындағы ҚР-ның банкаралық несие нарығы». Бұл тақырыпта мен Қазақстан Республикасыеның банкаралық несие нарығына және де Әлемдік қаржы дағдарысына тоқталып кетемін.

Қаржы дағдарысы кез келген мемлкеттің экономикалық секторына, оның ішінде қаржы, банк секторына орасон зор нұқсан келтіргені белгілі. Сондықтан, дағдарыстың келтіретін залалдарына тойтарыс бере алатындай қаржы механизмін одан әрі жетілдіру керек. Кез келген қаржы механизмі қоғамдағы, мемлекеттегі қаржылық қатынастардың қалыптасып, дамуының негізі ретінде сыртқы орта факторларына тез жауап бере алатындай икемді болуы керек. Себебі механизм қаржылық ресурстарды жұмылдыру, қаржыландыру, реттеу және ынталандыру функцияларын орындай отырып, өзіне қаржы секторының басты бөліктерін кіріктіреді. Ал сол бөліктердің әрқайсының тиімді әрі дұрым жұмыс істеуінің арқасында ғана дағдарыс жағдайында күйзеліске ұшырамауға болады. Осы мақсаттарда Үкімет тарапынан да көптеген іс-шаралар атқарылуда. Мәселен, Ел Парламенті дағдарыс жағдайында қазақстандық банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге, экономиканың нақты секторын несиелеу мүмкіндігін кеңейтуге және халықты қолдауға бағытталған құқықтық топтаманы жедел түрде қабылдады, яғни қаржы механизмінің қосалқы жүйесі қаржылық нормалар мен нормативтерді өзгерте отырып, оңтайландыруға тырысуда. Сонымен қатар нормативтердің орындалуын бақылауға негізделген қадағалау тәсілін ғана пайдаланып қоймай, тиімді корпоративті басқаруға, акционерлердің транспаренттілігіне, директорлардың фидуциярлы міндеттеріне және банктердегі тәуекелдерді басқаруға деген қажеттілікке үлкен көңіл бөле отырып, тәуекелдерді есепке алуға негізделген замануи әдістемені де пайдалануы тиіс. Нормативтік базадағы көзделген өзгерістер бұл бағыттағы өте маңызды қадам болып табылады.

2008 жылы қабылданған жаңа Тұрақтандыру бағдарламасы отандық экономиканың ерекшеліктеріне сәйкестендіріле қабылданды. Сондай-ақ аталмыш құжат халықаралық стандарттарға да сәйкестендірілді. 2008 жылдың қараша айында Үкіметтің Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын қадағалау агенттігі мен Ұлттық банкпен бірлесе дайындаған 2009-2010 жылдарға арналған жоспары - Бірлескен іс-қимыл жоспарлары тұңғыш рет Ұлттық қор есебінен орындалды.

Бірлескен іс-қимыл жоспары әлеуметтік-экономика кеңістігінде ғаламдық дағдарыстың кері әсерін барынша әлсіретудің механизмдерін белгіледі. Онда мынадай жайттарға басымдық берілді:

- Қаржы нарығындағы ахуалды тұрақтандыру, тұрғын үй нарығындағы жағдайды бақылауға алу, үлескерлердің құқығын қорғап, аяқталмай қалған құрылыс нысандарын аяқтау:

- Қазіргі заманғы экономикалық тиімділік тұрғысынан қарағанда болашағы бар шағын және орта бизнесті қаржыландыру саясатына басымдық беру;

- Инновациялық-индустриалдық, инфра-құрылымды жобаларды қаржыландыру:

- Агроөндірістік кешенді, оның негізгі субъектілерін дамытуға көңіл бөлу. Мұнда негізгі басымдық жаңа экспорттық өндіріске бағытталған, жұмысы жолға қойылған секторларға бірінші кезекте басымдық беріледі.

Яғни, қаржылық жоспарлаудың жаңа бағдарламаларын қабылдау керек. Сонымен бірге Мемлекеттің бюджеттік және салық саясатын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету арқылы салық-бюджет саясатының тиімді үлгісін әзірлеу керек. Екінші мәселе - мемлекеттік жоспарлау, сатып алу, қаржы бақылау жүйелерін жетілдіру, салық тәртібін сақтау, зейнетақы жинақтарының құнсыздану деңгейін ескере отырып сақталуын қамтамасыз етілуі болды.

Соңғы әдіс ретінде бюджеттен ақша бөлудің жаңа қағидаларын енгізу, макроэкономикалық көрсеткіштерге нақтылау болжамдары, отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын айтуға болады.

Міне, жалпы қаржы механизмін жетілдіру перспективалары осындай. Әрине, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы мекемелер үшін қаржы механизмін жетілдіру тәсілдері басқа болуы мүмкін. Алайда, жалпы еліміздің экономикасындағы қаржы механизмінің жетілдірудің басты бағыттары жоғарыдай.

1. Әлемдік қаржы дағдарыс жағдайындағы ҚР-ның банкаралық несие нарығы

1. 1. Дағдарыс жағдайындағы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында ұлттық экономикалардың, соның ішінде Қазақстанның да қарқыны тежелуде. Даму кезеңінде жинақталған қордың қаражаты мемлекетке әлемдік дағдарыстың ықпалын азайту бағытында тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Дегенмен, дағдарыстың кері салдарлары халықтың барлық жіктеріне байқала бастады. Экономикада орын алып жатқан бүгінгі тұрақсыздық жағдайында, халықаралық сарапшылардың бағалаулары негізінде әлемдік 2009-2013 жылдардағы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды. Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруі бекітілген республикалық бюджетті нақтылау қажеттілігін туғызды. Үшжылдық бюджетке енгізіліп отырған түзетулер, жалпы алғанда, Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар пакетін жүзеге асыруға бағытталған.

Парламенттің қарауына енгізілген «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бұған дейін бекітілген республикалық бюджеттің кірісін 371, 1 миллиард теңгеге қысқартуды, яғни 1529, 5 миллиард теңгеге дейін азайтуды қарастырып отыр.

Жоғарыда айтып өткендей, әлемдік экономикадағы бүгінгі ахуал тұрақсыз. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, 2009 жылы әлем экономикасы құлдырайды деп күтілуде. Халықаралық валюта қоры 2009 жылғы әлемдік экономиканың өсу көрсеткіші бойынша қаңтар айындағы болжамын рецессияға қарай - минус 1 - минус 0, 5 пайызға өзгертті. Мұндай құлдырау соңғы 60 жылда алғаш рет орын алғалы отыр. 2010 жылдан бастап әлемдік экономиканың өсу қарқыны біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.

Қазіргі әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыс өзінің ауқымы жағынан күшті болғаны соншалық, әлемнің ең күшті мемлекеттерінің өзін шайқалтты. Осындай жағдайда Қазақстан Үкіметі Ұлттық қордың «қақпағын» ашуға шешім қабылдады. Дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд. АҚШ доллары бөлінді. Мұндай мүмкіндіктер біздің елде ғана болды, біз халықаралық несиелер мен шетелдік инвестицияларға иек артқан жоқпыз. Ұлттық қордан қаражат бөлу дұрыс әрі пәрменді қадам болды. Елбасы бастамасымен қолға алынған «Жол картасы» болды. Бұл - жақсы идея. Мемлекет әлеуметтік нысандар құрылысына қаражат салуда. Бұл шаралар бір сәттік тиімділік беретін емес, ұзақмерзімді инвестициялар.

Біз мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтуіміз қажет. «Нұр Отан» ХДП құрылымында партиялық бақылау органдары құрылды, мұндай құрылым ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі партия фракциясы жанында да жұмыс істейді. Бұл партия мүшелерінің жақсы бастамасы. Дегенмен олар бұрынғыдан да пәрменді жұмыс жасаулары тиіс. Жұмыстың тиімділігін бұрынғыдан да арттыру үшін олардың өкілдігін кеңейту қажет», - деп атап өтті ғалым.

Дағдарыс жағдайында Үкімет ішкі ресурстарды неғұрлым белсенді пайдалануға тиіс. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 105 млрд. теңге көлеміндегі бюджеттік қаражат игерілмей қалды, мұндай жолсыздықтарға тоқтау салу қажет. «Бюджеттік тәртіпті арттыру және мемлекеттік шенеуніктер тарапынан жауапкершілікті арттыру жөнінде көп айтылып жүр. Үкімет бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, бұл қаражаттардың дер кезінде игерілуіне бақылауды қатайта түсуі тиіс».

1. 2. ҚР сақтандыру нарығының қазіргі кездегі жағдайы және даму перспективалары

Қазіргі кездегі жағдайы:2012 жылдың 1 сәуіріне қалыптасқан жағдай бойынша, берілген лицензияларға сәйкес, республиканың қаржы нарығында 36 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әрекет жасап жатыр, бұл ретте өмірді сақтандыру жөніндегі іс-әрекетті жүзеге асыруға 7 ұйымның, көлік құралдарының иегерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша - 24 ұйымның лицензиясы бар. Сондай-ақ сақтандыру қызметтері нарығында өзінің іс-әрекеттерін 13 сақтандыру брокері мен 83 актуарий жүзеге асырып отыр.

Қарастырылып отырған мерзімнің 1 сәуіріне 411, 6 млрд. теңге құрай отырып, 2012 жылдың 3 айында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық активтері 6, 2%-ға артты. Жиынтық өзіндік капитал 2, 6 %-ға артып, 237, 2 млрд. теңге құрады. Сақтандыру резеревтерінің сомасы 142, 7 млрд. теңге құрады.

Тікелей сақтандыру шарттары бойынша жүргізілген сақтандыру төлемдерінің көлемі 2012 жылдың 3 айында 12, 2 млрд. теңге құрады, бұл алдындағы жылдың көрсеткішінен 51, 0%-ға көбірек. Оның ішінде, міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі 3, 3 млрд. теңге құрады (өткен жылдың осындай күнімен салыстырғанда 20, 4%-ға артқан), ерікті дербес сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі - 6, 9 млрд. теңге (өткен жылдың осындай күнімен салыстырғанда 74, 4%-ға артқан) және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша - 2, 0 млрд. теңге (43, 8%-ға артқан) . Қазіргі таңда сақтандыру төлемдерін кепілдендіру жүйесінде 34 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысып отыр.

2012 жылдың 1 сәуіріне қалыптасқан жағдай бойынша, мәжбүрлеп тарату процесінде 2 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы («Алтын Полис» СК» АҚ және «Premier Cақтандыру» АҚ), ерікті таратылу процесінде 1 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы («Темір Ат» СК» АҚ) тұр.

Көлемі бойынша аса ірі сақтандыру компанияларының бестігі өзгермеді. «Евразия» СК-ның активтері ай ішінде 74, 44 млрд. теңгеден 73, 36 дейін шамалы азайды, ал «Виктория» СК-да - 58, 1 млрд. теңгеден 57, 59 млрд. теңгеге дейін кеміді. «Халық-Қазақинсақтандыру» СК-ның активтері 1, 3 млрд. теңгеге артты. «БТА Сақтандыру» СК-ның активтері 0, 11 млрд. теңгеге; "ҚазЭкспортГарант"» активтері - 0, 07 млрд. теңгеге артты

Даму перспективалары:Қазақстанның сақтандыру нарығы қарқындап өсуде, мұның өзін сақтандыру сыйлықақылары, активтер жəне меншікті капитал көлемінің өсуі растайды. Бұл ретте сақтандыру секторының сыйымдылығы өз əлуетін жоққа шығармады - жиналған сыйлықақылардың айтарлықтай үлесі корпоративтік сақтандыруға тиесілі (ірі өнеркəсіп, мұнай, авиация жəне мүліктік тəуекелдерді сақтандыру) . Бұл ретте бөлшек сақтандыру секторы жиналған сақтандыру сыйлықақыларында аз ғана үлеске ие болады (сақтандыру компаниялары портфелінде 1% аспайды) . Сақтандыру операцияларының да жоғары қарқынмен өсуіне байланысты, сақтандыру төлемдерінің көлемі өсуде. Сақтандыру қызметінде зияндылықтың біршама өсуіне қарамастан активтердің жəне капиталдың пайдалылық көрсеткіштері сақтандыру компаниялардың пайдамен қызмет етуі үшін жеткілікті дəрежеде жоғары деңгейде. Қазақстандық сақтандыру компанияларының көбі үшін инвестициялық қызмет аса маңызды емес кіріс көзі болып табылады. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы кейбір өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі тұрақты төмендеу үрдісіне ие, бұл ретте екінші деңгейдегі банктердегі депозиттердің жəне республика эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі өсу үстінде. Бұл қадағалау органының активтердің белгілі бір бөлігін МБҚ-ға міндетті орналастыру жөніндегі талаптарын, осы арқылы олардың елеулі үлесін қаржы нарығының неғұрлым кірісті құралдарына инвестициялау үшін босата отырып, алып тастауына байланысты. Сонымен қатар сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы банктерге тəуелділіктің өсіп отырғанын көрсетеді. Инвестициялық қызметтен кірістердің аз ғана болуына қарамастан оның жиынтық кірістердегі динамикасының өскені байқалады.

1 кезең - ұйымдық-құқықтық қайта құру (2010 жылға дейін) .

Сақтандырудың қорғаныс және инвестицялық қызметтерін ынталандыру:

- қолайлы әлеуметтік-экономикалық ортаны құру;

- сақтанушылардың рыногын қалыптастыру;

- бағалы қағаздар рыногын жетілдіру;

- сақтандыру заңнамасын халықаралық талаптарға сай үйлестіру;

- сақтандырушылардың тұрақтылығын жоғарлату;

- сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау.

2 кезең - инвестициялық мүмкіншіліктерді жоғарлату (2020 жылға дейін)

Инновациялық және инвестициялық қызметтерді жетілдіру:

- сактандырушылардың ннвестициялық мүмкіншіліктерінің аясын кеңейту;

- инновациялық қызмет тәуекелін қорғау бойынша жаңа қызмет көрсетулердің пайда болуы;

- сактандырушылардың капиталдандырылуын ұлғайту;

- таяу шет ее рыногында ұлттық сақтандырушылардың өктемпаздығы;

- заңнамаларды жетілдіру;

- сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын дамыту.

3 кезең - дамыған сақтандыру қызметі рыногы

Барлық сақтандыру қызметтерінің толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету:

- әлеуметтік қорғаудың үш денгейлі жүйесінің толыққанды қызмет етуі (сактандыру компанияларының белсенді рөлі жағдайында) ;

- ЖІӨ-ң 15%-ға дейінгі масштабымен сақтандырушылардың институционалдық қызметін нығайту;

- ұлтаралық сақтандырушылардың пайда болуы;

- таяу шет ел рыноктарында инвестициялық өктемпаздық жүргізу.

1. 3. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша қазақстан республикасының Үкіметімен және қазақстан республикасының ұлттық банкімен өзара іс-әрекет ету

2008 жылы, дағдарыстың өткен жылы сияқты Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Агенттіктің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арасында 2007 жылғы күзде қол қойылған Қаржылық тұрақтылық мәселелері жөніндегі меморандум аясында өзара ісәрекет жасау жөніндегі жұмыстар қарқынды жүргізілді, меморандумда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік реттеудің өзге құралдарын қолдану рәсімдерінде және мемлекеттік қолдау көрсету ұстанымдары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен, 2007 жылы қабылданған еліміздегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жедел іс-шараларға толықтыру ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қаржылық реттеушілер Қазақстан Республикасының экономикасын және қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі қосымша шаралар қабылдады, себебі қаржы нарығындағы жүйелі тұрақсыздық жағдайында пруденциалдық сипаттағы шаралар тұрақты, сенімді макроэкономикалық ортаның болуы бойынша тиімді қадағалау шарттарының бірі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін толыққанды тиімділікті бере алмайды.

Осыған байланысты, осы жағдайлардағы басты роль фискалдық және монетарлық сипаттағы шараларға беріледі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өткен жылдың ішінде барынша төмен резервтік талаптардың нормативтерін екі рет төмендетті (ішкі міндеттемелер бойынша ол 6%-дан 5%-ға дейін, өзге міндеттемелер бойынша - 8%-дан 7%-ға дейін төмендетілді, кейіннен жыл соңына қарай ішкі міндеттемелер бойынша 5%-дан 2%-ға дейін және 7%-дан 3%-ға дейін өзге міндеттемелер бойынша төмендетілді), сондай-ақ 2008 жылғы шілдеде қайта қаржыландырудың ресми ставкасы 11%-дан 10, 5%-ға дейін азайды. Сондай-ақ, 2008 жылы банк жүйесінің өтімділігін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру операциялары бойынша кепілдік қамтамасыз ету тізімі екі рет (ақпан және мамыр айларында) айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен, кері РЕПО операцияларын жүргізу барысында кепілді қамтамасыз ету тізбесіне Агенттіктің талаптарына сәйкес ЕДБ-ға сатып алуға рұқсат берілген Қазақстан Республикасы ұлттық компанияларының бағалы қағаздары, шет мемлекеттердің бағалы қағаздары және халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары енгізілген болатын, сондай-ақ 2008 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ЕДБ-ның орналастырылған және айналымда болған бірқатар борыштық облигациялары және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның агенттік борыштық бағалы қағаздары енгізілді.

2008 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік заемдарын ұсыну мәселелері бойынша Агенттік, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және ЕДБ арасында ынтымақтастық пен өзара ісәрекет туралы келісім әзірленді, келісімде банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сыртқы міндеттемелерді және активтерді 2007 жылғы 1 қарашаға қарағанда жоғары деңгейде сақтау жөніндегі міндеттемелерді ЕДБ-ның қабылдауы бойынша бір уақытта ерікті қабылдау барысында қайта қаржыландыру заемдарын беру туралы өтініш жасау құқығын көздеді, консервативті кредиттік және қалыпты депозиттік саясатты қолдау, әрі акционерлік капиталды өсіру бойынша күш-қуат жұмсауды көздейді.

Қазіргі уақытта 7 ЕДБ осыған ұқсас Келісімге қол қойды. 2008 жылғы 25 қарашада Қазақстандағы жағдайға әсер ететін жаһандық дағдарыстың келеңсіз салдарын жоюға бағытталған іс-шаралар кешенін айқындайтын және сапалы экономикалық өсімге болашақта қажетті негіздерін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 20092010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Жоспар) қабылданды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының 10 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қаражаты осы Жоспардың қаржылық қамтамасыз ету көзі болып табылды. Жоспарға 5 қызметтің бағыттары енгізілді: 1) қаржы секторын тұрақтандыру; 2) тұрғын үй секторын дамыту; 3) шағын және орта бизнеске қолдау көрсету; 4) агроөндірістік кешенді дамыту; 5) инфрақұрылымдық және жаңашыл жобаларды іске асыру. Жоғарыда көрсетілген Жоспарда қазақстандық қаржы секторын қолдауға және оны әрі қарай нығайтуға бағытталған шараларға баса назар аударылған. Сонымен, қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі шараларға реттелген борышты ұсыну және артықшылық берілген акцияларды сатып алу, жай дауыс беруші акцияларды сатып алу арқылы банктердің капиталына мемлекеттің қатысу механизмдері енгізіледі. Банктер мемлекет ұсынған қаражатты резервтердің (провизиялардың) тең деңгейін қалыптастыруға және ел ішіндегі заемшыларға кредит беруге бағыттайтын болады.

Бұл ретте, мемлекет осы банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалуды жоспарлап отырған жоқ және әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайдан тәуелді орта мерзімді перспективадағы олардың капиталынан шығуды есептеп отыр. Бұдан өзге, Жоспарға Стресстік активтер қорын құру мәселесі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк секторының өтімділігі деңгейін қолдау шаралары енгізілді. Жоспар аясында қаржы секторының, әсіресе банк секторының және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мемлекеттік реттеу механизмдері жетілдірілетін болады, толық ақпарат осы Есептің V-тарауында берілген. Агенттік Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, 2008 жылға арналған Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы кезекті есебін жасау жұмыстарын жүргізді, осы іс-шараның аясында қаржылық ресурстарды дер кезінде қайта бөлудің тиімділігі мен уақтылылығы, қандай да бір шығынсыз қаржы дағдарысын еңсеруге тәуекелдерді басқару тиімділігі мен қаржы жүйесінің қабілеттілігі бағаланды. Сонымен қатар, Агенттік 2008 жыл ішінде қаржы жүйесі тәуекелдерінің деңгейін төмендету мақсатында пруденциалдық реттеу аясында іс-шаралар кешенін қабылдады, сондай-ақ бірқатар заңнамалық актілерді әзірлеп, қабылдады, оның ішінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы № 72-IV Заңы қабылданды, аталған заң бойынша толық ақпарат осы есептің келесі тарауында берілген.

2. Әлемдік қаржы дағдарысы және оның Қазақстанның қаржы нарығына ықпалы

2. 1. Қазақстан Республикасында қаржы нарығы

Ерекшеліктері қаржы рыногы. Құрылымы Қазақстанның қаржы нарығы:

- ақша нарығы;

- депозит нарығы;

- несие нарығы;

- валюталық нарық;

- құнды қағаздар нарығы;

- зейнетақы нарығы;

- сақтандыру нарығы.

Ақша нарығы орындайды, бірінші дәрежедегі рөлі қаржы нарығы, өйткені ақшалай қаражат негізі болып табылады кез келген қаржы құралы.

Ақша нарығының қызметтері:

- төлем функциясы;

- есепке алу функциясы;

қамтамасыз ету коммерциялық кредит беру және т. б.

Ерекшеліктерін ескере отырып, қазақстандық қаржы нарығын бөлуге болады мынадай сегменттер ақша нарығы:

Нарығы қолма-қол ақша (банкноттар) . Айналысқа қолма-қол ақша қаражатын опосредует тауар нарығында. Халық пайдаланады қолма-қол қаражат беру арқылы олардың түрінде банкноттар немесе монеталар, заңды төлем құралы болып табылатын, төлем ретінде тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде валюта айырбастау пункттерінде, қарыз беру және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы: негізгі элементтері мен реттеуші жүйелер
Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын белсендірудегі бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Еліміздегі жаңа дамып келе жатқан бағалы қағаздар рыногының кемшіліктері және осы проблемалармен қалай күресу
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы
Сақтандыру нарығының қалыптасуының негізгі ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері. Бағалы қағаздар нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz