Қазақ прозасындағы қазақтың сал - серілері жайында жазылған шығармаларға тоқталу
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1
Сал-серілер жайында жазылған романдағы өнер тақырыбы және тарихи-танымдық сипат
1.1
Ақан серінің ғұмырнамалық тарихының көркем жинақталуы
1.2
Ақын шығармалары және сюжеттік байланыс
2
С.Жүнісовтің Ақан сері романындағы Ақан образы және даралық сипат
2.1
Романдағы Ақан серінің болмыс-бітім, портреттік ерекшеліктердің сипатталуы
2.2
Ақан серінің мінез даралығын таныту
2.3
Ақан сері образының эстетикалық-тәрбиелік қырлары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Бітіру жұмысының негізгі мақсаты - C.Жүнісовтің Ақан сері романындағы Ақан образының танымдық-тәрбиелік қырларына тоқталу. Жазушының сері бейнесін өз шығармасында қалай суреттеді, қандай негізге сүйеніп жасады. Ақан сері образын жасаудағы суреткер шеберлігін сөз ету.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бірінші тарауда Ақан сері романындағы өнер тақырыбы, тарихи-танымдық сипат, Ақан серінің ғұмырнамалық тарихының көркем жинақталуы және ақын шығармашылығына сипаттама беру.
Екінші тарауда жазушының "Ақан сері" романын жазудағы идеясы, басты кейіпкер - Ақан сері образының эстетикалық-тәрбиелік қырларын жасаудағы жазушы шеберлігі, портреттік ерекшеліктері, ақынның мінез даралығын жасау тәсілдері секілді мәселелер қамтылады.
Жұмыста қолданылған әдістер: Жұмыcта зерттеудің бірнеше әдіс-тәсілдері пайданылды. Олардың негізгілері - тарихи-салыстырмалы әдісі, дәстүрлі сипаттама, теориялық, типологиялық салыстыру әдістері.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Прозалық шығарма қара сөзбен жазылған адамның ішкі жан дүниесінің сыртқы себептерімен, жалпы таза шындықтың тарихи шындықпен астасып, автордың әртүрлі оқиғаларды қиыстыруы болып табылады. Жазушы өмір шындығы мен тарихи шындықты үйлестіре отырып, көркем шығарма жазады. Автордың көңіл-күйі үнемі өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-ахуалына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас болып келеді. Ол қуаныштан асқақтаса да, жұбанышпен мұңайса да өзі жасаған кейіпкермен бірге өмір жасайды. Автордың ішкі жан-дүниесімен кейіпкердің өмірі бір толқында болып, астасып отырады. Проза жанрында көркемдік жинақтау, көркемдік ақиқат, көркемдік тәсіл, көркемдік шешім кеңінен қолданылады. Жазушының шеберлігіне байланысты бірнеше әдіс-тәсілдердің түрін пайдаланады. Көбінесе сюжетті өз дәуірінен, белгілі бір шығармалардағы көркемдік шешімнен бөліп, жеке қарастыру ұтымды бола бермейді. Шығармалар көп жағдайда өмірдің өзінен туады, оларды халықтардың тұрмыстық жағдайларының әдебиеттегі көрінісі деу лайықты.
Проза жанрында көп жағдайда кейіпкердің өмірі, өмір сүрген ортасы мен сол кезеңдегі қоғамдық қайшылықтар суреттеледі. Әр халықтың әдебиетінде бұрыннан келе жатқан, бір әдебиеттен екінші әдебиетке, заманнан заманға көшіп жүрген сюжеттер бар. Бұндай сюжеттер тарихи романдарда да пайдаланылады. Тарихи романдар сюжетінің тарихи шындығы жазушының ойымен ұштасып, көркемдік шешім табылады.
Қазақ әдебиетінде өнер адамдары жайында жазылған көптеген шығармалар бар. Тарихи шығармалар жазу барысында тарихтан алыстап кетпей, көркем сөздермен әрлей отырып, өнер адамының өмір сүрген кезеңін шынайы етіп оқырманына жеткізе білу керек. Өнер адамдары туралы көптеген аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, өнер адамдарының сан түрлі қырларын ашып беру керек. Жазушы өнер адамдары ішіндегі сал-серілердің ғұмырнамалық тарихын жазу барысында, олардың өмір сүру салттарын кеңінен қарастырады. Тарихи кейіпкерлер кей кезде жеке дара ашылып, бертін келе жазушының шебер суреттеуімен, дүниетанымымен, көркемдік шығарма құрылымымен ұштастырылып қарала бастады.
Сал-серілер образын жасағанда тарих пен көркем әдебиетті бірлестіре отырып терең бойлау керек. Кейіпкерлердің бейнесін толықтай ашу үшін авторлық шеберлік пен авторлық баяндау үлкен рөл атқарады.
Шығармада сал-серілердің ішкі жан дүниесін табиғат аясымен өрнектей отырып, олардың әншілік, сазгерлік, мергендік, саятшылық қасиеттерін ашқан жөн. Сал-серілердің жан дүниесі табиғат және басқа да тіршіліктер иелерімен ұштасып, астасып жатады. Қазақ сал-серілерінің ішкі жан дүниелері табиғат тілін ұғатын нәзік болып келеді.
Зерттеу нысаны. Қазақ прозасындағы қазақтың сал-серілері жайында жазылған шығармаларға тоқталу. XIX ғасырмен XX ғасырдың басында өмір сүрген сал-серілердің заманы жайлы, қазақ даласында өнерімен тамсандырған сал-серілер туралы қалам тартқан Ә.Әбішевтің Найзағай романы, С.Мұқановтың Балуан Шолақ романы, С.Жүнісовтің Ақан сері романы және тағы басқа жазушылар туындыларындағы сал-серілер образын жасаудағы шеберліктеріне кеңінен тоқталып өту. Соның ішінде баса назар аударып тоқталатын шығарма С.Жүнісовтің Ақан сері дилогиясы. Жазушылардың сал-серілер жайында тарихи романдар жазудағы басты мақсаттары мен идеяларын, образ жасаудағы қолданған тәсілдерінің сипаты мен сыры сөз етіледі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты мақсаты - С.Жүнісовтің Ақан сері дилогиясындағы Ақан сері образының әр түрлі қырларын, сыр сипатын анықтау.
Осы мақсатқа орай мынадай міндеттердің шешімін табу көзделеді:
С.Жүнісовтің XIX ғасырда өмір сүрген Ақан сері өмірі жайлы сыр шерткен туындысына тоқталу;
Ақан сері және тағы басы өнер адамдары туралы жазылған тарихи туындылардың әдебиет ғылымында зерттелуі жайынан сөз қозғау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Бітіру жұмысын жазу барысында С.Жүнісовтің Ақан сері дилогиясы, С.Мұқановтың Балуан Шолақ, Ә.Әбішевтің Найзағай тарихи романдары, Т.Әлімқұловтың Көк қаршыға туындысы, С.Дәрібаевтің Сәкен Жүнісовтің Ақан сері дилогиясы хақында мақаласы, Б.Шарахымбай С.Жүнісов: Редактор болуға келісімімді берсем Ақан сері жазылмай қалар еді мақаласы, Р.Майлышева Оқушы бойына эстетикалық тәрбиені қалыптастыру ғылыми-әдістемелік құралы және тағы басқа мақалалар қолданылды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысын жазу барысында зерттеудің әдіс-тәсілдердің бірнеше түрі пайдаланылды. Олардың негізгілері - дәстүрлі сипаттама әдісі, тарихи салыстырмалы, теориялық және типологиялық салыстыру әдістері.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеу материалдары мен тұжырымдары жоғары оқу орындарында әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы, XVIII-XIX ғасырлардағы әнші-ақындар пәндерінен дәріс оқуда септігін тигізеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақ сал-серілері жайында жазылған тарихи туындылар
Қазақ халқы өнерді ерекше жақсы көреді, өнер десе ішкен асын жерге қояды. Қазақ қашанда өнер адамдарына ерекше көңіл бөліп, ілтипат көрсеткен. Дәлел ретінде өнер адамдары туралы көптеген аңыз-әңгімелер халық арасында таралған. Көптеген ақын-жазушылармыз өз шығармаларында өнер адамдары жайында қалам тартты. Сол шығармаларында халық арасында таралған аңыз бен әңгімелерді жинақтай отырып, жазды. Өнер адамдарының өмірі мен өмір сүрген дәуірін көркем суреттеп жеткізу оңай шаруа емес. Қиындықтарына қарамай, тәуекелге барып, өз туындыларын жазған көптеген жазушыларымыз бар. Бірақ, тәуекелге барса да өз еңбектерін ақтады. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің Абай жолы еңбегін атап айтсақ болады. М.Әуезов эпопея арқылы Абайды әлемге танытса, Абайды оқи отыра Мұхтар Әуезовты әлем таныды. Жазушы бұл роман-эпопеясында Абай Құнанбайұлының бейнесін, мінезін жан-жақты қырын аша білді. Сонымен қатар, Абай бейнесін ғана емес бүкіл қазақ елінің болмыс-бітімін, қазақ жерінің әдемілігін көркемдеп жазды. Абайдың ұлылығын, асқан талантын танытқан ұлы шығарма болды. Ал Сәбит Мұқановтың Аққан жұлдыз еңбегінде Шоқан Уәлихановты барлық қырынан ашып жазды. Шоқан бейнесі романда биіктен, жоғарыдан көрінді. Шоқанның мінез-құлқын, болмыс-бітімін ерекше көркем етіп керемет бейнеледі. Жазушы Д.Әбілов Ақын арманы шығармасында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірін көркем әрі шынайы етіп суреттеген. Автор шығармада тарихи шындықты көркем пайдалана отырып, ақын бейнесін, портретін, мінез даралығын айқын көрсете білді. Жазушының бұл еңбегін Р.Бердібаев жоғары бағалап өтеді. Атақты күйшілер Құрманғазы мен Дина образдарын С.Бақбергенов Қайран шешем туындысында асқан шеберлікпен бейнелейді. Т.Әлімқұлов Телқоңыр мен Сейтек сарыны әңгімелерінде күйшілер бейнелерін жасауда өнер мен өмірді байланыстырып, бізге керемет жеткізе білген. Ұлы тұлғаларымыздың өшпес мұраларын жеткізіп отырған ғалымдарымыз, ақын-жазушылармыз талмай еңбек етті. Аталған жазушылар тарихи шындықты көркем шындыққа айналдырып керемет туындылар жазып, аянбай тер төккендері көрініп тұр.
Қазақ халқы өнер адамдарын ерекше құрметтеген. Соның ішінде сал-серілердің орны бір бөлек. Қазақ жұртының бай әдебиетінің, қызықты, көркем сыры мен қыры көп саласы - сал-сері өнері. Бұл өнердің астарына үңіліп, тереңінен зерттеп қарасақ, бірнеше өнерді тоғыстырған құрама-синкреттілігін аңғаруға болады.
Қазақтың сал-серілерінің бойында көптеген өнердің түрлері табылады, соның ішінде ақындықтан бастап, әншілік, жыршылық, күйшілік, акробаттық, циркаштық, қуақылық, артистік өнерді де ұстауы өнердің синкреттік сипатына тән. Тіліміздегі серілік деген сөздің "сегіз қырлы, бір сырлы" деген фразалық тіркеспен синонимдік мағынада жұмсалуы да сол себепті.
Сал-серілік дәстүр, басқа өнерлерден оқшау тұратын өнер адамдарының ел мен жерге деген сүйіспеншіліктерінен, ұлттық болмыс-бітімінен, сөздік қоры бай қазақ тілінің әсемдігінен бастау алып, "сал" мен "сері" типтерінің негізінің пайда болуына әсер етсе керек. -----
Біздің дәуірімізге сал-серілер өнері артистік болмысын, кейбіреуі музыкалық қуатынан айырылып тек текст ретінде жетіп отыр. Бізге жеткен ескі көз қарттардың естеліктері мен кейбір қолжазбадағы деректер ғана. Бірақ, осы деректердің өзі бізге үлкен асыл қазына деп ұғамыз. Осы тамтұм деректерге сүйене отырып, сал-серілік өнердің сан түрлі сипатына тоқталамыз.
Сал-серілер үлкен астарда, жиын-тойларда халықтың көңілін көтеріп жүрген. Олардың топ болып жүруі, ауыл-ауылды аралағанда тұтас бір театрдың, ансамбльдің орнын атқарғаны белгілі. Олардың құрамында ақын, әнші, күйші, мерген, балуан, жыршы, қуақы әртүрлі өнерпаздар болды. Салдардың ерекше киімдері, басындағы үкісі, серілердің бірдей атқа мінуі де көшпелі дала артистеріндей әсер қалдыратын-ды. Салдың ауыл сыртына келіп құлауы, қыздардың оны көтеріп алып кетуі белгілі бір дәрежеде эстетикалық мәні болды.
Қазақ мәдениетінде сал-серілер - сегіз қырлы, бір сырлы, яғни ақын, әнші, күйші, композитор, ойыншы, би, спортқа бейім, ерекше өнерпаз, қысқасы осылардың барлығын жинақтаған синкретті тұлға. Ғасырлар бойы ұлт мақтанышы болатын, жаратылысында дарынды өнер иелері. Қазақ әдебиетінде, қазақтың музыка мәдениетінде ерекше орны бар XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мәди Бәпиұлы, Естай секілді сал-серілеріміз бар.
Сал-серілер салт-дәстүрді ұстанған, адамдық құндылығы бар, артынан үлкен мұра қалдырған, сан түрлі өнер иелері - қазақ жерінің рухани келбеті.
Қазақ мәдениетінде өзінің түп-төркінің ежелгі дәуірлерден алатын сал-серілік өнер - ұлттық өнеріміздің асыл тастай жарқыраған жауһары, алтын тіні, тұма бұлақтай қайнар көздері, жоталы белестері болып табылады. Сал-серілік өнер туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Бұл тарапта көптеген ғалымдар мен зерттеушілер өз ой-пікірлерін, тұжырымдарын жасаған. Сал мен серіліктің өнер ретіндегі болмысы, табиғаты, шығу тегі мен төркіні жайында Ш. Уәлиханов, Г.Потанин, А. Васильев, А.Аленторов, М.Ж. Көпеев, Ә.Диваев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Б.Бекжанов, М.Габдуллин, С.Садырбаев, С. Қасқабасов, Т. Әлемқұлов т.б. еңбектерінде қызғылықты байламдар жасалған.
Сал-серілік дәстүр жөнінде нақты деректер келтірген ғалымдарымыздың бірі - академик Әлкей Марғұлан. "Тарих көзімен қарасақ, серілік ту бастан түрік қағанаты кезінен шыға бастаған. Серілік әдет қылған ойшы кісінің бірі - Иоллық деген кісі. Ол өзі ғажайып аңшы, мерген, атты күтіп ұстайтын бапкер, сонымен қатар ақын, жырау болған дейді. Ағалары Білгі хан мен Күлтегін қайтыс болғанда оларға арнап эпикалық оқиғаларды әдемілеп құрып, тасқа жазып қалдырған. Түрік қағанатының асқарлы биі Тоныкөк терең ойшыл кемеңгер білгіш болған. Өлерінде басына қоятын тасқа атақты жазуды ол өз қолымен жазып қалдырған... Қазақ аңыздары бойынша Қорқыт ескі дәуірдегі серіліктің бастаушының бірі. Ол атақты шешен, ел басқарушы, онымен қатар дүлдүл жырау, асқан күйші, бірінші қобыз жасаушы, қазақ музыкасының атасы. Қорқыттың қобызы мен музыкасын өзіне мұрат еткен ұрпақтары - әл-Фараби, Нысан абыз, Қойлыбай, Жанақ ақын тағы басқалар." (3, 174 б.)
Әлкей Марғұлан осындай деректермен сал-серілік сонау түрік қағанаты кезінде болған, яғни хан-сұлтандар, билер мен жыршыларды да сал-серілер деп қарастырған. Сонымен қатар, академик Әлкей Марғұлан сал мен сері типтеріне де тоқталып, ұқсастықтары мен өзгешеліктерін талдап өтеді: "Бір айтатын ой, сал мен сері типті емес, екеуі алуан, екі дәстүр өрнектері. Олардың бірінен-бірінің өзгешелігі - тұрмыс көрінісінде, типінде. Ең алдымен сал сері деген сөздер қалай туған? Осыдан бастайық. "Сал" европа тілімен айтқанда эксцентрик, немесе өз бағытымен жүретін бір алуан адам. Оның бар арманы сылқымдық, кербездік, киімді әдемі киіну, өзімен қатар жүрген адамның бәрінен де қияпатымен де, киімі мен де артық болу, асып түсу. Ер тоқымның өзі де басқаныкіндей болмай, алтынмен, күміспен өрнектеліп, ерекше салтанатпен жасалады. Сері сөзі серпілуден шыққан, бой жазу, серпер осы сөзбен бірдей, шалқыту, асқақтату дегенді білдіреді." Ал, ғалым Едіге Тұрсыновтың пікірі бойынша сал мен серінің кейбір кезде бірге айтылатынын, салдардан кейін серілер пайда болғанын богема сарындарын айтушы өнер адамдары деген тұжырымға келеді. Олай болса, сал-серілер музыкалық туындыларды, ән-күйлерді қазақ жеріне дамытып, таратушы өкілдері. Сал-серілердің ерекше қасиеттері - ақындығы, әншілігі, күйшілігі, мергендігі, елді әндерімен жақсы сезімге бөлейтін, адамның жанына ізгілік нұрын құятын зиялылығы.
Баға жетпес қымбат азаматтарымызды бүгінгі жастарымыз бен кейінгі ұрпағымызға қалай дәріптейміз? Енді сал-серілеріміздің өмірі, болмыс-бітімі, тұрмыс-тіршілігі жайында қандай прозалық шығармаларды білеміз? Осы мәселеге тоқталсақ. Бірнеше ғасыр бойы қазақ даласын әсем ән мен тәтті күйге, жырға толтырған талантты ұлдары, серілік құрған сал-серілердің өмірі, өнерлері жайлы жазылған тарихи сыры мен мәні сақталған, көркем әдебиет заңдылықтары сақтала отырып әдемі сөздермен жазылған жазушылар шығармаларының көркемдік құрылымын, жазылу тарихын, образды сомдау ерекшеліктерін зерттеу.
Қазақ әдебиетімізде сал-серілер жайында жазылған көптеген жазушыларымыздың керемет туындылары бар. Қазақтың шебер жазушылары С.Жүнісов, С.Мұқанов, Т.Әлімқұлов, З.Ақышев, Ә.Әбішев және т.б. Осы жазушыларымыздың ішіндегі Балуан Шолақтың өмірі мен өнері жайында қалам тартқан атақты жазушымыз Сәбит Мұқанов. Автор бұл романында Балуанның жастайынан бастап жазып, басынан өткен қиыншылықтары мен қуанышты сәттерін өте әсерлі етіп суреттеген.
Профессор Зейнолла Қабдолов бұл романға өз пікірін білдірген болатын. Ол: "С.Мұқановтың бұл шығармасын роман деп алып қарауымызға әбден болады. Бұл жерде бір ғана Балуан образы ғана ашылып қоймай басқа да кейіпкерлердің образдары толық ашылған. Сондықтан бұл шығарманың повесть деуден гөрі, роман деп қараймын." - деп "Балуан Шолақ" романына өте жоғары баға берген.
Сәбит Мұқанов Балуанның бейнесін тарихқа сүйене отырып, көркемдеп жазған. Балуанның шешесі өте мықты кісі болатын. "Алып анадан туады" деген секілді Балуан анасына ұқсаған мықты болады. Өзімен жасты балалардың арасында ерекше көзге түсетін алып денелі болып өседі.
Автор Балуанның "Шолақ" атануы, қыстың аязында далада қалып қалғандықтан қолы үсіп қалады, сол себепті Балуан "Шолақ" атанады дейді. Балуан Шолақ өзінің өлеңінде:
Атандым Нұрмағамбет-Балуан Шолақ,
Бір қолым үсіп кетті болдым олақ
Сұлу қыз, келіншекке тиышсыздаумын,
Жалғыз-ақ тал бойында мінім сорақ!, -
деп айтады. Ал, профессор Ахмет Жұбанов оның қолы күйіп қалғандықтан "Шолақ" атанады дейді. Оны мына өлеңді мысал етіп көрсетеді:
Мен Шолақ жас басымнан болдым ояу
Оң қолым отқа күйіп болдым қаяу.
Ахмет Жұбановтың өз еңбегінде Балуан Шолақтың өліміне байланысты былай делінеді: "Балуан Шолақ 1919 жылы төрт -бес күн ауырып, елу бес жасында қайтыс болады."(6,102 б.). Ал, С.Мұқанов романда: "Балуанның жолында биік жақпар тасты кесіп өтетін тар кезең болушы еді. Бұрын осы тастан өткенде ол әлденеге сезіктенетін еді, сондықтан сақтанып, абайлап өтетін еді.
Бүгін ол қауіп ойдан шықты. Орманды жаңғырта "Ғалия" әнін шырқаған ол тастың тар кезеңді жолынан жүріп өте бергенде, артынан мылтық гүрс ете түсті.
Селк еткен Балуан жалт қарауға шамасы келмеді, тұла бойы әлденеге шымырлап, жүрегі төмен тартқан сияқтанды. Төсінен төмен қарай ып-ыстық бірдеме жылжи жөнелді...(8, 221 б.) - деп ол адам қолынан қаза тапқандығын баяндайды.
С.Мұқанов романда Балуан Шолақтың қайтпас қайсар мінезді, ержүрек, батыл болғанын, жігітке тән барлық қасиеттерін жақсы ашып көрсетеді. Ол жастайынан бастап, патшаның өктемділігін көріп өседі. Ауылдары өртеніп, күшігі мен құсы жанып кеткен кезден-ақ кеудесінде "патша " сөзі шемен болып жабысады да қалады. Патшаға қарсы кегін қайтарғысы келеді. Балуан үнемі қарапайым халық жағында болады, олардың сөзін сөйлейді.
Бұрын сал-серілер дәстүрлі халық ойындарын ойнаса, кейін орыс цирк ойындары қосылып, одан ірі дами түсті. Соның бір дәлелі - Балуан Шолақ. Оның ойындарының көбісінде атлеттік, спорттық сипат басым, және де көпшілікке ол ойындар театрлық көрініс ретінде қойылатын.
Профессор Ахмет Жұбанов ел арасынан жинаған деректеріне сүйене отырып, Балуан Шолақтың туындыларына тоқталады. Балуан Шолақтың өз өлеңдері арқылы, оның спорттық, циркаштық өнерлері жайында мағлұмат береді. Ол:
"Өнерпаз атқа мініп неге керек,
Тудым мен өнерпаз боп елден ерек.
Есікті шегіншектеп сүзгенімде,
Ұшырдым тақтайларын төртке бөліп", -
деп келтірсе, мына өлеңінде:
"Бұл күнде отыз бесте менің жасым,
Қамалдың бұзып жүрмін мен талайын
Кешегі сентябрьдің базарында,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.", -
деп мақтанышпен жырлайды. Ол көбіне жәрмеңке алаңында өзінің өнерін көрсететін. Сауда бар жерде ақша жүреді, өнерпаздардың өнерлері де тауарға байланысты.
Әсем Ақбозбен ел аралап, думан-сауық құрып жүрген Балуан бір ауылға қыз ұзату тойына келіп тоқтайды. Ауыл әдетімен, кешкісін жастар өздері ойын-сауық құрып отырғанда, Балуанға ұзатылар қыздың жанынан орын табылады. Ол кезде серілікпен жүрген Балуан Шолақ жиырма үш жаста болатын. Қасындағы қыз өте әдемі, ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу, мінезі ойнақы екен.
Балуан Шолақ қызбен шүйіркелісіп отырып оның сырын біліп алады. Ұзатып алар жігітті қыз менсінбейді екен, амалсыздан барғалы отырғанын сезеді. Қыздың есімі - Балқаш, әкесінің есімі - Қожа. Балуан Шолақтың жастайынан аяныштық мінезі болатын. Сол қалпына бүгін де бағып, қызға аянышпен қарайды. Ұзатылғалы отырған қыз наразылық зарын айтып, көптен көз жасын жасырса да, Балуанға мөлдір көзінен аққан жасын жасырмады, "бүгіндік қана емес, өмірлік панаңа ал!" деп өтінішін айтады. Сөйтіп, екеуінің айтқан сырларының соңы уәдеге айналады.
Екеуінің уәдесі - қыз түнде үйінен ұрланып шығады да, Балуанның ауылына аттанады. Бірақ, екеуі ауылына аман-есен жетсе де, қалың малмен қанша ұрыс, қанша талас болса да, Балуан Шолақ Балқашты ешкімге бермейді.
Балуанның ең бір жақсы қасиеті, оның уәдесінде тұруы. Жазушы Балуанның бұл қасиетін "Адам барым барымта" деген бөлімінде нақты байқатады. Оның туысқандарына өтірік жала жауып, оларды түрмеге жаппақшы болады. Сол кезде Балуан түрменің бастығы Долгоносовтың жалғыз қызы Татьянаны барымта қылып алып қашады. Өте сұлу қызды тауға алып, сауғалағанда, Татьяна екеуі жалғыз болады. Балуан әдемі қыздарға келгенде осалдығы бар еді, бірақ ол Ғалияға берген уәдесінде тұрып, нәпсісін жеңеді.
Балуан Шолақ бойына біткен керемет күш арқылы "Балуан" атанады. Көкшетауда өткен бір жиында ол елу бір пұт кір тасын көтеріп, бүткіл жұртты таң қалдырған болатын. Балуан дала циркінің негізін қалаушы деп айтсақ та болады. Ол атта шауып келе жатып, неше түрлі қимылдар жасап, бір сөзбен айтқанда аттың құлағында ойнап, дүйім жұртты өз өнерімен таң қалдырған. Балуан Шолақ орыстың палуаны Иван Кореньмен 1919 жылы күресіп, оның қабырғасын сындырады. Оның сондай күштілігін, иығында екі адам отырғандай деп сипаттап көрсетеді.
Сонымен бірге, Сәбит Мұқанов Балуанның ән-күйге деген құштарлығын ерекше сезіммен суреттейді. Балуан Шолақ бала кезінен ән-күйге, өнерге құштар болып өседі. Жігіт шағында ол әнмен бірге балуандықты қатар алып жүреді. Әкесі мен анасы қайтыс болғаннан кейін, Балуан Ғайникей деген қызға үйленеді. Одан кейін ауыл-ауылды аралап, жалғыз жүрмей жанына өнерлі жастарды жинап, салдық құрады. Оның топ болып ойын-сауық құруы дәстүрге айналады.
Балуан Шолақ сал-серілік құра жүріп, ұстаз тұтқан Біржан сал мен Ақан серінің әндерін нақышына келтіріп айтып, насихаттаушы болды. Олардың әншілік-композиторлық дәстүрін өзгертпей, берік ұстаған. Сонымен қатар, ол өз жадынан әндер шығарады. Әндерімен қазақтың әншілік өнерін өрістетуге өз үлесін қосқан. Көкшетау, Қараөткел, Қарқаралы, Семей, Сарысу, Баянауылда болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді.
Осындай сапарларға шығып жүріп, Балуан Шолақ Ғалияны кездестіреді. Автор Балуанның Ғалиямен кездесуін, оған ғашық болуын ерекше сезіммен, шабытпен жазады. Бір күні Балуан Шолақ үш өзеннің түйісетін жері - Атбасар қаласына келеді де, қымызшылар бар бір үйге түскісі келеді. Достары Ғалия отырған үйге түсуін сұрайды. Сол үйге келсе, үйде түрі таныс бір келіншекпен танысады. Ғалия қымыз құйылған бір кесені Балуанға, екінші кесені жігіттердің біреуіне береді. Сол сәтте ол бұл келіншекті қай жерден көргенін есіне түсіреді. Сөйтсе, "Тоқсанбайдың асында шапан жапқан келіншек екен, оның аты Ғалия екен ғой" деп отырып, оның әдемілігіне құмарта түседі.
Балуан Шолақ Ғалияны қанша жақсы көрсе де, соңында ештеңке шықпады, бірнеше күн өткеннен кейін оны абақтыға жауып тастайды. Себебі, Ғалияның күйеуі Біржан, өзінің достарына Балуан Шолақты Ғалиядан айырып, әйеліне жақындамасын деген мақсатпен өтінішін айтады. Біржанның достары үлкен бастықтар, ояздар болғандықтан оны абақтыға жауып тастайды.
Ғалияның көркі, көз тартар әдемілігі Балуанды жай қалдырмайды. Соған байланысты "Ғалия" әні туады. Оның халық арасында кең тараған атақты әндернің бірі - "Ғалия" болса, бірі - "Сентябрь"әні. "Ғалия" әні нәзік сезімге толы, кіршіксіз таза махаббатты шеберлікпен керемет орындалған лирикалық ән. Балуан Шолақтың басқа да сезімге толы "Кенже қоңыр", "Талдыкөк", "Дікілдек", "Ашылы айырық", "Қос перне", "Сарын", "Құлан кісінес", "Ыңғайтөк", "Қосалқа", "Желдірме", "Қос барабан" секілді сыршыл әндері халық арасында өз орындары бар. Романда Балуан Шолақтың әндері ауыздан-ауызға тарап, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленіп, қазақ даласына тарағанын көркем суреттеген. Қазақтың маржан сөздерін жетік білетін Сәбит Мұқанов Балуан Шолақтың образын ашарда қазақтың керемет сөздерін шебер қолданған.
Жазушы романында Балуан Шолақтың бойынан әншілік, балуандық өнерімен бірге аңшылық өнері де көрініс табады. Балуан Ақбозатпен бірге тау-тауға шығып, аң аулағанды жақсы көреді. Қасына достарын ертіп алып, айлап жүріп аң аулап, бірнеше ауылдарға кездеседі. Балуан достарымен қай ауылға бармасын, барлығы мал сойып, оны сыйлап жіберетін болған. Балуан Шолаққа босқадан-босқа жала жауып, қуғында жүргенде халық түсіністікпен қарап, құрмет-қошеметпен қонақ еткен.
Балуан Шолақ қуғында жүргенде өзінің туған жері Жетісуға жол жүреді. Кіндік қаны тамған жерінде бірнеше уақыт тұрақтайды, одан кейін қайтадан Көкшетауға қайтады. Арқа еліне қайта оралған кезде, патша өкіметіне қарсы халық көтерілісі басталайын деп жатқан уақыт болады. Балуан сол қарапайым халықтың басын қосып, патша өкіметіне қарсы көтеріліске шығады. Бірақ, оның аяғы қайғылы аяқталады. Елін патша өкіметінің өктемдігінен құтқарамын деген арманына жете алмай, соңында жауыздардың қолынан қаза табады. Жазушының бұл сәттерді өте әсерлі етіп суреттеуі, оның шеберлігін байқатады.
Өз заманының айтулы сал-серілерінің бірі, бойына бірнеше өнерді жиған - Балуан Шолақ Баймырзаұлы жайында жазылған тағы бір керемет шығарма Есмұхамбет Айтмағамбетұлының "Балуан Шолақ пен Сағындық " әңгімесін атап айтуға болады.
Бұл әңгімеде Балуан Шолақтың өмірінде болған, басынан өткен оқиғалардың жиынтығы жазылған. Әңгіменің желісі бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz