Тіл - мәдениеттің тасымалдаушысы


Қарағанды медицина университеті
РЕФЕРАТ
Тақырып: Мәдениет және өркениет
Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы
Орындаған:Бердибек А. С
Тексерген: Сабыржанов Ә. С
Топ:1-001 Стоматология
Қарағанды 2020
«Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы»
Белгілі философ - Иоганн Готфрид Герде
«Олар - терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған
тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі»
«Ғұзыхан Ақпанбет»
Мәдениет - қоғам мүшелерінің ортақ өмір сүруінің жалпы тәсілі. Ол тек тілді, қүндылықтарды және символдық мәндерді ғана емес, сондай-ақ технологиялық және материалдық нысандарды да қамтиды. Мәдениет, негізінен, тіл, құндылықтар және символикалық мәндер сияқты нысандардан тұрады, сонымен қатар технологиялық және материалдық нысандарды да қамтиды. Мәдениеттің жалпы бейнесі - күнделікті өмірдің жалпы проблемаларымен айналысуға қажетті физикалық, эмоциялық және философиялық «жабдықты» қамтамасыз ететін аспап. Мәдениеттің үш маңызды саласы бар: тіл, қүндылықтар мен нормалар. Тіл - мәдениеттің тасымалдаушысы; ол қоғамның құндылықтары мен мағыналарын, сондай-ақ оның салттары мен рәсімдерін, тарихы мен мұң-мұқтажын білдіреді. Бір мәдениеттің тілін білмейінше оған толық араласа алмайсыз . Мәдениеттің тілден кейінгі ең басты және айрықша қыры - оның қүндылықтары. Құндылықтар - қажетті мақсаттар туралы ортақ идеялар. Әдетте құндылықтар жақсы не жаман, қажетті не қажетсіз болып келеді. Белгілі бір мәдениет шеңберінде кеңінен қолданылатын мінез-құлық ережелерін нормалар дейміз. Нормалар адамдардың не істеуі керек немесе не істемеуі керек екенін көрсетеді.
Мәдени соққы - басқа мәдениет ықпалына ұшыраудан туындайтын ыңғайсыздықты білдіреді.
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жағындағы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым-өркениет. Өркениет (цивилизация) сематикалық жағынан алғанда (латын тілінің-“civilis”сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, “Өркениет” олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару төртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
- мәдениет пен өркениет бір, олар синонимдер (И. Гердер, Э. Тайлор) ;
- Өркениет - мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж. Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер) ;
- Өркениет - мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д. Белл) ;
- Өркениет-тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган) ;
- Өркениет - этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н. Я. Данилевский, т. б. ) ;
- Өркениет - мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы;
Қазақ Өркениеті 3 үлкен өркениеттердің (православиялық, исламдық, конфуцийлік) тоғысқан жерінде орналасқан.
Оның мынадай өзіндік белгілері бар:
а) көшпелі өркениеттің мәдени негізіне рулық-тайпалық одақ жатады;
ә) түркі тілінде сөйлеген тайпалар “түркі” этнонимі пайда болғаннан талай ғасырлар бұрын қалыптасқан;
б) мұсылман дінін түркі тайпалары біртіндеп өз еркімен қабылдаған және бұл үрдіс Шыңғыс хан империясы тұсында баяулағанымен, түбінде табысты аяқталған;
в) орта ғасырлардың соңынан бастап түркі тайпалары моңғолдық этн. элементтерді өзіне сіңіре бастады;
г) 15 ғ-да түркілік Орталық Азияда қазақ деп бұрынғы мемлекетінен бөлінген адамдарды айтты.
Қазақ халқының және оның ата-тектерінің әлемдік Өркениетке қосқан басты құндылықтарына мыналар жатады:
1) еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруде адамзат тарихындағы бірінші жетістікке жетті;
2) көшпелілер шөл мен шөлейттерді үйлесімді игере алды;
3) еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары (А. Вебер) қызметін атқарды, олардағы миграциялық процестер жаңа өркениеттердің қалыптасуының себебі болды (Үнді, Иран, Ғұн мемлекеті, Араб Халифаты, т. б. ) ;
4) Ұлы Жібек жолыжәне басқа да мәдени байланыс жүйелері арқылы түркілер батыс пен шығыстың арасында дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер болды;
5) қазақтың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, киіз үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты артефактілерін алғашқылардың бірі болып енгізді;
6) түркілердің әмбебап дүниетанымдық жүйесі - тәңіршілдік адамдық ынтымақтастық пен келісімділіктің маңызды формасы болды;
7) “
адам бол!”
ұстанымы, әлемді жарық дүние деп түсіну, адамның көңіл-күйіне мән беру, ғарышпен және адамдармен үйлесімділікте болу, жасы үлкендер мен баланы қастерлеу сияқты қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінің құндылықтары қазіргі руханиятта ерекше орын алады. Қазіргі қазақ Өркениеті алдында ұлттық архетиптерді сақтай отырып, оларды қазіргі әлемдік Өркениет құндылықтарымен үйлесімді ету міндеті тұр.
Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
- мәдени әрекет;
- мәдени орта;
- мәдени игіліктер мен қажеттіліктер;
- мәдени ұйымдар мен ұжымдар;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz