Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Салауатты өмір салтын насихаттаудың негізгі принциптері

Орындағандар: Ниязалиев Д.Б

Қабылдаған: Жапарова Ә.Ә.

Жұмыс қорғалды _____ __________2014ж.

Тараз 2014 жыл

ЖОСПАРЫ
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру
2.2.Қазіргі қоғамда жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.
Елбасының Қазақстан - 2030 жолдауында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі - Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты тармағында, ...азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сонымен қатар, бұл стратегиялық бағдарламада: Салауатты, әрі гүлденген экономика құрмайынша біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз- деп Елбасы ойын түйіндейді.
Сонымен, Елбасының жолдауын Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
Салауатты өмір салтын жастардың бойында қалыптастыру мемлекетіміздің Білім туралы заңында білім беру жүйесінің негізі ретінде көрсетілген. Онда ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген.
Салауатты өмір салтының аса қажеттілігі басқа да мемлекеттік ресми құжаттардан көрініс табады. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1997), Қазақстан республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы (1999) және т.б.
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы Қазақстанның болашағы - ертеңгі ұрпағында болғандықтан жастардың денсаулығы халықтың өсімі мен санасын анықтайды. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухты шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет ететін әрекеттер. Ал мұны жүзеге асыру, жас ұрпақтың салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы мен мектепке жүктеледі. Сондықтан, бүгінгі күні Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтатын жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Бүгінгі таңда салауатты өмір салты ұлттық идеяға да айналуы тиіс мәселе. Өйткені қазақ халқында бұл идеяны жүзеге асырудың негізі болатындай Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген белгілі ойшыл Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баяны, Құртқа Сұлтанқожаұлының тәлімдік мұрасы, ұлттың генетикалық тазалығын сақтау үшін жеті атаға дейін қыз алыспауға тиым салған Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы заңдары және Тәуке ханның Жеті жарғысы. Ұлттық идеяға айналатындай салауатты өмір салты бүгінгі күні жан-жақты қарастыруда. Педагогика ғылымында бұл мәселе төңірегінде назар аударатын көптеген зерттеулер жүргізілуде. Қоғамдық жаңару кезеңінде, еліміздегі әлеуметтік-саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезеңінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан жоғарыда аталған зерттеулерді негізге ала отырып, қоғамдағы мектеп, отбасы бала тәрбиесіне, әсіресе салауатты өмір салтын қалыптастыратын тиімді жолдарын іздестіру - заман талабы болып отыр.
Адам өмірінің өзегі - эстетикалық құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - эстетикалық құндылықтар.
Қазақстан Республикасы тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру; сұлулыққа, тазалыққа үйрету міндеті ерекше аталады. Жастардың бойында салауатты өмір салтының қалыптасуына эстетикалық құндылықтардың әсер ететіні сөзсіз. Өйткені, салауатты өмір салты адам табиғатына аса қажетті әсемдікті, сұлулықты, тазалықты талап етеді. Сондықтан эстетикалық құндылықтар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру - ерекше мәселе болып, арнайы зерттеуді қажет етеді.
Эстетиканың негізін құрайтын сезім, ләззат, мұрат, талғам құндылықтары мектептің негізгі білім беру сатысы - жеткіншектік кезең оқушыларының дамуына ерекше ықпалын тигізеді. Зерттеу жұмысы және мектеп тәжірибесі көрсеткендей, жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері дүниенің әдемілігіне, сұлулығына деген қызығушылықтары ерекше көрініс беріп, эстетикалық талғамы мен мұратын дамытуға өз бетінше ұмтылыс, талпыныс жасайды. Осыдан келіп, жеткіншектер өмір салтының мәні мен басты құндылығы - әсемдік пен әдемілікті сезіну болып табылады. Сондықтан да, жеткіншектердің салауатты өмір сүруі үшін эстетикалық құндылықтардың рөліне ерекше көңіл бөлу қажет.

2.1. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру
Адам өмірінің өзегі - эстетикалық құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Сұлулыққа жеткізетін қасиеттер эстетикалық сезім, эстетикалық ләззат, эстетикалық мұрат, эстетикалық талғам, эстетикалық қабылдау, эстетикалық қатынас, эстетикалық пікір, эстетикалық баға және т.б. әсемдік элементтері жатады. Сондықтан, педагогикалық сөздікте: құндылық - адамның ішкі талғамы, сезімі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін этикалық және эстетикалық тәрбиесі"- делінген. Себебі, педагогикада "құндылық" тәрбие арқылы жүзеге асады.
Адамның дүниеге эстетикалық қарым-қатынасы - құндылықтың бір түрі болып табылады. Философтар, әлеуметтанушылардың зерттеу объектісі - адам болғандықтан, олар осы мәселені зерттеумен айналысуға үлкен мән беруде. Мәселен, философ Қ.Әбішев "адам - жоғары құндылық, ол өздігінен-ақ дербес өзіндік құндылық бола алады, өйткені, адам құндылығы өзінде ғана ұсталады. Бұл мүмкіндік тек қана адамда бар. Адам осы мүмкіндікті іс-әрекет арқылы жүзеге асырады"-дейді. Әлеуметтанушы Б.Ерасов - "құндылықтардың пайда болуы, адамның қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекет, бұл белгілі бір мақсатта жүреді - дейді.
Адамзат тарихында үлкен маңызды орын алған адами мәнді қасиеттері бар құбылыс - эстетикалық құндылық болып табылады. Өйткені, адам болмысының басты рухани нысанасы - дүниенің әсемдігін, сұлулығын түсіну және жан сұлулығына ұмтылу болып табылады.
Философиялық сөздікте: эстетика (гр. Aisthetikos-сезіну, сезімдік) - адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым - деп қарастырады.
Педагогика және психология сөздігінде: эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау үшін, адамның эстетикалық түсінігін, сезімін, талғамын қалыптастыру үшін берілетін тәрбие - деп түсіндіріледі.
Бұл қөзқарастан, адамның салауатты өмір салтында әсемдікті, сұлулықты сезініп, оны дамытып отыру қажеттілігін көрсетеді. Осыған байланысты, салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтың рөлін, оның маңыздылығын ашып көрсету үшін, оның құрамдас компоненттеріне эстетикалық құндылық - тек тәрбиеден ғана тұрмайды, яғни ол эстетикалық мәдениет, эстетикалық сезімдер, эстетикалық ләззат, эстетикалық мұрат, эстетикалық талғам, эстетикалық қабылдау, эстетикалық қатынас, эстетикалық пікір, эстетикалық бағадан тұратындығын айтуға болады.
Психология ғылымы - салауаттылыққа жан-дүниенің қалыптасу ерекшеліктерін зерттесе, философия ғылымы - өмір сүру дүниетанымын, медицина ғылымы - денсаулықты сақтау, валеология ғылымы - салауатты өмір сүру салтты қалыптастыруды зерттейді. Тұңғыш рет салауаттылық деген ұғымды психолог И.И.Брехман енгізді. Психолог И.И.Брехман Салалауатты өмір салты - мінез-құлық пен дағдыны ретке келтіріп, өзін-өзі түсіне білу - дейді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: Салауатты сөзінің мәні - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді және сабырлы - деген мағынаны білдірсе, қазақша-орысша аударма сөздікте: салауатты (здравствуй) - сәлеметтік, амандық, салауаттылық мағынаны білдіреді. Бұл түсіндірмелер өз кезегінде салауаттылық сипаттамасын, оны қалыптастыру жөніндегі ұстанымның ауқымын кеңейтеді. Ал, өмір салты, өмір сүру - әлеуметтік категория. Өмір салты - қоғамдық болмыстың, аумағындағы адамдардың іс-әрекеті, маңызды жақтарының жүйесі, жиынтығы. Өмір сүру - адамдардың табиғаттағы және әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас жүйесі, яғни ұзақ өмір сүруге талпындыратын іс-әрекет.
Сонымен, жоғарыда келтірілген анықтамалардан, эстетикалық құндылықтардың мәні салауатты өмір сүруі үшін ерекше маңызға ие екендігі анық көрінеді.
Біздің зерттеуімізге негіз болған ұғым - салауатты өмір салты. Әлеуметтанушы Т.Ж.Нақыпбеков Өмір салты субьектінің әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу тәсілі. Өмір салты арқылы қоғамның экономикалык жағдайын, қоғамдық қатынасын, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейлері көрінеді-деп атап көрсетеді. Ал, ғалым И.Т.Левкина салауатты өмір сүру әркімнің өз мамандығы деңгейінде дұрыс игере біліп, өнімді еңбек етіп, тұрмыс жағдайын түзете отырып, қоршаған ортаға қарым-қатынас жасай білуінде екенін негіздей отырып сипаттайды. Ол: адамның салауатты өмір сүруі - адам мәдениетінің бөлігі, өмір сүру құндылығына байланысты - деп атап көрсетеді.
А.Н.Леонтьев салауатты өмір сүру - өмірдегі өз орнын білу, өмір сүруге ұмтылыс жасау, алдына қойған максатқа жету жолдарынан тұратынын атап көрсетті. Ол өзінің зерттеуін негіздей отырып салауатты өмір сүру категорияларын бөліп көрсетеді: салауатты өмір сүру қалпы, салауатты өмір сүру мәні, салауатты өмір сүру деңгейі, салауатты өмір сүру стилі, салауатты өмір сүру дағдысы. Ғалым: салауатты өмір сүру үшін өмір сүрудің мәнін, деңгейін, қалпын, стилін жеке ұғынып, күнделікті іс-әрекеті мен әрекетінде қолданылса, дағдыға айналары сөзсіз - деп қарастырады.
Жоғарыда келтірілген ғалымдардың көзқарастарын басшылыққа ала отырып, өз анықтамамызды бердік:
Құндылық дегеніміз - адамның өмір тіршілігі барысында жеке қызығушылығы мен қажеттілігінен туындайтын, яғни оны жоғары қоятын бағалы, құнды нәрселер жиынтығы (жеке және әлеуметтік қызығушылығы).
Салауатты өмір салты дегеніміз - жеке адамның жақсы өмір сүруіне қажетті, яғни жан мен тән үйлесімділігін сақтап, оны дамытуға бағытталған құрылымдық жүйе.
Эстетикалық құндылықтар - адам өзінің өмір салтында әсемдік дүниесін жоғары бағалауы, оның тұла бойынан сұлулық, әдемілік қасиеттерімен қатар, эстетикалық компоненттердің бүкіл жиынтығының көрініс беруімен ерекше мәнге ие болатын құндылықтар жүйесі.
Сонымен, оқушының жас ерекшелігіне сай, яғни оның психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, өмірде кездесетін нәрселердің әсемдік, сұлулық жақтарын ажыратып, үлгі-өнеге көрсету, оқушылардың талғампаздығын тәрбиелеу - бүгінгі өмір талабы екенін баса айтуға болады.
Шығыстың ұлы ғұлама ойшыл ғалымы Әл-Фараби Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты? Осыған байланысты, зерттеу жұмысымыздың объектісі - жеткіншектер болғандықтан, олардың психологиялық ерекшеліктері мен тәрбиелеу мәселесі қоғамның қай кезеңі болмасын, педагогтардың, психологтардың зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылып келеді. Біздің зерттеуімізге құнды болған белгілі ғалым Л.С.Выготскийдің көзқарасынша, әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы дағдарыстың басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады. Л.Колбергтің пікірі бойынша, жеткіншектер ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі: біреулері үшін - өмірде ең бастысы кітап пен білім болса, екіншілері, сабаққа деген қызығушылығы төмен, ал үшіншілері, ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Бұл ой ғалым В.А.Крутецкийдің еңбектерінде тұжырымдалады: Жеткіншектік кезең - бұл баланың өмірге деген өз көзқарастарының, сенімділігінің қоғам принциптері мен идеалдарының өз іс-әрекетіне басшылық жасайтын кезеңі болып есептеледі. И.С.Кон еңбектерінде: Жеткіншектік кезеңде өзінің сыртқы келбетін сұлуландыруға, күнделікті өмірде киім киінуінде, шашын, бет-әлпетін көріктендіруге тырысу, яғни сөйлеу және қарым-қатынас стилін саналы түрде өңдеу-деп қарастырады.
Сонымен, ғалымдардың ой-пікірлерін былай түйіндесе болады: жеткіншектік кезеңнің даму ерекшеліктеріне сәйкес, эстетикалық тәрбие беруді аса қажет ететін кезең болып саналады. Бұл қажеттілік жеткіншек өмірінде біріншіден, адамгершілік, азаматтық, көркем шығармашылық - рухани сезімдерінің белсенді дамуымен; екіншіден, өзіндік санасының дамуына байланысты эстетикалық талғамының тұрақтылығымен; үшіншіден, сана-сезімі мен өзіндік санасының даму деңгейіне байланысты эстетикалық талғамы, көзқарасы, бағдары және қажеттілігі біртұтас жүйе болып қалыптасады деп айтуға болады. Осыдан, жеткіншектер өмір салтының мәні мен басты құндылығы - әсемдік пен әдемілікті сезіну болып табылады.
Ғалымдардың зерттеулерінен, жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері мен эстетикалық құндылықтар ұғымдарына берген ғылыми анықтамаларды жинақтай келе, жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың ерекшеліктерін айқындадық (1-кесте).
1-кесте - Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда
эстетикалық құндылықтардың сипаттамасы
Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың мазмұны
Эстетикалық құндылықтарға берген жалпы анықтамалар
Жеткіншектердің салауатты өмір салтында эстетикалық құндылықтар ерекшеліктеріне берген түсініктемелер
1
Эстетикалық ләззат - табиғат, қоғам өмірі және өнер сұлулығын қабылдау нәтижесінде немесе іс-әрекет үстінде адамның рухани дүниесінің тебіреніп, жан рахатына батуы.
Жеткіншектерде эстетикалық ләззат - жеткіншектердің қоғамдық пайдалы іс-әрекетінде және жолдастарымен қарым-қатынас барысында және т.б әлеуметтік қатынастарда көрініс береді.
2
Эстетикалық қажеттілік - организмнің рухани әсемдік дүниесін жақсартатын бір мұқтаждық күй. Ол адамның өзінің эстетикалық мәдениетін арттыру қажеттілігі (кино, театрға бару ).

Жеткіншектерде эстетикалық қажеттілік - олардың өзінің мәдениетін арттыру қажеттілігі, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерге деген қажеттілігі ерекше көрініс береді.
3
Эстетикалық мұрат (идеал) - эстетикалық кемелдіктің (өмірдегі, өнердегі) биік деңгейі туралы және оған жету жолы туралы нақты сезімді түсінік.
Жеткіншектерде эстетикалық мұрат - жеткіншектер өздері пір тұтатын адамдарға еліктей отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі ұқсатуға тырысады.
4
Эстетикалық сезім - объективтік шындықты бейнелегенде оның сұлулығын, әдемілігін, сәнділігін кабылдауда туатын көңіл күйі.
Жеткіншектерде эстетикалық сезім - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың сипаттамасы
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру
Салауатты өмір салты туралы
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Салауатты өмір сүру сапасы
Мотивацияны ынталандырушы әдістер
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Жалпы дене шынықтыру
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау
Пәндер