ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ


Ө. Сұлтанғазин атындағы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Психология және педагогика факультеті
Психология мен дефектология кафедрасы
Курстық жұмыс
Орындаған: Алғалиева А. Ж.
Мамандығы: 5B011700-«дефектология», 2-курс
Тексерген: Алипбаева Г. А.
Биология магистрі
Қостанай, 2020 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Әдеби білімнің негізі - көркем шығарманы талдау . . . 6
1. 1. Әдеби талдау туралы жалпы түсінік . . .
1. 2. Әдебиетті оқытудаға талдаудың маңызы . . . 9
ІІ. Проза жанры туралы түсінік . . . 12
2. 1. Прозалық шығармалар, оның тарихы мен даму сатысы . . .
2. 2. Проза - тұтас бітім. Шығарманың композициялық құрылымы . . . 14
2. 3. Прозалық шығармаларды сатылай кешенді талдау үлгісі . . . 16
ІІІ. Прозалық шығармаларды талдау және оның жолдары . . . 23
3. 1. Образ жүйесіне талдау . . . 24
3. 2. Проблемалық талдау . . . 28
3. 3. Шығарманы тұтас талдау . . . 30
3. 4. Тақырыптық талдау . . . 31
Қорытынды . . . 32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 34
КІРІСПЕ
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ТҰТЫҚПАНЫ ТҮЗЕТУДІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мектепке дейінгі жастағы балалардағы тұтығудың теоретикалық аспектілері
1. 2 Мектепке дейінгі жастағы балалардағы тұтығудың пайда
болу белгілері
1. 3 Мектепке дейінгі жастағы тұтықпа балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың негізі
2 ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ. ҚАТЫНАСТЫҚ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘЖІРИБЕЛІ. ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЖҰМЫС
2. 1 Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік
қатынас дағдыларын зерттеу
2. 2 Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балаларда тілдік қатынасты қалыптастыру бойынша жүргізілетін түзету жұмыстары
2. 3 Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік қатынасының қалыптасуы жөніндегі салыстырмалы талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Тұтықпа бұл сөйлеу аппаратының әр түрлі бөліктерінде болатын тырысулардан туындайтын сөйлеудің бірқалыптылығының, ырғағының, темпінің бұзылуы.
Тұтықпа бұл күрделі симптомды жүйелі болып келетін кей жағдайларда түзету нәтижесі көріне бермейтін сөйлеу бқзылысының көп тараған түрлерінің бірі. Тұтығу сөйлеудің белсенді қалыптасуының кезінде (2- 6 жас) пайда болады да баланың коммуникативті мүмкіндіктерін шектейді, оның психологиялық дамуын тежейді сонымен қатар, баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына кедергі келтіріп, оның әлеуметтік бейімделуін қиындатады (И. Ю. Абелева, Л. З. Арутюнян-Андронова, К. П. Беккер, Л. И. Белякова,, Н. И. Жинкин, С. С. Ляпидевский, Б. П. Пузанов, В. И. Селиверстов, И. А. Сикорский, Н. П. Тяпугин, В. М. Шкловский және т. б. ) . Барлық тұтығатын балаларда өз ойларын ашық жеткізу барысында қиындықтар кездеседі, мәтіннің байланысының бұзылуы, синтаксистік және логикалық тұрғыда аяқталмаған тіркестер, қажетті сөз іздеп тұрған сияқты сөздік кідірістер байқалады (И. К. Абелева, Г. И. Ангушева, Л. И. Белякова, Э. Р. Саитбаева, В. Матанова және т. б. ) .
Р. Е. Левинаның пікірі бойынша сөйлеу тілінің бүзылуы әр қашан түлғаның дамуына және психикасының дамуына әсер етеді, оның әсері ақаулықтың табиғатына, деңгейіне сонымен қатар баланың өзінің ақаулығына көңіл аударуына байланысты болады. Көптеген авторлар тұтықпа балаларда әр түрлі деңгейде психикалық ерекшеліктері байқалатынын атайды (X. Лагузен, И. А. Сикорский, Г. Д. Неткачев, Э. Фрешельс, Ю. А. Флоренская, М. Е. Хватцев т. б) . Кейінгі жылдардағы ғылыми жүмыстарда психологиялық ерекшеліктерін тереңірек зерттеумен қатар (С. С. Ляпидевский, В. И. Селиверстов, В. М. Шкловский, Ю. П. Некрасова, Г. И. Ангушев, Л. З. Андронова, Э. М. Кулиев) . Оларды психологиялық ерекшеліктері бойынша ажыратуға (дифференциялауға) көңіл бөледі. Оның негізіне логофобияның болуы (С. С. Ляпидевский, С. И. Павлова) әр түрлі деңгейде өз ақаулығына көңіл аударуы (В. И. Селиверстов, В. М. Шкловский) алынады.
Тұтығу симптом да синдром да емес, ол орталық жүйке жүйесінің ауруы. Үлкен жарты шарлар қабығындағы жүйке күйзелісі бір жағынан жүйке жүйесінің жағдайына, оның қалыпты кезінен ауытқуға дайын болуымен күйзеліс жағымсыз экзогенді факторлардан туындауы мүшкін.
Тұтығу - балалар мен ересектер арасында кең таралған сөйлеу бұзылысы және пайда болу себептерінің әртүрлілігімен күрделі симптомды жүйелілігімен, сонымен қатар көп болуымен ерекшеленеді.
Медицина мен педагогика саласындағы тұтығуға деген қазіргі заманғы көзқарас оны сөйлеу бұзылысының тежелген түрі ретінде қарастырумен шектелмейді. Тұтығудың жан-жақты болатындығын барлық авторлар мойындайды және тұтығу тұтығатын адамның кез келген тұлғалық қасиеттерімен байқалып тұратындығын дәлелденді деуге болады.
Тұтығатын балаға жүйелі түрде әсер етудің қажеттілігін ескере отырып, баланың жеке тұлғасымен сөйле тілінің қайта тәрбиелеудің, оның дамуына жеке деференциалды түрде, жақындаудың маңыздылығын атап айтқан жөн. Мұндай жағдайларды мектепке дейінгі жастағы балалардың әрекеттерінің жетекші түрі болып, келетін ойын әрекетін қолданған дұрыс. Осы ойын барысында баланың белсенді дамы яғни оның сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы, өз беттілігі, моторикасы, өзін-өзі ұстай алуы қалыптасады. Ойын барысында балалар адамдық қатынастардың әлеуметтік тәжіриббесін меңгеріп, үйренеді, ол - өз кезегінде өзара әрекеттесуші ұжым қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тұтығу теоретикалық және тәжірибелік жағынан да жан-жақты зерттелген бұзылыс болғанымен түзету педагогикасы, клиникалық психология, психиатрия салаларындағы өзекті мәселе болып саналады. Қазіргі уақытта психомоторлы және ойлау әрекеттері және тілдік қатынастың басқа да компоненттерін ескере отырып тұтығу мәселесін жүйелі түрде шешуге арналған жұмыстар бар. Осы зерттеу жұмыстарының авторларының кемістіктің құрылысымен, диагностикан, критерилері мен түзету жолдарын нақты анықтап көрсеткен. Басқа зерттеулер тұтығатындардың жеке жас ерекшеліктеріне қарай жүргізген.
Тұтығуды түзету бойынша жүргізілетін түзеу жұмысының мазмұнын зерттеу қарастырылып түзету жұмысының мазмұнын зерттеу, қарастырылып жаьқан мәселенің жүйелі шешуі сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің дизонтогенезінің механизмдерін ұзақ уақыт салыстырмалы түрде жас ерекшелігін ескере зерттеусіз мүмкін емес екендігін көрсетеді. Атап айтқанда тұтығудың патогенезінде болатын тілдік қатынастардың механизміне қатысты (В. В. Ковалев, Г. Е. Сухарева, К. Х. Ушаков, О. Н. Усанова, Ю. С, Шевченко) . Сонымен қатар, Л. С. Выготскиидің айтуынша алғашқы сигналдық моторлы актілерге де қатысты.
Кез-келген ойын нақты әрекет болып саналады. Оны солай қабылдау ойын әрекетін түзету мақсатында қолдануға мүмкіндік береді. Ойын әрекет ретінде көптеген ойындарды, оқиғаларды қарастырады, ол өз кезегінде ойын барысында қойылған, мақсатқа жетуге алып келеді. Ойынды осылай қолдануда ойын әрекетінің әдістемесі құралады және тұтығатын балалардың жеке тұлғалық сауықтырулары мен сөйлеу тілі, бұзылыстарын түзету жұмыстары жүргізіледі.
Тұтығуды түзетуде баланың психикалық дамуы мен сөйлеу тілінің жетілуіне үлкен әсер ететін ойын әрекетін оптималды түрде қолдану амалдары әлі де зерттелмеген. Жоғарыда айтылған жайттар қарым-қатынастық сөйлеу әрекеті туралы жинақталған мәліметтер мен олардың психикалық проесс кезіндегі маңыздылығы және тұтығатын балалардың онтогенезінде олардың өзара байланысы диагностиканың жетелуіне жол ашады, сонымен бірге тілдік кемістіктерді түзету жүйесінің ерекшелігі туралы көріністерді анықтауға көмектеседі деп қорытындылаға мүмкіндік береді. Бұл осы топтағы балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстардың сапасын жақсартатын сөйлеу тілін түзету мен дамыту бойынша қолданылатын бағдарламалық материалды өзекті мазмұнымен толықтырады.
Тұтықпасы бар бала өз ақауын тәрбиелеуіне жол ашады. Бұл оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында маңызды рөл атқарады. Осыған орай, аталған мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығы, теориялық және тәрбиелік пайдалануының жетіспеушілігі зерттеу тақырыбын атауға мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты:
1. Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалар мәселесіне байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау;
2. Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалардың дамуы үшін логопедиялықритмиканы пайдалану;
3. Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалардың ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ықпал ету.
Зерттеу нысаны - тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалар
Зертеу пәні -тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балаларға логопедтік ритмика арқылы ықпал ету.
Зерттеу болжамы - егер тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс неғұрлым ерте жүргізілсе, онда педагогикалық ықпал ету бала дамуын болжауға және нақты мүмкіндік береді. Атап айтқанда:
- ерте балалық шақта сөйлеу тілінің жетілуі;
- баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, тұлға дамуының жағыиды жақтарын қарастыру;
-тұтықпасы бар баланың психикалық және тұлғалық дамуын ескере отырып, сөйлеу тілін жетілдіру;
Зерттеу міндеттері:
-қалыпты дамыған және тұтықпасы бар балаларда даму ерекшеліктері бойынша педагогикалық-психологиялық және әдістемелік зерттеу;
-тұтықпасы бар балалардың отбасылық жағдайын тексеру;
-тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балаларды логопедиялық ритмика арқылы түзете-тәрбиелеу әдістемелерін өндеу және тәрбиелік материал даярлау.
Зерттеу әдісі- ғылыми және арнайы әдебиетті - педагогикалық-психологиялық, әдістемелік, дидактикалық - зерттеу мәселесі бойынша талдау және жинақтау; салыстыру, жалпылау, жобалау, болжау.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
- Мектепке дейінгі балалардың тұтығудың теоретикалық аспектілері
Тұтығу - сөйлеу аппаратының дірілдік жағдайымен шартталған сөйлеудің темптік-ырғақтық бұзылуы.
Тұтығу мәселесін сөйлеу бұзылыстары туралы ғылымның даму тарихындағы ең ертедегісі деп санауға болады.
Орта ғасырларда тұтығуды бас миында судың көп болымен (Гиппокрит) немесе артикуляиялық аппараттың бөліктерінің дұрыс емес болуымен (Аристотель) байланысты ауру ретінде қарастырған. Сөйлеу аппаратының орталық немесе перифериялық аймақтарындағы бұзылыстан болуы мүмкін екендігін Гален, Цельс мойындаған.
Шет елдерде ХVІІ - XVІІІ ғғ. Тұтығуды сөйлеу аппаратының перифериялық аймағының жетілмеуінің салдары қарастырылған. Мысалы, Санторини тұтығу қаты таңдайдың майысып, сілекей дұрыс өтпеуінен сөйлеу қиындайды да тұтығу пайда болады деп есептеген. Басқа зерттеушілер тұтығуды сөйлеу мүшелері қызметінің бұзылуымен байланыстырған: дыбыс қуысының дірілдеп жабылып қалуы (Арнат, Шультесс) ; аса жылдам дем шығару (Беккерель) ; ойлау мен сөйлеудің сәйкессіздігі (Блюмс) ; және т. б.
Ресейде көптеген зерттеушілер тұтығуды сөйлеу аймағындағы функционалды бұзылыс дірілдік невроз ретінде (И. А. Сикорскийдің 1889; И. К. Хмелевский 1897 ж. Және т. б. ) немесе сөйлеу аппаратында дірілдік әрекеттермен байқалатын таза психикалық ауытқу реінде (Хр. Лагузен 1838, Г. Д. Петкачев 1909, 1913 ) қарастырған.
ХХ ғасыр басындағы тұтығу механизмдерінің түсіндірудің әр түрлілігін 3 үрлі теоретикалық бағыттарға бөлуге болады
1. Тұтығу сөйлеу орталықтарының қоздырғыштық әлсіздігінен болатын координацияның спастикалық неврозы ретінде. Бұл Г. Гутуманның, И. А Кссмаульдың, И. А. Сикорскийдің еңбектерінде нақты көрсетеді.
2. Тұтығу психологиялық сипаттағы зақымдар нәтижесінде, қоршаған ортадағы алуан түрлі жанжалдардан туындайтын саналы көрініс ретінде А. Адлер, Шнейдер теорияларын жақтаушылар.
3. Тұтығу психикалық сипаттағы ассоциативті бұзылыс ретінде А. Либманн, Г. Д. Неткачев, Ю. А. Флоринскаяның жақтастары.
Осылайша ХІХ ғ. Аяғы мен ХХ ғ. басында тұтығ-күрделі психофизикалық бұзылыс деген пікір қалыптаса бастады. ХХ ғ. 50-60 жж. Қарай тұтығу механизмін И. П. Павловтың адамның жоғарғы жүйке жүйесі қызметі туралы, атап айтқанда невроз механизмі туралы зерттеулеріне сүйене оырып қарастыра бастайды.
Тұтығу басқа невроздар сияқты көзу мен тежеу процестерінің күшеюін туғызатын әр үрлі себептерінің нәтижесінде пайда болады. Тұтығу - симптом да синдром да емес, ол орталық жүйке жүйесінің ауруы. Үлкен жарты шарлар қабығындағы жүйке күйзелісі бір жағынан жүйке жүйесінің жағдайына, оның қалыпты кезінен ауытқуға дайын болымен шартталған болуы мүмкін. Екінші жағынан күйзеліс жағымсыз экзогенді факторлардан туындауы мүмкін. Бас миы қабағы қызметінің бұзылуы бірінші аытқу болады да, қатынастық тежелуіне әкеледі және қабықасты бөлшектерінің қызметтерін реттейтін шартты-рефлекторлы механизмдерінің бұзылына әкеп соғады. Осындай жағдайда, яғни қабықтың қалыпты реттелуі бұрмаланған кезде стриопаллидарлы жүйе қызметінде жағымсыз, кері қозғалыстар орын алады. Тұтығу механизмінде оның алатын рөлі өте маңызды, өйткені қалыпты жағдайда бұл жүйе дем алудың темпі мен ритміне және артикуляторлы бұлшықеттердің тонусына жауапты. Тұтығу стриопаллидумның органикалық өзгерістері кезінде емес, оның қызметінің динамикалық тұрғыда ауытқуынан туындайды.
Қазіргі уақытта пайда болу себептерден 2 топқа бөліп қарастыруға болады. Сонымен бірге, кейбір этилогиялық факторлар тұтығудың пайда болуына жол беріп, оны тікелей туындатуы мүмкін. Ата-аналардың невротикалық орталық жүйке жүйесінің қызметін әлсірететін жүйкелік, жұқпалы және соматикалық аурулар.
Тұтығудың баланың өзінің невротикалық ерекшеліктері: түңгі қорқыныш, энурез, аса қатты қозғыштық, эмоционалды жағынан сезімталдық.
Тұқым қуалайтын тұтықпа рецессивті белгі белгі ретінде тұқым қуалау арқылы беріліп, сөйлеу аппаратының туылғаннан әлсіз болуының әсерінен дамиды. Сонымен қатар, қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен тұтығуда туындайтын экзогенді факторлардың рөлін де ескеру қажет.
Бас миының көптеген жағымсыз факторлардың ісерінен даму кезеңінің әр түрлі уақытында заымдалуы: құрсақ ішіндегі және туу кезіндегі зақымданулар, асфиксия, әр алуан балалар ауруы кезінде туындаған постнатальды жұқпалы зақымдалған немесе жарақаттанған ауыспалы - трофикалық бұзылыстар.
Жағымсыз, кері жағдайдар: балалардың физикалық әлсіздігі. Басмиы қызметінің жатық ерекшеліктері, бас миының үлкен жарты шарлары 5 жас шамасына қарай қалыптасады, осы жақта бас миы ассиметрия пайда бола бастайды. Сөйлеу қызметі онтогенетикалық жағынан дифференцияланған және кеш дамиды.
Моториканың, ритмнің, мимика-артикуляторлы қимылдардың дамуының азаюы.
Жағымсыз, кері жағдайлар тобынан бөліп қарастырамыз.
Ағзалық- физиологиялық себептер : энцеалопатиялық салдары бар физикалық аурулар.
- Жарақаттар, зақымданулар (құрсақ ішілік, туу кезіндегі асфиксия, бас миының шайқалуы;
- Қимыл-қозғалысты реттейтін қабақасты механизмдерінің зақымдалуы болатын бас миының органикалық бұзылуы;
- Сөйлеудің орталық аппаратын әлсіздендіретін интоксикация және т. б. аурулар нәтижесінде туындайтын жүйке жүйесінің қажуы немесе шаршауы.
Психикалық және әлеуметтік себептер:
- Қысқа мерзімді - бір сәттік психикалық зақым (қорқыныш, үреу)
- Ұзақ уақыт әсер ететін психикалық зақым, яғни отбасындағы дұрыс емес тәрбие: тым еркелету, дұрыс емес тәрбие, үнемі жанжалдық жағдайда болатын психикалық қоздырғыш түрінде болатын жағымсыз эмоция.
- Балалық шақтағы сөйлеудің дұрыс болмауы, дем алғанда сөйлеу жылдам, тез сөйлеу, дыбыс айтудың бұзылуы, ата-аналардың жылдам ашуланып сөйлеуі.
- Кіші жастағы балалардың сөйлеу материалын шамадан тыс қолдануы, сөйлеу материалдары мен ойлауға байланысты тапсырмалардың өз жасына сәйкес болмауы (абстрактылы ұғымдар, тіркестердің күрделі құрылымды болуы) ;
- Тұтығатын адамға еліктеу (мұндай адамның сөйлеу индукиясының 2 түрін бөліп қарастырады, енжар бала тұтығатын адамның сөйлеуін естіп, еріксіз тұтыға бастайды; белсеңді - ол тұтығатын адамның сөйлеуін айна қатесіз қайталайды) ;
- Солақайлықты жоюға тырысу;
Физиологиялық (биологиялық) симптомдар: сөздік дірілдер. Баланың физикалық денсаулығының және орталық жүйке жүйесінің бұзылуы.
Тұтығудың негізгі сыртқы белгісі сөйлеу кезіндегі дірілдеу. Оның ұзақтығы әр түрлі: 0, 2 секундтан 90 секундқа дейін (күрделі жағдайларда)
Дірілдер түрі бойынша ( тоникалық, клоникалық және аралас), локализациясы бойынша (демдік, дауыстық, артикуляционды және аралас) және жиілігі бойынша бөлінеді.
Тоникалық діріл кезінде қысқа немесе бұлшықеттерінің спазматикалық қысқаруы байқалады: «т-ақта» (әріптен кейіңгі сызық сәйкес дыбысты дірілдеп ұзақ айтуды білдіреді) .
Клоникалық діріл кезінде бір дірілдік қимылды бірнеше рет бірден қайталау байқалады: «та-та-тақта»
Осылайша барлық демдік - дауыстық -артикуляционды аппарат зақымдалады.
Сөйлеу мүшелерінің бір немесе бірнеше жерінде дірілдің болуына байланысты діріл демдік, дыбыстық, артикуляционды деп бөлінеді.
сурет
Сурет 1. Тұтықпаның симптомдары .
Тұтығу кезіндегі демалу бұзылысының 3 түрін ажыратады:
Эксперименталды (дірілдік дем шығару) , икспираторлы (дірілдік дем алу) респираторлы (дірілдік дем шығару, дем алу, кейде сөз үзіліп қалады) .
Артикуляциялық аппаратта болатын дірілдер- еріндік, тілдік және жұмсақ таңдайлық. Олар көбінесе дауыссыз, қатаң дыбыстарды (к, г, п, б, т, д) айтқанда; сирек және аз күшпен-қуыстық дыбыстарды айту кезінде байқалады.
Экспрессивті сөйлеу кезінде тұтығатын балаларда фонетика-фонематикалық және лексико-грамматикалық бұзылыстар байқалады. Соңғы мәліметтер бойынша мектепке дейінгі жастағы балалар арасындағы фонетика-фонематикалық бұзылыстың таралуы 66, 7 %, кіші мектеп жасындағылар арасында - 43, 1%, орта жастағылар - 14, 95% және үлкен мектеп жасында арасындағы - 13, 1% құрады.
Тұтығудың байқалуына әр түрлі сөздік және жалпы моторикалық бұзылуы тән.
Амал -айлаға тұтығатын бала өзінің сөйлеуін жасыру үшін немесе жеңілдеті үшін қолданылатын қосымша қимылдар жатады.
Жалпы моторлы күйзеліс, қозғалыстың шектеулілігі, тежелгіштік, еріншектік немесе дискординация жиі кездеседі.
Әлеуметтік симптомдар- жүйке бұзылысының туындауының негізгі себептерінің бірі өз кемістігінен қысылу, өзін толық жетілмеген болып сезінуі. Кемістігінен неғұрлым көп көңіл бөлсе, соғұрлым ол тұрақты бола береді.
1. Фиксацияның нөлдік деңгейі.
Балалар кемістігін мойындамаудан еш қысылмайды немесе оны мүлде байқамайды. Ұялу, қысылу элементтері, өзінің дұрыс емес сөйлегенін айтқан адамға өкпелемейді, өз кемістігін жоюға ешқандай талпынбайды.
2. Ауру фиксациясының орташа деңгейі.
Үлкен жастағы жоғары сыныптағы жасөспірімдер мен оқушылар өз кемістігінен ұялады, жасырады әр түрлі амалдарды қолданады, қарым-қатынасқа өзі түседі. Олар өздерінің тұтығатындығын біледі, адам ыңғайсызданады, өз кемістігін жасырып қалуға тырысады.
3. Фиксацияның анық, байқалатын деңгейі.
Өз кемістігіне байланысты уайымдары өзін үнемі кеміс сезіну жағдайымен бірігеді. Бұл көбінесе жасөспірімдерде болады, олар сөйлеу сәйкестіктеріне көп көңіл бөледі, оны қатты уайымдайды, сөйлер алдында, адамдар қасында, кездескен жағдайлардан қорқады.
Тұтығудың 3 деңгейін ажыратады:
1. Жеңіл түрі - тек ашуланған жағдайда және тез сөйлеуге тырысу кезінде ғана тұтығады. мұндай жағдайда оны оңай жеңеді, тұтығатын бала сөйлей береді, олар өз кемістігінен ұялмайды;
2. Орташа түрі - қалыпты жағдайда және өзі үйренген орташа оңай сөйлейді және аз тұтығады. Эмоционалды жағдайда қатты тұтығады.
3. Ауыр түру - үнемі, сөйлеген сайын тұтығады, қосымша қимылдар байқалады.
Тұтықпаның болуының мынадай типтері бар:
-үнемі болатын (тұтықпа пайда болғаннан бастап сөйлеудің кез-келген түріне, әр түрлі жағдайда бола береді) ;
-толқын тәріздес (тұтығу біресе күшейеді, бірес басылады, бірақ аяғына дейін жоқ болып кетпейді) ;
-рецидивті (тұтығу жоғалып кетеді де қайта пайда болады, яғни рецидив пайда болады) ;
Авторлардың көбісі тұтығудың патогенезін зерттегендер тұтығатын адамдарда әр түрлі вегетативті бұзылыстардың болатынын айтады. М. Зесманның ойынша тұтығатындардың 87% вегетативті дисфония болады. Тұтығатындардың 100% - ының 20%-ында қан қысымы жоғары болады және экстрапирамидальды бұзылыстар кездеседі. 100% жағдайда оларда мидроз (көз қарашығының үлкеюі) байқалады, қалыпты сөйлейтін адамдардың көз қарашықтары сөйлеу кезінде өзгермейді немесе керісінше кішірейеді.
Тұтығудың таралуы
Тұтығудың таралуы жас ерекшелікке, жынысқа, қызмет түріне, мекен ететін жеріне байланысты және басқа да факторлар мен шартталған. Тұтығу көбінесе 2 жастан 4 жасқа дейінгі аралықта пайда болады, бұл кезде баланың сөйлеу қызметі жүйесі қарқынды дамиды және жеке тұлғалық қасиеттері қалыптаса бастайды. Сосын тұтығуға деген бейімдік төмендейді, кейінгі 10 жылда (4-14) тұтығудың болуы 1 жастан 3 жасқа дейінгі аралықтағыдай. Сосын мектепке баратын кезде тұтығатындар саны көбейеді. Тұтығудың көбейіп, күшеюінің себебі жетекші әрекетін өзгертуі (ойынның орнына оқу), балаға деген талаптың күшеюі. Тұтығу жыныстық жетілу кезінде асқынуы мүмкін.
Ауылды жерлерде тұратын балаларда қалалық балаларға қарағанда тұтығу сирек кездеседі.
Кейбір ғалымдар климаттық жағдайдың тұтығудың күшеюіне әкелетінін айтады. Мысалы; күз, көктем мезгілдері. (М. Зееман) .
Тұтығу дамыған елдерде көп кездеседі. Англияда, АҚШ-та және Ресейде тұтығатын адамдар саны бірдей деуге болады. Статистика бойынша СССР-да 250 млн. Адам тұрса, соның 6 млн тұтығатындар. Африка елдерінде мұндай аурумен ауыратында саны өте аз. Қытайдаоданда басқа сирек (бірақ бұл жерде дамуға емес, тілдің басқа жүйесіне байланысты) .
Тұтығу интеллектісі жоғары адамдарда кездеседі. Тұтығуды жеңу көп жағдайларда тәуелді ол ең алдымен тұтығу механизміне, кешенді түрде емдеп оны қолдануды астау кезеңіне, жасына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz