Баскетбол ойынының тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Реферат
Тақырыбы: Баскетбол

Тексерген: Дююсов А.
Орындаған: Құнафиянова Д.

Өскемен қаласы, 2020 жыл
Баскетбол
1. Кіріспе
2. Баскетбол ойынының тарихы
3. Баскетбол ойынының техникасы
4. Баскетбол ойынын спорт және мектеп саласында дамыту
5. Қазақстанның Астана құрама баскетбол клубы жайында
6. Қорытынды

1. Кіріспе
Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді. Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар қабылданған: Білім туралы, Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстаныың Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен бағдарламасы және басқа да құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым тиімді құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына 3 сыныптан бастап енгізілген.
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.
2. Баскетбол ойынының тарихы
Баскетбол (ағылш. basketball, basket - торқалта, ball - доп)- командалық спорт ойыны. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі. Баскетболдың этимологиясы (basket - себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Дисеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан. Сол кездері АҚШ - та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан орын алды. Жиырмасыншы жылдары алғашқы халықаралық кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді. 1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ- тың командалары қатысқан. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды. Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты. Сол жылдары Петербор қаласында "Маяк" қауымдастығы жұмыс істеген. Қауымдастықтың гимнаст шеберлері алғаш рет баскетбол командасын құрып, кейіннен "Богатырь" қоғамына айналған. Алайда, 1917 жылы орнаған Қазан төңкерісіне дейін баскетбол ойыны тек сол кездегі Ресей астанасы - Петерборда ғана танылған. Ал, 20 жылдары бұл ойын қарқынды дамыды. Бастапқыда әскери мектептерде жаттықтырылған еді. Көп ұзамай Мәскеу институты баскетболды денешынықтыру факультетінің бағдарламасына енгізілді. Бұл оқу ошағының түлектері кәсіби баскетболшы атанды. Ресей құрамасы алғаш рет 1923 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мерекесіне орай кездесу өткізді. Сәл осы кезде КСРО құрыла бастаған еді. КСРО - ның екінші біріншілігі 1924 жылы өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап КСРО-да баскетбол спартакиадасы өткізіліп тұрады. 1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық баскетбол секциясы қабылданып, бір жыл өткен соң ерлер командасы Еуропа біріншілігінде бақ сынап, чемпион атанды. Ал, баскетболдан әйелдер құрамасынан олимпиадалық ойын 1976 жылы сарапқа салынды. Олимпиадалық ойынның чемпиондары төмендегідей: 1976 ж. - КСРО, 1980 ж. - КСРО, 1984 ж. - АҚШ, 1988 ж. - АҚШ, 1992 ж.-Тәуелсіз достастық мемлекеттерінің құрама командасы, 1996 ж. - АҚШ.
Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. Олар 1936 жылдан бері өткізіліп келе жатқан барлық олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары саусақпен санаралықтай. Мәселен, 1987, 1988, 1990 және 1991, 1992 жылдары американ ойыншылары сәтсіз ойын көрсетіп, ұтылыс тапқан. 1992 жылы олимпида ойындарына тек білікті спортшылардан жасақталған ұлттық баскетбол қауымдастығы шеңберінде алғаш рет ұжымдық құрама құрылды. Бұл Америкада Dream Team", ұжымдық арман деп аталған. Оның құрамында Барселон ойындарында 40 ұпайдан жинап, жеңімпаз атанған Майкл Джордан, Мэджик Джонсон, Чарльз Баркли және Ларри Берд алынды. Олар 1994 жылы әлем чемпионатында, 1996 жылы Атланта олимпиадасында тұғырдан көрінді.
3. Баскетбол ойынының техникасы
Баскетболшы техникасына берілген нақты ойын жағдайларын тиімді пайдалану үшін арналған спорт түрінің дамуы барысында жинақталған әдіс-тәсілдер және олардың жиынтығы мен түрлілігі жатады. Техника тәсілі термині құрылымы бойынша келетін және бір ойын жағдайын шешуге бағытталатын қозғалыстар жүйесін қарастырады. Берілген немесе басқа да тәсілдер қолданылатын шарттар көптүрлілігі оны орындаудың тәсілдерін жетілді. еді, құрылуын реттейді. Баскетбол дамуының түрлі кезеңдерінде тәсілдер саны, оларды орындау әдістері, бағалау критериилері өзгеріп, жетілдіріліп отырылған. Арсенал қайта құрылуына ойын ережелерінің жоспарын дамыту, ойыншылардың басқа да дайындық түрлерінің деңгейін арттыру әсер етеді. Қозғалысты, жүгіруді, секіруді, тоқтауды, айналыстарды жетілдіру.
Әрбір даму кезеңіндегі спортсмен техникасы - бұл ойыншыға ережелер шектеулерінен шықпай күрделі ойын жағдайларында ең тиімдіс-әрекет жасауына көмектесетін тәжірибемен тексеріліп өткен тәсілдер жиынтығы. Кенеттен қлыптасатын ойын жағдайларында ең тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, баскетболшы ойын техникаларының көптүрлілігін толығымен меңгеріп, белгілі бір жағдайда қажетті тәсіл немесе тәсілдер жиынтығын таңдай біліп, тез арада, әрі нақты орындауы керек.
Жоғарғы техникалық шеберліктің критерийлері:
- берілген ойын фунцияларын шабуыл және қорғаныстың негізгі тәсілдерімен қоса толыққанды орындау үшін тиімді әдіс-тәсілдер жиынтығын оңай пайдалана білуі;
- берілген ойын тәсілдерін орындаудың нақтылығы, әрі тиімділігі;
- қарама-қайшы факторлар (қатты шаршау, психологиялық ауырлықтар, қиын сыртқы жағдайлар және т.б.) әсеріне қарамастан ойын тәсілдерін орындаудың тұрақтылығы;
- қарсылас ойыншының қарама - қарсы іс - әрекеттеріне байланысты техникалық ойын тәсілдерінің кезеңдерін пайдалана білу;
- ойын тәсілдерін пайдаланудың тұрақтылығы, ол көпкүндік жарыс кезінде ойыннан - ойынға еш ауытқусыз жоғары мергенділікпен анықталады.
Баскетболда шабуылдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баскетбол ойынының негізгі элементтері
Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру
Баскетбол ойыны туралы мағлұматтар
Баскетбол ойыны
Баскетбол ойыны жайлы мәліметтер
Баскетбол түсінігі
Волейбол ойын ережесі
Баскетбол тарихы
Баскетбол техникасының негізі - қозғалыс
Баскетбол ойынының ережелері
Пәндер