ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ...6
0.1 Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... 6
0.2 Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 10
II МӘҢГІЛІК - ЕЛ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДА АЗАМАТТЫҚ - ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ..14
2.1 Мәңгілік - ел ұлттық идеясы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Мәңгілік ел - ұлттық идеясының құндылықтары арқылы мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі заманда біздің халқымыздың патриотизмі экономиканы қайта құруда, қоғамды рухани жаңартып демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде жəне əлеуметтік орта мен идеологиядағы сол бір тоқырау кезеңдерінің əсерінен туған жікшілдік пен бұрмалаушылықты жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру болып табылады. Мұның бəрі келешек жас ұрпақты патриоттық жəне интернационалдық рухта тəрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында білім беру саласы бойынша қоғамның бүгінгі күнгі талабы əрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дəстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, əлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды. Сондықтан болашақ мамандардың патриоттық-азаматтық тəрбиесіне ерекше мəн беру, олардың бойында патриотизмі қалыптастыру қоғам болашағының өркендеуін, елімізде тыныштық пен бейбітшіліктің мəңгілік қанат жаюын қамтамасыз ететіні анық. Өйткені патриотизм əлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық жəне террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен жəне əлемдегі жаңа тəртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тəуелсіз елдермен жəне басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді [1].
Дегенмен, мұның бəрі келешек жас ұрпақты патриоттық жəне интернационалдық рухта тəрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында білім беру саласы бойынша қоғамның бүгінгі күнгі талабы əрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дəстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, əлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды.
Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы Нұрлы жол - болашаққа бастар жол Жолдауында айтылған болатын. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы ретінде жалпыұлттық құндылықтар мен тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық жол, қазақ халқының мыңжылдықтардағы тарихи тәжірибесін жүзеге асыру идеясын алға шығарды.
Белгіленген құндылықтарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында Мәңгілік Ел патриотттық актісін түсіндіру бойынша жұмыстарды қамтиды. Базалық құндылықтар негізінде тұлғаға тәрбие мен білім беру міндеттерін шешуде әлемдік және қазақстандық оңтайлы тәжірибелерге сүйенбеу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының тұңғыш призиденті Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы - деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, ұлтжандылық, отансүйгіштік, патриотизм, ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы - қазақстандық патриотизм болды.
Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси - әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата - жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Отаншылдық сезім - адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси - әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н. Ә. Назарбаев, - патриотизмді әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде - бір ұлтпен қарама - қайшылық туғызбау - деп белгілеген.
Егемендік алған бастапқы күндерден - ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой - тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан әдіс - тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, - деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр. Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз.
Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. Мәңгілік ел ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру негіздері мен мақсатын және Мәңгілік - ел ұлттық идеясы негізінде патриоттық тәрбиені қалыптастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
+ Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми қарастырылуын анықтау;
+ Патриоттық тәрбие ұғымының мәнін қарастыру;
+ Патриоттық тәрбие беру жолдарын талдау;
Зерттеудің объектісі: Мәңгілік - ел ұлттық идеясының негізде оқушыларға азаматтық патриоттық тәрбие беру.
Курстық жұмысытың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 (екі) тараудан және 2 тақырыпшадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады:
I ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
0.1 Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру жолдары
Отан дегеніміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамзатты сүю - оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық - сонау ерте заманнан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.
Патриоттық тәрбие ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Патриоттық сезімнің адамзатты өрге бастайтынына өз ұлтымыздың тарихынан талай дәлел келтіруге болады. Ұлан-байтақ жер көлеміне бірнеше шағын мемлекетті сыйғызып жіберуге болатын қазақ жерін ата-бабаларымыз қалай ғана найзаның ұшымен, білектің күшімен ұлтарақтай жерін де жауға иелік еткізбей сақтап қалғанына таңданамыз. Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы, негізінен, біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі. Сонау Жәнібек пен Керей, Тәуекел мен Тәуке, Есім мен Қасым, Абылай мен Әбілқайырдың тұсындағы жағдай да осындай болатын. Қазіргі қоғамдағы елдік мақсаттар көпұлтты қоғам жағдайында шешілуі керек. Түрлі себептермен қалыптасқан нақты тарихи шындықтарға әділдік тұрғысынан қарау керек. Әділдік қана қиыннан жол табуға бағыт сілтейді.
Кеңес дәуірінде де патриотизмге ерекше ден қойылды, алайда онда ұлттық патриотиз еш ескерілмеді. Қазіргі жағдай басқа. Еліміз өз тәуелсіздігін алған кезде еліміздің мәңгілік ел болуына кепіл болатын бірден-бір қасиет патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою ертеңге сілтейтін жағдай емес. Зерделеп қарар болсақ, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар: ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм. Осы екі ұғымды жас ұрпақ санасына сіңіре отырып, сол арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсінік қалыптастыру - отбасында ата-ана мен мектепте мұғалімдердің басты міндеті. Түрлі еңбектерге сүйене отырып осы екі ұғымның маңызын ашып көрсету - жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттілігі.
Қаһарман жазушы Б. Момышұлы ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан және шыққан тегі , территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты дейді.
Бұдан шығатын тұжырым: Б. Момышұлы көрсеткен рухани ерекшеліктерді сақтау ұлттық патритизмнің критерийі болып шығады. Жас мемлекетіміздің болашақ тіректерін патриотизмге тәрбиелеуде, міне, осы негізгі ұғымдар басшылыққа алынғаны жөн тәрізді. Б. Момышұлы айтып отырған белгілер - тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру, патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру, мінез-құлқына патриоттық сипат беру - мектептегі оқу-тәрбие ісінің өзегі болуы керек. Бұл - оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнынан бастама алып, сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарда жалғасын табуы тиіс.
Бабадан қалған кең байтақ жерімізде өмір сүріп отырған барша халық Тәуелсіз Қазақстан деген жас мемлекетке бірікті. Ендеше, олардың мүдде, мақсаты, күнкөріс жағдайлары бір бағытты ұстануы керек. Осының өзі қазақстандық париотизм ұғымын қалыптастыру мақсатын қояды. Ал қазақстандық патриотизмнің арқауы - қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін Отаным деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет, ел жетістігіне сүйсіну және мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері. Оның туындап, қалыптасып, тәлім-тәрбие айналымына енуі тағы да ата-ана мен ұстаздарға тікелей қатысты. Бұл өз ретінде жас буындарға құр сөзбен емес, Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарыды бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысында (2012 ж. 29 маусым №873) көрсетілгендей алдарына нақты мысалдарды келтіру арқылы өнеге көрсетілуі қажет.
Туған халқымыздың өткеніне көз жіберсек, патриотизмнің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі егемен ел болып, еңсеміздің биік болуы - бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Жоңғар шапқыншылығы мен берідегі ұлт азаттық көтерілісті алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей патриотизмге тәрбиелеу тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жаны мен тәнін аяп қалмаған. Осындай тарихи тәжірибеден сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына ата-ана, ауыл-аймақ ықпалының күшті болғанын көреміз. Демек, бұл қасиетті сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайтынын ерекше ескеріп, тәрбие саласындағы жұмыс барысында ата-ананың да отансүйгіштік рухын көтеріп отырған абзал.
Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешіргенін, бүгінгісіне қалай қол жеткізгенін, өз тарихын жасау үшін қалай тер төгіп, қандай тар жол, тайғақ кешуден өтіп, азап шеккендігін, қалайша жерін қорғап, елін сақтағанын балаға мектепке бармай тұрып санасына түрлі тәсілдермен сіңіре берсек, ұтарымыз мол болар еді.
Патриотизм үлгісі, бергісі, кешегі 1986 жылғы әлемді дүр сілкіндірген қасіретті желтоқсан оқиғасы, арғысы, сонау Орхон жазба ескерткіштерінде жазылып қалдырылған Білге мен Күлтегін істері мен қазақ даласының ойшылдары Әбу-Насыр әл-Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы-жыраулар Асан қайғы, Доспамбет, Бұқар жыраулар, Махамбет, т.б. шығармаларында айқын көрінеді.
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы шығармаларынан да байқауға болады. Абай өз қызметін халық алдындағы борышым деп түсінеді. Оның шығармалары қазақ тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншіліктен көрініс тапты.
Патриоттық тәрбие - Отан түсінігі бір-бірінен ажырағысыз ұғымдар. Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы сезім жалпы адам баласына тән туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.
Қазақ халқының бертінгі тарихында патриоттық тәрбие жүйесі бірқатар кемшіліктерге бой алдырды. Соның салдарынан жеке адамның отанына, халқына деген сүйіспеншілік негіздерінің бірі боп табылатын патриоттық сезім, ой-сана қуғынға ұшырады. Шығармашылығына патриоттық сезім қуат берген ақын Ж. Молдағалиев:
Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген...- деп жырлаған. Мен - қазақпын деп қаймықпағаны үшін әкімшілік қуғынға ұшырады.
Тағы да тарихқа үңілсек, патриотизм ұғымы XV ғасырдың басында француз халқының ұлттық батыры Жанна д' Арк ұлтының тәуелсіздігі үшін басқыншылармен күресіп, өз Отанының дербестігін сақтап қалуды көздеген және басқа елдердегі париотизм де осы елдегідей сырттан келген жаулап алушыларға, түрлі басқа да жат пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан сипатталады. Француздар Әр адамның екі Отаны болады: өзінің Отаны және Франция дейді екен. Көрдіңіз бе, өздері сүйіп қана қоймай, басқалардың да Францияны құрметтеп қарауына ықпал етуге тырысады.
Қазақ халқында да туған жерді, елді қорғауға үлес қосқан, жанын құрбан еткен айбынды перзенттері аз емес. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Абылай хан, Бөгенбай, Наурызбай, Есет, Қабанбай, Жәнібек, Олжабай, Райымбек, т.б. шықты. Ел басына дүркін-дүркін қара түнек орнаса да ғұн, сақ, қыпшақ, оғыз заманынан бері мәдени мұралар мен патриоттық тәлімді бүгінгі күнге дейін жеткізді. Мәселен, қазақ патриотизмін жоңғар қоңтайшысына Қазыбек би былай сипаттаған: Біз - қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің жетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басынан сөз асырмаған елміз. Достығымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен - арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар - жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт.
Ата-бабадан қалған асыл мұра - батырлар жыры десек, батырлар жыры - ұлттық тәрбие бесігі. Онда Алпамыс батырдың елін-жерін қоғаудағы ерлігі, Қобыландының ел-жұртына, сүйген жарына деген махаббаты, т.б. үлгі аларлық қасиеттер. Осындай эпостық жырларыды оқыта отырып, мектеп оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды сезіне білу және әрбір жасөспірімнің бойына сіңіру, олардың көзқарасын ұлттық құндылықтарға негіздеп тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты мәселесі. Бұл құндылықтарға зат, құбылыстардың ықпалымен ғана емес, сөздің әсерімен де ықпал етуге болады. Себебі аса күрделі сезімдердің қалыптасуына сөздің әсері мол.
Ұлттық сезім, Отанға деген сүйіспеншілік негізінде Алаш Орда қайраткерлері нақты іс атқарып, тарихтың жарқын беттерін жаза алды. Егер М. Дулатұлы Оян, қазақ! деп ұлттық сананың жаңа бір белесіне шақырса, А. Байтұрсынұлы Қазақ газетін ашып, барша алаш жұртын тәрбиеледі. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар, оның рәмәздері. Олардың адам көкірегінде жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де игі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болады. Өйткені қару-жарақты қанша меңгергенімен отаншылдық іс-әрекетіне ішкі жан дүниесі, сана-сезімі дайын болмаса, елі мен жері үшін жанкештілікке баруы екіталай. Мұны күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек деп қарауға болмайды. Бүгінгі қазақстан жағдайындағы патриотизмнің басты көрінісі - қазақтың өз ана тілінде сөйлеуі, мемлекеттік тілге деген ерекше құрмет, ұлттық тәрбие, мінез, жүріс-тұрыс қалыптастыру, ізет, қайырым, мейірім, т.б. сезімдерді қалыптастыру. Ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Алайда ешкімді елін, Отанын зорлықпен, күштеп не үгіттеп жел сөзбен алдап-арбап сүйгізе алмайсың. Қасиетті сезім ана сүтімен бірге келмейді, ол әр түрлі жаста оянып, тәжірибемен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әсерімен қалыптасады деп көрсетеді Ә.Қалмырзаев. Ел болу үшін ұлттық рух, Отанға деген ізгі қасиет, мемлекетке деген сенім болу қажет. Кімде-кім халыққа, мемлекетке, оның болашағына сенбесе, өз тағдыры үшін де үрейленеді, өз Отанының жат шылауында кетуінен қауіптенеді. Ондай тұлға Отанының патриоты, батыры бола алмайды. Сондықтан отбасынан бастап, балабақша, мектеп, басқа да оқу орындары мен қоғамдық ортада мемлекетке, оның жарқын болашағына деген сенімді санасына нық орнатуға бала тәрбиесіне жауапты барлық тұлға мүдделі болу қажет.
0.2 Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің маңызы
Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты - еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Еліміздің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата - ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани - патриоттық сана - сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде, рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.
Халқымызда баланы жастан деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата - бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек - бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуі - нің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан - 2030 стратегиялық даму бағдарламасында Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Біздің алдымызда тұрған басты міндет - тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек. Әрбір қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты деген ұғымды жас ұрпақ санасына түсіндіруіміз қажет.
Жалпы білім беретін мектептерде өсіп келе жатқан жас буындарды патриотизмге, отансүйгіштікке тəрбиелеудің теориясы мен əдістемесіне қатысты жеткілікті тəжірибелер жинақталған. Осы тəжірибелердің белгілі бір кезеңдердегі белгілі бір оқу-ағарту мекемелеріндегі жай-күйін зерттеу оның нəтижелерін нарықтық экономика жағдайында мектеп оқушыларын патриотизмге тəрбиелеу жолдары мен бағыттары бойынша қарастыру бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр.
Патриоттыққа тəрбиелеуді меңгерудің мақсаты -- оқушыларда саяси мəдениетті қалыптастыру, өз мемлекетінің саналы азаматтарын тəрбиелеу.
Патриоттық тəрбиенің маңыздылығы олардың құқықтық жəне əлеуметтік тұрғыдан қорғалған толық кепілдігі мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ететін конституциялық еркіндік, экономикалық дамыған, əлеуметтік тұрақты өркениетті, демократиялық мемлекет құру бойынша болып жатқан процестер бірнеше маңызды, сапалы жаңа міндеттерді жоғарылатқан жағдайда өседі.
Осыған байланысты патриоттық тəрбиені анықтайтын қағидалар қатарына келесілерді жатқызуга болады (сур. қара).
Ұрпақаралық рухани құндылық сабақтастығы
Мінез - құлқының әлеументік құндылық жанамалығы
Адамның патриоттық санасының әлеументтік - мәдени детерменициясы
Патриоттық тәрбиені анықтайтын қағидалар
Әлеументтік ұқсастылық
Толеранттылық
Отанын қорғауға дайындығы
Сурет(Патриоттық қағиданы анықтайтын қағидалар)
Патриоттық тəрбие -- бұл азаматтарда жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру, Отанға деген берілгендік сезімі мен азаматтық парызын орындауға дайындығы жəне Отан мүдделерін қорғаудағы конституциялық міндеттері арқылы атқарушы билік жүйесінің, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, оқу орындары мен ғылыми ұжымдар, көпжоспарлы, жүйелі орындауға болатын мақсатты жəне үйлестірілген қызметі.
Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Сондықтан бала бойына халқымыздың мәдениетін, әдет - ғұрпын, тарихын кішкентайынан сіңіре білгеніміз жөн. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда тіл дамыту, көркем әдебиет пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін, жерін қорғаған батырларымыздың ерлігі, ақындардың елін сүюге шақырған өлең - жырларының балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай - ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек.
Патриотизм сезімі ұлт мемлекетінің өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін күрестің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болды. Ортағасырлық Еуропада ұжымдық басқаруға деген құрмет әлсіреді, монархқа деген жеке сенім ауыстырылды, патриотизмнің маңызы өзгерді. Француз революциясы дәуірінде (1789-1794) көптеген адамдар үшін патриотизм ұғымы ұлтшылдық ұғымымен бірдей болды. Алайда, содан кейін француз дворяндары монархқа діни антқа адал бола отырып, анти-француз коалициясының жағына шықты. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында айқын көрінген Кеңес халқының патриотизмі жеңіске жетуге негіз болды, өйткені сарбаздар Отанның абыройы мен күші үшін жанқиярлықпен күресіп, өздерін аямады, мұндай жалақыны біздің уақытымызда алмады. Адамдар қиын жағдайларға деген сенімін жоғалтпай, жеңіске жету үшін ақыл-ой мен физикалық күшті таба отырып, бір-бірін ұстады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ең есте қаларлық және қастерлі оқиға - Александр Матросовтың ерлігі. Әріптестерін қорғап, өзін ешбір қорқынышсыз өмірінің құрбаны болған жас жігіт бөлімшенің жауынгерлік тапсырмасына өз үлесін қосты. Ол өзі туралы ойламады, жігіт тек қорғаныс үшін тұрды және бар күшімен тапсырманы орындап, Кеңес Одағының Батыры атанды. Бұл жалғыз жағдайдан алыс және бұл есте сақталуы және белгілі болуы керек. Ол үшін әскери-патриоттық тәрбиені жастар арасында дамыту керек.
Көне түркілердің Мәңгілік Ел идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі -- көне түркі жазба ескерткіштеріндегі Мәңгілік Ел идеясы, екіншісі -- Әл-Фарабидің Қайырымды қалада философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі -- Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген Құтты Білік дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені паш етіледі.Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді.
Сонымен қатар, бұл жерде Мәңгілік Ел ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр. Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің Мәңгілік Ел философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым Мәңгілік Ел теориясының негізгі ережелерін Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы, Мемлекет билеушінің нақыл сөздері, Азаматтық саясат шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім -- Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Фараби мемлекеттің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz