Кітап тарату ісі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Бақыт Астанай Темірқызы
Қазіргі баспадағы заманауи мәселелер және ұлттық сана
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В042200- «Баспа ісі » мамандығы
Нұр-Сұлтан 2020 ж.
11 Наурыз
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі:
Г. Әшірбекова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазіргі баспадағы заманауи мәселелер және ұлттық сана
5В42200- «Баспа ісі» мамандығы бойынша
Орындаған: Бақыт Астанай Темірқызы
Ғылыми жетекші:
ә. ғ. м., аға оқытушы Тапанова Сәуле Есенбекқызы
Нұр-Сұлтан 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
1 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры » мақаласындағы заманауи баспа мәселелері . . .
1. 1 «Рухани жаңғыру» . . .
1. 2 «Ұлы даланың жеті қыры » мақаласындағы . . .
2 Ұлттық сананы оятудағы Баспа ісіндегі кітап тарату, нарықтық жағдай және кадр дайындау . . .
2. 1 Кітап тарату ісі . . .
2. 2 Баспаның нарықтық жағдайы . . .
2. 3 Кадрлар дайындау . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осыған дейін бұл тақырыпта ғылыми-зерттеу жүргізіліп, ғылыми еңбектер өте аз қорғалған. Аталмыш тақырыпты қоғамдағы белгілі бір тарихи қысталаң кезеңнен қалай шығып, бүгінгі баспа ісін қалыптастырудағы өзіндік ерекшеліктерін баспагер мамамдығы бойынша оқитын тәлімгерлерге арнайы курс ретінде ұсынуға болады. Өйткені экономикалық әдебиеттерді қарасаң, күнделікті тұтыну тауарларын өндіретін қандай да бір жекеменшік фирмалардың қызметі жөнінде зерттеу жұмысы қалыптасқан. Ал баспа ісі жөнінде, оның қазір руханияттан бұрын бизнес көзі екендігін түсіне бастадық. Осы тұрғыдан келгенде бізде кітапты - тауар, баспаны - бизнес ошағы деп қарастырып, ұлттық сананы қалыптастыруда баспаның рөлі жөнінде зерттелген әдебиеттер мардымсыз. Бұл жағдай жұмысымның өзектілігі ғылыми айналысқа сұранып тұрған тың тақырып екендігінде деп білемін.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Қазақстан республикасы тәуелсіздігін алып, дербес мемлекетке айналу қарсаңында баспалардың жағдайы қандай болды? Кітап шығару ісі, тұтастай баспа ісі тұралаған тұста өз міндетін атқара білді ме? Заманауи баспалардағы мәселелер қандай? Баспа саласының дамуындағы ұлттық сананың әсері қаншалықты? деген сауалдарға жауап беру үшін осыған дейін шыққан газет-журнал беттеріндегі мақалаларды саралап, қорытынды жасау.
Зерттеудің нысанасы. Диплом жұмысымның негізіне айналып отырған еліміздегі жалпы жаңа баспалардың қалыптасу, даму тарихын, құрылымын саралай отырып, «өз кезеңіне сай, заман талабынан шыға алды ма?» деген мәселелерді қарастыру.
Қазақстан баспаларының дамуындағы менеджмент пен маркетингтің рөлі қандай? Саны бар кітаптар сапаға лайықты ма? Елімізде неге баспа саласында мамандар жеткіліксіз?
.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделуі жайында осы уақытқа дейін жүйеленген ақпарат болмағандықтан, ғылыми тұрғыда зерттелмегендіктен қоғамның оған деген зәрулігі анықталып отыр. Біз қарастырып отырған баспалар - еліміздегі кітап ісі нарығын бекем қалыптастыруға тыңнан түрен салып жүрген айшықты баспалар. Осыларды бағытта ұстап, баспа нарығының қалыптасуы мен бәсекеге бейімделуін анықтап, саралап, тұшымды зерттеу нәтижесінде зәруліктің орнын толтырсам, ғылымға аз да болса қосқан өз үлесім болар деп үміттенем.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң, өз алдына дербес егеменді мемлекет құрдық. «Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік-нарықтық экономика құрудамыз. Бұл - бізге қажеттінің нақ өзі» [1, 49б], деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа Жолдауында айқын көрсеткеніндей, тәуелсіздік алысымен нарықтық экономиканың бел ортасына кіріп кеттік. 1992 жылы Қазақстан тәуелсіздігін 30 мемлекет мойындап, егемендіктің тәтті дәмі бұйыра бастады. Ескі кеңестік жүйенің де кедергілері болмай қоймады.
Міне, осы орайда, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына сәйкес әрі рухани және білім беру саласын дамыту, Қазақстан Республикасының мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтарында №1277 Жарлығы жарияланды. Аталмыш бағдарламаның негізгі міндеттерінің ішінде «мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің жүйесін құру; көркем және ғылыми толық дестелерін шығару; әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру» [2, 4б. ] мәселелері көтерілгенді. Бұл дегеніңіз - рухани, мәдени құндылықтардың бәрін сараптап, түпнұсқасын сақтап, тасқа басқандай етіп, КІТАП шығару. Бағдарламаны қаржыландыруға республика қазынасынан 3 жылға 1933, 6 миллион теңге бөлінді.
Кітаптар мен басылымдар осы сала еңбеккерлерінің - баспагерлер мен полигафистердің ел кәдесіне жараған елеулі еңбектерінің арқасында осы тақырыпты зерттеу мүмкіншілігі туып отыр. Халықты нарықтық қыспақ кезінде рухани азығынан айырмай, сұранысына қажетті, талғамына сай, кәсібіне қолайлы әдебиеттермен қамтамасыз етіп, ғылым мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің, өнердің өзегін талдырмай, өмір ауанымен деңгейлес бола білуінің өзі іскерлік пен ілімділіктің үлгісі десе де болады. Ал шын мәнінде қалай еді? Күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ушыққан кезеңде баспагерлер мен полигарфистер қандай қиындықтарға тап болды? Одан шығудың жолдары қалай іздестірілді? Осындай сұрақтар төңірегінде жауап іздеп көрдік.
Диплом жұмысымның бірінші тарауында кітап шығару шаруашылығы мемлекеттік тәуелсіздік алғанан кейін өте қиын жағдайға тап болып, сол тығырықтан қалай шыққандығы жөнінде баяндаймыз.
Диплом жұмысымның ІІ тарауына Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделіп, кітапты тіпті еліміздің ең кіші аудандарына дейін де тарату мәселесін қалай жолға қойылу керек, келесі кезекте мамандардың бәсекеге қабілеттілік деңгейі арқау болмақ. Әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басып, әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алу үшін баспа ісі, жекелеп алғанда кітап ісінің даму тенденциясын саралап, кемшілігі болса, жанашырлық жасап, олқылық орнын толтыру - міндетіміз.
Қорытындыда Қазақстан баспаларының материалдық және баспагерлік-шығармашылық салада жетіспейтін тұстарын, одан арылудың жолдарын экономикалық, әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, толыққанды қарастыруға тырысамыз.
Өркенді де өршіл дамып келе жатқан Қазақстан баспаларының іргетасы тек қана осы заманғы техникамен жабдықталып, бәсекеге қабілетті басқарудың тиімді тәсілдерін қолданып, алпауыт «мен мұндалап» тұратын баспа нарығын қалыптастыру керек. Нарық заңдарының үдесінен шығу - жас мамандардың жаңа ой қуатының арқасында жүзеге асады. Осы орайда жоғарғы оқу орындарында тек баспагер емес, әмбебап рухани дүниесі бай, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, еңбекке ынталы, елжанды маман даярлау керектігін жолға қою ләзім.
Қазақстан - 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауында: «Бір данагөй: «Егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез-келген жол алып баруы мүмкін», - деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға тиіспіз. Мұның өзі қандай да бір іс-әрекетке кірісе отырып - біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе, әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па, әлде шабандап қалып келеміз бе - ұдайы таразылап отыру үшін қажет» - дейді. Сонымен қоса кез-келген істі бастамас бұрын «стратегиялық бағыттарды жүзеге асырудағы ең қажетті нәрсе - алдағы мақсаттарды дұрыс анықтау» дейді[1. ?] .
1. Тәуелсіздік жылдардағы баспаның тарихы мен зертелуі
1. 1 1991-2010 жылдардағы баспалар тарихы
Біздің елдегі баспа ісінің дамуы 1920 жылдан басталады, сол жылы Қырғызстанның бірінші астанасы - Оренбургте мемлекеттік баспа ісі - Киргосиздат туралы ереже қабылданды, кейіннен ол Казгосиздат болып өзгертілді. Қазақстанның кітап басу ісі 70-жылдары мен өткен жүзжылдықтың 80-жылдары алға басты. 60-жылдармен салыстырғанда баспа атаулары бойынша кітап шығару таралымы мен айналымы бойынша екі есеге өскен. Ал баспахананың материалдық-техникалық базасы үш есеге өскені байқалды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кітап басудың жаңа кезеңін бастан кешірді. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында екі мемлекеттік 300-ден астам жеке меншік баспалар пайда болды.
2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің мерзімді басылым, кітап басу, кітап тарату мен баспаханалар аясындағы бірлестік бойынша Мемлекетаралық кеңесте төрағалық етті. 2005 жылдың мауысымның 1-нен 3-не дейінгі аралықта Алматыда ортаазиялық мемлекеттердің қатысуымен «Ұлы Жібек жолымен» атты ІІІ халықаралық кітап және баспахана жәрмеңкесі өтті. 2005 жылдың 19 тамызында өткен XVII Мәскеудің халықаралық кітап және баспахана жәрмеңкесі аясында Мәскеу қаласында ТМД мемлекет-қатысушыларының «Кітап өнері» атты 2- халықаралық конкурсы болып өтті. Конкурстың гран-приіне «Кентавры Великой степи» кітабы ие болды. «Арт-книга» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен «Атамұра» баспасынан шыққан Пауло Коэльоның «Захир» романы марапатталды. «Менің елім» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломды «Алматыкітап» баспасынан шыққан «Традиции и обряды казахского народа» атты кітап алды. Осы сияқты дипломдар «Победа» номинациясынан мына кітаптар озып шықты: «Балалар әдебиеті» және «Фолиант» баспасының өнімі «Тағзым-Поклонимся тем годам», сонымен қатар «Күлтегін» баспасынан шыққан «Полный атлас памятников Орхона» атты кітап.
2006 жылдың 16 наурызында Астана қаласында «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлері» атты бюджеттік бағдарлама бойынша 2005 жылы шыққан кітаптар жәрмеңкесі болды. Көлемін көтеру шыққан әдебиеттердің сандық және сапалық деңгейіне әсер етті. 2005 жылы 377 атаулы баспалардан 8650 баспалық қағаздар шығарылған, «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлері» атты бюджеттік бағдарлама бойынша мынадай түр мен темада басылды: балалар әдебиеті, энциклопедиялық әдебиет, сөздік-анықтамалық әдебиет, «Қазіргі қазақ прозасы», «Қазіргі қазақ поэзиясы», Документалды-көркем әдебиет, музыкалық әдебиет, заң әдебиеттері, қоғамдық-саяси әдебиет, ғылыми-атақты әдебиет және т. б.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанынан бастап кітап басудың жаңа кезеңі саналады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында екі мемлекеттік және 300 жеке меншік баспалар пайда болды. 2005 жылы 377 баспадан 8650 баспа қағаздары шығарылды.
Ең атақтылары мыналар: «Алтын қор», «Алаш мұрасы», «Отырар кітапханасы», «Ғибратты ғұмыр», «Лауреаты Нобелевской премии», «Библиотека мировой литературы», «Фолиант, «Алматы-кітап», «Современная казахская поэзия», «Современная казахская проза» және басқалар.
1993 жылы Кітап басу мен тарату саласындағы жағдайы күрт шиеленісу республикамызда, әсіресе ана тілімізде кітап шығару ісінің болашағын тым бұлыңғырландырып жіберді. Баспалардың шығынға белшесінен бату, тіпті жабылып қалу қаупі туды. Шығатын кітаптар саны күрт кеміп, бірлі-жарым шыққандарының бағасы қымбат болды.
Сөйтіп, нарықтық қатынасқа көшу кезінде мемлекеттік әкімшілік органдары мен басқармалардың БАҚ-тың және мемлекеттік кітап шығару жүйесін қорғауды шұғыл шаралары жөніндегі Президентіміздің жарлығы (15. 04. 1992) мен сол жарлықты жүзеге асыруға арналған Республика Министрлер Кабинетінің № 566 (26. 06. 1992) отырысында дүниеге келді.
Осы айтылған жарлық пен қаулыда мектепке және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарды қазақ тілін дамытуға және оның қолданылу аясын кеңейтуге қызмет ететін алуан түрлі оқу құралдарын, сөздіктер мен тілашарларды, балаларға арналған әдебиет, ғылыми, анықтамалық-энциклопедиялық кітаптарды шығаратын баспаларды қаражат жағынан сүйемелдеу, мемлекеттік баспалар, полиграфия және кітап саудасы салаларын қосылған құнға салынатын 28%-дық салықта мүлде азат ету, ал түсетін пайдаданалынатын салықты 25%-ға дейін кеміту сияқты аса қажет шаралар белгіленген еді. Мемлекеттік баспаларымыз енді біржолата жабылып қалу қаупінен құтылып, қоғамымызға қажетті әр саладағы әдебиеттерді белгілі мөлшерде шығара алатындай мүмкіндіктерге ие болады.
Баспаларымыз өткен 1992 жылы 651 аталым кітапты 22 млн данадан асатын тиражбен басып шығарды. Шығарылған кітаптың жалпы саны 1991 жылмен салыстырғанда біршама (17, 7%) кеми түскенмен ана тілімізде басылған туындылардың атау саны 3, 9%-ға таралымы 7%-ға арта түсті[9, 3, 4бб. ] .
Кітап - жалғыз автордың еңбегі емес. Ол сіздің қолыңызға тиіп рухани рахатқа бөленгенге дейін оның қанша мақсаты бар екендігін кейде ескере бермейміз. Алдымыздағы басылымын айналасында жалпы полиграфистер деп аталатын қызық та қиын, жауапкершілігі мол мамандық иегерлері жүреді. Олар әдеби, көркем техникалық редактор, теруші-операторлар, түптеушілер, экономистер, фотографтар, механиктер т. б. басқа. Кезінде Ресейдің тарихшысы И. Карамзин: «Адамзатттық ақыл ой тарихы екі ұлы дәуірді біледі: біріншісі, әріптерді ойлап табу болса, екіншісі баспахананың ұйымдастыру. Адамзаттың басқа табыстары осы екеуінің нәтижесі» - деген екен.
Қазақстанда кітап жайлы мәселелер туындайды, өйткені бұрында жоғары білімді пголиграфистер тек Ресейдің Мәскеу, Омск және Украинадан Львовқаласында ғана дайындалып келеді. 1996 жылы Қазақстандағы қажетті мектеп оқулықтарының 10%-ы ғана елімізде шығарылды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын ҚазУТех университетінен жоғарғы білімді баспагерлер дайындау мақсатымен «Полиграфия өндіріс технологиясы», «Полиграфиялық машиналар мен автоматтандырылған кешендер» машиналар бойынша дипломдық еңбекті, мемлекеттік емтихандық комиссияның алдына сынаққа шығарып, сәтті қорғап шықты. [10, 5б. ] .
Қазақстан баспагерлері мен кітап таратушылары Ассоциациясы 1997 ж құрылды. Міндеті - кітап шығару, тарату мәселелері бойынша заң жобасын даярлау. Ассоциация басшылығы мен Республика парламентінің бастамасы бойынша балаларға арналған кітап таратудан, оқулықтардан, оқу әдістемелік әдебиеттерден, ЖОО арналған оқулықтардан құн салығы алып тастау мәселелері шешілді. Бұл 01. 09. 2004 деп сақталады.
Ассоциация 1998 жылдан бері Франкфуртте өтетін халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысуда. Бұрын 100 кітап қоятын кітап сөресіне ие болсақ биылғы жылдың қазан айында Ассоциациея Қазақстанның 300 кітабын жарнамалап, көрсете алатын мүмкіндікке ие болдық. Лейпциг жәрмеңкесіне қатысып, Мәскеудегі халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысуды дәстүрге айналдырды. Немістің «Пайр» және «Зигверн» фирмаларының мамандарының қатысуымен өткен семинар «Полиграфияда жаңа материалдар мен технологияларды қолдану» туралы болды. «Сорос Қазақстан» қоры бөлген грант арқасында Ассоциация мүшелері кітап шығару және тарату ісі бойынша кең дамыған Польшада практиканың оқу мен тәжірибеден өтті. «Сорос Қазақстанның» қолдауымен Еуропа Кеңесі лекторларының қатысуымен Ассоциация «Кітап басып шығару ісіндегі маркетинг және менеджмент» және Польша мамандарының қатысуымен «Қазақстанда еркін нарық құрудағы Ассоциацияның рөлі» атты семинар өткізді.
Ассоциацияның құрамына 22 ірі баспа және кітап таратушы ұйымдар біріктірілген Ассоциация - мемлекеттік емес, тәуелсіз, қоғамдық-кәсіби ұйым. Біздің заманымызда Еуразия кеңістігіндегі және дүниежүзіндегі әртүрлі халықты байланыстыратын мәдениетінің бір тетігі әрң әлем процестерін ғаламдастыру кезінде ең тиімді дүниеқұрылымын іздестіру таптырмайтын құрал - кітап. [11, 6б] .
1986 жылы Республикада баспалардың бәрінде де көркемдеу редакциясы бар «Жазушы» баспасының жанында арнайы кітап көркемдеу үлгілерін жасайтын «Дидар» шеберханасы жұмыс істейді. Барлығы қырықтан астам кітап көркемдеуші, жүзге жуық штаттан тыс суретші еңбек еткен. Алайда кітаптардың мұқабасы әлі күнге дейін
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитеті баспалар арасында мемлекеттік тапсырыспен кітап шығару жөнінде мемлекеттік саясатты жасайды.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы бюджеттік тапсырыстар мен тематикалық жоспарларды қалыптастырудың басты күші халықтың сұранысындағы қажетті әдебиеттерді жоғары сапалы өнімдер өндірісіне жүктейді.
Кітап басудың ең даңқты бағыты көпұлтты қазақстандық мәдениетті, ұлттық және әлемдік мәдени мұраны насихаттайтын әсем безендірілген балалар әдебиеті, әлемдік балалар классикасы, Қазақстанның белгілі тұлғаларының мемуарлары, музыкалық әдебиеттер мен басқа да сылымдар болыпта табылады.
Қоғамның әлеуметтік және рухани дамуы үшін ұлттық әдебиет пен жазбаның бірігуі мен ең үздік әлемдік, ғылыми, мәдени жетістіктер негізінде мемлекеттік тілдегі гуманитарлық білімнің толықтай қорын қалыптастыруды алға қойып отыр. 2006 жылы «Мемлекеттік тіл - тұғырың», «Литература на языках народов Казахстана», «Сардар» серияларымен кітаптар шығады. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің мерзімді басылым, кітап басу, кітап тарату мен баспаханалар аясындағы бірлестік бойынша Мемлекетаралық кеңесте төрағалық етіп келеді. Адам баласы жазу мен қағазды ойлап тауып, одан кітап құрастырып шығарып, өз дамуының жоғарғы сатысына көтерілді. Кітап басып шығару, өзіне дейінгі мыңдаған жыл бұрынғы ашылған ғылыми жаңалықты игеруге мүмкіндік берсе, өз еңбектерін кітап арқылы ұрпақтарына қалдыра алатын болды. Бұрын ауыздан-ауызға ауызша тараған әр халықтың аңыз әңгімелері, ертегілері, т. б. рухани құндылықтары әр айтушысына байланысты өзгеріп жетіп отырса, енді кітап болып басылып ұрпаққа өзгеріссіз жететін болды. Кітап басып шығару әр елдің жоғары дамуының көрнісі саналады. Кітап - ақыл-ойды тәрбиелейді, әрі индустрияның үлкен саласы. Ғылым, көркемөнер, әдебиет қайраткерлерінің айлап, жылдап толғанып жазған қолжазбаларын әдемі мұқабалы кітапқа айналдыруда баспагерлердің еңбегі ұшан-теңіз.
Кеңес кезінде Қазақстанда кітап басып шығару мемлекеттік іс еді. Егемендік алғаннан кейін жеке меншік баспалар ашылып, олардың саны 200-ге жетті. Бірақ та осылардың нағыз жұмыс істеп жатқаны 70-80 пайызы шамасында ғана. Оның көбі нарыққа бейімделіп, пайда табуды ғана ойлап, рухани құндылыққа көңіл аудармай отыр. Тіпті кейбірі қазақ менталитетіне, рухына жат кітаптарды басып, жастарға кесірін тигізіп жатыр. Пайданы, баюды ғана көздеген ондай баспалар шет елдің атыс-шабыс, төсек қатынасы, секталар, т. б. қазақ халқына жат пиғылдағы кітапты басып шығаруда. Сөйтіп жастарға адамгершіліктен жат өнімдерін тықпалауда. Ал, машақаты көп, ғылыми негізделген оқулық шығару олардың қолынан келмейді.
Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың айтуына қарағанда, Қазақстанда оқулықтар шығарумен 20-дай баспа айналысады. Солардың ішіндегі озашауып көзге түсіп жүргендері «Атамұра», «Алматыкітап», «Мектеп» баспалары. Осылардың ішіндегі жасы әрі ірісі және шетелге де белгілі болып жүргені, сондай-ақ Қазақстан туралы кітаптарға ерекше көңіл бөліп жүргені - «Алматыкітап» баспасы.
1999 жылы Эленора Нығметқызы Баталова ханымның басшылығымен ұйымдасқан «Алматыкітап» баспасы бірден оқулықтар мен танымдық-тәрбиелік кітаптарды басудан бастады. «Мектепке дейін» сериясымен шығарған алғашқы кітаптарды 3-5 жастағы балаларға арнап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарды. Одан кейін 6 жастағы балаларға арнап оқулықтар басты. Бұдан кейін «Мектеп кітапханасы» сериясымен 5-11 сыныптарға арналған «Мектеп оқушылырының қысқаша анықтамасы», «Ауа райы», «Мөлшер», «Уақыт», «Есеп-қисап», «Кескіндер», «Бояулар», «Салыстыру» тақырыбымен жеті кітап сериясын шығарды. Баспа: валеология, экология, математика, бейнелеу өнері, музыка т. б. 19 пәннен мектепалды даярлық бойынша оқулық-әдістемелік комплектілерді, тіл және ақыл-ой түзеу мектептеріне арналған оқулықтар мен оқулық-әдістемелік жәнебасқа да құралдарды қазақ пен орыс тілдерінде әзірлеп, басып шығарады. Қазақстанның ұлттық ерекшеліктеріне, салт-дәстүрлеріне, табиғи-климаттық жағдайын ескеретін оқулық-әдістемелік кітаптарды дүниеге әкеліп дамытуда. «Алдаркөсе туралы ертегі», «Қазақ халқының ертегілері», «Тазша бала», «Алтын балық» ертегілерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz