Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі

1. 1 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру ұғымы және оның

түрлері

1. 2 Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудағы мерзімдер

1. 3 Өкілдік - азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың құралы ретінде

2 Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың тәсілдері және ерекшеліктері

2. 1 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру тәсілдері

2. 2 Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері

2. 3 Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың азаматтық құқықтарын

Қорғау

3 Азаматтық құқықтарды қорғау институтының өзекті мәселелері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына 1990 жылғы Қазақ ССР-інің егемендігі туралы Декларация мен 1991 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы қабылдануы қоғамның жаңа даму бағытына құқықтық негіз болды. Бірақ бұл актілер жаңа қоғам құруда жетіліксіз болды және мемлекеттің, қоғамның ішкі жүйесі мен құрылысын бірден түбегейлі өзгерте алмады. Өйткені жарты ғасырдың үстінде билік құрған кеңестік психология мен өлшемдер, қағидалар, жоспарлы экономикалық жүйе, әкімшілік-әміршілдік көзқарастағы бір орталықтан басқару аппараты үлкен кедергі болды. Сондықтан мемлекеттің кезекті міндеттеріне саяси, экономикалық және құқықтық реформаларды жүзеге асыру қойылды.

Бұл үшін мемлекетіміздегі анықтайтын «Конституциялық құрылыс проблемасын» шешу қойылып, ол 1995 жылғы конституция қабылдаумен тәмамдалды.

Адам құқықтарының Конституцияда бекітілуі, қоғамда адам проблемалары түпкілікті, толық түрде шешімін тапқан емес. Себебі, конституция қоғамдық қатынастарды реттеудің негіздерін ғана бекітеді, ол оның қағидалары мен нормалары іс жүзінде сақталынуы мен қорғалуы, нақты қамтамасыз етуі қолданыстағы заңдарға тікелей байланысты. Бұл жөнінде мемлекет басшысы «Елдегі жағдай мен 1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» баяндамасында «Мемлекет негіздерін қалыптастыру аяқталғаннан кейін бізге басқару тетіктерін жолға қою жөнінде тындырымды жұмыс істеуге тура келеді. Бұл тетіктерді іске қосатын дәнекер тек заңдар ғана болуы керек. Заң шығару жүйесінде заңдарды көбейте бермей, олардағы қайшылықтарды жою проблемасы көкейкесті күйінде қалып отыр, олар үйлесімді, әрі конституцияға сай болуы тиіс. Бұл проблеманы шешу құқықтың барлық салаларын қамтитын, барлық заң жүйесін жетілдіре отырып, кешенді әрі жүйелі тұрғыдан келуді керек етеді.

Аталған міндет басқа құқық салаларымен қатар азаматтық құқығына да қатысты болатын. Өмірде көп кездесетін мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі қабылданып 2007 жылғы 7-тамыздағы өзгерістерімен қолданылып жүр.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру - құқықтың қатынастарға қатысушылардың белгілі бір қажеттерін қанағаттандыру үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленеді. Субъективтік құқықтың мазмұнын құрайтын әрекеттер жасауды құқықтарды жүзеге асыру деп түсінеді.

«Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру түсінігі және түрлері» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың таңдалу себебі және осы тақырыптың мәнін ашудағы алға қойған міндеттер мен мәселелер болып: азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың жалпы ерекшеліктерін көрсету, азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерін талдау, азаматтық құқықтарды қорғауды жүзеге асыру мерзімдері, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың азаматтық құқықтарын қорғау және меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың ара жігін ашу болып табылады.

Осы зерттеу жұмысында тақырыпқа талдау жүргізген М. К. Сүлейменов; Ю. Г. Басин; П. И. Төлеуғалиев; С. П. Гришеева; Г. К. Пралиева; Г. И. Мауленов; К. С. Сарсенбаев; А. П. Сергеев; О. Н. Садыков; З. И. Цибуленко секілді ғалымдар еңбегі және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері қолданылды.

Бұл тақырыпты зерттеудің өзектілігі болып азаматтық құқықтық қатынасқа түсуші субъектілердің азаматтық құқықтарын жүзеге асыру ауқымы мен шегін айқындау болып табылады.

1-бөлім Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі

1. 1 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру ұғымы және оның түрлері

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру - осы құқық мазмұнындағы мүмкіндіктерді құқыққа уәкілетті адамның іске асыруы немесе уәкілетті субъект ондағы заңды мүмкіндіктерімен материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру нәтижесіндегі процесс.

Азаматтық заңнамалармен азаматтық құқықтарды жүзеге асыру тәсілдері белгіленген. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі азаматтық құқықтармен, оның ішінде қорғауға құқықпен өздерінің қалауынша билік етеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың оларға тиесілі құқықты жүзеге асырудан бас тартуы заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың қсқаруына әкеп соқтырмайды.

Азаматтар және заңды тұлғалармен азаматтық құқықтың жүзеге асуы өзге құқық субъектілерінің заңнамамен қорғалатын мүдделерін және құқықтарын бұзбауы тиіс, қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс.

Азаматтар мен заңды тұлғалар оларға тиесілі құқықтарды жүзеге асыруда заңнамадағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ол кәсіпкерлер -іскерлік этика ережелерін сақтай отырып, адал, әділ және ақылға қонымды әрекет жасаулары тиіс. Бұл міндетті шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды, өйткені азаматтық құқық қатынастарын қатысушылардың адал, парасатты және әділ әрекет жасауы көзделген.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тарапқа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді, ал осы талаптарды орындалмаған жағдайда сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады. Яғни, ҚРАК-нің 8 бабына сәйкес азаматтар және заңды тұлғалармен азаматтық құқықты жүзеге асыру тәсілдеріне мыналар жатады: қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеу; азаматтық құқықты іске асырудағы адалдық, парасаттылық, әділдік; қоғамның адамгершілік қағидаттарын, заңды талаптарын сақтау; кәсіпкерлік қызметте іскерлік этика ережелерін сақтау; басқа тарапқа зиян келтіруге бағытталған әрекеттерге жол бермеуі; құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға жол бермеу; оның мақсатына қайшы келетіндей етіп құқықты жүзеге асыруға жол бермеу;

Субъективтік азаматтық құқықты жүзеге асырудың тәсілдері деп мәміле жасау белгілері мен немесе өзге де заңды әрекеттермен иемденбейтін құқыққа өкілетті адамның әрекеттер жүйесі немесе әрекеті түсіндіріледі.

Субъективтік азаматтық құқықты жүзеге асырудың заңды тәсілдері деп мәміле жасау белгілерімен немесе өзге де заңды әрекеттермен иемденген әрекеттер жүйесі немесе әрекеттер түсіндіріледі.

Субъективтік азаматтық құқықтың жүзеге асу шектері - осы құқықтағы мүмкіндіктерді іске асыру бойынша уәкілетті адамның заңды түрде шектелген қызметі. Заңнамамен соның ішінде қайсібір құқық жүзеге асырылатын мерзім белгіленеді.

Субъективтік азаматтық құқықтың жүзеге асыру шектері қайсібір жүзеге асыру тәсілдерінің жол берілу немесе жол бермеу берілмеу жайлы ережелерімен анықталады

Азаматтық заңнамалардағы қолданыстағы ережелермен кәсіпкерлік еркіндігіне қиянат жасауға жол бермеу көзделген, яғни заңды бәсекелестікті шектеу немесе болдырмауға бағытталған, тұтынушылардың заңды мүдделері мен құқықтарына зиян келтіру, негізсіз басымдылық алуға бағытталған кез келген монополистік немесе өзге де қызметтерге жол берілмейді

Заңнамалық актілерді көзделген жағдайлардан басқа, сондай-ақ кәсіпкерлердің азаматтық құқықты бәсекелестікті шектеу мақсатында пайдалануларына жол берілмейді, оның ішінде: кәсіпкерлердің өздерінің басымдылық жағдайларын нарықта теріс пайдалануы, ішінара, тапшылық жасау немесе баға көтеру үшін тауарларды айналымнан алып тастау немесе өндіруді тоқтату немесе шектеу жолымен; кәсіпкерлік қызметке ұқсас баға жайлы мәмілені, нарықты бөлуді, басқа кәсіпкерлерді шетету және өзге де жағдайларды жүзеге асыратын тараптардың орындауы және қортындылауы бәсекелестікті елеулі шектелуі, ұқсас кәсіпкерлік қызметке, және тұтынушыларға (теріс пиғылды бәсеке) әкелетін, тұлғаның заңды мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған жазықсыз әрекеттер жасау, оның ішінде, тауар өндірушіге, өндіру орны, тәсілі және мақсатына қатысты жаңылысуға тұтынушыларды әкеп соқтыратын жолмен, тауарларды жарнамалық және өзге де ақпараттармен сыпайы емес салыстыру, бөтен тауарлардың сыртқы безендірілуін көшіру және өзге де тәсілдер жолымен. Сондай -ақ теріс пиғылды бәсекелестікпен күресі бойынша шаралар заңнамалармен белгіленеді.

Субъектитік азаматтық құқықтық жүзеге асыру шекаралары, уәкілетті тұлғаға қорғаудың нақты түрлері мен тәсілдері қатаң түрде ұсынылады. Азаматтық құқықты жүзеге асыру шектері сондай-ақ әлеуметтік зиянды мақсаттарға қол жеткізу үшін құқықты пайдалануға тиым салумен шектелген. Азаматтық құқықты жүзеге асыру шектерін бекітудің негізгі тәсілі қоғамдық зиянды тәсілдерге заңды тиым салу, осы құқықтардың жүзеге асуындағы мақсаттар мен тәсілдерге зияндыларына тиым салу болып табылады. Заңнамада азаматтық құқық, осы құқықтың мақсатына қайшы келетін жағдайлардан басқасы заңмен қорғалатын ереже бекітілген, яғни кез келген субъект үшін олардың әлеуметтік мақсатына қайшы келетін азаматтық құқықтардың жүзеге асуына тиым салу белгіленген. Бұл принциптік тиым салуды бұзу азаматтық құқық бұзушылық болып табылады, тіптен субъективті құқықты жүзеге асырумен байланысты, құқық бұзушылықтың дәл осы түрік қарастыратын арнайы норма болмаған жағдайд да. Азаматтық құқықты жүзеге асырудың құқыққа қайшылығы жайлы қортындысы, бұзылуына азаматтық құқықты қорғау тиым салу түрінде тиісті нақты санкция көзделген нормаға сүйенеді.

Құқықты теріс пиғылдаа пайдалану оның іске асуында рұқсат етілмеген түрлерді пайдаланумен байланысты, жүзеге асыруда құқыққа уәкілетті адаммен жасалған азаматтық құқық бұзушылықтың ерекше түрі, бірақ тәртіптіңжалпы типі шеңберінде осы құқықтың мазмұнымен анықталады. Азаматтық құқық бұзушылық ретінде құқықты теріс пиғылда пайдалану ерекшелігі мынада, яғни субъективті құқық басқа тарапқа зиян келтіру мақсатында пайдаланылады.

Қорғануға құқық құқыққа өкілетті адамның құқық қорғау сипатындағы арнайы шараларды пайдалануға заңды бекітілген мүмкіндік беретінін білдіретін субъективті азаматтық құқық болып табылады. Егер міндеттеме ерікті түрде орындалмаған жағдайда, азаматтар және ұйымдар өздерінің субъективтік құқықтарын талап қою мерзімі ішінде аралық сот немесе төрелік сот, сот арқылы мәжбүрлі түрде жүзеге асыруларына болады.

1 . 2 Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудағы мерзімдер

Азаматтық құқықты жүзеге асыру мен қорғау уақыт факторымен тікелей байланысты. Азаматтық заң нақты бір белгіленген кезеңмен азаматтық құқықтық қатынастың тууын, өзгеруін және тоқтатылуын байланыстырады, оны жүзеге асыру қажеттілігі заңмен немесе әрекет келісімдерімен қарастырылады. Азаматтық құқықта мерзім дегенде түсінетініміз - заңды салдарлармен байланысты уақыт кезеңі немесе аралығы.
«Мерзім» түсінігінің екі мағынасы бар: не нақты бір кезең немесе нақты бір уақыт мерзімі, аралығы және ол екі мағынада да қолданыла береді. Уақыт мәселесі тек қана кіші шаруашылық қызметтерінде ғана емес, мемлекеттің тұтастай экономикасында да маңызды роль атқарады. Кез-келген әрекеттің өндірілуі мен бағалануы мерзімді сақтаусыз мүмкін емес. Құқық пен міндеттеменің уақытпен қызмет жасауы - азаматтық құқықтық қатынастың қатысушыларына заңды әсер етудің басты құралы.
Мерзім азаматтық айналымды реттейді, келісімдердің орындалуына да ықпал етеді. Сонымен қатар азаматтық құқықтардың іске асырылуы мен қорғалуы да уақыт факторымен тікелей байланысты екендігі де табиғи нәрсе. Азаматтық заңнама уақыт кезеңімен әрекет жасауды, құқықтық қатынастың тууын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстырады, олар келісіммен немесе заңмен қарастырылады. Азаматтық Кодекстің 172 бабында заң шығарушы азаматтық құқықтағы мерзімнің жалпы түсінігін былай деп береді: ол нақты бір кезең немесе уақыт бөлшегі, ол өтіп кеткен соң заңды салдарлар туады, бұл жерде мынадай қорытынды жасауға болады: өзінің заңды табиғаты жағынан мерзім бұл - заңды факті, оның басталуымен заңнама заңды салдарлардың басталуын байланыстырады.
Мерзімді әдетте заңды фактілерге-оқиғаларға жатқызады, себебі уақыт адамның еркіне байланысты емес. Дегенмен уақыттың екі жақты табиғатын сипаттайтын басқа да көзқарастар бар. Пайда болу кезеңі бойынша еркін бола отырып (заң шығарушымен, сотпен, келісімге келуші екі жақпен бекітіледі), мерзім сонымен бірге тұлғаның еркінен тыс уақыт ағымына ие болады. міне, сол себепті азаматтық құқықтағы мерзімдер заңды фактілердің жеке категориясын ұсынады және сол себепті әрекетке де, оқиғаға да жатқызылмайды.
Азаматтық құқықтағы мерзімді есептеу тәртібі

Заңнама мерзімді есептеудің тәртібі мен ережелерін бекітеді. ҚР АК 172 бабының 1 тармағына сәйкес мерзім күнтізбелік күнмен, уақыт кезеңінің өтуімен, т. б. анықтала алады.
Күнтізбелік күнге сілтеме көбінесе келісімшарттарда, соттың шешімдерінде қолданылады, нақты бір күн, ай, жылды көрсету жолымен заңдардың өзімен анықталады .
Мерзім аймен, жылмен, күнмен, аптамен және сағатпен анықталатын уақыт кезеңін көрсетеді (ҚР АК 172 бабының 2 тармағы) .
Мерзiм үшiн маңызды болатын мән - оның есептелуiнің ережелері, оның басталуы мен аяқталуын анықтау. 173-шi бапқа сәйкес мерзiмнiң басталуы «оның басталуы анықталған оқиғаның болғанынан немесе күнтізбелік күннен кейін ертеңінде басталады». Егер мұра қалдырушы 14 қыркүйекте қайты болатын болса, онда мұраның қабылдануына 6 айлық мерзiм 15 қыркүйектен саналады. Мерзiмнiң аяқталуы таңдаулы уақыт бiрлiгiне байланысты өзгешеленедi. Жылдар бойы есептелген мерзiм соңғы жылдың сәйкес айында және күнінде бітеді (ҚР АК 174 бабының 3 тармағы) .
Егер айлармен есептеп шығаратын мерзiмнiң аяқталуы тиiстi саны жоқ болатын айға дәл келсе, онда мерзiм осы айдың соңғы күні бітеді. Егер екі жақты тараптармен келісілген мiндеттi орындаудың екі айлық мерзiмі 1 қаңтарда басталса, онда бұл мерзiмiнiң аяқталуы 28 (немесе 29) ақпанда болады.
Егер мерзiмнiң соңғы күнi демалыс күніне дәл келсе, онда мерзiмнiң аяқталу күнi (ҚР АК 175-шi бабы) жұмыс күнiнің ең жақын келесi күні болып есептеледi. Егер мерзiм қандай да бір әрекетті iске асыру үшiн бекітілген болса, ол мерзiмнiң соңғы күнiнiң 24 сағатына дейiн орындала алады. Бірақ бұл әрекет егер ұйымда жасалу керек болса, онда мерзiм сол ұйымда тиiстi операцияларды тоқтатқан сағатта бітеді.
Мерзiмнiң соңғы күнiнiң 24 сағатына дейiн ұйымға тапсырылған жазбаша өтініштер (ҚР АК 176-шы бабы) мерзiмінде тапсырылған болып есептеледi. Азаматтық-құқықтық мерзiмдер әр түрлi және алуан түрлі негiздер бойынша жіктеле алады. .
Азаматтық құқықтағы мерзімнің түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түрлері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Азаматтық құқықтарды қорғау жолдары
Заңдылық оқиғалар
Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
Мерзімдердің түрлері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz