Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың бейнелеу өнерін дамытудың әдістері мен тәсілдері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бейнелеу өнері - мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың өзін өзі бағалауын қалыптастыру құралы ретінде
Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Студент: Алғазиева А. Б.
Курс: 3
Мамандық: 0105000 -
«Бастауыш білім беру»
Біліктілік: 010501 3 -
«Бастауыш білім беру мұғалімі»
Топ:131
Парақтардың саны:
Мен, ұсынылған жұмысты өзімнің жазғанымды, ал қолданылған дереккөздерінің нақтылығын растаймын.
Студенттің қолы
« __» 20 20 жыл
Қорғау
Баға ()
Қорғау уақыты___ 2020 жыл
Ғылыми жетекші
Алматы, 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 7
1. Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы 9
1. 1. Мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту үшін бейнелеу өнерінің маңызы . . . 11
1. 2. Қазіргі заманға сай сурет салудың дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерінің ерекшелігі . . . 14
2. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың бейнелеу өнерін дамытудың әдістері мен тәсілдері 19
2. 1. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың өзін өзі бағалау ерекшеліктері 22
2. 2. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға жүргізілген эксперименттік тәжірибе нәтижелері 24
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33
КІРІСПЕ
Өзектілігі: Қазақстанның әлемдегі озық отыз елдің қатарына ену мен мемлекетте бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт қалыптастыру қажеттілігі жағдайында қазіргі үздіксіз білім беру саласына, соның ішінде баланы мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне аса мән беріліп отырғаны мәлім. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси амалы атты Қазақстан халқына Жолдауында - «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық, қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керектігі» - көрсетілген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында - проблемалар қатарындамемлекет мектепке дейінгі дамудың барлық кезеңдерінің ішінде туғаннан 3 жасқа дейінгі балаларға аз көңіл бөліп отырғаны көрсетілген: «Қазақстандағы 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) елдерінің орташа көрсеткіштерінен төмен (республикада-16%, ЭЫДҰ-32%) . Осы бағдарламада 1-3 жас аралығында « . . . балалардың танымдық және зияткерлік дамуының, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды меңгеруінің негізі қаланады. Балаларды ерте жастан дамыту проблемаларын кешенді шешу білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын үйлестіруді және келісілген іс-әрекетін, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығын кеңінен қатыстыруды қажет етеді» деп атап өтілген».
Қазақстан Республикасында ерте жастағы балалар дамуының тұжырымдамалық негіздерінде балаларды табысты әлеуметтендірудің бастапқы мүмкіндіктері өмірлік циклдің бірінші жылдарында қалыптасатындығы айтылған. Балалық шақта тұлғаның ерекшеліктері қалыптасып, оның зияткерлік, эмоциялық және нығайып өсуі қабілеттерін дамыту бағыттары анықталатындығы, - көрсетілген.
Ал бұл болса, ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту проблемасын зерттеу қажеттілігін туындатады. Өйткені, жоғарыда айтлғандай ерте жас (1-3 жас) - адам өмірінің ең маңызды әрі жауапты кезеңі болып табылады. Осы жас аралығында адамның әрі қарай дамуын анықтайтын негізгі қабілеттер қалыптасады. Дәл осы кезеңде таным белсенділігі, өзіне, өмірге сенімділік, адамдармен қарым-қатынас, шығармашылық мүмкіндіктер, жалпы өмірлік белсенділік және т. б. басты қасиеттер қалыптасады. Оның үстіне технологиялар мен технократтық ілімдер дамуы барысында заманауи талаптарға сай баланың танымдық, шығармашылық белсенділігі ерте жастан басталуы тиіс.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымының ( ЮНЕСКО) «Барлығына арналған білім беру» тақырыбындағы баяндамасында да балаларды оқытуды туғаннан бастау қажеттігі алдыңғы орынға қойылған. Сондай ақ, 1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары туралы Конвенциясында ертеден оқытудың қажеттілігі негізделгенін ескерсек, ерте жастағы балаларды дамыту мәселесінің теориялық негіздерін зерттей түсудің қажетілігі артады.
Бүгінгі бүлдіршін балалар ертеңгі еліміздің болашағы. Сол себепті балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы кезінде дұрыс тәрбие беру басты назарда болу тиіс. Өмірге келген әрбір бөбек бақытты болу керек. Бұл баланың құқығы, ата-ананың міндеті. Тәрбие басы - тал бесіктен демекші, жақсы тәрбие беру, денсаулығын жақсарту, білім беру, саналы ұрпақ тәрбиелеу ата-ананың басты борышы.
Баланың айналасындағы ортасы да баланың мінез - құлқына көп әсер етеді. Баланың ең бірінші білім баспалдағы балабақшадан басталады. Бала бірінші рет отбасындағы ата-ата, бауырларынан, туысқандарынан бөлек, басқа адамдармен, басқа ортамен танысады. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай “Тәртіпке бағынған - құл болмайды” демекші, балабақшада бала белгілі бір тәртіпке үйренеді, қарапайым дағдылар бала санасына орнығады, алғашқы достарын табады, әріптерді, сандарды және тағы басқа көптеген қажетті әрекеттерді үйренеді. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым -педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген ойлар айтып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаны тануы белгілердің әр түрлігінің және заттардың қасиеттер арасында хабардар болу тәсілдеріне үйренетін белсенді қызметті болжайды.
Әрине баланың танымдық белсенділігін дамыту мәселелерін қарастыру бұрынғы кезеңнен-ақ, сонау ежелгі грек философтарынан (Аристотель, Платон, Сократ және т. б. ) бастау алады.
Ұлы ғұлама ойшылдары (әл-Фараби, Ю. Баласағұни, А. Йүгнеки және т. б. ) адамның танымын дамыту арқылы ғана оны бақыт жолына жетелеуге болатындығын айтады. Ал қазақтың ағартушылары Абай Құнанбаев қырық үшінші қара сөзінде «баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін» айтады. Ы. Алтынсарин таным әрекетінің негізін - оқу, білімнен іздестіреді.
Педагог классиктер Я. А. Коменский 1663 жылы «Ұлы дидактика», И. Г. Песталоцци 1703 жылы «Гертруда өз балаларын қалай оқытты?» еңбектерінде мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларын ұсынды.
Ерте жастағы балалардың психологиялық және физиологиялық дамуының теориялық негіздері В. С. Мухина, М. Щелованов, Н. Л. Фигурин, Н. М. Аксарина, Е. И. Радина, Ж. И. Намазбаева және т. б. еңбектерінде негізделген.
Балаларды ерте жастан дамытудың теориялық негіздері, соның ішінде балаларды дамыту орталықтарында, балалар үйінде, қосымша білім беру мекемелерінде тәрбиелеу (Н. И. Кузьмина, Р. И. Яфизова, Н. В. Володько және т. б. ), ерте жастағы балаларды әлеуметтік бейімдеу (С. В. Паршукова, С. В. Королева және т. б. ), эмоционалдық қарым-қатынастарын дамыту (Н. Н. Искра, Л. А. Максимова, О. М. Вотинова және т. б. ) сенсорлық дамыту (Ю. М. Хокрикова және т. б. ), тілін дамыту (О. А. Горлова, Р. Р. Орлянская және т. б. ), музыкалық-эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру (А. Ю. Хилиль, Р. А. Матвеева, М. Г. Кайтанджян және т. б. ), танымдық аясын дамыту (О. П. Рожков) мәселелері зерттелген.
Мектепке дейінгі балалардың (5-6 жас) тәрбиесінде халық фольклорын пайдалану мәселесі Э. А. Музенитова, О. В. Акулова, М. Н. Братухина, Г. Н. Пивнева және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Білім алушының танымдық белсенділігін дамыту мәселесі қазақстандық ғалымдар зерттеулерінде де зерделенген. Белгілі психолог-ғалымдар Ә. Алдамұратов, Қ. Б. Жарықбаев, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков, Ж. Ы. Намазбаева Г. А. Урунтаева, М. А. Перленбетов және т. б. зерттеулерінде балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дамуы және оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның танымдық іс-әрекетін белсендірудегі психологиялық ерекшеліктер қарастырылған. Педагогикалық зерттеулерде бастауыш сынып оқушыларының (Т. С. Сабыров, Т. И. Қоқымбаева және т. б. ), орта сынып оқушыларының (Б. Т. Абыканова, А. К. Сариева және т. б. ), жоғары сынып оқушыларының (М. М. Коккоз, Мустояпова А. С. және т. б. ), студенттердің (Ж. Е. Қараев, А. Е. Абылкасымова және т. б. ) танымдық белсенділігін дамыту мәселесі де жан-жақты қарастырылған.
Сондай-ақ отандық ғалымдар еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балаларды (5-6 жас) оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне қатысты бірқатар мәселелер теориялық тұрғыдан негізделген. Мәселен, балалардың тілін дамыту (Р. Аралбаева, А. Бакреденова, К. Метербаева) ; ойын әрекетін дамыту (М. Турскельдина, Т. Иманбеков) ; айналамен таныстыру, экологиялық тәрбие беру және денсаулығын нығайту (А. Манкеш, Р. Керімбаева, Н. Сайлауова, Ш. Сұлтангазиева), рухани-адамгершілікке тәрбиелеу (Р. Сыздық, М. Асылбаева, А. Казетова), еңбекке тәрбиелеу (Г. Меңлібекова, С. Жиенбаева, Ш. Сапарбаева), баланы мектепке дайындау (К. Сейсенбаев, М. Сәтімбекова, Ж. Рысбаева, Ғ. Таубаева және т. б. ) мәселелері зерделенген.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық белсенділігін бейнелеу өнері арқылы дамытуды теориялық негіздеу, әдіс-тәсілдерін талдау, эксперименттік бағдарламасын жасау және оның тиімділігін тәжірибеде тексеру.
Міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың бейнелеу өнерін дамытудың әдістері мен тәсілдерін анықтау;
- Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың өзін өзі бағалау ерекшеліктерімен танысу;
- Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға бейнелеу өнері арқылы эксперименттік тәжірибе жүргізу.
Талдаудың объектісі мен пәні - мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың өзін өзі бағалауын қалыптастыру үшін бейнелеу өнерін қолдану.
Зерттеу әдістері - психологиялық, педегогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, бақылау, тәжірибе жұмыстары.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Тәрбиешінің міндеті - балада искусствоның
қандай түріне ынта бар екенін тауып,
сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық
сезімдерін өркендету»
Мағжан Жұмабаев
Балалардың бейнелеу өнеріндегі шығармашылығын дамыту әрекеті оқу мен тәрбие үрдісі өзара тығыз байланысты жүргізілгенде ғана жүзеге асады. Балаларды бейнелеу өнерінің әдіс-тәсілдеріне үйрету- эстетикалық тәрбиенің ең басты міндеті болып есептеледі.
Бейнелеу өнері балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамыту үрдісін белгілі жүйеде көрсетеді. Бейнелеу әрекеті үрдісінде балалар бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, заттар мен қоршаған әлем құбылысын талдауға үйренеді.
Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жетістіктері - шығармашылықтың нәтижесі. Әр жас ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Шығармашылықты дамыту, тәрбиелеу туралы ойлар, көзқарастар ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі сөз етіп отырған.
Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренко шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, бала шығармашылығына бағыт - бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын.
Мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоциональды көңіл-күй туғызады. Сондықтан балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта пайдалана білетіндей болады.
Балалардың бейнелеу шығармашылығы - баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын, қиялындағыны бейнелеуі. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға, қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мысалы: ағаштың суретін салу үшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі қоршаған орта заттары мен объектісімен таныстыруда тәрбиеші оның негізгі пішініне, салыстыруға, ұқсастығын ажыратуға үйретіледі. Сол себептен бала бір заттың түрліше пішінін суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелеудің амалын меңгереді.
Мектепке дейінгі балаларда болатын шығармашылықтың екінші белгісі-затқа жаңа қызмет беруі. Баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс, бір затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын жасап алуы. Сол сияқты бейнелеу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы жаңа бейнелер құрастырады. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынады
- Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы
Қазақ бейнелеу өнері - көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі - халықтың қолөнері болып табылады.
Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби 'Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш. Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), “Потанин”, “Тезек төре”, т. б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр (“Аға сұлтан портреті”, “Бақсы”, “Қазақ музыканттары”, “Шығыс ұйғырларының киімі”, т. б. ) . Шоқан Қазақ Бейнелеу Өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен (“Алатау көрінісі”, “Жатақ”) . Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н. Г. Хлудов, Н. Антонов және мүсінші А. С. Пономарев сабақ берді.
20 ғасырдың 20 - 30 жылдары 'Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н. И. Крутильников, Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов, И. И. Савельев, Б. Сәрсенбаев, Қ. Қожықов, т. б. ) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.
1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан суретшілерінің кәсіптік шеберлікті тез игеруіне сол кездегі одақтас республикалардың, Мәскеу мен Санкт-Петербург шеберлерінің (Б. В. Иогансон, А. А. Дейнека, С. В. Герасимов, А. А. Пластов) тәжірибесі көп көмектесті.
1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ мемл. көркемсурет галереясы ашылды. Әлеум. -экон. және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт талаптары шығармаларға тың тақырып болды. Ә. Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Қазақ Бейнелеу Өнері қалыптасу және өркендеу жолы осы суреткер шығарм-мен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейтін Ә. Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады. Өздерінің шығармашылық жолын республика өмірімен тікелей байланыстырған көптеген орыс шеберлері: кескіндемешілер - А. А. Риттих, Н. В. Соловьев, А. И. Бортников, Н. И. Крутильников, Л. П. Леонтьев, графиктер Г. А. Брылов, Б. А. Чекалин, Л. В. Гербановский, т. б. 30 жылдардағы Қазақ Бейнелеу Өнеріне белсене ат салысты. 1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің І-съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 40-жылдардың басында қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында республика қыл қалам шеберлері өз өнерлерін фашист-басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, бүкілхалықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды. Бұл жылдары Леонтьев, К. Я. Баранов, Риттих, А. И. Черкасский, И. Я. Иткинд, М. С. Лизогуб, т. б. табысты еңбек етті.
2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақ Бейнелеу Өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер - қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О. Н. Таңсықбаев Қазақ Бейнелеу Өнерінде ерекше орын алады. Ол елден жырақ жүрсе де (Өзбекстанда тұрған) бар болмысымен, жүрегімен өзін әрқашанда елімен, жерімен бірге сезінген, қазақ табиғатын ерекше бір сүйіспеншілікпен жазған суретшінің бірі болды (“Қазақстан жолдары”, “Көш”, т. б. ) . 50-жылдардың соңы (Қ. Телжанов, М. Кенбаев) Қазақ Бейнелеу Өнері жанрлық және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді. Қазақ Бейнелеу Өнерінде графика елеулі орын алады. 60-жылдары акварельдің, офорттың, линогравюраның, автолитографияның өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А. А. Дячкин, Е. Г. Сидоркин, Н. С. Гаев, Ш. Б. Кенжебаев, И. Г. Квачко, т. б. ) өсіп жетілді. Қазақстан бейнелеу өнерінің байырғы шебері В. И. Антощенко-Оленев гравюра мүмкіндіктерін барынша табысты пайдалана білді. Қазақ Бейнелеу Өнерінің шығармалары бұл кезеңде шет елдерде де таныла бастады. Олар Мәскеудегі Третьяков галереясына, Қазақстан мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайына қойылды, шет ел мұражайлары сатып алатын болды. Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері ұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып қосылды. Республиканың көптеген облыс орталықтарында (Шымкентте, Қарағандыда, Астанада, Павлодарда, т. б. ) шығармашылық ұжымдар құрыла бастады. Қазақ Бейнелеу Өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты. Бұл кезеңдегі Қазақ Бейнелеу Өнерінің дамуына А. Ғалымбаева, Г. Ысмайылова, Қ. Телжанов, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, Ә. Жүсіпов, С. Романов, А. М. Степанов, К. Шаяхметов, Ү. Әжиев, т. б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 - 70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Т. Тоғызбаев, Ә. Садыханов, О. Нұржұмаев, А. Ақанаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz