Балабақша балаларын оқытудың психологиялық негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1.Балабақша балаларын оқытудың психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2.Мектепке дейінгі балаларды оқытудың педагогикалық шарттары ... ... ... 12
II. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМІ
2.1.Балабақша балаларын оқытудағы өзекті мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..18
2.3.Оқу-тәрбие процесінде педагогикалық - психологиялық әдістемелерді қолдану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі бала - ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда мектепке дейінгі ересек жаста, бала тәжірибесі мен әлеуметтік жағдайлар негізінде сөйлеу іс-әрекетін, мемлекеттік тілді меңгеруге, сурет, иллюстрациялар бойынша, өз тәжірибесінен сұлбалар бойынша әңгімелеуді, әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын айта білуін ұйымдастыруға, шығармашылық (ертегілер құрастыру, сөздік ойындар), танымдық, сөйлеу, іс-әрекеттерді біріктіруді, тәрбиешімен баланың өзара іс-әрекетінің түрлі үлгілерін қолдануға талаптар қояды..
Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырып дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап ,мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай тұғызу қажет. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып,дамытса,оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ.Бала неғұрлым көпшіліктің ортасында болса, ол соғұрлым көпшіл де,жан-жақты болып жетіледі.Көпшіліктің арасындағы тәрбие баланы бірден еңбексүйгіштікке қалыптастырады,өйткені ол өз еңбегінің жемісін үнемі басқалармен салыстыра отырып,айқын да анық өзің өзі бағалайтын ортада өседі.Ал, балалар үшін өз еңбегінің жетістіктерін сезінуден үлкен қуаныш болуы мүмкін емес. Оны тоқтаусыз алға жетелеп, үнемі жетістіктерге жеткізетін осы күш.
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу
Зерттеу нысаны: балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісі;
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үдерісінде психологиялық - педагогикалық мәселелерді қалыптастыру;
Зерттеудің мақсаты: Балабақша балаларын оқытудың психологиялық - педагогикалық негіздерін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің болжамы: егер,балабақша балаларын оқытудың психологиялық - педагогикалық мәселелері теориялық тұрғыдан айқындалса және оны іске асырудың әдістемесі жасалса онда, балалардың оқыту процесін қалыптастыру тиімді болады, өйткені оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі тапсырмалар балалардың оқу процесінің нәтижелі болуына ықпал етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- балабақша балаларын оқытудың психологиялық - педагогикалық мәселелерінің теориялық негіздерін айқындау;
- балабақша балаларын оқытудың психологиялық - педагогикалық мәселелерінің педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық-теориялық негізіне философиялық таным теориясы және диалектика принциптері, тұлға және іс-әрекет теориялары, ізгіліктік педагогика тұжырымдамалары, құндылықтар туралы психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық тұжырымдамалар, диагностикалаудың жалпы әдіснамасы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы заңы, Тәрбие жұмыстары жөніндегі тұжырымдамалар, Зерттеу проблемаларына байланысты мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы психологиялық - педагогикалық мәселелерге байланысты озық тәжірибелер, кешенді бағдарламалар, психолог, педагог, әлеуметтанушы және әлеуметтік педагог ғалымдардың еңбектері.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми-әдістемелік, философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге, зерттеудің деректі көздеріне теориялық, педагогикалық және статистикалық талдаулар жасау, салыстыру, жинақтау, қорытындылау т.б
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- балабақша балаларын оқытудың психологиялық - педагогикалық мәселелерінің ғылыми теориялық негізі айқындалды.
- балабақша балаларын оқытудың психологиялық - педагогикалық мәселелерінің педагогикалық шарттары анықталды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс нормативті сілтемелер, анықтама, кіріспе, екі тарауша, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
1.1 Балабақша балаларын оқытудың психологиялық негіздері
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі бағдарламасының міндеттері адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады [1]. Қазіргі заманда елдің бәсекеке қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. 2011-2020 жылдарға арналған білім беру бағдарламасы үздік халықаралық стандарттар бойынша сапалы білім беру мүмкіндіктерін кеңейтеді [2]. Қазақстан Республикасының Білім туралы (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 306 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді) Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерінің бірі білім берудің ізгіліктік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдылығын белгілейді. Білім берудің басты құндылығы ретінде тұлға, рухани-адамгершілік категориялар, ізгіліктік қағидалар: бірлік, теңдік, өзара ықпалдастық және төзімділік бекітілген [3]. Оқушы тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениетті түсінуі және бағалай білуі үшін адамдармен құндылық-саналы ынтымақтастық әрекет жасай алуы тиіс. Осы принципті жүзеге асыру ізгіліктік тұжырымдамасына негізделген, мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты әрекеттер және мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы үдерісін қажет етеді.
И.Гербарттың ойынша адамның ең алдымен мінез-құлқын тәрбиелеп, қалыптастыру керек деген.
ХІХ ғасырдың басында педагогикалық еңбектерде мектепке дейінгі оқытуға үлкен мән беріліп, бұл саладағы тұжырымдамалардың әрі қарай дамуына В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов сияқты орыс демократ - жазушылары және Ресей педагогтары К.Д.Ушинскийдің, А.С. Макоренконың, В.А.Сухомлинскийдің қосқан үлестері мол болды[12].
Балабақша жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып өсіруге, оқытуға және тәрбиелеуге тиіс, -- делінген Жалпы білім беретін және кәсіптік балабақша реформасының Негізгі бағыттарында. Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі -- еңбектің творчестволық сипат алуы. Осыған орай, біздің балабақшаларымыздың бүгінгі таңда алда тұрған ең маңызды міндеттерінің бірі-балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру, творчестволық белсенділігін арттыру. Балабақша реформасының оқытудың мазмұнын ғана емес, сонымен қатар бүкіл әдісін, құралдарын ұйымдастыру формаларын онан әрі жетілдіруді қарастыруы, балалардың белсенділігін туғызатын әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды ұсынуы кездейсоқ емес [60].
Оқыту процесінің қоятын талаптарының бірі - оны көрнекі етіп жүргізу. Көрнекі оқытудың негізгі мәні сабақты түсінікті етіп жүргізу үшін тиісті құралдар пайдалану немесе сабақты тәжірибе қою арқылы өткізу.
Оқу материалдарыи сөз арқылы түсіндіру толық нәтижеге ие болмайды. Өйткені бала мазмұнды құрғақ жаттап алса, онда ол мазмұнның қандай нақты бейнелерді білдіретінін білмейді. Мұның себебі сабақ мазмұны нақты көріністермен берік ұштастырылмағандығынан болып отыр. Тіпті ғылым жетістігі болып табылатын жаңа ой-пікірлердің бәрі де, нақты бейнелердің негізінде болмақ. Өйткені бала игеретін ұғымдардың бәрі де нақты бейнелердің, кернекі оқытудың негізінде жүзеге асады. [13].
Қазақ халқының тұңғыш ағартушы-демократы, ақыны Ы.Алтынсариннің ұлттық мәдениеттің тарихында алатын орны ерекше. Ы.Алтынсарин қазақ мектептерінде білім берудің толып жатқан мәселелерімен қатар халық ағарту ісінің рухани-имандылық негіздерін қалап, өз еңбектерінде рухани-адамгершілік тәрбиесінің моральдық негіздерін көрсетіп берді. Ол өз ақыл-насихатында рухани-адамгершіліктің негізі игіліктеріне: бауырмалдылық, әдеп пен әділдік, қанағатшылық, жомарттық, тазалық, сабырлылық, Баланың кез-келген әрекеті белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталғанын педагог-тәрбиеші ұмытпауы тиіс. Негізгі міндеттер қайта өзгертуге мүмкіндік беретін шешімді және сонымен бірге алға қойған мақсатқа жетуді жеңілдету аралықтарын алады. Балалар шешетін тәжірибелік міндеттер оқудан өзгешеленіп тұрады. Ойын міндетінің мазмұны баланың тәжірибесімен, білімімен ерекшеленеді. Бала өз әрекетінен тәжірибе алады, көптеген нәрселерді тәрбиешілері мен ата-аналарынан үйренеді.Әр түрлі білімдер, әсерлер баланың рухани әлемін байытады, осының барлығы ойында көрініс береді. Ойын міндеттерін шешу заттық әрекеттің көмегімен ойын тәсілдерін шынайы танып, қорытудан көрінеді. Бала қуыршаққа кесемен су береді, сосын оны кубикпен алмастырады және содан кейін жай ғана қолын қуыршақтың аузына алып барады. Бұл баланың жоғары интеллектуалдық деңгейде ойын міндетін шешкенін көрсетеді. Іс жүзінде бұдан басқаша болуы да мүмкін, тәрбиеші жинақталған ойын әрекетіндегі баланың ойлауының мәнін түсінбей, барынша тәжірибелікке ұқсас ұжымдық әрекет етуді талап етуі мүмкін. Бірақ, бұл біріншіден, баланың күнделікті өмірде не болып жатқандығының барлығын ойынға енгізсек, онда оның ең негізгі ерекшелігі - қиялдауы жойылып кететінін ескергеніміз жөн. [15].
Балалардың психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып, олардың ой-танымын, қиялын, тілін, ой-өрісін дамыту мақсат етілген. Халқымыздың Баланы ойын өсіреді деген нақыл сөзінің мағынасын ашу көзделеді.
Ұлт болашағы болатын ұрпағының қамын жөргекке орап, ақ бесігіне бөлегеннен бастап қолға алған аталарымыздың әрбір ісі өнеге. Бесік жырымен есін білген елдің қашанда көші түзу, өрісі кең болмақ. Осынау ұлан-ғайыр далаға иелік етіп, жер бетінің жұмағындай жерді мекендеуіміздің бастауы сан ғасырдан жалғасып, бүгінге жеткен ұрпақ тәрбиесінде жатыр.
Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар деген қағиданы берік ұстанған ата-аналарымыз сәбиін қырқынан шығарып, жан-жаққа қарап, езу тарта бастағаннан бүлдіршінін ойын әлемімен таныстыра бастайды. Сипалап, уқалау, аяқ-қолын созу барысында Өс-өс, Қуырмаш, Бесік жыры өлеңдерін айта отырып әрі ойнатып, әрі тәрбие бере білген.Баланы табу - қиын, жақсылыққа бастау - одан да қиын деп білген қазақ халқы балаларды есейгенде Отанының, халқының азаматы етіп тәрбиелеуде алуан түрлі айла-тәсіл қолданған. Тіпті, алғаш аяғын еркін басып, тілі толық шығып, ойнай бастағанда, оларға Санамақ, Ханқыз сияқты айтуға жеңіл, тапқырлық пен ақындыққа жетелейтін ойын түрлерін үйреткен.
Қазіргі таңда сол ұлттық ойын, өлең шумақтарымен былдырлап тілі шыққан бала балабақша табалдырығын аттағаннан кейін өмір тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері, тілінің дамуы осы ойын үстінде қалыптасады.Баланың ойлау әрекеті, балабақшада өтілетін сабақтарда, ойындарда, танымды әсері мол дидактикалық ойындарда әрбір нәрсенің мазмұнын, мәнін түсініп, ой-өрісі кеңиді. Ойын сабақтарда қиялы дамып, өздеріне таныс заттарын жаңа қырынан біліп тануы, атауларын дұрыс атай білуі,сипаттама бере білуі қалыптаса бастайды.
Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан үлкендердің іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын бейнелейді. Көбінесе шындық - рөлді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым сан алуан келеді. Сондықтан кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 10-15 минут болса, 4-5 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі жастағылар ойыны бірнеше сағатқа созылады [18]. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев адамгершілік тәрбиесін құлық тәрбиесі деп атап: Құлық тәрбиесі-шәкірттердің саналы тәртібі, байымды мінезі түсінігін қалыптастыру, оған сәкес сезімі мен менімін тәрбиелеу үшін тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекеті. Мораль барлық қоғамдық өмірдің саласында-еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, үйелменде және халықаралық қатынаста адамның мінезін және санасын реттейді,-деп қарастырады.
Р.К.Төлеубекова: Жаңа әлеуметтік мәдени ортада адамның ұстанар мұраты-адамдармен қарым-қатынасында, іс-әрекетінде адамгершілік сана-сезім дағдысымен, өзіндік Мен бейнесі арқылы ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қасет-сапаларымен ықпалдасып субьект ретінде танылуын тәрбиелеу,-деген анықтама береді [16]. Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан жеке адамның құндылығын зерттеуші Р.К. Төлеубекова адамгершілікке жоғары сынып балаларын тәрбиелеу тұжырымдамасын жасады оны біз ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуде негізге алдық және оны дамытуға ұмтылдық. Айтылған жүйелер ұқсас болғанымен олардай құндылықтарда ортақ көзқарасты көреміз, оларды біріктіріп тұрған ізгіліктік бағыт: үш жүйеде де Адам ең негізгі құндылық. Әлеуметтанушылар құндылықтарды зерттеу нысандарына алған. Көпшілікке белгілі Әлеуметтанушының жұмысшы кітабы деген шығармада келтірілген: Кез-келген нысан (материалдық немесе идеалдық) тұтас топтың немесе жеке адамның мақсат-ниеті, тілек-ықыласының негізін құрап, өмір сүруінің маңызды шарты болып табылса, онда ол әлеуметтік құндылық бола алады [16].
1.2. Мектепке дейінгі балаларды оқытудың педагогикалық шарттары
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: Мектепке дейінгі білім беру - Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі... деп көрсетілген [30.31.32.33.34.35]. Баланың жеке басының қалыптасуындағы мектепке дейінгі кезең мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру кезеңін қамтиды. Осы кезеңнің өзінде-ақ ата-аналардың, педагогтардың, тәрбиешілердің, психологтардың бірлескен күш-жігері арқылы баланың әлі айқындала қоймаған әлеуметтік сапаларын қалыптастыру мен дамытудағы тәрбиелік мүмкіндікті жұмылдыру үшін оның жеке басының, рухани және дене бітімінің даму ерекшеліктерін, этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру қажет.
2020 жылдың мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі білім берудің сапасын көтерудің міндеттері алға қойылған. Осыған байланысты мектепке дейінгі мекемелерде яғни балабақшаларда тәрбие көзі мен білім сапасының іргетасы мықты болуы керек.Сонда мемлекетіміздің білімді де білікті азаматтары мен азаматшалары бой көтереді.
Мектепке дейінгі білім берудің басындаөзінің жеке дамуына сәйкес ұлттық және адами құндылықтарды бойына қалыптастырған, мәдениетті баланың тәрбиесі мен дамуын қояды.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен білім беруі сапалы болады,егер оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесі бала дамуына қажетті аймақтар мен қойылған мақсаттарға сәйкес болғанда.
Оқу бағдарламасы негізінде мектепкі дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мақсаты-балалардың жалпы,интеллектуалдық,дене дамуы,оның білімді меңгеруге дайындығын,білім беру сатысында қабілеті мен дағдысын қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастырудың көпвариативтілігі,балалардың мектепке дайындық деңгейін қамтамасыз ету былайша сипатталады:
-оқуға деген мативациясы,қоршаған орта жөніндегі алғашқы көзқарас;
-мектепке және өзіне пазитивті көзқарасы
-оқуға қабілеттілігі(тілдің дамуы,қарапайым санаулар т.б.);
-Қарапайым әлеуметтік дағдылардың болуы.
Мектепке дейінгі тәрбие біртұтас білім берудің бастапқы кезеңі ретінде баланың жеке басын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және мектепке оқуға дұрыс дайындауға бағытталған.
Баланы мектепке балабақшада ғана дайындап қоймай, ата-аналарын да кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау, ауқымды мәселе.Ол көптеген жұмыстарды талап етеді, яғни балабақша мен мектеп арасында өзара байланысты орнату керек. Көптеген ата-аналар баласы мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санау керектігін алға қояды. Жоқ, бұл мүлде қате, теріс пікір деп санаймын. Себебі тәрбиеші сонымен қатар тәрбие жұмысын да өз мойынына алады.Бұл деген өте күрделі де жауапты іс. Сондықтан балабақшада тәрбиешімен бірлесе психолог жұмыс жүргізеді [37.38].
Ресейлік зерттеуші Н.Ф: Харламов: Білім әрбір қоғамда адамның барлық өмірі мен іс- әрекетінде, еңбекте, тұрмыста, отбасында, барлық адамдармен қарым-қатынасында, саясатта және ғылымда, ойында, спортта т.б. өзінің мінез-құлқын реттеуде азаматтықты көрсетумен анықталады,-деген [39].
Ал енді келесі кезекте мектеп жасынадейінгі балаларды оқытудағы әдістерге келетін болсақ, ол-балаға білімді,іскерлікті дағдыны игерту мен таным қабілетін игерту дамыту үшін қолданылатын тәрбиеші жұмысының әдістері:
Оқыту әдістері ол-көрнекілік,бақылау,сөздік, тәжірибелік және ойын әдістері.
-көрнекілік әдістері-баланың ұғымын кеңейтіп,оқуды түсінікті, қызықты, нақтылы етеді және ойы мен бақылампаздығын дамытады.
-бақылау әдістері бұл-баланың өздігінен қандай іс-әрекет жасауға қабілетті екендігін білуге қажет әдістің түрі.
-сөздік әдісі-сөйлеу мәнерінің жақсаруына, қайталап айтып беру, әңгімелеу, әңгімелету, тілдерінің толық дамуына үлкен рөл атқарады.
-тәжірибелік әдістері-балаланың ойлау қабілеттерін дамытып,ойлап табу(фантазиясын)кеңейтеді.
-ендігі кезектегі ойын әдісі арқылы балаланың сабаққа деген ынтасының жоғарлауына көмектеседі.
Осындай әдістер барысында дидактикалық құралдарды жиі пайдалану,слайд,техникалық құралдарды пайдалану,қимыл-қозғалыс арқылы пайдалану өте тиімді.Мектеп жасындағы балаларды оқытуда өткізетін сабағыңыз нәтижелі болуы үшін, төмендегі ережелерді есте сақтаңыз:
-Тәрбиеші өте жинақы болуы қажет. Балалардың алдында қоятын мақсат нақты, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу.
-Балаларға ұрыспау,олардың білмегендігіне ренжімеу, мейірімді болу.Егер топтың басым көпшілігі тақырыпты немесе сіздің айтқаныңызды түсінбеген болса, онда кемшілікті өзіңізден іздеңіз. Сіз дұрыс түсіндіре алмадыңыз деген сөз.
- Балаланың сөзін бөлмеу,соңына дейін айтуға мүмкіндік беру. Егер дұрыс емес жауап алсаңыз, онда сұрақты дұрыс қоя алмадыңыз.
-Тапасырма мен нұсқау анық, нақты, анық, бала түсінетіндей болуы қажет.
-Сабақ барысында баланың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса тақырыпқа өзгерту немесе қосымша материалдар, көрнекіліктер пайдалану, ойын іс-әрекетіне аудару, балалардың ынта-ықыласын, қызығушылығын қадағалап отыру.
-Сабақты уақытында бастау. Уақытында бастамаған жағдайда бала шаршап сабаққа деген қызығушылығы төмендейді. Балалаға ұзақ уақыт тәрбиелік ақыл айту керек емес.
-Балаларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Жүзеге асырылмаған жағдайда, бала жауапсыз мінезге бой алдырады. Келесі жолы да берілген тапсырманы міндетті емеспін,- деген оймен ұштастырады.
-Баланың жауабын үнемі мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру керек.
Осы көрсетілген ережелерді басшылыққа ала отырып жұмыс жасаған тәрбиешінің ғана жұмысы алға жүріп, өткізетін сабағында алға қойған мақсатына жетеді. Ал мақсатын жүзеге асыру үшін әр тәрбиеші өткізетін сабағына толық қанды дайын болу керек.
Кейбір сабақтар алдын-ала дайындықты қажет етеді. Мысалға:хайуанаттар,өсімдіктер туралы өтетін сабақтар.Себебі бұл тақырыптағы сабақтарды нақты лап көрсетіп, түсіндірмесе, балалар түсінбей қалуы мүмкін. Бір - бірімен шатастыруы да ғажап емес.
Дайындық кезінде негізгі мәселе бұл--балалардың сабақ оқуға қызығушылығын, ынтасын тудыру.Сабаққа дайындық барысында сабақты алдын-ала жоспарлау, көрнекіліктерді әзірлеу, балаларды сабаққа дайындау. Сабаққа дайындалу кезінде тәрбиеші әдістемелік материалдарды қарауы керек. Тәрбиеші тақырыпқа сай әдебиеттерді оқып,өзі жіті танысады. Ол әдебиеттің тәрбиелек,білімдік мазмұнына қарайды.
Сабаққа дайындық кезінде негізгі мәселе-балалардың сабақ оқуға қызығушылығын, ынтасын тудыру, сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін айқындап алған жөн.
Тәрбиеші тәрбие беру мен оқыту барысында мына бір қанатты, ұлы сөзді үнемі есінен шығармай, жадында сақтап жүргені абзал, деп санаймын.
Егер бала бірдеңені түсінбейтін болса,онда оқытушы оларды кіналауға тиісті емес,
оларға түсіндіре алмай отырған өзін кіналауға тиіс
Ы.Алтынсарин.
Мектеп жасына балаларды дайындау кезінде, мазмұны нақтыланып, сабақты оқытудың мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Тәрбие мен оқытудың негізгі формасы сабақ болғандықтан, оның мазмұнына, ерекшеліктеріне тоқталып, тәрбиеші сабаққа дайындығын жан-жақты қарастырады [40].
Ғалым И.П.Подласый қаралып отырған мәселеге байланысты: Қоғам талаптарына сай, тәрбиеленушілердің адамгершілік білім қалыптастыру үшін, олардың санасына, сезіміне, мінез-құлқына жүйелі және мақсатты әсер ету,-деп түсініктеме берген [41].
1997 жылы В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, А.И.Мищенко, Е.Н.Шиянов Педагогика оқу құралында, педагогикалық құндылықтарды негізге ала отырып, баланы оқытуда: Оқыту - жалпы адамзаттық құндылықтарды енгізетін арнайы ұйымдастырылған процесс-деп, өз анықтамаларын береді[42].
Жоғарыда келтірілген ғалымдардың көпшілігінің ойы бір жерден шығып тұрғандай. Барлығының айтқан ойы адамдарда білімділікті қалыптастыру үшін ең алдымен мінез-құлықты тәрбиелеу керектігіне тоқталған.
Г.А.Ерғалиева: Білімді адам дегеніміз- адамның өзінің табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы сарапқа түсіп дамыған, сыртқы ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптасып, тұлғаның тұрақтылығы деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің сипатын анықтайтын ішкі құрылымдық элемент,-деп көрсетеді. Сонымен бірге Құндылықтар-тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық, тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық т.б. Құндылықтар-идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой сана арқылы қабылданады. Құндылықтар-құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді бағдарды білдіреді. Құндылықтар-сезіммен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекет бағдарын белгілейді,-деп ой түйген [56].
Осы құндылықтарға берілген анықтамаларды талдай келе мынандай топтарға бөлуге болады деп шештік:
- қоғамның ең жоғарғы құндылықтары: Адам
- өмір құндылықтары: еңбек, материалды қажеттіліктер, табиғат
- әлеуметтік өмір құндылықтары: отбасы, мемлекет, ғылым
-рухани өмір мен мәдениет құндылықтары: білім, көзқарас, дүниетаным, ғылыми ой
- адамгершілік құндылықтары: адамгершілік, достық, жолдастық, махаббат, шындық.
Балаларды білімге тәрбиелеуде қарым-қатынастың рөлі өте зор. Рухани-адамгершілікке негізделген тәрбие қарым-қатынастың қарапайым түрі-ұжымдық өмірдің талаптарымен, ерекшеліктерімен танысу арқылы жүзеге асырылады. Олардың қарым-қатынастарында бірте-бірте өзара көмек, бүкіл топқа тапсырылған жұмыстың орындалуына бірдей жауапкершілік сезімі, бүкіл топтың жұмысына жетекшілік ете білу, бірін-бірі тыңдай білу, жалпыға тән ережелер мен қағидаларды қабылдай білу, жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасай білуге үйренеді. Бірлескен іс-әрекеттің барысында балалар бірін-бірі жақынырақ, тереңірек таниды.
С.А.Назарбаева: Өзін-өзі тану атты әдістемелік оқу құралында : Білім - адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін морольдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сезім, кеңпейілдік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, кішіпейілдік, адалдық.
Мотивациялық-мақсаттылық шарттар-тәрбиеші әрекеттерінің алғашқы білімге әсер ететін жағдайларды, жағдаяттарды және өзара қатынас жолдарын алдын-ала білуі мен оқушылар бойына қалыптастыру сапаны, таңдауы және нәтижесін көрсетуінде. Сонымен қатар балабақша балаларының бойында азаматтық, борыштылық, толеранттылық, құқықтық, өзіндік сана қалыптастыру әлеуметтілік бейімділікке жағдай туғызады.
2.1. Балабақша балаларын оқытудағы өзекті мәселелер
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр.
Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесіне жаңалықтарын алу келумен қатар, мектепке дейінгі окыту мен тәрбиелеуге де көптеген талаптар қоюда. Жалпы білім берудің құрамдас бөлігі әрі алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің міндеті-әлеуметтік ортамен, отбасымен байланыс жасай отырып, сәбилерді жоғары рухта тәрбиелеу , білім беру, олардың дербес қасиеттері жетіле бастауына негіз қалау және мектептегі оқу ісіне дайындау, бейімдеу.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқутудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтандыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Баланы мектепке дайындауда дамыта окыту идеясын ұстану тәрбиешіден білімділікті , біліктілікті талап етеді. Әрине , ол тәрбиешінің шеберлігіне байланысты.Шығармашыл тәрбиеші бұрынанан кележатқан класикалық педагогика жетістіктерінен іздей отырып, оны жаңа өнімді әдістерімен байытады
Мектепке дейінгі жастағы баланы оқыту бағдарламасын жүзеге асыра отырып, оқыту субьектісі ретінде баланы санаймыз; оқыту мақсаты - баланы шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу; оқытудың кілті баланың іс-әрекеті; жетекші фактор - педагогтың қызметі.
Педагогтарға шығармашылық еркіндігін беру жауапкершілікті де жүктейді, сондықтан әр мекеменің басшысы келесі сұрастарға қарауы тиіс.
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі - жаңа идеяларды, жаңа бағдарламалар мен технологияларды жүргізуші, алайда зерттеулер көрсеткендей, қатардағы қызметкерлердің бастамалары мен қызығушылықтары да өте маңызды. Дегенмен ұжымның барлық мүшелері бірдей өздерінің шектеулі мүмкіндіктерінің арқасында барлық идеяларын және бағдарлама міндеттерін тиімді жүзеге асыра алмайды. Бірақ олар кәсіби шектеулі игеруге ұмтылуда. Қазіргі таңда педагогтар педагогикалық процесті жоспарлаудың қызметтерін ұйымдастырудың формаларын өз бетінше таңдайды.
Әкімшілік ұжымды өзін-өзі дамытуға бағыттайды және табысқа жеткендерді марапаттайды.
Егер бала өмір сүріп жатқан орта, оның ойынға зерттеуге, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz