Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс №7. Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау.

Жоспары:
1. Диагностика ұғымының мәні. Тұтас педагогикалық үдерістің диагностикасы. Тұтас педагогикалық үрдістің әр түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік.
2. Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау. Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны. SWOT талдау.
3. Білім беру үдерісін бақылау технологиялары. Мектепішілік бақылаудың принциптері, түрлері, әдістері, мазмұны.

Негізгі түсініктер: мектепішілік бақылау, диагностика, ақпарат, педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамалары (ауыспалы).

Мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау педагогикалық үрдісті ғылыми - практикалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді. Диагностика - оқу үрдісінің жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі, танымдық үрдісте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан, статистикалық деректердің жинақталуынан, олардың талдауынан, серпін мен беталысты айқындаудан және одан әрі дамудың болжауынан тұрады. Мектеп басқаруда орын алатын негізгі ерекшеліктердің бірі ретінде басқарудың үнемі талданылып отыратынын атауға болады. Диагностикалау негізінде басқару мазмұнының тұтасынан алғанда мектеп жұмысына сәйкестігі айқындалады. Менеджменттік тұрғыдан қарастыру арқылы басқарудың гумандылығы, демократиялығы, басқарушылардың ұжымды үздіксіз қолдап отыру жағдайына басты назар аударылады. Диагностикалық әдістерге оқушылар мен педагогтарды тестілеу, педагогикалық бақылау, сұхбат алу, әңгіме өткізу, рефлексиялық талдаулар, рефлексиялық практикумдар жатады.
Мектепішілік қалыптасқан жағдайды бақылау немесе тексеру үшін ең әуелі мақсатқа бағытталған ішкі және сыртқы диагностика субъектілердің өзіндік рефлексия қызметін ұйымдастыру, объективті және субъективті талдау мен бағалау іске асырылады. Өзіндік рефлексия және сыртқы диагностика әдістері арқылы оқыту үрдісінің ерекшеліктері, педагогикалық іс-әрекетінің нәтижелілігі зерттеліп, соның негізінде одан әрі даму бағыттары нақтыланады, мектепті басқарудың тағы қандай мүмкіндіктері бар екені анықталады. Диагностиканы төмендегі бағыттарды зерттеу үшін жүргізуге болады:
1. бір мектеп көлемінде бір мақсатқа бағытталған ұжым мүшелерін басқару арқылы кәсіби және тұлғалық қажеттіктерін зерттеу және дамыту мүмкіндігі;
2. басқару үрдісінде мұғалімдерді өз педагогикалық әрекеттерін талдай алуына көмектесіп, ізденістік жұмыстарына бағыт беру, кәсіби санатын көтеру мүмкіндігі;
3. әдістемелік падагогикалық кеңестер арқылы ұжымдық бірлескен әрекеттерді талдау, жобалау, модельдеу, қорытындысын саралау мүмкіндігі;
4. оқыту мен тәрбие барысында оқушыларды бақылау арқылы өсу жолдарын айқындау.
Диагностика негізінде басқару әрекеттеріндегі олқылықтарды түзету (коррекциялау), жою жолдарын белгілеу арқылы мектептің мүмкіндіктерін, одан әрі қарай даму кезеңдерін жүйелеу арқылы басқару мазмұнын үнемі жетілдіріп отыруға болады.
Мектепішілік диагностикалау қызметі басқару үрдісіндегі педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік үрдістерді қамтитын объективтік, субъективтік жағдайлардың біртұтас жүйесін құрайды. Оның мазмұны мектеп мүмкіндіктерін зерттеу және соған сай ұжым мүшелерінің ұсыныстары мен бастамашылдығын қолдау, ұйымдастыру міндеттерін айқындайды. Олар:
1. ұжымда өзіндік танымға, рефлексиялық әрекеттерге түрткі жасалуы үшін қолайлы орта туғызу;
2. түрлі педагогикалық және қоғамдық қызметтерге тарту арқылы әр педагогтың өзіндік танымына мүмкіндік беру және оны жүзеге асыруға көмектесу;
3. тұлғаның өзіндік бағытталуына қажетті құндылықтарын дамытуға жағдай жасау;
4. өзінің білім алу әрекетін өз өмірі үшін мәнділікке айналдыру көздерін анықтауға бағыттау.
Диагностикалық жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруда мұғалімнің кәсібилігіне, оқушының білім сапасына және педагогикалық-рефлексиялық әрекеттерге ықпал ететін факторларды қарастырады. Диагностика нәтижелерін талдау негізінде проблемалар мен мүмкіндіктер анықталып, оны орындаудың төмендегідей жолдары белгіленеді:
oo кері байланыс қызметі арқылы әр түрлі деңгейдегі педагогикалық әрекеттерді талдау деңгейін білу;
oo педагогикалық-коррекциялық қызмет негізінде олқылықтарды жоюдың жүйесін жасақтау;
oo ынталандыру мен стимул қызметтері, кәсіби-педагогикалық санатын көтеру, т.б. шаралар;
oo бақылау қызметі арқылы нәтижелік деңгейін үнемі қадағалап отыру.
Мектепішілік диагностика барысында төмендегі менеджменттің сипаттары басшылыққа алынады:
oo нақты мақсатқа бағытталу;
oo анықталған нәтижелерді мектеп басқару қызметінде орынды пайдалану;
oo ұжымдық әрекеттерді ескере отырып зерттеу;
oo тұлғалық бағдарлы технологияны жүзеге асырудағы жүйелілік, бірізділік және үздіксіздік;
oo нәтижелердің педагогикалық ғылым мен практиканың соңғы жетістіктеріне сай болуы.
Осы талаптардың мазмұнына сәйкес білім беру үрдісіне қатысушы мұғалімдердің қызметі мынадай диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады:
Тұлғалық қасиеттері: адамгершілік және педагогикалық мәдениеті; кәсіби парызын сезінуі мен жауапкершілігі; гуманистік және демократиялық көзқарастары.
Кәсіби дайындығы: пән бойынша арнайы мамандығы; әдістемелік дайындығы; психологиялық дайындығы; тәрбие теориясы мен әдістемесін меңгеруі.
Нәтижелік әрекеттері: оқушының білім алуға жауапкершілігін қалыптастыруы; оқушының еңбек етуге жауапкершілігін қалыптастыру; саналы тәртіпке бағыт беруі; өзін-өзі басқаруға, тәрбиелеуге бағыт беруі; ата-аналармен, ұстаздармен өзара түсіністік қарым-қатынасқа үйретуі.
Диагностика педагогикалық қызметтің мынадай сипаттарын көрсете алады: кәсібилігіне ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің болуы; кәсіби құзырлылығы мен педагогикалық шеберлігі; іс-әрекетінің нәтижелілігі.
Тұлғалық бағдарлы білім берудегі оқушылардың қызметі төмендегі диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады: өзіндік білім алуға ынталылығы; шығармашылық жұмысқа ынтасы; адамгершілік, тұлғалық ерекшеліктері; өзіндік білім алудағы ерік-жігері, қиындықтардан жол таба білуі; өз мүмкіндігіне сай жеке жұмыс түрлерін таңдай білуі; өзін-өзі бақылауда, бағалауда өз жауапкершілігінің жоғары деңгейі.
Диагностика қорытындыларын талдау барысында оқытушылар мен оқушылар өзіндік білімін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіндік коррекциялық әрекеттерге кеңінен тартылады. Осы жұмыстардың нәтижесінде танымдық, эмоционалдық, мінез-құлықтық өзгерістері үшін психологиялық қолайлы орта жасалып, педагогикалық өзара ықпалдастық мүмкіндіктері туғызылады. Бұл қатынастар тек әдістемелік және технологиялық құралдар арқылы ғана емес, мұғалімнің тұлғалық ұстанымдары негізінде де жүзеге асырылады.
Мектепішілік басқару жүйесіне енетін бағыттардағы жетістіктер мен кемшіліктерді диагностика негізінде үнемі талдап, бағалап отыру менеджмент қызметінің сапасын арттырып, жоғары деңгейдегі нәтижелерге жетуге мүмкіндік жасайды. Олар:
1. білім беру сапасын қамтамасыз ету бағытындағы барлық сыныптар және пәндер бойынша білімділік деңгейін, білім сапасын тексеру қорытындысы: оқу жылы басы және аяғындағы оқушылар саны, келім-кетімді бақылау динамикасы; ауруына байланысты, не себепсіз сабақ жіберу кестесі; әртүрлі есепке алынғандар (отбасы жағдайы туралы, әлеуметтік, денсаулық деңгейі бойынша); оқулықпен қамтамасыз етілу деңгейі; ыстық тамақпен қамтылу деңгейі; ұзартылған топқа қатынасатындар.
2. сыныптан тыс және тәрбие жұмыстарының сапасы бойынша: дене тәрбиесі көрсеткіштерінің тиісті деңгейге сәйкестігін талдау; жыл сайынғы өзгерістері; еңбек практикасының өнімділігі, нәтижесі; сыныптардағы және мектеп бойынша өткізілетін щаралар деңгейін бағалау; оқушылар палатасы қызметін өзіндік бағалау; ата-аналардың мектептегі іс-шараларға қатысу деңгейі.
3. әлеуметтік-психологиялық қызмет сапасын талдау: оқушылар арасындағы зерттеулер (мектепалды, бастауыш, жасөспірімдер деңгейлеріне сай жұмыстар); педагогикалық ұжымдағы ахуал деңгейі; ата-аналармен отбасылық таным қызметі; мектепке дайындық деңгейі; мұғалімдер мен оқушылардың, ата-аналардың өзіндік таным қызметі.
4. әдістемелік бірлестіктер мен аттестациялық қызмет: әдістемелік жұмыстың педагогтардың кәсіби және тұлғалық өсуіне ықпал ету факторлары; педагогикалық шеберліктіарттыру, тәжірибе таратудың жаңа түрлері туралы ұсыныстар; рефлексия арқылы әркімнің өзіндік даму аймағын белгілеуі негізінде ұжымның кәсіби өсу картасын жасау нәтижесі.
5. мектепішілік басқарудың басты бағыттарын талдау: білімдік-мазмұндық; нормативті-құқықтық; бағдарлық-әдістемелік; материалдық-техникалық; қаржылық.
Басқару үнемі өзара байланыста, қозғалыста болатын, дамып және өзара дамытып отыратын іс- әрекеттер жиынтығы. Басқаруды диагностикалау бір жүйенің екінші жүйеге әсерін, субъектердің өзара байланысты әрекеттерінің нәтижесін көрсетеді. Осы жұмыстардың мектеп деңгейінде үнемі жүргізіліп талқылануы нәтижесінде жаңа даму деңгейіне өтуді қамтамасыз ететін жаңа мақсат - міндеттер мен күтілетін нәтижелерді нақтылау жолға қойылады және олар оқу жылы аяғында және басында өткізілетін педагогикалық кеңестер үшін ақпараттық база балып табылады. Сөйтіп, диагностикалық әрекеттер жалпы педагогикалық ұжым мақсаты мен тұжырымдамасына, басты мәселелері мен шараларға өзгерістер енгізіліп, оны қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімге ақпараттың 3 түрі аса қажет:
1. Бастапқы ақпарат, ол окушылар туралы алғашқы мәліметті алуға көмектеседі. Бастапқы ақпарат жеткілікті ұзақ мерзім бөлігінде (1-3 жыл және одан да көп) қалыптасады және жеткілікті ұзақ мерзімді әрекеттегі (сынып оқушысының мәртебелік ережесі,оқушылардың білім, білік, дағды сапалары) педагогикалық процестің тенденциясын көрсетеді.
2. Тактикалық ақпарат, ол оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын (жекелеген шаралар өткізу) дұрыс құрастыруға жәрдемдеседі. Тактикалық ақпарат мұғалімнің нақты бір кезенді өткізу (сабақта жұп және топ құрамы, мектеп спектаклін әзірлеуде рөлдерді бөлу т.б.) педагогикалық процестің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіңдіктерін көрсетеді.
3. Жедел (ағымдағы) ақпарат, ол алдыңғы екеуді толықтыруға, педагогикалық процесс жағдайы туралы нақтылы мәлімет алуға жол ашады. Ақпараттың бұл түрі қысқы мерзім бөлігінде (күн, апта) толығып отырады. Дегенмен оның мәні тез жойылады (оқушының сабақтан қалу себебін жою, материалды түсінбей қалған жағдаяда көмек көрсету, т.б.).
Тұтас педагогикалық процестi басқару функцияларының бiрi педагогикалық талдау болып табылады. Педагогикалық талдау функциясын қазiргi ұғымда алғаш рет қолданып, мектепiшiлiк басқару теориясына енгiзген Ю.А.Конаржевский едi. Ғалымның пікірі бойынша, педагогикалық талдаудың мектептi басқару функциясы ретiндегi негiзгi қызметi педагогикалық процестiң даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерiн объективтi бағалап, соның негiзiнде басқарылатын жүйелi жақсарту туралы ұсыныстар дайындау болмақ. Бұл функция - басқару циклының құрылымындағы ең күрделiсi, өйткенi, талдау зерттеу объектiсiн бөлшектеудi, оның әрқайсысының орны мен рөлiн бағалауды, жеке бөлiктен тұтас объектiнi тани алуды, жүйе құрушы факторлердiң байланысын анықтауды қамтиды. Мектепiшiлiк басқарудың теориясы мен практикасында Ю.А.Конаржевский, Т.И.Шамова және т.б.) педагогикалық талдаудың негiзгi түрлерi анықталған. Талдаудың субъектiсiне (не талданады) қарай оның көптеген түрлерi кездеседi. Солардың арасынан параметрлiк, тақырыптық және қорытынды талдау деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы
Білім беру жүйесін басқару ерекшеліктері
Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым - қатынасы
Педагогикалық үдеріс бойынша дәрістер
Педагогикалық процестің принциптері
Кезеңдері және оны ұйымдастыру заңдылықтары
Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогикалық іс-əрекеттің инновациялық бағытылығы
Пәндер