МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I - ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы ұғымдарын қалыптастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда қолданылатын дидактикалық ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
II - ТАРАУ. БАЛАЛАРДЫ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУДА ТАНЫМДЫҚ - ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Танымдық - шығармашылық ойындарды қолдану әдістемесі ... ... ... ... ...11
2.2 Балаларды қоршаған ортамен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ТӘЖІРЕБИЕЛІК БӨЛІМ
III - ТАРАУ Қоршаған ортамен таныстыру барысында қолданылатын танымдық - шығармашылық, дидактикалық ойындарды іс - тәжіребиеде қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты-табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларынан түзілгенқалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры,
ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат
бітіру.Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бір арнасы - адамгершілік тәрбиеге саяды. [1]
Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспенішілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы -- ұлтгық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән-әуені болмасын мейірім-шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Оларға арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделікті бала тәрбиесіне қолданған.
Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылы баланың сезімін оятып, руханидүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған және де табиғат өсімдігімен қатар кең даладағы құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңдардың үй жануарларының үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған.
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат құбылыстарының жұмбақ сырлары әрқашан да қызықтырады. Олар тілі шыға бастаған кезден-ақ үлкендерден әрнәрсені сұрап, білмекке құштар. Әрнәрсені қар неге жауады? Жаңбыр қайдан пайда болады? Жеміс-жидектер қыста неге піспейді? Қарлығаш неге күн жылы кезде келеді? Шыбын-шіркейлер күн суығанда қайда кетеді? - деген сияқты сан алуан сұрақтар қояды. Бала естіген, көрген, сезген нәрсесін танығысы, білгісі келуі заңды ғой. Ендеше балалардың осындай сұрақтарына мән беріп, ойдағыдай түсіндіре аламыз ба? Бүлдіршін бөбектің тіршілік, түйсігі осындай ұсақ-түйектен қалыптаса беретіні бекер ме?Бала зейінін құстар сайраған дауысына, судың сылдырына, жапырақтардың сыбдырына аудара отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты осы құбылыстардың өзгеруін түсіндіру ғана емес, айналасындағы ортада болып жатқан өзгерістерді өздігінше бақылай білуге де үйрету қажет. Мұны бала психологиясын жетік білетін, туған елінін табиғатын сүйетін, жаны нәзік тәрбиеші ғана істей алады.
Осы аталғандарды негізге ала отырып балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасын жасау негізделді.[2]
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршағған ортамен таныстыруда танымдық шығармашылық, дидактикалық ойындардың әдіс тәсілдерін көрсету;
Зерттеудің міндеттері:
+ Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
+ Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын кеңейту және жүйелеу.
+ Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету
+ Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаны таныстыруда танымдық - шығармашылық ойындардың қолдану әдіс - тәсілдерін көрсету;
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балаларға танымдық шығармашылық ойындар арқылы қоршаған ортамен таныстыру
Зерттеудің әдіс - тәсілдері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі табиғатты таныстыру бағдарламасын қолдану туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талда;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;

0.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы ұғымдарын қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру - бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі.
Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Қоршаған ортамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, т.с, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.
Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың ұғымын кеңейтеміз.
Қоршаған ортамен таныстыруда мына ұғымдарды қалыптастырамыз: Мен - адаммын түсінігі және өзі, өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейтеміз. Өзін-өзі танудағы талаптарын мадақтауға, дене мүшелері (қол, аяқ, бас және т.б.), көру, есту, дәм сезу, сипап сезу мүшелері не үшін қажеттігін білуге, мен қандай көңіл күйде боламын (қуанамын, ренжимін, ашуланамын және т.б.), өзін-өзі дұрыс бағалау қажеттілігін қолдауға, өзіне, өз күшіне сенімін нығайтып, өзіне құрметі мен дербестігін дамытуға мүмкіндік туғызуға, өзінің қолынан келетіні, жақсы көретіні, не сезетіні, жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым қарым-қатынастар туралы ойлап, өз ойын айта білуге үйретуге, құрдастарының арасында өз жағдайын, басқа балалардың өзіне қарым-қатынасын білуге үйретеміз.
Адам - тіршілік иесі. Өзін адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым туыстық және қоғамдық қарым-қатынастар туралы білімдерін қалыптастыру.
Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні туралы түсінік беру. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету: басы, қолы мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен шаштарының әр түрлілігі. Адамдардың бірдей ішкі құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе) бар екендігі туралы ақпарат беру.[3]
Адамдардың бір-бірімен айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар (сырт келбеті, әдеттері, түрлі сезімдер мен көңіл күйлерді сезінеді). Адамның өсуі үшін қажетті шарттар - су, жарық, жылу, тағам, қозғалыс пен демалыс, күтім мен махаббат. Адамдар бірдей сезімдерді сезінеді: қуаныш, ауру, өкініш. Өзінің дене бөліктері мен мүшелерінің кейбір қызметтерін түсінуге үйрету: көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол, аяқ. Отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, отбасы мүшелерін, қызметтері мен қарым-қатынастарын (немен айналысады, бір-біріне қандай қамқорлық жасайды, қайда баруы мүмкін және т.б.) атауға ынталандыру.
Ойын жағдайларында отбасы үшін бөлмені жабдықтау: жиһаздар мен ыдыс-аяқтарды орналастыру, отбасылық қарым-қатынастар мен үлкендердің еңбегін ойын әрекеттерінде көрсету. Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеуге ынталандыру. Өзінің отбасы мен бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа балалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын жақсы көріп қамқорлық жасайтыны туралы түсіну.
Ересектердің еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, аспаз, сатушы, дәрігер, құрылысшы) туралы түсініктерін кеңейту. Түрлі мамандық иелері (жүргізуші, ұшқыш, машинист, капитан) әртүрлі көлік құралдарын басқаратыны туралы білім беру.
Заттарды, кабинеттерді бір-бірімен салыстыруға (кең, тар, жарық, үлкен, т.б.) үйрету. Заттардың мөлшерін (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) шартты белгілердің көмегімен салыстыруға үйрету.
Бөлме өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігі және олардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдайларын туғызу қажеттілігі туралы нақты ұғымдарын қалыптастыру.
Өсімдіктердің көптүрлілігі мен оларға әртүрлі күтім керектігі (суару, жапырақтарды сүрту) туралы білімдерін бекіту.
Тірі табиғат бұрышын мекендеушілер мен өсімдіктердің белгілерін білдіретін сөздерді қолдануға үйрету. Бейнелеу өнеріндегі қол еңбек бұрышы, көркем шығармашылық, музыка бөлмесіндегі ұлттық музыка аспаптары (домбыра, қобыз) туралы түсінік беріп, олармен таныстыру. Домбыраның сыртқы бейнесін сызуға, суретін салуға үйрету.
Алаңмен, аумақпен таныстыру. Балабақша ауласын көгалдандыру, гүлзарлар балабақша келбетін көркейтетіні туралы түсіндіру. Ағаштар, гүлдер және құстардың белгілеріне қарай анықтап және ажырату іскерліктерін дамыту. Маусымдық өзгерістерді байқауға, балабақшаның сыртқы және ішкі безендірулеріне көңіл аударуға үйрету.
Ұлттық педагогика негіздеріне сүйене отырып өзін-өзі ұстау мәдениеті дағдыларын меңгерту. Құрдастарымен келіспеушілік болған жағдайда, татуласуға, өзіне ұнамайтын теріс қылықты өзгеге жасамау керектігін түсіндіру, ортақ шешімге келіп, бір-бірімен татуласу дағдыларын үйрету. Әрқашан ізеттілік көрсетіп, сәлемдесу, алғыс білдіру, көмегін ұсыну сияқты жағымды әрекеттер жасауға дағдыландыру. Қарапайым әдептілікті сақтауға әдеттендіру. Үлкеннің алдын кеспеу, сөзін бөлмеу, кішілерге қамқор болу, ойыншыққа таласпау, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, т.б. Кішіге - ізет, үлкенге - құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Өзінің тегінің шежіресіне қызығушылығын ояту. Ата-анасы, отбасы мүшелері мен өзінің аты-жөнін дұрыс айтуға үйрету. Отбасылық мерекелер мен оны өткізуге дайындыққа белсенділігін мадақтау. Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын бағалауға, кім кіммен жақын дос, олар не үшін бір-біріне жақын деген мәселелер туралы көзқарастарын білу дағдыларын қалыптастыру. Әрқашан, қандай жағдай болмасын өз-өзін мәдениетті ұстау керек екендігін ұғындыру. Өзінің жақындарына, балабақшасына, еліне, жеріне, достарына, елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігі мен сыйластығын қалыптастыру. Өзін, өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу. Ересектердің балаға әрі - сыншы, әрі - қолдаушы екендігін ұғындыру. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы құбылыстарды тану арқылы жетіледі. Қоршаған ортамен танысу арқылы баланың тілі дамиды. Қоршаған ортаны таныстыру бойынша балалар өздерінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілер мен топтағы балалардың аты - жөнін тани бастайды.
Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т.б. айырмашылықтарын ажырата бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасалғаны, қайда? кімде? қандай? кім не істейді? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.
Балалар, әсіресе ұл балалар жағының қызығы көлік түрлері, яғни ұшақ, поезд, жеңіл, жүк машиналардың түрлі көлік түрлерінің міндеттерін жақсы біледі. Балалар бос уақыттарында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған ортамен таныса отырып, танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады.[5]
Таным білім беру саласының базалық мазмұнында үш жастағы бала ересектерге еліктей отырып ойын образдарын жасай келе, белсенді түрде қимылдап, қоршаған әлемімен танысады. Айналысында болып жатқан барлық оқиғаларға назар аударып, мән беріп, ересектің соңынан сөйлемдер мен сөздер қайталап отырады. Мысалы: заттардың қасиеттеріне, табиғатқа, жан - жануарлар әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру. Мазмұны: заттардың температурасын сезіне білуге: қар суық, салқын, шай ыстық. Сыртқы белгілеріне қарай жыл мезгілдерін ажырата білуге және атауға үйрету. Заттармен іс-әрекеттерді орындау: қуыршақты киіндіру, ойыншықтарды жинастыру, киімін тазалау, қоршаған ортадағы тәртіпсіздікті бақылау. Киімдердің атауын атай білуін жетілдіру. Заттардың не үшін, неге арналғандықтарын түсіну.
Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғат пен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат күн тізбесіндегі ауа-райы жағдайын бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуен арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады. Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстарын өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарламаны пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді. Қоршаған ортамен таныстыру сабағын балалардың бір-біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір - біріне беру, айтудан бастауға болады. Мәселен:
Сәлеметсіз бе балақайлар!, Қайырлы таң, балалар!, Бүгін күн қандай тамаша! деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп, көңіл-күйін бір сергітіп тастайды. Табиғатты күтіп баптау ертеңгілік қабылдаудан басталады. Ертеңгілік балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп баптау туралы жұмыс жүргізеді. Балаларға гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінін, ал күтіп баптамаса оның солып, өліп қалатынын әңгімелейді.[6]
Балалар аулада құстардың тіршілігін, жазды күндері жердегі құрт-құмырсқаларды да бақылап оларға тиіспеуді үнемі айтып отырамыз. Мысалы: ағаштардағы құрт - құмырсқаны құстардың жейтінін, сөйтіп ағаштардың әдемі болып өсуіне жағдай жасайтындығы туралы түсінік беріледі. Кейбір балалар суды ағызып ойнағанды ұнатады. Бірақ балаларға судың да шектеулі екендігі, ол бітіп қалса, сусыз қандай жағдай болатындығын айтып түсіндіреміз және үйде де, топта да суды ластамау, таза суды пайдалану қажеттілігін айтып отырамыз.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда қолданылатын дидактикалық ойындар
Ойын арқылы баланың түрлі қабілетерін дамытуға болады. Соған орай дидактикалық ойындар арқылы балалардың сенсорлық қабілетерін дағдылындыруға болады.
Сенсорлық дамуы - бұл баланың даму үдірісіндегі сыртқы ортаны қабылдап және айналадағы болып жатқан заттарды, коршаған ортадағы өзгерістерді көз алдына елестетіп сезінуі. Бала өмipгe таза кіршіксіз ақ қағаздай келеді: оның көзі, аузы, құлағы бар, оның нәзік денесі, сезгіш немесе тітіркеніш болады. Бұл тек қана алдағы айнала коршаған әлемді қабылдаудың алғы шарты. Сенсорлық тәрбиені толық өту үшің, сенсорлық тәрбиеге нақты бағыттау керек.
Сенсорлық тәрбиенің дамуына дидактикалық ойының маңызы ерекше. Ойын арқылы бала заттардың түсін, пішінін, көлемін, дәмін және сезгіштік қабілетін біле алады.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.[7]
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.
Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда Сезіну-танып білу- жүзеге асыру - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор. Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек.Серуенде ағаштарды,гүлдер мен шөптерді ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.
Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау.[8]
Балабақша балалар үшін сабақта дидактикалық ойындарды қолдана отырып қызықты да мазмұнды етіп жүргізу тәрбиешінің өзіне, шығармашылық ізденісіне, әр түрлі әдістемелік әдіс - тәсілдерін, сабақта тиімді пайдалана білуіне байланысты. Сондықтан да өз басым көп дидактикалық ойындар арқылы балалардың сенсорлық қабілетеріне көңіл бөлгенді жөн көремін.
Тақырыбы
мақсаты
көрнекіліктер
Ойын шарты
Не артық?
Балаларды суретке қарап,оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.
үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден ненің артық екенін табады.Берілген суретті топтастырып,олардын жалпы атауын айтады.Неліктен артық екені түсіндіріледі.Жеке және жалпы ұғым туралы мағына береді.
Қайысы қайда тіршілік етеді?
Суреттен көрген заттардын аттарын атап,олардың қайда өмір сүретінін айтқызу.Сөздік қорын молайту
теледидар,әр түрлі жануарлар,құстар суреттері
әр түрлі аңдар,құстарды көосетіп,олардың қайда өмір сүретінін сұралады.Олардын немен қоректенетінін айтқызады.Балалардын сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін,тапсырманы түсіндіруге болады. Олар туралы баланың білетін өлең,жұмбақтарын айтады.
Қарап алда есіңе сақта.
балаларды көрген суреттерді есіне сақтап,көз алдына елестете отырып ,әр қайсысын ретімен атап шығуға ,үй жануарларының,аңдардын және құстардың жалпы аттарын айтқызу.Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
үй жануарлары,аңдардың,құстардың суреттері.
әр түрлі суреттері теледидардан көрсетіп шығады. Балалар бірінші суреттен үй жануарларын, екінші суреттен жабайы аңдарды атайды. Үшінші суреттен құстарды атап шығады.
Жер,су,ауа.
балаларға берілген тапсырманы тез шешуге,жылдам жауап беруге, ауада,суда не болатынын дұрыс айтуға төселдіру.Қоршаған ортаға қамқорлық сезімін тәрбиелеу.Шапшаң жауап беруге баулу.
асық
балалар дөңгеленіп тұрады.Бір бала ортаға шығып,баланың кез-келген асықты лақтырып жіпереді де, жер, су, ауа деген сөздің бірін айтады.Егер бала жер десе,асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды,адамдарды,өсімдіктерді атайды. Ал су сөзі айтса балық,балдырлардын аты аталады. Ауа дегенде құстарды айтуы тиіс.Осылай ойын жалғаса береді.
Не қалай дауыстайды?
үй жануарлары туралы түсініктерін жалғастыру.Әңгіме құрастыруға үйрету.Өзара көмекке достыққа тәрбиелеу.
Суреттер
берілген ертегінің суретін немесе мултьфильммін көрсетіп әңгімелеуге болады. Мыс: Жылқы қалай кісінейді?Түйе қайтіп боздайды?

2.1 Танымдық - шығармашылық ойындарды қолдану әдістемесі
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Балалардың таным мүшелерін және де шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында танымдық-шығармашылық ойындар колданудың маңызы зор. Ойын дегенміз -- жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану -- үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын -- тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп ecyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады .[9.10]
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен, табиғат пен таныстыруда танымдық-шығармашылық ойындар өте маңызды орын алады. Танымдық-шығармашылық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың таным мүшелерін (есту, көру, ойлау, сөйлеу), сонымен бірге, шығармашылық қабілетін дамытуда таптырмас ойын болып табылады. Танымдық-шығармашылық ойындарды ойлап тауып, оны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тиімді пайдалану тәрбиешінің шеберлігіне байланысты. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларды жан-жақты дамытуда қатып қалған әдіс-тәсіл жоқ. Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда көбіне танымдық ойындар қолданылады. Танымдық ойындар баршамызға белгілі таным мүшелерін дамытуда, қоршаған ортаны, айналадағы дүниені таныстыруда мақсатты түрде пайдаланылады. Танымдық шығармашылық ойындар балаларға қоршаған ортаның, табиғат құбылыстарының өзгерістерін, оның қалай пайда болатынын қызықты да естен шықпайтындай етіп қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға алғаш ойналған ойын керемет бір ғажап дүние сиақты болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz