Өздігінен іздену әрекеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ: 811.512.122

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Утеева Айгерим Мураткалиевна

ПОЭЗИЯ ТІЛІН ӨЗДІГІНЕН ІЗДЕНДІРЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
(СЕРІК АҚСҰҢҚАРҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫ БОЙЫНША)

6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мaмaндығы бoйыншa педагогикалық ғылымдap мaгиcтpi aкaдeмиялық дәpeжeciн aлy үшiн дaйындaлғaн
мaгиcтpлiк диccepтaция

Ғылыми жeтeкшici: Филология ғылымдapының
кандидаты Е.Қасенов

ҚOPҒAУҒA ЖIБEPIЛДI

27сәуір, 2019 жыл, №9 xaттaмa
Филoлoгия жәнe көптiлдi бiлiм бepy инcтитyтының диpeктopы,
ф.ғ.д., пpoфeccop_______________Б.Әбдiғaзиұ лы

Aкaдeмик C.Қиpaбaeв aтындaғы Қaзaқ тiлi мeн әдeбиeтi
кaфeдpacының мeңгepyшici, ф.ғ.д., пpoфeccop__________ Қ.Ө.Eceнoвa

Ғылыми ceминap төpaғacы
ф.ғ.д., дoцeнт _______________ Н.Ильяcoвa

Aлмaты, 2019
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 бөлім. Өздігінен іздендіре оқытудың теориялық мәселелері
1.1 Өздігінен іздендіре оқытудың теориялық-әдіснамалық негізі ... ... ... ...6
0.2 Өздігінен іздендіре оқытудың психо-педагогикалық негізі ... ... ... ... ..15
1.3 Өздігінен іздендіре оқытудың дамытушылық сипаты ... ... ... ... ... ... 23
2 бөлім. Поэзиялық туынды тілін өздігінен іздендіре оқытудың әдістемелік негізі
0.1 Көркем туындыны өздігінен іздендіре оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
0.2 Көркем туынды тілін өздігінен іздендіре оқытудың әдіс-тәсілдері ... ...39
0.3 Поэзия тілін өздігінен іздендіре оқытуда қолданылатын жаттығу-тапсырмалар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
0.4 Поэзиялық туындыны өздігінен іздендіре оқытуға қатысты ұсынылатын жаттығулар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
0.5 10-сыныпта поэзиялық туынды тілінің ерекшеліктерін өздігінен іздендіре оқыту экспериментінің қорытындылары мен нәтижелері ... ... .77
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..83
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .85

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әлемнің дамыған елдері қатарынан бекем орын алуда білікті жастар тәрбиелеп өсіру - мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Осымен байланысты бүгінгі мектеп, колледж сынды білім беру мекемелерінде жүргізілетін әрбір пән арқылы берілетін білім оқушының өмір қажеттілігін шешуіне, қоғамды дамытатын тұлға болып өсуіне қызмет етуі тиіс. Бұл орайда білім алушы үшін ең бастысы - оқу-білім. Білімділік - пән материалдарын теориялық тұрғыдан меңгеруімен ғана шектелмейді, оқушы меңгерген теорияны өмір сүру жолында қолданыла алу, өзін-өзі таныту, қоғамдық ортамен тіл табыса білуге жұмсай алуы қажет. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің даму тұжырымдамасында: Білім берудің басты мақсаты - оқушының білім алуына, өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету, өзін таныту, әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді қалыптастыра отырып, дара тұлғаның қабілеттерін дамыту, - деп анықталған[1, 14 б.].
Жеке тұлғаның қабілеттерін дамытып, жетілдіруде көркем шығарманың мәні басым, маңызы ерекше болып табылады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытылатын көркем шығарма, оның ішінде поэзиялық туынды арқылы алынатын негізгі білім - өлең сөздің мән-мағынасын түсіне білуге, сөздерді қисынды байланыстыруға, оны орынды жұмсай білу қабілеттерін дамытуға бағытталады. Мұндай мақсатқа поэзиялық туындылардың тіліндегі тілдік бірліктерді балалардың сөйлеу, жазу тілін дамытатын құрал ретінде меңгерту нәтижесінде қол жеткізуге болады. Ал поэзияны өздігінен іздендіре оқыту осы мақсаттарды жүзеге асыруымен маңызды.
Поэзия - қай дәуірде де, қай заманда да адам көңіл-күйінің буырқанған, босаңсыған, қайрат шақырған, қамыққан, қайтадан рухтанған, өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені. Қазіргі қазақ поэзиясының саптағы сарбаздары қатарында Кеңшілік Мырзабеков, Жарасқан Әбдірашев, Нұрлан Оразалин, Исраил Сапарбаев, Жүрсін Ерманов, Ұлықбек Есдәулетов, Серік Тұрғынбеков, Жәркен Бөдешов, Дәуітәлі Стамбеков, Иранбек Оразбаев, Тыныштықбек Әбдікәкімов сынды жарқын үнді ақындарымыз бар. Осы ақындар қатарында Серік Ақсұңқарұлының да шығармашылығы қазіргі қазақ әдебиетінің төрінен үлкен орын алып отыр. Сондықтан да ақынның ойлау жүйесіне тән ерекшеліктерді оқушыға өздігінен іздендіре оқытудың маңызы зор екендігі анық. Ақын Серік Ақсұңқарұлы поэзиясын өздігінен іздендіре оқыту, өздігінен жұмыс жасату арқылы баланың ойы тереңдеп, дүниетанымы кеңейеді, өзіндік пікір, көзқарасы жетіліп, оны жеткізу тілі дамиды.
Қазіргі қоғам сұранысына сай ойы терең, сөйлесім әрекеті жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуде ақын Серік Ақсұңқарұлы поэзиясын өздігінен іздендіре оқытудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерделеу магистрлік диссертация тақырыбының өзектілігін танытады.
Зерттеу нысаны - жалпы орта білім беретін мектептерде поэзия тілін өздігінен іздендіре меңгерту үдерісі.
Зерттеу пәні - жалпы орта білім беретін мектептердегі көркем туынды тілін өздігінен іздендіре оқытудың әдістемесі.
Зерттеу мақсаты - Білім беру үдерісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отырып, өздігінен іздендіруге қатысты ұтымды әдістемелік жүйе ұсыну.
Аталған мақсатқа сәйкес зерттеу міндеттері:
* Сыныптан тыс оқытуда оқушылардың өздігінен ізденіс жасау қабілетін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін айқындау;
* Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға көркем туындыны өздігінен іздендіре оқытудың тигізетін әсерін анықтау;
* Сыныптан тыс оқытуда өздігінен іздендіре оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру;
* Сыныптан тыс оқытуда өздігінен іздендіре оқытуда орындалатын жұмыстар жүйесін анықтау;
* Өздігінен іздендіре оқытудың оқушылар бойындағы танымдық-ізденімпаздық белсенділіктеріне ықпалын анықтау;
* Өздігінен іздендіре оқыту жолдарының әдістемесін жасап, оны эксперименттік тексеруден өткізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Көркем туынды тілін өздігінен іздендіре оқытудың ғылыми-теориялық негізі мен әдістемелік жүйесін бірізді етіп, орындалатын жұмыстар мен жаттығулар және оны іске асыратын әдіс-тәсілдерді тәжірибеде жүзеге асырғанда, оқушының өздігінен ізденіп, өз бетінше ойлануға, ой қорытып, өзіндік пайым білдіруге, шешім қабылдауға үйренуіне мүмкіндік болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі. Зерттеу жүргізу барысында оқытудың жаңа технологиялары туралы озық ойлар мен пікірлер, жинақталған тәжірибелер ескерілді. Психология мен педагогика және лингвистика ғылымдарының білім берудегі соңғы жетістіктері және ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектер мен оқулықтар, оқу құралдарындағы білім беру технологияларының теориялық-практикалық қағидалары басшылыққа алынды.
Ғылыми-зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбына сәйкес психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; бақылау; сипаттау, салыстыру, жүйелеу, әңгіме жүргізу; өздігінен іздендіру жағдайындағы оқыту үдерісін бақылау, қорыту, сауалнамалық әдістер қолданылады.
Зерттеу кезеңдері: 1-кезең (2017-2018 жж.) Бұл кезеңде тақырыпқа байланысты философиялық, педагогика-психологиялық, әдістемелік әдебиеттер талданып, жұмыстың теориялық негізі анықталды. Мектеп мұғалімдерінің тәжірибесіндегі жаңа технологиялардың қолданылу аясына бақылау жүргізілді. Поэзиялық туындыларды теориялық зерттеулерге байланысты эксперименттік материалдар дайындалды.
2-кезең (2018-2019 жж.) Негізгі бөлімдегі тақырыптар жүйеленіп, талқылауға ұсынылды. Сыныптан тыс оқытуда поэзиялық туынды тілінің ерекшеліктерін өздігінен іздендіре оқытудың тапсырмалар жүйесі түзілді. Зерттеу барысында тұжырымдалған негізгі қағидалар бойынша эксперимент нәтижелерінің қорытындылары тұжырымдалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу негізінде мынадай мәселелер шешімін тапты:
* өздігінен іздендіре оқытудың теориялық негіздері айқындалып, оның мәні мен мазмұны нақтыланды;
* сыныптан тыс оқытуда көркем туынды тілін өздігінен іздендіре оқытудың психологиялық, педагогикалық негіздері анықталды;
* сыныптан тыс көркем туынды тілін өздігінен іздендіре оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалды;
* көркем туынды тілін өздігінен іздендіре оқытуға бағытталған тапсырмалар жүйесі ұсынылып, тәжірибеден өткізілді.
Зерттеу жұмысының дереккөзі: Зерттеу жұмысын жазу барысында С.Ақсұңқарұлының "Адам-Ата мен Хауа Ана" (2000) атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеу жұмысында жасалған ғылыми ой-түйіндер, қорытынды нәтижелер әдістеме ілімінің теориясын толықтырады. Сондай-ақ әдістеме бағытында ғылыми ізденістер жүргізу барысында теориялық тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелері орта мектепте, колледждерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың сапасын арттыруға, дамытуға көмегін тигізеді. Мектеп оқушыларына оқу кешендерін дайындауда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жарияланымы. Диссертацияның негізгі мазмұнына байланысты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты студенттері мен магистранттарының 72 ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасалып, республикалық журналдарда 2 мақала жарияланды. Атап айтқанда: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институтының студенттер мен магистранттардың дәстүрлі 72 ғылыми конференциясының жинағында Серік Ақсұңқарұлы шығармашылығының зерттелуі және Филология ұстанымы журналында Оқушыны өздігінен іздендіруге баулудағы дамыта оқытудың рөлі атты мақала жарияланды. Сондай-ақ 2018 жылы Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің ұстаздарына арнайы өткізілген семинарда баяндама жасалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 бөлім. Өздігінен іздендіре оқытудың теориялық мәселелері

5.1 Өздігінен іздендіре оқытудың теориялық-әдіснамалық негізі
Даму - өмірдің заңдылығы болғандықтан уақыт өткен сайын адамның тұрмысы да, ой-санасы да жаңарып отыратындығы анық. Бұл туралы қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов: Заман озған сайын әлеумет те өзгеріп отырады, содан адамның қылығы да өзгереді - деп тұжырымдайды [2,18]. Ал оқытуда саналы да сапалы білімге жетудің негізгі тетігі - әр оқушының жеке дара ерекшеліктеріне сәйкес, ынта-қызығушылығын оята білуде болса, оқыту мәселесі, оның заман талаптарына жауап беруге лайықтылығы - күрделі дидактикалық мәселе. Ж.Аймауытов пікірінде айтылғандай, білімдендіру - баланы кітаби әсерге елітпей, оны өмірлік айқын бағыт-бағдарға баулуы қажет. Ол: "Оқушыға ғылым негіздерін, ұлағатты тәлімді ұғындырумен қатар, алған білімді тәжірибеде пайдалана білу - білімдендіре білудің басты мақсаты. Балаға жалаң білім беру, оның миын сан алуан (кейде керексіз) мағлұматпен тығындап толтыра беру - баланың ақыл-парасатын өсіреді деу қате", - дейді [2,30].
Оқытудағы мақсат - білімді оқушы ғана тәрбиелеу емес, рухани және материалдық интеллектілік пен сезімдік қасиеттері айқын аңғарылатын, өзіне де, айналасындағыларға да адами көзқараспен қарай білетін ізгілікті, ақылды, өзіндік пікірі бар дара тұлға қалыптастыру. Жүйелі білім беру дегеніміз үнемі ізденіс дегенді ғылыми жұмысымыздың өзекті мәселесі етіп алып, саналы білім игертудегі маңыздылығын ашып танытуды мақсат тұттық [3, 30].
Еліміздің егемендік алуы қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласындағы демократияландыру мен ізгілендіру мектептегі дағдарыстардан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі - білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, т.б) жаңаша ойлау қалыптасты. Оқу үдерісіне жаппай жаңа технологиялар енуде. Осы тұрғыдан келгенде, білімдегі басты мақсат - әдіс-тәсілдер мен жаңа оқулықтар ғана емес, сапалы білім беру.
Көрнекті дидактика ілімінің өкілі Б.П.Есипов: "Дүниетаным сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікте болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес; ғылымның ақиқаттығы мен анықтығы тек сезім арқылы дәлелденеді; түйсік дегеніміз - адал жетекші ой және зейін, сезім мүшелерімен қабылданған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады", - деп тұжырымдайды [4, 83]. Ендеше, сапалы білім нәтижесі оқушының сезіне қабылдау түсінігінде тұр. Білім беруден бұрын игеретін пәні бойынша білімнің қажеттігін сезіндіру керек. Сонда білім шынайы бойға сіңеді. Оқушы білімнің маңыздылығын сезінеді. Жалпы, оқушылар өзінің ой-әрекетінің дамып отырғанын үнемі сезініп отыруы тиіс. Танымдық ізденімпаздықты дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін қалаған Я.А.Коменский де: "Таным бастамасы - сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой-өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды" - деп көрсетеді. Оқытуда анықтама, ереже жаттату емес, сол анықтама, ережеге бақылау, зерттеу арқылы оқушы өзі жету керек. Сөйтіп, шәкірт ойын, шығармашылық қабілетін дамыту қажет. Ғалым "мен өз шәкіртімнің әрқашан да өз бетінше бақылауын, практикада өздігінен тұжырым жасауын дамытуды білім берудегі негізгі жетістікке жету құралы ретінде қарастырамын", - деген пайымдау жасайды [5,7]. Оқытудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру болып табылады. Ол "Ұлы дидактика" еңбегінде: "Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет" - деп алған білімінің шынайы өмірде қолдана білу дағдыларының қалыптасуының маңыздылығына ерекше мән береді [5,7]. Өздігінен іздене оқытудың басты идеясы - оқушының білімін өз бетімен іздендіре отырып, жетілдіру. Аталған ұғым поэзиялық туынды тілінің ерекшеліктерінің түсіндірме сөздігінде: өздігінен - өз бетімен, өзінше, ешкімнің көмегінсіз, өз бетімен, өзі істейтін, өзіндік - деген мағынамен түсіндіріледі [6, 506-507].
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: өздігінен сөзі өздігінен білімін жетілдіру, яғни жеке адамның өзі басқаратын мақсатты, танымдық іс әрекеті - деген түсініктеме беріледі [7, 167 б.]. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде: совершаемый собственными силами, без посторонних влияний, без чужой помощи - деп берілген [6, 605]. Педагогикалық әдебиеттерде өздігінен сөзі өз бетімен орындалатын жұмыс мәнінде қолданылады. Мәселен, В.П.Беспалько "өздік жұмыс" ұғымын адамның белгілі бір жұмысты өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауы деп біледі[9].
П.И.Пидкасистый өздік жұмысты оқушының танымдық ізденімпаздығын арттыратын құрал ретінде қарастырады. Оның пайымдауынша, өздік жұмыс - бұл оқытуды ұйымдастырудың формасы да емес, оқытудың әдісі де емес, ол оқушының алдына қойылған мақсатқа сәйкес белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы[10, 51].
Б.П.Есиповтің тұжырымына жүгінсек, "Оқушылардың өздік жұмысы мұғалімнің тікелей қатысуымен емес, бірақ оның белгілі уақыт мөлшеріне есептелген тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыс. Бұл кезде оқушылар өздерінің ой-өрістерін және іс-әрекеттерін қорытындылай отырып, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады" [11]. Н.Д.Никандров өздік жұмыс деп оқытушының бағыттауы және ұйымдастыруымен, тапсырманы студент өз бетімен орындауын айтады. Екі түрлі ұғымды көрсетеді: өздік жұмыс және өздігінен білім алу. Өздігінен білім алу - ешкімнің қатынасынсыз студенттің өз бетінше жұмыс істеуі деп есептейді [12]. В.К.Буряктың көзқарасы мүлде басқаша, ол өздік жұмыс студенттердің ойлау қабілетін дамытып, олардың белсенділігін және танымдық бағдарын, өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастырып, білімдерін тереңдету жолдарын қарастырады. Өздік жұмыстың мағынасын сипаттауда ол студенттердің ішкі ойлау үдерісінің ерекшеліктерін ескеру керек екендігін ұсынады [13]. Сондықтан өздік жұмыстың тапсырмалары өзін-өзі тексеруге апаратын студенттер мен оқушылардың талдау-толықтыру процесі түріндегі ойлау мүмкіндігін туғызады. Өзін-өзі тексеру барысында білімді игеруші студенттер мен оқушылар осы процесті қайтадан қарастырады.
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын талдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білу білім іздеуші студенттер мен оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастырудың алғы шарттары болып есептеледі.
Өздігінен танудың даму проблемасын зерттеушілердің бірі И.Я.Лернердің топшылауынша, өздігінен тану - индивдтің өзінің танымдық әрекетін өз күшімен ұйымдастыра білу және оны жаңа танымдық мәселелерді шешуде іске асыра білу. Ғалым зерттеуінде өздігінен тану "оқушының интеллектуалдық қабілеті және оның өздігінен оқуына мүмкіндік беретін икемділігі" деп те анықталады [14, 9]. Г.М.Коджаспирова өз еңбегінде өздік жұмысты іздену сипатындағы қарапайым тапсырмадан күрделі тапсырмаларды оқушының өз бетінше орындауы, өзін-өзі қорытып, бақылауы және түзетуі - деп тұжырымдайды [15, 139].
Әлбетте, мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ оның жетекшілігімен орындалатын танымдық оқу әрекеті оқушының жадында мәңгі сақталмақ. Жоғарыда аталған ғалымдардың баршасы да өздігінен іздене жасаған жұмыс оқу материалын оқушылардың саналы меңгеріп, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік ойы бар тұлға болып өсуіне негіз болатынына баса мән береді. Сондай-ақ бұл мәселе педагог-ғалымдар А.Е.Әбілқасымова мен Р.С.Омарованың "Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері" еңбектерінде өте жақсы көтерілген [16].
Көптеген еңбектерде оқушыларды өздігінен жұмыс жасату мәселесі көтерілгенімен, ол тағы да пәндік теорияны меңгертуден аспаған. Ондағы көзделетін мақсат - "өздігінен жұмыс жасату" ғана. Нақтылап айтсақ, өздігінен жұмыс жасату арқылы тақырыпты игерту. Ол белгілі бір оқытудың әдіс-тәсілі ретінде немесе оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде, тіпті оқушы, студенттердің өздігінен білім алуға дайындығының негізі ретінде сипатталады. Кейбір зерттеушілер өзіндік жұмысты оқушылардың интеллектуалдық, жігерлілік және кәсіптік сапаларын дамытатын оқу бағдарламасында қарастырған, оқылатын материалдың мазмұны және қажетті көлемін игерудегі оқытудың жеке-жеке түрлері ретінде алынады. Баланы өмірге икемдеу, сөйлеу дағдысын ұштау, тіл табыса білу, алған білімді өмірлік ісіне жарату тыс қалып қояды. Ал "өздігінен іздене" жұмыс жасатуда көзделетін нысана - нәтижеге жетудегі жолды іздету, ойлап тапқызу, шығармашылық оймен шұғылдандыру. Ал ізденімпаздық ұғымы еңбекқорлық, талапшылдық мағынасында түсіндіріліп келеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ізденімпаздық сөзінің мағынасына бір нәрсені ашып білу үшін профессионалдық біліммен қоса үлкен тәжірибе, ізденімпаздық талап керек деген мысал келтірілсе, іздендіру сөзінің мағынасын шәкірттерді ойландырар проблемалы сұрақтар қойып, оларды өзі ізденетін іске қосу; оқушылардың тоқырап бір орнында тұрып қалмай, творчестволық оқу, іздену жолында болуы деген мысалдар арқылы ашады [6, 425-426]. Қазақша және орысша сөздікте ізден 1) заниматься поискам. 2) быть пытливым (любознательным, быть занятым поисками) деп беріледі. Бұл сөздікте төрт түрлі мысал келтіріледі. Барлығы да "поиск" мағынасын білдіреді [17]. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде "Ізденіс" - іздеп табуға ұмтылу, талаптану ісі деп айқындалады[6, 425-426]. Іздену ұғымы дидактикалық әдебиеттерде эвристикалық, зерттеушілік әдістермен байланыстырылады: частично-поисковый (эвристический) метод обучения - метод подготавливающий школьников к самостоятельной исследовательской деятельности [18 ,319]. Частично-поисковый (или эвристический), исследовательский-поисковая творческая деятельность учащихся по решению новых для них проблем [19, 319]. Метод получил названия частично-поиского, потому что учащиеся не всегда могут самостоятельно решить сложную учебную проблему от начала до конца [20, 277], ішінара ізденіс (тапқырлық) методы [21, 83], частично-поисковый метод [22, 51], частично-поисковый: эвристическая беседа, диспут [23,135]. ХҮІІІ-ХІХ ғасыр педагогтары Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский оқушыларды өзінше ойлату [24], зерттеу ізденістеріне бейімдеу - деп көрсетеді [25]. Яғни өздігінен іздендіру деген өздігінен жұмыс жасату арқылы іздендіру дегенді білдіреді. Жалпы алғанда, таным, танымдық ізденімпаздық, өздігінен жұмыс, өздік жұмыс, өзіндік іс-әрекет, өздігінен тану, өздігінен іздендіру ұғымдарына берілген анықтамалар мен ғалымдар топшылауларына қарағанда, біздің ойымызша, бір-бірімен тікелей байланысты екендігін көруге болады. Олар бірін-бірі толықтырып отырады. Жалпы ұлттық танымда, ізденімпаздық - өздігінен білім алуға жетелейтін өзіндік таным еркіндігі дегенді білдіреді. Сол себепті, "іздену" мен "ізденімпаздықтың" беретін мағынасы бағыттас болып келеді. Танымдық ізденімпаздық ұғымының мазмұнына ізденушілер түрліше мағына береді. Біреулері танымдық ізденімпаздықты "шәкірттің ақыл-парасат қабілеті және оның өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін бейімділігі ретінде қарастырса, екіншілері танымдық ізденімпаздықтың мәні мектеп оқушысының білімді игеруде өз күшімен талпына білуінде, яғни қабілеті мен ұмтылысында деп біледі. Ал үшіншілері танымдық ізденімпаздық ұғымын білім мен іс-әрекет тәсілдерін өз күшімен игеруге ұмтылысынан көрініс табатын жеке тұлғаның қасиеті ретінде бағалайды. "Өздігінен ізденуді" "танымнан" бөліп қарастыру мүмкін емес. Себебі оқытудағы басты мақсат - оқушының танымдық қабілетін қалыптастыру және арттыру. Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік пен ізденімпаздық қалыптасады.
Философиялық сөздікте "Таным - іс-әрекетінің адам мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Ой еңбегі мен дене еңбегі арасында қарама-қарсылық бар жерде шығармашылық жаңалық ашушы және тудырушы. Іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы" делінген [26].
Танымның диалектикалық-материалистік теориясы практикалық қызметті танымның негізі және білімнің ақиқаттық критерийі ретінде қарастырады. Таным ұғымы адамның кез келген объектіні тануда жай сырттай сезіммен қабылдамай, оны түйсіне отырып өңдеуі мен пайдалануда үйреншікті тәсілдерімен толықтыруы және сол объект адам әрекетінің мақсаты болып қалуы. Объектіні өңдеуде сезімдік-тәжірибелік қызметін арнайды. Олар түйсіну, қабылдау, түсіну, т.с.с. формалар арқылы жүзеге асады. Поэзиялық туынды тілінің ерекшеліктерінің сөздігінде "таным - ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім" деп беріледі. Танымдық - танып білуге қатысты, танымға тән деп анықталған. Берілген анықтамалар мен жоғарыда айтылған ізденушілер пайымдары астарлас байланыста екенін байқауға болады. Яғни, танымдық ізденімпаздық - адамның орындаушылық пен жаттандылыққа қайшы, алдындағы мақсатқа өзінің білімі арқылы ақиқат жолмен өздігінше іздене отырып, тартынбай еңбектеніп жетуі. "Өздігінен іздену" де берілетін білімді орындау мен жаттау емес, оны өмірлік қажеттілік деп санап, ақиқат түрде қызыға ұмтылыспен оқып меңгеру. Яғни, оқушы поэзиялық туынды тілінің ерекшеліктерін тануда тілдік бірліктердің аты мен өзіндік белгілерін біліп қана қоймай, оны сөйлесім (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) әрекетіне бейімдей меңгеруі тиіс. Олар пәнді оқуда сөйлесім қабілеттерінің артқандығын сезінулері қажет. Сонда пәнге деген қызығушылықтары қалыптасады, нығая түседі. Білім нақты болу үшін оны өзі бақылап, нәтижесіне өзі жетуі қажет. "Өздігінен іздену" - оқып меңгеретін тілдік бірліктердің анықтамасына, қызметіне өз тарапынан зерттеу арқылы жетуді қамтамасыз ететін оқытудың міндеті. Ал "өздігінен іздендіру" деп тіркестіре алудағы себебіміз оқушының өз бетінше жұмыс істеп, өздігінен білім алуы олардың ізденуіне әкеледі. Мұндай қорытынды А.С.Мұстаяпова мен Р.Ш.Садықова еңбектерінде қолдау тапты [27], [28].
Осы тақырыпта құнды пікірлер айтқан И.Я.Лернер, Н.А.Паловникова, Т.И.Шамова, М.И.Махмутов және т.б. болды. Зерттеулердің түрлі авторлары оқудағы танымдық ізденіс мәселесін іс жүзінде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсетті. Студенттердің танымдық ізденімпаздығының құрамдас бөліктерін Ю.К.Бабанский, Л.И.Божевич, А.Н.Леонтьев, А.К.Маркова, С.Л.Рубинштейн және т.б. терең зерттеді. Оқыту әдістемесін, танымдық ізденіс мәселелерін зерттеуге еліміздің бірсыпыра ғалымдары ат салысты. Олардың қатарында А.Е.Әбілқасымова, Н.Көшекбаев, Т.С.Сабыров сынды ғалымдарды атай аламыз. Өздік жұмыстың танымдық ізденімпаздықты дамытудағы рөлі туралы аталған ғалымдар еңбектерінде барынша жақсы айтылады. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесін көтерген А.Е.Әбілқасымова мен Р.С.Омарова еңбегінде танымдық ізденудің түп тамыры сонау көне замандардан бастау алғандығын көрсетеді. Зерттеушілер пікірлерінен оқытуды ізденімпаздыққа құру баланың қарымды, туған елі мен туған жері үшін күресе білетін терең ойлы, білікті болып тәрбиеленіп шығуына мүмкіндік беретінін байқау қиын емес. Ғалымдар оқушылардың ізденімпаздығын дамыта түсу үшін оқыту әдісінің жалпы психологиялық қайнар көзін іздейді, сол арқылы ғана адамның дамуы жүзеге асады. Олар адамның әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті - бұл оның бақылаулары нәтижесінде қалыптасқан ой-өрісінің жемісі деген түйінге келеді. Ондағы мұғалімнің рөлі ерекше екендігін де атап көрсетті. Ізденімпаз тұлға моделі төмендегі кестеде берілген (№ 1 сурет).
Өздігінен ізденіп, білімін толықтырып, өзін-өзі жетілдіретін адам - ізденімпаз адам. Ізденімпаз сөзінің түп-төркіні бір нәрсені табу үшін әрекет ету, іздестіру, бір нәрсені білуге тырысу, талпыну, талаптану деген ұғымдардан шығады.

№ 1 сурет. Ізденімпаз тұлға қалыптастыру моделі
Ізденімпаз тұлға қалыптастыру
Ізденімпаз тұлға қалыптастыру

танымдық қызығушылық
танымдық қызығушылық
өздік зерттеушілік жұмыстар
өздік зерттеушілік жұмыстар
белсенділік
белсенділік


Белсенді оқыту әдістері
Белсенді оқыту әдістері
өздік жұмыс түрлері
өздік жұмыс түрлері

дидактикалық ойландыру ойыны
дидактикалық ойландыру ойыны
жобалау
жобалау
проблемалық
проблемалық
эвристикалық
эвристикалық
- жобалар жасау;
- бақылау жұмысы
- тілдік талдау жасау
- графикалық сызбалар құрастыру (грамматикалық кесте, диаграмма т.б.)
- ғылыми-зертеу жұмыстарын жүргізу (мақала, реферат, баяндама т.б.)

- жобалар жасау;
- бақылау жұмысы
- тілдік талдау жасау
- графикалық сызбалар құрастыру (грамматикалық кесте, диаграмма т.б.)
- ғылыми-зертеу жұмыстарын жүргізу (мақала, реферат, баяндама т.б.)



Нәтиже:
Шығармашылық, құзіретті тұлға қалыптасуы
Нәтиже:
Шығармашылық, құзіретті тұлға қалыптасуы




А.Е.Әбілқасымова Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру атты еңбегінде белсенділік пен ізденімпаздық категорияларының ара жігін ашып көрсетеді: ... белсенділік пен ізденімпаздық ұқсас категориялар емес, сонымен бірге бұл ұғымдардың ортақ белгілері де бар (өз бетінше әрекет етуге ұмтылушылық, т.б.), ал ізденімпаздық белсенділік белгілерінен тұрады, өйткені өмір шындығының белгілі бір жақтары қатынаспен сипатталады. Бейнелеп айтқанда, жеке адамның белсенділігі дегеніміз - серпінді ізденімпаздық, ал ізденімпаздық - тұрақты белсенділік [29,14]. Мұндағы мәселе ізденімпаздықтың белсенділік категориясымен тығыз байланыстылығы. Ал белсенділік - тиімді оқыту әдістері негізінде туындайтын әрекет. Тәжірибеде тиімді әдістер біртұтас жүйе ретінде қолданылды, тиімділігі жоғары нәтижелер негізінде дәлелденді.
Ы.Алтынсариннің айтуы бойынша, оқытудың жеке әдіс-тәсілдерінің өзі баланың білімге құштарлығын оятып, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне, ойлана білуіне әкелуі қажет. Алтынсарин оқыту міндеттері ретінде оқушының ақыл-ой әрекетін дамытуды көздеді [30,226].
Танымдық ізденімпаздық жайлы зерттеген авторлар еңбегін саралап қарасақ, оның дамуы туралы идеялар оқулықтарда, сондай-ақ алдыңғы қатарлы педагогтар практикасында көрініс бергенімен, патшалы Ресейдің орта және бастауыш оқу орындарында түсіндіру, иллюстриативті оқыту догмалық сипат алды. Бұл мәселелер С.Т.Шацкий, Н.А.Константинов, В.И.Медынский, М.Ф.Шабаева, М.Н.Скаткиннің зерттеулерінде айқын көрінеді.
Қазан төңкерісі оқу-тәрбие жүйесінің қайта құрылуына алып келді. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ жаңа адамды тәрбиелеуде жаңаша оқыту әдістемесінің қажеттілігі арта түсті, сондықтан оқу үдерісінде бұл кезеңде танымдық ізденімпаздықты дамыту мақсатына негізделген оқыту әдістемелері пайда болды. Көптеген ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері еңбектерінде оқыту үдерісіндегі оқушының танымдық ізденімпаздығын дамыту мәселелері көтерілді деген ой байқалады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында оқу үдерісіндегі бұл екпін оқыту теориясы мен жеке әдістемелердің дамуына үлкен әсерін тигізген. Мәселен, оқушының танымдық ізденімпаздығына әсер ететін түрлі жаттығулары бар орыс тілді оқулықтары пайда болды. Алайда бұқаралық мектепте 1950 жылдарға дейін догматизмнің үлесі басым болған, онда көрнекі құралдармен түсіндіріліп оқытылған. 1950 жылдардан бастап, ғылыми-техникалық революция табыстары мен мектептің өмірімен байланысының нығаюы сияқты факторлар әсерінен дидактар мен әдіскерлердің танымдық ізденімпаздықты дамыту теориясына деген ықыласы қайтадан күшейе түсті.
Ғалым Б.П.Есиповтың пікірінше, оқушының өздігінен іздену жұмысы мұғалімнің педагогикалық міндеттерді шешуіне, атап айтқанда,
а) оқушылардың білімді игеруі мен түсінігін кеңейтуге;
ә) оқу бағдарламасында көрсетілген дағды мен іскерлігінің дамуына (соның ішінде түрлі білім көздері арқылы өз бетімен білімді игеріп, оны терең ұғыну);
б) алған білімін өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте, өндірісте қолдана білуге;
в) олардың танымдық ізденімпаздығын дамытуға (бақылау, логикалық ойлау, шығармашылық белсенділік және т. б.);
г) ақыл-ой мәдениеті мен дене еңбегі мәдениетін дамытуға оқушының өзіндік жұмысы арқылы белгіленген мақсатқа жетуге;
ғ) алдағы уақытта да оқушының өз бетімен нәтижелі жұмыс істей білуіне көмектеседі [31,63].
Қорыта келгенде, зерттеушілер пікірін жинақтай келсек, өздігінен іздендіре оқыту - оқушының білімді жаттап, орындауы емес, тәжірибеде қолдана аларлықтай өз бетінше іздене мақсатты саналы меңгеруі. Яғни, оқушының өз зерттеуі, бақылауы арқылы жинаған білімі. Оны оқытудың міндеті деп те табуға болады. Оған мүмкіндік жасайтын мұғалім. Оқушының ізденуіне мұғалім жетекші сұрақ-тапсырмалар арқылы жетелейді. Нұсқаушы болады. "Өздігінен іздендіре" оқытудың мәні мен маңызы да баланың білімді қажет етуінде. Ол білім алу арқылы өзінің дамығандығын сезінеді. Білімді өмірлік қажеттігім деп қабылдайды. Сөйтіп, білімге деген құштарлығы молаяды. Қазақ тілі пәнін оқып білуде оқушы тілдік бірліктерді тануымен терең ойлауға, ойын мазмұнды жеткізе сөйлеуге, ой бөлісіп, пікірлесуге, яғни, қарым-қатынасқа түсуге ыңғайланып тәрбиеленеді.
Жалпы өздігінен іздендіре оқытудың ерекшелігі төмендегіше сараланады:
* мұғалім тапсырманы орындауды міндеттемейді, сол білімді қажет ететіндей өзектендіріп тапсырма құрастырып, ұсынады;
* оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады;
* оқушылардың шығармашыл, өмірдің ағымына икемді эмоционалдық жағдайын қалыптастырып, жандана түсуге шақырады;
* мұғалім кординаторлық қызметті атқара отырып, ойлау мен талпынысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық ізденушілігін арттыра түседі;
* оқушы өзіндік пікір-түйіндер жасап, қорытынды жасай алу деңгейіне жетеді;
* әр оқушы әрекетке еніп, өз қажетін ала алады;
* оқушының өз ойын ортаға салып талқылай алу, пікірін білдіру мүмкіндігі туындайды;
* оқуға деген құлық пайда болады;
* ой бөлісіп, еркін ой, сөз таластыру мүмкіндігі алға шығады;
* белгілі тақырып шеңберінде ғана тоқталып қалмайды;
* оқушының қызығушылығы, өмірлік тәжірибесі есепке алынады;
* ұжыммен, көпшілікпен бірлесе жұмыс жүргізу, қарым-қатынасқа түсу қабілеттіліктері қалыптасып, арта түседі.
Сонымен, өздігінен іздендіре оқыту әдісі қандай ерекшеліктерімен сипатталады. Ең алдымен, өздігінен іздендіре оқыту - өздік жұмысын орындау ауқымынан кең дидактикалық категория. Өздігінен іздендіре оқыту - дамыта оқыту жүйесінің бір тармағы. Мұның негізі - тұлғаның өз бетімен іздену сипатында болуы.
Өздігінен іздендіре оқыту - шығармашыл тұлғаны қалыптастыру негізі, оқушы оқу материалдарын өз бетімен талдап, қойылған қайшылықты мәселелерді шешуде өз бетімен қосымша оқу материалдарын тауып, бақылап, зерттеп, шығармашылық ізденіспен өзіндік зерттеуі, қорытынды жасауы, нәтижеге жетуі. Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте өзін-өзі жетілдіруді төмендегідей түсіндіреді: Самооброзование - объязательный компонент современного школьного обучения. Оно может развиваться как сопуствующее обучению, расширяя, дополняя, углубляя изучаемый материал, а может быть и автономно по отношению к обучению, включаясь в изучение новых, не представленных в учебном заведении курсов [66, 252], яғни өздігінен іздендіре оқытудың мәні - оқу материалын жан-жақты, толық, терең меңгеру.
Өздігінен іздендіре оқыту оқушының оқу материалын кең көлемде, терең меңгеруіне, жинақтаған білімін өмірде қолдана білуге, өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге мүмкіндік жасайды.
Өздігінен іздендіре оқыту - мұғалімнің жетекшілігімен өз бетінше тапсырманы орындауы.
Өздігінен іздендіре оқытуда мына мәселелерге баса мән берілуі тиіс:
оқу материалына сәйкес тапсырма оқушының танымдық қызығушылығын арттыратындай ынталандыру мақсатын көздеуі тиіс;
оқу тапсырмасы оқушының алған біліміне сүйенетіндей дәрежеде болуы керек.
Жинақтай келе, өздігінен іздендіре оқытудың түпкі нәтижесін төмендегідей көрсетуге болады: Мұндағы оқушы - Ж - жаңа сападағы деген мағынаны береді. Яғни, оқу үдерісінің құрамдас бөлігінің біртұтас жаңа жүйесімен педагогикалық ынтымақтастық негізінде қалыптасқан оқушы бойындағы сапалық өзгерістер өздігінен іздене оқыту жүйесінің нәтижесі ретінде көрсетілген (№ 2 сурет).

№ 2 сурет. Өздігінен іздендіре оқыту әрекетіндегі оқушының сапалық өзгерісі.

1.2 оқушыларды өздігінен іздендіре оқытудың психо-педагогикалық негізі
Оқушының кез келген қабілеті мен қасиеттерін дамыту барысында ең бастысы олардың ойлау әрекетіне ықпал ету қажет. Себебі кез келген іс-әрекет ойлаусыз жүзеге аспайды. Ал өздігінен іздендіре оқыту оқушыны ойға жұмылдырады. Яғни, тапсырма ұсынылады, оқушы оны жетекші сұрақтар арқылы қажетті әдебиеттерді, қосымша материалдарды пайдалана жауабын тауып, орындайды. Жасаған жұмыстары негізінде өзіндік қорытынды шығарады, көзқарас, пайымдарын білдіреді. Ойлаудың негізгі белгісі - түсіну. Түсіну арқылы ғана балалар сұрақ-тапсырмалардың мазмұн-мәніне көңіл қойып сапалы орындай алады. Әрине, түсіну күрделі ой жұмысын керек етеді. Өздігінен іздендіре оқытуда тапсырмалар қарапайым жеңіл сұраққа құрылмайды, эвристикалық әдіске ыңғайланып, неғұрлым терең ойлауды керек ететіндей проблемалық ситуацияға құрылады. Проблемалық ситуация, психологтардың айтуынша, адам ойлауының түрткі қазығы.
Ойлау дегеніміздің өзі мәселені шешу, оның мәнісіне түсіне білу деген сөз екен. Адам сұрақ қою арқылы алдындағы кедергіні сезеді, оны біртіндеп жояды, сөйтіп, өзінің әртүрлі тану қызығуларына жауап алады. Сұрақ қою, оны дәл тұжырымдау, мәселені ойда ұстай білу сұрақты талдай білу және жинақтау, шығару тәсілі мен амалдың орталық түйінін табу, жорамал жасай білу, т.б. ойлау үдерісінде мәселелерді шешу үшін аса қажетті жағдайлар болып табылады.
Ойлау әрқашан анализ (талдау) және синтез (жинақтау) үдерістерінен басталады. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Белгілі бір тақырыпты меңгертуде оның жеке өзіндік ерекшеліктерін ашып білу үшін, алдымен, жеке-жеке тапсырмалар орындатылады. Одан соң жинақтай келіп қорытынды жасалады. Оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара алмай, оларды жай жаттап алу, өз бетінше пікір айтуға шорқақтық оқушы тарапынан талдау (анализ), жинақтау (синтез) тәсілдерінің әлде де болса дамымағанын көрсетеді. Мұғалім шәкірт ойлануындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, оқушы материалдың бір-бірімен байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете түсінбей қалады. Сондай-ақ, мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, онда берілетін мағлұмат бұрынғы материалмен дұрыс байланыспай қалады. Бұл берілген мағлұматтың практикалық мәнінің төмендеуіне әкеліп соғады. Кейбір мұғалімдер оқушыда белсенді ойлау үдерісін дамытудың орнына олардың ес, жаттау қабілетін өсіруге ғана ерекше мән береді. Әрине, бұдан баланың ес қабілетін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды. Шәкіртке ойланттырып, әр нәрсені бір-бірімен салыстыртып, талдатып-жинақтатып, дәлелдетіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал материалды өз күйінше жаттап алу, оның ішкі мәніне бара бермеу, баланы жаттампаздық, яғни оны құрғақ жаттап алуға әуес болуға жетелейді. Анализ бен синтездің негізінде оқушылардың салыстыру ой операциясы пайда болады. Салыстыра отырып олар зерттеу объектілерінің ұқсастық, айырмашылық қасиеттерін айқындап, белгілі тұжырымдарын жасай алады. Бұл орайда мына жағдай есте болуға тиіс. Егер жас баланың потенциалдық мүмкіндіктері жете бағаланбаса, яғни оның рухани тілектері қанағаттандырылмаса, бұл жағдай оның айналаны танып-білуге құштарлығының біртіндеп сөнуіне, самарқаулыққа салынуына себеп болуы ықтимал. Шәкірт ақыл-ойын жүйелілікпен дамыту үшін оқытуды тым жеңілдетудің де қажеті жоқ. Шәкірттің ақыл-ойына жеткілікті азық беретін оқу ғана қарқынды дамытуға септігін тигізе алады. Міне, оқушының ойлау белсенділігінің осылайша дамуынан білім мен дағдыға, икемге қанығудың негізі қаланады [32,111-112].
Егер оқытуда әр баланың өзінің жас шамасының табиғатын ескеретін болсақ, психолог А.А.Шнирманның "О формировании привычки к самостоятельной работе" деген еңбегінде өздігінен жұмыста оқушының жас ерекшелігі бірінші кезекке қойылуы тиістігі айтылады. "Постановка самостоятельной работы не повсюду одинакова. Этот вопрос гороздо лучше поставлен в 5-8 классах, чем в 9-10 классах. Поэтому учащиеся 5-8 классах обладают более прочными навыками самостоятельной работы для своего возроста, чем учащиеся 9-10 классов. Чем же можно объяснить такое положение? На наш взгляд, это в значительной степени объесняется тем, что самостоятельная работа в старших классах по содержанию, характеру и стилю продолжает остоватся на уровне подрасткового возраста, что уже не может в полной мере стимулировать активной, самостоятельной работы мысли учащихся старшего школьного возроста.
Нельзя удовлетворяться только тем, что ученик привык регулярно самостоятельно заниматься, надо объязательно вникнуть в качественную сторону этой привычки, а следовательно в содержания, характер, стиль самостоятельной работы ученика"[33,67]. Неміс мұғалімі А.Дейстерверг: "Такой метод обучения наилучший, но он самый трудный, самый редкий. Его трудностью объясняется редкость его применения", - деген болатын [34,158].
Б.П.Есипов: "Самостоятельная работа учащихся, включаемая в процессе обучения - это такая работа, которая выполняется без непосредственного участие учителья, но его заданию в специально предоставленное для этого время, при этом учащиеся сознательно стремятся достигнуть постовленной в задании цели, употребляя свои усилия и выражая в той или иной форме результат умственных и физических (или тех и других в место) действии - деп көрсетеді [31,33].
Баланы өзіндік ой-санасы қалыптасқан, кез келген жерде сөзін өткізе білетін жан-жақты дамыған Тұлға етіп тәрбиелейтін білім - өздігінен іздене жасаған әрекет арқылы іске асады. Бірақ, педагогикада ондай танымдық әрекетке көңіл бөлінбейді, ол бөлек-бөлек сұрақтарды шешуге бағытталады. Өздігінен іздене жасайтын жұмыс баланы әрекетке түсіреді. Яғни, оқушылардың өздігінен танымын белсендіру жолы оның тақырыпты оқып үйренуде өздігінен іздене жасаған әрекеті деп табуымызға болады.
Философ-ғалым В.Н.Сагатовскийдің пікірінде: "Деятельность есть саморазвивающаяся система активных отнашений субъектов к объекту и друг к другу, опосредствованных средствами воздействия и программами, где каждый из членов отношения включает в себя искусственное и естественно, нуждается в пройзводстве и воспройзводстве и является саморазвиваящейся системой" [36,54].
Әрекетті субъект-объект және субъект-субъект қарым-қатынаста В.П.Зинченко, А.Н.Леонтьев сынды психологтар, Б.Г.Ананьев, В.Н.Сагатовский, Ж.М.Абильдин, К.А.Абишев, М.В.Демин, Э.В.Ильенков А.М.Нысанбаев сынды философтар, Л.П.Буева, Н.Ф.Наумова сияқты социологтар жан-жақты қарастырды. Олар оқытуда адам генезисіне сүйене отырып, мұндай әрекеттің нәтижелілігін анықтап береді. Әрекет субъект-субъект арасында орындалып, қоршаған ортамен байланысты болуы тиіс. Пәнді қоршаған әлемге, қоғамға икемдей оқыту қажет. Әрекеттің субъект-субект арасында жүруі пәннің, тіпті әрекеттің материалдық негізіне айналады.
Адам жеке әрекет арқылы адам болып құрылады, дамиды. Әрекет объектілік және субъектілік жағынан бұзуға келмейтін бірліктен тұрады. Объективті тұрғыдан қарағанда адамның мақсатынан әрекет туындайды, бірақ сол әрекет субъект іске асыратын бүкіл процесті анықтайды. Бала әрекетті іске асыруға өзі кіріскенде ғана, тұлға жеке адам әлеуметтік бірлік субъект болып өсіп, адамдық-әлеуметтік әрекет жасай алатын шаққа жетеді. Алғашқы кезеңде үлкендердің көмегімен, одан кейін олардың көмегінсіз-ақ осы деңгейге барады. Бұл жерде бала бәрін әрекеттену жолдары арқылы меңгереді дегенді көрсеткіміз келеді. Адам сыртқы әрекетке, яғни, пәнде қарастырылатын теорияға қарап қалмау керек, ол - пән қарастыратын объект емес, керісінше, әрекеттің ішіне үңілетін, яғни пәнді қарастыратын, оны өз пайдасына шешетін субъект.
Педагог-ғалымдар оқушы өздігінен іздене әрекеттену арқылы қандай икем мен дағдыға төселетінін айқындайды. Кез келген дағды, білім өткен материалдың негізінде арнайы жүргізілетін жаттығу жұмысында не үй тапсырмасын орындауда бекітіледі. Жаттығу орындауда тиісті мағлұматтар оқушының есінде сақталғыш келеді. Өйткені, мұнда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен танымдық қабілеттерін дамыту
Биология сабақтарында проблемалық әдісті пайдалану
Интерактивті оқыту әдістері
Бастауыш метеп оқушыларының таным белсенділігін арттыруда дамыта оқыту технологиясының рөлі
Биология сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындаудың педагогикалық негіздері
Оқушылардың биологияны оқуға қызығушылығын арттыру жолдары
Ананың анасы шығармасына әдеби талдау жасау
Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері
Деңгейлеп саралап оқыту жайлы мәлімет
Пәндер