Болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру педагогикалық мәселе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ бітіруші болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 бөлім бойынша қорытынды
2. ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуын тәжірибе арқылы зерттеу
2.1 ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының қазіргі күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптастыру жұмысының мазмұны, ұйымдастыру формалары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының тиімділігін зерттеу тәжірибесінің нәтижелері ...
2 бөлім бойынша қорытынды
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша материалдар
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырунің мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында дене дамуының объективті заңдылықтарын біліп және есептеп пайдаланып ағза формалары мен қызметтерін үйлесімді дамуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік - мәдени және өндірістік функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті жұмыс қабілеттілігін арттырып, адамның шығармашылық өмірін ұзартып, жеке адаммен социум үшін қолайлы бағыт жасауға болатыны басты мақсат делінген[1]. Дене шынықтырунің мақсатқа сәйкес басқаруының бұл мүмкін-шіліктері дене шынықтыру спорт машықтану процесінде белгілі жағдайларда жүзеге асырылады, яғни адамның дене дамуында дене шынықтыру ролінің ғылыми түсінігі дене даму процесі негізінде басқара алатыны белгілі болып отыр. Осы процесте мақсатқа сәйкес бағытталған әсерінде дене шынықтырунің ерекше әлеуметтік функциясы тұрады.
Дене шынықтырунің әлеуметтік тәжірибелік қисынды әдістемелік және нормативтік баға мағынасы біртұтас қоғам жүйесінде басым болатын қоғамдық қатынастары мен практикасымен ашылады және айқындалады. Ол дене шынықтыру жүйесінің ерекшеліктерінде өз көрінісін табады.
Қазақстан Республиқасының білім және ғылым министрлігі және салауатты өмір салтын насихаттау орталығы бірлесе өткізген әлеуметтік зерттеу жұмыстарында қазіргі уақыттағы балалардың нерв жүйесінің өте күшті өзгеруі, олардың қимыл белсенділігінің созылмалы жетіспеушілігі олардың дұрыс дене дамуын тежететіні, денсаулығына қауіп төндіретіні айқындалды[2].
Өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың дене шынықтыруын қалыптастыру, дене шынықтыру теориясымен әдістемесін дамытудың бар концептуалды аспектілері қазіргі ақиқаттың сәйкестілігіне келтірілуі қажет. Оқушылардың дене шынықтыру принциптерінің негізгі бағыты мен жүзеге асыруын қарастыратын кешенді бағдарлама (2006 ж.) бастауыш мектеп оқушыларына қатысты дене шынықтырун оқыту үрдісін ғылыми тұрғыдан қайта зерттеу қажеттігін баса талап етіп отыр[2, 3б.]. Қазақстан Президентінің 2008 жылғы халыққа Жолдауында дені сау азамат тәрбиелеу күшті қуатты мемлекет қалыптастыруға қабілетті болады деген сөзі осыны растап отыр[3]. Сондықтан жалпы білім орта мектепте дене шынықтыруне баса назар аудару арқылы дені сау ұрпақ тәрбиелеу мәселесінің оң шешілетіні ғылыми тұрғыдан дәйектелініп, жүзеге асыру механизмдерін анықтау күн тәртібінде тұр. Педагогика ғылымында дене шынықтыру жеке адам қалыптастыру мәселесінің ең басты түрлерінің бірі болғанымен, оның ғылыми тұрғыдан зерттелуінің әлі де болса жетқіліксіз екенін байқауға болады. Әсіресе, 12 жылдық оқу жүйесіне қөшу бағдары бойынша дене шынықтырунің теориялық және әдістемелік мазмұндарын айқындау аса қажет болып отыр..
Қазақстандық педагог-ғалымдардың зерттеу мәселесі бойынша ғылыми жұмыстарында жеке адам бойында дене шынықтырун қалыптастыру міндеттері түрлі сапада қарастырылғанымен (Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Е.Сағындықов, Т.Қуанышев, Б.Төтенаев, Ш.Бақтыбаева, Б.Тойлыбаев, О.Аяшев, т.б.), білім парадигмаларының заман талабына қатысты өзгеруін есепке алатын жаңа педагогикалық жүйелердің қалыптаспағанын көреміз[4,5,6,7,8,9]. ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру мен тәрбие қабілет деңгейі мен қажеттілік дәрежесіне қарай берілуі тиістігі міндеттелінген болатын[10]. Алайда, жаңа заман талабына жауап бере алатын дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау, олардың кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру басқа ғылымдарға қарағанда көп кенжелеп қалғаны анық байқалып отыр. Оның басты себептерінің бірі ретінде еліміздің ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ дене шынықтыру мамандарын даярлаудың ғылыми-педагогикалық базасы-ның төмендігінен деп санаймыз. Қазақстандық ғалымдар В.В.Шахгулари, К.А.Куланов, К.И.Адамбеков, Б.Мұхамеджанов, Е.Қ.Уанбаев, т.б. болашақ дене тәрбиесі мамандарын даярлауда олардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға баса назар аудару қажеттігін растайды[11,12,13,14,15].
Болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлаудың профессионаграммасы белгілі Ресей педагогтарының, атап айтқанда О.А.Абдуллинаның, Л.А.Кандыбовичтің, Н.В.Кузьминаның, К.М.Дурай-Новакованың, В.А.Сластениннің, т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелген болатын[16,17,18,19,20].Бұл профессионаграммаларда түрлі мамандықтар бойынша педагог кадрларды дайындауда кәсіби сапаларды анықтауға мүмкіндік беретін басты мазмұн берілген еді.
Сол сияқты болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері И.Ю.Кулагина, А.Зимняя, Л.И.Селезнева, В.Д.Шадриков, В.В.Серикова, А.А.Вербицкий,т.б. еңбек-терінде зерттелген[21,22,23,24,25]. Бұл еңбектерде болашақ маманның кәсібі іскерліктері мен дағдылары базалық және шешуші педагогикалық құзырлылықтары арқылы қалыптасады делінген. ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби шеберліктерінің жекеленген аспектілеріне қатысты М.Я.Виленскийдің, Л.И.Лубышеваның, Г.Н.Волковтың, Е.М.Иванованың, В.П.Каргаполовтың, И.Дьяченконың, Т.Қ.Бөлеевтің, т.б. еңбектерінде алынған нәтижелер бойынша дене шынықтыру пәнінің мазмұны және оны оқыту әдістемесіне жаңа әдіснамалық көзқарас пен қатынас қажеттігі айқындалды[26,27,28,29,30,31,32].
Дене шынықтырунің әдістемелік мазмұнын жаңарту және оны орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу туралы Е.Сағындықов, Б.Төтенай, А.Құлназарова,С.М.Тайжанов, С.Қасымбекова, Д.Мырзахмет, т.б. әдіскер ғалымдар болашақ дене шынықтыру оқытушыларының іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда орта мектепте берілетін дене шынықтырунің мазмұнын бастапқы бағдарға алу керек деп санайды, ал ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене шынықтырунің мұғалімдерін даярлау мәселесіне тоқталмайды [33,34,7,35,36].
Жоғарыда талданған еңбектер ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда оларды құзырлылық қатынастың негізігі құраушы элементтері ретінде қарау қажеттігін, дене шынықтырунде осы элементтердің қалыптасуы болашақ дене шынықтыру мұғалімінің құзырлылығын қамтамасыз ететінін көрсетті.
Олай болса, ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру мәселесі көп аспектілі және мынадай басты қарама-қайшылықтарды шешу қажеттігімен тікелей байланысты болатыны айқындалып отыр:
- болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби даярлығын қамтамасыз ету үшін олардың оқу-танымдық қызметін кәсіби қызметке тасымалдайтын арнайы оқу үрдісін ұйымдастыру қажеттігі мен оның ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделуінің әлсіздігі;
- ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ мұғалімнің дене шынықтыру пәні бойынша кәсіби қызметке даярлауда білімдік (когнитивті) мазмұнның басымдылығы, дене шынықтыру маманының құзырлылығын қамтамасыз етудегі біржақтылықты көрсетеді, сондықтан болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлауда кәсіби іскерлік пен дағдынының сапалық деңгейін арттыратын аксиологиялық және әрекеттік қызмет мазмұнын оқу бағдарламасына енгізу педагогикалық тұрғыдан негізделмеді;
- болашақ маманның танымдық қызметін белсендіру үшін, олардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту үшін, олардың үнемі өзінің кәсіби білімін толықтыруға ұмтылуын қамтамасыз ету үшін оқу-тәрбие үрдісін арнайы мазмұнда ұйымдастыру қажет болды. Алайда, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктер мен дағдыларын қалыптастырудың тиімді шарты ретінде оқу-тәрбие үрдісін жалпыпедагогикалық іскерліктер мен кәсіби іскерліктердің сабақтастығын қамтамасыз ете алатын мазмұнның болмауы педагогикалық мәселе болып отыр.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін үздіксіз білім беру жүйесінде дене шынықтырун құзырлы маман дәрежесінде қалыптастыру қонцепциясын құру оның теориялық және әдістемелік мәнін ашатын принциптерді тұжырымдаудан тұрады. Бұл принциптердің мазмұны дене шынықтыру саласында жеке адам тұлғасын қалыптастыру процесін жүзеге асыруда бірқатар заңдылықтарды белгілейді. Дене шынықтыру жүйесінің негізін қалаушы дербес және қайталанбас жеке адам тұлғасын қалыптастыруда сана, ақыл-ой, іс-әрекет, субъектісі көзқарас, қозғалыс дене бөліктерінің бірлігі құндылықтық құраушыны қамтамасыз болып табылады. Бұл принцип негізіне жеке адамды өзгертетін іс-әрекет процесінде осы тұлғаның жан-жақты дамуы; рухани сезім, эмоциялық, ақыл-ой және дене қозғалысының тығыз өзара бағыныштылық идеялары жатады. Ресей ғалымдары М.Соловьев пен Н.Ермаков өздерінің даралық оқушылардың дене шынықтырун жетқіліқті дәрежеде қалыптастыру үшін ең алдымен дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру формаларын дұрыс анықтау аса маңызды дейді[37.38]. Сонда ғана адам өзінің мәні бойынша адам мәні мен өмір сүрудің танып білудің қажеттілігін, әлеуметтік, биологиялық қоғамдық және тұлғалық бірлігі мен өзара келісімді көрсететін теория мен практиканың жалпы ғылыми принциптерімен тығыз байланысқандығын көрсете алады. Осы идеяларға сәйкес және адам тұлғасының әлеуметтік және психологиялық пен физиологиялық дамуы, тіршілік әрекетінің жеке тәсілінің қалыптасуы тек қана әлеуметтік практикалық тәжірибені рефлексті түрде қайталау және иемдену арқылы, сонымен бірге көзқарас, білімді, белсенді, саналы меңгеруді қалыптастыру бойынша сырт жақтан берілген әрекет арқылы жүзеге асырылады деп айтуға болады. Дене шынықтырунің ақыл-ой, дүниеге көзқарас бөлшектері адам және оның субъективті әлемі, таным процесінде, іс-әрекеттің басқа да түрлерінде адамдар мен өзара қарым-қатынасы туралы білімнің тұтас бағдарламасы түрінде оның негізгі мазмұнына кіреді.
Спорттық педагогика маманы Б.А.Ашмарин дене шынықтырунің әлеуметке сәйкестік принципі адам дамуының әрбір жас кезеңдері үшін әлеуметтік шындыққа қарай қатынастардың ерекше жеке жүйесін мойындау; өсіп келе жатқан адаммен әлеуметтік тәжірибе арқылы әрекеттер мен қатынастарды меңгеру деңгейі, өзін қоғамда тану деңгейі, өзін басқа адамдарға көру деңгейі, қоршаған ортада жауапты әрекетке деңгейі, қоғамға қатынасында оны мен деген орынға шоғырланады деп жас кезеңдерінің дене шынықтырундегі шешуші мәселе екендігін көрсетеді[39]. Бір жағынан қоғамға қатынасында Мен деген орнына жинау нәтижелері, рефлекстің өсуі, өз-өзін бағалау, өз-өзін бақылау, өз-өзін түсініп дамуы, және оларды анықтауы жүзеге асырылғанда, еқінші жағынан оның әрбір сатысына жіктелу қадам қажеттілігі тұлғаның өзін-өзі жүзеге асырудағы қажеттіліктің ара қатынасын есепке алғанда тәрбие процесінде өсудің потенциальды мүмкіншіліктерін өмірде бар ерекше күйді алуды белгілейді.
Жоғарыдағы зерттеу жұмыстарына талдау нәтижелерінен жасалынған тұжырымдарға сәйкес мектеп оқушыларының жас кезеңдеріне байланысты физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктері бойынша бір-біріне жақын болғанымен, олардың дене қуаттары мен психикалық күйлері нақты нормативтерді орындауға толық мүмкіндік бермеуі мүмкін. Сондықтан, В.К.Бальсевич айтқандай, әрбір оқушыға өз мүмкіндігі есепке алатын дене жаттығуларын беру қажет немесе оларды топтап, мүмкіндік дәрежесін есептеу керек[40].
Елімізде соңғы жылдары болып жатқан білім реформалары білім беру мазмұнын өзгерту туралы көптеген идеялар төңірегінде жұмыс атқарып жатқанымен, олардың барлығы да дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру формасын нақтылай немесе білім мазмұнын өзгерту арқылы оны оқушыларға жеткізудің тиімді әдістемелік жүйесін дайындай алмауда. Сол себепті қазіргі уақытта қолданылып жүрген түрлі педагогикалық технологиялармен қатар оқыту процесін ұйымдастыру формасына когнитивті, аксиологиялық, әрекеттік және рефлексиялық мазмұн арқылы келудің әлеуеті(потенциалы) дұрыс деген ғылыми болжам жасалынды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен оның алдына қойылған міндеттердің шешілу механизмін анықтауда ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби қызметін қалыптастыру жұмыстарын жетілдіру процесі жаңа педагогикалық парадигмаларға сүйенуі қажеттігі айқындалып, оқу-тәрбие процесін құзырлылық қатынас негізінде ұйымдастырудың табысты болатыны тұжырымдалғанымен, оны нақты құрылымдық мазмұнда жүзеге асыру және әдістемелік түрғыдан қамтамасыз ету мәселесі арасында қайшылықтар туындауда. Аталған қайшылықты шешу қажеттілігі біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу жүмысының мақсаты: Болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеу нысанасы: ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру үрдісі
Зерттеу пәні: Дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби-педагогикалық қызметі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер біз, дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби-педагогикалық қызметіне жалпыпедагогикалық іскерліктер мен дағдылардың психологиялық, педагогикалық, биологиялық, медициналық және дене шынықтырунің білімдік мазмұнын меңгертуді; мамандыққа сезімдік-құндылықтың көзқарас пен қатынасты қалыптастыру секілді әрекеттерді жатқызатын болсақ, кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына болашақ мұғалімнің тұлғалық сипатын қалыптастыруда рухани құндылықтарды қажетсінуді қалыптастыру; дене шынықтыру мамандығына тән кәсіби, арнайы іскерліктері мен дағдыларды меңгертуге; дене шынықтырунің білімдік мазмұнын практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыруға: күтілетін нәтижеге бағытталған әрекеттерді ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға; оқу үрдісінде, сыныптан және мектептен тыс уақыттарда дене шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын меңгертуге; өз әрекеті мен кәсіби қызметінің үйлесімділігі мен сабақтастығын қамтамасыз ете алуға; әрекет жүйесінің тиімділігі мен қажеттілік дәрежесіне өзіндік талдау жасай алуына; өзін-өзі кәсіби деңгейде дамытуға ішкі түрткінің немесе ұмтылыстың тұрақты динамикасының болуына; жоспарлы, мақсатты түрде өзінің кәсіби біліктілігін көтеруді қажетсінуі мен жүзеге асыра алуына толық жағдай жасайтын педагогикалық шарттарды ұйымдастыра алуымыз міндетін шешуге тиістіміз.
Зерттеу міндеттері: .
1. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттер мен зерттеу жұмыстарына
және әдістемелік материалдарға шолу және талдау жасау;
2. ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
3. ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ бітіруші болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
4. ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру жұмыстарының мазмұнын анықтау
5. Болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының тиімділігін зерттеу тәжірибесінің нәтижелері
Жетекші идея: жеке адамның жан-жақты дамуында дене шынықтырунің алатын орны ерекше, өйткені адамның физиологиялық және психикалық дамуы дене қуаты мен оны реттеп-басқаруға тікелей тәуелді.Сондықтан дене шынықтырун қалыптастыруда әрбір адамның даралық ерекшелігінің көрсеткіштері болып табылатын табиғи дене қуаты мен психикалық дамуы негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру нәтижелі болады деп саналады.
Зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері. Адамның жеке даму теориясына (Ананьиев Б.Г адам әрекетінің жалпы психологиялық моделі теориясына (Леонтьев А.Н., Ломов Б.Ф.), оқу қызметі теориясы (Балл Г.А.), Функционалды жүйелер теориясы (Анохин П.Қ., Пурия А.П.), адам дене белсенділігі концепсиясына (Бальсевич В.Қ.), дене шынықтырунде жекелеу және де принциптеріне ( Ильин Е.П.), дене шынықтырумен спорт және спорт педагогикасының отандық теориясының гуманистік идеяларына (Ашмарин Б.А., Булкин В.А., Выдрин В.Н., Лубышева Л.И. Лях В.И., Матвеев Л.П., Мейксон Г.В., Новиков А.Д., Пономаров Н.И., Решетень И.Н., Тер-Ованесян А.А., Филипов С.С, Хан A.M., және көптеген т.б.) сүйене отырып, даралық қатынас арқылы әрбір жеке адамның әлеуметін дамытуға болды деген тұжырым теориялық әрі әдіснамалық негіз болады.
Зерттеу көздері: жеке тұлғаны қалыптастыру теориясы туралы философиялық, ғылыми психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды. Дамудың жақын зонасы теориясы, оқыту процесін ұйымдастыру формалары туралы арнайы педагогикалық зерттеулерге сілтемелер жасалынды.
Зерттеу әдістері: берілген ғылыми-әдістемелік әдебиетін жинақтау және теориялық талдау, педагогикалық бақылау, социологиялық сұрақ (анкета) дене өсуі қимыл дайындығы, қимыл, психикалық жағдайын бағалау әдістері, педагогикалық тәжірибе, математикалық талдау мен статистика әдістері.
Зерттеудің практикалық мәні: педагогикалық бақылаудың құрастырылған әдістемесі негізінде дене шынықтырун сауықтыру міндеттерін жүзеге асырылуы, дене өсуі, қимыл дайындығы, қимыл психикалық жағ-дайын бағалаудың объективтік тесттері таңдалды. Олар кешен түрінде оқушылардың қимыл режимін жақсартуға көмектеседі, сонымен бірге отбасымен бала тіршілік әрекетінің әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын анықтау әдістемелері оқушылардың қимыл әрекетін қамтамасыз етудің әр түрлі жақтарының нақты қөрсеткіштерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Ол салыстыру дене шынықтыру процесінің бағыты мен мазмұнын жекелей түзетілуіне ықпал жасайды. Жұмыстың тәрбиелік мәні орта білім жағдайында бала мүмқіншіліктерін, оқушылардың қимыл режимін жақсартуға көмектеседі, сонымен бірге отбасы мен баласы тіршілік әрекетінің әлеуметтік-педагогикалық жағдайлары анықталды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен әзірленген әдістемелік материалдарды мектеп мұғалімдері, педагог қадрлардың біліктілігін арттыру курстарында пайдалануға болатыны расталды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі:
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі 17 ғылыми мақалада баяндалып, ғылыми жинақтарда жарық көрді. Зерттеу барысында алынған ғылыми тұжырымдар мен мәліметтер теориялық және практикалық тұрғыдан негізделді. Қол жеткізген нәтижелердің педагогика ғылымының зерттеу бағыттарына сәйкестігі толық расталып, зерттеу материалдары бойынша әдістемелік кешен әзірленді.
Зерттеу базасы: Тараз қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Зерттеу кезеңдері:
1-ші кезеңде (2003-2005 жж.)- зерттеу тақырыбының өзектілігі ашылып, ғылыми-теориялық ұстанымдар мен тұжырымдар негізінде жетекші идея анықталды. Болашақ маманның кәсібі іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың ұғымдық-түсініктік аппараты мен оның құрылымдық мазмұны зерттелінді. Оқу процесінде даралық қатынас орнату механизмі түсіндіріліп, ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ дене шынықтыру пәндерін оқытуда болашақ маманның кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды.
2-ші кезеңде (2006-2008 жж.) -ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ дене шынықтыру сабақтарының мазмұны дифференциалды түрде анықталынып, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді.Олар әдістемеліқ кешенмен қамтамасыз етілді және ұсынылған әдістемелік кешеннің тиімділіқ дәрежесі арнайы педагогикалық тәжірибе арқылы тексерілді. Зерттеу нәтижелері жинақталып, өңделді және қорытынды тұжырымдама дайындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда кәсіби-педагогикалық қызметтің құрылымдық мазмұны ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделді;
- ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін даярлауда өтілетін сабақтарының мазмұнын дифференциациялау арқылы бағдарланған оқу-әдістемелік кешен дайындалды;
- зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігі расталып, дене шынықтыру сабақтарын даралық қатынас негізінде ұйымдастырудың тиімділігі дәйектелінді.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, алты параграфтан, бөлім бойынша қорытындылардан және жалпы қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негізі
Жоғары оқу орындарында болашақ дене шынықтыру мамандарын дайындау ерекше әдістемелік жүйеге сәйкес жүргізілуі қажеттігі айтылып келе жатқандығына қанша уақыт болса да оның мазмұндық құрылымына қойылатын талаптар мен алғы шарттардың нақты анықталмай отырғандығы белгілі. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың дене шынықтырун сапалы деңгейге көтеру маман даярлау жұмысын жаңа әдістемелік деңгейде жүзеге асырумен тығыз байланысты екенін атап көрсетілген болатын[10, 5б.]. Онда дене шынықтыру жас ұрпақтың салуатты өмір салтын ұйымдастыру негізі ғана емес оның тәрбие жүйесінің дұрыс бағытталуына жетекші іс-әрекеттерді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды жүзеге асыра алатын мұғалімнің қызмет сферасын ұйымдастыру қарастырылған еді. Ол үшін төменде аталған педагогикалық шарттардың тәлім-тәрбиелік потенциалы мен күтілетін нәтижелердің мәнділігін сатылап көрсеткен жөн деп санаймыз.
Біріншіден -- тәрбие процесін гуманизациялауды талап ету, ол педагогика жүйесін адамға жоғарғы элеуметтік құндылық ретінде қарауға адам қажеттіліктері мен қызығушылықтарын міндетті түрде есепке алуға және оларды дамытуға бағыттайды.
Екіншіден -- оқу процесінің демократиялық бастауын және либерализациялауын дамыту, адамның өз құндылыгының абсолютті сипаттамасын потенциалдан шындыққа айналдыру дене шынықтыру -- спорт іс-әрекет түрлерін еркін таңдауға тіршілік әрекетінің салауатты өмір салтының шарттары мен амалдары.
Жас ұрпақ жалпы адамгершілік мақсаттарға сәйкес тәрбиеленуі қажет. Дене шынықтыру процесінде табиғи жаратылысына сәйкес принциптің терең мәні мынада жатыр: Ол адамның дене потенциалының үздіксіз дамуына себебін тигізетін шарттар мен себептер жиынтығын осы уақыттағы үйлесуіне бағыттайды. Бұл уақыт қамтамасыз етудің морфофункционалды жүйелері мен қозғалыс дамуының табиғи ырғағына сәйкес болуы мүмкін еді[1,3б.].
Осылай адам дамуының тарихи процесінде дене шынықтыру мазмұны көмегімен табиғи дамудың бөлек кезеңдері арасындағы ұтымды жалғас-тырушылықты қамтамасыз ету мүмкіндігі құрылады және жүзеге асырылады. Ол байланыстырып ғана емес, сонымен біпге табиғи түрде оқыту мен тәрбиені адам дамуымен қосады. Бұл принцип дене шынықтыру формаларының көп түрлілігін жекелену және жіктелу негізінде белгілейді. Ол дене шынықтырудың адамдар таңдаған түрлерінде адамдардың қабілеттерін дамытып, және талаптарының пайда болуы үшін, денсаулық жағдайын, қызығушылығын және қажеттіліктерді есепке алып, осы түрлерді таңдау үшін қолайлы жағдайлар жасауды қажет деп санайды.
Бүл принциптің әдістемелік базасы В.К. Бальсевич, В.В.Кузенков, С.А..Волков, А.Н.Добрыниналардың зерттеулерінде қарастырылған[40,41]. Бұл зерттеу-лерде адам қозғалысы дамуының ең жақсы нәтижелері, жеке қозғалу қабілеттері мен әлеуметтік - психологиялық себептерді толық есепке алынуда қамтамасыз етіледі. Осыдан педагогикалық жүйе мен психологиялық қатынаста басым болып өз-өзін тәрбиелеу қызметін жүзеге асыруға нақты алдын-ала жағдай жасайтын формалар мен әдістер табылады.
Дене шынықтыруне осындай қадам жасағанда оқу бағдарламаның бәріне бірдей мақсаттар қойылуы мүмкін емес, өйткені мұндай бірлікте басынан қалай дене шынықтырудың шектеулі құндылығы, сондай-ақ адамның өз-өзін бағалауының шектелуін жобалайды. Сонымен дене шынықтырунің табиғат жаратылысына сәйкес принципінің жүзеге асырылуы, әрбір адам табиғатынан шығуға және тәрбие процесі мазмүнын үйлестіру мен жан-жақты болудан бас тартуды, жеке адам түлғасына байланысты оқыту, тәрбие және дамудың көп түрлі және көп нұсқалы бағдарламаларын жасауды талап етеді.
Дене шынықтырунің әлеуметке сәйкестік принципі адам дамуының әрбір жас кезеңдері үшін әлеуметтік шындыққа қарай қатынастардың ерекше жеке жүйесін мойындау болып табылады, яғни өсіп келе жетқан адаммен әлеуметтік тәжірибе арқылы әрекеттер мен қатынастарды меңгеру деңгейі, өзін қоғамда тану деңгейі, өзін басқа адамдарға көру деңгейі, қоршаған ортада жауапты әрекетке бейімделу деңгейі, қоғамға қатынасында оның мен деген орынға шоғырлануы байқалады. Бір жағынан қоғамға қатынасында Мен деген орнына жинау нәтижелері, рефлекстің өсуі, өз-өзін бағалау, өз-өзін бақылау, өз-өзін түсініп дамуы, және оларды анықтауы жүзеге асырылғанда, екінші жағынан оның әрбір сатысына жіктелу қадам қажеттілігі түлғаның өзін-өзі жүзеге асырудағы қажеттіліктің ара қатынасын есепке алғанда ғана тәрбие процесінде өсудің потенциалды мүмкіншіліктерін пайдалана алатын ерекше күйді алуды белгілейді[1, 6 б].
Ол тәрбие процесін, адамның әлеуметтік белсенділігін калыптастырудың психологиялық заңдылықтарына барабар құруға көмектеседі. Әлеуметтік дамудың маңызды көрсеткіші ретінде өсіп келе жатқан адамдардың қызығушылықтары алға шығады.
Онда жеке адам тұлғаның бағыты, оның ақыл-ой, эмоциялық және дене белсенділігі байқалады. Балалар, жасөспірім және бозбалалардың дамуында маңызды мәні болып мінез-құлығы мен іс-әрекетінің өзіне, басқа адамдарға, қоғамға қатынасының сипаты, өз-өзін түсіну және жауапкершілік деңгейі белгіленеді. Дене шынықтырун әлеуметке сәйкестендіру принципі жаттығушы-лардың қызығушылықтары, себептері, қажеттіліктері мен ұстаған бағыттарына сәйкес дене шынықтыру саласында құндылық бағыттар арқылы ақылды реттеу қажеттіліктерін, тәрбие құралдар кешенінің спорт нәтижесіне даярлау тенденциясына қарсы мақсатқа сәйкес қолдануға негізделген реттелу қажеттілігін анықтайды. Сондықтан бұл жерде дене шынықтырушыны тәрбиелеу бойынша күрделі және еңбекті көп керек ететін жұмыстың орнына таза техникалық нәтижелеріне қарай оқытушы оқушылармен тек қана бір жақты, спорттық - техникалық міндетін орындаумен байланысқан үйретуші орнын алатынын есепке алу қажет.
Сонымен дене шынықтырунің әлеуметке сәйкес принципі жеке адам тұлғасының қоғамда қызмет жасауға үмтылысы мен дайындығында, яғни өзін басқа адамдармен байланыста қарау секілді қоғамдық мәнді басымдылығынан шығады. Ол өзінің әлеуметтік қатысуын түсінуге қажетті тақырыпты - практикалык іс-әрекеті дамуының іс жүзіндегі формалары мен жолдарын белсенді ізденуге бағыттайды. Тәрбие процесінде қанағаттану принципі адамның Мені әр алуандық бірлігі, яғни жекелігінің қалыптасуын бақылап отыру формасы мен оның қажетті негізін құрайды. Бұл принциптің жалпы қисыны өте терең екендігін көрсетеді.
Сонымен, дене шынықтырун саралап ұйымдастыру (дифференциация) бірге қоғамдық, жеке адамға тән ерекшеліктері мен қажеттіліктері адам өмірінің жағдайларын жақсарту үшін, олардың саналы, мақсатқа сай іс-әрекетінің өнімі болып табылады. Қанағаттану адам мінез-қүлығындағы негізгі бағыт, яғни оның қызығушылықтарының табиғи негізі болып табылады. Адам қандайда бір қажеттілігіне бағынышты болганда онда ол таным мен ойланудан бастамайды, ал керісінше танымның өзі басынан бастап, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, құралдарды іздеуге бағындырады.
Өзінің бағыттау қызметінде қажеттілік психологиялық танымның тақырыбы болып табылады - деп А.Н.Леонтьев ерекше көрсеткен[42]. Бұл принциптің жалпы қисынының басқа жолы іс-әрекеттің өз-өзін бағалауды мойындауында. Егер іс-әрекетті жүзеге асыру барысында қанағаттану сезімі пайда болса, онда мұндай іс-әрекеттің өзі құнды деп айтуға болады, өйткені ол субъектіде бар қандайда бір қажеттілік үшін жүзеге асырылмайды, ал қанағаттану ере жүреді, субъект үшін құндылық бола бастайды. Ойынжар қанағаттанудың көтеріңкі сезімімен байланысқан жаттығудың түрін құрайды - деп ерекше көңіл аударған.
Қанағаттану принципі адамда қажеттілік емес, әрекеттің басқа көзін және басқа мәнін, өз-өзін көрсету, түсініп және ұғынуға көмектеседі. Бүгінгі күні мәлім болғандай, адам табиғатында оның дене шынықтырудың нақты бір түріне, мамандануы көрінеді. Іс-әрекет процесінде бұл мамандану қабілеттерінің толық көрінуі, оқытудағы жетістігі, оқытудың төмен нәтижесіне байланысты азап шегуі, оның салдарынан қанағаттану немесе наразылығы көрінеді. Осыдан өте маңызды нәтиже шығады. Адам тек қана өзінің қажеттіліктері, қызығушылығы, ынтасы, яғни іс-әрекет нәтижелерінен қанағаттана алады, сонымен бұл іс-әрекетте оның табиғаты жүзеге асыралады. Бұл мәтінде қанағат іс-әрекетпен бірге жүреді және оны қанағаттандырады, оған аяқталғандық пен толықтық береді. Ал әрекетті адам өзін көрсету үшін қажетті шарт және де іс-әрекет түрлерін еркін таңдауын жүзеге асыру үшін қажетті құрал леп санайтындықтан, оны қанағаттанудың басты құралы ретінде қолданады.
Дене шынықтыру жүйесінің білім кеңістігінің жоғарыда аталған принципі осы жүйенің бастапқы, қазіргі және ақырғы жағдайын оқу орнының әрбір түрі үшін анықтауында. Дене тәрбие процесінің оған қатысты сыртқы жағдайларымен, сонымен бірге осы процестің ішкі бөлімдері арасындағы заңды, байланыстар орнату қажеттілігінде болады. Ол үшін дене шынықтырун дифференциалды ұйымдастыру жүйесі ішкі бөлімдерінің дамуы және сыртқы ұдайы дамуына бағыттайтын бірден-бір тиімді форма болмақ.
Дене шынықтыру жүйесіндегі білім кеңістігінің әлеуметке сәйкестік принципі жаттығушылардың нақты оқу мүмкіндіктерін көптеген жеке ерекшеліктеріне қарай типологиялық тиістілігі бойынша бөлінуін қамтамасыз етеді. Олар Гегельдің сөзі бойынша түрсіз шексіздіктің түрі болып табылады. Дене шынықтырунің жекелену мақсаттарына сәйкес оқу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz