Солтүстік Қазақстанның трансшекаралық өзендері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Тақырыбы: Солтүстік Қазақстанның трансшекаралық өзендерінің геоэкологиялық жағдайы
Мамандығы: 5В011600 - География
Орындады:
Выполнил : _Умирбекова М. С.
(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
Жетекші
Руководитель к. с/х. н. Хусаинова Р. К.
(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
«Қорғауға жіберілді»
«Допускается к защите»
Кафедра меңгерушісі
Зав. Кафедрой Фахруденова И. Б.
(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
Көкшетау 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
1. 2 Трансшекаралық өзендердің қазіргі жағдайы
1. 3 Солтүстік Қазақстан аумағы өзендерінің физикалық-географиялық сипаттамасы (Ертіс, Есіл, Тобыл)
1. 3 1 Табиғи жағдайлары
1. 3 2 Жер бедері
- . 3 Геологиялық құрылымы
1. 3. 4 Климаты
1. 3. 5 Топырақ жамылғысы мен өсімдік жамылғысы
II. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРІНІҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2. 1 Ертіс өзеніндегі геоэкологиялық мәселелер
2. 1. 2 Солтүстік - шығыс өнеркәсіп торабы ауданында Ертіс өзені суының сапасының қалыптасу жағдайы
2. 2 Қазақстан Республикасы аймағындағы Есіл өзені торабының су шаруашылықтың экологиялық жағдайы
2. 3 Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
2. 4 Қазақстанның трансшекаралық өзендерін қорғау және олардың проблемаларын шешу жолдары
III. ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ СУ САПАСЫН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ
3. 1 Солтүстік - шығыс өнеркәсіп торабындағы Ертіс өзенінің су сапасының қазіргі жағдайы (ластау көздері, ластану динамикасы)
3. 2 Өзен ағындысының орташа ластануының гидрологиялық көрсеткіштерін және консервативтік ластаушы заттардың жалпы мөлшерін есептеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Су ресурстарын қорғау, сонымен бiрге су қатынастарының заңға сүйеніп реттелуі едәуiр дәрежеде олардың тиiмдi пайдалануына әсер етеді. Тап осы негізде су қорларының қолайлы, ұқыпты және тиiмдi қолдануына қамтамасыз етуге жағдай жасау керек. Мемлекеттер арасында трансшекаралық өзендердің суын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз етуде, басты мiндет, су қорларын басқарудағы үйлесiмдi саясатты талап ететiн жолдарды іздестіру. Сондықтан қойылған мақсаттың табысты болуы, су қорларын басқарудың төңiрегiдегi халықаралық заңдарға сүйене отырып, ұлттық заңдардың бір-бірімен жақындасуына тәуелдi болады. Бұл салада мұндай заңды базаның жасалуы, халықаралық тәжiрибеге сүйене отырып, сөз жоқ аймақтық жағдайлар есепке алынуы тиiстi. Шекарааралық өзендердi басқаруда, халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде, аймақтық ынтысақтастықты нығайту керек. Сол себепті аталған жұмысты қарастырып, оған талдама жұмыстарын жүргізу қоғамға қажеттілікті айқындайды.
Зерттеу нысаны: Солтүстік Қазақстанның трансшекаралық өзендері.
Зерттеу пәні:
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Солтүстік Қазақстан Республикасының трансшекаралық өзен су ресурстарының экологиясына және қазіргі мәселелеріне тоқталу.
Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Солтүстік Қазақстаның трансшекаралық өзендерінің жалпы сипаттамасына тоқталу;
- Солтүстік Қазақстаның трансшекаралық өзендерінің Қытай және Ресей мемлекеттері арасындағы қатынастарды қарастыру;
- Солтүстік Қазақстаның трансшекаралық өзендерін пайдалану тұрғысынан елдегі су шаруашылығының даму қарқынын және қазіргі жағдайын талдау;
- Солтүстік Қазақстаның трансшекаралық өзендерінің қазіргі жағдайына шешу жолдарын қарастыру;
Жетекші идея:
Зерттеу әдістері:
- Тақырыпқа байланысты ғылыми-зерттеу еңбектерімен және статистикалық деректермен танысып талдау жасау;
Зерттеу көздері: Солтүстік Қазақстаның трансшекаралық өзендерінің су сапасын бағалау үшін Қазгидрометтің мәліметтер, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар Министрлігінің кезеңдік басылымдарындағы Өскемен қаласы ауданындағы Ертіс өзенінің су сапасы және ластаушы көздері туралы мәліметтер,
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы. Жүргізілген зерттеулер қорытындысында жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижеге қол жеткізілді: трансшекаралық өзен су ресурстарын басқарудың теориялық аспектілері, қағидалары айқындалды.
1 ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ
- Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның көптеген экологиялық проблемалары трансшекаралық сипатта екенідігін бірнеше рет атап өтті. Бұл, бірінші кезекте, су проблемасына қатысты. Сумен қамтамасыз ету өзекті проблема болып табылады. Бізде сапалы ауыз су жеткіліксіз. Бірқатар өңірлер суға өте зәру. Бұл проблеманың геосаяси аспектісі де бар. Қазіргі кездің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалауға қатысты маңызды сұрақтармен бетпе-бет кездестік. Бұл мәселе қаншалықты күрделі болғанымен, біз оның саясилануына жол бермеуіміз керек [1] .
Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық сулар, өзендер, көлдер, мұздықтар, су қоймаларын, басқа да жер үсті су көздерін, жер асты суларына енетін бірыңғай су қорын құрайды, олардың жалпы қоры 450 км3 дейін бағалайды.
Қазақстан өзендерін қоректендіретін негізгі көздер мұздықтар болып табылады, олардың ауданы 2 мың км2, ал көлемі - 98 км3 артық немесе Балқаш көліндегі судың көлеміне тең. Абляция мерзімінде (маусымнан қыркүйек айының ортасына дейін) мұздықтар қалыңдығы орташа алғанда 3 м-ге азаяды, жаз өте ыстық болғанда - 6 м-ге азаяды. Ірі мұздықтар Жоңғар Алатауында (көлемі 46 км3), Іле Алатауында (28 км3), Теріскей Алатауында (11 км3), Алтайдың қазақстандық бөлігінде (3, 5 км3) және Талас Алатауында (2, 3 км3) болады.
Қазақстанда шамамен 39 мың өзен және уақытша иірімдер кездеседі, олардың 8 мың өзен ұзын арнасымен, олардың ұзындығы 10 км-ден артық. Маңызды өзендерге Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Ойыл, Тобыл, Есіл, Сағыз, Жем, Үлкен және кіші Өзен, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілеті, Сарысу, Арыс, Талас, Шу, Қаратал, Іле, Ақсу, Лепсі және т. б. өзендерді жатқызуға болады. Үлкен және кіші Алматы, Қаратал, Есік өзендері бастауын таулардан алады, оларда сел тасқындары жиі қайталанады. Көптеген өзендердің суы таяз, тек көктемгі тасқын мерзімінде жағадан асып кетеді. Қазақстан өзендерінің орташа алғандағы көп жылғы ағыстары шамамен 101 км3 құрайды, олардың ішінде тек 56, 5 км ғана республика аумағында қалыптасады. Қалған көлемі - 44, 0 км3 шекаралас мемлекеттерден келіп түседі.
Республикада 48 мың көлдің ауданы 1 га астам жерді алып жатыр. Орташа тереңдігі - 1 метрден 8 метрге дейін. Неғұрлым терең жерлері де бар, мысалы, Алакөл көлі, тереңдігі 45 метрге дейін, Үлкен Шабақты - 37 м, Шортанды - 31 м, Марқакөл - 27 м және Балқаш - 26 м. Көлдердің ішіндегі ең үлкен көл - Балқаш көлі, оның ұзындығы 605 км, ені - 74 км-ге дейін, судың көлемі - 112 км3. Екінші орында - Алакөл көлі, ұзындығы 104 км және ені 52 км, судың көлемі - 56, 6 км3. Ірі көлдер қатарына Сасық көл, Ұялы, Сілеті, Теңіз, Үлкен Қарой, Шағын Қарой, Шағалалы Теңіз, Теке, Қосмұрын, Марқакөл, Шалқар, Сарықопа, Қамыстыбас, Арыс, Жалаулы, Қарасор, Индер және т. б. жатады. Қазақстан көлдеріндегі судың жалпы көлемі - 190 км3, олардың ішіндегі ең тұщысы - шамамен 20 км3.
Бұдан басқа республикада шамамен 4, 0 мың тоған мен 204 су қоймасы бар.
Жер үсті су ресурстары республика бойынша біркелкі таралмаған. Шығыс Қазақстанда - 200-290 мың м3/км2 барынша қамтылған, ең аз қамтылған - Батыс Қазақстан, соның ішінде әсіресе Маңғыстау облысы - 0, 36 мыңға дейін м3/км2.
Қазақстанның жер асты суларының қоры 61 км3деп бағаланады, соның ішінде тұщысы - шамамен 58 км3. Жер асты суларының ресурстары жылына 15, 1 км3 балансталған пайдалану қорлары бар жер асты суларының 623 кен орнына шоғырланған, соның ішінде: шаруашылықты - ауыз сумен қамтамасыз ету үшін - жылына 6, 1 км3; өндірістік-техникалық - жылына 0, 95 км3; суармалы жерді суару - жылына 8, 0 км3; бальнеологиялық (минералды) сулар - жылына 0, 01 км3.
Ең үлкен қор - республиканың шығысы мен оңтүстігіндегі тау етегіндегі аудандарда жинақталған, ең аз қор - солтүстік және орталық аудандарда, Каспий мен Арал маңында [1, 116-118 б. ] .
Қазіргі кезде орналасқан жер асты сулары деп белсенді түрде қолданылатын суларды атау керек, өйткені қалғандары олардағы судың көтерілуі мен оларды игеруге кететін маңызды шығындарды талап етеді. Жер асты суларын пайдалану деңгейі әзірше жоғары емес және жылына 1, 2 км3 немесе 7, 9 % құрайды.
Қазақстанның барлық өзендері ішкі және трансшекаралық деп бөлінеді.
Қазақстан Республикасының барынша созылып жатқан ішкі-жер үсті өзендері - Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Ембі, Ырғыз, Сағыз, Үлкен Өзен (1000 км-ге дейін) болып табылады.
Қазақстанның ішкі-жер үсті сулары экологиялық апат жағдайында. Бұл аталған өзендердің негізгі проблемасы көктемгі-жазғы су тасқындары тудыратын тасқындар мен ластанудың жоғары деңгейімен сипатталады.
2002 жылы республикада үстіңгі сулардың улы заттармен (мұнай өнімдері, фенолдар, мыс, мырыш, бор және т. б. ) жоғары 396 жағдайы тіркелген. Ішкі-жер үсті суларды негізгі ластаушылар өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кешендері болып табылады.
Қазақстан Республикасының негізгі ірі трансшекаралық су объектілері Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу мен Талас болып табылады.
Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану тек экономикалық және экологиялық маңызымен қатар, саяси және халықаралық маңызы да бар [1] .
Трансшекаралық су объектілерінің жағдайы айрықша қатер төндіріп тұр. Соңғы жылдары бұл өзендердің ластануы шекті рауалы концентрация деңгейінен бірнеше есе асып кетті (1-5 ПДК) .
Трансшекаралық сулардың нашарлаған жағдайына байланысты өңірлер бойынша өзендердің қазіргі заманғы жағдайын талдауды жүргізу қажет.
Су ресурстарының экологиялық жүйесі жеткілікті байланысқан, біртіндеп құлдырау үстінде және су ресурстарының биожүйесін сақтау мен қолдау бойынша келісілген бірлескен әрекет ету үшін барлық трансшекаралық мемлекеттердің күшін біріктіруді қажет етеді.
Тиісті ведомстволармен көршілес елдермен трансшекаралық өзендер ресурстары мен су қоймаларының суды пайдалану проблемасын реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанның бұл мәселедегі іс-әрекеті халықаралық құқықтық актілер негізінде, көбінесе, 2000 жылы 23 қазанда республикада ратификацияланған трансшекаралық су ағыстары және халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану туралы Конвенция негізінде жасалады. Көршілес мемлекеттер - ҚХР, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстан - осы конвенцияға қатыспаған елдер болып табылады, сондықтан трансшекаралық су проблемаларын реттеу бойынша жұмыс күрделілігін тудырады.
Республиканың барлық су объектілерінің сапалы жағдайы өндірістің құлдырауы мен ағынды сулар көлемінің азайғанына қарамастан әлі күнге дейін қанағаттанарлық жағдайда қалып отыр.
Ірі өнеркәсіптік қалалардың әсер ету аймағындағы жер үсті суларға ластану деңгейі нормадан 40 есеге дейін артып кетеді. Қазақстан Республикасының СЭС деректері бойынша, химиялық ластанған ашық су қоймаларының меншікті үлесі артуда және 11, 1 % құрайды (Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 29, 2, Қызылордада - 18, 9, Ақтөбеде - 17, 6, Астанада - 16, 0 %) . Микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін су сынамасының меншікті салмағы республика бойынша тұтастай алғанда 8% құрады (Қызылорда облысында - 18, 7, Алматы қаласында - 41, 0 % құрайды) . Қазақстан бойынша ағынды сулардың жылысып түсуі 4, 0 млрд. м3 құрайды (соның ішінде Қарағанды облысы - 1036, Павлодар облысы - 921, 1, Маңғыстау облысы - 667 млн. м 3 құрайды) .
Өнеркәсіптің (32, 6-41, 7 %), тұрғын-коммуналдық шаруашылықтың (58, 3-67 %) жер үсті су объектілеріне ластанған ағынды сулардың жылыстап келуіне қосқан үлесі жоғары.
Орал мен Ертіс өзен бассейндері барынша ластанған болып табылады, ол өзендерге өнеркәсіп пен түсті металлургия салаларының химия, мұнайды қайта өңдеу, машина жасау кәсіпорындары қалдықтарын төгеді [2] .
1. 2 Трансшекаралық өзендерінің қазіргі жағдайы
Су рөлінің ерекшелігін және адамның жеткілікті мөлшерде, сонымен қатар таза суға құқығының бар екендігі тұрғысынан судың әлеуметтік мәнін түсіну, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасын шешудің негізіне айналып келеді. Су қазіргі және болашақ ұрпақтардың меншігі болатын аса шектеулі және құнды табиғи ресурс болып табылады.
Ресейлік ғалым О. Н. Барабановтың пікірі бойынша, бүгін су ресурстарына байланысты көкейтесті мәселелерінің бірі трансшекаралық су ағысын пайдалануды реттеудің проблемасы. Әлемдік су ресурстарының үлкен бөлігі ұлттық шекаралардан өтеді. БҰҰ-ның 2003 жылдық «Water for People, water for Life» есебінде әлемдегі 263 трансшекаралық су бассейндерінің үштен бірі екіден астам елді бөліп өтетіндігі, ал 19 - бестен астам елді бөліп ағатындығы; жалғыз Дунай өзені ғана 18 мемлекеттің жерімен ағатындығы атап көрсетілген. Африка мен Таяу Шығыстың қөптеген елдері өздерінің суға қажеттіліктерін «шетелдік» су арқылы қамтамасыз етеді [1] .
Әлемде жаһандық түрде пайдаланатын судың көлемі жылдан жылға артып келеді. Су жөнінде күйзеліске және аса қатты күйзеліске түсіп отырған елдерде ХХІ ғасырдың басында Жер беті халқының 70 пайыздан астамы тұрады (1950 жылы судың тапшылығынан күйзеліске бір де бір ел түспеген болатын) . Су күйзелісі деп судың тапшылығынан қатты ширыққан халді айтамыз, бұл жағдайда мемлекет қолдағы ресурстың 40 пайызынан астамын пайдаланады; және де су пайдалану қарқыны табиғи толықтырылудан әлде қайда жоғары болып тұрады; су тапшылығы елдің экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Кембридж университеті ғалымдарының болжамы бойынша 2025 жылға қарай жағдай бұдан да күшейе түсуі мүмкін, сол уақытта дүниежүзі халқының 80 пайызынан көбі су жөнінде күйзеліске және аса қатты күйзеліске түсіп отырған елдерде тұратын болады. Бұл елдердің үштен бірі апатты күйзеліске түседі, ал өздеріндегі су ресурстарын пайдалану көрсеткіші 60 пайыздан асатын болады [2] .
Орталық Азия мемлекеттеріндегі ірі өзендердің бәрі трансшекаралық өзен болып есептеледі. Су ресурстары өз жерінде құрастырылатын жалғыз ғана - Қырғызстан, аймақтың басқа елдерінің бәрінде судың қажетті көлемі қандай да болмасын мөлшерде іргелес мемлекеттердің жерінен келетін суға тәуелді. Бұл тұрғыда аса қиын жағдайда Өзбекстан мен Түркменстан қалып отыр, себебі бұл елдерге жаңартылған су ресурстарының 90%-ға жақыны сырттан келеді. Қазақстан бұл жөнінде суға тәуелді мемлекетке жатады, сондықтан трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мәселесіне біз аса жоғары басымдылық береміз. Жылына сумен қамтамасыз етудің үлес салмағы км2 шаққанда 37 мың м3, бір адамға шаққанда - 6, 0 мың м3 болады. Салыстыратын болсақ: Грузияда бұл көрсеткіштер км2 шаққанда 878 мың м3, бір адамға шаққанда - 11613 мың м3 болады, Қырғызстанда - км2 шаққанда 245 мың м3, бір адамға шаққанда - 11763 мың м3 болады. Егер Түркменстан мен Тәжікстанды алатын болсақ, бұл салыстырма біздің пайдамызға шешілмейді. Маңызы бар айта кететін жәйт - Қазақстан жеріндегі су ресурстары тіпті де біркелкі бөлінбеген. Шығыс аймаққа су ресуртарының 34, 5% тиеді, оңтүстік-шығысқа - 24, 1%, оңтүстікке - 21, 2%, батысқа -13, 4%, солтүстікке - 4, 2%, орталық аймақтарға - 2, 6%. Ең көп сумен қамтамасыз етілген Шығыс-Қазақстан облысы - км2 шаққанда 290 мың м3 . Сонымен қатар Атырау, Қызылорда облыстары және әсіресе тұшы судың шын мәнінде көзі жоқ Маңғыстау облысы судың тапшылығын аса қатты шегуде [3] .
Экономика салалары сумен 85% жер беті сулар есебіне қамтамасыз етіледі, қалған бөлігі - жер асты, теңіз және сарқынды сулар арқылы қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылығының қажеттілігіне барлық судың 80-90% пайдаланылады.
Біздің елімізде басты өзендер бассейндерінің жетісі трансшекаралық өзен болып табылады. Жыл сайын жаңартылған жер беті су ресурстарының 40 %-дан астамы көршілес мемлекеттер аумағынан келеді. Қазақстан экономикасының тұтас алғанда да, аймақтық-өндірістік кешен, облыс және бөлек қалалар бойынша алғанда да ары қарай дамуы көп жағдайда елдің сумен қамтамасыз етілуіне байланысты. Қазақстан су ресурстарының жартысына жақыны аумағынан тыс жерде болғандықтан су, асырмай айтқанда, көршілес мемлекеттермен халықаралық қатынастар құрудың стратегиялық құралына айналып бара жатыр.
Республикада су ресурстарын басқару жүйесі бассейндік ұстанымға негізделген. Қазақстанда 8 өзендік бассейндер бар: Балқаш-Алакөл, Шу-Талас, Арал-Сырдарья, Жайық-Каспий, Тобол-Торғай, Еділ, Ертіс және Нұра-Сарысу бассейндері. Және де Нұра-Сарысу бассейннен басқа 7 өзендік бассейн трансшекаралық болып есептеледі. Қазақстанның жер беті су ресурстары орташа сулылық жылдары 100, 5км3 болады, бұл су көлемінің тек 56 км3 мөлшердегі су республика аумағында құрастырылады. Қалған су көлемі - 44 км3 көршілес мемлекеттерден келеді, атап айтқанда: Қытайдан - 18, 9 км3, Өзбекстаннан - 14, 6 км3, Қырғызстаннан - 3, 0 км3, Ресейден - 7, 5 км3 [4] .
Қазақстан халқының саны 16 миллионнан астам, осының 43% ауылдық жерде тұрады, осыншама халық үшін 8 су бассейны бар, оның 7-сі - трансшекаралық өзендік бассейндер. Бірақ республикадағы ауыл тұрғындарының тек 60%-зы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылып суды пайдалану мүмкідігіне ие болған. Демек, сумен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік стратегиялық міндеттердің бірі болып саналады. Сондықтан ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевты Қазақстан халқына биылғы «Болашақты бірге құрайық!» жолдауында қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі көкейтесті мәселеге айналғандығы атап өтілді, ал бұл-халықтың денсаулығын жақсартудың маңызды шарты деп табылады. Таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар 8 жыл бұрын басталған болатын, ал қазір республикада «Ауыз сулар» салалық бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Жолдауда көрсетілгендей орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған ауылдық елді мекендердердің саны 41 пайызда дейін өскен, қалалардың саны - 72 пайызға дейін өскен. Сырттан әкелінген суды пайдаланатын адамның саны 4 есе азайған. Орталық Азия субаймағының табиғаты өте нәзік [5] .
1992 жылдың 18 қыркүйегіндегі БҰҰ-ның трансшекаралық су ағындары мен халықаралық өзендерді қорғау және пайдалану жөнінде Конвенциясы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1997 жылдың 21 мамырында қабылдаған Халықаралық су ағындарын пайдалану құқығы туралы Конвенциясы бойынша «трансшекаралық әсері бар немесе болуы мүмкін іс-әрекеттер кезінде трансшекаралық сулардың сипатына ерекше мән беріліп қисынды және әділетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету» міндеті қарастырылады. БҰҰ-ның шешімдерінде «су ағысына ие мемлекеттер ынтымақтастықтарын егеменді теңдік, аумақтық тұтастық, өзара тиімділік және адал ниеттілік негізінде құрады» делінген. Залал келтірілген жағдайда оны жою немесе азайту үшін барлық шаралар алынуға тиіс, ал қажет болғанда қарымақы мәселесі қарастырылады. БҰҰ-ның жоғарыда аталмыш конвенцияларының негізгі талаптарына сәйкес беделді халықаралық сарапшылар гидротехникалық нысандардың құрылысы экологиялық жағынан түзелмейтін зардап келтірмейтідігіне, трансшекаралық өзендер бассейнінде орналасқан барлық мемлекеттердің пайдаланатын су ағысының қалыптасқан балансы бұзылмайтындығына кепілдік беруге тиісті.
Бұл талаптар Орталық Азияда гидроэнергетикалық құрылымдарды салу жөнінде тек ұлттық емес сонымен қатар трансұлттық компаниялардың қатысуымен әр түрлі жобалар жүзеге асырылған кезде аймақта экологиялық жағдайдың апаттық дәрежеге дейін төмендеп кетпеуі үшін міндетті түрде орындалуы тиіс.
Өзбекстан Республикасы Президенті Ислам Кәрімов Орталық Азияның трансшекаралық өзендерінің су ресурстарын пайдалану мәселелері аймақтың барлық елдерінде тұрып жатқан 50 млн. халықтың мүддесін ескере отырып шешілуге тиіс екендігін баяндады. Өзбек сарапшыларының пікірлері бойынша жаңа гидротехникалық жобаларды, мәселен, бөгені бар Рогун ГЭС-ның құрылысының әділ, тәуелсіз, халықаралық сараптамадан өткізу керек, себебі қуаты 3, 6 мың МгВт және бөгетінің биіктігі 340 метр болатын Рогун ГЭС-сы сейсмикалық аймақта орналастын болады. 2009 жылы Өзбекстанға ресми іс-сапары шеңберінде екі жақты келіссөздердің қорытындысы жөнінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсүлтан Назарбаев: «Біз су-энергетикалық құрылымдарды, соның ішінде Рогун мен Камбаратин ГЭС-ның жобаларын халықтарымыздың қауіпсіздігі тұрғысынан халықаралық сараптамадан өткізуді талап етеміз»- деп мәлімдеді. Президент бұл сараптамалардың қорытындылары дұрыс болған жағдайда «біз бұл нысандардың құрылысы жөніндегі консорциумға қатысуға дайынбыз» деп атап өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz