БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН
ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ
Орындаған: Уәлиева Лаура Ерболқызы
Тобы: 41
Мамандығы: 0105000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Нұрланова Айгерім Қуандыққызы
Семей, 2020
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
І. Ойынның педагогикалық-психологиялық негіздері
1.1 Ойын туралы түсінік
1.2 Ойынның шығу тарихына шолу
1.3 Ойынның жіктемесі
1.4 Бала ойындарының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
ІІ. Оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы ойындардың рөлі мен маңыздылығын айқындау
2.1 Бастауыш сыныптардағы оқу үрдісінде ойындарды қолданудың маңызы
2.2 Сыныптан тыс уақыттарда ойындарды қолдану жолдары
2.3 Ойын арқылы оқушының тұлғасын дамыту
ІІІ. Эксперимент жұмысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Өзектілігі: қазіргі қоғам жағдайында жан-жақты дамыған, сауатты, сыни тұрғыдан ойлауға және бәсекеге қабілетті саналы азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Осыған орай оқушыларды бастауыш сыныптарда оқытудағы ойынның рөлін анықтау тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді ойын түрлерін оқу процессіне жүйелі енгізу мәселелері қазіргі педагогика ғылымының, қазіргі білім беру жүйесінің басты назарында болып отыр. Қазіргі кезде ойын ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы балалар тәрбие алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны, дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын алдымен қарым-қаынас жасау, өмірлік тәжірибені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады. Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейдегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және мінез-құлқы қалыптасады.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие процессінде ойын түрлерін тиімді қолданса, онда оқушыларды бәсекеге және сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге болады.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы ойынның рөлін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
Ойынның педагогикалық-психологиялық негізін анықтау;
2) Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда ойынның жіктемесін көрсету;
3) Ойынды оқу-тәрбие процессінде жүзеге асыру.
Зерттеу обьектісі: бастауыш сынып оқушыларын оқытуда түрлі ойын түрлерін тиімді қолданудың жолдары.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларын оқытуда ойын түрлерін қолдану үрдісі.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет баспалары, зерттеу нысанына қатысты баспа бетін көрген негізгі ғылыми әдебиеттер, Қоянбаев Ж.Б., Фридман Л.М., Поляков С.Д., Калиев С.Н. т.б. зерттеулері, сондай-ақ ғалымның пікірлеріне талдау жасап, теориялық тұжырымдарын дамытқан еңбектеріне теориялық және методологиялық негіз ретінде пайдаланылды.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
1. Педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді талдау.
2. Педагогиканың теориялық зерттеу әдістері, салыстыру, талдау, жинақтау, нақтылау, индукция әдістері.
3. Педагогиканың практикалық зерттеу әдістері, бақылау, әңгіме, педагогикалық тәжірибе жүргізу, эксперимент әдістері.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, теориялық және негізгі бөлімдер, іс тәжірибе бөлімі, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: бастауыш сынып оқушыларын оқытуда ойын технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде міндетті түрде жүзеге асыру қажет.
Зерттеу жұмысың методологиялық және теориялық негіздері: жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет баспалары, зерттеу нысанына қатысты баспа бетін көрген негізгі ғылыми әдебиеттер, Қоянбаев Ж.Б., Фридман Л.М., Поляков С.Д., Калиев С.Н. т.б. зерттеулері, сондай-ақ ғалымдардың пікірлеріне талдау жасап, теориялық тұжырымдарын дамытқан еңбектеріне теориялық және методологиялық негіз ретінде пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні: бастауыш сынып оқушыларын оқытуда ойынның рөлін көрсету.
Курстық жұмысының зерттеу әдістері: зерттеу жұмысында жинақтау, сипаттау, жүйелеу, педагогикалық талдау әдістері арқылы қалыптастырудың әдістемелік негізі жасалды.
Зерттеу жұмысының базасы: ШҚО, Аягөз аудандық білім бөлімінің Ақтоғай жалпы орта білім беретін мектеп
Курстық жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының болжамы, мақсаты, көкейкестілігі, жаңашылдығы, нысаны, міндеттері, негізгі идеясы, зерттеу объектісі, әдістемелік базасы, теориялық және тәжірибелік құндылығы анықталады.
Бірінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері көрсетілді. Бастауыш сынып оқушыларының оқытудағы қолданылатын ойынның түрлері анықталды.
Екінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларын оқытуда қолданылатын ойын түрлері зерттелді. Тиімді ойын түрлерін оқу-тәрбие процессінде қолдану мәселелері қарастырылды.

Ойын туралы түсінікті қарастыру үшін, ойынның не екенін анықтап алуымыз керек. Ойын - адам өміріндегі негізгі үш іс-әрекеттің бір түрі. Негзінен іс-әрекеттің ойын, оқу, еңбек сияқты үш түрі бар. Олардың арасындағы айырмашылығы - қорытындылары, ұйымдастырылуы, мотивінің ерекшелігі арқылы ажыратылады. Егер еңбек пен оқу адам қуаты және психикасы жағынан даяр болса, оның ағза жағдайы онымен шұғылдану үшін тиісті дәрежеде болса, міне, сонда ғана оның еңбегі жемісті болады. Балалардың өмірге мұндай даярлығы болуы үшін ойын әрекетінің маңызы үлкен.
Ойын - бала әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы баланың белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.
Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф. Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін - өзі көрсеткісі келеді дейді. М. Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г. Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К. Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л. Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады.
Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезінуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне сыйластық сяиқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.
Ойын - мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Д.Б. Эльконин бастауыш сынып оқушыларына мінездеме бере отырып, былай дейді: баланың ересек адаммен бірлескен әлеуметтік жағдаяты жойылады, бала жеке әрекет жасауға тырысады. Бала ересек адамның өміріне толық араласа алмағандықтан, ойын оның ересектермен идеалды қарым-қатынасына айналады. Ойын барысында ғана бала ересек адамның өміріндегі іс-әрекеттер мен рөлдерді қайталап, ойнай алады.
Ойын-қанағат алу үшін жасалатын іс - әрекет. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б. Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Еңбек үстінде адамның мақсаты мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді.
Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті, ал оқушылар мен ересектер оны сабақтан және жұмыстан қолы бос кезінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көпетеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф. Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін көрсеткісі келеді дейді.
В. Сухомлинский: "Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жаңар оты" деген ой айтады.
Ойын - алалардың негізгі іс-әрекеті. С.Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Ойын - мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті, бастауыш сынып оқушыларның қосымша әрекеттерінің бір түрі. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады. Адамдармен араласуға үйренеді. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның да мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі, мәселен, бір жастағы бөбектің ойыны манипуляциялық (сыртынан ұстап көріп, тарсылдатыу деген мағынада) сипатта болса, балалар бақшасындағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады.
Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелігі - оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрине жеті-сегіз жастағы балалардың ойын ұжымы әлі де жөнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы екі-үш баладан аспайды. Ал, үшінші, төртінші сынып оқушыларының ойндарында ойын сипат жақсы жетіледі. Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады. Олар футбол, волейбол, теннис, городки, асық ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірімен жарысу кездері күшті болады. Сондықтан да мұндай ойындар дербестікті, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді.
1.2 Ойынның шығу тарихына шолу
Ойын ежелгі кездерден оқыту әдісі ретінде қарастырылады. Ойынның тарихи мақсаты балаларда адами қасиеттер, дағдылар мен біліктерді қалыптастырып, өмірге дайындау.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының шығу тарихына біраз тоқтала кететін болсам, этнограф - ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекет- терде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген. Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: Қайнар, 1994), Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан - балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен. Ал енді, Қазақстан. Ұлттық энциклопедия кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған.
1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксе-рек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.
5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады.
1.3 Ойынның жіктемесі
Д.Б. Эльконин ойынның 3 дамуын көрсетеді:
1. Тұрмыстық элементтерден ойынның шаруашылық, одан кейін қоғамдық-саяси сюжеттерге айналуы.
2. Қиялдағы жағдаяттар мен ойын тәртібі қарым-қатынасының өзгеруі.
3. Бір заттан келесі затқа ойын мазмұнын өзгерту.
Баланың ойыны бірнеше кезеңдерден өтеді.
Біріншісі - бұл рөлдік ойын, бала өзін-өзі ана, әке, аю, қоян, мыстан кемпір және т.б. атаумен атап, өзін соларға ұқсатып ойнайды.
Екіншісі - сюжеттік ойын, бала басталуы, дамуы және аяқталуы бар, бір күнде аяқталып қалмай, жалғасын келесі күні табатын оқиғаны өрбітеді.
Үшіншісі - ережелері бар ойндар, бала сюжеттің логикасына сәйкес іс-қимыл жасап қана қоймай, барлығына бірдей қатысты шектеулердің (нормалар мен ережелердің) жүйесін әзірлеп, қабылдайды.
Алғашқы екі кезең баланың шығармашылық мүмкіндіктерін, артистизмін, өзін-өзі ұстау қабілетін ашады.
Сурет 1 - Ойынның түрлері
Ойын мазмұны мен түріне қарай келесідей бөлінеді:
-мазмұнды-бейнелі;
-қимыл-қозғалыс;
-дидактикалық;
-құрылыс;
-кейіптендіру.
Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды пайдаланады.
Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен үйлесімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді.
Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz