Қазақстан әлемдік қоғамдастықта


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ СГД КАФЕДРАСЫ

C:\Users\Asus\AppData\Local\Temp\ksohtml13152\wps1.png

Эссе

ТАҚЫРЫБЫ: “ Қандай сыртқы саяси іс -әрекеттердің арқасында Қазақстан әлемдік қоғамдастықта мойындағалған мемлекет болды?”

ОРЫНДАҒАН: Амантайқызы Аяулым

ФАКУЛЬТЕТ: Жалпы Медицина

КУРС:1

ГРУППА: ЖМ-19-017-1К

ТЕКСЕРГЕН: Баян Есеркемисова

Жоспары:

1. Кіріспе

2. Қазақстан әлемдік қоғамдастықта

3. Қорытынды

Мемлекеттігіміздің ең алғышартты бел­гілерінің бірі - Қазақстанның дүние­­жүзілік қоғамдастыққа толыққан­ды мү­ше болып, әлем мемлекеттерімен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орната білуімен байланысты. Мемлекет әдетте ұлттық негізде құ­ры­­лады. Ол - ұлттың өсу, өркендеу қабі­леттілігінің нышаны. Қазақстан өзін тәуелсіз мем­лекет деп жариялағанда, шіркін “мем­лекет” деген статустың тұрақтағанын көзімізбен көріп, өзіміздің шын мәнінде ұлттық мемле­кетіміздің өкілі екенді­гімізді өзімізден бөтен ел таныса, басқа әлем жұртының құлағы “Қазақстан” деген мемлекетке үй­реніп, дағдыланса деп арман еткенімізді естен шығар­мағанымыз жөн болар еді. Мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы әлем­дік дәрежеде көптеген өркениетті елдер­мен үзеңгілесіп, дүниежүзілік қоғам­дастықтың белсенді мүшесіне айналып отыр. Менің ойыиша біз өз мем­лекетіміздің өсу, қалыптасу тарихын ерек­ше ұлтсүйгіштікпен, көздің қара­шығындай сақтай білуіміз, қасиетті рухымыздай қадірлей білуіміз қажет. Осыны әрбір ұрпақтың санасына сіңі­ріп, келер ұрпаққа түсіндіріп, тапсырсақ күшті, қуатты мемлекет болатынымыз анық. Бүгінгі мемлекеттік мәртебемізді, ең жақсы, бұрын-соңды болмаған жетістік­те­рімізді әңгіме еткенде соның бәрі өзді­гінен болып жатпағанын түсінудің де маңызы бар. Тәуелсіз мемлекет болу - ұлтымыз­дың ғасырлар бойғы арманы болса, сол тәуелсіздікті ұстап тұру, толыққанды мем­лекет болып қалыптасу - одан да биік мақсат, мұрат екендігін әрбір қазақ жанымен, санасымен, тәнімен түйсініп, сезінуі ұлттық рухтың сапасын көр­сетеді.

Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде Қазақстан жетекші рөл атқаратынын осы жылдар ішінде айқын дәлелдеп, тұрақ­тандырды. Елімізде өткізілген экономи­калық реформалар өзінің оң нәтижесін беру арқылы халықтың әлеуметтік тұрмы­сын көтерді. Біздегі өмір сүру деңгейі көрші­лес өңірлік мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Н. Назарбаев Біріккен Ұлт­тар Ұйымының жоғары мәртебелі мін­берінен сөйлеген сөзінде дүниежүзілік өр­кениеттегі Қазақстан мемлекетінің, хал­қының орны мен үлесі үшінші мыңжыл­дықтағы адамзат дамуына көрнекті болып қосылатынын жариялады. 1991 жылы дүние жүзіндегі ең ірі төрт ядролық сынақ полигонының біреуін - Семей сынақ алаңын Қазақстан жауып, 40 жылдан астам жасалған атом бомбасының сынағы тоқта­тылғанын әлемдік қоғамдастық жылы қабылдады. Бірақ ол кезде, көпте­ген ірі мем­лекеттер, әлемдік қоғамдастық атом бомбасының сынақтарының Қазақ­стан халқына, жер қыртысына, табиға­тына келтірген зияны мен зардапта­рының көлемінен мүлде хабарсыз еді. Ол туралы Қазақстан БҰҰ-ға мүше болғаннан кейін ғана, еліміздің тұңғыш президенті әлденеше рет сөйлеп, дүниежүзілік қауымдастықтың назарын осындай үлкен, ғасырларға кеткен проблемаға аудара алды. БҰҰ Бас Ассамблеясы біздің елдің, жердің даусын естіді. Өкінішке орай, Қазақ­стан әлемге Семей, Арал сырқаттарымен де танылды. Н. Ә. Назарбаев 1992 жылы өзінің БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Азия континентіндегі өзара ықпалдастық және сенім шаралары туралы кеңінен талдау жасап, БҰҰ-ның алдында осыған байла­нысты кеңес өткізу туралы ұсыныс жасады. Бұл тың ұсыныс БҰҰ-ның ықыласты қолдауына ие болды. Мұндай шаралар Азия елдерінің қауымдастығында бұрын өткізілмеген еді. Сондықтан да мұндай дәрежеде Азияның қайшылыққа толы мемлекеттерінің басын қосып кеңес өткізуге кейбіреулер сенімсіздікпен қара­ғаны былай тұрсын, тіпті мүлде әрекет жа­сау­дың да қажеті жоқ деп шұғыл қайырды. Алайда БҰҰ-ның қолдауымен бұл істің тізгінін қолына ұстаған Қазақстан өзі баста­машы әрі тұңғыш ұйымдастырушы рөлін атқарды. Мақсат­ты, тиянақты, дәйекті келіссөздердің нәтижесінде Азия құрлығындағы мемле­кеттердің көпшілігі Қазақстан басшы­сының бұл жаңа бастамасына шын ниет­терімен қолдау білдірді. Мұндай табанды әрі нақты бағдарлы, парасатқа ұмтылған бейбіт саясат жылдан жылға абырой жинап, Қазақстанның халықаралық беделін көтерді. Азия мемле­кеттерінің назары саяси тұрақтылық пен бейбіт жасампаз қоғамды нық сеніммен қалыптастырып отырған Қазақстанға ауды. Қазақстанға деген сенім артты. Ақыры, 2002 жылдың жазында Алматы қаласында тұңғыш рет Азия құрлығының тарихында жиырма төрт мемлекеттің басшылары бас қосып Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары туралы алқалы кеңес өткі­зіп, Алматы декларациясын қабылдады. Кеңеске БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан өзінің құттықтауы мен арнайы өкілін жіберді, сондай-ақ Біріккен Араб елдерінің лигасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық ұйымының өкілетті өкіл­дері қатынасты. Бұл - сөз жоқ, Қа­зақ­­стан­ның дүниежүзілік қоғамдастыққа еніп, халық­аралық беделді ұйымдардың белсенді мү­шесі ретінде қол жеткізген зор табысы, халық­аралық дәрежеде саяси айтулы жеңісі болды. Өз алдына мемлекет болғалы бері Қазақстан әлемге орынды бастамашыл­дығы­мен, ширақ қозғалысымен, өсуімен, әділ жол тапқыштығымен танылуда. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше болғандағы біздің басты мүддеміз - еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету еді. 1994 жылдың 6 желтоқсанында Буда­пешт қаласында 55 мемлекет басшысы қатынасқан саммитте АҚШ Президенті Билл Клинтон, Ресей Президенті Борис Ельцин, Ұлыбритания Премьер-Министрі Джон Мэйджер, Украина Президенті Леонид Кучма және Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан қауіпсіздігіне кепілдік келісіміне қол қойды. Осыдан кейін, 1995 жылы дәл осын­дай кепілдікті Қытай Үкіметі де жария етті. 2003 жылы Астанада тұңғыш рет әлемдік және дәстүрлі діндер жетек­шілерінің бірінші съезі өткізілгені белгілі. Дәл осы дәрежеде бір-бірімен жауласпаса да бір-бірін қабылдамайтын діндер өкілдерінің бір дөңгелек үстелдің басында бірге отырып кеңескеніне ең алдымен олардың өздері зор ризашылық білдірді. Осындай кездесуді ұйымдастырып, оны салиқалы, салмақты өткізгені үшін Қа­зақ­стан басшысына деген өз ықылас­тарын көрсетті. Келесі, екінші съездерін де Астанада өткізетін болып келіскендері де Қазақстанға деген зор абыройлы сенім білдіреді емес пе?Әлемдік қоғамдық пікір 2001 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) белсенді жұмыс істей бастағанына назар аударуда. Бұл - шынында да Азия елдері арасындағы сенім және іс-қимыл шараларынан кейінгі мақсаты айқын, мүмкіндігі мол жаңа халықаралық ұйым. Ол БҰҰ-дан қолдау алып, халықаралық ұйым ретінде тіркеліп, мойындалған. Бұл ұйым әуел баста Қытаймен шекаралас ТМД-ның төрт мемлекеті және Қытай арасында шекарадағы сенім шаралары туралы келісімге келуден басталған. Кейін осы форматта бірлесіп, лаңкестікке қарсы күрес ұйымдастыра алатын, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынасты дамы­туға ықпал ететін ұйымның қажеттілігі туындады. Әуелгі бес мемлекет - Қазақ­стан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжік­станға енді Өзбекстан қосылуға қызы­ғушылық білдіріп, ШЫҰ-ға құрылтай­шылары алты мемлекет болды. Қазір ШЫҰ жұмысына Азиядағы басқа мемле­кеттер де зейін қойып, қызығушылық білдіре бастады. Қауіпсіздік бір рет мәңгілікке шешіліп қоятын құбылыс емес. Оны да үнемі үзіліссіз бақылап, қажетті шараларын дер кезінде жүргізіп отыру қажет. Қабыл­данған келісім-шарттардың өзі де бақылауды талапетеді. Қазақстанның әлемдік қоғам­дастықпен қарым-қатынасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауы (1997-2011 жыл)
Қазақстан Республикасының 1991-2000 жылдар аралығындағы саяси өмірі
Жаһандану жағдайы
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында ұлтаралық жарасымды нығайтуға саяси әлеуметтену процесінің ықпалы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық құқықтық мәртебесі
Қазақстанның сыртқы саясаты
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz