Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен технологияны қолдана отырып оқушының құзыреттілігін қалыптастыру
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗЕРІ
1.1 Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың тиімді жолдары ... ... ...5
1.2 Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен технологияны қолдана отырып оқушының құзыреттілігін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
II ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА СӘЙКЕС ОҚЫТУДА ЖАҢА ӘДІС - ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі мен ерекшеліктері ... ... ..18
2.2 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Жаңартылған білім мазмұны бұл- мүлде жаңа бағдарлама, оқулықтар, стандарттар және кадрлар ( Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндігі атты Қазақстан халқына жолдауынан)
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда Білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Осындай қоғамда келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімді? Бұл сұрақ әрбір педагогті толғандырары сөзсіз.Баланың білім алуына мұғалім маңызды роль атқарып келді.Дегенмен де білім беруде балаға не білу керектігін түсінсек те оны қолдана алуды қалай үйрету керектігін білмей қиналып жүрген шақтарымыз болды.Заман ағымына ілесе алатын ,мол ақпаратты меңгерте білетін әлеуметтік қарым қатынасқа түсе алатын оқушыларды даярлау ұшін мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту - басты міндет болып табылады.Яғни Ұстаз үйретуші мен білім көзі емес, үйрену процесін ұйымдастырушы, менеджер, үйренуге жағдай жасаушы. Бұл ұстанымнан Шәкірт өздігімен үйрену керек ,-деген түсінік қалыптасады. Бұл дегеніміз Ұстаз еңбегінің маңызын төмендетпейді. Мұнда мәселе - ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде. Педагог - білім тасушыдан-Білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс.Сонымен жаңаша білім беру жағдайында ұстаз қандай болуы тиіс:
+ педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген:
+ тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған
+ рухани дамыған
+ толысқан шығармашыл тұлға құзыреті
Ұстаздарға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ұстаз -- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болу керек деп тұжырымдауға болады.Бұл бағытта мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру -басты мақсат болып табылады.
Қазақ баласының бойында Абай атамыз айтқандай, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек болуы - өмір сүрудің басты заңдылығы болса, ол үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру- ұстаздардың міндеті екені даусыз.
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты үш апталық курс бағдарламасын және Тәжірибедегі рефлексия жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренері курсын аяқтап былтырғы оқу жылынан жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқытудамын.
Зерттеудің мақсаты: Инновациялық технологияларға жалпы сипаттама беру, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру және оны оқу үрдісінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
+ Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың тиімді жолдарын айқындау;
+ Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру ерекшеліктері;
+ Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі мен ерекшеліктері;
Зерттеу объектісі: Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру және нәтижеге қол жеткізу жолдары.

1.1 Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың тиімді жолдары
Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі -- маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді. Бүгінгі мақсат -- әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Халық пен халықты теңестіретін - білім - деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу - біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаты - оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латыншадан аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді немесе инновация -- бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті. Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қолдану оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі. Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі. Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады. Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай, қажетті шарттары да болып табылады. Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек. Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықылас білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады. Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады. Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр. Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр. Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында Қазақстан - 2030 бағдарламасында көрсетілген Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады [6]. Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: Мақсат -- мазмұн -- форма -- әдіс -- оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену -- меңгеру -- өмірге ендіру -- дамыту болып өзгерген. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Қазіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту үрдісіне енгізу, яғни, инновациялау инновациялық үш бөлімнен тұрады: І-бөлім. Кәсіби шеберлік ІІ - бөлім. Біліктілік дағдылары ІІІ-бөлім. Жүзеге асыру, қолдану. Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады. I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау). II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау). III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру) [7]. Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы - оқытудың негізгі мақсаты Оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау кабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі кайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылык ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі. Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады.
1.2 Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен технологияны қолдана отырып оқушының құзыреттілігін қалыптастыру
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау - ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр,шапшаң, сезімтал,ештеңені жасырмай еркін айтады.Мақтау сүйгіш, мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой-пікіріне сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруге тура келеді. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде мұғалім оқушыға үнемі шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап көрсетсе,онда балалардың өздері де ізденіске түседі.
Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.
Мен де өз әріптестеріммен қатар бала оқыту мен тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келемін. Бастауыш сыныптарға сабақ беруде әр оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойландырып сөйлете білу менің міндетім деп түсінемін. Оқушының ойлау қабілетін артыру, сол қабілетін белсенді ету - басты мақсатым. Ойланып, толғанған оқушы, әрине, сөйлей де біледі, тыңдай да біледі, тұжырымдап пікір де айта алады.
Өзім осы бағыттағы тәжірибемде оқыту әдістерінің тиімділерін іріктеп жиі пайдалануым көп нәтиже беруде. Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын.
Әлем елдері соның ішінде Латвия мемлекетінің тәжірибесінде орын алған топтық жұмыс XXI ғасыр оқушысын өмірден өз орнын таба білетіндей тәрбиелеу және білім беруде, өзгермелі өмірге бейімдеп оқытуда маңызды болуға тиіс деп ойлаймын. Топтардағы бірлескен жұмыс сыныпта пайдаланылатын әдіс қана емес, жеке философия екендігі бізге мәлім. Адамдарды бірлікке шақыратын нәрсенің бәріне ашық болуымыз керек. Топтардағы бірлесу топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметттелетін, ескерілетін, билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінетін,ұжымдасу арқылы бітімге,келісімге қол жеткізуге негізделетін оқыту мен оқу тәсілі ғой.
Жаңашылдық, өзгеріс керек екені деңгейлік, тренер, жаңартылған бағдарлама бойынша өткен курстардан маған түсінікті болды десем, осы тәжірибені өзімнің мектебімде іс-тәжірибемде қолдануға толық негіз бар деп ойлаймын. Қазір топтық жұмыс тәжірибемізден түспейтін әдіс- тәсіл болып табылады. Бүкіләлемдік тәжірибеде білім беру саласында білімнің де дағдының да маңыздылығы кең. Заманауи тәсілдің басты ерекшелігі- білімді алып қана қоймай , оны орынды жерде қолдану. Осы ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында . Топтық жұмыс барысында оқушының бойында оқушылық кезеңіне ғана емес, кейін де пайдасын тигізетін әлеуметтік өзара әрекет ету дағдысы, қарым- қатынас дағдысы, проблемаларды шешу дағдысы қалыптасады. Қазір осы мәселе төңірегінде әріптестеріммен іс- тәжірибе алмасып, оқушылармен жұмыс жүргізіп жатырмын. Оқу үдерісінде топпен жұмыс жүргізуге оқушылар қалыптасып, дағдыланып қалды. Тапсырма топқа беріледі. Тапсырма орындау барысында топтың әрбір мүшесінің жеке үлесі ескеріледі. Топпен жұмыста күшті оқитын оқушы әлсіз оқушыға көмектеседі де, басқаларды тыңдағанда ол білімін арттыра түседі, бір сөзбен айтқанда ынталанады. Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім - баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын. Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Ал курстан кейін сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырды. Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді.
Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақ жоспарын құру барысында диалогтық оқыту бағытын кеңінен қолдануға тырыстым. Яғни, сабақтың басынан бастап аяғына дейін сауалдар арқылы оқушылардың тілдік барьерін азайтуға жұмыс жасадым. Сыныптың білім деңгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталауда және негізгі бөлімде диалогтық оқыту бағыты пайдаланылды. Осы жерде сөйлеу мәдениеті туралы айтып кеткім келеді. Диалогтың ары қарай жалғасын табуы немесе таппауы сөйлеушілердің әңгімелесу барысында егер де, ойлаймын, мен есептеймін, бірақ сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз қайдан білесіз және мүмкін деген сияқты және де басқа осы тәрізді мәдени лингвистикалық сөз мәнерлерін қолдануына көп байланысты деп ойлаймын. Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек сияқты. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара әрекеттесу процесі толық ынтымақтастықта дамиды деп санаймын. Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушылар жазған сұрақтарына оқулықты пайдалана отырып, жауаптар жазады. Топтар өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтық оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып түсіндірмелелер жүргізіледі. Мұғалімнің түсіндірмесіне қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту қызықты болады. Себебі оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық, әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды. Топтық тапсырмалар орындауда оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды шығарып қана қоймай, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтық қарым-қатынас жасады. Сабақтарымда жұпқа берілген тапсырмада да диалогтік оқыту көрініс тапты, себебі әрбір жұптағы оқушы сұраққа қалай жауап беру керектігін сыныптасымен ақылдасып, парақты толтырып отырды. Құнды сұрақтар қойып, қасындағы сыныптастарынан, басқа оқушылардан жауап алып жатқандығын көріп, топ ішінде тұлғааралық байланыс орнаумен қатар, диалогтік оқыту жүзеге асырылып жатқанын көрдім. Әрбір оқушының бойында белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік сияқты қабілеттер көрініп, оқушылар жұппен не топпен жұмыс жасау барысында, әуелі идеялармен өзара бөліседі, содан соң бір-біріне сұрақ қою, яғни диалог арқылы жұмыстарын жүйеге келтіреді. Жұмыстарын қорғау кезінде, оқушыларға өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе алу, кез-келген іс-әрекеттің белгілі бір жағдайға тигізетін әсері жөнінде ойларымен бөлісуге мүмкіндік беру мақсатын көздеп, қосымша сұрақтар қоямын. Балалардың жауаптарына сүйене отырып, оқушылардың мәселелерді шешудің тиімді жолдарын іздеп таба алатынын, болашаққа болжам жасай және шешім қабылдай алатынын байқауға болады. Осы сабақтағы оқушылардың әрекеттестігін зерттей отыра, келесі қорытындыға келуге болады: серіктестермен әңгімелесу әдісі оқушыларды бір-бірінің ұстанымдары мен идеяларын жақсы танып білуге мүмкіндік бере отырып, жауапкершілікті, талапты болуға итермелеп, өз ойын дәлелді жеткізу қабілеттерін дамытып, оқушы бойында іскер адамға тән қасиеттерді оятады.
Өткізген сабақтың топтамасына сүйене отырып, диалогтік оқыту әдісі қолданылған сабақтарымның талдауын жасау арқылы, дұрыс құрастырылған сұрақ оқушының білімін тексеріп қана қоймай, оның ойлау, жүйелі сөйлеу, пікірін білдіру дағдысын да жаттықтыратынын, яғни әлеуметтік ортада өзін ұстай білу дағдысын қалыптастыратынын түсініп, келешек тәжірибеде диалогтік оқытуды жүйелі пайдалануды көздеуге болады.
Мұғалімге өз тәжірибесінің негізінде шешім қабылдау үшін өз іс- тәжірибесін сыни бағалау да қажет. Кез- келген жүріп өткен қадамыңды жоспарлау оны орындау үшін іс- әрекет жасау , ал сол жасалған іс- әрекетіңе рефлексия жасау маңызды болып табылады. Бұл өз ісіңе есеп беру, өз әрекетіңді сыни талдау және бағалау барысында мұқият ойлану үдерісі екенін мен осы жаңартылған бағдарламаны оқу барысында түсініп жатырмын.
Білім беру жүйесіндегі әлемдік өзгерістер әсіресе мұғалімдерге өзгерістің қажеттігін дәлелдейді. Себебі мұғалімдер болашақты дайындайды, ал болашақ -қазіргі мектеп оқушылары болып табылады. Балаңды өзің өмір сүріп отырған кезеңге емес, болашаққа қарай тәрбиеле деген екен мұсылман ғұламалары. Сондықтан бала тәрбиешісі ретінде мұғалімге өзгеріссіз қалу қауіпті.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Ақпараттық технологияларды сабақта қолданудың негізгі мақсаты: біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны қолдану, әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру. Бұл турасында Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу - деп көрсетілген. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Осыған сәйкес сабақ үдерісінде жаңа ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу, жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін, өздігінен дамуға ұмтылатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру- бүгінгі ұстаздардың алдында тұрған міндет.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асыруда негізгі құрал компьютер болып табылады. Компьютер - білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл студенттерге өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағында студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Жаңа ақпарттық технологияны сабақта пайдаланудың тиімділігі студенттердің еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл - ойын дамытады, шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді; жан - жақты ізденушілігін арттырады.
Заманауи ақпараттық құралдармен және инновациялық әдістермен жұмыс істеу студенттерді ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Оқытудың инновациялық әдістері мен ақпараттық технологияларды пайдалану - педагогикалық іс- әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты- коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Информатика сабағында инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы студенттердің ақпараттық құзіреттілігін
қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану студенттердің білім беру үрдісінде пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz