ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Тақырыбы: Солтүстік Қазақстанның трансшекаралық өзендерінің геоэкологиялық жағдайы

Мамандығы: 5В011600 - География

Орындады:
Выполнил: ________________ _Умир бекова М.С.
(қолыподпись) (аты-жөні ФИО)
Жетекші
Руководитель ________________ к.сх.н. Хусаинова Р.К.
(қолыподпись) (аты-жөні ФИО)

Қорғауға жіберілді
Допускается к защите

Кафедра меңгерушісі
Зав. Кафедрой ________________ Фахруденова И.Б.
(қолыподпись) (аты-жөні ФИО)

Көкшетау 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
1.2 Трансшекаралық өзендердің қазіргі жағдайы
1.3 Солтүстік Қазақстан аумағы өзендерінің физикалық-географиялық сипаттамасы (Ертіс, Есіл, Тобыл)
1.3 1 Табиғи жағдайлары
1.3 2 Жер бедері
0.3 .3 Геологиялық құрылымы
1.3.4 Климаты
1.3.5 Топырақ жамылғысы мен өсімдік жамылғысы

II. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРІНІҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

2.1 Ертіс өзеніндегі геоэкологиялық мәселелер
2.1.2 Солтүстік - шығыс өнеркәсіп торабы ауданында Ертіс өзені суының сапасының қалыптасу жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасы аймағындағы Есіл өзені торабының су шаруашылықтың экологиялық жағдайы
2.3 Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
2.4 Қазақстанның трансшекаралық өзендерін қорғау және олардың проблемаларын шешу жолдары

III. ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ СУ САПАСЫН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ
3.1 Солтүстік - шығыс өнеркәсіп торабындағы Ертіс өзенінің су сапасының қазіргі жағдайы (ластау көздері, ластану динамикасы)
3.2 Өзен ағындысының орташа ластануының гидрологиялық көрсеткіштерін және консервативтік ластаушы заттардың жалпы мөлшерін есептеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Су ресурстарын қорғау, сонымен бiрге су қатынастарының заңға сүйеніп реттелуі едәуiр дәрежеде олардың тиiмдi пайдалануына әсер етеді. Тап осы негізде су қорларының қолайлы, ұқыпты және тиiмдi қолдануына қамтамасыз етуге жағдай жасау керек. Мемлекеттер арасында трансшекаралық өзендердің суын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз етуде, басты мiндет, су қорларын басқарудағы үйлесiмдi саясатты талап ететiн жолдарды іздестіру. Сондықтан қойылған мақсаттың табысты болуы, су қорларын басқарудың төңiрегiдегi халықаралық заңдарға сүйене отырып, ұлттық заңдардың бір-бірімен жақындасуына тәуелдi болады. Бұл салада мұндай заңды базаның жасалуы, халықаралық тәжiрибеге сүйене отырып, сөз жоқ аймақтық жағдайлар есепке алынуы тиiстi. Шекарааралық өзендердi басқаруда, халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде, аймақтық ынтысақтастықты нығайту керек. Сол себепті аталған жұмысты қарастырып, оған талдама жұмыстарын жүргізу қоғамға қажеттілікті айқындайды.
Зерттеу нысаны: Солтүстік Қазақстанның трансшекаралық өзендері (Ертіс, Есіл, Тобыл).
Зерттеу пәні: Аймақтық су ресурстарының геоэкологиялық жағдайы мен оларды тиімді пайдалану.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Солтүстік Қазақстан Республикасының трансшекаралық өзен су ресурстарының экологиясына және қазіргі мәселелеріне тоқталу. Көршілес елдермен трансшекаралық өзендердің шешілу мәселелерін қарастыру, өзен-сулардың шаруашылықтағы маңызың анықтау, су деңгейлерінің өзгерістеріне назар аудару.
Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
* Солтүстік Қазақстаның трансшекаралық өзендерінің жалпы сипаттамасына тоқталу;
* Солтүстік Қазақстаның трансшекаралық өзендерінің Қытай және Ресей мемлекеттері арасындағы қатынастарды қарастыру;
* Солтүстік Қазақстаның трансшекаралық өзендерін пайдалану тұрғысынан елдегі су шаруашылығының даму қарқынын және қазіргі жағдайын талдау;
* Солтүстік Қазақстаның трансшекаралық өзендерінің қазіргі жағдайына шешу жолдарын қарастыру;
Жетекші идея: Аймақта су ресурстарын зерттеу мен олардың тиімді экологиялық жағдайын жақсарту, сонымен қатар, шекаралас мемлекеттермен шарт жасауда бірқатар мәселелерді шешуге септигін тигізеді.
Зерттеу әдістері:
+ Тақырыпқа байланысты ғылыми-зерттеу еңбектер, статистикалық деректермен танысып талдау жасау;
+ Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесін талқылау;
+ Өзендер су сапасын және қазіргі жағдайдағы ластану деңгейін бағалау.

Зерттеу көздері: Солтүстік Қазақстаның трансшекаралық өзендерінің су сапасын бағалау үшін Қазгидрометтің мәліметтер, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар Министрлігінің кезеңдік басылымдарындағы Өскемен қаласы ауданындағы Ертіс өзенінің су сапасы және ластаушы көздері туралы мәліметтер, тәжірибелік жұмыстар нәтижелері, оқулықтар мен ғытыми-танымдық мақалалар.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Дипломдық жұмыс мәліметтерін оқытушыларға, студенттерге қосымша материал ретінде дәріс, тәжірибе сабақтарында пайдалануға мүмкіндік береді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы. Жүргізілген зерттеулер қорытындысында жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижеге қол жеткізілді: трансшекаралық өзендердің геосаяси мәселелері бойынша материалдар жан-жақты жинақталып жүйеленді, Солтүстік Қазақстан рансшекаралық өзендеріне типологиялық сипаттама жүргізілді. Өзендердің төңірегінде негізгі мәселелер анықталып, оларды шешуге ұсыныстар қарастырылды.

Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қысқартылған сөздер тізімі, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ
0.1 Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның көптеген экологиялық проблемалары трансшекаралық сипатта екенідігін бірнеше рет атап өтті. Бұл, бірінші кезекте, су проблемасына қатысты. Сумен қамтамасыз ету өзекті проблема болып табылады. Бізде сапалы ауыз су жеткіліксіз. Бірқатар өңірлер суға өте зәру. Бұл проблеманың геосаяси аспектісі де бар. Қазіргі кездің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалауға қатысты маңызды сұрақтармен бетпе-бет кездестік. Бұл мәселе қаншалықты күрделі болғанымен, біз оның саясилануына жол бермеуіміз керек [1].
Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық сулар, өзендер, көлдер, мұздықтар, су қоймаларын, басқа да жер үсті су көздерін, жер асты суларына енетін бірыңғай су қорын құрайды, олардың жалпы қоры 450 км3 дейін бағалайды.
Қазақстан өзендерін қоректендіретін негізгі көздер мұздықтар болып табылады, олардың ауданы 2 мың км2, ал көлемі - 98 км3 артық немесе Балқаш көліндегі судың көлеміне тең. Абляция мерзімінде (маусымнан қыркүйек айының ортасына дейін) мұздықтар қалыңдығы орташа алғанда 3 м-ге азаяды, жаз өте ыстық болғанда - 6 м-ге азаяды. Ірі мұздықтар Жоңғар Алатауында (көлемі 46 км3), Іле Алатауында (28 км3), Теріскей Алатауында (11 км3), Алтайдың қазақстандық бөлігінде (3,5 км3) және Талас Алатауында (2,3 км3) болады.
Қазақстанда шамамен 39 мың өзен және уақытша иірімдер кездеседі, олардың 8 мың өзен ұзын арнасымен, олардың ұзындығы 10 км-ден артық. Маңызды өзендерге Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Ойыл, Тобыл, Есіл, Сағыз, Жем, Үлкен және кіші Өзен, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілеті, Сарысу, Арыс, Талас, Шу, Қаратал, Іле, Ақсу, Лепсі және т.б. өзендерді жатқызуға болады. Үлкен және кіші Алматы, Қаратал, Есік өзендері бастауын таулардан алады, оларда сел тасқындары жиі қайталанады. Көптеген өзендердің суы таяз, тек көктемгі тасқын мерзімінде жағадан асып кетеді. Қазақстан өзендерінің орташа алғандағы көп жылғы ағыстары шамамен 101 км3 құрайды, олардың ішінде тек 56,5 км ғана республика аумағында қалыптасады. Қалған көлемі -- 44,0 км3 шекаралас мемлекеттерден келіп түседі.
Республикада 48 мың көлдің ауданы 1 га астам жерді алып жатыр. Орташа тереңдігі - 1 метрден 8 метрге дейін. Неғұрлым терең жерлері де бар, мысалы, Алакөл көлі, тереңдігі 45 метрге дейін, Үлкен Шабақты - 37 м, Шортанды - 31 м, Марқакөл - 27 м және Балқаш - 26 м. Көлдердің ішіндегі ең үлкен көл - Балқаш көлі, оның ұзындығы 605 км, ені - 74 км-ге дейін, судың көлемі - 112 км3. Екінші орында - Алакөл көлі, ұзындығы 104 км және ені 52 км, судың көлемі - 56,6 км3. Ірі көлдер қатарына Сасық көл, Ұялы, Сілеті, Теңіз, Үлкен Қарой, Шағын Қарой, Шағалалы Теңіз, Теке, Қосмұрын, Марқакөл, Шалқар, Сарықопа, Қамыстыбас, Арыс, Жалаулы, Қарасор, Индер және т.б. жатады. Қазақстан көлдеріндегі судың жалпы көлемі - 190 км3, олардың ішіндегі ең тұщысы - шамамен 20 км3.
Бұдан басқа республикада шамамен 4,0 мың тоған мен 204 су қоймасы бар.
Жер үсті су ресурстары республика бойынша біркелкі таралмаған. Шығыс Қазақстанда - 200-290 мың м3км2 барынша қамтылған, ең аз қамтылған - Батыс Қазақстан, соның ішінде әсіресе Маңғыстау облысы - 0,36 мыңға дейін м3км2.
Қазақстанның жер асты суларының қоры 61 км3деп бағаланады, соның ішінде тұщысы - шамамен 58 км3. Жер асты суларының ресурстары жылына 15,1 км3 балансталған пайдалану қорлары бар жер асты суларының 623 кен орнына шоғырланған, соның ішінде: шаруашылықты -- ауыз сумен қамтамасыз ету үшін - жылына 6,1 км3; өндірістік-техникалық - жылына 0,95 км3; суармалы жерді суару - жылына 8,0 км3; бальнеологиялық (минералды) сулар - жылына 0,01 км3.
Ең үлкен қор - республиканың шығысы мен оңтүстігіндегі тау етегіндегі аудандарда жинақталған, ең аз қор - солтүстік және орталық аудандарда, Каспий мен Арал маңында [1, 116-118 б.].
Қазіргі кезде орналасқан жер асты сулары деп белсенді түрде қолданылатын суларды атау керек, өйткені қалғандары олардағы судың көтерілуі мен оларды игеруге кететін маңызды шығындарды талап етеді. Жер асты суларын пайдалану деңгейі әзірше жоғары емес және жылына 1,2 км3 немесе 7,9 % құрайды.
Қазақстанның барлық өзендері ішкі және трансшекаралық деп бөлінеді.
Қазақстан Республикасының барынша созылып жатқан ішкі-жер үсті өзендері -- Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Ембі, Ырғыз, Сағыз, Үлкен Өзен (1000 км-ге дейін) болып табылады.
Қазақстанның ішкі-жер үсті сулары экологиялық апат жағдайында. Бұл аталған өзендердің негізгі проблемасы көктемгі-жазғы су тасқындары тудыратын тасқындар мен ластанудың жоғары деңгейімен сипатталады.
2002 жылы республикада үстіңгі сулардың улы заттармен (мұнай өнімдері, фенолдар, мыс, мырыш, бор және т.б.) жоғары 396 жағдайы тіркелген. Ішкі-жер үсті суларды негізгі ластаушылар өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кешендері болып табылады.
Қазақстан Республикасының негізгі ірі трансшекаралық су объектілері Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу мен Талас болып табылады.
Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану тек экономикалық және экологиялық маңызымен қатар, саяси және халықаралық маңызы да бар [1].
Трансшекаралық су объектілерінің жағдайы айрықша қатер төндіріп тұр. Соңғы жылдары бұл өзендердің ластануы шекті рауалы концентрация деңгейінен бірнеше есе асып кетті (1-5 ПДК).
Трансшекаралық сулардың нашарлаған жағдайына байланысты өңірлер бойынша өзендердің қазіргі заманғы жағдайын талдауды жүргізу қажет.
Су ресурстарының экологиялық жүйесі жеткілікті байланысқан, біртіндеп құлдырау үстінде және су ресурстарының биожүйесін сақтау мен қолдау бойынша келісілген бірлескен әрекет ету үшін барлық трансшекаралық мемлекеттердің күшін біріктіруді қажет етеді.
Тиісті ведомстволармен көршілес елдермен трансшекаралық өзендер ресурстары мен су қоймаларының суды пайдалану проблемасын реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанның бұл мәселедегі іс-әрекеті халықаралық құқықтық актілер негізінде, көбінесе, 2000 жылы 23 қазанда республикада ратификацияланған трансшекаралық су ағыстары және халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану туралы Конвенция негізінде жасалады. Көршілес мемлекеттер - ҚХР, Тәжікстан, Түрікме­нстан, Қырғызстан және Өзбекстан - осы конвенцияға қатыспаған елдер болып табылады, сондықтан трансшекаралық су проблемаларын реттеу бойынша жұмыс күрделілігін тудырады.
Республиканың барлық су объектілерінің сапалы жағдайы өндірістің құлдырауы мен ағынды сулар көлемінің азайғанына қарамастан әлі күнге дейін қанағаттанарлық жағдайда қалып отыр.
Ірі өнеркәсіптік қалалардың әсер ету аймағындағы жер үсті суларға ластану деңгейі нормадан 40 есеге дейін артып кетеді. Қазақстан Республикасының СЭС деректері бойынша, химиялық ластанған ашық су қоймаларының меншікті үлесі артуда және 11,1 % құрайды (Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 29,2, Қызылордада -- 18,9, Ақтөбеде -- 17,6, Астанада -- 16,0 %). Микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін су сынамасының меншікті салмағы республика бойынша тұтастай алғанда 8% құрады (Қызылорда облысында -- 18,7, Алматы қаласында -- 41,0 % құрайды). Қазақстан бойынша ағынды сулардың жылысып түсуі 4,0 млрд. м3 құрайды (соның ішінде Қарағанды облысы -- 1036, Павлодар облысы -- 921,1, Маңғыстау облысы -- 667 млн. м3 құрайды).
Өнеркәсіптің (32,6-41,7 %), тұрғын-коммуналдық шаруашылықтың (58,3-67 %) жер үсті су объектілеріне ластанған ағынды сулардың жылыстап келуіне қосқан үлесі жоғары.
Орал мен Ертіс өзен бассейндері барынша ластанған болып табылады, ол өзендерге өнеркәсіп пен түсті металлургия салаларының химия, мұнайды қайта өңдеу, машина жасау кәсіпорындары қалдықтарын төгеді [2].

1.2 Трансшекаралық өзендерінің қазіргі жағдайы
Су рөлінің ерекшелігін және адамның жеткілікті мөлшерде, сонымен қатар таза суға құқығының бар екендігі тұрғысынан судың әлеуметтік мәнін түсіну, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасын шешудің негізіне айналып келеді. Су қазіргі және болашақ ұрпақтардың меншігі болатын аса шектеулі және құнды табиғи ресурс болып табылады.
Ресейлік ғалым О.Н.Барабановтың пікірі бойынша, бүгін су ресурстарына байланысты көкейтесті мәселелерінің бірі трансшекаралық су ағысын пайдалануды реттеудің проблемасы. Әлемдік су ресурстарының үлкен бөлігі ұлттық шекаралардан өтеді. БҰҰ-ның 2003 жылдық Water for People, water for Life есебінде әлемдегі 263 трансшекаралық су бассейндерінің үштен бірі екіден астам елді бөліп өтетіндігі, ал 19 - бестен астам елді бөліп ағатындығы; жалғыз Дунай өзені ғана 18 мемлекеттің жерімен ағатындығы атап көрсетілген. Африка мен Таяу Шығыстың қөптеген елдері өздерінің суға қажеттіліктерін шетелдік су арқылы қамтамасыз етеді [1].
Әлемде жаһандық түрде пайдаланатын судың көлемі жылдан жылға артып келеді. Су жөнінде күйзеліске және аса қатты күйзеліске түсіп отырған елдерде ХХІ ғасырдың басында Жер беті халқының 70 пайыздан астамы тұрады (1950 жылы судың тапшылығынан күйзеліске бір де бір ел түспеген болатын). Су күйзелісі деп судың тапшылығынан қатты ширыққан халді айтамыз, бұл жағдайда мемлекет қолдағы ресурстың 40 пайызынан астамын пайдаланады; және де су пайдалану қарқыны табиғи толықтырылудан әлде қайда жоғары болып тұрады; су тапшылығы елдің экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Кембридж университеті ғалымдарының болжамы бойынша 2025 жылға қарай жағдай бұдан да күшейе түсуі мүмкін, сол уақытта дүниежүзі халқының 80 пайызынан көбі су жөнінде күйзеліске және аса қатты күйзеліске түсіп отырған елдерде тұратын болады. Бұл елдердің үштен бірі апатты күйзеліске түседі, ал өздеріндегі су ресурстарын пайдалану көрсеткіші 60 пайыздан асатын болады [2].
Орталық Азия мемлекеттеріндегі ірі өзендердің бәрі трансшекаралық өзен болып есептеледі. Су ресурстары өз жерінде құрастырылатын жалғыз ғана - Қырғызстан, аймақтың басқа елдерінің бәрінде судың қажетті көлемі қандай да болмасын мөлшерде іргелес мемлекеттердің жерінен келетін суға тәуелді. Бұл тұрғыда аса қиын жағдайда Өзбекстан мен Түркменстан қалып отыр, себебі бұл елдерге жаңартылған су ресурстарының 90%-ға жақыны сырттан келеді. Қазақстан бұл жөнінде суға тәуелді мемлекетке жатады, сондықтан трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мәселесіне біз аса жоғары басымдылық береміз. Жылына сумен қамтамасыз етудің үлес салмағы км2 шаққанда 37 мың м3 , бір адамға шаққанда - 6,0 мың м3 болады. Салыстыратын болсақ: Грузияда бұл көрсеткіштер км2 шаққанда 878 мың м3 , бір адамға шаққанда - 11613 мың м3 болады, Қырғызстанда - км2 шаққанда 245 мың м3 , бір адамға шаққанда - 11763 мың м3 болады. Егер Түркменстан мен Тәжікстанды алатын болсақ, бұл салыстырма біздің пайдамызға шешілмейді. Маңызы бар айта кететін жәйт - Қазақстан жеріндегі су ресурстары тіпті де біркелкі бөлінбеген. Шығыс аймаққа су ресуртарының 34,5% тиеді, оңтүстік-шығысқа - 24,1%, оңтүстікке - 21,2%, батысқа -13,4%, солтүстікке - 4,2%, орталық аймақтарға - 2,6%. Ең көп сумен қамтамасыз етілген Шығыс-Қазақстан облысы - км2 шаққанда 290 мың м3 . Сонымен қатар Атырау, Қызылорда облыстары және әсіресе тұшы судың шын мәнінде көзі жоқ Маңғыстау облысы судың тапшылығын аса қатты шегуде [3].
Экономика салалары сумен 85% жер беті сулар есебіне қамтамасыз етіледі, қалған бөлігі - жер асты, теңіз және сарқынды сулар арқылы қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылығының қажеттілігіне барлық судың 80-90% пайдаланылады.
Біздің елімізде басты өзендер бассейндерінің жетісі трансшекаралық өзен болып табылады. Жыл сайын жаңартылған жер беті су ресурстарының 40 %-дан астамы көршілес мемлекеттер аумағынан келеді. Қазақстан экономикасының тұтас алғанда да, аймақтық-өндірістік кешен, облыс және бөлек қалалар бойынша алғанда да ары қарай дамуы көп жағдайда елдің сумен қамтамасыз етілуіне байланысты. Қазақстан су ресурстарының жартысына жақыны аумағынан тыс жерде болғандықтан су, асырмай айтқанда, көршілес мемлекеттермен халықаралық қатынастар құрудың стратегиялық құралына айналып бара жатыр.
Республикада су ресурстарын басқару жүйесі бассейндік ұстанымға негізделген. Қазақстанда 8 өзендік бассейндер бар: Балқаш-Алакөл, Шу-Талас, Арал-Сырдарья, Жайық-Каспий,Тобол-Торғай, Еділ, Ертіс және Нұра-Сарысу бассейндері. Және де Нұра-Сарысу бассейннен басқа 7 өзендік бассейн трансшекаралық болып есептеледі. Қазақстанның жер беті су ресурстары орташа сулылық жылдары 100,5км3 болады, бұл су көлемінің тек 56 км3 мөлшердегі су республика аумағында құрастырылады. Қалған су көлемі - 44 км3 көршілес мемлекеттерден келеді, атап айтқанда: Қытайдан - 18,9 км3, Өзбекстаннан - 14,6 км3, Қырғызстаннан - 3,0 км3, Ресейден - 7,5 км3 [4].
Қазақстан халқының саны 16 миллионнан астам, осының 43% ауылдық жерде тұрады, осыншама халық үшін 8 су бассейны бар, оның 7-сі - трансшекаралық өзендік бассейндер. Бірақ республикадағы ауыл тұрғындарының тек 60%-зы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылып суды пайдалану мүмкідігіне ие болған. Демек, сумен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік стратегиялық міндеттердің бірі болып саналады. Сондықтан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан халқына биылғы Болашақты бірге құрайық! жолдауында қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі көкейтесті мәселеге айналғандығы атап өтілді, ал бұл-халықтың денсаулығын жақсартудың маңызды шарты деп табылады. Таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар 8 жыл бұрын басталған болатын, ал қазір республикада Ауыз сулар салалық бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Жолдауда көрсетілгендей орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған ауылдық елді мекендердердің саны 41 пайызда дейін өскен, қалалардың саны - 72 пайызға дейін өскен. Сырттан әкелінген суды пайдаланатын адамның саны 4 есе азайған. Орталық Азия субаймағының табиғаты өте нәзік [5].
1992 жылдың 18 қыркүйегіндегі БҰҰ-ның трансшекаралық су ағындары мен халықаралық өзендерді қорғау және пайдалану жөнінде Конвенциясы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1997 жылдың 21 мамырында қабылдаған Халықаралық су ағындарын пайдалану құқығы туралы Конвенциясы бойынша трансшекаралық әсері бар немесе болуы мүмкін іс-әрекеттер кезінде трансшекаралық сулардың сипатына ерекше мән беріліп қисынды және әділетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету міндеті қарастырылады. БҰҰ-ның шешімдерінде су ағысына ие мемлекеттер ынтымақтастықтарын егеменді теңдік, аумақтық тұтастық, өзара тиімділік және адал ниеттілік негізінде құрады делінген. Залал келтірілген жағдайда оны жою немесе азайту үшін барлық шаралар алынуға тиіс, ал қажет болғанда қарымақы мәселесі қарастырылады. БҰҰ-ның жоғарыда аталмыш конвенцияларының негізгі талаптарына сәйкес беделді халықаралық сарапшылар гидротехникалық нысандардың құрылысы экологиялық жағынан түзелмейтін зардап келтірмейтідігіне, трансшекаралық өзендер бассейнінде орналасқан барлық мемлекеттердің пайдаланатын су ағысының қалыптасқан балансы бұзылмайтындығына кепілдік беруге тиісті.
Бұл талаптар Орталық Азияда гидроэнергетикалық құрылымдарды салу жөнінде тек ұлттық емес сонымен қатар трансұлттық компаниялардың қатысуымен әр түрлі жобалар жүзеге асырылған кезде аймақта экологиялық жағдайдың апаттық дәрежеге дейін төмендеп кетпеуі үшін міндетті түрде орындалуы тиіс.
Өзбекстан Республикасы Президенті Ислам Кәрімов Орталық Азияның трансшекаралық өзендерінің су ресурстарын пайдалану мәселелері аймақтың барлық елдерінде тұрып жатқан 50 млн. халықтың мүддесін ескере отырып шешілуге тиіс екендігін баяндады. Өзбек сарапшыларының пікірлері бойынша жаңа гидротехникалық жобаларды, мәселен, бөгені бар Рогун ГЭС-ның құрылысының әділ, тәуелсіз, халықаралық сараптамадан өткізу керек, себебі қуаты 3,6 мың МгВт және бөгетінің биіктігі 340 метр болатын Рогун ГЭС-сы сейсмикалық аймақта орналастын болады. 2009 жылы Өзбекстанға ресми іс-сапары шеңберінде екі жақты келіссөздердің қорытындысы жөнінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсүлтан Назарбаев: Біз су-энергетикалық құрылымдарды, соның ішінде Рогун мен Камбаратин ГЭС-ның жобаларын халықтарымыздың қауіпсіздігі тұрғысынан халықаралық сараптамадан өткізуді талап етеміз- деп мәлімдеді. Президент бұл сараптамалардың қорытындылары дұрыс болған жағдайда біз бұл нысандардың құрылысы жөніндегі консорциумға қатысуға дайынбыз деп атап өтті.
Орталық Азиялық мемлекеттерімен қатынасты ары қарай жеделдету маңызды бағыт болып қалып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының (МҮСШК) және оның Сырдарья мен Амударья бассейндері су шаруашылығы бірлестіктері (БСБ) атқару органдарының мәртебесін көтеріп бұл ұйымдарға трансшекара өзендерінің халықаралық әкімшілігі мәртебесі беру керек. Бес орталық-азиялық республикаларының үкіметтері арасында Арал теңізі бассейннің трансшекаралық су ресурстарын басқару, қорғау және дамытудың ұйымдастыру құрылымын нығайту туралы келісімшартқа қол қойылған жағдайда бүл мәселе шешілуі мүмкін. Мәліметтермен алмасу және Арал теңізі бассейнін кешенді түрде пайдалану мен қорғаудың ұлттық, бассейндік және аймақтық мәліметтер базасын құрастыру жөнінде келісімшартқа қол қою қажеттілігінің мезгілі жетті.
Бірақ осы уақытқа дейін орталық - азиялық мемлекеттер аймақтағы су-энергетика ресурстарын пайдалану жөнінде бірыңғай шешім шығарған жоқ. Қырғыз бен тәжік жағы Халықаралық су-энергетка Консорциумын (ХСЭК) электрэнергиясын өндіру мен оны тарату мақсатында суэнергетикалық нысандарды салатын мекеме ретінде қарастырады. Қазақстан мен Өзбекстан үшін Консорциумның құрылуы суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуге кепілдік беретін шешімнің бірі болып табылады.
Сондықтан ХСЭК идеяларын жүзеге асыру үшін Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің ішкі су қатынастарын реттейтін заңшығарушылық және құқықтық актілерін жақындастыру және барлық тараптардың мүдделерін есепке алатын біріккен ұстанымды қалыптастыру қажет. ХСЭК-тің құрылуы БҰҰ комиссиясы тарапынан ұсынылған болатын. Осы жағдайда қалыптастырылған модельдің жүзеге асырылуы су ресурстарын экономикалық жағынан тиімді және экологиялық тұрғыдан пайдалануға қауіпсіз болып, аймақтағы саяси жағдайды жақсартуға ықпал ететін болады.
Орталық Азиялық субаймағының табиғаты өте нәзік. Айрықша климат субаймақтың экожүйесін төтенше осал етеді. Орталық Азияның шөлейт жерлерінің 60%-дан астамы шөл далаға айналып кету қаупі бар. Адам үшін маңызды болып табылатын су ресурстарын зерттеу және қорғау мәселесін шешуде көптеген дөрекі қателіктер жіберілуде, соның бастысы - өзен мен көлдердің ірі көлемде ластануы. Су ресурстарының жоқ болуының негізгі қаупі дәл осында деуге болады. Өзендер мен көлдерге ағызылатын ағынды сулардың әрбір текше метрі таза өзен мен көл суларының ондаған текше метрін ластайды. Су мүмкін көп шығар, бірақ ол ластанған болса, мұндай судың пайдасы жоқ, оны пайдалануға болмайды, өйткені ол адам денсаулығына қауіп-қатер төндіреді.
Орталық Азияда туындаған көптеген экологиялық мәсмелелердің аймақтық сипаты бар, олар мемлекеттердің ынтымақтастығы арқасында аса тиімді және аз шығынмен шешілуі мүмкін. Арал теңізі бассейінідегі экологиялық апаттан туындап, Орталық Азия мемлекеттері тарапынан жасалған қадамдар бірлескен іс-әрекеттің өзара тиімді екендігін көрсетеді.
Экологиялық мәселелер мен су энергетикалық кешенінің проблемалары ЕҚЫҰ-ның екінші өлшеміне жатады. Ұйым өзінің мәртебесіне сәйкес, бұл проблемалардың шешілуі мақсатында қаржылық көмек көрсете алмайды, бірақ өзінің бірегей құрамы, далалық миссиясының жан-жақты таралғандығы, аймаққа саяси жағынан әсер етуі арқасында ЕҚЫҰ мемлекеттерге кеңестік көмек көрсетеді, қажетті сараптамаларды қамтамасыз етеді, проблемалардың шешілуіне тартылған мемлекеттік және үкіметтік емес органдарының өкілдерін оқытады. Бірақ бірінші кезекте ұйым бар мәселелердің шешімін ортақтасып, іздеуге бағытталған елдердің саяси еркін реттейді. Ұйымның аймақтық мәселелерін шешілуіне нақты іс жүзінде қатысуы туралы сөз еткен жағдайда, Шу-Талас өзендері бассейнін Қазақстан-Қырғызстан тараптары трансшекаралық суларын бірігіп пайдалану туралы жобаның іске асуына байланысты жұмыстар осы ұйым күш-жігерінің арқасында басталғандығын атап өту керек [6].
Су мәселелеріне осындай ұстаным халықаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану және әділ бөлу үшін былайша айтқанда, елдердің экономикалық дамуындағы белгілі айырмашылықтар, демек, су пайдалануда қалыптасқан деңгей мен болашағы үшін нақты алғышарттар жасалады. Трансшекаралық суларды ортақтасып пайдалану мәселелері осы ұстаным бойынша қарастырылатын болса, әр елдің сапалы суға қол жеткізуге тең құқығы болуға тиісті және бір жақтың қандай да бір табиғи, экономикалық және техникалық басымдылықтары басқа тараптың мүддесіне қарсы қойылмауы қажет екендігін атап өту керек (халықаралық қалыпқа сәйкес). Қолдағы бар мәліметтерге сүйенсек, халықтың әл-ауқатын қалыптастыру және экожүйені сақтау мақсатында қажетті су көлемін осы өзендердің төменгі сағасында сақтау үшін трансшекаралық өзендерді пайдалану стратегиясын шұғыл түрде қайта қарастыруды қажет етеді.
Қазақстандағы ПРООН өкілі Стелиана Недера ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары Комитетімен біріге отырып, 2004 және 2008 жылдар аралығында су ресурстарын бірігіп басқару туралы ұлттық бағдарламаны дайындау жобасының орындалғандығын атап көрсетті. Бұл жоба аясында 8 бассейндік кеңес құрылды және суға қол жеткізу мен оны таза сақтау мәселесі бойынша мыңжылдық мақсатқа жету стратегиясын дайындау жөнінде шұғыл техникалық көмек көрсетілді. Қазақстанда бассейндік кеңестің құрылуы бұл елдің су ресурстарын бірігіп басқаруға (СРББ) яғни, халықаралық деңгейде қабылданған ұстанымға тырысуын дәлелдейтіндігін көрсетеді.
Республикадағы су шаруашылығы мамандарының бағалауы бойынша мол минералды-шикізатты, отын-энергетикалық және жер ресурстарын меңгеруге негізделген елдің экономикалық әлеуетінің өсуіне байланысты жуық арада сумен қамтамасыз ету мәселесі көңіл қоюды талап ететін болады. Бұл жағдайда Қазақстан үшін трансшекаралық өзендер суын пайдалану мәселесі, оны халықаралық құқық және өзара ынтымақтастық негізінде шекаралас мемлекеттермен бөлісу проблемасы ерекше маңызды бола бастайды. Қазақстан Республикасы су кодексінің трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық механизмі деген 143 бабында трансшекаралық әсері бар немесе болуы мүмкін іс-әрекеттер кезінде трансшекаралық сулардың сипатына ерекше мән беріліп қисынды және әділетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету делінген [7 ].
Трансшекаралық өзендер проблемасы ШЫҰ қатысушы елдердің, әсіресе, Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың ең өткір проблемалардың бірі болып табылады. Екі ірі Ертіс және Іле өзендері Қытай жерінен басталып, Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Ал Ертіс Ресей жері арқылы да өтеді. Қазақстанның оңтүстік-шығысы үшін бұл өзендер су пайдалану жүйесінің негізі болып есептеледі, себебі егерде бұлардың су көлемі азайса, бұл мәселе ауыл шаруашылығы, су энергетикасы, өндіріс, экология салаларында ауыр жағдайлар туғызады. Қытай Халық Республикасымен қатынастарына байланысты бірінші кезеңде трансшекаралық су ресурстарын бірігіп пайдалану саласы бойынша екі жақты келісімшарқа қол қойылу керек. Қатынастардың болашақ дамуы кезеңінде ортақ су комиссиясын қалыптастыру, Ертіс өз. ресурстарын пайдалану және қорғау жөнінде үш жақты (Қазақстан, Ресей, Қытай) келісімшартқа қол қою, судың көлемі жағынан сондай-ақ сапасы жағынан көрсеткіштерінің, өзгеру тенденциясының біріккен мониторинг жүйесін құру және шұғыл түрде ақпарат алмасу қарастырылады.
2009 жылдың желтоқсан айында Астанада біздің мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао арасында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізілді. Келіссөз барысында ҚХР төрағасы трансшекаралық су ресурстарын бірігіп пайдалану жөнінде маңызды саяси мәлімдеме жасады: Қытай ешқашан Қазақстанның мүддесіне және трансшекаралық су ресурстарын бірігіп пайдалану мәселелеріне қысым жасамайды [5].
ҚР Мемлекеттік хатшысы, сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 2010 жылдың ақпан айында ҚХР қоғамдық ғылымдар Академиясында сөйлеген сөзінде 2001 жылы Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық өзендерді қорғау және пайдалану саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, трансшекаралық өзендерді қорғау және пайдалану саласында ортақ комиссия жұмыс істейді. Трансшекаралық өзендер суының сапасын бақылау жөнінде келісімшарт жобасын келістіру жұмыстары жүргізілуде[9].
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік іссапары жемісті болды, бұл, әсіресе, трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау жөнінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері арасындағы келісімшартқа байланысты деуге болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тяньцзинь қаласында өзінің Қытай Халық Республикасына мемлекеттік іссапарын қорытындылай келе, былай деді: Бұл мемлекеттік іссапарды көкейтесті мәселелерді шешу тұрғысынан аса нәтижелі болды есептеймін. Трансшекаралық өзендер мәселесі көптен бері күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі еді. Енді міне, Іле мен Ертіс өзендері суларының сапасы екі жақтан қатаң бақылауға алынатындығы туралы келісімшартқа қол қойдық. Күн тәртібінде судың әділ түрде бөліну мәселесі тұр. ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның үстіміздегі жылы маусым айында Қазақстанға іссапары барысында бұл мәселені шешеміз деп үміттенемін [10 ].
Осылайша, ұзақ мерзімді болашақта трансшекаралық су ағыстарын басқару жүйесі жаңа сапалы деңгейге көтерілуі тиіс, бұл су ресурстарын экономикалық жағынан тиімді және экологиялық тұрғысынан қауіпсіз пайдалануға және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы әлеуметтік - экономикалық, мемлекетаралық ынтымақтастығының дамуына ықпал етеді [6].

1.3 Солтүстік Қазақстанның өзендеріне физикалық-географиялық сипаттама
Ертіс Қазақстанның - Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарын аралап, Батыс Сібір ойпатына қарай ағып жатқан еліміздегі ең ірі өзендерінің бірі. Оның ұзындығы 4331 км. Соның үштен біріне жуығы бізді республикамыз арқылы өтеді.
Ертіс - Обь өзені су бассейнінің құрамына кіреді. Монғол Алтайының оңтүстік батыс аймағынан басталған оның төменгі сағасы Батыс Сібір өлкесін қуалап кетеді. Ертістің әу бастағы ағысы қатты. Ол құлама жартастан жартасқа секіріп, жота-жота биіктерге соғылып, жықпыл орларды опыра орасан жылдам да қатты ағындармен жолай кездескен бөгеттерді , кей тұстарында құз-жартастарды да жарып өтіп кете береді. Оның осындай жылдам ағысы мен көбік шашқан долы толқыны бұл өзенді монғол халқының жерді (жер - монғолша эр) тесіп (тес - монғолша теш) ағатын өзен - Эртеш деп атауына да , сонымен бірге , нені болса да опырып жіберетін ердің тісіндей (Ертіс) деген ұғыммен астарласып жатса керек. Бір қызығы осы өзен бойын мекен еткен халық Зайсан көліне құятын жеріне дейінгі суы лай, түсі қарақошқыл болып келетін тұсын Қара Ертіс деп атайды.
Қара Ертіс Зайсан ойпатына жеткен соң , арнасын кеңейтіп, Зайсан көлін құрайды. Зайсан көлінен бөлініп шыққан соң ортасына дейінгі бөлігін Ақ Ертіс , ал енді оның орта және төменгі сағасын жай ғана Ертіс деп атайды.
Ақ Ертіс Зайсан көлінің солтүстігінен басталады. Ертіс көлден шығысымен Солтүстік Зайсан ойпатынан тарамдалып баяу ағады.
Ойпаттың бір жағы Қалжыр, Қара Ертіс сағасына барып тіреліп жатса, екінші жағы Көкпекті өзенінің Зайсанға құятын сағасына дейін барады. Бұл екі аралықта мидай жазық, ал көзге түсер биік төбелері - Доланқара, Шаңкелмен, Жуантөбе тағы басқалар.
Ертіс Зайсаннан бөлінген соң шамамен 45 километрінде Бөкен өзені келіп құяды. Бөкен бастауын Қалба тауларының оңтүстігіндегі Қанасу, Майлақ тауларынан алатын жылдам ағатын өзен. Зайсан ойпатынан өткен сайын енді оның ағыны бәсеңдеп, өз алдына бірнеше тарамдарға бөлінеді. Ал жалпы Бөкен - Ертістің сол жағындағы кішкентай салалардың бірі.
Күршім - Ертістің үлкен де құрылымы жағынан күрделі салалардың бірі. Ол Ертістің 112 километрінде оң жағынан қосылады. Күршім Нарын тауларының оңтүстігіндегі кіші-гірім мұз, қар жалдары мен жауын-шашын суынан жылғалана келе жіңішке Теректі өзеншелері қосылған жерден ағыны қатайып, нағыз тау өзеніне айналады. Оның ұзындығы 200км, ені 2,0-70 м, ал тереңдігі онша емес.
Күршім өзені Ертіске құйысымен ағыс жылдамдығы арта отырып Зайсан ойпатынан шыға бастайды.
Ал енді Ертістің 245 километрдей тұсында оң жағынан екінші саласы - Нарым өзені құяды. Алайда Нарым Күршіммен салыстырғанда суы мол емес, бірақ өз алқабын суаруға жетерліктей.
Бұқтырма да Ертістің оң жақ саласы. Ол Ертіске 320-километрінде келіп қосылады. Ертістің ең үлкен және күрделі саласы болғандықтан, өзен суының 50 пайызын құрайтын Бұқтырма өзені мен Күршім сияқты басын Алтайдың оңтүстігіндегі биік шыңдардағы ақ қар, көк мұзды Катон белкасынан алады.
Ағынды Ертіс - Ертістің Бұқтырма өзені құйғаннан бастап, тау араларымен Өскеменге дейін тасқындап ағатын жолы . Ертіске Бұқтырма суы қосылған соң, енді оны жан-жағынан тау қыспаққа ала түседі. Осының әсерінен өзен суы жылжыған сайын жылдамдығы арта береді. Себебі оның оң жағынан Нарым, Оңтүстік Алтай тау сілемдері, сол жағынан Қалба тауы қыспақтай өзен арнасын тарылтып, таулардың арасынан үлкен күшпен өте жылдам ағызады. Ертістің бұл тауды тіліп, тасты жарып, қия жартастардың арасынан салған жолының ұзындығы 106 км.
Ғалымдар кезінде Ертістің Сарыарқаның солтүстігін жиектей отырып Торғай аңғары арқылы Арал теңізіне құйғанын , осы кезде Обьтың Қалба жотасынан жол таба алмай, Камень қаласы тұсында батысқа қарай бұрылып, Ертіске қосылып аққанын айтады. Обь пен Солтүстік Мұзды мұхитқа құйып жатқан бүгінгі жағдайына жетуіне де уақыт ықпал жасамады деп кім айтар.
Есіл өзені - Ертістің сол жақ саласы, ұзындығы - L=2450 км, су жинау алабының ауданы - F=177 мың км2, оның ішінде белсенді бөлігі - 141 мың км2. Қазақстанда Есіл 4 облысты, Орталық Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарын басып өтеді.
Есіл - өзіндік ерекшелігі бар өзен. Ол суының аздығына қарамастан (оның суының молдығы Обь өзенінің суының 05% - ын ғана құрайды) ұзындығы бойынша ТМД өзендерінің ішінде 13-інші орынды алады. Есіл өзені гидрографиялық торы үлкен Әмудария, Днепр, Кама, Тобыл, Ангара, Алдан және т.б. өзендерінен, сондай-ақ ұзындығы бойынша 14-орында алатын әрі Есілге қарағанда әлдеқайда суы мол өзіміздің Орал өзенінен де ұзындығы бойынша асып түседі. Ал су жинау алабының ауданы бойынша Есіл өзені ТМД өзендері аралығында 38-ші орында. Есілдің көпжылдық орташа су өтімі Қалқұтан, Жабай, Терісаққан салалары құйғаннан кейінгі, Каменный Карьер селосы тұсында шамамен 50 м3c, Қызылжар қаласы тұсында 59 м3c. Қазақстаннан тыс аумақта Есілдің маңызды саласы жоқ әрі Ресейдегі Вискулова селосы тұсындағы мәліметтер бойынша оның су өтімі айтарлықтай өзгермейді.
Есіл өзені Қарағанды облысындағы Нияз тауларынан 560 м 560 м биіктіктен басталады. Оң жағалаудың салалары - Қалқұтан және Жабай Көкшетау тауларынан ағады. Сол жағалаудың негізгі саласы Терісаққан Ұлытау тауларынан басталады, ал Ұлытау жоталары алаптың аумағына енеді. Су жинау алабының басым көп бөлігі тегіс бедерлі болып келеді, әсіресе сирек арналық жүйелі солтүстік жағалауы.
Есіл алабында жыртылған жер алаптың 50%-дан астамын құрайды, әсіресе 50-жылдардың екінші жартысында жыртылған В.Е. Водогрецкийдің мәліметтері бойынша өзеннің сағасында ағынды жерді суғаруға және өнеркәсіптік коммуналдық пайдалануға байланысты 22%-ға кемиді. Қазақстанда негізінен ауылшаруашылық жерлер басым, сондықтан ағындының өзгеруі осы жерде көп орын алады. Есілдің жоғарғы бөлігі және оң жағалауы 0,5-1 л(с км2) шамасындағы ағынды модулімен сипатталады, ал су жинау алабының негізгі бөлігінде ағынды модулі - 0,3-0,5 л(с км2), әсіресе ағынды модулі оңтүстікте төмен. Нұр -Сұлтаннан жоғары ағындының қалыптасуына ағындының (14) бөлігі қатыспайды.
Есіл суын бақылау кезінде 1937 жылы оның арнасы құрғап қалғаны тіркелген. Ал 1936-1939 және 1986 жылдары түбіне дейін қатып қалған. Өзеннің орташа жылдық ағымы 2,5 км3. Мұз қату қарашаның екінші жартысында басталады да оның ұзақтығы 5 айға созылады.
Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себеп - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуынан және жер асты суларының тұздылығы саналады. Жалпы минералдануы 500-800 мгл, сабасының төменгі кезінде 1200 мгл-ге жетеді. Суы кермек татиды.

Тобыл. (орыс Тобол) - Ертіс алабындағы өзен. Қазақстанның Қостанай облысы, және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жерімен ағады. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 426 мың км², Қазақстандық алабы 130 мың км². Өзен алабында Жақсы Алакөл, Алакөл, Қулыкөл, Тентексор, Томарлыкөл, Теңіз, тағы басқа көлдер бар. Бастаулық бөлігінде Торғайқолатымен өтеді. Бұл тұста өзен арнасы тастақты келеді және аңғарында ойдым-ойдым қарасулар көп кездеседі.
Аңғары өте енді, 2 - 30 км аралығында. Негізінен қар (60%-ы) және жауын-шашын суымен толысады. Жылдық ағынның 82,5%-ы көктемде, 13,5%-ы жазда - күзде, 4,0%-ы қыста болады; жоғарғы деңгейі сәуір - маусым айларына келеді. Қазақстандық бөлігіндегі жылдық орташа су ағымы 26,2 м³с, орташа лайлығы 300 гм3, минералдылығы 500 - 600 мгл-ге, далалық өңірде 2000 мгл-ге жетеді. Суы хлорлы. Өзен қараша - сәуір айлары аралығында қатады; мұзының қалыңдығы 70 - 78 см. Жазғы суының орташа температурасы 19 - 20°С кейде шілдеде 28,2°С-қа дейін жылынады. Кең жазық болып келген өзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман өседі. Өзенде балық бар. Алабы тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде республикадағы сансалалы ауыл шаруашылық дамыған басты астықты өңірге айналды. Қойнауынан темір кентасы, көмір, асбестқорлары анықталды.Аңғарында еліміздегі салалық ірі кәсіпорындар саналатын Сарыбай кен-байыту, Жітіқара асбест, Лисаковск кен-байыту комбинаттары, т.б. орналасқан. Тобыл суын тиімді пайдалану үшін Жоғары Тобыл бөгені, Қаратомар бөгені, Амангелді, Желқуар, Қызылжар бөгендері салынған. Өзен бойында Жетіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан.

1. Табиғи жағдайлары

Таулы Алтай мен Жоғарғы Ертіс территориясы солтүстік ендіктің 47° және 53° мен шығыс бойлықтың 78° және 90° аралығында орналасқан. Ол Ресей Федерациясының Алтай өңірінің оңтүстік ауданын және Таулы Алтай автономиялы облысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
Солтүстік Қазақстанның трансшекаралық өзендері
Трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалануды басқаруды жетілдіру
ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жайық өзенінің орналасуы
Трансшекаралық аумақ шеңберіндегі Сырдария мен Амудария өзендерінің мәселесі
Оңтүстік Қазақстан облысының каналдарының ерекшелігі
Қазақстанның трансшекаралық өзендері
Негізгі өзен бассейндері
Пәндер