Баланың үлкендермен қарым - қатынасының генезисі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамыту

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І Балабақшадағы қарым- қатынас ерекшеліктері мен ойындардың маңызы

1. 1 Қарым-қатынастың адам психикасының дамуына әсері . . . 5

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері мен негізгі . . . 8

1. 3 Ойын - бала білімін берік меңгерту құралы . . . 11

ІІ Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым- қатынасты қалыптастыруға байланысты ойындар
2. 1 Ойын түрлері . . . 17

2. 2 Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамыту . . . 28

2. 3 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру . . . 32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 38

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Адам психикасының қайнар көзі - қарым-қатынас екендігі тек біздің зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында ғана дәлелденіп қойған жоқ, сондай-ақ қарым-қатынас жасау стилі мен технологиясының да адам психикасына зор әсер ететіндігі жан-жақты ашылып отыр. Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінетіндіктен, ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау арқылы топтан оқшауланатын балаға қарым-қатынас жасау технологиясын дұрыс меңгерту мен үйрету - біздің диплом жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Мектеп тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай - балалардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Мұнда да айтылатын мәселе қарым-қатынас жасау технологиясы баланың ақыл-ойы мен сабақ үлгеріміне тікелей байланысты.

Айталық, ақыл-ойы басқа балаларға қарағанда жоғары, сабаққа үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатынасатын оқушылырға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп жұғыса бермейді.

Қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың өзіне тән жеке даралық психологиялық өзгешеліктеріне сипаттама беру болып табылады. Ақыл-ойы енжар балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, өзіне сенімсіздік басқалармен қатынас жасауына кедергі жасайтынын, сондай-ақ ондай балаларды құрбылары шектететіндігін сипаттайды.

Қорыта келе берілген бағыттардан алынған эмпирикалық материалдар жоғарыда айтылған проблемаларды тиянақты түсініп, оны шешу үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мектеп оқушылары арасында туындайтын оқшауланған балалардың болу себебін түсіндіретін балалардың өзара конфликттерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Конфликттерді алдын алу жолында маңызды роль алатын - тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Мақсаты: ойын арқылы балалар арасындағы қарым- қатынасты дамыту жолдарын айқындау.

Міндеті: ойынның тәрбиелік, дамытушылық мақсатын анықтау. ойын кезінде балалардың қарым-қатынасын жақсы жағынан қалыптастыру. Зерттеу объектісі: балабақшада ойынды пайдалану арқылы балалардағы қарым-қатынасты дұрыс жасай білуге бағыттау. Болжамы: балабақшада ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ, балалар арасындағы қарым- қатынас ерекшеліктері жаңаша сипатқа ие болатынына көз жеткізе аламыз. Теориялық негізі: Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І Балабақшадағы қарым- қатынас ерекшеліктері мен ойындардың маңызы.

  1. Қарым-қатынастың адам психикасының дамуына әсері.

Қарым-қатынас - жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады. Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ айналасындағылармен қатынас жасай бастайды. Өмірінің алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы қарым-қатынас болса, одан әрі оның қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа түсе бастайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынасы туралы М. И. Лисина зерттей келе балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуын тек ересектермен қарым-қатынасымен ғана түсіндіруге болмайтындығын атап өтеді. Баланың жасы ұлғайған сайын оның жеке басының дамуында қарым-қатынас ерекше орын алатындығын айтып өтеді. Өз құрбыларымен қарым-қатынас жасай отырып, өзінің ішкі жан дүниесіндегі тұйықтықты аша алады, өз құрбылырымен өзара әрекеттесе отырып, өз көзқарастарын жеткізе алады.

Тек балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу ғана олардың арасында туындаған қиыншылықтарды басқаруды жеңілдетеді, топтағы барлық балалармен өзара қатынасты толық құруға жол ашады. Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінеді. Ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау арқылы топтан оқшауланатын баланы зерттеу оңайырақ. Ойын кезіндегі балалар қарым-қатынасының құрылымы мен мазмұны.

Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті бола отырып, ол жан-жақты әрекет негізінде балалар қарым-қатынасының бірқатар типтерін ажыратады.

А. Н. Леонтьев балалар арасындағы қарым-қатынастық ойындарда фантастикалық өлшемдер кездесетіндігін көрсетеді. Оның айтуы бойынша шындық әрекет, шындық тәсіл және заттармен шындық бейне жасау болады. Сюжетті-рольдік ойындарда әрбір баланың сюжетке, рольге, рольді орындауға қатысы көрінеді. Рольге бөліну немесе ойыншықтарды бөліп алу негізінде туындаған конфликті нәтижелердің соңғы нәтижелері адалдыққа бағытталған жағдайда баланың адамгершілік нормаларын меңгеруге бірқатар әсер етеді. Кей жағдайда педагогтың басқаруымен жүргізілген ойындар сырт қарағанда жағымды қатынас болғанымен, дәрігер ролінде ойнайтын баланың орнында топтағы әрбір бала болғысы келуі мүмкін, яғни емделуші емес, емдеуші болатын балалардың қалауы болуы да мүмкін. Осының негізінде балаларда үнсіз келісу туындайды. Ойын қатынасындағы сыртқы көріністің тағы бір түрі - рольдік, іскерлік қатынаста педагогтардың, психологтардың бөліп қойғанына байланысты баланың жеке басының дамуы адамгершілік бағытта көрінуі мүмкін. Дегенмен, баланың ішкі жан дүниесі, әсері, қызығушылығы мен қажеттілігі, өзінің ойында алған рольдік жағдайына қанағаттану, қанағаттанбау сезімдері жауапсыз қалады.

Ойын кезіндегі қарым-қатынастың сыртқы көріністерінің бір жағы - баланың өзіндік, жеке даралық қатынасында байқалады. Мысалы, бір-біріне симпатиялық, антипатиялық, селқостық -балалар қатынасында көп байқалмайды, бұл арнайы зерттеуді қажет етеді. Балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы көптеген педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулер анықталып келеді. Сонымен қатар балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті ұйымдастыру Л. С. Выготский, В. Н. Мясищев, С. Л. Рубинштейн, Л. И. Божович еңбектерінде терең қарастырылады. Педагогика және психология ғылымындағы А. С. Макаренконың ойы: «Жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады». Балалар арасындағы жүйелі қатынас балаларда болатын әсерлік жағдайлардың бір-бірімен тығыз қатынас құратындығын, жеке адам қатынасында эмоционалды жиынтық құратындығы, топтағы адамдарға үйреніп қалатындығын, оларда эмоционалдық қанағаттану, жағымды әсер алатындығын дәлелдей түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларда сыртқы және ішкі психологиялық конфликтілер кездеседі.

Сыртқы психологиялық конфликті - олардың бірлескен іс-әрекеті барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан шығады (мысалы: жалпы істі таңдау, міндеттерді бөлісу, ойын, еңбек материалдарын бөлісу, рольдерді таңдау) . Ішкі психологиялық конфликт - мектеп жасына дейінгі балалардың негізі ойын іс-әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда байқалмайды. Мұнда міндетті түрде ересектердің көмегі қажет болады. Баланың үлкендермен қарым-қатынасының генезисі. А. С. Выготскийдің позициясына сәйкес әлеуметтік өмір және қоршаған орта адам дамуының органикалық қажетті жағдай болып табылады. Бала жастайынан қоғамға енеді және ол неғұрлым кіші болса, соғұрлым ол әлеуметтік нәрсе болады.

А. С. Выготскийдің концепциясына сүйене отырып М. И. Лисина ғылыми мектеп ашады. Ол Кеңестік психологияға жаңа - баланың үлкендермен қарым-қатынасы атты пәнді енгізіп, оны зерттеудің жаңаша жолдарын қарастырады. М. И. Лисина қарым-қатынастың әсерін ғана зерттеп қоймай, өзінің түсіндірмелік схемасын ұсынады. Схема қарым-қатынастың жүйесін, спецификасын көрсетті. Сол арқылы баланың үлкендермен қарым-қатынас генезисінің концепциясын анықтау мүмкіндігі туды.

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері мен негізгі.

Біз білетіндей, 1970-ші жылдары психологиялық ғылымның екі жетекші саласы - қарым-қатынас пен іс-әрекет кеңінен зерттелді. Осыған сәйкес М. И. Лисина қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп қарауды ұсынды. М. И. Лисина баланың үлкендермен қарым-қатынасының келесідей критерийлерін бөліп көрсетті:

1) үлкенге деген қызығушылық,

2) үлкендердің әсерінің қабылдануындағы эмоционалды деңгейі,

3) баланың үлкендерге бағытталған индивидуалды актілері,

4) баланың үлкендердің оның әрекетіне деген қарым-қатынасы немесе сезімталдылығы.

Зерттеу нәтижесінде баланың үлкендермен қарым-қатынасының генетикалық реттелген 4 формасы байқалды. Олардың әр қайсысы коммуникативті қажеттіліктің түрлілігімен сипатталады:

I - ситуативті - жекелік (сәбилік шақ)

II - ситуативті - іскерлік (ерте балалық шақ)

III - ситуациядан тыс танымдық (мектепке дейінгі ерте орта шақ)

IV - ситуациядан тыс - жекелік (мектепке дейінгі орта және жоғары деңгей) .

Үлкендермен қарым-қатынас формаларының классификациясы оның психикасының басқа да қырларының дамуымен бірлікте қарауға мүмкіндік берді. Қарым-қатынастың әр бір жаңа формалары өткен формаларына сәйкес орнығады. Бала өскен сайын барлық коммуникативтік құралдарды жақсы пайдаланып, әрекет жағдайына қарай қарым-қатынас формасын өзгерте алады. Қарым-қатынастың дұрыс дамуы - әрбір қарым-қатынас формасының өздеріне сәйкес жас кезіңде ретті түрде толығымен орындалғанда ғана жүзеге асады. Зерттеулер көрсеткендей үлкендермен қарым-қатынас - бала әрекетінің ішкі құрылымын (А. В. Болбочану, Г. И. Копчеля), оның эмоционалды қобалжу сферасын (С. Ю. Мещерякова, А. И. Сорокина), танымдық белсенділігін (Е. О. Смирнова, Т. А. Землянухина), еріктілігі мен өзін-өзі бағалауы мен саналылығын (Н. Н. Авдеева), құрбылармен қарым-қатынасын (Л. Н. Галогузова) анықтайды.

Жеке адамның қалыптасуына тек үлкендермен қарым-қатынас қана әсер етіп қоймай, құрбыларымен қарым-қатынас та ерекше орынға ие болады. 1970-80 жылдары А. Г. Рузскойдің басшылығымен жүргізілген зерттеулер үлкендермен қарым-қатынас тек ерекшеленетін құрбылармен қарым-қатынастың спецификалық ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасады:

I- коммуникативті әрекеттің түрлілігі.

II- қарым-қатынастың ерекше эмоционалдық сипаты.

III- қатынастың стандартталуы және регламенттенуі.

Мектепке дейінгі шақта құрбылармен қарым-қатынас үлкендермен қарым-қатынас сферасына пара-пар келетіндей бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

1) эмоционалды тәжірибелік (1-4 жас аралығы)

2) ситуативті - іскерлік (4-6 жас аралығы)

3) ситуативтіктен тыс іскерлік (6-7 жас аралығы)

Жүргізілген зерттеулер негізінде мектепке дейінгі шақтағы балалардың қарым-қатынасын дамытушы және түзетуші бағдарламалары жасалынды. Ал мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынас сипатына түсініктеме беретін болсақ, балалардың өз сыныптастарымен қарым-қатынас жасауына, бірлестік әрекеттеріне ұстаздың жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін. Біріншіден, ұстаздың басқа оқушыларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады. О. Осадьконың зерттеулерінің көрсетуі бойынша баланың алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасы мен қарым-қатынасқа түсу стилі, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді екен.

Ұстаздардың жеке тұлғалық қарым-қатынасқа түсу стилі және педагогикалық іскерлік тактикасының әсері балалардың бір-бірімен конфликтілі қарым-қатынасқа түспеуінің алғы шарты. Бірақ мұндай стильді тек төменгі сынып мұғалімдерінің санаулылары ғана қолданады (15%) . Бастауыш сынып оқушыларының мұғалімдерінің қарым-қатынасқа түсуінің айқын функционалды стилі (85%) бойынша, олар бір тактиканы қолданады (диктатура) .

Бұл әрекет сыныптағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың арасындағы кернеуді күшейтеді.

Екіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы болып жатқан қиыншылықтарға араласуға міндетті. Бұл, әрине, қиыншылықтарды басып тастау емес. Ситуацияға байланысты администрациялық араласу немесе қарапайым кеңес болуы да мүмкін.

1. 3 Ойын - бала білімін берік меңгерту құралы.

Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т. б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие болады. Танымды қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады. Біріншісі - оқытудың мазмұны мұндағы балаларды қызықтыратын мазмұнының берілу түрі, жаңалығы, ғылыммен техниканың соңғы табыстары тандандыратын тарихи деректер, білімінің ғылыми іс жүзінде қолданылуға бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы. Екіншісі - балалардың таным әрекетін үйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларды қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру, ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып көрсету, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру, білімтексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру. Үшінші - тәрбиеші мен бала, бала мен бала арасындағы қарым-қатнас сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Бала өзі ұнатпайтын тәрбиешінің пәнінен ешқашан қызықпайды. Балалар өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалар зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады.

Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер менматериалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуыкерек
  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.
  3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасызетуі керек.

4. Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғүрлым сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Адам уақытпен бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Білім туралы заңда тәрбиешілер бас қосуларында сапалы білім, саналы азамат өсіру туралы талай пікірлер айтылады. Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі балалар. Біз оларды қалай тәрбиелесек ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болады. Сондыктан да тәрбиешіге жүктелер міндет жүгі өте ауыр. Шәкірттерінің ертеңін ойламаған ұстаз еліміздің болашағына жаны ауырмағаны. Ісіне берілген жаңалықты жатсынбай, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, баланың жанына нұр құя білу ұстаз парызы деп ойлаймын. Көп оқушы ұстазына ұқсағысы келеді. Тәрбиеші бақыты мен қуанышы - оның шәкірттері білімді болып, ұстаз сенімін ақтай білуі. Мұндай белеске жету үшін тәрбиеші алаңдамай жұмыс істеуі керек.

Тәрбиешініңнің беделі оның жеке басының, жан дүниесінің көркемділігіне, біліктілігіне байланысты. Ағартушы Ы. Алтынсарин "Егер шәкірт бір нәрсені түсінбесе оған баланы кінәламау керек. Бұл жерде ұстаз кінәлі, сондықтан да ұстаз берер білімін жеткізе білгені жөн" деген ойды айтқан.

Тәрбиешілер мен балалардың ойын мен тәжірибе сабақтарына қызығушылығы балалар үшін әсерлі де тартымды ойын тәсілі болса, бала үшін бұл оқу үрдісін түрлендіру. Ойын түрінде өтетін сабақтар балаларды бала-бақшадан шыққаннан кейінгі өмірге дайындайды. Олар үшін тек қандай да бір жағдайда не істеу керектігін жаттап, есіне сақтаудан гөрі іс жүзінде көріп, өзін рөлге қойып, шешім қабылдау әлдеқайда қызық. Осындай ойын түрлері имитациялық деп аталады. Оқытудың имитациялық түрі арқылы балалардың білім сапасы мен белгілі бір пән немесе тақырып бойынша дайындығын білуге болады. Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. "Ойын " ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдык тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі.

Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

  • Ойын сауық;
  • Комумуникативтік немесе қарым - қатынастық;
  • Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану) ;
  • Коррекциялық (өзін - өзі түзету) ;
  • Әлеметтендіру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар психологиясының дамуына қарым- қатынастың рөлі
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен, ересектермен қарым- қатынасы
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктері
Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамыту
Ұжымда балалардың оқшаулану себептерін анықтау мәселелері
Балалардың ересектермен қарым - қатынас типін анықтау
Баладағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық негіздері
Мінез қасиеттерінің жиынтығы арқылы жеке басының сипатталуы
Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы ойынның қарым- қатынастың қалыптасуына ықпалы
Қабілеттің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz